Осы Заңның қолданысқа енгізілу тәртібін 85-б. қараңыз

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 18 Октября 2013 в 23:59, практическая работа

Краткое описание

Осы Заңда мынадай негізгі ұғымдар пайдаланылады:
1) ауыстыру – құқық қорғау органы жүйесінде лауазымдарға орналасу;
2) ауысу – құқық қорғау органдарындағы қызметті тоқтатпастан құқық қорғау органында атқарып жүрген қызметінен босата отырып, сол мезгілде басқа құқық қорғау органындағы лауазымға тағайындау;
3) баянат – қызметкер қызмет әрекеті процесінде тікелей немесе уәкілетті басшыларға өтініш жасаған кезде ерекше нысандағы жазбаша баяндау;
4) біліктілік талаптары – құқық қорғау органындағы лауазымға орналасуға үміткер азаматтарға олардың кәсіптік даярлық деңгейін, құзыреттілігін және нақты лауазымға сәйкестігін айқындау мақсатында қойылатын талаптар;

Прикрепленные файлы: 1 файл

Тұрар Алмабаев.docx

— 137.98 Кб (Скачать документ)

  58-бап. Қызметтік тергеу     

1. Қызметтік тергеу  қызметкердің тәртіптік теріс  қылық жасауының себептерін, сипатын  және мән-жайларын анықтау, осы Заңда көзделген, сондай-ақ Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес мән-жайлардың болуы немесе болмауын растау қажет болған кезде, оның ішінде қызметкерлердің жазбаша баянаты және құқық қорғау және сот органдарының хабарламалары негізінде құқық қорғау органы басшысының немесе уәкiлеттi басшының шешімі бойынша жүргізіледі. 
      Қажет болған жағдайда қызметтік тергеу жүргізу кезінде полиграфологиялық зерттеу жүргізіледі. 
      2. Қызметтік тергеу жүргізуге оның нәтижесіне тікелей немесе жанама мүдделі қызметкер қатыса алмайды. Мұндай жағдайда ол қызметтік тергеу жүргізу туралы шешім қабылдаған адамға, өзін осы тергеу жүргізуге қатысудан босату туралы жазбаша баянатпен жүгінуге міндетті. Осы аталған талаптар сақталмаған жағдайда, қызметтік тергеу нәтижелері заңсыз деп есептеледі. 
      3. Қызметтік тергеу жүргізу кезінде мынадай: 
      1) қызметкердің тәртіптік теріс қылық жасау фактісін; 
      2) қызметкердің тәртіптік теріс қылық жасауына ықпал еткен себептер мен жағдайларды; 
      3) қызметкердің тәртіптік теріс қылық жасау нәтижесінде келтірген залалдың сипаты мен мөлшерін; 
      4) қызметкердің қызметін өткеруге кедергі келтіретін мән-жайлардың болу немесе болмауын объективті және жан-жақты анықтау шаралары қолданылуға тиіс. 
      4. Қызметтік тергеу оны жүргізу туралы шешім қабылданған күннен бастап бір айдан кешіктірілмей аяқталуға тиіс. Аталған мерзімге қызметтік тергеу жүргізілетін қызметкердің демалыста, іссапарда немесе емделуде болған уақыты, сондай-ақ оның өзге де дәлелді себептермен қызметте болмаған уақыты есептелмейді. 
      5. Қызметтік тергеудің нәтижелері қызметтік тергеу жүргізу туралы шешім қабылдаған адамға жазбаша нысандағы қорытынды түрінде беріледі, ол оны тергеу аяқталған күннен бастап күнтізбелік үш күннен кешіктірмей бекітеді. 
      6. Өзіне қатысты қызметтік тергеу жүргізілетін қызметкерден қызметтік тергеу жүргізудің мән-жайы бойынша түсініктеме талап етіп алынады. 
      7. Өзіне қатысты қызметтік тергеу жүргізілетін қызметкер: 
      1) жүргізілетін қызметтік тергеудің мәні бойынша жазбаша түсініктеме беруге; 
      2) өтініш айтуға, айғақтар және өзге де құжаттар ұсынуға; 
      3) қызметтік тергеу жүргізу туралы шешім қабылдаған құқық қорғау органының басшысына немесе уәкiлеттi басшыға қызметтік тергеу жүргізетін қызметкерлердің шешімдеріне және әрекетіне (әрекетсіздігіне) шағымдануға; 
      4) егер ол мемлекеттік құпияларды және заңмен қорғалатын өзге де құпияны құрайтын мәліметтерді таратпау талаптарына қайшы келмесе, қызметтік тергеу аяқталғаннан кейін қорытындымен және басқа да материалдармен танысуға құқылы. 
      Қызметкер жазбаша түсініктеме беруден бас тартқан кезде тиісті акт жасалады. 
      8. Қызметтік тергеу нәтижелері бойынша қорытындыда: 
      1) қызметтік тергеу нәтижесі бойынша анықталған фактілер мен мән-жайлар; 
      2) қызметтік тергеу нәтижесі бойынша тұжырымдар мен ұсыныстар көрсетіледі. 
      9. Қызметтік тергеу жүргізу кезінде қызметкердің әрекетінде қылмыс белгілері мәлім болған жағдайда, қызметтік тергеу жүргізу туралы шешім қабылдаған құқық қорғау органының басшысы немесе уәкiлеттi басшы алынған материалдарды процессуалдық шешім қабылдау үшін тиісті құқық қорғау органдарына дереу беруге міндетті. 
      10. Қызметтік тергеу жүргізу тәртібі құқық қорғау органдарының нормативтік құқықтық актілеріндебелгіленеді. 
      Ескерту. 58-бапқа өзгеріс енгізілді - ҚР 21.05.2013 № 93-V (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңымен.

8-тарау. ҚЫЗМЕТКЕРЛЕРДІҢ  АТЫС ҚАРУЫН, АРНАУЛЫ ҚҰРАЛДАР 
МЕН ДЕНЕ КҮШІН ҚОЛДАНУЫ    

  59-бап. Атыс қаруын, арнаулы құралдар мен дене күшін 
               қолдану мақсаты     

 Атыс қаруы, арнаулы  құралдар мен дене күші қоғамға қауiптi әрекеттерді тоқтату, құқық бұзушылықтардың сипаты мен нақты ахуал ескерiле отырып, оларды жасаған адамдарды ұстау және құқық қорғау органдарына жеткiзу мақсатында қолданылады.    

  60-бап. Арнаулы құралдар мен дене күшін қолдану     

1. Қызметкерлердің дене  күшін, оның ішінде жауынгерлік  күрес тәсілдерін, сондай-ақ арнаулы құралдарды, оның iшiнде қол кiсендерiн, резина таяқтарды, көзден жас ағызатын заттарды, алаңдатып әсер ететін жарық-дыбыс құрылғыларын, үй-жайларды ашуға, көлiктi мәжбүрлеп тоқтатуға арналған құрылғыларды, суатқыштарды, қызметтік жануарларды, броньды машиналар мен тiзбесiн Қазақстан Республикасының Үкiметі айқындайтын басқа да арнаулы көлiк құралдарын: 
      1) жеке тұлғаларға, қызметкерлерге және қоғамдық тәртiптi қорғау, қоғамдық қауiпсiздiктi қамтамасыз ету және қылмыстылыққа қарсы іс-қимыл бойынша қызметтiк немесе қоғамдық борышын атқарып жүрген өзге де адамдарға жасалған шабуылды тойтару; 
      2) кепiлге алынған адамдарды босату, жаппай тәртiпсiздiктердің және қоғамдық тәртiптi топтасып бұзудың (қылмыстық-атқару жүйесі мекемелерінде ұстаудың белгіленген режимін топтасып бұзушылықтарды), сондай-ақ сотталғандар, күдіктілер және айыпталушылар түзеу мекемелерінен және тергеу изоляторларынан қашқан кездегі немесе қашқандарды ұстау кезіндегі құқыққа қарсы әрекеттердің жолын кесу; 
      3) жеке тұлғаларға, ұйымдарға және мемлекеттiк органдарға тиесiлi үйлерге, үй-жайларға, ғимараттарға, көлiк құралдарына, жер телімдерiне жасалған шабуылды тойтару, сол сияқты оларды басып алудан босату; 
      4) егер құқық бұзушылар (сотталғандар, күдіктілер, айыпталушылар және әкімшілік құқық бұзушылық жасағандар) қызметкерлерге, қоғамдық тәртiптi қорғау, қоғамдық қауiпсiздiктi қамтамасыз ету бойынша өздерiне жүктелген мiндеттердi атқарып жүрген өзге де адамдарға бағынбаса немесе қарсылық көрсетсе, оларды құқық қорғау органдарына жеткiзу үшін ұстау үшін, ұсталған, күзет қойылған адамдарды, сондай-ақ әкiмшiлiк қамауға алынған, сотталған, күдікті және айыпталушы адамдарды, не олардың қашып кетуi немесе айналадағыларға немесе өзiне зиян келтiруi мүмкiн деп санауға жеткілікті негiздемелер болса, сондай-ақ қызметкерлердiң өздерiне заңмен жүктелген мiндеттерді жүзеге асыруына қасақана кедергi келтiретiн адамдарға қатысты күзетпен апару және күзету; 
      5) қызметкердің өзін-өзі қорғау немесе өзінің отбасының мүшелерін қорғау мақсатында оған және (немесе) олардың денсаулығына немесе өміріне ауыр зиян келтірудің нақты қаупі төнген кезде шабуылды тойтару; 
      6) қажетті қорғаныс, аса қажеттік; 
      7) егер бұл құқық бұзушылықтың жолын кесу, құқық бұзушының жеке басын анықтау, сондай-ақ егер хаттама жасау мақсатында міндетті болса, оны сол орында жасау мүмкін болмаған кезде әкімшілік құқық бұзушылық туралы хаттама жасау міндетті болса, құқық бұзушыларды жеткізу үшін қолдануға құқығы бар. 
      2. Айналадағылардың өмiрi мен денсаулығына қауіп төндiретiн шабуыл, топтасқан шабуыл жасаған не қарулы қарсылық көрсеткен жағдайларды қоспағанда, әйелдерге, мүгедектiк белгiлерi анық бiлiнiп тұрған адамдарға және жас балаларға қатысты арнаулы құралдар мен жауынгерлік күрес тәсілдерін қолдануға тыйым салынады.     

  61-бап. Атыс қаруын қолдану     

1. Қызметкерлер атыс  қаруын: 
      1) жеке тұлғалардың өмірі мен денсаулығына қауіп төнген жағдайда оларды қылмыстық қол сұғудан қорғау, сол сияқты кепiлге алынғандарды босату; 
      2) қызметкерлерге және олардың отбасы мүшелерiне, қоғамдық тәртiптi қорғау, қоғамдық қауiпсiздiктi қамтамасыз ету және қылмыстылыққа қарсы іс-қимыл бойынша қызметтiк немесе қоғамдық борышын атқарып жүрген адамдарға жасалған шабуылды тойтару; 
      3) жеке тұлғалардың тұрғын үй-жайларына, құқық қорғау органдары күзететiн объектiлерге, мемлекеттiк ұйымдардың үй-жайларына жасалған шабуылды тойтару, қызметтiк немесе әскери нарядқа жасалған шабуылды тойтару; 
      4) қарсылық көрсеткен не қылмыс жасау кезінде қолға түскен, қамаудан қашқан адамдарды (әкiмшiлiк қамаудағылардан басқа) ұстау, қарулы адамдарды ұстау үшін; 
      5) егер көлік жүргiзушi қызметкердiң заңды талаптарына бағынбаса және жеке тұлғалардың өмiрi мен денсаулығына қауіп төндiрсе, көлiк құралдарын ақау келтiріп тоқтату; 
      6) хайуанаттар шабуылынан қорғану; 
      7) дабыл белгiсiн беру немесе көмек шақыру; 
      8) қажетті қорғаныстың және аса қажеттіктің барлық өзге де жағдайларында қолдануға құқығы бар. 
      2. Әйелдерге, анық мүгедектік белгілері бар адамдарға, кәмелетке толмағандардың жасы белгілі немесе анық болған кезде оларға қатысты, олар қарулы шабуыл жасаған, қарулы қарсылық көрсеткен, кепiлге адам, көлiк құралдарын, оның iшiнде әуе кемесiн алған не топтасып шабуыл жасаған жағдайларды қоспағанда, қару қолдануға тыйым салынады.     

  62-бап. Атыс қаруын, арнаулы құралдарды, дене күшін 
               қолдану шарттары      

1. Атыс қаруын, арнаулы  құралдарды, дене күшін қолданудың барлық жағдайларында қызметкер жеке тұлғалардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету, зардап шеккендерге шұғыл медициналық көмек көрсету үшін қажетті шараларды қолдануға, атыс қаруын, арнаулы құралдарды, дене күшін қолданғаны туралы тікелей басшыға баяндауға міндетті. 
      2. Адам өліміне немесе өзге де ауыр зардаптарға әкеп соққан атыс қаруы, арнаулы құралдар және дене күші қолданылған әрбір оқиға туралы прокурор дереу хабардар етіледі.

9-тарау. ӘЛЕУМЕТТІК ҚОРҒАУ    

  63-бап. Қызметкерлерді әлеуметтік қорғау     

 Қызметкерлер, олардың  отбасы мүшелері мен мүлкі  Қазақстан Республикасының заңнамасына  сәйкес мемлекет қорғауында болады.     

  64-бап. Қызметкерлерге еңбекақы төлеу, оларды зейнетақымен 
               және өзгедей қамсыздандыру      

1. Қызметкерлерге ақшалай  үлес Қазақстан Республикасының  Президентi бекiтетiн мемлекеттiк бюджет есебiнен ұсталатын Қазақстан Республикасы органдарының қызметкерлерiне еңбекақы төлеудiң бiрыңғай жүйесi негiзiнде белгiленедi және ол ақшалай қаражат пен қызметтi өткерудiң ерекше жағдайлары үшiн Қазақстан Республикасының заңнамасымен белгiленетін үстемеақыларды қамтиды. 
      2. Қызметкерлердiң ақшалай қаражаты лауазымдық айлықақыдан және арнаулы атағы немесе сыныптық шені үшiн берілетін қосымша ақыдан тұрады. 
      Лауазымдық айлықақыны және сауықтыруға берілетін жәрдемақыларды есептеу үшін жұмыс өтілі Қазақстан Республикасының заңнамасында айқындалады. 
      3. Қызметкерлерді зейнетақымен қамсыздандыру, мүгедектiгi бойынша мемлекеттiк әлеуметтiк жәрдемақылар төлеу Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жүзеге асырылады. 
      4. Қызметкерлердiң iссапар куәлiгiн көрсету арқылы көлiктің барлық түрiнде жол жүру құжаттарын және мейманханаларда тұру үшiн орынды бiрiншi кезекте алуға құқығы бар.    

  65-бап. Еңбекке уақытша жарамсыздығы кезеңінде қызметті 
               өткеру ерекшеліктері      

1. Еңбекке уақытша жарамсыздығы, қызметкердің емделуде үздiксiз болу кезеңі, Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген жекелеген аурулар бойынша емделудiң бұдан да ұзақ мерзiмi көзделген жағдайларды қоспағанда, төрт айдан аспауға тиiс. Қызметкер емделуде үздiксiз болуының белгiленген мерзiмi өткен соң, өзiнiң одан әрi қызмет атқаруға жарамдылығы туралы мәселенi шешу үшiн әскери-дәрiгерлiк комиссияның медициналық куәландырудан өтуге тиiс. 
      2. Қызметтік мiндеттерiн және қызметтiк борышын орындау кезiнде жарақаттануына, контузия алуына немесе мертiгуiне байланысты қызметкерлердің емделу уақытына шек қойылмайды. Аталған адамдар медициналық куәландыруға емделiп болған соң немесе ауруының нәтижесi анықталған жағдайда жiберiледi. 
      3. Жиi және ұзақ ауыратын қызметкерлердің, егер еңбекке жарамсыз болған күндерiнiң саны он екі айда сол бiр ауру бойынша үзiлiссiз төрт айға дейiнгі немесе жыл iшiнде әртүрлi аурулар бойынша бес айға дейiнгi уақытты құрайтын болса, қызметтi одан әрi өткеруге жарамдылығын анықтау үшiн құқық қорғау органының кадр бөлімшелері емдеу-профилактика мекемелерінiң ұсыныстары бойынша әскери-дәрiгерлiк комиссияға медициналық куәландыруғажiбередi. 
      4. Қызметкерлерге олардың еңбекке уақытша жарамсыздығы кезеңінде ақшалай үлес толық көлемінде төленеді.    

  66-бап. Қызметкерлер қаза тапқан (қайтыс болған) немесе 
               мертiккен жағдайда берiлетiн кепiлдiктер     

1. Қызметкерлер қызметтiк  мiндеттерiн атқарып жүрген кезеңiнде  мертiккен жағдайда оған бiржолғы өтемақы төленедi, ал қаза тапқан (қайтыс болған) жағдайда ол оны алуға құқығы бар адамдарға беріледі. 
      2. Біржолғы өтемақыны төлеу тәртiбiн Қазақстан Республикасының Үкiметi белгілейді. 
      3. Қызметкер қызметтiк міндеттерін атқару кезiнде не орындалуы міндетті қызметтiк мiндеттерiн атқару кезiнде алған жарақат салдарынан қызметтен босатылғаннан кейiнгi бiр жыл бойы ішінде қаза тапқан (қайтыс болған) жағдайда, асырауындағы адамдар мен мұрагерлерiне оның соңғы атқарған лауазымы бойынша алпыс айлық ақшалай қаражаты мөлшерiнде бiржолғы өтемақы төленедi. 
      4. Қызметкерге қызметтiк мiндеттерiн атқару кезiнде алған жарақаты, жаралануы (контузия алуы), мертігуі, науқастануы салдарынан болған мүгедектiк белгiленгенде, оған: 
      1) I топтағы мүгедекке – отыз айлық ақшалай қаражат; 
      2) II топтағы мүгедекке – он сегiз айлық ақшалай қаражат; 
      3) III топтағы мүгедекке – алты айлық ақшалай қаражат мөлшерiнде бiржолғы өтемақы төленедi. 
      5. Қызметкерлер қызметтiк мiндеттерiн атқару кезiнде мүгедектiкке соқтырмайтын ауыр мертіккен (жарақат алған, жараланған, контузия алған) жағдайда, оларға бiр жарым айлық ақшалай қаражаты мөлшерiнде, жеңiл зақым алған жағдайда жарты айлық ақшалай қаражаты мөлшерiнде бiржолғы өтемақы төленедi. 
      6. Егер қызметкердiң қазасы (қайтыс болуы), жарақаты, жаралануы (мертiгуi), науқастануы қызметтiк мiндеттерiн атқаруға қатысы жоқ мән-жайларға байланысты болғаны белгiленген тәртiппен дәлелденсе, біржолғы өтемақы төленбейдi. 
      7. Қызметтiк мiндеттерiн атқару кезiнде қаза тапқан қызметкердiң балаларына, олар кәмелеттiк жасқа толғанға дейiн Қазақстан Республикасының Үкіметі белгілеген тәртіппен медициналық және санаториялық-курорттық қызмет көрсету құқығы сақталады. 
      8. Қызметтік міндеттерін орындау кезінде қаза тапқан немесе мүгедектік алған қызметкерлердің балалары әскери мектеп-интернаттарға және кадет корпустарына конкурстан тыс қабылдану құқығын пайдаланады, сондай-ақ оқуға түсушілер үшін белгіленген талаптар бойынша баллдың шекті деңгейін жинаса, құқық қорғау органының білім беру ұйымдарына конкурстан тыс қабылданады.     

  67-бап. Жерлеу шығындарын өтеу     

 Қайтыс болған немесе  қаза тапқан қызметкерлерді жерлеу  үшiн олардың үш айлық ақшалай  қаражаты мөлшерiнде, ал зейнеткерлерге  үш айлық зейнетақы төлемі мөлшерінде бiржолғы ақшалай өтемақы төленедi.    

  68-бап. Құқық қорғау органдарының қызметкерлерi мен 
               зейнеткерлерiнiң тұрғын үйге құқықтары     

1. Қызметкерлер мемлекеттік  тұрғын үй қорынан бiрiншi кезекте тұрғын үймен қамтамасыз етiлу құқығын пайдаланады. 
      2. Күнтiзбелiк он жылдан астам уақыт қызмет атқарған қызметкерлер тұрақты тұрып жатқан, қызметтiк тұрғын үйге теңестірілген тұрғын үйлерін, аталған қызметкерлердің қалауына қарай, Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен және шарттарда қалдық құны бойынша меншiгiне сатып ала алады. 
      3. Құқық қорғау органдарының қызметкерлері мен зейнеткерлері басқа тұрғын үй-жай берілмей қызметтiк тұрғын үйден шығаруға жатқызылмайды. 
      4. Қызметкер қызметтiк мiндеттерiн атқару кезiнде қаза тапқан жағдайда, ол қаза тапқан күннен бастап бiр жылдан кешiктiрілмей, қаза тапқан адамның отбасы Қазақстан Республикасының заңнамасында белгiленген шарттармен және тәртiппен мемлекеттiк тұрғын үй қорынан тұрғын үй алуға құқылы.    

  69-бап. Құқық қорғау органдарының қызметкерлері мен 
               зейнеткерлерін әлеуметтiк қорғаудың өзге де 
               шаралары     

1. Қызметкерлер Қазақстан  Республикасының заңнамасына сәйкес міндетті әлеуметтік сақтандыруға жатады. 
      2. Құқық қорғау органдарының қызметкерлерi мен зейнеткерлеріне, Қазақстан Республикасының Үкiметi белгiлеген шектерде, Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігінің әскери қызметшілері мен зейнеткерлері үшін Қазақстан Республикасының заңнамасымен белгіленген жеңiлдiктер мен артықшылықтар қолданылады. 
      3. Туберкулезге қарсы және басқа мамандандырылған жұқпалы аурулар мекемелерiнде қызмет атқарып жүрген қызметкерлер Қазақстан Республикасының заңнамасында аталған қызметкерлер үшін белгiленетiн жеңiлдiктердi пайдаланады. 
      3-1. Қылмыстық-атқару жүйесi органдары мен мекемелерінің туберкулезге қарсы мекемелер мен басқа да мамандандырылған учаскелерде және қылмыстық-атқару жүйесі мекемелерiнде қызмет атқаратын қызметкерлерiне осы санаттағы медицина қызметкерлерi үшiн Қазақстан Республикасының заңнамасында белгiленген жеңiлдiктер қолданылады. 
      4. Қызметкерлерге тұрғын үйдi күтiп-ұстауға және коммуналдық қызметтерге ақы төлеуге республикалық бюджет туралы заңда айқындалатын мөлшерде ақшалай өтемақы төленедi. 
      Ескерту. 69-бапқа өзгеріс енгізілді - ҚР 2012.01.18 N 547-IV (алғашқы ресми жарияланғанынан кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi), 21.05.2013 № 93-V (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен.    

Информация о работе Осы Заңның қолданысқа енгізілу тәртібін 85-б. қараңыз