Қазақстан Ренспубликасының метрология саласындағы заң шығарушы базасын талдау

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 04 Мая 2014 в 12:41, курсовая работа

Краткое описание

Курстық жұмыстың мақсаты метрология саласындағы заң шығарушы базаны талдап, өлшем бірлігін қамтамасыз етудің мемлекеттік жүесінің (МӨЖ) қазіргі күйі мен оның әр түрлі даму жолдарын қарастыру болып табылады.
Алдымызға қайылған мақсатқа жету үшін келесі шарттарды жасау керек:
1.Қазастан Республикасындағы метрологияның даму тарихы мен метрологияның теориялық негізі.
2. Метрологияның ғылым мен өндірістегі рөлін білу
3. Қазақстандағы метрология саласының заң шығарушы базасына талдау жасау.
4.Метрология саласындағы заң шығарушы базасын жетілдіру үшін әртүрлі жолдарын қарастыру.

Содержание

КІРІСПЕ 3
1 МЕТРОЛОГИЯНЫҢ ТЕОРИЯЛЫҚ НЕГІЗІ 5
1.1 Қазақстан Республикасындағы метрологияның даму тарихы ............ 5
1.2 Метрологияның ғылым мен өндірістегі рөлі ........................................ 8
1.3 Өлшем бірлігін қамтамасыз ету мемлекеттік жүйесінің қазіргі жағдайы .................................................................................................................. 11
2 ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ МЕТРОЛОГИЯ САЛАСЫНДАҒЫ ЗАҢ ШЫҒАРУШЫ БАЗАҒА ТАЛДАУ ЖАСАУ 17
2.1 Метрологиялық қамтамасыз етудің құқықтық негізі ........................... 17
2.2 Өлшем бірлігін қамтамасыз етудің нормативтік негізі ........................ 20
2.3 Қазақстанның заңды базасын қамтамасыз етуді ұйымдастыру ........... 23
3 ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ МЕТРОЛОГИЯ САЛАСЫНДАҒЫ ЗАҢ ШЫҒАРУШЫ БАЗАСЫН ЖЕТІЛДІРУ 26
3.1 Қазақстан республикасының метрология саласындағы заң шығарушы базасын жетілдіру ................................................................................................. 26
3.2 МОЗМ ұйымымен Қазақстанның арақатынасы .................................... 28
ҚОРЫТЫНДЫ 30
ҚОЛДАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР 32

Прикрепленные файлы: 1 файл

курсовой метроло.doc

— 211.00 Кб (Скачать документ)

ҚАЗТҰТЫНУОДАҒЫ

ҚАРАҒАНДЫ ЭКОНОМИКАЛЫҚ УНИВЕРСИТЕТІ

 

 

 

 

 

 

 

 

 ТАУАРТАНУ ЖӘЕНЕ СЕРТИФИКАТТАУ  КАФЕДРАСЫ

 

 

 

 

 

КУРСТЫҚ ЖҰМЫС

Метрология пәні

 

Тақырыбы: Қазақстан Ренспубликасының метрология саласындағы заң шығарушы базасын талдау.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Орындаған: С 22к топ студенті        . 

Қабылдаған: х.ғ.к., доцент         Каримова Б.Н.                                                                     

                                                                                 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Қарағанды  2012

 

МАЗМҰНЫ

 

 

КІРІСПЕ           3

 

1 МЕТРОЛОГИЯНЫҢ ТЕОРИЯЛЫҚ НЕГІЗІ       5

1.1 Қазақстан Республикасындағы  метрологияның даму тарихы  ............ 5

 

1.2 Метрологияның ғылым мен өндірістегі  рөлі  ........................................ 8

 

1.3 Өлшем бірлігін қамтамасыз ету мемлекеттік жүйесінің қазіргі жағдайы  .................................................................................................................. 11

 

2 ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ МЕТРОЛОГИЯ САЛАСЫНДАҒЫ ЗАҢ ШЫҒАРУШЫ БАЗАҒА ТАЛДАУ ЖАСАУ  17

 

2.1 Метрологиялық қамтамасыз етудің құқықтық негізі ........................... 17

 

2.2 Өлшем бірлігін қамтамасыз  етудің нормативтік негізі ........................ 20

 

2.3 Қазақстанның заңды базасын  қамтамасыз етуді ұйымдастыру ........... 23

 

3 ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ МЕТРОЛОГИЯ САЛАСЫНДАҒЫ ЗАҢ ШЫҒАРУШЫ БАЗАСЫН ЖЕТІЛДІРУ   26

 

3.1 Қазақстан республикасының метрология  саласындағы заң шығарушы базасын  жетілдіру  ................................................................................................. 26

 

3.2 МОЗМ ұйымымен Қазақстанның арақатынасы .................................... 28

 

ҚОРЫТЫНДЫ            30

 

ҚОЛДАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР         32

 

                                           

 

 

 

 

 

 

 

 

КІРІСПЕ

 

 Қазақстан Республикасындағы  эканомиканың тұрақсыздығы, саяси факторлар мен эканомикалық рыноктың қалыптасу жолындағы мемлекет қозғалуының қиын процессі, стандартизация, сертификация және метрология саласының жұмысына әсер етті. Халықаралық эканомикалық қатынастар мен әлемдік шаруашылықтың тең құқықты қатысуышы болуы үшін, әлемдік тенденциялар мен жетістіктерді есепке ала отырып, мемлекеттік эканомиканы жетілдіру керек.

Стандартизаци, сертификация және метрологияның халықтық жүесінің артта қалуы, ішкі және сыртқы рынокта ғана емес, сондай-ақ қазіргі заманға сай бәсекелестік шартында, отандық өндірістер бастан кешетін қиындықтарды тудырады. Аз уақыт аралығындағы стандартизация, сертификация және метрология саласын жетілдіру бойынша тым жауапкершілікті болады және онымен бірге отандық өнеркәсіп мекемелерінің тәжрібиелерінде аса көрінерлік оңтайлы өсуге жетті.

Стандартизация, сертификация және метрология бойынша жаңа концепцияның қабылдануы, Қазақстанның ВТО-ға кіру мүмкіндігін одан әрі жақындатады. Стандартизация, сертификация және метрология бойынша ережелер мен аспектілердің негізін өзгертуі, осы шарттардың негізгі түбегейлі құқықтық өзгерістерді анықтайды.

Жетілдіру процессі шексіз. Мемлекетте TQM (Total Quality Management) мәселесі шешілмей, көкжиекте әлуіметтік-этикалық сипаты бар критерийді орнататын SA – 80002 халықаралық стандарты пайда болды.

Стандартизация, сертификация және метрология бойынша кейбір актуальды салалар, ұйымдастыру жоспары және құқықтық жағынан едәуір алға жылжып, мемлекетіміздің эканомикасына да әсерін тигізді.

Қазақстан Республикасының эканомикалық рынокка өтуі, ішкі және сыртқы рыноктағы ұйымдар мен өндірістер, отандық фирмалары үшін жаңа талаптарды анықтайды.

Әртүрлі бағыт пен деңгей бойынша халықаралық келісім шартпен құпталған Халықаралық қызметтестік нормалардың халықтық және халықаралық ережелердің гармонизациялауын талап етеді. Бұндай түрдегі стандартизация, сертификация және метрология, жоспарлы эканомиканың жаңа жұмыс шарттарына сәйкес келмей, Ресейдің мәдени эканомикаға интеграция мүмкіндігін тежейді. Біздің мемлекетімізде жоспарланған ГАТГ/ВТО-ға кіру шарты осыған жарқын мысал болып табылады.

Қазақстан Республикасының «Тұтынушылардың құқығын қорғау туралы», «Стандартизация туралы», «Өнім мен қызметті сертификациялау туралы», «Өлшем бірлігін қамтамасыз ету туралы» заңдары, эканомика саласының әрекеттері үшін маңызды, осы ұйымдастыруға жаңалықтар еңгізу үшін қажетті құқықтық базасын құрады.

Шет елдерінің механикалық тәжрібиесін біздің отандық шарттарымызға ауыстырып алуға болмайды, бірақ біздің мамандарымыз олар туралы хабарда болуы керек, себебі қажетті деңгейде елімізбен шет елдерінде жүзеге асыруды, қызмет көрсетуді және өнім өндіруге көмектесетін жаңа прогрессивті шешімдерді қабылдауға көмектеседі.

Стандартизация және сертификация жұмыстарды жүргізудің негізі - өлшем дәлдігі мен бірлігін қамтамасыз ететін метрология болып табылады.

Қазақстан Республикасының «Өлшем бірлігін қамтамасыз ету туралы» заң, құқықтық-эканомикалық және ұйымдастыру негіздерін орнатады, метрология саласында мемлекеттік басқару органдар мен жеке және заңды тұлғалардың арасындағы, метрологиялық ызмет саласындағы қатынастарды реттейді және ол азаматтармен Қазақстан Республикасының заңды мүдделерін өлшеулердің дұрыс емес нәтижелерінің салдарынан қорғауға бағытталған.

Курстық жұмыстың мақсаты метрология саласындағы заң шығарушы базаны талдап, өлшем бірлігін қамтамасыз етудің мемлекеттік жүесінің (МӨЖ) қазіргі күйі мен оның әр түрлі даму жолдарын қарастыру болып табылады.

Алдымызға қайылған мақсатқа жету үшін келесі шарттарды жасау керек:

1.Қазастан Республикасындағы метрологияның даму тарихы мен метрологияның теориялық негізі.

2. Метрологияның ғылым мен өндірістегі  рөлін білу

3. Қазақстандағы метрология саласының заң шығарушы базасына талдау жасау.

4.Метрология саласындағы заң шығарушы базасын жетілдіру үшін әртүрлі жолдарын қарастыру.

Курстық жұмысты жазу процессінде отандық және шет елдерінің әдебиеттерін, периодикалық шығармаларды, монографиялар мен нормативтік- құқықтық актілерді қолданылған.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

1  МЕТРОЛОГИЯНЫҢ ТЕОРИЯЛЫҚ

 

1.1 Қазақстан Республикасындағы метрологияның даму тарихы

              

 

Қазақстандағы өлшеу техникасы мен өлшемнің даму тарихы Ресейдегі метрологияның қалыптасуымен тығыз байланысты. Қазақстан теориясындағы алғашқы кеңсе 1923 жылы Семипалатинск бөлімінің Омск салыстырып тексеру палатасы ретінде пайда болды. Оның мақсатына приборлардың қолдануға жарамдылығын анықтау болды. Олар өндірістегі, сатылымдағы приборлардың өлшемдері мен нақты өлшем мәндерін салыстырып тексерді. Бұны салыстырып тексеру ал кеңсені Салыстырып тексеруші орган деп атады.

1925 жылы Семипалатинск бөлімінің  аты Өздік жеке салыстырып  тексеру палатасына ауыстырылады. Олардың жұмыс аумағына Семипалатинск және Жетіқара облыстары жататын. Қазақстанның қалған териториясы Қазақстан Республикасынан тыс орналасқан салыстырып тексеру кеңселеріне жататын (Саратов, Оренбург және Орта Азия өлшем және таразы палаталары) [10,128].

1929 жылы 1 қазанда Семипалатинсктін  өлшем және таразы палатасының  аты Қазақстанның аймақтық өлшем  және таразы салыстырып тестеру  палатасына өзгертілді, оны Вильковский Н.З. басқарған.

Қазақ КСМ-ң Халық Комисарлар Кеңесінің шешімі бойынша Қазақтың аймақты палатасы Семипалатинсктен республиканың Алма-Аты астанасына көшіріледі.

Бұл кезде Қазақстанда тек қарапайым приборлар: таразы, кірлер, сыйымдылық пен ұзындық өлшемдер мен манометрлер болған.

Қазақстандағы өндіріс пен мәдени-эканомикалық өмірдің дамуы, салыстырып тексеру органдардың санының өсуі мен приборлардың тексеру номенклатурасының кеңеюіне әкелді.

1931 жылы Қазақстанның Аймақты  салыстырып тексеру палатасының аты Қазақстанның аймақты стандартизация палатасына ауыстырылды. Аймақты бюроға метрология мен стандартизацияның қолдану маштабтарын кеңейтіп, халық шаруашылықтың барлық салаларындағы сапа мен өндіру деңгейлерін көтеру үшін тиімді амалдарын табу тапсырылды.

1933 жылы Қазақстанның аймақты  стандартизация бюросының аты  Қазақ КСМ-ң ІІМХК негізіндегі  өлшем мен таразының өкілетті  басқару орталығының басқармасына  ауыстырылды. Одан кейін 1935 жылы  Қазақ КСМ-ң ІІМХК негізіндегі  өлшем мен таразы бөліміне өзгертіледі, ал 1938 жылы Қазақ КСМ-ң Халық Комисарлар Кеңесінің негізіндегі өлшеу құралдары мен өлшем істері жөніндегі өкілетті басқару комитетіне ауыстырылды.

Басқару құрлымы орталық аппараттан және өлшеу құралдары мен өлшем істері бойынша 14 облыстан құралады. Жұмысшылардың саны облысты қоса отырып 129 адам болған.

 

Соғыс жылдарынан кейін халық шаруашылығы қалпына келіп, өлшеу құралдарының парк сандары көбейді.

1995 жылы бірінші разрядты иеленген  Алма-Аты мемлекеттік қадағалау  лабараториясы ұйымдастырылған, кейін оның аты Республиканың мемлекеттік қадағалау лабараториясына (РМҚЛ) өзгертілді.

Қазақстанда метрологияның қарқынды дамуы 60-шы жылдарда басталды. Осы жылдарда жабдықтандыру жағынан көрсеткіш құралдар мен көмекші құралдарға сәйкес келетін 2-ші, 3-ші разрядты, облыстық лабараторияның қарқынды құрылысы басталды.

Алма-Атының мемлекетік қадағалау лабараториясында, механикалық, бұрышты-сызықтық, теплотехникалық, электрлік өлшеу түрлері бойынша спекторіне кіретін салыстырып тексеру бөлімі құрылды.

1971 жылы ақпан айында КСРО-ң  Қазақтың республикалық мемлекеттік  стандарт басқармасы құрылады. Басқару  функциясын анықтайтын жаңа жағдай  еңгізіледі. Жаңа жағдаймен бірге  жаңа мақсаттар мен міндеттер  анықталып, стандартизация және  метрология саласындағы КСРО-ң мемлекеттік стандарт құқығы кеңейеді.

КСРО-ң Мемстандарттың негізгі мақсаттарының бірі, мемлекеттегі стандартизация мен метрология жүйесін жасап, негізгі даму бағыттарын анықтау, өнімнің сапасы мен өндірудің техникалық деңгейінің жоғарлауының тиімді амалдары ретінді стандартизация мен метрологияның қолдану маштабтарын кеңейту және оның жұмысының эксплуатациясы мен өндірудің шығынын азайту болып табылады.

70-ші жылдарда Алма-Атыда физикалық  шама бірліктерді сақтап қайталауға, оларды эталоннан өлшеу құралдарының корсеткіштеріне және салыстырып тексеру сызбаларына сәйкес, жұмысшы өлшеу құралдарына беруге арналған арнайы мекемені салу жоспарланды.

1974 жылы құрлыстың аяқталуы мен  мекемелерді салыстырып тексеру  құрылғылармен қамтамасыз етуден  кейін, аккустикалық өлшеу құралдарын салыстырып тексеру бойынша, жоғары қуатты өлшеу құралдары бойынша, селкілдеу (вибрация) мен жылдамдық бойынша, жоғарғы және төмен темпиратура бойынша, қысым мен 100 мыңға дейін баратын күш және жоғарғы жиілік бойынша жаңа лабараторияларды құрды. Бұндай салыстырып тексерулер Қазақстанның өндірістері мен ұжымдардын ғана емес, сондай-ақ Орта Азия мен Батыс Сібір мемлекеттерді де қамтамасыз етеді [10,130].

1972 жылы Қапчағай қаласында радиоциондық  қадағалау құрылғыларын салыстырып тексеру бойынша лабаратория құрылды. Бұл лабаратория көрсеткіші

ерекше құрылғылармен қамтамасыз етіліп, изатоптарды сақтауға барлық мүмкіндікті жасап, альфа - , бетта - , гамма – сәулеленудің энергиясы бойынша өлшеу құралдарының толық диапазонын салыстырып тексеруді қамтамасыз етеді.

 

1996 жылға дейін ол дозиметриялық  және радиометриялық аппараттарын  мемлекеттік салыстырып тексеруді  қамтамасыз ететін жалғыз лабаратория  болған.

70-шы жылдардың басында Өскемен, Целиноград, Шымкент, Жамдыл қалаларында  лабараториялар құрылды. Олар 2-ші, 3-ші разрядтары бойынша салыстырып тексерудің ең жаңа құрылғыларымен қамтамасз етілді.

1975 жылы өлшеу техникасы мен  стандарттар бойынша Қазақ республикасының  тарту қадағалау лабараториясы  Қазақ республикасының стандартизация  мен метралогия орталығы негізінде (ҚазРСМО) қайта құрылды, ол өнім өндіру мен жасауды метрологиялық қамтамасыз етудің күйі мен шығарылатын өнімнің сапасының стандарттары мен еңгізулерді сақтап, мемлекеттік қадағалауды жүзеге асыруға міндетті.

1971 жылы Қазақ КСМ мен бүкіл КСРО республикасында өлшеу құралдарының бірдейлігін қамтамасыз ететін мемлекеттік қадағалаудан өлшем бірлігін қамтамаыз етуге өтуіне байланысты үлкен жұмыс істелді.

Республикадағы өндірістермен шығарылатын және жасалынатын өлшеу құралдары мемлекеттік сынаудан өткізіледі, өндірістің бірлік өлшеу құралдарын метрологиялық аттестациялауды ұйымдастырады, өлшеуді орындау бойынша аттестациялаудың методикасын жасау жұмыстары басталады. Осындай жұмыстар халық шаруашылығының әр түрлі салаларындағы өлшем күйлерінің анализін өткізуге түрткі болды.

1977 жылы КСРО-ң Мемстандарт тапсырысы  бойынша Алма-Атының стандартизация  және метрология орталығында (АСМО) түсті металдарға арналған мемлекеттік  стандарт үлгілері (МСҮ) жасалды. Барлық  Кеңестердің Сверловск филиалының метрологиялық ғылыми-зерттеу институтында МСҮ үшін арнайы техникалық құрылғы жасалды. МСҮ-ң реестрдің 35 түрі Орталықпен жасалып жүргізілді және МСҮ-ң 9000 данасы жасалынды [10,135].

Республикада 8 млн. астам өлшеу құралдарының эксплуатациясы болды. Осындай метрологиялық қамтамасыз ету үшін Басты стандарт үлгілерінің орталығы мен Басты мемлекет эталондар орталығының АСМО базасы негізінде эталондық база құрылды. Республика 17 жұмыс эталондағы 13 мың жоғарғы сапалы өлшеу құралдарының көрсеткіштерімен (ӨҚК), соның ішінде 1-ші разрядтың бастапқы 500-ден, 2-ші разрядтың  700-ден астамымен қамтамасыз етілді.

Информация о работе Қазақстан Ренспубликасының метрология саласындағы заң шығарушы базасын талдау