Кепіл-бұлтартпау шарасы ретінде

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 28 Октября 2013 в 19:19, курсовая работа

Краткое описание

Курстық жұмыстың мақсаты. Бұлтартпау шараларының бірі - кепілдің мақсатын, міндетін, талдау құралдарының теориялық және әдістемелік ережесін анықтап, азаматтық құқықтағы мазмұны мен мүдделі міндеттерін ашу үшін әдебиет көздерін зерттеу арқылы оның қызметінің теориялық және проблематикалық жақтарын ашу.
Курстық жұмыстың міндеті:
кепіл институтының пайда болуын және қолданылуын қарастыру:
бұлтартпау шараларының қалыптасу мен даму тарихын зерттеу;
қамауға алумен байланысты емес бұлтартпау шараларына сипаттама

Содержание

КІРІСПЕ...................................................................................................................3

І КЕПІЛ – БҰЛТАРТПАУ ШАРАСЫ РЕТІНДЕ
1.1 Кепіл институтының пайда болуы және қолданылуы...................................5
1.2 Бұлтартпау шараларының қалыптасу мен даму тарихы...............................8
1.3 Кепіл мен жеке кепілдік бұлтартпау шарасы ретінде.....................................................................................................................9
1.4 Қамауға алумен байланысты емес бұлтартпау шарасы..............................11

ІІ БҰЛТАРТПАУ ШАРАЛАРЫ
2.1 Бұлтартпау шараларын қолдану үшін негіздер............................................14
2.2 Бұлтартпау шараларын қолдану тәртібі........................................................15
2.3 Кепіл және қамауға алу...................................................................................17
2.4 Бұлтартпау шарасын тоқтату немесе өзгерту...............................................21

ҚОРЫТЫНДЫ.......................................................................................................22
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ.....................................................23

Прикрепленные файлы: 1 файл

Кепил - бултартпау шаралары.doc

— 206.50 Кб (Скачать документ)

 

ЖОСПАР

 

 

КІРІСПЕ...................................................................................................................3

 

І КЕПІЛ – БҰЛТАРТПАУ ШАРАСЫ РЕТІНДЕ

1.1 Кепіл институтының  пайда болуы және қолданылуы...................................5

1.2 Бұлтартпау  шараларының қалыптасу мен даму тарихы...............................8

1.3 Кепіл мен жеке кепілдік бұлтартпау шарасы ретінде.....................................................................................................................9

1.4  Қамауға алумен байланысты емес бұлтартпау шарасы..............................11

 

ІІ БҰЛТАРТПАУ ШАРАЛАРЫ

2.1 Бұлтартпау шараларын қолдану  үшін негіздер............................................14

2.2 Бұлтартпау шараларын  қолдану тәртібі........................................................15

2.3 Кепіл және қамауға алу...................................................................................17

2.4 Бұлтартпау шарасын  тоқтату немесе өзгерту...............................................21

 

ҚОРЫТЫНДЫ.......................................................................................................22

ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ.....................................................23

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

КІРІСПЕ

 

1995 жылғы Конституция Қазақстан Республикасын жаңа саяси және экономикалық жүйенің қалыптасуына негізделген  демократиялық, зайырлы, құқықтық және әлеуметтiк мемлекет ретiнде танытты. Халықаралық-құқықтық актілердің басымдылығын қабылдап, заң жүзінде ҚР Конституциясы елдің ең қымбат қазынасы ретінде - адам және адамның өмiрi, құқықтары мен бостандықтары екенін бекітті.

Қазақстан Республикасының  Конституциясында көзделген құқықтық мемелекекттің демократиялық ойлары мен қағидалары өз көрінісін және болашақ дамуын 1998 жылы 1 қаңтарда күшіне енген, жеке институттар, терминдер мен дефинициялар енгізген, қылмыстық іс жүргізудің алдыңғы концепциясын толығымен өзгерткен Қазақстан Республикасының Қылмыстық іс жүргізу кодексінен тапты.

Жаңа заңнама қылмыстық  іс жүргізудің көптеген теориялық және тәжірибелік мәселелерін шешті. Регрессивтік саясаттан бас тарту, қоғамның демократизацилануы мен гуманизациялануының кеңеюі, жаңа әлеуметтік-экономикалық қатынастардың пайда болуы көптеген құқықтық институттардың қайта қаралуын талап етеді. Әсіресе бұл  қылмыстық іс жүргізушілік қатынастарға ие азаматтардың құқықтары мен мүдделерін толығымен қозғайтын нормаларға байланысты.                 

Зерттеу курстық жұмысының  өзектілігі. Қылмыстық сот өндірісі қылмыстық процесске қатысушы кейбір тұлғалардың құқықтары мен бостандықтарын шектеуден толығымен бас тарта алмайды. Оған қоса, Қазақстан Республикасы Конституциясының 39 бабына сәйкес, «адамның және азаматтың құқықтары мен бостандықтары конституциялық құрылысты қорғау, қоғамдық тәртiптi, адамның құқықтары мен бостандықтарын, халықтың денсаулығы мен имандылығын сақтау мақсатына қажеттi шамада ғана және тек заңмен шектелуi мүмкiн».[1, 12 б.]

Бұл орайда маңызды көңіл бөлуге қылмыстық іс жүргізудегі бұлтартпау шаралары ие. Бір жағынан, бұл шаралар қылмыстылықпен күрестегі қылмыстық ізге түсу органдарының қызметінің максималды эффективтілігін қамтамасыз етуі қажет. Екінші жағынан, қылмыстық сот өндірісіне қатысты тұлғалардың ҚР Конституциясында бекітілген құқықтары мен бостандықтарын қорғау үшін тиімді жағдай жасау. Қазіргі уақытта іске айыпталушы ретінде қатыстырылып отырған тұлғалардың құқықтары мен бостандықтарын мейлінше аз шектеу үшін тиімді бұлтартпау шараларын іздеу қажет.

 Қазақстан Республикасындағы  құқықтық реформаның концепциясы  қылмыстық сот өндірісінде халықаралық-құқықтық талаптарға жауап беретін және нарықтық қатынастарға барынша сай мүліктік сипаттағы шаралардың кең қолданылуына бағытталыған.               

 Курстық жұмыстың мақсаты. Бұлтартпау шараларының бірі - кепілдің мақсатын, міндетін, талдау құралдарының теориялық және әдістемелік ережесін анықтап, азаматтық құқықтағы мазмұны мен мүдделі міндеттерін ашу үшін әдебиет көздерін зерттеу арқылы оның қызметінің теориялық және проблематикалық жақтарын ашу.               

Курстық жұмыстың міндеті:

  • кепіл институтының пайда болуын және қолданылуын қарастыру:
  • бұлтартпау  шараларының қалыптасу мен даму тарихын зерттеу;
  • қамауға алумен байланысты емес бұлтартпау шараларына сипаттама

беру:

  • жалпы бұлтартпау шараларын қарастыру, олардың ішінде: бұлтартпау

шараларын қолдану үшін негіздерді, оларды қолданудың тәртібін және тоқтату мен өзгерту негіздеріне тоқталу.  

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

І КЕПІЛ – БҰЛТАРТПАУ ШАРАСЫ РЕТІНДЕ

1.1 Кепіл  институтының пайда болуы және  қолданылуы

Қазақстан Республикасындағы қылмыстық сот өндірісі әрбір адам Адамдар құқығының Жалпы декларациясымен мәлімденген барлық құқықтар мен бостандықтарға ие болуы қажет деген жағдайды қамтитын халықаралық құқық нормалары мен қағидаларынан шыға отырып, Қазақстан Республикасының Конституция, конституциялық заңдар, ҚР Қылмыстық іс жүргізу кодексі негізінде жүзеге асырылады.

 Қылмыстық  сот өндірісін жүзеге асыру  барысында процессуалдық құқық  нормаларын бұзатын тұлғаларға  қатысты заңмен мәжбүрлеуді қолдану  рұқсат етіледі. Айыпталушыға,сезіктіге,сотталушыға қатысты мәжбүрлеуді қамтитын тәсілдер жүйесінен қылмыстық іс жүргізулік бұлтартпау шаралары  институты бөліп шығарылады.

Отандық процессуалдық ғылымда айыпталушының өзін дұрыс ұстауын және келуін материалдық тұрғыдан қаматамасыз ету жолымен бұлтартпау шараларының жүйесін өзгерту туралы бірнеше мәрте сұрақ көтерілді. Қылмыстық іс жүргізу заңнамасына кепіл түріндегі бұлтартпау шарасын енгізу туралы ұсыныстар айтылған.

Қазақстан Республикасының  қылмыстық іс жүргізу заңнамасында мүліктік кепілдік түріндегі бұлтартпау шарасын қайта жаңғырту мүмкіндігі де қарастырылды. Бұл шара айыпталушының міндеттемелерін үшінші тұлғаның өз мүлкін кепілдікке беру жолымен қамтамасыз етуіне кепілдік береді. [ 2, 5-12 б.]

Қазақстан Республикасының  Қылмыстық іс жүргізу кодексінің қабылдануымен және бұлтартпау шарасы ретінде кепілдің енгізілуімен отандық процессуалисттердің алдында берілген бұлтартпау шарасын қолдану бойынша ұсыныстарды жетілдірумен байланысты сұрақтар туды. Өкінішке орай, бұлтартпау шарасын таңдау  бойынша қазіргі түсіндірулер мен түсініктемелер толығымен оның мәні мен маңызын аша алмайды.

Егеменді еліміздің  өткен тарыхында қазақ қоғамында  кепілге зат, дүние – мүлік, ақша т.б. беру болды ма, әлде бұл ұғым тек қазіргі нарықтық экономиканың даму ыңғайына қарай қалыптасып, қажет болып отырма деген ой туады.

Қазақ қоғамындағы  кепіл қатынастарының болғандығын  зерттеуші ғалымдардың еңбектерінен көреміз,яғни кепілге салынған зат  ұрланған жағдайда кепіл алушы өзінің адалдығына ант бермесе, онда аманатты өтеуге тиіс болады. Ал егер кепілге берілген зат ұқыпсыздықтың салдарынан жанып кетсе, оны төлетеді. Кепілге берілген мал ауырып, өлсе ол туралы кепіл берушіге уақытында хабарланса, онда малдың құны өтелмейді. Қазақ әдет-заңдарындағы қолданылған кепіл түрлері мен оны орындау міндеткерлігі XIX ғасырда азаматтық құқық теориясына сәйкес жетілдіріліп отырды және кепілдің екі түрі болғандығы, яғни жылжитын және жылжымайтын мүлік түрлері деп бөлінгенмен олардың арасында айқын бөлінген айырмашылықтың болмауы, қазақ қоғамында кепіл институтының азаматтық қатынаста кең көлемде дамымағандығын, дегенмен азаматтық қатынасты реттеуде қолданғандығын көреміз.

Кепіл институты Кеңес  дәуірінде де азаматтық құқықта  біршама қолданылған. 1922 жылғы РСФСР-дің  Азаматтық Кодексінде кепіл институты біршама реттеліп, заттық құқық ретінде қаралды. Ал Қазақ ССР-інің 1964 жылғы Азаматтық Кодексінде кепіл міндеттемелердің орындалуын қамтамасыз ету тарауына енгізілді. Ол туралы Қазақ ССР-інің Азаматтық Кодексінде «залог бойынша кредитор (залог ұстаушы) залогпен қамтамасыз етілген міндеттемені борышқор орындамаған ретте аласысын залогтағы мүліктің құнынан басқа кредитордан артықшылығын пайдалана отырып өндіріп алуға праволы», - деп көрсетеді [3, 86 б]. Азаматтық Кодексте азаматтардың арасындағы азаматтық қатынастарды реттеуде кепіл салу тұрғын үйді сатып алу-сату шартын қамтамасыз ету үшін ғана рұқсат етілген. Осы Кодекстің 188 бабында кепіл талаптың өндірілетін кездегі мөлшерін, проценттерін, орындауды мерзімінен кешіктіргендіктен келтірілген шығынның есесін, тұрақсыздық төлемін (айыппұл, өсімді), сондай-ақ өндіріп алу жөніндегі шығындарды өтеуді қамтамасыз етілуі туралы айтылған. Жалпы Кеңес дәуірінде кепілге салынатын заттың түрі шектеліп, кепілзаттың негізгі түрі ломбардқа тапсырылды.

Тараптардың келісімімен  белгіленген баға бойынша ломбардқа  қабылдаған қымбат бағалы металдардан  жасалған бұйымдарды мемлекеттік нарық  бойынша мүлік құнының толық  сомасы мөлшерінде сақтандыруға міндетті болғанымен,  салынған мүлікті кепіл  ұстаушыға пайдалануға құқық берілген жоқ. Тек кепілмен қамтамасыз етілген міндеттемені борышқор орындамаған ретте кредитордың талабы соттың, арбитраждың немесе аралық соттың шешімі бойынша кепілге салынған мүліктің құнынан өтелді. Ал салынған мүлікті сатқаннан өндіріп алынған сома кепіл ұстаушының талаптарын өтеуге жеткіліксіз болса, заңда немесе шартта басқаша көрсетілмеген күнде кепіл ұстаушы жетпейтін соманы борышқордың басқа мүлкінен өндіріп алуға құқылы болды, яғни кепіл ұстаушы қайткен күнде де өз мүддесін қорғауға құқылы екендігі біршама айқындала түсті. Оған дәлел Қазақ ССР-дің Азаматтық кодексінің 191 бабында «Ломбардқа мүлікті залогқа салу арқылы қамтамасыз етілген ссуда мерзімінде төленбесе ломбард бұл мүлікті жеңілдік ретінде берілетін бір ай мерзім өткеннен кейін нақты құны  бойынша, бірақ қабылдап аларда белгіленген, мөлшерден кем болмайтын бағамен  мемлекеттік немесе кооперативтік ұйымдарға сатады», - деп көрсетеді [4, 88 б].  Кеңес дәуірінде кепіл түрлері де және кепіл ұстаушының құқықтары да шектеулі болғандығын көреміз. Бұл кезеңді зерттеуші ғалымдардың пікірінше «в условиях социалистического общества вообще нет почвы для широкого применения залога», - деп көрсетеді.

Кепіл институтының кеңінен қолданылуы қоғамдағы экономикалық өзгеріске, атап айтқанда нарықтық қатынасқа байланысты 80- жылдардың аяғы- 90 жылдардың басында кеңінен қолдану қажеттігі байқалды. Оған себеп, елде кәсіпкерліктің дамуы және оларға несие беру болды. Кепіл әрине өзінен өзі болмайды, ол несие берушінің талаптарының қанағаттандырылуын қамтамасыз ету үшін қажет  болып есептеледі. Кепілмен қамтамасыз етілген міндеттеме бойынша несие берушіде екі талап болады: біреуі – қамтамасыз етілетін міндеттеме бойынша  борышкерге талап , екіншісі – кепіл нысаны болып табылатын мүліктің кепіл берушісіне талап. Егер кепілге өткізілетін мүлікті сатқаннан түскен ақша толық қанағаттандыруға жетпесе, онда несие беруші, жалпы ереже бойынша, кепілге өткізілген мүліктің құны жаппаған бөлікті  борышкердің орындауын, оның ішінде өндіртіп алуды борышкердің барлық мүлкіне аудару есебінен орындауын талап етуге құқылы болып табылады. Міне осыдан келіп, кепіл немесе кепілдік құқық деп несие берушінің міндеттеме бойынша өз талаптарын борышкердің немесе заттық кепіл болу үшін белгілі бір затының не өзге мүлкінің құндылығы есебінен қанағаттандырудағы айырықша құқығы танылады. Кепіл институтының қарқынды дамуы Қазақстн Республиксында кепіл қатынастарын тікелей немесе жанама реттейтін бір қатар заң актілерінің қабылдануына әкелді. Солардың алғашқыларының бірі 1991 жылдың 23 желтоқсанынында Қазақстан Республикасының «Кепіл туралы» Заңы [5, 127 б.] 1992 жыл 1 наурызда қолданысқа енген болатын. Бұл заңда кепіл ұғымына түсінік бере отырып, оның пайда болу негізі, кепілге салынатын мүлік, кепіл қатынасына байланысты субъектілердің құқықтары мен міндеттері т.б. жағы қарастырылған, яғни бұл заңның Кеңестік дәуірдегі Азаматтық Кодекстен өзгешелігі кепіл пәнін жүзеге асыруға біршама еркіндік беріп, жеке тарау ретінде қарастырады. Бірақ бұл заң 1995 жылы 1 наурызда Азаматтық Кодекстің (жалпы бөлімі) күшіне енуге байланысты өз күшін жойды. Ал, Азаматтық Кодекстің кепіл қатынастарына байланысты жалпы ережелерінде: кепіл ұғымы, кепілдің мәні, пайда болу негіздері, түрлері, кепіл арқылы қамтамасыз етілетін талаптар, кепілді тоқтату жағдайлары кеңінен қарастырылған. Кепіл қатынастарын реттеуді жетілдіре түскен нормативті актілердің бірі 1995 жылы 23 желтоқсанда қабылданған Қазақстан Республикасы Президентінің «Жылжымайтын мүлік ипотекасы туралы» [6, 75 б.] заң күші бар жарлығын және оны 1995 жылы 23 желтоқсанда қабылдаған «Жылжымайтын мүлікке құқықтарды және онымен жасалатын мәмілелерді мемлекеттік тіркеу туралы» Жарлығы [7, 30-33 б.] және 1998 жылғы 30 маусымдағы «Жылжитын мүлік кепілін тіркеу туралы» заңы болып табылды. Кепілдің нысаны болып табылатын мүліктің түріне байланысты жерді пайдалану құқығы, кепілі, бағалы қағаздар кепілі, вексельдер кепілі, валюталық құндылықтар кепілін құқықтық реттеу ерекшеліктері туралы көптеген арнайы нормативті актілер қабылданып Қазақстан Республикасында кепілдік құқықтың рөлі артып отырғандығын көреміз.

Азаматтық құқық  теориясында күрделі мәселенің  бірі кепілдің құқықтық табиғатын айқындауда ғалымдардың пікірлері әлі де таласты. Зерттеуші ғалымдардың  бір тобы оны заттық құқыққа жатқызса, енді бірі міндеткерлікке жатқызады. Ал негізінде осы кепіл өзінде заттық құқық сияқты міндеткерлік құқықтық сипатты да қамтитындығын көреміз. Бұл кепілдің қосарлы табиғатын көрсетеді. Осыған байланысты кепіл болмысы кепіл берушінің басқа несие беруші алдында кепілге салынған мүліктің құнынан кепіл ұстаушының талаптарының басым қанағаттандырылуын қолдап, кепіл ұстаушының басым құқын шартты болуы тиіс. Несие  берушінің мүдделерін кепілмен тиімді қамтамасыз етуге теріс ықпал жасайтын жағдайларға жол бермей заңнама деңгейінде кепіл нысанының ерекшелігін ескере отырып, құқықтар кепілін неғұрлым жетілдіру қажеттігі туындайды. Қазіргі күні кепілдің кең тараған түрі ипотекаға байланысты қарастыратын болсақ, ол жылжымайтын мүлік түрлері – жер учаскелері, өндіріс, тұрғын үй, пәтерлермен қатар жылжымалы айналыстағы тауарларға да беріледі. Ипотекалық несие үкіметтің бағдарламасына сәйкес халықты тұрғын үймен қамтамасыз ету үшін маңызы зор. Кепіл туралы Қазақстан Республикасының  Азаматтық Кодексінің 299 – 327 баптары аралығында біршама айтылған.

 

1.2 Бұлтартпау  шараларының қалыптасу мен даму тарихы

Қазақстанның бұлтартпау шарасының тарихы Ресейдің бұлтартпау шарасы тарихымен тығыз байланысты. Ресейдің бұлтартпау шарасы институты ұзақ тарихи жол кешті.

Мысалы, И.Фойницкий қылмыстық  сот өндірісінің дамуын келесі кезендерге бөледі:

І кезең ІХ-ХІ ғасырлар, ІІ кезен, ХІ-ХІІ ғасырлар, III кезең ХІІІ-ХIV ғасырлар, IV кезең XVI- XVIII ғасырлар, V кезең XVIII- XIX ғасырлар, VI кезең 1864-1917 жылдар.                        

Аталған кезеңдерді жақсы түсіну үшін, оларды ашып қарастыру қажет. I және II кезеңдер. IX-XII ғ. құқық қайнар көздеріңде бұлтартпау шарасы институты мүлдем болмаған. 

Үшінші кезең XIII ғасыр  басынан бастап бұлтартпау шараларының пайда болуын көруге болады. ХІП-ХІV ғ. бастап әрбір рулық қауым өзінің мүшесіне жауап берді. Соңцықтан да бұлтартпау шарасы ретінде алдымен қауымның кепілдігі қолданылды.

Төртінші кезең. Алайда осы уақытта, яғни ІІІ-І V кезеңдерде бұлтартпау шараларының белгілі бір жүйесі не оны қолданудың белгілі бір анықталған нұсқаулығы болмады. Осы кезеңде қамауға алумен байланысты емес бұлтартпау шараларының ішінен тек кепілдік орын алды.

Бесінші кезең. 1832 жылы заңдар жинағының күшіне енуімен байланысты мұнда бұлтартпау шарасын қылмыстық процестің институты ретінде айтуға болады. [8, 212 б. ]

Информация о работе Кепіл-бұлтартпау шарасы ретінде