Автор работы: Пользователь скрыл имя, 12 Декабря 2013 в 16:57, курсовая работа
Адамның және азаматтың құқықтары мен бостандықтары мемлекет арқылы қорғалады. Казақстан Республикасының Конституциясының II бөлімі осы мәселеге тікелей арналған. Конституцияның 1-бабында «ең қымбат қазына — адам және адамның өмірі, кұкықтары мен бостандықтары»,— деп жарияланған. Осыған орай, Қазакстан Республикасындағы барлық құқық салалары, оның ішінде Қылмыстық құқықта адамды қорғауды өзінің міндеті деп санайды. Қазақстан Республикасының Кылмыстық кодексінің 2-бабында адам мен азаматтың кұқықтары, бостандықтары мен занды мүдделерін қорғау ең басты міндет ретінде көрініс тапқан.
Қазіргі таңда ақпараттық-бұқаралық техналогияның дамуына байланысты әртүрлі бейне фильмдердің көрсетілуіне байланысты кәмелетке толмаған жасөспірімдердің де қылмысы үлкен орын алуда. Сонымен қатар бұрын біздің елімізде болмаған түрлі аурулар қатары күннен күнге өршіп, тіпті өлімге дейін апарып жатыр.
Адамның және азаматтың құқықтарымен бостандықтары конституциялық құрлысты қорғау, қоғамдық тәртіпті, адамның құқықтарымен бостандықтарын, халықтың денсаулығымен имандылығын сақтау мақсатына қажетті шамада ғана және тек заң актілерімен шектеледі.
Қазақстан республикасы конституциясының 1 — бабы адам, оның өмірі құқықтары мен бостандығы ең жоғары құндылықтар деп жариялайды. Бұрынғы Қаз ССР Қылмыстық Кодексіне қарағанда бұл Қазақстан Республикасының Қылмыстық Кодексінің Жеке адамға қарсы қылмыстар Қылмыстық Кодекстің Ерекше бөлімі содан басталады.
Адамның өміріне және денсаулығына, жыныстық тазалығына, бостандығына, ар намысы мен қадір қасиетіне қастандық жасауға бағытталған қауіпті іс — әректтер жеке адамға қарсы қылмыстар деп танылады. Бұл текті қылмыстар жасалынғанда адамға елеулі зиян келеді не оның өміріне, денсаулығына, заңды құқықтарымен бостандығына қауіп төнеді . Осындай қылмыстардың тектік обьектісі-адамның жеке басы, ал тікелей обьектісі — оның өмірі, денсаулығы, ар — намысы қадыр қасиетті.
Жаңағы қылмыстың тікелей обьектісіне байланысты бұл тарауды мынандай топтарға бөлуге болады:
1. Қылмыстық кодексінің 96 — 102 баптарында өмірге қарсы қылмытар туралы көрсетілген.
3. Денсаулыққа қарсы қылмыстар қылмыстық кодекстің 103 — 111 — 114 — 116 баптарында көзделген
4. Өмірге және денсаулыққа қаіп төндіретін қылмыстар Қылмыстық кодекстің 112 – 113 – 117 — 119 баптарында көрсетілген.
1. Адамның жыныстық тазалығына және жыныстық бостандығына қарсы қылмыстар. Қылмыстық кодекс 120 – 124 баптарында көрсетілген
2. Қылмыстық кодексінде 125 — 128 баптарында адамның және азаматтың жеке басының бостандығына қарсы қылмыстар көрсетілген.
3. Адамның және азаматтың ар намысы қадыр қасиетіне қарсы қылмытар қылмыстық кодексінің 129 — 130 баптарында көрсетілген.
Сонымен жеке адамға қарсы қылмыстар заң шығарушы жеке адамға қарсықылмыстары үшін жауаптылық көзделген жаңа құрамдар енгізілген, оларда қоғамаға қауіпті мұндай іс әрекеттердің қылмыстық — құқықтық нышандарға нақтыланған, сот практикасына сүйене отырып нақты қылмыстық сот әрекет үшін қылмыстық жаза түрі қарастырылған.
Информация о работе Отбасы және қарсы қылмыстың кәмелетке толмаған