Отбасы және қарсы қылмыстың кәмелетке толмаған

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 12 Декабря 2013 в 16:57, курсовая работа

Краткое описание

Адамның және азаматтың құқықтары мен бостандықтары мемлекет арқылы қорғалады. Казақстан Республикасының Конституциясының II бөлімі осы мәселеге тікелей арналған. Конституцияның 1-бабында «ең қымбат қазына — адам және адамның өмірі, кұкықтары мен бостандықтары»,— деп жарияланған. Осыған орай, Қазакстан Республикасындағы барлық құқық салалары, оның ішінде Қылмыстық құқықта адамды қорғауды өзінің міндеті деп санайды. Қазақстан Республикасының Кылмыстық кодексінің 2-бабында адам мен азаматтың кұқықтары, бостандықтары мен занды мүдделерін қорғау ең басты міндет ретінде көрініс тапқан.

Прикрепленные файлы: 1 файл

жеке адамдарға карсы кылмыстар.docx

— 70.66 Кб (Скачать документ)

Сонымен, біз қылмыстың қоғамға қауіпті, кінәлі, құқыққа қайшы және жазалаушылық сияқты қажетті белгілері бар екендігін әсте естен шығармауымыз керек. Осы белгілер арқылы қылмысты іс-әрекетті басқа да құқық бұзушылықтан ажыратамыз.

Бірақ топтық және тікелей объект белгісіне сәйкес бұл қылмыс кұрамы (абайсызда кісі өлтіру) жеке адамға қарсы қылмыс үшін жауаптылық көзделген тарауда орналасқан. Өмірге қарсы қылмыстың, соның ішінде адам өлтірудің де тікелей объектісі адамның өмірі болып табылады. Заң жасына және денсаулық жағдайына қарамастан кез келген адамның өмірін бірдей қорғайды. Адам өмірі нәрестенің туған сәтінен, яғни анасының денесінен бөлініп шығып, алғаш тыныс алуы арқылы оның өкпесінің жұмыс істеген уақытынан басталады. Бұл құбылыс нәрестенің алғашқы айқайынан, дыбыс беруінен басталады. Өлім адам өмірінің соңғы сәті болып табылады. Өлім клиникалық және биологиялық болып екіге бөлінеді. Тыныс алуы мен қанның айналысы тоқтағаннан кейін 5-6 минут шамасында клиникалық өлім сатысы басталады. Адам денесінің салқындауына байланысты бұл кезең 10 немесе одан да көбірек минутқа созылады. Өлудін соңғы кезеңі — биологиялық өлім, орталық нерв жүйесі қызметінің істен шығуына байланысты мидың өлуі басталады. Адамның басқа органдары мен тіндерінін өміршеқтік белгілері біразға жалғасқанымен, мидың өлуі адам өмірінің соңғы сәті болып табылады. Яғни адам өмірінің соңғы сәті — биологиялық өлім.

Адам өлтірудің объективтік жағы басқа адамды өмірінен заңсыз айырумен көрінеді. Қылмыстың аяқталуы үшін адамды өмірінен айыруға бағытталған іс-әрекеттің және сонын зардабынан адам өлуінің арасындағы себептік байланыстын болуын айқындау қажет [7, 258].

Адам өлтіру негізінен әрекет арқылы жүзеге асырылады. Адам өлтірудің көпшілігі осылайша жасалады. Кінәліның оқпен атылатын және суық қарудың, өзге де заттарды пайдалануымен, уландыру, жарылыс жасау, басқа да әдістерді қолдануы арқылы адам өмірінен айырылады. Әдетте жүрек-қан тамырлары жүйесі ауруларынан зардап шегетін адамдарды жүйкесіне зақым келтіру жолымен өмірінен айыру әдебиеттерде мысал ретінде келтіру жиі кездеседі. Соңғы уақыттарда адам жүйкесіне әсер ету нысандары мен әдістерінің көбейе түсуінің нәтижесінде психикалық әсер ету жолымен адам өлтіру мүмкіндігі одан әрі кеңейе түсуде.

Адам өлтіру — материалдық құрамға жататын қылмыс.

Адам өлтірудің субъективті жағы — Қылмыстық кодекстін, 96-бабына сәйкес тек қана қасақаналықпен жүзеге асырылады. Адам өлтіру кезінде қасаканалық тікелей және сол сияқты жанама болуы да мүмкін. Тікелей қасақаналық кезінде кінәлі өзінің басқа адамның өміріне қол сұғып отырғандығын сезеді, оның әрекеті іс жүзінде өлімге соқтыруы мүмкін екендігіне немесе қалай да өлімге әкелетіндігін біледі және өлімнің болуын тілеп іс-әрекет жасайды. Жанама қасақаналықпен адам өлтіру кезінде кінәлі өзінің әрекеті арқылы адам өміріне қатер төндіретіндігін мойындайды, осы әрекеттін нәтижесінде оның өлуі мүмкін екендігін біледі, өлімнін, болуын тілемейді, бірақ оған саналы түрде жол береді не өлімнің болу-болмауына немқұрайдылық танытады. Соңғы уақытта жарылыс жасау жолымен адам өлтіру оқиғалары кен, таралып отыр. Мұндай кезде белгілі бір құрбандардан басқа бөгде адамдар да өледі. Бұл оқиғада кінәлі белгілі бір құрбанға қатысты адам өлтіруде тікелей ниетте, ал бөгде адамдарды өмірінен айыруға қатысты — жанама ниетте әрекет етеді [8, 125].

Тікелей және жанама қасқаналықтар арасындағы айырмашылықты айқындаудың іс жүзінде үлкен маңызы бар. Адам өлтіруге оқталу, яғни кінәлінің әрекеті ол өлімнің болатынын сезетінін, оның болуын тілегендігін, бірақ онын еркінен тыс себептер бойынша ол болмай калғандығы бойынша анықталады. Мұндай кезде оқталу тек қана тікелей қасақаналықпен жүзеге асырылады.

Кінәлінің ниетінін, түрі туралы мәселені шешкенде соттар жасалған қылмыстың барлық жағдайларына сүйенуі және атап айтқанда: қылмыстың тәсілі мен қаруын, денеге салынған жарақаттың санын, сипаты мен окшаулауын (мысалы, адамның өмірлік маңызды органын жарақаттау), кінәліның қылмыстық әрекетті тоқтату себебін, сондай-ақ кінәліның қылмыс істеу алдындағы және одан кейінгі мінез-құлқын (тәртібін), онын, жәбірленушімен арақтынасын ескеруі тиіс.

Жәбірлеңушінің өліміне әкеліп соқтыруы кінәлі үшін белгілі болып табылатын өмірлік манызы бар органдарына пышақпен жарақат салу, дұрысыңда, өмірден айыруға тікелей ниеттің бар екендігін айғақтайды. Оқпен атылатын қаруды қолдану кінәлінің өлтіруге шынайы ниетте болғандығын айғақтайды және басқа жағдайлармен қатар кінәлінің адам өлтіру ниетінде болғандығына маңызды дәлелдеме болып табылады. Жақын ара қашықтықтан ату, әдетте, адам өлтіру мақсатында істеледі.

Тікелей қасаканалық болған кезде кінәлі өлімнің болуын тілейді, сонымен бірге кінәлінін, өлімнің міндетті түрде болуын қаламайтындығын да мұндай жағдайда ескеру керек. Оның ниеті баламалы түрде болуы мүмкін, оның шамалауы бойынша өлімнің болуы, сол сияқты денсаулыққа ауыр зиян келтіру мүмкіндігі және осы зардаптардың кез келгенінің болуын міндетті түрде тілейді. Ал егер оған байланысты емес жағдайлар бойынша қылмыстық нәтиже болмаған жағдайда ол адам өлтіруге оқталғандық үшін жауапқа тартылуы тиіс. Адамды өлтірумен алдын ала қорқыту басқа мән-жайлармен қатар адам өлтіру ниетінін бар екендігіне маңызды дәлелдеме болып табылады. Дегенмен, осындай қатер тудыруды айтқан адамның ой-ниетінің қаншалықты шын екендігін іс бойынша айқындау қажет. Тіпті, егер ол сөздер кейде және төндірілген қатерді жүзеге асыру мүмкіндігіне сырттай ұксас кейбір әрекеттермен қоса айтылғанның өзінде, адам өлтіру ниетін жүзеге асыру туралы сөздер кінәліның шын мәніндегі анықтілегін білдірмейді [9, 477].

Адам өлтіру мен қорқыту көбінесе оқпен атылатын немесе суық қаруды немесе өзге каруды, сондай-ақ қару ретінде пайдаланатын заттарды қолданумен немесе қолдануға әрекет етумен жасалатын бұзақылық әрекеттермен байланысты болатындығын тәжірибе көрсетіп отыр. Адам өлтіруге жасалған оқталуды аталған әрекеттерден бөлу керек [10, 52].

Адам өлтіруге жанама қасақаналық кезінде кінәлі өз әрекетінің нәтижесінде өлімнің нақты болу мүмкіндігін шамалайды. Кнәлі зардаптың қалай да болмай қоймайтынын шамалаған жағдайда сөз тек қана тікелей қасақаналық туралы бола алады (ҚК-тің 24-бабының 3-тармағы). Ниеттің осы түрлерінін, арасындағы неғұрлым елеулі айырмашылық, занда керсетілгендей еріктілік кезеңі бойынша аыықталады. Егер адам өлтіруге тікелей ниеттену кезінде кінәлі өлімнің болуын тілесе, ал жанама ниеттену кезінде оны кінәлі тілемейді, бірақ оған саналы турде жол береді не өлімнің  болуына немқұрайды

Осы арада денсаулық деген ұғымға түсінік бере кетейік.Денсаулық дегеніміз — адам ағзасының дұрыс әрі қалыпты жұмыс істеуі. Яғни, адам ағзасының әрбір органы, әрбір мүшесі сол жаратылған қалпында сақталып, оның дұрыс әрі қалыпты түрде белгілі бір қызметті атқаруы. Денсаулыққа қарсы қылмыстардың қоғамға қауіптілігі — бұл қылмыстарды жасаған кезде, бір адам екінші бір адамнын денсаулығына қасақана немесе абайсызда зиян келтіреді, яғни кінәлі қоғамға қауіпті іс-әрекеттерді жасай отырып, адам өмірі үшін ең кымбатты болып табылатын адам денсаулығына заңсыз түрде қол сұғады.

Адам денсаулығына зиян келтіру көбінесе оның мемлекет пен қоғам алдындағы азаматтық міндеттерін атқару, яғни сол міндеттерін нақты орындау мүмкіндіктерінен айырады. Мысалы: адам денсаулығына зиян келуі — оның міндетті әскери қызметке шақырылуына кедергі келтіруі мүмкін, сондай-ақ әскери немесе баска да арнайы кызметтерді атқаруына зиянды әсерін тигізуі мүмкін. Сондықтан да адам денсаулығына қарсы қылмыстарды жасау — тек жәбірленушінің өзіне ғана емес, сондай-ақ оның жақын туысқандары үшін де үлкен залал болып табылады. Яғни, жәбірленушінің денсаулығына зиян келу салдарынан, оның жақын туысқандарына да белгілі бір көлемде материалдық немесе моральдық залал келуі мүмкін. Адамды денсаулығынан айыру салдарынан оның өмірдегі, қоғамдағы еңбек және басқа да қоғам қызметтеріндегі байланысы үзіледі, оның еңбекке, қоғам қызметтеріне белсенді түрде қатысуына көбінесе мүмкіндік бере бермейді. Сондықтан да адам денсаулығы — адам өмірінің негізгі куанышы, негізгі байлығы болып табылады [11, 255].

Енді адам денсаулығына қарсы қылмыстарды топтастырайық. Қазақстан Республикасының Қылмыстық кодексінде адам денсаулығына қарсы қылмысқа қандай қылмыстар жататыны нақты көрсетілген. Сонымен адам денсаулығына қарсы қылмыстарға мыналар жатады:

1) денсаулыққа қасақана ауыр зиян келтіру (103-бап); 2) денсаулыкка қасақана орташа ауырлықта зиян келтіру (104-бап); 3) денсаулыкха қасақана жеңіл зиян келтіру (105-бап); 4)ұрып-соғу (106-бап); 5) азаптау (107-бап); 6) денсаулыққа жан күйзелісі жағдайында зиян келтіру (108-бап); 7) қажетті қорғаныс шегінен шығу кезінде денсаулыққа ауыр зиян келтіру (109-бап); 8) қылмыс жасаған адамды ұстау кезінде денсаулыққа ауыр зиян келтіру (110-бап); 9) денсаулыкка абайсызда зиян келтіру (111-бап); 10) корқыту (112-бап); 11) ауыстырып салу не өзгедей пайдалану үшін адамның органдарың, тінін алуға мәжбүр ету (113-бап); 12) медицина қызметкерінің кәсіптік міндеттерін тиісінше орындамауы (114-бап); 13) соз ауруларын жұқтыру (115-бап); 14) адамның иммун тапшылығы вирусын жұқтыру (116-бап); 15) заңсыз аборт жасау (117-баптың 4-тармағы); 16) науқасқа көмек көрсетпеу (118-бап); қауіпті жағдайда қалдыру (119-бап).

Енді адам денсаулығына қарсы қылмыстардың объектісін, объективтік жағын, субъектісін, субъективтік жағын жеке-жеке талдайық.

Дене жарақатының объектісі — бөгде адамның қалыпты денсаулығы болып табылады.

Адам денсаулығына қарсы қылмыстардың объективтік жағы — басқа адамның денсаулығына, кұкыққа қайшы әрекеттер мен әрекетсіздіктер арқылы зиян келтірумен көрініс табады. Көбінесе дене жарақаты әрекет аркылы жасалынады. Кінәлі адам жәбірленушінің денсаулығына әр түрлі жолдармен, атап айтсак, механикалық әсер ету арқылы (мүшелерге зақым келтіру), химиялық жол арқылы (улау, қышқылмен күйдіру), электрлік жолмен, (тоқпен ұру), термикалық әсер ету (ағзаға инфекциялы ауруларды жұқтыру) арқылы, сонымен қатар психикалык әсер ету арқылы (гипноз) және басқа да тәсілдер арқылы дене жарақатын келтіреді. Әрекетсіздік арқылы да дене жарақаты келтірілуі мүмкін, егерде белгілі бір адам өзіне жүктелген міндеттерді орындамаса.

Кейбір кездері  дене жарақатын келтіру қылмыстық жауаптылыктан босатылуға негіз болып табылады, егер бұл жарақат мәжбүрлік қажеттілік жағдайында, яғни емдеу мақсатында болса. Мысалы, егер жәбірленуші өзінің ағзасына хирургиялық операциялар жүргізуге келісімін берсе, онда хирургтер осы хирургиялык операциялардаң туындайтын белгілі бір зардаптарға жауап бермейді, себебі жәбірленуші хирургиялық операциялардан туатын салдарға қарсы болмады. Дене жарақатын келтіру спорт жарыстары кезінде де орын алуы мүмкін. Спорттың нақты түріне қатысты жалпы ережені сақтамау салдарынан туған дене жарақаты денсаулыққа қарсы қылмыс ретінде сараланады. Мысалы, футбол кезінде футбол ережесін ерескел бұзған кінәлі бөгде адамға дене жарақатын келтірсе, онда оның әрекеті денсаулыққа қарсы қылмыс ретінде танылады [12, 269].

Дене жарақатын келтірудің субъективтік жағы 2 нысаннан тұрады: 1) қасақана (тікелей және жанама), 2) абайсызда (менмендік және немқүрайдылық). Тікелей қасақана дене жарақатын келтіру бір адамның екінші бір адамға дене жарақатын келтіруді тілеп, алдын ала ойластырып, жоспарлы түрде мақсаттар жасауы, ал жанама қасақаналықта кінәлі сондай зардаптың болуын тілемейді, бірақ оған саналы түрде жол береді. Абайсыздық нысанының өзінде сенімділік түрінде кінәлі кінәнің әрекетінен немесе әрекстсіздігінен туатын салдардың, яғни дене жарақатының болуын көре алады, бірақ ол салдар бола қоймас-ау деген өзіне сенімділік ниетте болады, немқұрайдылық түрінде адам дене жарақатынын болатынын көре алмайды, бірақ көруге тиісті болатын.

Енді адам денсаулығына қарсы қылмыстардың субъектілері туралы мәселеге тоқталайық.

Қазақстан Республикасының Қылмыстық кодексінің 15-бабының 2-тармағында көрсетілген дене жарақатын салумен байланысты мына қылмыстарды жасаған есі дұрыс субъектілер үшін 14 жас белгіленеді: 1) денсаулыққа қасақана ауыр зиян келтіру (103-бап); 2) ауырлататын мән-жайлар кезінде денсаулыққа қасақана орташа ауырлыктағы зардап келтіру (104-баптың 2-тармағы).

Ал мына дене жарақаттарын салғаны үшін заң бойынша есі дұрыс субъектілер үшін 16 жас белгіленеді: 1) денсаулыққа қасақана жеңіл зиян келтіру (105-бап); 2) ұрып-соғу (100-бап); 3) азаптау (107-бап); 4) денсаулыққа жан күйзелісі жағдайында зиян келтіру (108-бап); 5) қажетті қорғаныс шегінен шығу кезінде денсаулыққа ауыр зиян келтіру (109-бап); 6) қылмыс жасаған адамды ұстау кезінде денсаулыққа ауыр зиян келтіру (110-бап); 7) денсаулыкқа абайсызда зиян келтіру (111-бап); 8) қорқыту (112-бап); 9) соз ауруларын жұқтыру (115-бап); 10)адамның иммун тапшылығы вирусын жұқтыру (116-бап); 11) заңсыз аборт жасау (117-бап); 12) қауіпті жағдайда қалдыру (119-бап).

Ал мына төмендегі дене жарақаттарын салумен байланысты қылмыстарды жасаған есі дұрыс арнаулы субъектілер заң бойынша жауапкершілікке тартылады: 1) зансыз аборт жасау (117-бап); 2) медицина қызметкерінің өзінің кәсіптік міндеттерін тиісінше орындамауы (114-бап); 3) ауыстырып салу не өзгедей пайдалану үшін адамнын органдарын немесе тінін алуға мәжбүр ету (113-бап); 4) науқасқа көмек көрсетпеу (118-бап). Осы жоғарыдағылардан айқын болғандай кейбір дене жарақатын салған есі дұрыс субъектілер үшін 14 жас, ал кейбір субъектілер үшін 16 жас. Сонымен қатар дене жарақаты қылмысын жасайтын арнаулы субъектілер де бар. Енді ауыр дене жарақатын салу тусінігі мен түрлеріне тоқталайық. Жалтты денеге жарақат түсіру деп бөгде адамның денсаулығына қасақана заңсыз түрде немесе абайсыз денедегі ұлпалардың анатомиялық тұтастығын бүлдіру жолымен, әйтпесе басқа жолмен оның ағзаларының дұрыс жұмыс істеуін бұзу арқылы зиян келтіруді айтамыз [13, 365].

Денсаулыққа қасақана ауыр зиян келтіру ұғымына келетін болсақ, ол былай делінген: «Адамның өміріне қауіпті немесе көруден, тілден, естуден, қандай да болсын органнан айрылуға немесе органның қызметін жоғалтуға немесе бет әлпетінін қалпына келместей бұзылуына әкеп соққан денсаулыққа қасақана ауыр зиян келтіру, сондай-ақ өмірге қауіпті немесе еңбек қабілетінің кемінде үштен бірін тұрақты түрде жоғалтуға ұштасқан немесе кінәліға мәлім кәсіби еңбек қабілетін немесе түсік тастауға, психикасын бұзуға, есірткімен немесе уытты умен ауруға душар еткен, денсаулықтың бұзылуын тудырған, денсаулыққа өзге зиян келтірген қасақана ауыр зиян келтіру».

Осы 103-баптың 1-тармағын талдап, тоқталып өтейік: «Денсаулыққа келтірілген зиянды сот-медициналық бағалау Ережесі» 1998 жылы 4 мамырда Қазақстан Республикасы Білім, мәдениет және денсаулық сақтау Министрлігінің Денсаулық сақтау комитетінің №240 бұйрығымен бекітілген. Осы Ережеге сәйкес:

а) Адамның өміріне қауіпті зиянға — миға зақым келтірілместен бас сүйегіне келтірілген жарақат; бас сүйектерінің ашық немесе жабық сынуы; ауыр дәрежедегі мидың зақымдануы; өмірге қауіпті түрде миға қан кұйылуы; бел омыртқаны ауыр зақымдау; адамнын іш құрылысын, ас қорыту, зәр шығару 
органдарын жарақаттау, ауыр дәрежеде күйдіру т.б. жарақаттар келтірулер жатады. Өмірге қауіпті жаракаттық тізбегі жоғарыда айтылған ереженің 7-тармағында тұтастай көрсетілген.

Информация о работе Отбасы және қарсы қылмыстың кәмелетке толмаған