Осы Заңның қолданысқа енгізілу тәртібін 85-б. қараңыз

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 18 Октября 2013 в 23:59, практическая работа

Краткое описание

Осы Заңда мынадай негізгі ұғымдар пайдаланылады:
1) ауыстыру – құқық қорғау органы жүйесінде лауазымдарға орналасу;
2) ауысу – құқық қорғау органдарындағы қызметті тоқтатпастан құқық қорғау органында атқарып жүрген қызметінен босата отырып, сол мезгілде басқа құқық қорғау органындағы лауазымға тағайындау;
3) баянат – қызметкер қызмет әрекеті процесінде тікелей немесе уәкілетті басшыларға өтініш жасаған кезде ерекше нысандағы жазбаша баяндау;
4) біліктілік талаптары – құқық қорғау органындағы лауазымға орналасуға үміткер азаматтарға олардың кәсіптік даярлық деңгейін, құзыреттілігін және нақты лауазымға сәйкестігін айқындау мақсатында қойылатын талаптар;

Прикрепленные файлы: 1 файл

Тұрар Алмабаев.docx

— 137.98 Кб (Скачать документ)

  30-бап. Қызмет бабында ауыстыру     

1. Қатардағы және кiшi  басшы құрамдағы адамдарды қызмет  бабында ауыстыру: 
      1) жоғары тұрған лауазымдарға – қызмет бабында жоғарылау тәртібімен; 
      2) тең дәрежелi лауазымдарға – басқа лауазымдарға орналастыру қажет болған не оларды iскерлiк және жеке қасиеттерiн ескере отырып, неғұрлым орынды пайдалану, жаңа мамандыққа даярлау үшiн, сондай-ақ отбасы жағдайына, денсаулық жағдайы немесе жасына қарай осы адамдардың келiсiмiмен; 
      3) құқық қорғау органдарының білім беру ұйымдарына оқуға түсуiне байланысты – атқаратын штаттық лауазымынан босатыла отырып, сондай-ақ білім беру ұйымын бiтiргеннен кейін лауазымға тағайындалған кезде; 
      4) төмен тұрған лауазымдарға: 
      штаттар қысқарған кезде немесе құқық қорғау органын қайта ұйымдастыру кезiнде – осы адамдарды тең дәрежелi лауазымдарға ауыстыру мүмкiн болмаған жағдайда және олардың келiсiмiмен; 
      денсаулық жағдайы бойынша – әскери-дәрiгерлiк комиссияның қорытындысы (қаулысы) негiзiнде және қызметкердің келісімімен; 
      аттестаттаудың қорытындысы бойынша анықталғандай, қызметiне сәйкес келмеген кезде; 
      тәртiптiк жаза қолдану тәртібімен; 
      өз қалауы бойынша жүргiзiледi. 
      2. Орта, аға және жоғары басшы құрамдағы адамдарды қызмет бабында ауыстыру: 
      1) жоғары тұрған лауазымдарға – қызмет бабында жоғарылату тәртібімен; 
      2) тең дәрежелi лауазымдарға – ұйымдық-штаттық іс-шаралардың жүргiзiлуiне байланысты, жұмыс тәжiрибесiн ескере отырып, мамандығына қарай неғұрлым орынды пайдалану үшiн, ротация тәртібімен, атқаратын лауазымының өкілеттіктері мерзімінің аяқталуына байланысты, сондай-ақ олардың тiкелей және уәкілетті басшыларының келiсiмiмен өз қалауы бойынша; 
      3) құқық қорғау органдарының білім беру ұйымдарына оқуға түсуiне, мемлекеттік қызметшілерді даярлау жөніндегі мемлекеттік тапсырыс шеңберінде оқуына байланысты – атқаратын штаттық лауазымынан босатыла отырып, сондай-ақ білім беру ұйымын бiтiргеннен кейін лауазымға тағайындалған кезде; 
      4) төмен тұрған лауазымдарға: 
      штатты қысқарту немесе құқық қорғау органдарын қайта ұйымдастыру кезiнде – осы адамдарды дәрежесi тең лауазымда пайдалану мүмкiн болмаған жағдайда және олардың келiсiмiмен; 
      денсаулық жағдайы бойынша – әскери-дәрiгерлiк комиссияның қорытындысы (қаулысы) негiзiнде; 
      өз қалауы бойынша; 
      аттестаттаудың қорытындысы бойынша анықталғандай, қызметiне сәйкес келмеген кезде; 
      тәртiптiк жаза қолдану ретiнде; 
      5) мемлекеттік органдарға және халықаралық ұйымдарға іссапармен бару тәртібімен жүргiзiледi. 
      3. Орта, аға және жоғары басшы құрамдағы адамдар Қазақстан Республикасы құқық қорғау органдарының білім беру ұйымдарына басшылыққа және арнаулы пәндер бойынша педагогтік қызметке тағайындалған кезде, олардың білім беру ұйымдарына тағайындалғанға дейiнгi атқарған негiзгi соңғы лауазымы бойынша айлықақысы сақталады. Әрбiр нақты жағдайда лауазымдық айлықақыны сақтау туралы шешiмдi лауазымға тағайындалғанға дейiн, білім беру ұйымы басшылығының ұсынымы және құқық қорғау органының орталық аппаратының кадр бөлімшесінің қорытындысы бойынша, құқық қорғау органының басшысы қабылдайды. 
      Сақталған лауазымдық айлықақыны төлеу лауазымы төмендетiлген кезде тоқтатылады. 
      4. Төмен тұрған лауазымдарға ауыстырылған қатардағы және басшы құрамдағы адамдар, осы Заңның талаптары ескеріле отырып, кейiннен қызмет бабында жоғарылай алады. 
      5. Қатардағы және басшы құрамдағы адамдарды қызмет бабында ауыстыру туралы шешiм, ауыстыру негiздемесi көрсетiле отырып, құқық қорғау органы басшысының немесе уәкілетті басшысының бұйрығымен ресiмделедi. 
      6. Қызмет бабында ауыстырылған орта, аға және жоғары басшы құрамдағы адамдар, жыл сайынғы ақылы еңбек демалысында немесе емделуде жүрген жағдайларын қоспағанда, iстерді тапсырғаннан кейiн, бірақ бұйрықты алған күннен бастап бiр ай мерзiмнен кешiктiрiлмей жаңа қызмет орнына iссапарға жiберiлуге тиiс. 
      7. Құқық қорғау органының штаты қысқартылған кезде қызметкер ұсынылған лауазымға орналасудан бас тартқан жағдайда, ол осы Заңға сәйкес жұмыстан шығарылуға тиіс. 
      Ескерту. 30-бапқа өзгеріс енгізілді - ҚР 03.07.2013 № 124-V Заңымен (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).    

  31-бап. Ротация     

1. Құқық қорғау органдарында қызмет өткеру кезінде кәсіби әлеуетін неғұрлым тиімді пайдалануды қамтамасыз ету мақсатында құқық қорғау органының аумақтық бөлімшелерінің, мекемелерінің басшыларын ротациялау жүзеге асырылады. 
      2. Аумақтық органдар мен мекемелердің басшыларын ротациялау құқық қорғау органы басшысының шешімімен бес жылда бір рет жүзеге асырылады. Қабылданған шешім бұйрықпен ресімделеді. Аумақтық органдар мен мекемелердің басшыларын қызметке басқа жерге ротациялауға – қызметкердің жазбаша келісімімен, сондай-ақ қызмет мүддесі үшін – лауазымда болу мерзіміне қарамастан және қызметкердің келісімінсіз жол беріледі. 
      3. Мүгедек балалары, оның ішінде асырап алған балалары (қорғаншы болып табылатындар) немесе асырауында қарт ата-анасы бар лауазымды адамдар ротациялауға жатпайды. Көрсетілген мән-жайлар құжат түрінде расталуға тиіс. 
      Ескерту. 31-бапқа өзгерту енгізілді - ҚР 2011.11.09 N 490-IV (алғашқы ресми жарияланғанынан кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi) Заңымен.    

  32-бап. Құқық қорғау қызметінің жоғары тұрған, тең 
               дәрежелі немесе төмен тұрған лауазымдары     

 1. Құқық қорғау қызметінің лауазымы, егер оған құқық қорғау қызметіндегі бұрынғы лауазымының арнаулы атағы немесе сыныптық шеніне қарағанда неғұрлым жоғары шекті арнаулы атақ немесе сыныптық шен көзделген болса, ал арнаулы атақтары немесе сыныптық шендері бірдей болғанда – құқық қорғау қызметінің лауазымы бойынша неғұрлым жоғары айлықақы көзделген жағдайда, ол жоғары тұрған лауазым болып есептеледі. 
      2. Құқық қорғау қызметінің лауазымы, егер оған арнаулы атағы немесе сыныптық шені және лауазымы бойынша айлықақы құқық қорғау қызметіндегі бұрынғы лауазымының арнаулы атағы мен сыныптық шеніне және айлықақысына тең көзделген болса, тең дәрежелі лауазым болып есептеледі. 
      3. Құқық қорғау қызметінің лауазымы, егер оған құқық қорғау қызметіндегі бұрынғы лауазымының арнаулы атағына немесе сыныптық шеніне қарағанда неғұрлым төмен шекті арнаулы атақ немесе сыныптық шен көзделген болса, ал арнаулы атақтары немесе сыныптық шені бірдей болғанда, құқық қорғау қызметінің лауазымы бойынша неғұрлым төмен айлықақы көзделген жағдайда, ол төмен тұрған лауазым болып есептеледі.    

  33-бап. Қызмет бабында жоғарылату     

1. Қызметкерлерді қызмет  бабында жоғарылату, кадр резервінде  тұрған қызметкерлер арасынан олардың кәсіптік, iскерлiк және жеке қасиеттерi, денсаулық жағдайы ескерiле отырып жүргiзiледi. 
      2. Кадр резервіне қойылған басшы құрамдағы адамдардың кәсiби даярлығын жетiлдiру жөнiндегi жұмыс құқық қорғау органының басшысы айқындайтын тәртiппен жүзеге асырылады.    

  33-1-бап. Құқық қорғау органдары басшылығының 
                президенттік резерві      

 Құқық қорғау органдары  басшылығының президенттік резерві  құқық қорғау органдарының жоғары  тұрған бос басшылық лауазымдарына орналастыру үшін қызметкерлерді сапалы іріктеу мақсатында қалыптастырылады. 
      Құқық қорғау органдары басшылығының Президенттік резервін қалыптастыру тәртібін және оның лауазымдар тізбесін Қазақстан Республикасының Президенті айқындайды. 
      Ескерту. 5-тарау 33-1-баппен толықтырылды - ҚР 21.05.2013 № 93-V (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңымен.    

  34-бап. Кадр резерві      

1. Құқық қорғау органының  кадр құрамын қалыптастыру, лауазымдардың  жасақталуын қамтамасыз ету мақсатында  құқық қорғау органында кадр резерві жасалады. 
      2. Құқық қорғау органының кадр резерві кейіннен жоғары тұрған бос лауазымдарға орналастыру үшін жасалады. 
      3. Кадр резерві аттестаттау нәтижесі бойынша басшы лауазымдарға немесе ауқымды жұмыстарға жоғарылатуға ұсынылған қызметкерлерден, сондай-ақ қызметтік міндеттерін атқару кезінде не арнайы тапсырмаларды орындау кезінде ұйымдастырушылық қабілетін танытқан адамдардан қалыптастырылады. 
      4. Бос басшы лауазымға құқық қорғау органының кадр резервінде тұрған адам құқық қорғау органы басшысының немесе уәкiлеттi басшының шешімі бойынша орналастырылады. Кадр резервінде тұрған қызметкерлер ұсынылған лауазымнан бас тартқан кезде, бос лауазымға аттестаттау нәтижесі бойынша немесе кадрларды іріктеу арқылы басқа қызметкер орналастырылады. 
      5. Кадр резервін қалыптастыру және онымен жұмыс жүргізуді ұйымдастыру жауапкершілігі құқық қорғау органының басшысына немесе уәкiлеттi басшыға және кадр бөлімшесіне жүктеледі. Құқық қорғау органдарында кадр резервін кадрлардың сапалық құрамы және тиісті лауазымдарға орналастыру қажеттігі ескеріле отырып қалыптастырылады. 
      6. Кадр резервіне қоюды құқық қорғау органының басшысы немесе уәкiлеттi басшы жүзеге асырады. 
      7. Қызметкерге сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылық үшін тәртіптік жазалау шарасы қолданылған жағдайларда, ол кадр резервінен шығарылады. Қызметкер өзін кадр резервінен шығару туралы шешіммен келіспеген жағдайда, ол бұл шешімге жоғары тұрған лауазымды адамдарға және (немесе) сотқа шағымдануға құқылы. 
      8. Қызметкердің кадр резервінде тұру мерзімі үш жылдан аспауға тиіс. Кадр резервіне қойылып, бірақ кадр резервінде болған кезеңде олар үшін жоспарланған лауазымға тағайындалмаған адамдар, кадр резервіне жалпы негіздерде жаңадан қойылуы мүмкін. 
      9. Құқық қорғау органының кадр бөлімшелері кадр резервіне қойылған қызметкерлердің тізімін жүргізеді. 
      10. Кадр резервін қалыптастыру тәртібін құқық қорғау органының басшысы айқындайды. 
      Ескерту. 34-бапқа өзгеріс енгізілді - ҚР 21.05.2013 № 93-V (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңымен.    

  35-бап. Кадр резервін қалыптастыру міндеттері     

 Кадр резервін қалыптастыру  және онымен жұмыс істеу міндеттері: 
      1) қызметкерлерді қызмет бабында жоғарылатуды жоспарлау тетігін реттеу; 
      2) басшы кадрларды даярлаудың тиімділігін арттыру; 
      3) басшы құрам лауазымдарына неғұрлым білікті қызметкерлерді орналастыру; 
      4) басшы кадрларды нығайту және тұрақтандыру, олардың сабақтастығын қамтамасыз ету; 
      5) құқық қорғау органдарында кадр мәселелерін шешуде демократиялық негіздерді күшейту болып табылады.    

  36-бап. Құқық қорғау органдарының кадр құрамын 
               қалыптастырудың басым бағыттары     

1. Құқық қорғау органында  кадр құрамын қалыптастыру: 
      1) қызметкерлердің кәсіптік білім-білігі мен дағдыларын жетілдіру; 
      2) құқық қорғау қызметі лауазымына қызметкерлерді олардың кәсіби даярлығының деңгейін, кәсіби қызметте сіңірген еңбегін және іскерлік қасиеттерін ескере отырып тағайындау; 
      3) құқық қорғау қызметін өткерудің және арнаулы атақтар немесе сыныптық шендер берудің кезектілігі негізінде қамтамасыз етіледі. 
      2. Құқық қорғау қызметінің кадр құрамын қалыптастырудың басым бағыттары: 
      1) құқық қорғау қызметі лауазымдарының барлық санаттары үшін кадрларды жоспарлы негізде даярлау, біліктілігін арттыру және қайта даярлау; 
      2) қызметкерлердің кәсіби және лауазымдық өсуі үшін жағдайлар жасау; 
      3) аттестаттау өткізу арқылы қызметкерлердің кәсіби қызметінің нәтижелерін бағалау болып табылады. 
      3. Қызметкерлердің кәсіптік білім-білігі мен дағдыларын жетілдіру мақсатында қызметкерлердің құқық қорғау органдарындағы қызметін өткеру орны бойынша кәсіби қызметтік және дене шынықтыру дайындықтары ұйымдастырылады. Кәсіби қызметтік және дене шынықтыру дайындықтарын ұйымдастырудың мазмұны мен тәртібі құқық қорғау органдарының нормативтік құқықтық актілерінде белгіленеді. 
      4. Кәсіптік қайта даярлау, біліктілікті арттыру қызметкерлердің қосымша кәсіптік білімі болып табылады. Қосымша кәсіптік білім алу қызметкерлердің лауазымдық міндеттерін үзіліспен, ішінара үзіліспен немесе үзіліссіз атқару түрінде жүргізілуі мүмкін. Қызметкердің басқа тең жағдайларда қосымша кәсіптік білім алуы қызметкерді кадр резервіне қоюға немесе оның құқық қорғау қызметі лауазымын жалғастыруына басым негіз болып табылады. 
      5. Қызметкерлерді кәсіптік қайта даярлау және біліктілігін арттыру құқық қорғау органдарының білім беру ұйымдары мен ғылыми мекемелерінде, құқық қорғау органының қызметкерлерді қайта даярлау және біліктіліктерін арттыру жөніндегі мамандандырылған мекемелерінде, сондай-ақ басқа да білім беру ұйымдары мен мекемелерінде жүзеге асырылады. 
      6. Қызметкер Қазақстан Республикасы аумағынан тыс жерлерде қосымша кәсіптік білім ала алады.    

  37-бап. Кадр резервіне қою үшін үміткерлерді іріктеу     

1. Кадр резервіне қою  үшін үміткерлерді іріктеу қызметкерлердің жеке басының және іскерлік қасиеттерін, олардың қызметінің нәтижелерін зерделеу және бағалау, сондай-ақ аттестаттау комиссиясының шешімі негізінде жүргізіледі. 
      2. Кадр резервіне қою үшін үміткерлерді іріктеу кезінде: 
      1) болжанған лауазымға орналастыру көзделген мамандықтар бойынша қызметкердің білімінің сәйкестігі; 
      2) болжанған қызмет түрі бойынша тиісті кәсіптік даярлығының және жұмыс тәжірибесінің болуы; 
      3) тиісті басшылар санаттарының қызметін регламенттейтін нормативтік құқықтық актілерді білуі; 
      4) денсаулық жағдайы; 
      5) кәсіптік қайта даярлау мен біліктілігін арттырудың қорытындысы ескеріледі. 
      3. Егер ұсыну басқа мекенге қызмет атқаруға ауыстыруды қарастырса, онда қызметкердің және оның отбасы мүшелерінің ол жерде денсаулық жағдайы бойынша тұра алу мүмкіндігі ескеріледі. 
      4. Кадр резервіне қоюға үміткерлерді іріктеуді кадр бөлімшелері жүзеге асырады және кадр резервіне қойылғандардың тізімін құқық қорғау органының басшысы немесе уәкiлеттi басшы бекітеді. Тиісті лауазымға ұсыну үшін кадр резервіне қойылған қызметкерлердің саны екі адамнан кем болмауы керек. 
      Ескерту. 37-бапқа өзгеріс енгізілді - ҚР 21.05.2013 № 93-V (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңымен.    

  38-бап. Қызметкерді лауазымдық міндеттерін атқарудан 
               уақытша шеттету     

1. Қызметкерді лауазымдық  міндеттерін атқарудан мынадай  жағдайларда: 
      1) Қазақстан Республикасының қылмыстық процессуалдық заңнамасында белгiленген тәртiппен – қылмыстық процесті жүргізуші орган ақшалай қаражатты сақтамай, мұндай шараның қажеттігі болмағанға дейін; 
      2) қызметтік тергеу жүргізілген жағдайда – құқық қорғау органының басшысы немесе уәкiлеттi басшы жауапкершілік туралы мәселе шешілгенге дейін, бірақ ақшалай қаражатты сақтай отырып, бір айдан аспайтын мерзімге уақытша шеттетуі мүмкін. 
      2. Қызметкерді қызметтік міндеттерін атқарудан уақытша шеттету туралы құқық қорғау органы басшысының немесе уәкiлеттi басшының бұйрығы шығарылады. 
      3. Іс ақталмайтын негіздер бойынша қысқартылған немесе айыптау үкімі заңды күшіне енген жағдайда қызметкер осы Заңда белгіленген тәртіппен жұмыстан шығарылады. 
      4. Қылмыстық іс ақталатын негіздер бойынша қысқартылған, ақтау үкімі заңды күшіне енген жағдайда қызметкердің лауазымы, арнаулы немесе әскери атағы, сыныптық шені қалпына келтіріледі. 
      Адамның қызметін (лауазымын және атағын) қалпына келтіру, егер ол адам ақтау үкімі күшіне енген не қылмыстық істі ақталатын негіздер бойынша қысқарту туралы қаулы шығарылған сәттен бастап үш ай iшiнде өтiнiш жасаса, ол сол күннен бастап бiр ай мерзiмнен кешiктiрiлмей жүргізіледі. 
      5. Қылмыс жасағаны үшiн сотталуына байланысты құқық қорғау органдарынан шығарылған, ал кейiннен ақталған және тиiсiнше лауазымы мен арнаулы атағы немесе сыныптық шені қалпына келтірілген қызметкерлерге қызметте амалсыздан болмаған уақыты үшiн Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртiппен ақшалай үлесі өтеледi. 
      Ескерту. 38-бапқа өзгеріс енгізілді - ҚР 21.05.2013 № 93-V (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңымен.    

Информация о работе Осы Заңның қолданысқа енгізілу тәртібін 85-б. қараңыз