Автор работы: Пользователь скрыл имя, 22 Ноября 2012 в 18:07, научная работа
Даму Банкiнiң қызметiн құқықтық реттеу
1. Қазақстанның Даму Банкi туралы заңдар Қазақстан Республикасының Конституциясына негiзделедi, осы Заңнан және өзге де нормативтiк құқықтық актiлерден тұрады.
2. Қазақстан Республикасының акционерлiк қоғамдар қызметiн, банк қызметiн және өзге де лицензияланатын қызмет түрлерiн реттейтiн заңдары Даму Банкiне осы Заңда және "Ұлттық әл-ауқат қоры туралы" Қазақстан Республикасының Заңында реттелмейтiн бөлiгiнде қолданылады.
3. Даму Банкiнiң инвестициялық басымдықтары, заем қаражатын тартуға сандық шектеулерi, кредит беруiнiң, меншiктi капиталды орналастыруының, бiрлесiп қаржыландыруының, кепiлдiктер беруiнiң, сенiм бiлдiрiлген өкiлдiң (агенттiң) функциясын орындауының лимиттерi, бағыттары, ықтимал шарттары, тәртiбi мен мерзiмдерi ұлттық басқарушы холдинг бекiтетiн Даму Банкiнiң Кредит саясаты туралы меморандумында (бұдан әрi - Меморандум) белгiленедi.
Қазақстан Даму Банкі
Қазақстан даму банкі (ҚДБ) – мемлекеттік қаржы институты. Қазақстан Республикасының “Қазақстан даму банкі туралы” Заңына сәйкес мемлекеттің инвестициялық саясатын іске асыру мақсатымен 2001 жылы 25 сәуірде жабық акцион. қоғам ретінде құрылды. Банктің жарғылық капиталындағы мемлекеттің үлесі – 100%. Қазақстан Даму Банкінің құрылтайшысы – Үкімет (Қаржы министрлігі), жергілікті атқарушы органдар. Банктің жоғарғы органы – акционерлердің жалпы жиналысы, ол Қазақстан Республикасы Президентінің ұсынуымен директорлар кеңесінің мүшелерін сайлайды. Кеңес банктің қызметіне (жалпы жиналыстың ғана құзырына жататын мәселелерден басқасына) жалпы басшылық жасайды. Қазақстан Даму Банкі қызметінің мақсаты – мемлекеттік инвестициялық қызметті жетілдіріп, тиімділігін арттыру; өндірістік инфрақұрылым мен өңдеуші өнеркәсіпті дамыту, елдің экономикасына ішкі және сыртқы инвестициялар тартуға жәрдемдесу. Банктің міндеттері: инвестициялық жобаларды орта мерзімге (5 жылға және одан көпке), ұзақ мерзімге (10 жылға және одан көпке – 20 жылға дейін) несиелендіру; Қазақстан Республикасы аумағында өндірілетін өнім экспортын ынталандыру мақсатымен Қазақстан Республикасы резиденттерінің экспорттық операцияларын несиелендіру; басқа несие институттары беретін қарыздар мен несиелер бойынша кепілдік міндеттемелер беру, сондай-ақ бірлесіп қаржыландыру мақсатымен Қазақстан Республикасы экономикасының өндірістік секторының несиелендірілуін ынталандыру; Қазақстан Республикасы Үкіметі іске асыратын инвестициялық жобаларды қаржыландыру тетіктерін жетілдіру. Банктің өкілеттіктері: Банктің несие саясаты туралы меморандумға сәйкес қаржы жылына арналған несие саясатын айқындау. Банк өзінің өкілеттіктері мен міндеттерін орындау үшін мынадай операцияларды жүзеге асырады: заңды тұлғаларға несиелер мен кепілдіктер беру; кепілдікті мемл. қарыздар жөніндегі шарттарға сәйкес шартты салымның арнаулы есепшоттарын ашу; банктің қарыздарын, басқа да қарыздарды және респ. бюджет пен жергілікті бюджеттердің қаражатын есептеу үшін банк есепшоттарын ашу; Банк қарызгерлерінің ақша аудару жөніндегі тапсырмаларын орындау; Банк қарызгерлерінің, сондай-ақ, корреспондент-банктердің тапсыруымен олардың банктегі есепшоттары бойынша есеп айырысу; қарызгердің пайдасына төлем құжаттарын қабылдау; бағалы қағаздар шығару; меншікті мүлкін жалға беру; мемлекеттік бағалы қағаздармен, сондай-ақ банк заңдарында белгіленген реттерде өзге де бағалы қағаздармен дилерлік қызмет жүргізу.
Қазақстанның Даму Банкi туралы
1-бап. Қазақстанның Даму Банкi және оның мәртебесi
Даму Банкiнiң қызметiн құқықтық реттеу
1. Қазақстанның
Даму Банкi туралы заңдар Қазақстан
Республикасының
2. Қазақстан
Республикасының акционерлiк
3. Даму
Банкiнiң инвестициялық
Даму Банкiнiң мақсаттары мен мiндеттерi
1. Даму Банкi қызметiнiң мақсаттары мемлекеттiк инвестициялық қызметтi жетiлдiру және оның тиiмдiлiгiн арттыру, өндiрiстiк инфрақұрылым мен өңдеушi өнеркәсiптi дамыту, ел экономикасына сыртқы және iшкi инвестицияларды тартуға жәрдемдесу болып табылады.
2. Даму Банкiнiң мiндеттерi:
1) осы Заңның 7-бабында көзделген операцияларды (банктерге нысаналы кредиттердi, кредит желiлерiн қоса алғанда) жүзеге асыру арқылы жаңа өндiрiстердi құруға, бар өндiрiстердi кеңейту мен жаңартуға, оның iшiнде активтердi, акциялар пакеттерiн (қатысу үлестерiн), мүлiктiк кешендердi сатып алуға бағытталатын инвестицияларды көздейтiн жобаларды (бұдан әрi - инвестициялық жобаларды) орта мерзiмдi (бес жыл және одан артық мерзiмге) және ұзақ мерзiмдi (он жылдан жиырма жылға дейiнгi мерзiмге) негiзде қаржыландыру, сондай-ақ инвестициялық жобаларды дайындауды және iске асыруды қамтамасыз ету мақсатында аралық қаржыландыру (бұдан әрi - аралық қаржыландыру);
2) осы Заңның 7-бабында көзделген операцияларды (банктерге нысаналы кредиттердi, кредит желiлерiн қоса алғанда) жүзеге асыру арқылы Қазақстан Республикасының резиденттерi орындайтын жұмыстар мен қызметтердiң экспортын, сондай-ақ Қазақстан Республикасының аумағында шығарылатын өнiмдердiң экспортын ынталандыру мақсатында экспорттық операцияларды (бұдан әрi - экспорттық операциялар) қаржыландыру;
3) қарыз
алушының акцияларына немесе
капиталындағы қатысу
4) басқа да кредит институттары беретiн қарыздар бойынша кепiлдiк мiндеттемелер беру, сондай-ақ бiрлесiп қаржыландыру, Қазақстан Республикасының екiншi деңгейдегi банктерiне және резидент емес банктерiне (бұдан әрi - банкаралық кредит беру), лизинг берушi ұйымдарға, сондай-ақ банк операцияларының жекелеген түрлерiн жүзеге асыратын ұйымдарға кредиттер беру арқылы Қазақстан Республикасының экономикасына кредит берудi ынталандыру;
5) Қазақстан Республикасының Үкiметi iске асыратын инвестициялық жобаларды қаржыландырудың тетiктерiн жетiлдiру;
6) Қазақстан
Республикасының заңдарына
Даму Банкiнiң функциялары
1. Даму Банкiнiң функциялары:
1) Меморандумға сәйкес, республикалық және жергiлiктi инвестициялық жобаларды қоспағанда, инвестициялық жобалар мен экспорттық операцияларды iрiктеу және қаржыландыру, оның iшiнде бiрлесiп қаржыландыру;
2) қайтарымды негiзде қаржыландырылатын республикалық және жергiлiктi бюджеттiк инвестициялық жобаларға, сондай-ақ мемлекеттiк кепiлдiктермен және мемлекеттiң кепiлгерлiгiмен қамтамасыз етiлген қарыздар есебiнен қаржыландырылатын жобаларға қызмет көрсету жөнiндегi сенiм бiлдiрiлген өкiлдiң (агенттiң) функциясын орындау;
3) республикалық және жергiлiктi бюджеттiк инвестициялық жобалар ретiнде қайтарымды негiзде қаржыландыруға ұсынылатын жобаларға, сондай-ақ мемлекет кепiлдiк берген заемдар есебiнен қаржыландыруға ұсынылатын жобаларға банк сараптамасын жүргiзу;
4) Даму Банкi заемшыларының қаржылық жай-күйiнiң және Даму Банкi қызмет көрсететiн республикалық және жергiлiктi бюджеттiк инвестициялық жобаларды, сондай-ақ мемлекеттiк кепiлдiктермен және мемлекеттiң кепiлгерлiгiмен қамтамасыз етiлген қарыздар есебiнен қаржыландырылатын жобаларды iске асырудың мониторингi;
5) Даму Банкi заемшыларының мiндеттемелердi орындауын қамтамасыз ету жөнiнде шаралар қолдану;
6) мемлекет
кепiлдiк берген заемдарды
7) Қазақстан
Республикасы Үкiметiнiң
2. Қазақстан
Республикасының Үкiметi
Даму Банкiнiң өкiлеттiктерi
Даму Банкi:
1) Меморандумға сәйкес өзiнiң кредит саясатын анықтауға;
2) банк сараптамасының және заемшының кредит қабiлеттiлiгiн талдаудың нәтижелерi бойынша инвестициялық жобаны, экспорттық және лизингтiк операцияларды қайтарымдылық негiзiнде қаржыландырудың қисындылығын анықтауға;
3) банк сараптамасын жүзеге асыру үшiн сарапшылар мен консультанттар тартуға;
4) Меморандумда белгiленген шекте заем қаражатын, оның iшiнде республикалық және жергiлiктi бюджеттерден заем қаражатын тартуға;
4-1) заем қаражатын қоса алғанда, қаржы құралдарының iшкi және сыртқы рыноктарында Меморандумда белгiленген шектерде және тәртiппен бос қаражатты орналастыруға;
5) республикалық және жергiлiктi инвестициялық жобаларды қоспағанда, инвестициялық жобаларды iрiктеп алуды және Меморандумда белгiленген шектеулердi ескере отырып, бiрлесiп қаржыландыруды қоса алғанда, оларға кредит берудi жүзеге асыруға;
6) жиынтық көлемi Меморандумда белгiленетiн өз кепiлдiктерiн беруге;
7) отандық және шетелдiк банктердiң және басқа да қаржы институттарының қатысуымен қарыз алудың ұйымдастырушысы және қатысушысы болуға;
8) ұлттық
басқарушы холдингтiң тобына
Ескерту. 5-бапқа өзгерiс енгiзiлдi - ҚР 2003.06.11 N 434, 2009.02.13 N 135-IV (қолданысқа енгiзiлу тәртiбiн 3-баптан қараңыз) Заңдарымен.
Қазақстан Республикасы мемлекеттiк органдарының
Даму Банкiмен өзара қарым-
Қаржы рыногы мен қаржылық
ұйымдарды реттеу және қадағалау
жөнiндегi уәкiлеттi мемлекеттiк орган
мен Қазақстан Республикасының
Ұлттық Банкi Қазақстан Республикасының
заң актiлерiнде айқындалған
3. Мемлекеттiк
органдардың Даму Банкiмен
4. Қазақстан
Республикасының заң
ДАМУ БАНКIНIҢ ҚЫЗМЕТI
Даму Банкiнiң операциялары
Даму Банкi өз функцияларын орындау үшiн лицензиясыз ұлттық және шетелдiк валютамен мынадай банктiк және өзге де операцияларды: Z070214, K080099
1) қарыз
операцияларын: резидент
2) резидент және резидент емес заңды тұлғаларға және секьюритилендiру мәмiлелерi шеңберiнде шығарылатын облигациялар бойынша ақшалай нысанда орындалуы көзделетiн банктiк кепiлдiктер берудi;
3) резидент және резидент емес заңды тұлғалар үшiн ақшалай нысанда орындалуы көзделетiн банктiк кепiлгерлiктер мен өзге де мiндеттемелер берудi;
4) аккредитивтi ашу (қою) мен растауды және ол бойынша мiндеттемелердi орындауды;
5) банктердiң
және банк операцияларының
6) Даму Банкi қызмет көрсетiлетiн инвестициялық жобалар және операциялар шеңберiнде жасаған шарттарда көзделген төлемдердi және ақша аударымдарын жүзеге асыру, Даму Банкi алдындағы мiндеттемелердi орындау үшiн ақшаны резервке алу мақсатында Даму Банкi қарыз алушыларының банк шоттарын ашуды және жүргiзудi, оның iшiнде Даму Банкiнiң қарыздарын, басқа да қарыздар мен қаражаттарды, оған қоса республикалық және жергiлiктi бюджеттердiң қаражатын есепке жатқызу үшiн банк шоттарын ашуды және жүргiзудi;
7) шартты салымның арнаулы шоттарын, резервтiк шоттарды және қайтарымды негiзде қаржыландырылатын республикалық және жергiлiктi бюджеттiк инвестициялық жобаларға, сондай-ақ агенттiк қызмет көрсету (тапсырма) шарттарына және облигациялар ұстаушылардың мүдделерiн бiлдiру туралы шарттарға сәйкес мемлекеттiк кепiлдiктермен және мемлекеттiң кепiлгерлiгiмен берiлген қарыздар есебiнен қаржыландырылатын жобаларға қызмет көрсетуге байланысты басқа шоттарды ашуды және жүргiзудi;
8) резидент және (немесе) резидент емес заңды тұлғалардың Даму Банкi алдындағы мiндеттемелерiн қамтамасыз ету мақсатында депозиттер қабылдауды, қаражатты есепке жатқызу үшiн банк шоттарын ашуды және жүргiзудi;
9) Даму
Банкiнiң өтiмдiлiгiн
10) Даму
Банкiнiң қарыз алушыларын, корреспондент-банктердi,
банк операцияларының
11) аударым операцияларын: резидент және (немесе) резидент емес заңды тұлғалардың төлемдер және ақша аудару жөнiндегi тапсырмаларын орындауды;
12) төлем құжаттарын (вексельдердi қоспағанда) инкассоға қабылдауды;
13) Қазақстан
Республикасының заңнамасына
14) лизингтiк қызметтi;
15) эмиссиялық бағалы қағаздар шығаруды;
16) өз мүлкiн жалға берудi;
17) қолма-қол шетел валютасымен операцияларды қоспағанда, шетел валютасын айырбастау операцияларын;
Информация о работе Салық және өзге де төлемдер саласындағы қылмыстар үшін жауаптылық