Салық және өзге де төлемдер саласындағы қылмыстар үшін жауаптылық

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 22 Ноября 2012 в 18:07, научная работа

Краткое описание

Даму Банкiнiң қызметiн құқықтық реттеу
1. Қазақстанның Даму Банкi туралы заңдар Қазақстан Республикасының Конституциясына негiзделедi, осы Заңнан және өзге де нормативтiк құқықтық актiлерден тұрады.
2. Қазақстан Республикасының акционерлiк қоғамдар қызметiн, банк қызметiн және өзге де лицензияланатын қызмет түрлерiн реттейтiн заңдары Даму Банкiне осы Заңда және "Ұлттық әл-ауқат қоры туралы" Қазақстан Республикасының Заңында реттелмейтiн бөлiгiнде қолданылады.
3. Даму Банкiнiң инвестициялық басымдықтары, заем қаражатын тартуға сандық шектеулерi, кредит беруiнiң, меншiктi капиталды орналастыруының, бiрлесiп қаржыландыруының, кепiлдiктер беруiнiң, сенiм бiлдiрiлген өкiлдiң (агенттiң) функциясын орындауының лимиттерi, бағыттары, ықтимал шарттары, тәртiбi мен мерзiмдерi ұлттық басқарушы холдинг бекiтетiн Даму Банкiнiң Кредит саясаты туралы меморандумында (бұдан әрi - Меморандум) белгiленедi.

Прикрепленные файлы: 1 файл

Документ Microsoft Office Word (3).docx

— 26.05 Кб (Скачать документ)

       18) Меморандумға сәйкес келетiн мақсаттарда бағалы қағаздар нарығындағы қаржы консультанты мен андеррайтер қызметiн;

       19) мезониндiк қаржыландыру берудi жүзеге асырады.

 

Даму Банкiнiң банк сараптамасын жүргiзуi

 

      1. Даму Банкi осы Заңның 4-бабы 1-тармағының 3) тармақшасында көрсетiлген жобалардың банк сараптамасын жүзеге асырады.

       2. Даму  Банкiнiң инвестициялық жобаны сараптаудың нәтижелерi жөнiндегi қорытындысы жобаның тиiмдiлiгi, заемшының кредит қабiлеттiлiгi мен төлем қабiлеттiлiгi, заемды қайтарудың қамтамасыз етiлуi туралы, қаржыландырудың нысаны мен шарттары туралы, сондай-ақ инвестициялық жобаны қайтарымды негiзде қаржыландырудың қисындылығы туралы қорытындыларды қамтуға тиiс.

       3. Мемлекеттiк  бюджет қаражаты немесе мемлекет  кепiлдiк берген заем есебiнен  қайтарымды негiзде қаржыландыруға ұсынылатын инвестициялық жобаны қарау, банк сараптамасының нәтижелерi бойынша Даму Банкiнiң оң қорытындысы болған жағдайда, Қазақстан Республикасының заңдарында белгiленген тәртiппен жүзеге асырылады.

       4. Даму  Банкiнiң инвестициялық жобаларға сараптама жүргiзуi Меморандумда белгiленген шектеулердi ескере отырып, шарт негiзiнде жүзеге асырылады.

      Ескерту. 8-бапқа  өзгерiс енгiзiлдi - ҚР 2003.06.11 N 434 Заңымен.

 

Даму Банкiнiң республикалық және жергiлiктi

               бюджеттерден заемдар тартуы  және пайдалануы 

 

      1. Даму Банкiнiң республикалық және жергiлiктi бюджеттерден заемдар алуы тек қана ақылы, мерзiмдiлiк және қайтарымдылық негiзде жүзеге асырылады.

       2. Даму  Банкiнiң республикалық және жергiлiктi бюджеттерден алатын заемдарды беру, пайдалану және қайтару тәртiбi мен шарттары Қазақстан Республикасының заңдарында айқындалады.

       3. Республикалық  және жергiлiктi бюджеттерден тартылатын заемдарды Даму Банкi Меморандумға сәйкес өзi дербес iрiктеу жүргiзетiн жобаларға кредит беру үшiн пайдаланады.

 

Даму Банкiнiң сенiм бiлдiрiлген өкiл (агент)

                функцияларын орындауы 

 

      1. Даму Банкi жасаған шарттарына сәйкес осы Заңның 4-бабы 1-тармағының 2) тармақшасында көрсетiлген инвестициялық жобалар бойынша сенiм бiлдiрiлген өкiлдiң (агенттiң) функцияларын орындайды.

       2. Даму  Банкi сенiм бiлдiрiлген өкiл (агент) болып табылатын инвестициялық жобаларды республикалық және жергiлiктi бюджеттердiң қаражаты есебiнен қаржыландыру Қазақстан Республикасының бюджет заңнамасына және жасалған шарттарға сәйкес жүзеге асырылады.

       3. Инвестициялық  жобаны iске асыру аяқталғаннан немесе мерзiмiнен бұрын тоқтатылғаннан кейiн Даму Банкi қаражаттың қалдықтарын тиiстi бюджеттерге қайтарады.

       4. Даму  Банкi Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес жобаларды қаржыландыру үшiн тартылатын, мемлекеттiк кепiлдiктермен немесе мемлекеттiң кепiлгерлiгiмен қамтамасыз етiлген қарыздар бойынша сенiм бiлдiрiлген өкiлдiң (агенттiң) функцияларын орындайды.

 

Даму Банкi қызмет көрсететiн инвестициялық

                жобаларды iске асыру мониторингi

 

      1. Даму Банкi сенiм бiлдiрiлген өкiл (агент)  ретiнде өзi қызмет көрсететiн  инвестициялық жобаларға қатысты шарт негiзiнде:

       1) жобаларды  iске асыруды қаржыландыру графиктерiнiң

       2) заемшылардың  қаржылық жай-күйiнiң

       3) iске  асырылатын жобалар бойынша жұмыстар, көрсетiлген қызметтер көлемiнiң  нақты орындалуының мониторингiн жүзеге асыра алады.

       2. Даму  Банкi жыл сайын шарт негiзiнде,  нәтижелердiң жобалық техникалық-экономикалық көрсеткiштерге сәйкестiгiн бағалай отырып, сенiм бiлдiрiлген өкiл (агент) ретiнде өзi қызмет көрсететiн инвестициялық жобалардың iске асырылуына және қаржыландырылуына талдау жасайды және мемлекеттiк жоспарлау жөнiндегi уәкiлеттi органға тиiстi қорытынды бередi.

Даму Банкiнiң қарыздар беруi

 

      1. Даму Банкi қаржыландыруды Меморандумда айқындалған шарттарда, тәртiппен және мерзiмдерде жүргiзедi.

       Берiлетiн кредиттер бойынша сыйақы ставкасының шамасы қарыз берудiң орташа құнын және Даму Банкiнiң операциялық шығыстарын ескере отырып есептеледi.

       Даму  Банкi органдарының қаржыландыру туралы шешiмдердi қабылдау жөнiндегi құзыретi Меморандумда және Даму Банкiнiң жарғысында айқындалады.

       2. Даму  Банкi қаржыландыратын инвестициялық  жобалар мен операцияларды, сондай-ақ  Даму Банкi беретiн кредит құралдарын iске асыру бойынша тәуекелдер  Меморандумның талаптарына сәйкес  жабылуға, оның iшiнде болашақта келiп  түсетiн мүлiктiк кепiлдi, Қазақстан  Республикасының шегiнен тысқары жердегi мүлiктi, тиiстi мүлiкке талап құқықтарын (мүлiктiк құқықтарды) қоса алғанда, Даму Банкiнiң директорлар кеңесi айқындайтын шарттарда және тәртiппен кепiлмен, кепiлдiкпен және мiндеттемелердiң орындалуын қамтамасыз етудiң Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген басқа тәсiлдерiмен, сақтандырумен және басқалармен қамтамасыз етiлуге тиiс.

       Мiндеттемелердiң орындалуын қамтамасыз етудi ұсыну бөлiгiндегi осы тармақтың талабы жарғылық капиталдарындағы қатысу үлестерiнiң жүз проценттiк үлесiн (барлық акцияларын) Даму Банкi иеленетiн ұйымдарға Даму Банкiнiң қарыз беруi, мезониндiк қаржыландыру, банкаралық кредит беру жағдайларына қолданылмайды.

       3. Ұлттық  басқарушы холдингтiң тобына кiретiн  және тiзбесiн акционерлердiң жалпы  жиналысы бекiтетiн инвестициялық  жобаларды iске асыратын заңды тұлғаларға кредит берудiң және олардың мiндеттемелерiнiң орындалуын қамтамасыз етудi ұсынуының шарттары мен тәртiбi Меморандумға сәйкес айқындалады.

       Ұлттық  басқарушы холдингтiң тобына кiретiн  заңды тұлғаларға кредит берудiң және олардың мiндеттемелерiнiң орындалуын қамтамасыз етудi ұсынуының шарттарын айқындау кезiнде Қазақстан Республикасының банк заңнамасында белгiленген, банкпен ерекше қатынастар арқылы байланысты тұлғаларға жеңiлдiк шарттарын беруге тыйым салу және көрсетiлген тұлғалармен мәмiлелердi жүзеге асыру тәртiбi қолданылмайды.

       4. Даму  Банкiнiң лизингтiк қызметтi жүзеге асыруы туралы, жарғылық капиталдарына Даму Банкi қатысатын ұйымдарға кредит беру, олардың мiндеттемелерi бойынша кепiлдiктер мен кепiлгерлiктердi беруi туралы шешiмдердi Даму Банкiнiң директорлар кеңесi Меморандумға сәйкес бекiтедi.

Даму Банкiнiң заемдарды тартуы

 

      1. Даму Банкi қарыз алуды заемның қайтарылуын өз активтерiмен қамтамасыз ете отырып немесе Қазақстан Республикасының мемлекеттiк кепiлдiктерiмен жүзеге асырады.

 

       1-1. Даму  Банкi шығарған борыштық бағалы қағаздар ол Қазақстан Республикасының бағалы қағаздар рыногы туралы заңдарына сәйкес қаржы агентi мәртебесiн алған кезден бастап агенттiк облигациялар болып табылады. 

       2. Алынып  тасталды - ҚР 2006.07.07 N 178 Заңымен.

       3. Даму  Банкi Қазақстан Республикасының  заңдарына сәйкес бағалы қағаздарды және Даму Банкiнiң басқа да борыштық мiндеттемелерiн орналастыруға, өтеуге және олар бойынша сыйақылар төлеуге байланысты бүкiл қызметтi немесе оның бiр бөлiгiн агенттерге сенiп тапсыруға құқылы.

 

Даму Банкiнiң заңды тұлғалардың жарғылық

                капиталына қатысуы 

 

      1. Даму Банкi Меморандумға және Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес:

       1) Даму  Банкi бұрын кепiлге ресiмдеген  заңды тұлғалардың қатысу үлесiнен немесе акцияларынан оларды одан әрi өткiзу мақсатында өндiрiп алған;

       2) бағалы  қағаздар рыногының кәсiби қатысушылары (қор биржасы, орталық депозитарий)  құрған заңды тұлғалардың жарғылық капиталына қатысқан;

       3) акционерлердiң  жалпы жиналысының шешiмi бойынша  лизинг ұстаушы ұйымдардың және  өзге де заңды тұлғалардың жарғылық капиталдарына қатысқан;

       4) инвестициялық  жобаларды қаржыландыру шеңберiнде  заңды тұлғалардың жарғылық капиталдарына, сондай-ақ мезониндiк қаржыландыру кезiнде қарыз алушылардың жарғылық капиталдарына қатысқан жағдайларда заңды тұлғалардың жарғылық капиталдарына қатысады.

       2. Жарғылық  капиталына Даму Банкi жүз процент қатысатын ұйымдардың басқару органдарында тәуелсiз директорлардың болу қажеттiгiн Даму Банкi дербес айқындауға құқылы.

 

Даму Банкiнiң қызметiн шектеу

 

      Даму Банкiнiң:

       1) жеке  тұлғаларға, кредиттiк серiктестiктерге, мемлекеттiк емес зейнетақы қорларына,  зейнетақы активтерiн инвестициялық  басқаруды жүзеге асыратын ұйымдарға,  инвестициялық қорларға, сақтандыру  ұйымдарына кредиттер, сондай-ақ  олардың мiндеттемелерi бойынша  банктiк кепiлдiктер, кепiлгерлiктер  және ақшалай нысанда орындалуы көзделетiн өзге де мiндеттемелер беруiне;

       2) жеке  тұлғалардың депозиттерiн тартуына және жеке тұлғаларға банк шоттарын ашуына;

       3) осы Заңда көзделген жағдайларды қоспағанда, қайтарылуын қамтамасыз етпей қарыздар беруiне;

       4) жеке  тұлғаларға есептiк-кассалық қызмет көрсетудi жүзеге асыруына;

       5) бұрын  тартылған қарыздар бойынша мерзiмi өткен (бiр жылдан артық) мiндеттемелерi болған кезде қосымша сыртқы және iшкi қарыз алуды жүзеге асыруына тыйым салынады.

 

ДАМУ БАНКIНIҢ КАПИТАЛЫ

 

      

Даму Банкiнiң жарғылық капиталы

 

      1. Даму Банкiнiң жарғылық капиталы кемiнде отыз миллиард теңгенi құрайды.

       2. Алынып  тасталды - ҚР 2006.07.07 N 178 Заңымен.

       3. Даму  Банкiнiң жарғылық капиталын қалыптастыру тәртiбi мен мерзiмдерi оның құрылтай құжаттарында айқындалады.

       4. Даму  Банкiнiң жарғылық капиталы, Меморандумға  сәйкес экспорттық операцияларға  кредит беруден басқа, кредит  беру мақсатына жiберiлмейдi және  Меморандумға сәйкес айқындалатын  қаржы құралдарының iшкi және сыртқы  рыноктарында, оның iшiнде осы Заңның 14-бабы 1-тармағының 2) және 3) тармақшаларына сәйкес акцияларды сатып алу үшiн инвестицияланады.

 

Даму Банкiнiң провизиялар (резервтер)

                қалыптастыруы 

 

      Даму Банкiнiң сыныпталған активтер және шартты мiндеттемелер бойынша провизиялар (резервтер) қалыптастыруы қаржы рыногы мен қаржылық ұйымдарды реттеу және қадағалау жөнiндегi уәкiлеттi мемлекеттiк органның нормативтiк құқықтық актiлерiне сәйкес жүргiзiледi.

 

Дивидендтiк саясат

 

      Даму Банкiнiң дивидендтiк саясатын акционерлердiң жалпы жиналысы айқындайды.

ДАМУ БАНКIНIҢ ЕСЕБI, ЕСЕПТIЛIГI ЖӘНЕ ТӘУЕЛСIЗ АУДИТI

 

Даму Банкiнiң есеп саясаты

 

      1. Даму Банкiнiң есеп саясатын Даму Банкiнiң директорлар кеңесi бекiтедi.

       2. Даму  Банкi бухгалтерлiк есеп жүргiзу  мен қаржылық есептiлiктi жасауды  Қазақстан Республикасының бухгалтерлiк  есеп және қаржылық есептiлiк  туралы заңнамасына сәйкес жүзеге  асырады. .

 

Есептiлiк

 

      Даму Банкi:

       1) ай  сайын бюджеттi атқару жөнiндегi уәкiлеттi органға - республикалық бюджет ақшасының шығыстары туралы;

       2) ай  сайын облыстардың (республикалық  маңызы бар қаланың, астананың)  жергiлiктi атқарушы органдарына  - жергiлiктi бюджеттер ақшасының шығыстары туралы;

       3) ай  сайын бюджеттiк жоспарлау жөнiндегi уәкiлеттi органға - Даму Банкiне республикалық бюджеттен, тиiстi облыстардың (республикалық маңызы бар қаланың, астананың) жергiлiктi атқарушы органдарына - жергiлiктi бюджеттерден бөлiнген заем қаражаттарының игерiлуi туралы есептiлiктi табыс етедi.

Даму Банкiнiң аудитi

 

      1. Даму Банкi қызметiнiң аудитiн (сыртқы аудитiн) акционерлердiң жалпы жиналысы белгiлейтiн тәртiппен таңдап алынған аудиторлық ұйым жыл сайын жүзеге асырады.

       2. Алынып  тасталды - ҚР 2009.02.13 N 135-IV (қолданысқа енгiзiлу тәртiбiн 3-баптан қараңыз) Заңымен.

       3. Даму  Банкiнiң жылдық қаржылық есептiлiгi аудит аяқталғаннан кейiн акционерлердiң жалпы жиналысында қаралып, бекiтiледi.

ДАМУ БАНКIН БАСҚАРУ

 

 

 

Даму Банкiнiң органдары

 

      1. Даму Банкiнiң органдары мыналар:

       1) жоғары  органы - акционерлердiң жалпы жиналысы;

       2) басқару  органы - директорлар кеңесi;

       3) атқарушы  органы - басқарма;

       4) Қазақстан  Республикасының заңнамасына және  Даму Банкiнiң жарғысына сәйкес өзге де органдар.

       2. Даму  Банкi органдарының функциялары,  өкiлеттiктерi мен қызмет тәртiбi  осы Заңда, Қазақстан Республикасының өзге де нормативтiк құқықтық актiлерiнде және Даму Банкiнiң жарғысында белгiленедi.

 

Директорлар кеңесi

 

      1. Директорлар  кеңесiнiң төрағасын қоса алғанда, директорлар кеңесiнiң мүшелерi қаржы нарығы мен қаржылық ұйымдарды реттеу мен қадағалау жөнiндегi уәкiлеттi мемлекеттiк органның келiсiмiнсiз сайланады.

       2. Директорлар  кеңесiн сайлау тәртiбi мен оның өкiлеттiгi Қазақстан Республикасының заңнамасына және Даму Банкiнiң жарғысына сәйкес айқындалады.

 

Басқарма 

 

      1. Басқарма  алқалы орган болып табылады және Даму Банкiнiң ағымдағы қызметiне басшылықты жүзеге асырады.

       Басқарма  төрағасы мен мүшелерi қаржы нарығы мен қаржылық ұйымдарды реттеу мен қадағалау жөнiндегi уәкiлеттi мемлекеттiк органның келiсiмiнсiз сайланады.

       Басқармаға басқарма төрағасы басшылық етедi.

       Басқарма  Қазақстан Республикасының Заңдарында және Даму Банкiнiң жарғысында Даму Банкiнiң басқа органдар мен лауазымды адамдарының құзыретiне жатқызылмаған қызметтiң кез келген мәселелерi бойынша шешiмдер қабылдауға құқылы.

 

       2. Басқарманы  сайлау тәртiбi Қазақстан Республикасының заңнамасына және Даму Банкiнiң жарғысына сәйкес айқындалады.

 

 

Даму Банкiн мемлекеттiк баж төлеуден босату

 

 

. Даму Банкiнiң жауапкершiлiгi және дауларды

                шешу тәртiбi

 

      1. Даму Банкi өзiнiң мiндеттемелерiн орындамағаны үшiн Қазақстан Республикасының заңдарында белгiленген негiздер бойынша және тәртiпте жауапты болады.

       2. Даму  Банкiнiң, облыстардың (республикалық  маңызы бар қаланың, астананың)  жергiлiктi атқарушы органдарының, мемлекеттiк  органдардың, заңды тұлғалардың  арасында осы Заңды орындау жөнiнде туындаған барлық даулар Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес шешiледi.

       3. Осы Заңның бұзылуына кiнәлi тұлғалар Қазақстан Республикасының заң актiлерiне сәйкес жауапты болады.

 

Информация о работе Салық және өзге де төлемдер саласындағы қылмыстар үшін жауаптылық