Қоғамдық қауіпсіздікке және қоғамдық тәртіпке қарсы қылмыстардың ұғымы, маңызы және заңдылық сипаттамасы

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 27 Августа 2014 в 18:47, реферат

Краткое описание

Еліміздің тәуелсіз, демократиялық, құқықтық мемлекет болып жарияланғанына жиырма үш жыл болды. Осы жылдар ішінде көптеген іс тындырылғаны мәлім. 1997 жылы шілде айының он алтыншы жұлдызында Қазақстан Республикасының жаңа Қылмыстық кодексі қабылданып, ол 1998 жылдың 1 қаңтардан бастап заңды күшіне енді.

Содержание

Кіріспе
I тарау. Қоғамдық қауіпсіздікке және қоғамдық тәртіпке қарсы қылмыстардың ұғымы, маңызы және заңдылық сипаттамасы.
II тарау. Қоғамдық қауіпсіздікке қарсы қылмыстардың түрлері және олардың ерекшеліктері.
2.1. Қоғамдық қауіпсіздікке қарсы қылмыстардың арасынан ұйымдасқан қылмыстық топтардың жасайтын қылмыстары.
III тарау. Қоғамдық тәртіпке қарсы қылмыстардың түрлері, және олардың ерекшсліктері.
Қорытынды
Қолданылған әдебиеттер.

Прикрепленные файлы: 1 файл

Реферат.docx

— 56.41 Кб (Скачать документ)

2. Түрлі жұмыстар жүргізу  кезінде қауіпсіздік ережелерін  бұзумен байланысты қылмыстар. Қазақстан  Республикасы Қылмыстық кодексінің 244-246-баптармен көзделген кылмыстар  құрайды.

3.  Жалпыға бірдей қауіпті заттарды қолдану ережелерін бұзумен байланысты қылмыстар.  Бұл топқа Қазақстан  Республикасы Қылмыстық кодексінің 247-256 баптарымен көзделген әрекеттер кіреді.

4.  Қоғамдық тәртіпке қарсы қылмыстар. Қоғамдық тәртіп -қылмыстың   объектісі   ретінде   қоғамдық   тыныштықты,   азаматтардың еңбектенуі, демалуы, тұрмысы үшін, сонымен қатар, кәсіпорындардың, мекемелер мен ұйымдардың жұмысы үшін қалыпты жағдай қамтамасыз ете   алатын   қоғамдық   қатынастар   жүйесінен   тұрады.   Бұл   топтағы қылмыстарға Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 257-258 баптарымен көзделген әрекеттер жатады.

Әрине, қылмыс жасау үшін арнайы ұйымдастыру - даярлық әрекеттерін орындап, тұрақты қылмыстық топ құрып мемлекеттің мүлкін талан-таражға салу әрекеттерінің сонау 70-80 жылдары да бой көрсетілгендігін сол тұста еңбек еткен аға буын тергеушілер, судьялар жақсы біледі. Олар өздерінің шеберлігі, қыралығы, тиянақтылығының арқасында көптеген ұйымдасқан талан-таражға салушылар тобын әшкерлеп, мемлекетке миллиондаған каражатты қайтаруга атсалысты.  

Коғамдық, қауіпсіздікке қарсы қылмыстардың арасынан ұйымдасқан қылмыстық топтардың жасайтын қылмыстары.

Ұйымдасқан қылмыстық топ құру және оған қатысуды мемлекетіміз алғаш рет 1995 жылы дербес қылмыстың құрамы деп танып, сол жылы 17 наурыз күні Қазақстан Республикасы Президентінің Жарлығымен Қазақ ҚСР Қылмыстық кодексіне 63-3 бап еңгізілді. Одан кейін яғни 1998 жылдың 1 каңтарынан күшіне енген Қазақстан Республикасының Қылмыстық кодексінің 235-бабында ұйымдасқан қылмыстық топ немесе қылмыстық қауымдастықты (қылмыстық ұйымды) құру және оны басқару, қылмыстық қоғамдастыққа қатысу дербес қылмыстың құрамы болып белгіленді.

"Ұрлықты саралаған  кезде бір топ адам жасаған  ұрлықты ұйымдасқан қылмыстық  топ жасаған ұрлықтан ажырата  білген жөн. Ұйымдасқан қылмыстық топқа бірнеше қылмыс жасамақшы оймен алдын ала біріккен екі немесе одан да көп адамнан тұратын топ жатады деп түсіну қажет. Қылмыстық қауымдастыққа бір басшылықпен қылмыстық әрекет жасаумен айналасу үшін құрылған құрылымдық бірігулер жатады деп түсіну қажет. Оның ұйымдасқан қылмыстық топтан бір айырмашылығы сол, қылмыстық қауымдастық, құрылымында екі немесе одан да көп қылмыстық топ бөлімшелері болады. 

Алдын-ала сөз байласқан бір топ адамнан, ұйымдасқан қылмыстық топ пен қылмыстық қауымдастықтың негізгі айырмашылығы - олар ұйымдасқан және тұрақты келеді.

Қылмыстық топ пен қылмыстық қауымдастықтың ұйымдасқандығы мен тұрақтылдығын олардың құрамы мен ұйымдық құрылымынын айыптылығы, олардың мүшелерінің топтасқандығы, топтық тәртіпке және ұйымдастырушы және жетекшінің талаптарына бағыныштылығы, кылмыстық әрекеттерінің түрімен тәсілдерінің ұқсастығы, қылмыс жоспарлау мен оған жан-жақты даярлық жасауы, қатысушылар арасында рольдерді бөлісу, қылмысты жасырудың алдын-ала шараларын және кылмыстық әрекеттерден тапқан мүлікті өткізіп жіберуді қамтамасыз ету шаралары, тағы сол себептерімен белгілері дәлелдей алады.

Ұйымдасқан қылмыстық топ немесе қылмыстық қауымдастық жасаған ұрлыққа тікелей қатысқан ғана емес, қаржыландыруға, ұрлық объектілерді табуға, көлікпен және тағы басқалармен қамтамасыз етуге бағытталған басқа да әрекеттер, ұйымдасқан топқа не қылмыстыққа қатысқан деп табылады.

Мінеки, Қазақстан Республикасының ең Жоғарғы Сот төрелігін айтатын бұл мәселеге белгілі бағыт беріп, анықтауға жататын мән-жайлардың ара жігін ажыратып, алдын ала тергеу мен сот отырысында ең алдыменен қандай әрекеттерді орындау қажеттігін осылайша айқындаған.

Қазақстан Республикасының Жоғарғы Соты өз қаулысыңда бөтеннін мүлкін ұрлау мақсатында құрылған қылмыстық топ жөнінде түсіндірме бермегенімен, мұндай талан-таражға салу, есірткі бизнесі, мемлекеттің ұлттық және экономикалық қауіпсіздігіне қарсы қылмыстар жасау мақсатында да құрылатының ойымыздан шығармауымыз керек.

Көрсетілген қылмыс құрамы Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексіне тұңгыш рет еңгізіліп отыр. Ұйымдасқан қылмыс жеке адам, қоғам, мемлекет үшін аса қауіп тудыратын жалпыға мәлім. Осыған орай осы қылмыстың тікелей объектісі - қоғамдық немесе мемлекеттік қауісіздік болып табылады. Өйткені, ұйымдасқан қылмыс мемлекеттің, қоғамдық ұйымдастардың әртүрлі құрылымдарының бірқалыпты дұрыс қызмет атқаруына кедергі келтіруімен бірге, олардың дұрыс қызметіне  тосқауылдар жасап, нақты қауіп төндіреді.

Объективті     жағынан     Қылмыстық     кодекстің     235-бабында көрсетілген қылмыс кұрамы төмендегіше түрде сипатталады:

а)  ұйымдасқан қылмыстық топты құру, соңдай-ақ оны басқару (235-баптың I тармағы);

б)    қылмыстық    қоғамдастықты    (қылмыстық    ұйымды)    ауыр немесе аса ауыр қылмыс жасау үшін құру;

в)   қылмыстық   коғамдастықты   (ұйымды)   немесе   оған   кіретін кұрылымдық бөлімшелерді басқару;

г)  қылмыстық топтардың ұйымдастырушыларының, басшылары-ның  немесе   өзге   де   өкілдерінің   бірлестіктерін   құру   (Қылмыстық кодексінің 235 баптың 2 тармағы);

Қылмыстық қоғамдастықты басқаруға оны немесе оған кіретін бөлімшелерді тікелей басқарып, жұмысын үйымдастыру, олардың кұжаттарын дайындау, қоғамдастыққа кіретін, адамдардың, олардың бірлестіктерінің міндеттерін, рольдерін айқындау, оларга міндет жүктеу әрекеттері жатады.

Қылмыстық қоғамдастыққа қатысуда, осы қоғамдастықтың міндеттерін тікелей жүзеге асыру үшін қылмыстық әрекеттердің тікелей орыңдаушысы болу немесе қылмысты жүзеге асыру үшін көмекші міндеттерді атқару немесе қылмыстық қоғамдастықты қажетті құжаттармен, басқа материалдармен жабдықтау әрекеттерін жүзеге асырушылықтар жатады.

Субъективтік жағынан қылмыс тікелей касақаналықпен жасалады: кінәлі үйымдасқан қылмыстық топ, қауымдастық (ұйымды) кұрудың, оны басқарудың немесе оған қатысудың қоғамға қауіпті , заңға қайшы екенін сезеді, біледі, бірақ соған қарамастан оны кұруды, оған басшылық етуді немесе оның қызметіне қатысуды тілейді.

  Қылмыстық кодексінің 235 бабының 1,2,3 тармақтарында көрсетілген қылмыстардың субъектісі болып 16-ға толган, есі дұрыс кез келген адам, ал осы баптың 4 тармағында көрсетілген қылмыстын субъектісі болып - арнаулы субъект (қылмысты әрекеттерді істеуге лауазымдық жағдайын пайдаланған лауазым иелері немесе өкімет "өкілдері" танылады.

          Ұйымдасқан қылмыстық топты құру, сол сияқты оны басқару бес жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айыруға жазаланады.

Қылмыстық қоғамдастықты (қылмысты ұйымды) ауыр немесе оған кіретін құрылымдық бөлімшелерді басқару, сол сияқты ауыр немесе аса ауыр қылмыстар жасау үшін жоспарлар мен шарттар әзірлеу мақсатында ұйымдасқан қылмыстық топтардың ұйымдастырушыларының, басшыларының немесе өзге де өкілдерінің бірлестіктерін құру - мүлкі тәркіленіп немесе онсыз , бес жылдан он жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айыруға жазаланады.Осы баптың бірінші, екінші, үшінші бөліктерінде көзделген әрекеттерді адам өз қызмет бабын пайдалана отырып жасаса -- мүлкі тәркіленіп немесе онсыз, сегіз жылдан он бес жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айыруға жазаланады.

Заң террорлық әрекетке - адамдардың қаза болуы, елеулі мүліктік   зиян   келтіру   не   қоғамға   қауіпті   басқа   зардаптардың   болу қауіпін төндіретін жарылыс   жасауды, егер осы іс-әрекеттер қоғамдық қауіпсіздікті бұзу, халықты қорқыту не мемлекеттік ықпал ету мақсатында жасап, сондай-ақ аталған іс-әрекеттерді дәл осы мақсатта жасаумен қоркытуды іске асыру - деген Қазақстан Республикасының Қылмыстық кодексінің 233-бабы осындай анықтама береді.

Терроризм - қазіргі дәуірдегі ең қауіпті қылмыс түрі болып табылады. Мұндай қылмыстар көп жағдайларда ұлттық шектен шығып халықаралық сипат алуда. Террорлық әрекеттер әртүрлі болуы мумкін, бірақ оның бәрін біріктіретін екі түрлі элемент бар. Оның біріншісі -терроризм мемлекеттік өкімет билігін күйретуге бағытталған; екіншісі - терроризмді жүзеге асыру арқылы, яғни террористердің ұйымдасқан, қатыгездік әрекеттер арқылы тұрғындарға үрей, қорқыныш қорғансыздық сезімін туғызу болып табылады.

Қылмыстың объектісі - қоғамдық қауіпсіздік. Қылмыстың объективті жағы төмеңдегідей әрекеттердің болуымен сипатталады:

а)  адамдардың қаза болуы, елеулі мүліктік зиян келтіру немесе қоғамға қауіпті басқа зардаптардың  болу  қаупін  төндіретін жарылыс жасау, өрт қою немесе өзге де іс-әрекеттер   жасау;

б)  аталған әрекеттерді жасаумен қорқыту;

Заң тұрғысынан алғандағы мағынасына сәйкес терроризмді адамдар көбірек шоғырланатын құнды мүліктер сақталатын жерлерде жүзсге асырылатын немесе ең бастапқыда ақ белгілі бір маңыздылығы бар ғимаратты не құрылысты жоюға бағытталған жарылыс жасау,өртеп жіберу немесе басқа да әрекеттер құрайды. Жарылыс жасау не өртеуден басқа, адамдардың қаза болуы не елеулі мүліктік зиян келтіру қаупін немесе өзге де қоғамдық қауіпті салдардың орын алуын тудыратын басқа да әрекеттер осы қылмысты жасау тәсілдері болып табылады (гранатамен ататын немесе дәрімен ататын қарудың басқа түрлерінен ату, электрмен, сумен не газбен жабдықтаушы жүйелерді істен шығару, т.б.)

Егер де террорлық әрекетті жасау туралы ниеттің өзі ғана анықталып, ол пиғылдың қауіптігі және шынайылығы нақты әрекеттермен қуатталмаса, қылмыстық объективті жағының белгісі ретіндегі террорлық әрекет жасаумен қорқыту да орын алмайды. Адамдардың қаза болу, елеулі мүліктік зиян келтіру не қоғамға қауіпті басқа зардаптардың орын алу қауіптілігін төндіру терроризмнің міндетті белгісі болып табылады.

Қоғамға қауіпті басқа зардаптардың қатарына мыналарды жатқызуға болады: тұрғын үйлер, өндірістік немесе басқа ғимараттар мен құрылыстар орналасқан төңіректің үлкен жерін су басуы; апат, катострофа, аймақтың химиялық немесе радиоактивті заттармен ластануы, т.б.

Терроризм адамдардың қаза болуына, елеулі зиян келуіне немесе қоғамға кауіпті басқа зардаптардың орын алуына шынайы кауіп төндіретін жарылыс, өртеу не басқа әрекеттердің жасалу сәтінен бастап аяқталған   қылмыс   ретінде   тану   міндетті   түрде   орын   алуы   талап етілмейді.

Қылмыстың субъективті жағы тікелей ниеттің болуымен байланысты. Тұлға адамдардың қаза болу, елеулі мүліктік зиян келтіру немесе қоғамға қауіпті басқа зардаптар орын алатындай қауіп төндіруші жарылыс, өртеу не басқа әрекет жасайтындығын немесе осындай әрекеттерімен қорқытатындығы түсініп біледі және нақ сол әрекеттерді жасауды тілейді.

Терроризмнің мақсаты, яғни коғамдық қауіпсіздікті бұзу, халықты қорқыту не мемлекеттік органдардың шешім қабылдауына ықпал ету - оның негізгі белгісі болып табылады.

Қоғамдық қауіпсіздікті бұзу, сол сияқты, халықты қоркыту мақсаттары тұлғаның қоғамды дүрбелең күйге ұшыратуға, қалын көп-шілікті өздерінің өмірі, денсаулығы, мүлкінің сақталуы үшін үрейлен-діруге ұмтылумен сипатталады.  Ал, мемлекеттік органдардың шешім қабылдауына ықпал ету мақсаты айыптының бұл органдарды терроршылар үшін тиімді, бірақ заңсыз әрі тиімсіз әрекеттер жасауға не шешімдер қабылдауға мәжбүр қылғандай ниетінің болуымен байланысты.

Қылмыстың субъектісі - 14 жасқа толған тұлға. Терроризмнің       Қазақстан       Республикасының       Қылмыстық кодексінің 233-бабының 2-бөлімімен көзделген бағаланған түрі ретінде:

а)  адамдар тобының алдын ала сөз байласуы бойынша;

б) бірнеше рет;

в) атыс қаруын  қолдана  отырып  жасаған  нақ  сол   әрекеттері танылады;

Егер де терроризмді жасауға осы қылмысты бірлесіп жасау туралы алдын ала келіскен (жарылыс, өрт не басқа әрекеттерді немесе осы әрекеттермен қорқытудың жасалу сәтіне дейін) екі не одан да көп тұлғалар қатысса, ол алдын ала сөз байласу бойынша адамдар тобы арқылы жасалған деп танылады.

Дәрімен ататын қару пайдалану деп оны адамның денсаулығына зиян келтіру үшін іс жүзінде қолдануды айтады. Дәрімен ататын карулар қатарына пистолеттер, винтовкалар, автоматтар, пулеметтер, фанатометтер және т.б. жатады.Жаппай қырып-жоятын қарулар қатарына жарылыс арқылы немесе радиоактивті материалдар көмегімен әсер ететін қарулар, өлтіретін химиялық, биологиялық қарулар және атом бомбасының не жоғарыда аталған қарулардың бірінің қасиетіне не болашақта жасалып шығарылатын кез келген басқа қару жатқызылуы тиіс.

Заң терроризм актісін дайындауға қатысқан адамды, егер ол мемлекеттік органдарды дер кезінде ескертуімен немесе басқа жолмен терроризм актісінің жүзеге асырылуын болдырмауға жәрдемдессе және егер ол адамның іс-әрекетінде өзге қылмыс құрамы болмаса қылмыстык жауаптылықтан босатуды қарастырады. Сонымен, тұлғаны терроризмге дайындалғаны үшін қылмыстық жауаптылықтан босату екі түрлі шарттың болуына байланысты:

1.  Мемлекеттік органдарды дер кезінде ескерту нәтижесінде немесе   басқа    жолмен    (жарылғыш    кондырғыны    залалсыздандыру, бірлесіп    қатысушыларды     айныту)     аталған     актінің     алдын     алу (болдырмау).

2.  Терроризмді дайындаушы тұлғалардың әрекеттерінде қылмыстың басқа құрамының болмауы.

Терроризм, яғни адамдардын қаза болуы, елеулі мүліктік зиян келтіру, не қоғамға қауіпті басқа зардаптардың болу қауіпін төндіретін жарылыс жасау, өрт қою немесе өзге де іс-әрекеттер жасау, егер осы әрекеттер    қоғамдық    қауіпсіздікті     бұзу     халықты     қорқыту  не мемлекеттік органдардың шешім қабылдауына ықпал ету мақсатында жасалса: сондай-ақ аталған іс әрекеттерді дәл осы мақсатта жасаймын деп қорқыту - 3 жылдан 8 жылға дейін мерзімге бас бостандығынан айыруға жазаланады.Абайсызда адам өліміне немесе басқа ауыр зардаптарға әкеп соқса - 10 жылдан 15 жылга дейінгі мерзімге бас бостандығынан айыруға жазаланады.9

Терроризм актісі туралы көрінеу жалған хабар беру көп жағдай-ларда адамдар арасында әбіржу, тәртіпсіздік туғызады, мемлекеттік басқа да мекемелердің, кәсіпорындардың, көліктің бірқалыпты жұмыс істеу ырқын бұзады.

Мұндай хабарлауға сенген мемлекеттік органдар, жекелеген адамдар әбігерге түсіп, дайындалып жатқан террорлық актіні тоқтату үшін ұйымдастырушылық техникалық шаралар өткізу мәжбүр болады. Осыған байланысты бұл қылмыстың тікелей объектісі - қоғамдық қауіпсіздік болып табылады.

Адамды кепілге алу (234 бап). Адамды кепілге алу халықаралық маңызы бар қылмыс болып табылады. Біріккен Ұлттар Ұйымының Бас Ассамблеясы 1979 жылғы желтоқсанда "Адамды кепілге алуға қарсы күрес туралы" халықаралық Конвенция қабылдаған.

Қылмыстың тікелей объектісі - кепілге алынған адамдардың өмірі мен денсаулығының қауіпсіздігі. Объективтік жағынан қылмыс адамды кепілге алу немесе кепілдік ретінде ұстау арқылы сипатталады. Кепілге алу - кез-келген құқыққа қайшы түрде, күш тану арқылы адамды бостандығынан айырып, қолға түсіру болып табылады. Кепілдік ретінде ұстау - адамды өз еркімен жүріп-тұру мүмкіндігінен күш қолдану арқылы айырып, бостандығынан айыру болып табылады. Адамды кепілге алу - формальдық құрамға жатады. Қылмыс жәбірленушінің бас бостандығынан айырылған уақытынан бастап аяқталған деп саналады. Субъективтік жағынан қылмыс тікелей касақаналықпен жасалады. Кінәлі адам адамды заңсыз кепілге алғанын және кепілдік ретінде ұстап тұрганын сезеді, біледі және соны тілеп әрекет істейді.

Информация о работе Қоғамдық қауіпсіздікке және қоғамдық тәртіпке қарсы қылмыстардың ұғымы, маңызы және заңдылық сипаттамасы