Автор работы: Пользователь скрыл имя, 28 Октября 2013 в 19:19, курсовая работа
Курстық жұмыстың мақсаты. Бұлтартпау шараларының бірі - кепілдің мақсатын, міндетін, талдау құралдарының теориялық және әдістемелік ережесін анықтап, азаматтық құқықтағы мазмұны мен мүдделі міндеттерін ашу үшін әдебиет көздерін зерттеу арқылы оның қызметінің теориялық және проблематикалық жақтарын ашу.
Курстық жұмыстың міндеті:
кепіл институтының пайда болуын және қолданылуын қарастыру:
бұлтартпау шараларының қалыптасу мен даму тарихын зерттеу;
қамауға алумен байланысты емес бұлтартпау шараларына сипаттама
КІРІСПЕ...................................................................................................................3
І КЕПІЛ – БҰЛТАРТПАУ ШАРАСЫ РЕТІНДЕ
1.1 Кепіл институтының пайда болуы және қолданылуы...................................5
1.2 Бұлтартпау шараларының қалыптасу мен даму тарихы...............................8
1.3 Кепіл мен жеке кепілдік бұлтартпау шарасы ретінде.....................................................................................................................9
1.4 Қамауға алумен байланысты емес бұлтартпау шарасы..............................11
ІІ БҰЛТАРТПАУ ШАРАЛАРЫ
2.1 Бұлтартпау шараларын қолдану үшін негіздер............................................14
2.2 Бұлтартпау шараларын қолдану тәртібі........................................................15
2.3 Кепіл және қамауға алу...................................................................................17
2.4 Бұлтартпау шарасын тоқтату немесе өзгерту...............................................21
ҚОРЫТЫНДЫ.......................................................................................................22
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ.....................................................23
Бұлтартпау шарасының жүйесі, яғни зандар жинағында көрініс тапқан, оған келесі шаралар кіреді: түрмеде ұстау және полиция қарауында болу, үйде қамауда ұстау, полицияның қадағалауы, қолда ұстауға беру.
Белгілі бір бұлтартпау шарасын таңдауда тағылған айыптың ауырлығы, дәлелдеменің күші және айыпталушының атағы, яғни айыпталушының қандай тапқа жататындығы ескерілді.
Осы кезеңнің негізгі бұлтартпау шараларының бірі - қамауда ұстау. Занда аталып өтсе де полициялық қадағалау қолданылмады. Үйде қамау бойынша айыпталушының үйінде полиция қызметкері немесе жандарм бо-луы керек, яғни бұл жиі қолданылды. Осы кезеңде қамауға алумен байланысты емес бұлтартпау шараларының ішінде бұрынғыша кепілдеме немесе айыпталушыны қолда ұстауға беру болды. Қолда ұстауға беру материалдық жауаптылықпен байланысты болмады, бірақ та кепіл берушілер, яғни «профессионалдар» пайда болды, олар өз кезегінде кепілдемемен күндерін көрді.
Қылмыстық процестегі маңызды өзгеріс 1860 жылғы сот реформасының пайда болуымен байланысты, мұнда сот тергеушілері институты енгізілді. Алтыншы кезең. Осы кезенді зерттей келе ең алдымен 1864 жылы қылмыстық сот өндірісінің Жарғысына тоқталу керек, онда сот билігін атқару билігінен бөліп қарастырған.
Бұлтартпау шарасының жүйесі 1864 жылы қылмыстық сот өндірісі Жарғысының қабылдауымен қатар қамауға алумен байланысты емес ықтияр хатын тартып алу және кепілдік деген 2 бұлтартпау шарасымен толықты-рылды. 1864 жылы қылмыстық сот өндірісі жарғысына сәйкес, бұлтартпау шарасының жүйесі төмендегідей:
ықтияр хатын алып қою немесе тұратын орнынан кетпеу және тергеуге келу туралы қолхатты міндеттеу, полицияның ерекше қадағалауына беру, кепілге алу, үйде қамауда ұстау.
1917 жылы Қазан төңкерісінен кейін Ресей қылмыстық процесі түбірімен өзгерді. Кеңестік мемлекеттердің және кеңестік процестің тарихы басталды. [9, 75 б. ]
Енді 1917 жылы мен 2002 жылы аралығындағы кезенде қылмыстық процестің дамуының негізгі сатыларын қарастырсақ. Сонымен қатар осы кезендегі қамауға алумен байланысты емес бұлтартпау шаралары институтының дамуын зерттеп қарастырып көрейік.
Бірінші кезең 1917-1922 жылдараралығы: Кеңестік заңнамада бұлтартпау шарасының толық тізімі алғашқы рет 1919 жылы 30 қыркүйекте Республикалық революциялық әскери кеңестің №1595 бұйрығының 78-бабы «Әскери тергеушілер туралы» ережеде бекітілген: тергеушіге келу туралы және қызмет орнынан немесе тұратын жерінен кетпеу жөніндегі жазбаша міндеттеме, кепілдік ұсыну, бөлім бастығының қадағалауына беру.
1.3 Кепіл мен жеке кепілдік бұлтартпау шарасы ретінде
Кепіл мен жеке кепілдік бұлтартпау шарасын таңдау барысында қол-данылады. Кепіл қатаң бұлтартпау шарасы ретінде саналады, ол өз кезегінде қамауға алумен байланысты емес бұлтартпау шарасы болып табылған. Тұрмысы төмендер кепілді де, жеке кепілдікті де қалталары көтермейтін еді. Кепіл беруші ретінде айыпталушының өзі және басқа адам бола алды. Кепілдік және кепілдіктің сомасын әрбір іс бойынша тергеуші анықтайтын еді. Кепілдікке қарағанда кепіл ретінде ақшалай қаражаттар қабылданып қана қоймай, сонымен қатар қозғалатын мүліктер қолданылды. Кепілдің сомасы зардап шеккен адамның келтірілген залалынан төмен болмауы керек болды. [10, 156 б.]
Жеке кепілдік пен кепіл қылмыстық сот өндірісінде азаматтық-құқықтық шарттың бір түрі ретінде емес, жария мүліктік міндеттеме ретінде түседі. Кепілдік пен кепілді 2 мағынада, яғни тек бұлтартпау шарасы ретінде ғана емес, сонымен қатар жәбірленушіге келтірілген жазаны өтеу түрі ретінде қолданылады. Үйде қамауда ұстау аз қолданылды. Ол қатты ауруларға, бала емізетін аналарға және жоғары лауазымды тұлғаларға, түрмеде орынның жеткіліксіздігіне байланысты адамдарға қатысты қолданылды. Үйде қамауда ұстаудың тәртібі занда белгіленбеді.
Екінші кезең 1922-1924 жылдар аралығы: Жалпы одақтық сайлау комитеті үшінші сессиясында 1922 жылы 25 мамырда РСФСР ҚІЖК-сі қабылданды. Қамауда ұстау бұлтартпау шарасынан бөлек қарастырып оны ҚІЖК VIII тарауы анықтаудың ішіне қосты, өйткені қамауда ұстау міндеті анықтау органына тиісті болып табылады. 1922 жылы РСФСР ҚІЖК келесі бұлтартпау шаралары болған: ешқайда кетпеу жөнінде қолхат, жеке және мүліктік кепіл, кепілдік, үйде қамауда ұстау, қамауға алу.
Үшінші кезең 1924-1958 жылдар аралығы: 1924 жылы 16 қазан айындағы Жалпыодақтық сайлау комитеті ХІ-ші шақырылымы 2 сессиясының қаулысы бойынша РСФСР Қылмыстық іс жүргізу кодексінеөзгертулер мен толықтырулар енгізілді. Ол бойынша анықтау органына қылмысты жасады деп сезіктенушімен сұрақ-жауаптан кейін кез келген бұлтартпау шарасын таңдауға құқылы болды. Анықтау органдары бұлтартпау шарасын таңдағаны туралы тергеушіге хабарлауы қажет. Тергеуші кез келген уақытта анықтау органына бұлтартпау шарасын өзгертуге немесе жоюды ұсынуға құқылы. 1924 жылы 31 қазаңда СССР Ор-талық Комитетінің қаулысымен КСРО және одақтас республикалардың қылмыстық сот өндірісінің негізі бекітілді.
Төртінші кезең 1958-1960 жылдар: бұлтартпау шарасының жүйесі 1958 жылы желтоқсан айында одақтас рөспубликалардың және КСРО қылмыстық сот өндірісінің негізі қабылдануымен үлкен өзгеріске кенелді. 1958 жылы қылмыстық сот өндірісінің негізі келесі бұлтартпау шараларын көздеді; ешқайда кетпеу туралы қолхат, жеке кепілдік немесе қоғамдық ұйымдардың кепілдігі, қамауға алу.
1958 жылы қылмыстық сот өндірісі негізінің 33-бабы бұлтартпау шарасы болып, басқа одақтық республикалардың заңнамасымен көзделген бұлтарт-пау шаралары бола алады.
Бесінші кезең 1960-2002 жылдар: 1960 жылы ҚазССР ҚІЖК 89-бабына сәйкес келесі бұлтартпау шарасының тізімін ұсынады: ешқайда кетпеу туралы қолхат, жеке кепілдік немесе қоғамдық бірлестіктердің кепілдігі, қамауға алу, кепілдік, әскери қызметкерлер үшін әскери бөлімнің командованиясының қарауына беру, кәмелетке толмағаңдарды қадағалауға беру. [11, 44-46 б.]
Жалпы кепіл мен жеке кепілдіктің айырмашылығы мынада: кепілде бұлтартпау шарасы ретінде кепілді қолдану туралы қылмыстық іс жүргізуші органның шешімі шыққаннан соң, кепіл берушімен анықталған мүліктік кепілдік сомасы ұсынылады, сәйкесінше кепіл беруші бұл заттарды өз қолданысынан шығарады, ал айыпталушы қылмыстық процессті жүргізуші органның шақыруы бойынша келмесе,онда ол мемлекет кірісіне айналады, ал жеке кепілдікте айыпталушының өзін дұрыс ұстамаған жағдайда,тек белгілі ақшалай айып салынады. Яғни, жеке кепілдікті қолдану туралы шешім шыққаннан соң, кепілдік берушілерге ешқандай шектеу қойылмайды.
Жеке кепілдік келесі белгілермен сипатталады: 1) Жеке кепілдікті қолдану туралы шешім ҚР ҚІЖК нормаларына сәйкес қылмыстық істі қарау және тергеу барысында қылмыстық іс жүргізуші органмен қабылданады; 2) сезіктінің, айыпталушының, сотталушының қылмыстық процессті жүргізуші органның шақыруы бойынша келуін және өзін дұрыс ұстауын қамтамасыз ететін әрекеттерін реттейді; 3) берілген құқықтық қатынастарының қатысушысы болып қылмыстық процессті жүргізуші орган мен айыпталушыдан басқа жеке тұлғалар - құқықтар мен міндеттер кешеніне ие кепілдік берушілер болады; 4) қылмыстық процессті жүргізуші органға кепілдік берушімен берілетін кепілі мүліктік міндеттемеге ие; 5) кепілдік заты тек айыпталушының берілген міндеттерін бұзғандығы туралы фактінің жағдайында ұсынылады. [12, 310 б.]
Сезіктіге, айыпталушыға бұлтартпау шарасы ретінде жеке кепілдікті қолдануда оның өзін дұрыс ұстаудың басты кепілі болып кепілдік берушінің жеке қасиеттері табылады. БуряковА.Д.-ның пікірі бойынша, кепілдік беруші болып, «кәмелетке толған, сонымен қатар, сезікті немесе айыпталушының өзін дұрыс ұстамаған жағдайда заңмен көзделген жауаптылығын өтеуге қабілетті адам» құқылы.
1.4 Қамауға алумен байланысты емес бұлтартпау шарасы
Қамауға алумен байланысты емес бұлтартпау шарасына тоқталсақ, яғни бұл осы зерттеудің пәні болып табылады, Л.Трунованың көзқарасына қосыла отырып, 1960 жылы қылмыстық іс жүргізу заңына сәйкес қамауға алумен байланысты емес бұлтартпау шараларын 3 топқа бөлуге болады:
1. Фактілі түрде азаматтық
2. Психологиялық жағынан әсер ететін бұлтартпау шаралары. Аталған шара айыпталушыға материалдық жігер береді, мысалға оған мүліктік кепіл жатады.
3. Моральдық тұрғыдан әрекет ететін бұлтартпау шаралары: мүліктік емес жеке кепілдеме, коғамдық кепілдік, кәмелетке толмағандарды ата-анасының, қорғаншы мен қамқоршысының қарамағына беру. [13, 81-82 б.]
Бірінші топтың бұлтартпау шаралары азаматтың жеке бостандығына тікелей әсер етеді, әсіресе қызмет орны орналасқан қаласын, облысын, мемлекет аумағын тастап кетуге тыйым салады, яғни оның құқықтарын бұзады.
Мүліктік бұлтартпау шаралары айыпталушыға материалдық стимул ретіңде әсер етеді. Айыпталушы бағалы заттардан, ақшадан бас тарта алмайды немесе айыпталушыға кепіл берген немесе кепілдік болған адамдарға қолайсыз жағдай келтіре алмайды.
Үшінші топтың бұлтартпау шараларын қолданудағы қауіп моральдық тұрғыдан, яғни айыпталушы құқыққа қайшы әрекет жасамай, өзін тиісінше ұстауы және өз әрекетіне жауап бере алуы керек. Қоғамдық кепілдіктер немесе ата-анасының қадағалауы айыпталушыға қатысты сенімге негізделген.
Айыпталушы айына кемінде екі рет тұрғылықты орны бойынша милиция органына келіп белгі жасап кетуге міндетті. Айыпталушы оның мінез-құлқын қадағалауды жүзеге асыру барысында милиция органына шақырылуы мүмкін. Сонымен қамауға алумен байланысты емес бұлтартпау шаралары ешқайда кетпеу туралы қолхат немесе тиісінше мінез-құлыққа қарағанда қатаң, бірақ үйге қамауға қарағанда қатаң емес.
Алтыншы кезең 2001-2003 жылдар: 1960 жылы РСФСР ҚІЖК-сі 42 жыл қолданыста болды. Көптеген өзгерістер, жаңа заңдардың қабылдануы, оның ішінде қылмыстық қарым-қатынастарды реттейтін заңдар өз кезегінде жаңа қылмыстық іс жүргізу заңынын, қабылдануын талап етті.
Бұлтартпау шарасы - анықтау органымен, тергеушілермен, тергеу бөлімінің бастығымен, прокурормен, судьямен қабылданатын айыпталушыға немесе сезіктенушіге белгілі бір психологиялық әсер ететін немесе оның жеке бостандығын анықтаудан, алдын ала тергеуден немесе соттан жалтарту мүмкіндігін айыпталушыдан немесе сезіктенушіден айыру мақсатында қылмыстық әрекетпен айналысуға немесе іс бойынша ақиқатты орнатуға кедергі келтіретін, сонымен қатар үкімнің орындалуын қамтамасыз етуді шектейтін қылмыстық процессуалдық мәжбүрлеу шарасы болып табылады.
Ата Заңымыздың 16-бабына сәйкес, әркімнің өзінің жеке басы ныңбостандығын қорғауға құқығы бар, азаматты тек соттың немесе прокурордың санкциясымен тұтқындауға болады, сондай-ақ қамаудағы адамға сотқа шағымдану құқығы беріледі. Прокурордың санкциясынсыз жетпіс екі сағаттан артық мерзімге кудіктіні тұтқында ұстауға болмайды. Осы қағидаға сәйкес жеке адамның бас бостандығы епілдігіерекше қорғауға алынған. [14, 51-55 б.]
Қамау бір айдан алты айға дейінгі мерзімге белгіленеді. Қоғамдық жұмы-старғатарту, түзеу жұмыстары немесе айыппұл салу қамаумен ауыстырылған жағдайдаолкеміндебірай мерзімгета-ғайындапуы мүмкін (46-бап 2-бөлігі).
Қамау туралы үкім шығару он алты жасқа
толмаған жасөспірімдерге, сон-дай-ақжүкті
әйелдер мен кәмелеткетол-
Қылмыстық заң бойынша көпе-көрінеу заңсыз ұстау, қамауға алу немесе тұтқында ұстау қылмыс болып табылады.
Қылмыстық кодекстің 346-бабында екі бірдей қылмыс: көрінеу заңсыз ұстау және көрінеу заңсыз қамауға алу немесе қамауда ұстау үшін жауаптылық белгіленген. Бұл әрекеттердің қоғамға қауіптілігі сонда — Конституцияда көзделген әркімнің жеке басының бостандығын (16-баптың 1-тармағы) өрес-кел аяққа басады. Азаматты ұстау, камауға алу немесе қамаудаұстау тек қана заңға негізделіп жүзеге асырылуы тиіс.
Қылмыстың субъектісі — адамды ұстауға, қамауға алуға, тұтқыңда ұста-уға құзыреті бар адамдар. Олар—прокурор, тергеуші, анықтама жүргізуші адам, сондай-ақбосатылуғажататын адамды одан әрі тұтқыннан босатпаған тұтқын орнының бастығы. ҚК-тің 346-бабының 3-тармағында заңсыз ұстау, қамауға алу немесе түтқында ұстап, ауыр зардаптарға (қамалған адамның ауыр науқасқа душар болуы, өлуі неме-се өзін-езі өлтіруі, т.с.с.) әкеліп соққа-ны үшінжауаптылық белгіленген. [15, 28 б.]
Қылмыстық іс жүргізу заңының тараптарына сәйкес (150-бап) қамауғаапу және үйде қамап ұстау бұлтартпау ша-ралары заң бойынша екі жылдан артық мерзімге бас бостандығынан айыру түріңдегі жаза кдпданылатын қасақана қылмыс жасағаңдарға немесе заң бой-ынша үш жылдан артық мерзімге бас бостандығынан айыру түріңдегі жаза белгіленген абайсызда қылмыс жасаған сезіктіге, айыптапушыға қолданылады.
Бас бостандығынан айыру жазасы көрсетілген қылмысты жасағандарға сол сияқты он төрттен он сегіз жас аралығында онша ауыр емес қылмыс, ал он төрттен он алтыға дейінгі аралығында орташа ауырлықтағы қылмыстытуңғыш рет жасаған адамдарға заң бойынша айтылған бұлтартпау шараларын қолдануға болмайды.
ІІ БҰЛТАРТПАУ ШАРАЛАРЫ
2.1 Бұлтартпау шараларын қолдану үшін негіздер