Автор работы: Пользователь скрыл имя, 27 Августа 2014 в 18:47, реферат
Еліміздің тәуелсіз, демократиялық, құқықтық мемлекет болып жарияланғанына жиырма үш жыл болды. Осы жылдар ішінде көптеген іс тындырылғаны мәлім. 1997 жылы шілде айының он алтыншы жұлдызында Қазақстан Республикасының жаңа Қылмыстық кодексі қабылданып, ол 1998 жылдың 1 қаңтардан бастап заңды күшіне енді.
Кіріспе
I тарау. Қоғамдық қауіпсіздікке және қоғамдық тәртіпке қарсы қылмыстардың ұғымы, маңызы және заңдылық сипаттамасы.
II тарау. Қоғамдық қауіпсіздікке қарсы қылмыстардың түрлері және олардың ерекшеліктері.
2.1. Қоғамдық қауіпсіздікке қарсы қылмыстардың арасынан ұйымдасқан қылмыстық топтардың жасайтын қылмыстары.
III тарау. Қоғамдық тәртіпке қарсы қылмыстардың түрлері, және олардың ерекшсліктері.
Қорытынды
Қолданылған әдебиеттер.
Кіріспе
I тарау. Қоғамдық қауіпсіздікке және қоғамдық тәртіпке қарсы қылмыстардың ұғымы, маңызы және заңдылық сипаттамасы.
II тарау. Қоғамдық қауіпсіздікке қарсы қылмыстардың түрлері және олардың ерекшеліктері.
2.1. Қоғамдық қауіпсіздікке қарсы қылмыстардың арасынан ұйымдасқан қылмыстық топтардың жасайтын қылмыстары.
III тарау. Қоғамдық тәртіпке қарсы қылмыстардың түрлері, және олардың ерекшсліктері.
Қорытынды
Қолданылған әдебиеттер.
КІРІСПЕ
Адам болмаса, адамның құқықтары мен бостандықтары қадірленбесе, аяққа тапталса, онда қоғам өмір сүрмейді немесе оны адамзат қоғамы деп атау мүмкін болмайды. Қоғамда өмір сүргендіктен және ең бастысы оған "адам" деп ат қойғандықтан, қоғамның ережелерін сақтауы тиіс және "адам" деген атқа лайықты болуы тиіс. Адам қоғамның және болашақтың негізі болғандықтан, адамның өмірі мен денсаулығы бірінші орынға қойылады. Адамзат әлі идеалды дәрежеге жетпегендіктен оның әрекеттерінде қателіктер кездеседі.
Олар қоғамға қауіпті әрекет жасайды. Басқа адамдарды қылмысқа итермелейді немесе өзі байқамай адамды қылмыскер етіп тәрбиелеуі мүмкін. Біздің міндетіміз бұған жол бермеу, құқық бұзушылықтың алдын алу, адамды өркениеті қоғамның баласы етіп тәрбиелеу. Бұл мақсатқа жету үшін көптеген салалар өз үлестерін қосады. Соның ішіндегі саяси, әлеуметтік, экономикалық, құқықтық салаларды атап өтуге болады. Адамдарға қарсы қылмыстарды зерттегенде ең алдымен олардың алдын алу, мұндай қылмыстарды болдырмау жолдарын қарастырған дұрыс. Ал, қылмыс жасалып қойса, оны қылмыстық заңдармен дұрыс саралап, әділ жаза тағайындау аса маңызды. Ол үшін қоғамға қарсы қылмыстардың қатарына қандай іс-әрекеттер жататындығын, олардың құрамын, белгілерін білуіміз қажет. Оларды басқа қоғамға қауіпті іс-әрекеттереден айырып дұрыс саралау керек. Осыларды толық зерттеп болғаннан кейін ғана олармен күресудің жолдарын, тиімді тәсілдерін және алдын алу шараларын ойластырып, қарастыруға болады.
Еліміздің тәуелсіз, демократиялық, құқықтық мемлекет болып жарияланғанына жиырма үш жыл болды. Осы жылдар ішінде көптеген іс тындырылғаны мәлім. 1997 жылы шілде айының он алтыншы жұлдызында Қазақстан Республикасының жаңа Қылмыстық кодексі қабылданып, ол 1998 жылдың 1 қаңтардан бастап заңды күшіне енді.
Жаңа Қылмыстық заңның ең басты міндеттерінің бірі - адам, қоғам, мемлекет мүддесін қорғау болып табылады.
Қылмыстық құқық жеке құқық саласы ретінде адамды, оның құқықтары мен бостандықтарын, қоғамды және мемлекетті қылмыстық қол сұғушылықтан қорғауға бағытталған қоғамдық қатынастарды реттейді.
Жеке адам мен қоғам арасындағы қақтығыстардың қайсысының қоғамға қауіптілік дәрежесінің басым екендігін анықтау және оған осы мәселеде қылмыстық кұқылық шараларды реттеу - қылмыстық заңның негізгі міндеттерінің бірі болып табылады. Адамның және азаматтың құқықтары мен бостандықтары мемлекет арқылы қорғалады. Қазақстан Республикасының Конституциясының II-бөлімі осы мәселеге тікелей арнаған. Конституцияның 1-бабында "Ең қымбат қазына - адам және адамның өмірі, құқықтары мен бостандықтары", - деп жарияланған.
Осыған орай, Қазақстан Республикасындағы барлық құқық салалары, оның ішіңде Қылмыстық кодексте адамды корғауды өзінің міндетті деп санайды. Қазақстан Республикасының ҚК- нің 2-бабында адам және азаматтың құқықтары, бостандықтары мен заңды мүдделерін қорғау ең басты міндет ретінде көрініс тапқан. Қазақстан Республикасында барлық заңдары жеке бостандықтарын қорғауға әр уақытта артықшылық береді.
Күнделікті өмірде қылмыс жасайды, қоғамдық тәртіпті бұзды деген сөзді жиі естуге болады. Демек, мұндай әрекет жасаушылар білмей немесе қасақана заңдылықтың, құқық тәртібін бұзады. Соның нәтижесінде құқық бұзушылық пайда болады. Құқық бұзушылық дегеніміз құқыққа қарсы, қоғамға қайшы, тұлғаға зиянды, қауіпті кінәлі деп танылып жазаланатын әрекет немесе әрекетсіздік.
Қылмыс - бір адам арқылы емес бірнеше адамның бірігуі арқылы істелуі мүмкін. Бірнеше адамның қылмыс істеуінің нәтижесінде істелген қылмыстың мәні, одан туындайтын зиянның мөлшері де жеке дара адам істеген жауапты болатын адамдардың соның тұра анықтау қажеттілігі туындайды.
Сондай-ақ бұл адамдардың жауаптылығының негізімен шегін, олардың әрқайсысының бірігіп қылмыс істеудегі кінәсінің мәні мен дәрежесіне қарай салыстыру, әрбір қылмыскердің жеке тұлғасынын ерекшеліктерін анықтаудың маңызы зор. Қылмысқа қатысу институты ғана осы мәселелерді анықтауға толық мүмкіндік туғызады.
I тарау
Қоғамдық қауіпсіздікке және қоғамдық тәртіпке қарсы қылмыстардьщ үғымы, маңызы және заңдылық сипаттамасы
Қылмыстық кодексте жазалау қатерімен тыйым салынған айыпты қоғамдық қауіпті әрекет (іс-әрекет немесе әрекетсіздік) қылмыс деп танылады. Қылмыстық заңды ұқсастығы бойынша қолдануға жол берілмейді.
Көптеген Батыс Еуропа елдерінің қылмыстық құқықтарында, қылмыстың формальді анықтамаларына түсінік беруі орын алған, отанымыздың қылмыстық құқықтарына тән, қылмыстық заңда, жазалау қатерімен тыйым салынған материалды-формальді анықтамадағы әрекет дәстүрлі түрде орын алғандығы белгілі.
Егер қылмыстың түсінігі формальді анықтамаға түсінік бере отырып қол сүғушылықтың құқыққа қарсы формальді белгілеріне сілтеме жасаса, ал материалдық анықтамада формальді белгілерімен міндетті түрде материалды қоғамға қауіптілік, әрекет немесе әрекетсіздік болып табылады.
Қылмыстың түсінігі Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексі 9-бабында берілген. Осы кодексте жазалау қатерімен тыйым салынған айыпты қоғамдық қауіпті әрекет (іс-әрекет немесе әрекетсіздік) қылмыс деп танылады.
Берілген анықтамаға сәйкес, қылмыс міндетті белгілерімен сипатталынады. Бұл - қоғамға қауіптілік, оның құқыққа қайшылығы, кінәлілік және жазалылық. Тек қана осы көрсетілген белгілердің жиынтығының болуымен ғана байланысты қол сұғушылық қылмыс болып табылуы мүмкін.
Қылмыстың бірінші белгісі - оның қоғамға қауіптілігі. Қоғамға қауіптілік - қылмыстың заңмен қорғалған қоғамдық қарым-қатынасқа нақты қауіптілікті тудыратын немесе зиянын тигізетін қылмыстың объективті белгісі (әрекет немесе әрекетсіздік).
Қоғамға қауіптілік қылмыстың нақты түрдегі сапалық белгісі болып табылады, яғни заң атқарушы тек осы қоғамға қауіптіліктің белгілерін анықтаумен ғана байланысты әрекет немесе әрекетсіздіктің қылмыс қатарына жатқызуға болатындығын дәлелдеп көрсетеді. Қоғамға кауіптілік іс-әрекеттің қоғамдық қатынастарға зиян келтіруін немесе зиян келтіру қауіпін туғызуы белгілерімен сипатталанады. Заң атқарушы, егер қол сұғушылыққа тыйым салуды міңдетті түрде таба отырса, қауіп туғызған нақты әрекет немесе әрекетсіздікті әрқашан да қылмыс қатарына жатқыза бермейді.
Қоғамға қауіптілік - тек қылмысқа ғана қатысты деп айтуға болмайды. Әкімшілік құқық мысалы, қоғамға немесе мемлекетке жеке адамға зиян тигізеді. Бірақ олардың қоғамға қауіптілігі едәуір төмен. Заң шығарушы қылмысты басқа құқық бұзушылықтан айырып көрсетуі үшін, қол сүғушылықтың нәтижесінде болатын зардаптардың белгілерін сипаттайтын белгілерді ҚК-тің Ерекше бөлімі баптарының диспозициясында көрсеткен. Қоғамға қауіптілік қоғамды зиянды әрекеттің өзінің тікелей ерекшелігіне, яғни оны істеу уақыты, орны, тәсілі, жағдайларға байланысты әр түрлі болуы мүмкін. Мысалы: тиісті рұқсат етілмеген немесе тыйым салынған жерлерде не тыйым салынған аңдарға қатысты аң ауланса, ол заңсыз болып табылады. Қылмыстық кодекстің 296-бабы в) бөлігі бойынша .механикалық көлік кұралдарын жүргізуші адамның жол қозғалысы немесе көлік құралдарын пайдалану ережелерін бұзуы, абайсызда адамның денсаулығына ауыр немесе орташа ауырлықтағы зиян келтірсе, онда осы бап бойынша болған жағдайда жауаптылық әкімшілік ретпен қарастырылады.
Қылмыс жасаған кезде он алты жасқа толған адам қылмыстык жауапқа тартылады.
Қылмыс жасаған кезде 14 жасқа толған адамдар кісі өлтіргені (96-бап), денсаулыққа қасақана ауыр зиян келтіргені (103-бап), ауырлататын мән-жайлар кезінде денсаулыққа орташа ауырлықтағы зардап келтіргені (104-бап 2-бөлігі), зорлағаны (120-бап), жыныстық сипаттағы күштеу әрекеттері (121-бап), адамды ұрлағаны (125-бап), ұрлық жасағаны (175-бап), кісі тонағаны (178-бап), ұрып-соққаны (179~бап), қорқытып алғаны (181-бап), терроризм (233-бап), адамды кепілге алу (234-бап), террорлық акті туралы біле тұра көрінеу өтірік хабарлағаны (242-бап), қару-жарақты, өқ-дәріні, жарылғыш заттар мен жарылғыш құрылғыларды ұрлағаны не қорқытып алғаны (255-бап), ауырлататын мән-жайлардағы бұзақылығы (257-бап 2,3-бөлігі), тағылық (258-бап), есірткі заттарды немесе жүйкеге әсер ететін заттарды ұрлағаны не қорқытып алғаны (260-бап), ауырлататын мән-жайлар кезінде қайтыс болған адамдардың мүддесін және олардың жерленген жерлерін қорлағаны (275 бабы 2-бөлігі), көлік кұралдарын немесе қатынас жолдарын қасақана жарамсыз еткені (299-бап) үшін қылмыстық жауапқа тартылуға тиіс.
Қылмыстық қауіпсіздік деп ~ адамдардың қауіпсіз өмір сүруін, бірқалыпты қызметін, радиоактивті материалдарды залалсыз пайдалану, қаруды, өқ-дәріні, жарылғыш заттарды немесе жарылғыш қондырғылар-ды тиісінше және қауіпсіз пайдалану, сондай-ақ таукен немесе құрлыс жұмыстарын қауіпсіз жүргізуді реттейтін қоғамдық қатынастарының жиынтығы болып табылады.
Бұл қоғамдық қауіпсіздікке қарсы қылмыстардың топтық объектісі болып табылады. Бұл қоғамға қауіпсіздікке қарсы қылмыстардың тікелей объектісі қоғамдық қауіпсіздіктің жекелеген салалары (адам өмірінің және оның қызметінің қауіпсіздік шарттары; ерекше қауіп көзі болып табылатын заттарды пайдалану, өліммен аяқталатын зардап түғызуы мүмкін жұмыстарды жүргізу және т.б.) болып табылады. Осы топқа жататын кейбір қылмыстардың қосымша тікелей объектісі адамның өмірі, денсаулығы болуы мүмкін.Объективтік жағынан алғанда қоғамдық қауіпсіздікке жататын қылмыстардың көпшілігі әрекет арқылы (ҚК-тің 233 және басқа баптары); ал қайсы біреулері әрекет немесе әрекетсіздік күйде (мысалы: ҚК-тін 245, 246 баптары) жүзеге асырылады. Кейбір қылмыс құрамының нормалары бланкеттік диспозицияға негізделген (ҚК-тің 245, 246, 251 баптары).
Көптеген қылмыстар құрам жағынан формальдық (ҚК-тің 233-234, 237 баптары), ал қайсы біреулері материалдық құрамға (ҚК-тің 245, 244 баптары) жатады. Адамның, оның құқықтары мен бостандығын ең жоғарғы әлеуметтік құндылық деп тану адамдардың қауіпсіз тіршілігін, қоғамдық және мемлекеттік құрылымдардың қалыпты қызмет атқаруын қамтамасыз ете алатын, тиісті әлеуметтік жағдайлар құрулуына байланысты. Азаматтардың еңбек етуімен демалуы, мемлекеттік тәртіпті қорғау үшін қажетті жағдайлар құруға бағытталған құқықтық шаралар жүйесі адамдардың, қоғамдық және мемлекеттік мүдделердің әлеуметтік қорғалуын қамтамасыз ететін маңызды фактор болып табылады. Қоғамдық қауіпсіздік және қоғамдық тәртіпке бағытталған қол сүғушылық үшін жауаптылық көздейтін ҚР ҚК 9-тарауынын нормалары осындай шаралардың қатарына жатады.
Қоғамдық қауіпсіздік жәңе қоғамдық тәртіпке қарсы қылмыстардың ерекшелігі олардың қоғамдық қатынастардың қалың тобы үшін зиянды екендігіне (жеке бастың, кәсіпорындардың, мекемелердің, ұйымдардың және басқа әлеуметтік құрылымдардың қалыпты жұмыс атқаруының қауіпсіздігі үшін). Бұл санаттағы қылмыстарды жасау кезінде тек жеке бір адамның мүддесіне ғана емес, қоғам өмірінің қауіпсіз жағдайларына тұтасынан, яғни қоғамдық маңызды мүдделерге зиян келтіреді. Осыған байланысты, түгел қоғам өмірінің қалыпты және қауіпсіз жағдайлары, қоғамдық тәртіп, түрлі жұмыстар жүргізу және жалпыға бірдей қауіпті заттарды қолдану кезіндегі қауіпсіздік сияқты әлеуметтік құндылықтар тікелей қылмыстық ықпалға үшырауы мүмкін. Қазақстан Республикасының жаңа Қылмыстық қодексінің жалпыға бірдей қауіпсіздікті қоғамдық қауіптілікті оның тар мағынасында ғана емес, сол сияқты қоғамдық адамгершілікті, т.б. қамтамасыз етуші қоғамдық қатынастардың үлкен тобының құрамдас бөлшегі ретінде қарастырады. Бұл қоғамдық қатынастардың барлық жиынтығы Қылмыстық кодексте қоғамдық қауіпсіздік (кең мағынасында) және қоғамдық тәртіп деп аталып, Қазақстан Республикасының Қылмыстық кодексінің 9-тарауына кіретін қылмыстардың текті объектісін құрайды. Заңға сәйкес, Қылмыстық қодексінің 9-тарауының нормаларымен құрастырылған қылмыстардың объектісі қоғамдық қауіпсіздік және қоғамдық тәртіп болып табылады, яғни, қоғамның әр мүшесінің өмір сүру жағдайының қауыпсіздігін, әр түрлі жұмыстар жүргізу кезінде және жалпыға бірдей қауіпті заттарды қолдану барысында жеке бастың, қоғамның немесе мемлекеттің мүдделерінің қауіпсіздігін қамтамасыз ететіндей қоғамдық қатынастардың жиынтығы.
Объективті жағынан алғанда, қоғамдық қауіпсіздік және қоғамдық тәртіпке қарсы қылмыстардың көпшілігі әрекет арқылы жасаланады:
• терроризм (Қылмыстық кодексінің 233-бабы), адамды кепілге алу (ҚК-нін 234-бабы), бұзақылық (ҚК-нің 257-бабы) және басқалары.
Жекелеген қылмыстар тек әрекетсіздік арқылы да жасалуы мүмкін:
• атом энергетикасы объектілерінде қауіпсіздік ережелерін бұзу (ҚК-нің 244-бабы), тау-кен немесе құрылыс жұмыстарын жүргізу кезінде қауіпсіздік ережелерін бұзу (ҚК 245-бабы) және басқалары.
Қоғамдық қауіпсіздік және қоғамдық тәртіпке карсы қылмыстардын көпшілігі формальды құрамдас қылмыстар қатарына жатады:
• заңсыз әскерілендірілген құраманы ұйымдастыру (ҚК-нің 236-бабы), қаруды заңсыз жасау (ҚК-нің 252-бабы) және тағы басқа кейбір қылмыстардың кұрамы материалды болып құрастырылған, мысалы, өрт қауіпсіздігі ережелерін бұзу (ҚК-нің 256-бабы).5
Субъективті жағынан алғанда, қоғамдық қауіпсіздік және коғамдық тәртіпке қарсы қылмыстардың көпшілігі қылмыстың қасақана түрінің болуымен сипатталады. Бірқатар қылмыстар тек абайсызда жасалады, мысалы, атыс қаруын ұқыпсыз сақтау (ҚК-нін 253-бабы).
Қылмыстық кодексінің 233, 234 баптардың 2-бөлімі, 235, 237-240 баптарында көзделген қылмыстарда мақсат міндетті белгі болып табылады.
Қарастырылушы қылмыстардың субъектілері ~ он алты жасқа толған тұлғалар. Ал Қылмыстық кодекстің 233, 234, 242, 255 - 1,2-бөлімдері, 257-258 баптарымен көзделген. Қылмыстардың субъектілері 14 жасқа толған түлғалар болып табылады. Көп жағдайларда бұл қылмыстардың субъектілері жеке тұлғалар болса, жекелеген жағдайларда - арнайы белгілері бар тұлғалар болуы мүмкін.
II тарау
Қоғамдық қауіпсіздікке қарсы қылмыстардың -түрлері және олардьщ ерекшеліктері
Қоғамдық қауіпсіздікке қарсы қылмыстар қоғамдық тыныштық жағдайын, әлеуметтік құрылымдардың қалыпты қызмет атқаруын, түрлі жұмыстар жүргізу кезінде немесе қоғамдық заттарды қолдану кезінде жеке бастың, қоғамның немесе мемлекеттің мүдделерінің қауіпсіздігін камтамасыз етуші қоғамдық қатынастарға елеулі зиян келтіруші немесе мұндай зиян келтіру қауіпін тудырушы, қылмыстық заңға көзделген қоғамдық қауіпті әрекеттерден тұрады.
Қарастырылушы қылмыстарды тікелей объектілерге байланысты төменгідей топтарға бөлуге болады:
1. Қоғамдық қауіпсіздікке қарсы қылмыстар. Қылмыстардың аталған тобы қоғамдық өмірдің кез-келген бөлігінде жасалып, тұтас қоғам өмірінің қалыпты, қауіпсіз жағдайын сақтау саласындағы ең маңызды мүдделерді қозғауы мүмкін. Олардың қатарына Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінін 233-243-баптарымен көзделген қылмысты әрекеттер жатады.