Алаяқтық құрамы үшін қылмыстық жауаптылық

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 04 Ноября 2013 в 13:44, дипломная работа

Краткое описание

Объективтік жағынан алаяқтық бөтен мүлікті талан-таражға салу немесе бөтен мүлікке құқықты алу занда көрсетілген екі тәсіл арқылы: алдау немесе сенімге қиянат жасаумен жүзеге асырылады. Осы қылмысты жасағанда жәбірленуші мүлікті қылмыскерге оған сеніп өз қолымен тапсырады. Алданып немесе сеніп қалған меншік иесі немесе өзге де занды иеленуші қылмыскерге мүлкін немесе мүлкіне құқықты өз еркімен тапсырады. Алаяқтық жолмен алдау дегеніміз - шындыққа жатпайтын фактілерді көрінеу бұрмалап, жалған хабар беру, мәлімдеме жасау, жалған құжаттар көрсету арқылы өзін құқық қорғау органының қызметкері етіп көрсету, әртүрлі келісімдер бойынша бұйымның, заттың саны, сапасы, бағасы жөнінде көрінеу шатастыру, жалған сенім хаттар көрсетіп, басқа біреуге тиесілі қаражатты немесе мүлікке құқықты алу, осындай әдіспен біреудің үйін, көлігін және басқа мүлкін сатып, айырбастап жіберу, т.б. болып табылады

Содержание

КІРІСПЕ.............................................................................................................

1 АЛАЯҚТЫҚ ҮШІН ҚАРАСТЫРЫЛАТЫН ҚЫЛМЫСТЫҚ ЖАУАПКЕРШІЛІККЕ ЖАЛПЫ СИПАТТАМА

1. 1 Алаяқтық жалпы түсінігі және анықтамасы..........................................
1. 2 Алаяқтық қылмысының объектісі, заты және объективтік жағы...........
1. 3 Алаяқтық қылмысының субъектісі және субъективтік жағы.................

2 АЛАЯҚТЫҚТЫҢ САРАЛАНҒАН ҚҰРАМДАРЫНА СИПАТТАМА

2. 1 Адамдар тобының алдын-ала сөз байласып жасаған алаяқтығы ..........
2. 2 Бірнеше рет жасалынған алаяқтық ..........................................................
2. 3 Қызмет бабын пайдаланып жасалған алаяқтық ......................................

3 АЛАЯҚТЫҚТЫ ҰҚСАС ҚЫЛМЫСТАРДАН АЖЫРАТУ ЖӘНЕ ЖАЗА ТАҒАЙЫНДАУ МӘСЕЛЕСІ

3. 1 Ұрлықтың алаяқтықтан айырмашылығы..................................................
3. 2 Алаяқтықты жалған кәсіпкерліктен, тұтынушыларды алдау құрамдарынан ажырату .....................................................................................
3. 3 Алаяқтық үшін жаза тағайындау ...............................................................

ҚОРЫТЫНДЫ....................................................................................................

ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ.................................................

Прикрепленные файлы: 1 файл

АЛАЯҚТЫҚ диплом.doc

— 148.00 Кб (Скачать документ)

Қылмыстық заң қылмыс құралын әрекетті немесе әрекетсіздік тікелей жасаумен байланыстырады және осыдан белгілі бір қылмыстық салдар пайда болуыменде байланыстырады.

Қылмыстық  салдар деп  қылмыс құрамының объективті белгілеріне  жататын және тұлға әрекетімен (әрекетсіздігімен) негізделген қоршаған ортадағы өзгерістерді айтамыз.

Әрбір қылмыстық әрекет немесе әрекетсіздік қылмыстық заңмен қорғалатын тұлғалардың, қоғамның, мемлекеттің мүдделеріне қол сұғады. Бірақ қол сұғу объектіге келтірілген зиян материалды емес болуы мүмкін. Өйткені ол заттар әлеміне емес, адамдар арасындағы қатынасқа жатады.

Қол сұғу объектісіне  келтірілген зиян әр түрлі үлгіде көрінуі мүмкін. Мысалы, материалдық залал келтіру (біреудің мүлкін ұрлау, бүлдіру), физикалық зиян келтіру (денсаулығына зиян келтіру).

Заң шығарушы зиянды салдарларды  жазу кезінде әр түрлі техникалық тәсілдер қолданады. Соның біреуін  алатын болсақ, қылмыс құрамының қасақаналығы заңдағы сипаты бойынша құрамның аяқталуына белгілі бір қылмыстық салдарлар пайда болуы керек. Мысалы, қасақана кісі өлтіру, ұрлау және т.б. Заңда көрсетілген салдарлар жоқ болса, қылмыс жасау үшін қастандық жасалған болып саналады.

Материалды қылмыс жасау  кезінде тұлға әрекеті немесе әрекетсіздігімен зиянды салдарлар  пайда болуы арасындағы себепші  байланыстың болуы арасындағы себепші  байланыстың болуы немесе болмауы  сұрағы туындайды[10]. Қылмыстық құқық  теориясында себепті күрделі және даулы мәселелерінің бірі болып табылады.

Қазіргі қылмыстық құқықта  зиянды салдар тұлғаға тек қана, егер оның әрекеті немесе әрекетсіздігімен себепті байланыста ғана айыпталады.

Әрекет пен зиянды нәтиже арасындағы себепші байланыс егер әрекет нәтиженің пайда болуынан бұрын болса ғана болады.

Қылмыстық құқықта көптеген ғалымдар себепті байланысты философиялық категория негізінде қарастырады  өмір арасындағы байланыс деп қарастырады.

Қылмыстық нәтиже адам әрекетінің кездейсоқ салдары. Мысалы, адам денсаулығына жеңіл зиян келтірілсе, бірақ ол адам жараны таңу кезінде қанға инфекция түсіп қайтыс болады. Бұл жағдайда әрекет пен пайда болған салдардың қажетті ішкі байланысы жоқ, тек сыртқы кездейсоқ оқиғалардың ағымы.

Зиянды салдар тұлғаның әрекетсіздігінен де пайда болуы мүмкін. Тұлғаның әрекетсіздігі пайда болуы нәтижесімен байланыста болуы керек. Ол тұлғаның өзінің арнайы міндеттемелерін орындамаудың көрінеді.

4. Қылмыс құрамының  объективті жағының факультативті  белгілері.

Кез келген қылмыс белгілі бір уақытта, анықталған жағдайда және белгілі бір тәсілмен жасалады. Кей жағдайларда қылмыс жасау уақыты, орны, жағдайы және тәсілінің ерекшеліктері әрекеттің зияндығына мәнді әсер етеді.

Сондықтан заң бұл  белгілерді қылмыс құрамының маңызды  белгілеріне жатқызады:

1. Уақыт. Мысалы, қылмыстық  кодекстің баптарында ерекше  бекітілген әскери уақыт әскери  қылмыстардың зияны мен дәрежесін  көтеретін жағдайлар (367-368 б.б,  ІІІ-т.т.).

2. Кей жағдайларда  қылмыс құралы белгілеріне қылмыс  жасаған орын танылады. Мысалы, қылмыстық кодекстің 385-бабы, тонаушылыққа қатаң жауапкершілік бекітілген, онда өлген және жаралы тұлғаның заттарын алу көрсетілген.

3. Көп жағдайда қылмыстық  нақты құрамының объективті жақ  белгісі ретінде қылмыс жасау  әдісі танылады. Осылайша заң  шығарушы меншікке қол сұғуды тәсілдеріне байланысты бөледі (ұрлық, тонау, қарақшылық және т.б).

4. Кей кезде қылмыс  жасау кезінде белгілі бір  қаруды қолдану тәсілі қылмысты  ауырлатады. Мысалы, Қылмыстық Кодекстің  187-бап 2 тармақшасында қарастырылған  біреудің мүлкін өртеу арқылы немесе басқа да қоғамға қауіпті әдістерді қолданып қасақана бүлдіру немесе жою.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

  1. 3 Алаяқтық қылмысының субъектісі және субъективтік жағы

 

        

Қылмыстың субъективтік жағы — бұл қылмыс жасаумен тікелей  байланысты адамның психикалық әрекеті. Қылмыстың субъективтік жағының  мазмұны кінә, ниет жәні мақсат сияқты белгілердің көмегімен ашып көрсетіледі. Кінә — бұл адамның қылмыстық  заңмен қарастырылған қоғамға қауіпті іс-қимылды жасауға деген психикалық көзқарасы. Кінә мынадай элементтерден тұрады: сана (интеллектуалдык элементі) және ерік (ерік элементі).

Ақанов мас күйінде  адам толы бөлмеде оңды-солды атыс жүргізеді, сөйтіп бір адам өліп, үшеуі жараланады. Ақанов, бұл жағдайда өзінің әрекетінің айналасындағыларға қауіпті екендігін біліп, мұндай салдарлардың туындайтынын болжағанымен, бөлме ішіндегілердің біреуінің өліп кетуі мүмкін екендігіне жол беріп немқұрайды қарады.

Қылмыстың ниеті —  қылмыс жасаған адамның жетекшілікке алатын саналы ниеті, яғни пайдакүнемдік, қызғаныш, көре алмаушылық, қорқақтық және т.б. болу мүмкін.

Қылмыстың мақсаты —  тілейтін нәтиже туралы ой, оған кінәлі қол жеткізуге тырысады. Мысалы, оңай олжа табу мақсаты, трансплантациялау үшін орғандарды немесе тканьдарды пайдалану мақсаты, сату мақсаты, халықты қоркыту максаты және т.б.

  Қылмыстық құқық  бойынша қылмыс субъектісі ретінде,  есі дұрыс, қылмыстық құқық  жауапкершілік басталатын жасқа  толған жеке тұлға танылады.

Есі дұрыстық бойынша айтсақ, тұлға алаяқтық жасап отырған кезде, бөтен мүлікті талан-тараждағанда өз әрекеттеріне есеп беру мүмкіншілігіне ие болу керек және оларды басқара алу керек. Мұндай қабілеті жоқ болғанда тұлға қылмыстық жауапкершілікке тартылмайды. Алаяқтық қол сұғушылықтың субъектісі өзіндік ерекшеліктерге ие. Оның белгілері екі түрлі аспектіде зерттеледі: қылмыстық-құқықтық және криминологиялық. Бірінші аспектке есі дұрыстық және жауапкершілік басталатын жас белгілері кіреді. Екінші аспект алаяқ тұлғасының әлеуметтік (саяси) мінездемесін қамтиды.

ҚР ҚК 15-бабына сәйкес, алаяқтық қол сұғушылық үшін қылмыстық  жауаптылыққа, қылмыс жасау сәтіне қарай он алты жасқа толған тұлғалар тартылады. Жалпы, қылмыстық-құқықтық әдебиетте талан-таражды іс-жүзінде  тек кәмелетке толғандар, яғни он сегіз жасқа толғандар жасайды деген ойлар айтылды. Бірақ бұл оймен дауласуға болады. Ұрлық, тонау сияқты талан-тараждарды он төрт пен он сегіз жас аралығындағы кәмелетке толмағандар жасамақ түгіл, он төртке дейінгі жас балалар жасауы мүмкін. Өзге әңгіме алаяқтық құрамына сәйкес болуы мүмкін. Бұл қылмыс үшін жауаптылық он алты жастан басталса да, оны жасайтындар іс-жүзінде кәмелетке толғандар болуы мүмкін. Себебі, алаяқтықты жасау үшін интеллектуалдық деңгей белгілі бір дәрежеде дамыған болу керек.

Қолданыстағы қылмыстық  заңнамаға сәйкес, алаяқтық субъектісі – жалпы, және тек ҚК 177-бабының 2-бөлігінің  “в” тармағымен көзделген жағдайда – арнайы: жалпы субъектінің белгілеріне  қосымша белгілі бір қызметтік  жағдайы бар тұлға. Осы қылмысты лауазымды немесе өзге тұлға жасаса, олардың әрекеттері толығымен ҚК 177-бабымен қамтылады және қосымша саралауды қажет етпейді.

Криминологиялық аспектке келетін болсақ, аталған қылмысты көбіне ер адамдар жасайды. Әйел адамның  үлесі көп емес: шамамен 12 %-дан аспайды.

Алаяқтықтың 85 %-на шамаласы қалаларда, әсіресе ірі қалаларда  жасалады. Бұл көшедегі тұрақты емес саудада, әр түрлі лотереяларда көрініс  табады. Бұл алаяқтықтың негізгі  массасы. Бұдан сиректеу кездесетіні  пәтерлермен жасалатын қылмыстар  және арнайы білімді, интеллектіні қажет ететін қаржы алаяқтықтары. Көріп отырғанымыздай, алаяқ қылмыскердің тұлғасы әртүрлі болуы мүмкін. Бұл жерде білім деңгейі төмен, жоғары, жасы кәмелетке толмаған, толған, ересек адамдар қатысуы мүмкін.

Жалпы алаяқтық қылмысының жартысына жуық топпен жасалады. Мұндай топта әр мүшенің рөлі айқындалады. Бұл жәбірленушіні алдауға жеңілдетеді, ал заң шығарушы үшін қоғамға қауіптілік деңгейін арттырады. Алаяқтар арасында өздерінің “мамандықтары” болады. Олар: “шулерлар”, “оймақшылар”, “қуыршақшылар”, “пәтершілер” және т.б.

          Қылмыстық-құқықтық әдебиетте қылмыстың  субъективтік жағы ретінде тұлғаның  психикалық қызметі түсініледі. Ол тұлғаның жасалған нәрсеге  психикалық қатынасында көрініс  табады. Егер объективтік жақ  қылмыстың сыртқы жағы болса, онда оның ішкі жағы ретінде субъективтік жақ болады. Субъективтік жақ белгілері ретінде кінә, ниет және мақсат болады.

Ғылымда кінә  – қасақаналық  немесе абайсыздық нысанында көрінетін, тұлғаның өзі жасаған қоғамға  қауіпті әрекеті мен оның қоғамға қауіпті салдарына деген психикалық қатынасы деп анықталады.

Талан-тараж кезінде  кінә тек тікелей қасақаналық  нысанында болады.Алаяқтық кезінде, кінәлі өз әрекеттерінің қоғамға  қауіптілігін сезінеді, олардың қоғамға  қауіпті салдарын көре біледі және олардың тууын тілейді (мұндай әрекетті жасағысы келеді), оның себебі жәбірленушіге мүліктік зардап тигізу және мүліктік пайда алу. Кінәнің мазмұны интеллектуалдық және еріктілік моменттерінен құралады. Алаяқтық жасау барысындағы қасақаналықтың интеллектуалдық моменті құрамына объектіні, зат ерекшеліктерін, қылмыс жасау тәсілін сезіну және т.б. кіреді. Кінәлі ақиқатты бұрмалау немесе айтпау жолымен алдап отырғанын сезеді, осы арқылы жәбірленушінің алданатынын көре біледі, нәтижесінде соңғысы мүлікті немесе мүлікке құқықты өзі береді.

Алаяқтық қол сұғушылықтағы  қасақаналықтың еріктілік моменті  мынадан тұрады: кінәлі алдау және сенімге қиянат жасау жолдарымен мүлікті (мүлікке құқықты) иеленгісі  келеді және осы арқылы меншік иесіне мүліктік залал келтіруді тілейді.

Жоғарыда айтқанымыздай, талан-тараждау тек тікелей қасақаналықпен жасалуы мүмкін. Оның жанама қасақаналықтан айырмашылығы еріктілік моментінде. Тікелей қасақаналықта тұлға  зардаптың болуын тілейді, ал жанама қасақаналықта тілемейді, бірақ  бұған саналы түрде жол береді немесе бұған немқұрайды қарайды. Алаяқтықта, жалпы талан-таражда жәбірленушіде белгілі бір мүліктік масса азаяды, ал кінәліде керісінше, сәйкесінше мүліктік масса көбейеді. Осының нәтижесінде жәбірленушіде зардап туады. Егер кінәлі өзінің мүліктік массасының өсуін тілесе, онда бұл жәбірленушідегі мүліктік массасының азаюынсыз, яғни зардапсыз болмайды. Демек, кінәлі зардаптарды тілейді. Бұдан шығатыны – алаяқтық жанама қасақаналықпен жасалмайтындығы. Сонымен бірге, алаяқтық қол сұғушылықты кінәлі алдын ала ойластырған қасақана ниетпен де, кенеттен пайда болған ниетпен де жасай алады. Көбінесе, жасалатын алаяқтықтың шамамен 91% - ында, қылмыс алдын ала ойластырған қасақаналық ниетпен жасалады. Егер қылмыстық қасақаналықтың пайда болуы мен жүзеге асыруы арасындағы уақыттың ажырауы қылмысты терең жоспарлау мен дайындауға байланысты болса, онда бұл құқық бұзушының қоғамға қарсы бағыттылығы тереңділігінің салдары болады да, қылмыстық қасақаналықтың қоғамдық қауіптілігі және кінәлі тұлғасының қауіптілігі артады.

Енді пайдакүнемдік  мәселесіне келейік. Пайдакүнемдік  түсінігі өте кең. Оған материалдық  та, материалдық емес те, кез келген пайданы жатқызуға болады.

ҚР ҚК 175-бап ескертуіне көз жүгіртсек, біз, талан-таражда белгі ретінде  пайдакүнемдік мақсат болатынына тап болмаыз. Алайда кейбір авторлар пайдакүнемдікті субъектінің жүріс-тұрысының ниеті ретінде қарастырады. Олардың ойынша, мақсат – бұл адамның алдына қойған шамшырақ секілді қойған белгілі бір нәтижесі. Ал ниет адамды белгілі бір әрекетке итермелейтін “ішкі күш”. Бұл жерде пайдакүнемдік термині ниет ұғымына сай келетін шығар. Ал мақсат терминіне келсек, алаяқтық қол сұғушылықтың мақсаты “баю”, “мүліктік массаның” көбеюі болады.

Сонымен, алаяқтық үшін қылмыстық  жауапкершілікке тарту үшін, тікелей қасақаналықты анықтау қажет. Әйтпесе, бұл объективтік айыптауға немесе дұрыс сараламауға әкеледі. Және де субъкетивтік жақты ескермей, алаяқтық қол сұғушылықты азаматтық құқықтағы мүліктік сипаттағы міндеттемелерді орындамаудан айыруға болмайды.


Информация о работе Алаяқтық құрамы үшін қылмыстық жауаптылық