Автор работы: Пользователь скрыл имя, 18 Октября 2013 в 23:59, практическая работа
Осы Заңда мынадай негізгі ұғымдар пайдаланылады:
1) ауыстыру – құқық қорғау органы жүйесінде лауазымдарға орналасу;
2) ауысу – құқық қорғау органдарындағы қызметті тоқтатпастан құқық қорғау органында атқарып жүрген қызметінен босата отырып, сол мезгілде басқа құқық қорғау органындағы лауазымға тағайындау;
3) баянат – қызметкер қызмет әрекеті процесінде тікелей немесе уәкілетті басшыларға өтініш жасаған кезде ерекше нысандағы жазбаша баяндау;
4) біліктілік талаптары – құқық қорғау органындағы лауазымға орналасуға үміткер азаматтарға олардың кәсіптік даярлық деңгейін, құзыреттілігін және нақты лауазымға сәйкестігін айқындау мақсатында қойылатын талаптар;
4-тарау. АРНАУЛЫ АТАҚТАР НЕМЕСЕ СЫНЫПТЫҚ ШЕНДЕР
22-бап. Арнаулы атақтар немесе сыныптық шендер беру
1. Қызметкерлерге мынадай
арнаулы атақтар немесе
1) қатардағы құрам:
қатардағы қызметкер;
2) кiшi басшы құрам:
кiшi сержант;
сержант;
аға сержант;
старшина;
3) орта басшы құрам:
кiшi лейтенант;
лейтенант, 3-сыныпты заңгер;
аға лейтенант, 2-сыныпты заңгер;
капитан, 1-сыныпты заңгер;
4) аға басшы құрам:
майор, кіші кеңесші;
подполковник, кеңесші;
полковник, аға кеңесші;
5) жоғары басшы құрам:
генерал-майор, 3-сыныпты мемлекеттік
кеңесші;
генерал-лейтенант, 2-сыныпты
мемлекеттік кеңесші;
генерал-полковник, 1-сыныпты
мемлекеттік кеңесші;
жоғары сыныпты мемлекеттік кеңесші.
2. Арнаулы атақтар немесе сыныптық
шендер қызметкерлерге бiлiктiлiгi, бiлiмi,
қызметке қатысы, еңбек сiңiрген жылдары
және атқаратын штаттық лауазымы ескерiле
отырып, реттілік тәртібімен дербес берiледi.
3. Қызметкерлердің арнаулы атақтарының
немесе сыныптық шендерінің алдынан тиісті
септікте, олардың қайсысына қатыстылығын
көрсететін мынадай сөздер қосылады:
1) прокуратура органдарына –
«әділет»;
2) ішкі істер органдарына – «полиция»,
«әділет»;
3) қаржы полициясы органдарына
– «қаржы полициясының»;
4) алып тасталды
- ҚР 2012.01.18 N 547-IV (алғашқы
ресми жарияланғанынан кейiн күнтiзбелiк
он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi)
Заңымен;
5) мемлекеттік өртке қарсы қызметке
– «өртке қарсы қызмет»;
6) кеден органдарына – «кеден
қызметінің».
4. Қызметте болудың шекті жасына
жеткен немесе зейнетақыға құқық беретін
еңбек сіңірген жылдары бар қызметкерлердің
арнаулы атақтарының немесе сыныптық
шендерінің алдынан «отставкадағы» деген
сөз қосылады.
5. Құқық қорғау органдары білім
беру ұйымдарының күндізгі оқу нысаны
бойынша оқитын курсанттарының (тыңдаушыларының)
қатарына қабылданған азаматтарға Қазақстан
Республикасының заңнамасына сәйкес арнаулы
атақтар беріледі.
6. Қазақстан Республикасы Қарулы
Күштерiнiң запасында тұратын азаматқа,
ол құқық қорғау органдарындағы басшы
құрам лауазымына тағайындалғаннан кейiн,
оның өзiнде бар әскери атағынан төмен
емес арнаулы атақ немесе сыныптық шен
беріледi.
7. Құқық қорғау органдарында
бұрын қызмет өткерген адамдар қызметке
жаңадан қабылданған (оқуға түскен) кезде,
басқа құқық қорғау органынан iссапарға
жiберу тәртiбiмен қабылданған адамдар,
сондай-ақ арнаулы мемлекеттік органдарда
қызмет өткерген адамдар, әскери қызметшілер
бұрынғы қызмет орны бойынша берілген
өздерiнде бар сыныптық шенмен, арнаулы
немесе әскери атақпен лауазымға тағайындалады
(оқуға қабылданады), олар кейіннен жаңа
қызмет (оқу) орны бойынша берілетін арнаулы
атаққа немесе сыныптық шенге теңестіріледі.
Бұрынғы сыныптық шенде, арнаулы
немесе әскери атақта болу мерзiмi кезектi
арнаулы атақ немесе сыныптық шен беру
үшiн еңбек сiңiрген мерзiмге есептеледi.
8. Қазақстан Республикасының
заңнамасына сәйкес құқық қорғау органдарына
жүктелген негізгі міндеттер мен функцияларды
тікелей орындайтын лауазымды адамдарға
арнаулы атақтар немесе сыныптық шендер
беруге құқық беретін лауазымдар тізбесін олардың өкілеттіктеріне
сәйкес Қазақстан Республикасының Президенті
және Қазақстан Республикасының Үкіметі бекітеді.
Ескерту.
22-бапқа өзгеріс енгізілді - ҚР 18.01.2012 N
547-IV (алғашқы
ресми жарияланғанынан кейiн күнтiзбелiк
он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi),
21.05.2013 № 93-V (алғашқы
ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік
он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі)
Заңдарымен.
23-бап. Бірінші және
кезектi арнаулы атақтар немесе
сыныптық шендер
берудің тәртібі
1. Арнаулы атақтар немесе сыныптық
шендер берілу ретіне қарай бірінші
және кезектi болып бөлiнедi.
1-1. Мыналар:
1) қатардағы құрам үшін – қатардағы
қызметкер;
2) кіші басшы құрам үшін – кіші
сержант (сержант);
3) орта басшы құрам үшін – кіші
лейтенант (лейтенант), 3-сыныпты заңгер
бірінші арнаулы атақтар немесе сыныптық
шен болып есептеледі.
2. Қатардағы және кiшi басшы құрамның
арнаулы атақтарын (бірінші және кезектi)
уәкілетті басшы бередi.
3. Орта және аға басшы құрамның
бірінші арнаулы атақтарын немесе сыныптық
шендерін құқық қорғау органының басшысы
береді.
4. Кiшi лейтенанттың бірінші арнаулы
атағы:
1) қатардағы немесе кіші басшы
құрам лауазымдарын атқарып жүрген, жоғары
білім беретін кәсіптік оқу бағдарламаларын
іске асыратын білім беру ұйымдарының
соңғы курстарында оқитын және орта басшы
құрам лауазымдарына тағайындалған қызметкерлерге;
2) техникалық және кәсіптік, орта
білімнен кейінгі оқу бағдарламаларын
іске асыратын білім беру ұйымдарын бітірген
және орта басшы құрам лауазымдарына тағайындалған
азаматтарға беріледі.
5. Лейтенант арнаулы атақтары:
1) кiшi лейтенанттарға – арнаулы
атақта еңбек сiңiрудiң осы Заңда белгiленген
мерзiмiнің өтуі бойынша, ал жоғары білім
беретін кәсіптік оқу бағдарламаларын
іске асыратын білім беру ұйымдарын бітіргендерге
– бұл атақта еңбек сiңiру мерзiмiне қарамастан;
2) қатардағы қызметкер мен кiшi
басшы құрамның арнаулы атақтары бар,
техникалық және кәсіптік, орта білімнен
және жоғары білімнен кейінгі кәсіптік
оқу бағдарламаларын іске асыратын құқық
қорғау органдарының білім беру ұйымдарын
бiтiрген және орта басшы құрам лауазымдарына
тағайындалған қызметкерлерге;
3) жоғары бiлiмi бар және орта немесе
аға басшы құрам лауазымдарына тағайындалған
адамдарға берiледi.
5-1. 3-сыныпты заңгер бірінші сыныптық
шені аттестаттаудан өткеннен кейін беріледі.
6. Басшы құрамның кезектi арнаулы
атақтары немесе сыныптық шендері атқаратын
штаттық лауазымы бойынша көзделген арнаулы
атақтар немесе сыныптық шендерге сәйкес
болған жағдайда және арнаулы атақтар
немесе сыныптық шендерде еңбек сiңiрудiң
белгiленген мерзiмi өткен соң реттілік
тәртібімен берiледi.
7. Орта және аға басшы құрамның
кезектi арнаулы атақтарын немесе сыныптық
шендерін:
1) капитанға дейін, 1-сыныпты заңгерді
қоса алғанда – уәкілетті басшы;
2) полковникке дейін, аға кеңесшіні
қоса алғанда – құқық қорғау органының
басшысы береді.
8. Жоғары басшы құрамның арнаулы
атақтары немесе сыныптық шендері Қазақстан
Республикасының Президентi белгілейтін лауазым
9. Бағынысты қызметкердi кезектi
арнаулы атақты немесе сыныптық шенді
беруге ұсынуды негiзсiз кешiктiрген құқық
қорғау органының басшысы немесе уәкiлеттi
басшы тәртіптік жауапкершілікке тартылады.
10. Орта және аға басшы құрамның
кезектi арнаулы атақтары немесе сыныптық
шендері құқық қорғау органдары білім
беру ұйымдарының тыңдаушылары мен докторанттарына,
сондай-ақ оқу ақысын бюджет қаражаты
есебінен төлей отырып, құқық қорғау органдарының
жолдамалары бойынша шет мемлекеттердің
құқық қорғау органдарының білім беру
ұйымдарында оқитындарға – оқуға түскеннен
кейiн, осы лауазымдар бойынша штаттағы
арнаулы атақтар немесе сыныптық шендерге
енгiзiлген өзгерiстер ескерiлместен, олар
оқуға түскенге дейiн атқарған штаттық
лауазымдарына сәйкес тиiстi арнаулы атақтарда
немесе сыныптық шендерде еңбек сiңiрудiң
белгiленген мерзiмiнің өтуіне орай; кезектi
арнаулы немесе әскери атақтар, сыныптық
шендер қызметкерлер оқуды аяқтаған соң
тағайындалатын штаттық лауазымдар бойынша
атақтарға сәйкес болған жағдайда – білім
беру ұйымдарын, магистратураны, докторантураны
бiтiруіне орай берiледi.
Ескерту.
23-бапқа өзгеріс енгізілді - ҚР 21.05.2013 №
93-V (алғашқы
ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік
он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі)
Заңымен.
24-бап. Арнаулы атақтарда
немесе сыныптық шендерде еңбек
сіңіру мерзімдері
1. Қатардағы және кіші
басшы құрамның арнаулы
қатардағы қызметкер атағында
– үш ай;
кіші сержант атағында – бір
жыл;
сержант атағында – екі жыл;
аға сержант атағында – үш жыл.
Cтаршина атағында еңбек сіңіру
мерзімі белгіленбейді.
2. Орта және аға басшы құрамның
арнаулы атақтарда және сыныптық шендерде
еңбек сіңіру мерзімдері:
кіші лейтенант атағында – бір
жыл;
лейтенант, 3-сыныпты заңгер атағында
– бір жыл;
аға лейтенант, 2-сыныпты заңгер
атағында – үш жыл;
капитан, 1-сыныпты заңгер атағында
– төрт жыл;
майор, кіші кеңесші атағында
– бес жыл;
подполковник, кеңесші атағында
– жеті жыл.
3. Полковник арнаулы атағында,
аға кеңесші сыныптық шенінде, сондай-ақ
жоғары басшы құрамның атақтарында және
сыныптық шендерінде еңбек сіңіру мерзімі
белгіленбейді.
4. Арнаулы атақта немесе сыныптық
шенде еңбек сіңіру мерзімі қызметкерге
тиісті арнаулы немесе әскери атақ, сыныптық
шен берілген күннен бастап есептеледі,
бұл ретте еңбек сіңіру мерзіміне лауазымдардағы
қызметтің нақты уақыты кіреді. Қызметкерді
кезекті арнаулы атақ немесе сыныптық
шен беруге ұсыну негізсіз кешіктірілген
жағдайда, тиісті арнаулы атақ немесе
сыныптық шен, оның алдындағы арнаулы
атақта немесе сыныптық шенде болу мерзімі
өткеннен кейінгі күннен бастап беріледі.
5. Қатардағы және кіші басшы құрамдағы
атағы бар, орта басшы құрам лауазымына
тағайындалған қызметкерлер, осы атақта
еңбек сіңірген мерзіміне қарамастан,
орта басшы құрамның арнаулы атағын беруге
ұсынылады.
6. Кезекті арнаулы атақтар немесе
сыныптық шендер берудің осы Заңда көзделмеген
қосымша шарттарын енгізуге тыйым салынады.
25-бап. Арнаулы атақтарда
немесе сыныптық шендерде еңбек
сіңірген жылдары
мерзімін тоқтата тұру
1. Қызметкерлерге кезектi
арнаулы атақтар немесе
2. Тәртiптiк жаза қолданудың заңсыздығы
туралы шешім шығарылған немесе қайта
аттестаттау кезінде атқаратын лауазымына
сәйкес келетіні туралы мәселе шешiлген,
қылмыстық iс ақтайтын негiздер бойынша
қысқартылған, ақтау үкімі заңды күшіне
енген кезде қызметкерлерге кезектi арнаулы
атақ немесе сыныптық шен атқаратын штаттық
лауазымы бойынша атаққа, сыныптық шенге
кезекті арнаулы атақ немесе сыныптық
шен сәйкес болған жағдайда, бұларды берудiң
мерзiмi басталған сәттен бастап берiледi.
26-бап. Арнаулы атақтарды
немесе сыныптық шендерді
мерзімінен бұрын
немесе атқаратын штаттық
лауазымы бойынша
көзделген арнаулы атақтан немесе
сыныптық шеннен
бiр саты жоғарылатып беру тәртібі
1. Полковникке дейiн қоса
алғанда, басшы құрамның кезектi арнаулы
атағы немесе сыныптық шені қызметте жоғары
нәтижелерге қол жеткiзгенi және қызметтiк
мiндеттерiн үлгiлi орындағаны үшiн көтермелеу
тәртібімен, бұған дейiнгi арнаулы атақта
немесе сыныптық шенде еңбек сiңiрудiң
белгiленген мерзiмi өткенге дейiн немесе
атқаратын штаттық лауазымы бойынша көзделген
арнаулы атақтан немесе сыныптық шеннен
бiр саты жоғарылатып берiлуi мүмкiн.
2. Арнаулы атақтар немесе сыныптық
шендер мерзiмiнен бұрын арнаулы атақта
немесе сыныптық шенде еңбек сiңiрудiң
белгiленген мерзiмдерiнiң кемiнде жартысы
өткенде берiледi.
3. Ғылыми немесе академиялық
дәрежесi не ғылыми немесе академиялық
атағы бар, бұл ретте құқық қорғау органының
білім беру ұйымдарында штаттық лауазымда
қызмет атқаратын басшы құрам адамдарына
кезектi арнаулы атақ немесе сыныптық
шен арнаулы атақта немесе сыныптық шенде
еңбек сiңiрудiң белгiленген мерзiмi өткенде
атқаратын лауазымы бойынша көзделген
арнаулы атақтан немесе сыныптық шеннен
бiр саты жоғарылатып берілуі мүмкін.
4. Атқаратын штаттық лауазымы
бойынша көзделген арнаулы атақтан немесе
сыныптық шеннен бiр саты жоғары кезектi
арнаулы атақ немесе сыныптық шен алдыңғы
арнаулы атақта немесе сыныптық шенде
еңбек сiңiрген жылдарының кемiнде бір
жарым мерзімі өткен соң берiледi.
Бұл ретте атқаратын лауазымы
бойынша көзделген арнаулы атақтан немесе
сыныптық шеннен мерзімінен бұрын бiр
саты жоғары арнаулы атақтар немесе сыныптық
шендер беру құқық қорғау органындағы
қызметінің барлық кезеңі ішінде әрбір
негіз бойынша екі реттен артық жүргізілмейді.
Кезектен тыс арнаулы атақтарды
немесе сыныптық шендерді беру құқық қорғау
органының басшысы айқындаған тәртіппен
қызметтің барлық кезеңі ішінде екі реттен
артық жүргізілмейді.
5. Кіші басшы құрамдағы мерзімінен
бұрын немесе бір саты жоғары арнаулы
атақты – уәкілетті басшы, ал орта және
аға басшы құрамдағы арнаулы атақтарды
немесе сыныптық шендерді құқық қорғау
органының басшысы береді.
Ескерту.
26-бапқа өзгеріс енгізілді - ҚР 21.05.2013 №
93-V (алғашқы
ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік
он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі)
Заңымен.
27-бап. Арнаулы атақтарды
немесе сыныптық шендерді
төмендету, арнаулы
атақтардан немесе сыныптық
шендерден айыру
1. Арнаулы атақты немесе
сыныптық шенді бiр сатыға төмендетуді
тәртiптiк жаза шарасы ретiнде:
1) кiшi және орта басшы құрам атағындағы
қызметкерлерге – уәкiлеттi басшы;
2) аға басшы құрам атағындағы
қызметкерлерге – құқық қорғау органының
басшысы қолданады.
1-1. Арнаулы атақтардан немесе
сыныптық шендерден айыру мына қызметкерлерге
қатысты тәртіптік жаза қолдану шарасы
ретінде қолданылады:
1) полковникті, аға кеңесшіні қоса алғанға
дейінгілерді – құқық қорғау органының
басшысы;
2) жоғары басшы құрамды Қазақстан Республикасының
Президенті белгілеген тәртіппен – Қазақстан
Республикасының Президенті жүзеге асырады.
2. Арнаулы атақтағы немесе сыныптық
шендегі еңбек сiңiру мерзiмi арнаулы атақты
немесе сыныптық шенді бiр сатыға төмендету
түрінде тәртіптік жауапкершілікке тарту
туралы бұйрыққа қол қойылған күннен бастап
үзіледі және арнаулы атақты немесе сыныптық
шенді қалпына келтіру туралы бұйрық шығарылған
күннен бастап қалпына келтіріледі.
Арнаулы атақтары немесе сыныптық
шендері атқаратын штаттық лауазымына
қарамастан төмендетілген қызметкерлердің
бұрынғы арнаулы атағы немесе сыныптық
шені атқаратын лауазымына қарамастан
құқық қорғау органы басшысының немесе
уәкiлеттi басшының бұйрықтарымен, бірақ
арнаулы атағы немесе сыныптық шені төмендетілген
күннен бастап кемінде алты ай өткеннен
кейін ғана қалпына келтіріледі.
3. Қызметкерге бұрынғы арнаулы
атағы немесе сыныптық шені қайта қалпына
келтiрілгенге және оған кезектi арнаулы
атақ немесе сыныптық шен берiлгенге дейiн
арнаулы атақтан немесе сыныптық шеннен
қайта төмендетілмейді.
Ескерту.
27-бапқа өзгеріс енгізілді - ҚР 2011.11.09 N
490-IV (алғашқы
ресми жарияланғанынан кейiн күнтiзбелiк
он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi),
21.05.2013 № 93-V (алғашқы
ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік
он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі)
Заңдарымен.
28-бап. Соттың айыптау
үкімімен арнаулы атақтардан немесе
сыныптық шендерден
айыру
1. Қызметкерлерге қатысты
арнаулы атақтардан немесе
1) капитанға дейін, 1-сыныпты заңгерді
қоса алғанда – уәкілетті басшы жүзеге
асырады;
2) полковникке дейін, аға кеңесшіні
қоса алғанда – құқық қорғау органының
басшысы жүзеге асырады;
3) жоғары басшы құрамы бойынша
Қазақстан Республикасының заңнамасына сә
2. Арнаулы атақтан немесе сыныптық
шеннен заңсыз айырған жағдайларда, соттың
шешіміне сәйкес бұрынғы атағын қалпына
келтiру туралы бұйрықты құқық қорғау
органының басшысы немесе уәкiлеттi басшы
шығарады.
3. Арнаулы атақтан немесе сыныптық
шеннен заңсыз айырылған кезең қалпына
келтiрiлген арнаулы атақта немесе сыныптық
шенде еңбек сiңiру мерзiмiне кiредi. Арнаулы
атағынан немесе сыныптық шенінен заңсыз
айырылған адамдарға материалдық залал
толық көлемде өтеледi.
Ескерту.
28-бапқа өзгеріс енгізілді - ҚР 2011.11.09 N
490-IV (алғашқы
ресми жарияланғанынан кейiн күнтiзбелiк
он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi),
21.05.2013 № 93-V (алғашқы
ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік
он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі)
Заңдарымен.
5-тарау. ҚҰҚЫҚ ҚОРҒАУ
ОРГАНДАРЫНДА ЛАУАЗЫМҒА ТАҒАЙЫНДАУ,
ҚЫЗМЕТ БАБЫНДА АУЫСТЫРУ ЖӘНЕ ЖОҒАРЫЛАТУ
29-бап. Құқық қорғау
органдарының қатардағы және
басшы құрам лауазымдарына
орналасудың
жалпы қағидалары
1. Қатардағы, кiшi, орта,
аға және жоғары басшы құрамдағы адамдар
орналасуға жататын лауазымдарды және
осы лауазымдарға сәйкес келетiн арнаулы
атақтарды немесе сыныптық шендердi Қазақстан
Республикасының заңнамасына сәйкес құқық
қорғау органының басшысы айқындайды.
2. Орта, аға және жоғары басшы
құрам лауазымдарына тағайындалатын адамдар
оларға арнаулы атақ немесе сыныптық шен
берiлгенге немесе құқық қорғау органдарының
кадрларына қабылданғанға дейiн атқаратын
лауазымы бойынша қызметтiк мiндеттерiн
атқарады.
3. Лауазымға тағайындауды, қызметі
бойынша ауыстыруды адам қойылатын бiлiктiлiк
талаптарына сәйкес келген жағдайда құқық
қорғау органының басшысы немесе уәкiлеттi
басшы жүргiзедi. Лауазымдар санаттарына
қойылатын бiлiктiлiк талаптарын мемлекеттiк
қызмет iстерi жөнiндегi уәкiлеттi органмен
келісу бойынша құқық қорғау органының
басшысы бекiтедi.
4. Орта және аға басшы құрамдағы
адамдарды лауазымға тағайындау және
қызметі бойынша ауыстыру кезiнде оларды
негiзгi мамандығы бойынша не бар тәжiрибесiне
сәйкес пайдалану қамтамасыз етiледi, ал
олар үшін жаңа мамандықтағы лауазымдарда
пайдалану қажет болған кезде олар тағайындау
алдында тиiстi курстарда (жиындарда) қайта
даярлаудан өтуге тиiс.
5. Орта, аға және жоғары басшы
құрамдағы адамдарды басқа лауазымдарға,
сондай-ақ басқа жергілікті жерге ауыстыру
қажет болған кезде бұл туралы шешiмдi
олардың келiсуі бойынша осы адамдардың
даярлығы мен қызмет тәжiрибесiн, сондай-ақ
оларда және олардың отбасы мүшелерiнде
денсаулық жағдайы бойынша қарсы көрсетілімдердің
жоқтығын ескере отырып, тиiстi уәкiлеттi
басшылар қабылдайды.
6. Денсаулық жағдайы бойынша
тұрғылықты жерiн өзгертудi қажет ететiн
басшы құрамдағы адамдарды қызметі бойынша
басқа жергілікті жерге ауыстыру әскери-дәрiгерлiк
комиссияның қорытындысы негiзiнде тиiстi
басшылардың рұқсаты бойынша жүргiзiледi.
7. Қатардағы және басшы құрамдағы
адамдарды жедел қызмет атқармайтын лауазымдардан
жедел қызмет атқаратын лауазымдарға
ауыстыру әскери-дәрiгерлiк сараптама
нәтижелерi ескерiле отырып жүргiзiледi.
Ескерту.
29-бап жаңа редакцияда - ҚР 21.05.2013 №
93-V (алғашқы
ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік
он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі)
Заңымен.
Информация о работе Осы Заңның қолданысқа енгізілу тәртібін 85-б. қараңыз