Қоғамдық қауіпсіздікке және қоғамдық тәртіпке қарсы қылмыстардың ұғымы, маңызы және заңдылық сипаттамасы

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 27 Августа 2014 в 18:47, реферат

Краткое описание

Еліміздің тәуелсіз, демократиялық, құқықтық мемлекет болып жарияланғанына жиырма үш жыл болды. Осы жылдар ішінде көптеген іс тындырылғаны мәлім. 1997 жылы шілде айының он алтыншы жұлдызында Қазақстан Республикасының жаңа Қылмыстық кодексі қабылданып, ол 1998 жылдың 1 қаңтардан бастап заңды күшіне енді.

Содержание

Кіріспе
I тарау. Қоғамдық қауіпсіздікке және қоғамдық тәртіпке қарсы қылмыстардың ұғымы, маңызы және заңдылық сипаттамасы.
II тарау. Қоғамдық қауіпсіздікке қарсы қылмыстардың түрлері және олардың ерекшеліктері.
2.1. Қоғамдық қауіпсіздікке қарсы қылмыстардың арасынан ұйымдасқан қылмыстық топтардың жасайтын қылмыстары.
III тарау. Қоғамдық тәртіпке қарсы қылмыстардың түрлері, және олардың ерекшсліктері.
Қорытынды
Қолданылған әдебиеттер.

Прикрепленные файлы: 1 файл

Реферат.docx

— 56.41 Кб (Скачать документ)

Заңда қылмыстың субъективтік жағының қажетті белгісі -қылмыстың мақсаты тікелей көрсетілген. Ол - мемлекетті, ұйымды немесе азаматты қандайда бір - іс-әрекет жасаудан тартынуға мәжбүр ету болып табылады. Мәжбүр ету әрекет немесе әрекетсіздік түріңде жасалады. Кінәлінің мәжбүр ететін әрекеттеріне: мысалы, оған ақшалай қаражат немесе наркотикалық заттарды, қару-жарақ, көлік құралдарын беруді немесе біреуді тұтқын орнынан босатып жіберуді талап етулері жатады.

Қылмыстық   кодекстің    234    бабының   3    тармағында   адамды кепілге алуды ұйымдасқан топ (ҚК-тің 96-бабының 3 тармағы) жасаған не   абайсызда    адам    өліміне    немесе    өзге    де    ауыр    зардаптарға (жәбірленушінің   немесе   оның   туыстарының   ауыр   науқасқа   душар болуы, ауыр дене жарақатын  алуы  немесе  оларға едәуір  мөлшердегі мүліктік залал келтірілсе және т.б.)  әкеп соққаны  үшін  жауаптылық белгіленген. Қылмыстық кодекстің 234 бабының ескертуінде;   "Кепілге алынған адамды   өз   еркімен  немесе   өкіметтің   талап  етуі   бойынша босатқан   адам,    егер   оның   іс-әрекеттерінде    өзге   қылмыс   құрамы болмаса, қылмыстық жауаптылықтан босатылады", -делінген.  Осыған орай  қылмыстық   жауаптылықтан   босатудың   шарттары:    а)   кепілге алынған адамды өз еркімен  босату  б)  өкіметтің талап  етуі  бойынша босату болып  табылады.   Кепілге   алынған   адамы   өз  еркімен   немесе өкіметтің  талап   етуі   бойынша   босатқан   адамның   әрекетінде   басқа қылмыс құрамы (мысалы: кепілге алынған адамды зорлауға, оған ауыр, орта,    жеңіл дене жарақатын   келтіру:   адам  өлтіруі,  қару-жарақ,  оқ-дәріні   ұрлауы)    бар    болса,    онда    ол    осы    істеген    қылмысы    үшін жауаптылыққа тартылады.

Кепілге алынған адамды босату шарты ретінде мемлекетті, ұйымды немесе азаматты қандай да бір іс-әрекет жасауға немесе қандай да бір іс-әрекет жасаудан тартылуға мәжбүр ету мақсатында адамды кепілге немесе кепілдік ретінде ұстау - үш жылдан сегіз жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айыруға жазаланады.

Бандитизм (237-бап) - аса қауіпті қылмыстардың бірі. Бұл қылмыстар жылма-жыл өріс алып, көбеюде, оның қоғамға аса қауіптілігі сол, банды құрылымы жөнінен тұрақты, қаруланған топ бола тұрып, аса ауыр қылмыстарды жасайды.

Қылмыстық тікелей объектісі - коғамдық қауіпсіздік. Қосымша тікелей объектісі - адамдардың өмірі, денсаулығы, меншігі, сондай-ақ басқадай мүдделер.

Объективтік жағынан бандитизм   бірнеше әрекеттердің жиынтығы бойынша сипатталады:

1.   Азаматтарға    немесе   ұйымдарға   шабуыл   жасау   мақсатында тұрақты қарулы топ (банда) құру.

2.  Орындай топтық (банданы) басқару.

3. Тұрақты қарулы топқа қатысу.

4. Бандалық   топқа   кіретін   адамдардың   біреуінің   болса   да қарулануы.

Қаруланған банда деп екі немесе одан көп адамдардың алдын ала келісіп азаматтарға немесе ұйымдарға бір немесе бірнеше шабуыл жасау мақсатында құрылған қаруланған, тұрақты топты айтамыз.

Банданы құру деп банданы жарақтау, оларды қарумен жабдықтау, банданың құрамына мүшелер тарту, банды мүшелерінің рольдерін белгілеу олардың істейтін қылмыстарын жоспарлауды айтамыз. Бандыны құрушы, әдетте оның ұйымдастырушысы болып табылады.Банданың тұрақтылығы қаруланған топтын мүшелерінің кылмысты іс-әрекеттерді жүзеге асыру жөніндегі келісімнің нәтижесі аркылы анықталады.Банда мүшелерінің алдын ала келісім арқылы жасайтын бір немесе бірнеше қылмысын қылмыстық іс-әрекет деп айтамыз.Бандаға кіретін топ мүшелерінің ең болмағанда біреуінің атылатын немесе суық қарумен қарулануы негізгі шарт болып табылады. Қаруға, сондай-ақ әртүрлі жарылғыш құралдары да жатады.Баңдитизм құрамы құрылысы жөнінен келте қылмыс құрамына жатады. Сондықтан да қылмыс қарулы топ (бандыны) құрған уақыттан бастап аяқталған деп танылады. Бұл жерде қарулы топқа кіретін банда мүшелерінің біреуінің болса да қарулануы жеткілікті. Банда құрылған уақыттан бастап, бандалық топ басқа бір қылмысты істеп үлгермегеніне қарамастан бандитизм құрамы аяқталған деп табылады.

Бандыны басқару деп құрылған банданың қылмыстық іс-әрекеттерінің оперативтік бағытын белгілеу, банда шабуылды жасайтын нақты объектілерді таңдап алу, шабуылды жүзеге асыратын тәсілдерді белгілеу, банда мүшелерімен "тәрбиелік" сипаттағы жұмыстар жүргізу, оларды жазалау, жәбірленушілер мен куәлардың көзін жою туралы шешімдер қабылдау, ұрланған мүлікті жасыру немесе өткізу, бұйрықтар беру әрекеттерін айтамыз.

Шабуыл жасау деп қылмыстық нәтижеге жету үшін бандалық топтың жәбірленушіге күш қолдануы немесе оны дереу нақты қолдану кауіпін тұғызуын айтамыз.Егер шабуыл барысында адам өлімі немесе адамның денсаулығына зиян келтірілуі орын алса, онда іс-әрекет қылмыстардың жиынтығы бойынша сараланады.Субъективтік жағынан бандитизм тікелей қасақаналықпен жасалады. Кінәлі адам Қылмыстық кодекстің 237-бабыңца көрсетілген әрекеттерді істейтінін сезеді және оны істеуді тілейді. Қылмыстық ниет - әртүрлі болуы мүмкін, оның негізгісі - пайдакүнемдік ниет.

Қылмыс құрамының субъективтік жағының міндетті белгісі -арнаулы мақсат азаматтарға немесе ұйымдарға шабуыл жасау болып табылады.

Қылмыстык субъектісі - 16-ға толған, есі дұрыс адам. Егер бандаға 14 пен 16 жастың арасындағы адамдар қатысса, онда олар өлтіргені, әйел зорлағаны, ұрлық жасағаны үшін, яғни Қылмыстық кодекстің 15-бабының 1-тармағындағы қылмыстарды істегені үшін ғана жауапқа тартылады. Қылмыстық кодекстің 237-бабынын, 2-тармағында тұрақты қарулы топқа (бандаға) немесе ол жасаған шабуылдарға қатысқаны үшін жауаптылық көрсетілген.

Бандаға қатысу деп — олардың жасаған шабуылдарына тікелей қатысу, сонымен бірге банданы қаржыландыру, қарумен жабдықтау, көлікпен қамтамасыз ету, әрекеттерді орындауларын айтамыз.

Қылмыстық кодекстің 237-бабының 3-тармағы бандитизм әрекеттерін адамның өз қызмет бабын пайдалана отырып жасағаны үшін жауаптылық белгіленген. Мұндай әрекеттерді көп жағдайларда қаруға қатысы бар, оны пайдалану сырын жете білетін полиция қызметкерлері, әскери қызметшілер істеуі мүмкін. Осы бап (237-баптың 3-тармағы) бойынша қылмыс субъектісі болып лауазым адамдары (Қылмыстық кодекстің 307-бабының ескертуі) коммерциялық немесе өзге ұйымдардың  басқарушылары   (   ҚК-тін   228-бабының   ескертуі   )

 

 

 

 

 

III. Қоғамдық тәртіпке  қарсы қылмыстардың түрлері және        олардың    ерекшеліктері

Мемлекет қоғамдық тәртіпті сақтауға, адамдардың тыныштығын, олардың заңды мүдделері мен құқықтарының бұзылмауына ерекше мән береді. Осыған орай, Қылмыстық кодекстің жекеленген тарауы мемлекеттің қоғамдық қауіпсіздігімен бірге қоғамдық тәртіпті реттеуге, қорғауға арналған. Қоғамдық тәртіпке қарсы қылмыстардың жекелеген түрлері жаппай тәртіпсіздіктер (241-бап), бұзақылық (257-бап), тағылық (258-бап) болып табылады.

Осы қылмыстардың топтық объектісі - қоғамдық тәртіп. Өйткені көрсетілген қылмыстардың кез келгенін істеу арқылы объект ең алдымен қоғамға қалыптасқан тәртіпке қол сұғады. Қоғамдық тәртіпке көрсетілген осы кылмыс құрамдарының тікелей объектісі де болады. Осы құрамдардың қосымша тікелей объектісі - адамдардың денсаулығы, ар-намысы, адамгершілігі, меншігі болуы да мүмкін.

Жаппай тәртіпсіздік үкімет және басқару органдарының, көлік, байланыстың қалыпты қызметі тоқтатылуы, мүлік жойылуы немесе білдірілуі, азаматтардың құқықтары мен мүдделеріне белеулі зиян келтірілуі мүмкін, адамдардың үлкен тобы (топ) жасайтын қоғамдық кауіпсіздікті бұзудан тұрады. Қылмыстың объектісі - қоғамдық қауіпсіздік. Қылмыстың объективті жағы күш қолданумен, қиратумен, өртеумен, атыс қаруын, жарылғыш заттарды немесе жару қондырғыларын қолданумен, сондай-ақ, олардың өкімет өкіліне қарулы қарсылық көрсетумен ұласқан жаппай тәртіпсіздікті ұйымдастыруымен сипатталады.

Жатпай тәртіпсіздікті үйымдастыру күш қолдану, қирату, өртеу, атыс қаруын, жарылғыш заттарды немесе жару қондырғыларын қолдану, соңдай-ақ өкімет өкіліне қарулы қарсылық көрсету үшін топты біріктіруге немесе оны басқаруға бағытталған әрекеттерді жасауды білдіреді. Ұйымдастыру әрекеттерін іске асырудың жолдары әр түрлі болуы мүмкін, топ құру, жаппай тәртіпсіздікке қатысушылардың арасындағы міндеттерді бөлу, белгілер беру.

Қылмыстық кодекстің 241-бабында көрсетілген күш қолдану дене күшімен қатар психикалық күшті де білдіреді. Қирату деп кәсіп-орындар, мекемелер, ұйымдар немесе азаматтардың орналасқан үйлерді, түрлі ғимараттар мен құрылыстарды талқандауды, қырып-жоюды, тонауды айтамыз. Басталған өртті сөндіре алғандықтан мүліктің бүлінбеуіне немесе жойылмауына қарамастан, ол қойылған мүліктің жалын-дауына немесе жануына әкеп соққан әрекеттер өртеу деп танылады.

Атыс қаруын, жарылғыш заттарды немесе жару кондырғыларын қолдану туралы аталған заттарды адам денсаулығына зиян келтіру, мүлікті жою үшін пайдалану, сол сияқты оларды пайдаланумен корқыту кезінде айтылады.

Қылмыстың құрамы - формальды, ол жаппай тәртіпсіздік ұйымдастыруға құрайтын әрекеттер жасалу сәтінен бастап, қандай да болмасын бір қоғамдық қауіпті салдарын орын алуына қарамастан, қалған қылмыс болып танылады.

Қылмыстық субъективті жағы тікелей ниеттің болуымен байла-нысты. Тұлға күш қолданумен, қиратумен, өртеумен, бұзумен, мүлікті жоюмен, атыс қаруын, жарылғыш заттарды немесе жару қондырғыларын қолданумен, сондай-ақ олардың өкімет өкіліне қарулы қарсылық көрсетуімен ұласатын жаппай тәртіпсіздікті ұйымдастыру бойынша эрекетер жасап отырғандығын түсінеді әрі осы әрекеттерді жасауды қалайды.

Қылмыстық    мақсаты    мен    себептері    әр    түрлі    және    жаза

тағайындау кезінде ескерілгенімен, жасалғанды бағалауға әсер етпейді.

Қылмыстық  субъектісі - 16-жасқа   толған,   жаппай   тәртіпсіздіктерді ұйымдастырушы тұлға. Қылмыстық кодекстің 241-бабының 2-бөлімінде осы баптың  1-бөлімінде көзделген жаппай тәртіпсіздікке қатысу үшін жауап көзделген. Жаппай тәртіпсіздікке қатысу деп түлғаның күшпен жасаған әрекеттері, қиратулары және ҚК-тің 241-бабының 1-бөліміңде аталған әрекеттерді  жасағандығы  айтылады.  Өкімет өкілдерінің заңды талаптарына белсене бағынбауға және жаппай тәртіпсіздікке шақыру, сол сияқты азаматтарға зорлық-зомбылық жасауға шақыру ҚК-тің 241- бабының 3-бөліміне сәйкес жауаптылыққа әкеп соқтырады.

Жаппай тәртіпсіздікке қатысушылардың бойында өкімет өкілдерінің заңды талаптарына белсене бағынбау, (жаппай тәртіпсіздік жасау, сол, сияқты азаматтарға зорлық-зомбылық жасау ниеттерін туғызуға ұмтылып, оларға кез келген түрде (ауызша, жазбаша, дауыс күшейткіш техника құралдарын пайдалана отырып).

Күш қолданумен, қиратумен, өртеумен, бұзумен, мүлікті жоюмен, атыс қаруын, жарылыс заттарын немесе жарылыс құрылғыларын қолданумен, сол сияқты олардың өкімет өкіліне қарулы қарсылық көрсетумен ұласқан жаппай тәртіпсіздікті ұйымдастыру - төрт жылдан он жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айыруға жазаланады.

Бұзақылық - қоғамдық тәртіпке қарсы қылмыстардың ең кең тараған түрлерінін бірі. Бүзақылық жасалған кезде қоғамдық тәртіп, азаматтардың тыныштығы, ортақ ережелер, кәсіпорынның, мекеме не ұйымның бір қалыпты жұмыс дөрекі түрде бұзылады. Бұзақылық кезінде азаматтардың денсаулығына зиян келіп, меншікке залал тигізілуі де жиі орын алып отырады. Сонымен қатар, бүзақылық, көбінесе, өзге де ауыр кылмыстардың жасалуына әкеп соқтырады.Бұзақылықтың қоғамдық, тәртіпке, азаматтардың тыныштығына зардабын тигізетін, қайсы бір жағдайларда, одан гөрі ауыр қылмысқа итермелейтін қауіпті құқық бұзушылық, екеніне дау жоқ. Бұзақылық жасаған адам қоғамдық тәртіпті, адамгершілік салтты өрескел бұзатын,көбінесе себепсіз немес болар-болмас себепті пайдаланып қоғамды мейлінше сыйламаушылықтан көрінетін, қоғамдық тәртіпке анық қарсы-ласуымен, өзініңң айналасындағыларға қарсы қоюмен, оларға немқұрайды қарым-қатынасымен әдейі жасалган әрекеттері арқылы көрініс табады. Бұзақылық - тұрмыс салты мен қоғамдық тәртіптің бірден бір жауы. Осы қылмыстың жәбірленушісі кез келген адам болуы мүмкін. Қылмыстық кодекстің 257-бабының 2-тармағының "а" тармақшасында бұзақылықтан жәбір көретіндердің тізім: өкімет өкілі, қоғамдық тәртіпті бұзуға тыйым салушы өзге де адамдар деп тура көрсетілген. Өкімет өкіліне қоғамдық тәртіпті бұзушылықты тыюға құзыретті барлық лауазым адамдары жатады.

Қоғамдық тәртіпті бұзуға тыйым салушы өзге адамдар деп өкімет өкіліне немесе ұйымдық тәртіпті қорғау жөніндегі міндетті атқаруға жатпайтын басқа адамдардың азаматтық борышын өтеп қоғамдық тәртіпті сақтауға қатысушыларды айтамыз. Қоғамдық тәртіп дегеніміз қоғамдық тыныштықтың, азаматтардың, қоғамдық орындардағы лайықты мінез-құлқының, ұйымдардың, мекемелердің, кәсіпорындардың, қоғамдық немесе жеке көлік құралдарының бір шыпты жұмысының, азаматтардын жеке басына қол сұғылмаушылықты қамттамасыз ететін қоғамдық қатынастардың жиынтығы болып табылады.

Ерекше арсыздықпен жасалған бұзақылық деп адамгершіліктің жалпы қабылданған қалыптарын көпе-көрінеу жоққа шығару; мысалы, ұятсыздық ауру адамды, өзін-өзі қорғай алмайтын жағдайдағы адамдарды, т.б. қорлау арқылы көрінетін бұзақылық әрекет (Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сот Пленумының 1995 жылғы 21 шілдедегі №5 "Бұзақылық істер жөніндегі сот тәжірибесі туралы" қаулысының 3-тармағы). Бұл қылмыс құрамының объективтік жағынын тағы бір қажетті    белгісі    істелген    іс-әрекеттерде    қоғамды    анық,     көрінеу құрметтемеуін бүлдіретін белгілер болуы керек.

Қоғамды көріну, анық құрметтемеу деп кінәлінің көпе-көрінеу,  қоғамдық тәртіпті құрметтемейтін, өзін қоғамға және оның мүдделеріне          ашық қарсы қоятын мінез-құлықтарын айтамыз. Бұзақылықта қоғамды анық құрметтеушілік көпшіліктің көзінше жүзеге асырылады. Демек, қоғамдық тәртіпті өрескел бұзу және қоғамды анық құрметтемеушіліктің жиынтығы басқа да белгілермен бірге бұзақылықтың объективтік жағынын қажетті белгілері болып табылады.

Бұзақылық, формальдық-материалдық қылмыс құрамына жатады. Ол қоғамдық тәртіпті өрескел бұзу және коғамды анық, көрінеу құрметтемеушілік әрекеттерін істеген уақыттан бастап аяқталған деп мүлкі жойылса, бүлдірсе онда қылмыс материалдық кұрамға жатады, Мұндай реттес-әрекет пен одан туындаған зардаптың арасындағы себепті байланысты анықтау қажет.

Бұзақылықтың мақсаты - қоғамдық тәртіпті өрескел бұза отырып, жәбірленушіге күш көрсету, қорқыту, оның бойына қорқыныш туғызу, мүлкін жою, бүлдіру болып табылады.Қылмыстық субъектісі жалпы 16-ға (257-баптың 1-тармағы) және 14-ке (257-баптың 2,3-тармақтары) толған есі дұрыс адам.

         Бұзақылықтың заты - бөтеннің мүлкі болса, тағылықтың заты -үйлер, өзге де ғимараттар, қоғамдық орындарға мүлік болып табылады.

Субъективтік жағынан тағылық қылмыс тікелей қасақаналықпен істеледі. Адам үйлерді, ғимараттарды қорлағанын қылмыстық тікелей объектісі. Қылмыстың заты жаппай зақымдау қаруын, қару-жарақ және әскери техника жасау үшін қажетті технологиялар, ғылыми-техникалық ақпарат және қызмет көрсетулер болып табылады.  

 

 

 

Информация о работе Қоғамдық қауіпсіздікке және қоғамдық тәртіпке қарсы қылмыстардың ұғымы, маңызы және заңдылық сипаттамасы