Автор работы: Пользователь скрыл имя, 12 Декабря 2013 в 16:57, курсовая работа
Адамның және азаматтың құқықтары мен бостандықтары мемлекет арқылы қорғалады. Казақстан Республикасының Конституциясының II бөлімі осы мәселеге тікелей арналған. Конституцияның 1-бабында «ең қымбат қазына — адам және адамның өмірі, кұкықтары мен бостандықтары»,— деп жарияланған. Осыған орай, Қазакстан Республикасындағы барлық құқық салалары, оның ішінде Қылмыстық құқықта адамды қорғауды өзінің міндеті деп санайды. Қазақстан Республикасының Кылмыстық кодексінің 2-бабында адам мен азаматтың кұқықтары, бостандықтары мен занды мүдделерін қорғау ең басты міндет ретінде көрініс тапқан.
б) Қасақана ауыр дене жарақатының салдарынан көруден
айрылу — бұл адамның денсаулығына ауыр зиян келтіру
салдарынан адам көре алмайтын жағдайға душар болады. Айтып
кететін бір жәйт, адамның көре алмауы емделусіз
болуы керек, уақытша көруден айрылу ауыр
дене жарақатының элементі болмайды,
яғни ол орташа ауырлықтағы дене жарақаты болып табылады.
Бір көздің көруін жоғалту ауыр дене жарақаты ретінде бағаланады. Бір көздің көруінен айрылу салдарынан
адам көзінің көру шеңбері 30 пайызға тарылады және бинокулярлық көрудің бұзылуына әкеп соғады, ал мұндай жағдайлар кейбір кездері
белгілі бір нәрселерді нақты қабылдау қабілеттілігін қиынға соқтырады немесе көрудің мүмкіншілігін түпкілікті жоғалтады. Себебі, бір
кезден айрылған адам мамандық түрін таңдағанда ғана емес, сонымен қатар дем алу кездерінде
де қиыншылықты басынан өткереді, ал кейбір
кездері бақытсыздық жағдайлардың объектісі болуы да
мүмкін. Сондықтан да көздің көру қабілетін 35 % мөлшерінде жоғалту немесе2 метр қашықтықта бармақтың санын кере алмауы
денсаулыққа ауыр зиян келтірілді
деп есептелінеді және ауыр дене жарақаты ретінде бағаланады.
в) Қасақана ауыр дене жарақатының салдарынан тілден айрылу — сөйлеу қабілетін, ол ойын айналасындағыларға түсінікті түрде біріккен дыбыстармен жеткізу қабілетін біржола жоғалту. Дауысын жоғалту салдарынан, яғни афония жағдайында адам өзінің ойларын тек қана сыбырлап жеткізе алады. Мұндай жағдайлар адамның еңбек ету қабілеттілігінің 25% мелшерінде жоғалтуына әкеп соғады. Сөйлей алмау нәтижесінен адам қоғамдағы қатынастарға активті түрде катыса алмайды, барлық уақытта өзінің бір кемшілігінің бар екенін сезінеді, адамдармен сөйлесуден аулақ жүреді, сондықтан да тілден айрылу адам денсаулығы үшін орасан зиянды болып табылғандықтан ауыр дене жарақаты ретінде есептелінеді [14, 458].
г) Қасақана ауыр дене жарақатының салдарынан естімей
қалу деп мүлде айықпайтын кереңдік және зардап шегуші қатты айтылған сөзді өте жақын жерден, кұлағынан 3-6 см қашықтықта айтканда ғана ести алатындай
жағдайда қалуы. Жалпы есту —
адам ағзасының сезім органдарынын,
бірі. Күнделікті қарым-қатынас, жұмыс, дем алу уақыттары, теледидардан,
радиодан хабар алу, есту сезімімен тығыз байланысты. Екі құлақтың естімей қалуы — ауыр дене жарақаты ретінде есептелінеді.
Бір кұлақтың есітпей қалуы — жалпы еңбек қабілетінің 15 пайызын, яғни кемінде үштен бірін жоғалту емес, сондықтан ол денсаулықтын, бұзылуына әкеп сокқан жеңіл жарақат деп
бағаланады.
л) Қандай да болсын органнан айрылуға немесе органның қызметін жоғалтуға — аяқтың, қолдың физикалық тұрғыда денеден айрылып қалуын немесе сал (паралич) қалпында қалуы жатады және бұл жағдай ауыр дене жарақаты ретінде бағаланады. Жыныс қатынастарының қабілетін жоғалту, екі ені де зақымданып, оларды алып тастауға әкеп соғуы, сондай-ақ бала табу қабілетінен айрылу тұқымдылық қабілетінен айрылу деп саналады да, ауыр дене жарақаты қатарына жатады.
е) Сот медицинасы тәжірибесінде беттің жаралануы тым жиі кездеседі. Бет жарақатын бағалау кезінде бірқатар факторларды: жарақат салған кезде оның адам өміріне қауіптілігін (ми шайқалуы т.б.), сезім мүшелерінің зақымдануын және бет пішінінің қалпына келмейтіндей болып бұзылуын ескеру керек. Бет сикының бұзылуы туралы мәселені сот шешеді. Бет жарақатының жазылуы дегеніміз — тыртық көлемінің кішіреюі, табиғи жағдайлардың нәтижесінде олардың өңінің өзгеруі, мысалы, тыртықтардың әжімдерге, мойын қыртыстарына және т. б. ұксап тұруы болып табылады, сондай-ақ консервативтік емдеу әдістерінің нәтижелері де осыған жатады. Ал егер консервативтік емдеу жақсы нәтижеге жеткізбей, зақымданушыға косметикалық операциялар жасалса, жарақат операцияның нәтижесіне қарамастан қалпына келмейтін жарақат деп қаралады да ауыр дене жаракатына жатады, ейткені мұндай жағдайда орың алатын іш кұса болып қатты қайғыруға бетпішіннің өзгеруі ғана емес, адамның қоғаммен байланысының бұзылу қаупі де негіз болады [15, 548].
и) Еңбек қабілетінің кемінде үштен бірін тұрақты түрде жоғалту деп — жалпы еңбек қабілеті, мамандықты талап етпейтін еңбекке қабілеттілік айтылады. Еңбек кабілетінің үштен бірін жоғалту зардап шеккен адамның жалпы еңбек қабілеті мен оның жоғалту көлемін онша өзгертпейтін жарақат зардаптарының біршама жақсаруы организмдегі өзгерістермен бірге байланысты. Енбек қабілетін жоғалту тек тұрақты болады.
Жалпы еңбек қабілетінің 33% мөлшерін жоғалту ауыр дене жарақаты ретінде бағаланады. Кәсіптік еңбек қабілетін жоғалтуды анықтау зардап шеккен адамның кәсіптік еңбек қабілетінен айыруға ниеттенгендік анықталатын жағдайларда тергеушінің қаулысы немесе сот қаулысы бойынша жүзеге асырылуы мүмкін.
Еңбекке қабілетті адамның еңбек қабілетін жоғалтуына апарып соғатын жарақаттар жас балаға, қарт адамға, кәмелетке толмаған жасқа, 1-топтағы мүгедекке, яғни еңбекке жарамсыз адамдарға салынуы мүмкін. Мұндай жағдайларда дене жарақатының қаншалықты ауыр екенін анықтағанда мыналар негізге алынады: 1) балалардын, кейін ол 10 жасқа толғанда еңбек қабілетін қандай дорежеде жоғалтқаны көрсетіледі; 2) мүгедек адамның алынған жарақатқа байланысты еңбек қабілетін біржола жоғалтуы дені сау адамдардікі сияқты анықталады, яғни мүгедектігі мен тобы ескерілмейді.
к) Егер келтірілген зақымдардың салдарынан түсік болса, екіқабат екендігінін мерзіміне қарамастан, ол ауыр дене жарақатына жатқызылады. Бұл орайда арнайы акушерлік-гинекологиялық зерттеулер арқылы түсіктің зардап шегуші оргаиизмінің жеке ерекшеліктеріне, яғни аурулығына немесе ішкі жыныс мүшелерінің жетілмегендігіне байланысты емес, қайта оғаң дене жарақатының тікелей себеп болғаны анықталуға тиіс.
ж) Жарақат алуға байланысты іш құса болу (психикасынын
бұзылуы) ауыр дене жаракатының белгісі болып табылады.
Мысалы: бас сүйек жаракатына байланысты
пайда болатын
қояншық (эпилепсия) осындай
ауру. Іш құсаның диагнозын
қою және оның себебі жарақат алуға байланысты екенін
анықтау сот-психиатриялық сарапшының кұзыретіне жатады.
Енді жоғарыда көрсетіп кеткен 103-бапқа қайта оралып, оның 2-тармағына тоқталайық. Осы баптың 1-тармағындағы әрекеттер: а) екі немесе одан да көп адамға қатысты жасалса; б) адамның қызметтік жұмысын немесе кәсіптік немесе коғамдық борышын орындауға байланысты оған немесе оның жақындарына қатысты жасалса; в) кінәліға дәрменсіз күйде екені белгілі, сол сияқты адамды ұрлауға немесе кепілге алуға ұштасқан адамға қатысты жасалса; г) аса катыгездікпен жасалса; д) ұйымдасқан топпен жасалса; е) жалдау бойынша; ж) бұзақылык ниетпен; з) әлеуметтік, ұлттық, нәсілдік, діни өшпенділік немесе араздық тұрғысында; и) жәбірленушінің мүшелерін немесе тінін пайдалану мақсатында; к) бірнеше рет жасалса немесе оны осы Кодекстің 96-бабында көзделген кісі өлтірген адам жасаса,— деп атап кәрсетілген.
Осы 103-баптың 1 және 2-тармағында көзделген әрекеттер абайсызда жәбірленушінің өліміне әкеп соғуы мүмкін. Ауыр дене жарақатының салдарынан жәбірленушінің өлімі бір кұрамдағы екі кінә нысаны ретінде көрініс табады:
- қасақана ауыр дене жарақатын келтіру,
- абайсызда жәбірленушіге өлім келтіру.
Ауыр дене жарақатының салдарынан жәбірленушінің өліміне әкеп соғаттың кінәліның әрекеттері тікелей басқа адамның денсаулығына қол сұғуға бағытталады, сондықтан да жалпы кінәлілық әрекеттері адам денсаулығына қарсы қылмысқа жатады. Жалпы кінәлінын әрекеттерінін, субъективтік жағын қарастырсақ, кінәлі өзінің қасақана әрекеттері арқылы жәбірленушінің, денсаулығына ауыр зиян келтіреді, мұндай әрекеттерді ол тілеп немесе саналы түрде жол беріп істейді, бірақ бұл әрекеттердің салдарынан келетін зардап, зиян жәбірленушінің өлімі абайсызда болады, яғни кінәлі жәбірленушінің өлуін тілемейді, ол өлмейді деген менмендік немесе немқұрайдылық қатынас түрінде болады. Егер абайсызда жәбірленушіге ауыр дене жарақаты келтірілсе, мұның салдарынан жәбірленуші өлетін болса, онда бұл жағдай абайсызда кісі өлтіру қылмысы құрамын құрайды. Сонымен ауыр дене жарақатының салдарынан жәбірленушінің өлімі келген жағдайға байланысты жалпы заң бойынша 2 қорытынды шығаруға болады: 1) Егерде кінәлі тікелей немесе жанама қасаканалықпен елтіруге бағытталған әрекеттерді жасап, мұның салдарынан жәбірленуші өлсе, онда кінәліның әрекеті қасақана кісі өлтіру қылмысы құрамын құрайды. Егерде кінәліның өлтіруге бағытталған тікелей қасақаналық әрекетінің салдарынан жәбірленушіге өлім келмей, оған тек ауыр дене жарақаты салынса, онда кінәліның әрекеті кісі өлтіруге оқталу ретінде есептелінеді, ал жанама қасақаналықта — дене жарақаты ретінде бағаланады. Жәбірленушіге өлім келтіруді мақсат тұтпай жанама қасақаналықпен жасалған дене жарақаты өлтіруге оқталу ретінде қарастырылмайды [16, 78].
2) Егерде ауыр дене жарақатының салдарынан келген жәбірленушінің өліміне кінәліның тікелей немесе жанама қасақаналық ниеті болмаған кезде, онда кінәліның әрекеті тұтасымен 103-баптың 3-тармағымен сараланады.
Қазақстан Республикасының жаңа Қылмыстық кодексінде қылмысты санаттау туралы арнаулы норма енгізіліп, онда қылмыстар сипатына және қоғамға қауіптілік дәрежесіне және кінәнің түріне байланысты онша ауыр емес, ауырлығы орташа, ауыр және аса ауыр болып санаттарға бөлінген.
Қылмыстық кодекстің 10-бабына сәйкес:
Жасалғаны үшін осы Кодексте көзделген ең ауыр жаза екі жылға бас бостандығынан айырудан аспайтын қасақана жасалған әрекет, сондай-ақ жасалғаны үшін осы Кодексте көзделген ең ауыр жаза бес жылға бас бостандығынан айырудан аспайтын абайсызда жасалған әрекет онша ауыр емес қылмыс деп танылады [17, 256].
Жасалғаны үшін осы Кодексте кезделген ең ауыр жаза бес жылға бас бостандығынан айырудан аспайтын қасақана жасалған әрекет, сондай-ақ жасалғаны үшін бес жылдан астам мерзімге бас бостандығынан айыру түріндегі жаза көзделген абайсызда жасалған әрекет ауырлығы орташа қылмыс деп танылады.
Жасалғаны үшін осы Кодексте көзделген ен ауыр жаза он екі жылдан бас бостандығынан айырудан аспайтын қасақана жасалған әрекет ауыр қылмыс деп танылады.
Жасалғаны үшін осы Кодексте көзделген ен ауыр жаза он екі жылдан астам мерзімге бас бостандығынан айыру түріндегі жаза немесе өлім жазасы — қасақана жасалған әрекет аса ауыр қылмыс деп танылады.
Қылмысты осылай етіп санаттарға бөлу қылмыстық құқық ғылымында қалыптасқан қылмыс санаттарын Қылмыстық кодекстің санкциясында белгіленген, коғамға қауіптілік дәрежесіне қарай бөлу жөніндегі казіргі заманғы талапқа сай келеді.
Қылмыстық заңның жекелеген бабында көрсетілген санкция мөлшері қоғамға қауіптіліктіқ дәрежесін бейнелейді және әр түрлі қылмыстардың қоғамға қауіптілік дәрежесімен салыстыруға мүмкіндік береді. Жаза мөлшершін баптардың санкциясында нақты белгіленушің өзі судьяның өз білермендігімен қылмысты сол немесе басқа бір санатқа жатқызуына мүмкіндік бермейді. Қылмысты дәл санатқа жатқызуға мүмкіндік беретін қосымша белгілердің түрі кінә нысандары болып табылады. Мысалы, ауыр және аса ауыр қылмыстарға тек қана қасақана қылмыстар жатады.
Ауырлығы орташа немесе онша ауыр емес қылмыстарға қасақана немесе абайсыздықпен істелген қылмыстар жатады. Осы санаттарға сәйкес аса ауыр қылмыстарға қоғамға қауіптілік дәрежесі ерекше ауыр қасақана қылмыстар, мысалы, кісіні ауырлататын жағдайда қасақана өлтіру, мемлекетке опасыздық, бандитизм, зиянкестік, шабуыл жасап тонау сияқты қылмыс түрлері жатады.
Ауыр қылмыстарға мысалы, контрабаңда, денеге касақана ауыр жарақат салу, ауырлататын жағдайды біле түра кінәсіз адамды қылмыстық жауапқа тарту т. б. қылмыстар жатады.
Ауырлығы орташа қылмыстарға қасақана немесе абайсызда істелген қылмыстар: мысалы, абайсызда кісі өлтіру, кісіні өзін-өзі өлтіру халіне жеткізу, денеге қасақана орта дәрежеде жарақат түсіру т. б. қылмыстар жатады.
Ауыр емес қылмыстарға бас бостандығынан айырмайтын жаза қолданылуы мүмкін. Оған қорлау, жала жабу, абайсызда денеге ауыр немесе орта дәрежедегі жарақат түсіру сияқты қасақана немесе абайсызда істелген қылмыстар жатады. Қылмысты санатқа бөлудің манызы ерекше. Санаттарға бөлу белгісі бойынша бас бостандығынан айыру түріндегі жазаны өтейтін режимді белгілеу: шартты жазаны қолдану немесе қолданбау (63-бап), шартты түрде соттаудың күшін жою немесе сынақ мерзімін ұзарту (64-бап), қылмыстардың жиынтығы бойынша жаза тағайындау (59-бап), жазаны өтеуден мерзімінен бұрын шартты түрде босату (70-бап), айыптау үкімінің ескіру мерзімінің өтуіне байланысты жазаны етеуден босату (75-бап), рақымшылық немесе кешірім жасау актісі негізінде қылмыстық жауаптылық немесе жазадан босату (76-бап), сотталғандықты жою немесе алып тастау (77-бап) мәселелері шешіледі [18, 365].
Қоғамдық ортада адамның жеке басына қарсы қылмыстар кең тарауда Қазіргі таңда, бұрынғы жылдарға қарағанда жеке басқа қол сұғушылық, соған байланысты адам өлтіру, адам өлтіру, соз ауруын жұқтыру, ұрып — соғу, науқасқа көмек көрсетпеу, заңсыз аборт жасау, зорлау сияқты, адамның өмірімен денсаулығана төнетін қауіп — қатерлер саны көбейіп кетті. Осы орайда Қазақстан Республикасының азаматтарының құқықтары мен бостандықтарын қорғау Қазақстан Республикасының қылмыстық құқығына сәйкес, Қазақстан Республикасының қылмыстық кодексі 1998 жылдың 1 — қантарынан бастап заңды күшіне енді.
Адам құқықтары мен бостандықтары әркімге тумысынан жазылған, олар абсолютті деп танылады, олардан ешкім айра алмайды. Сондықтанда заңдар мен нормативтік құқықтық актілердің мазмұны мен қолданылуы оның жасаған қылмысына қарай анықталады.
Әркімнің өмір сүруге құқығы бар және адамның құқықтары мен бостандықтары бұзылған жағдайда заңды түрде қорғалады. Ешкімнің өз бетінше адам өмірін қиюға қақысы жоқ.
Өлім жазасы тек, ерекше ауыр қылмыс жасағаны үшін ең ауыр жаза ретінде есептеледі. Осындай әрекеттердің көбею себебінен „Адамның жеке басына қарсы қылмыстар ” қоғамда ерекше орын болып отыр. Бір адамның қылмыс жасауы арқылы бірнеше адамның құқықтары бұзылады. Ал, бұл жалғыз адамның басына байланысты мәселе болғанымен мемлекеттің болашақ ұрпағына үлкен әсерін тигізетіні рас.
Информация о работе Отбасы және қарсы қылмыстың кәмелетке толмаған