Автор работы: Пользователь скрыл имя, 22 Ноября 2012 в 18:07, научная работа
Даму Банкiнiң қызметiн құқықтық реттеу
1. Қазақстанның Даму Банкi туралы заңдар Қазақстан Республикасының Конституциясына негiзделедi, осы Заңнан және өзге де нормативтiк құқықтық актiлерден тұрады.
2. Қазақстан Республикасының акционерлiк қоғамдар қызметiн, банк қызметiн және өзге де лицензияланатын қызмет түрлерiн реттейтiн заңдары Даму Банкiне осы Заңда және "Ұлттық әл-ауқат қоры туралы" Қазақстан Республикасының Заңында реттелмейтiн бөлiгiнде қолданылады.
3. Даму Банкiнiң инвестициялық басымдықтары, заем қаражатын тартуға сандық шектеулерi, кредит беруiнiң, меншiктi капиталды орналастыруының, бiрлесiп қаржыландыруының, кепiлдiктер беруiнiң, сенiм бiлдiрiлген өкiлдiң (агенттiң) функциясын орындауының лимиттерi, бағыттары, ықтимал шарттары, тәртiбi мен мерзiмдерi ұлттық басқарушы холдинг бекiтетiн Даму Банкiнiң Кредит саясаты туралы меморандумында (бұдан әрi - Меморандум) белгiленедi.