Автор работы: Пользователь скрыл имя, 04 Ноября 2013 в 13:44, дипломная работа
Объективтік жағынан алаяқтық бөтен мүлікті талан-таражға салу немесе бөтен мүлікке құқықты алу занда көрсетілген екі тәсіл арқылы: алдау немесе сенімге қиянат жасаумен жүзеге асырылады. Осы қылмысты жасағанда жәбірленуші мүлікті қылмыскерге оған сеніп өз қолымен тапсырады. Алданып немесе сеніп қалған меншік иесі немесе өзге де занды иеленуші қылмыскерге мүлкін немесе мүлкіне құқықты өз еркімен тапсырады. Алаяқтық жолмен алдау дегеніміз - шындыққа жатпайтын фактілерді көрінеу бұрмалап, жалған хабар беру, мәлімдеме жасау, жалған құжаттар көрсету арқылы өзін құқық қорғау органының қызметкері етіп көрсету, әртүрлі келісімдер бойынша бұйымның, заттың саны, сапасы, бағасы жөнінде көрінеу шатастыру, жалған сенім хаттар көрсетіп, басқа біреуге тиесілі қаражатты немесе мүлікке құқықты алу, осындай әдіспен біреудің үйін, көлігін және басқа мүлкін сатып, айырбастап жіберу, т.б. болып табылады
КІРІСПЕ.............................................................................................................
1 АЛАЯҚТЫҚ ҮШІН ҚАРАСТЫРЫЛАТЫН ҚЫЛМЫСТЫҚ ЖАУАПКЕРШІЛІККЕ ЖАЛПЫ СИПАТТАМА
1. 1 Алаяқтық жалпы түсінігі және анықтамасы..........................................
1. 2 Алаяқтық қылмысының объектісі, заты және объективтік жағы...........
1. 3 Алаяқтық қылмысының субъектісі және субъективтік жағы.................
2 АЛАЯҚТЫҚТЫҢ САРАЛАНҒАН ҚҰРАМДАРЫНА СИПАТТАМА
2. 1 Адамдар тобының алдын-ала сөз байласып жасаған алаяқтығы ..........
2. 2 Бірнеше рет жасалынған алаяқтық ..........................................................
2. 3 Қызмет бабын пайдаланып жасалған алаяқтық ......................................
3 АЛАЯҚТЫҚТЫ ҰҚСАС ҚЫЛМЫСТАРДАН АЖЫРАТУ ЖӘНЕ ЖАЗА ТАҒАЙЫНДАУ МӘСЕЛЕСІ
3. 1 Ұрлықтың алаяқтықтан айырмашылығы..................................................
3. 2 Алаяқтықты жалған кәсіпкерліктен, тұтынушыларды алдау құрамдарынан ажырату .....................................................................................
3. 3 Алаяқтық үшін жаза тағайындау ...............................................................
ҚОРЫТЫНДЫ....................................................................................................
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ.................................................
АЛАЯҚТЫҚ ҚҰРАМЫ ҮШІН ҚЫЛМЫСТЫҚ ЖАУАПТЫЛЫҚ
МАЗМҰНЫ
КІРІСПЕ.......................
1 АЛАЯҚТЫҚ ҮШІН ҚАРАСТЫРЫЛАТЫН ҚЫЛМЫСТЫҚ ЖАУАПКЕРШІЛІККЕ ЖАЛПЫ СИПАТТАМА
1. 1 Алаяқтық жалпы түсінігі
және анықтамасы....................
1. 2 Алаяқтық қылмысының объектісі, заты және объективтік жағы...........
1. 3 Алаяқтық қылмысының субъектісі және субъективтік жағы.................
2 АЛАЯҚТЫҚТЫҢ САРАЛАНҒАН ҚҰРАМДАРЫНА СИПАТТАМА
2. 1 Адамдар тобының алдын-ала сөз байласып жасаған алаяқтығы ..........
2. 2 Бірнеше рет жасалынған алаяқтық ..............................
2. 3 Қызмет бабын пайдаланып жасалған
алаяқтық ..............................
3 АЛАЯҚТЫҚТЫ ҰҚСАС
ҚЫЛМЫСТАРДАН АЖЫРАТУ ЖӘНЕ
3. 1 Ұрлықтың алаяқтықтан
айырмашылығы..................
3. 2 Алаяқтықты жалған кәсіпкерліктен,
тұтынушыларды алдау құрамдарынан
ажырату ..............................
3. 3 Алаяқтық үшін жаза
тағайындау ..............................
ҚОРЫТЫНДЫ.....................
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР
ТІЗІМІ........................
1 АЛАЯҚТЫҚ ҮШІН ҚАРАСТЫРЫЛАТЫН
ҚЫЛМЫСТЫҚ ЖАУАПКЕРШІЛІККЕ
1. 1 Алаяқтық жалпы түсінігі және анықтамасы
Нарықтык экономика жағдайына және кәсіпкерлік қызметтің кең өрістеуіне байланысты талан-тараждың ең көп тараған нысаны алаяқтық болып табылады.
Қылмыстык занда "Алаяқтық - яғни бөтен мүлікті талан-таражға салу немесе бөтен мүлікке құқықты алдау немесе сенімге қиянат жасау арқылы алу", - деп көрсетілген (ҚК-тің 177-бабы).
Алаяқтың заты бөтеннің мүлкі немесе бөтен мүлікке құқық алу болып табылады.
Объективтік жағынан алаяқтық бөтен мүлікті талан-таражға салу немесе бөтен мүлікке құқықты алу занда көрсетілген екі тәсіл арқылы: алдау немесе сенімге қиянат жасаумен жүзеге асырылады. Осы қылмысты жасағанда жәбірленуші мүлікті қылмыскерге оған сеніп өз қолымен тапсырады. Алданып немесе сеніп қалған меншік иесі немесе өзге де занды иеленуші қылмыскерге мүлкін немесе мүлкіне құқықты өз еркімен тапсырады. Алаяқтық жолмен алдау дегеніміз - шындыққа жатпайтын фактілерді көрінеу бұрмалап, жалған хабар беру, мәлімдеме жасау, жалған құжаттар көрсету арқылы өзін құқық қорғау органының қызметкері етіп көрсету, әртүрлі келісімдер бойынша бұйымның, заттың саны, сапасы, бағасы жөнінде көрінеу шатастыру, жалған сенім хаттар көрсетіп, басқа біреуге тиесілі қаражатты немесе мүлікке құқықты алу, осындай әдіспен біреудің үйін, көлігін және басқа мүлкін сатып, айырбастап жіберу, т.б. болып табылады. Алаяқтың жалған құжаттарды пайдалануы көп реттерде заңсыз зейнетақыны, жәрдемақыны, басқа да төлемдерді алуда жиі пайдаланылады. Кінәлі адам осы құжаттарды пайдалану арқылы алаяқтықпен алдауда өзінің жасы, денсаулық жағдайы, еңбек стажы, орташа айлық, жылдық табысы туралы жалған мәліметтер енгізеді. Мұндай реттерде жалған құжаттарды кінәлінің өзі жасаса, онда оның, әрекеті қосымша ҚК-тің 325-бабымен саралануға жатады.
Алаяқтықтың екінші бір тәсілі — сенімге қиянат жасау болып табылады. Сенімге қианат жасау деп кінәлі адамның меншік иесімен немесе мүліктің өзге де занды иеленушісімен пайда болған әртүрлі сенімге негіз боларлық қатынастарды пайдалану арқылы олардың мүлкін, заңсыз иеленуі немесе иеленуге құқық алуы болып табылады. Мысалы, кінәлі адамнын әртүрлі азаматтық-құқықтық келісімдерді пайдалануы: тұрмыстық прокат шарты, сауда-саттыққа қарыз берушілер, белгілі бір жұмысты істеуге, бағып-қағуға міндеттемелік шарттар болып табылады. Осындай сенімге ие болу арқылы олар жәбірленушіге қарсы алаяқтық әрекеттер істейді.
Алаяқтың құрамы — материалдық. Оның субъективтік жағының міндетті белгілерінің бірі қылмыстың зардабы — меншік иесіне мүліктік залал келтіру болып табылады. Бұл қылмыс кінәлі адамның иелігіне мүліктің заңсыз өтуіне байланысты немесе кінәлінің жәбірленушінің мүлкіне заңсыз құқық алған уақытынан бастап аяқталған деп сараланады.
Субъективтік жағынан алаяқтык тек қана тікелей қасақаналықпен және қылмыс пайдакүнемдік ниет және мақ-сатпен орындалады. Бұл қылмыстың субъектісі де ұрлық субъектісімен (175-бап) бірдей:
а) адамдар тобының алдын ала сөз байласуы бойынша;
б) бірнеше рет;
в) қызмет бабын пайдаланып жасалған алаяқтық;
Осы қылмыстың ауырлататын түрі болып табылады. Қылмыстык кодекстің 177-бабы 2-тармағының "а" және "б" тармақшаларының мазмұны ұрлықтың (175-бабы) ауырлататын түрінде көрсетілген осыған ұқсас ұғымдармен бірдей, қызмет бабын пайдаланып жасалған алаяқтық деп (177-бабы 2-тармағының "а" тармақшасы) мемлекетгік кызметтің немесе коммерциялық, өзге де ұйымдардың басқару функциясын атқарған адамдардың қызмет бабын теріс пайдаланып, бөтеннің мүлкін алдау немесе сенімге қиянат, жасау жолумен иеленуі немесе соған иелік етуге құқық алуы болып табылады.
Алаяқтықтың аса ауырлататын түрлері де (ҚК-тің 177-ба-бынын 3-тармағы) ұрлықтың аса ауырлататын түрлерімен (175-баптың 3-тармағы) бірлей, мазмұны да ұқсас.
Сеніп тапсырылған бөтен мүлікті иеленіп алу немесе ысырап ету (176-бап)
Иеленіп алу немесе ысырап ету — кінәлі адамға тапсырылған бөтен мүлікті талан- таражға салудың бір нысаны болып табылады.
Қылмыстың объективтік жағы сеніп тапсырылған бөтен мүлікті иелену немесе ысырап ету белгілерімен сипатталады. Осыған байланысты бұл жерде талан-тараждың екі нысаыы: иеленіп алу немесе ысырап ету құрамдары туралы сөз болып отыр.
Иеленіп алу дегеніміз
- кінәлінің өзіне сеніп
Мүліктің жоғалуы, іріп-шіріп кету, жойылуы, басқа адамның ұрлауы нәтижесінде меншік иесіне қайтарылмаса, онда бұл иеленіп кетуге жатпайды.
Иеленіп кетуді бөтеннің мүлкін уақытша пайдалана тұрумен шатастыруға болмайды. Егер өзіне мүлік сеніп тапсырылған адам оны заңсыз пайдалана отырып, оны занды иесіне қайтаруға емес оның құнын төлеуге деген ниетте болса, онда оның әрекеті иеленіп кету емес, нақты жағдайларға қарай Қылмыстық кодекстің 228, 307 немесе 327-баптарымен саралануы мүмкін.
Ысырап етуге кінәлі
адамның өзіне сеніп
Сеніп тапсырылған бөтен мүлікті иелену мен ысырап етудің негізгі айырмашылықтары мынадай: сеніп тапсырылған бөтен мүлікті иеленуде кінәлі адам бөтеннің мүлкін жөнсіз, негізсіз, заңға қайшы әрекеттермен ұстап тұрады, иесіне қайтармайды, ал ысырап етуге осы аталған мүлікті әртүрлі жолмен талан-таражға салуы, пайдаланып кетуі, шашылып-төгілуі, рәсуә болуы, тегін немесе ақысын алып тарату жатады.
Иеленіп алу мен ысырап етудің ортақ белгісі: екі қылмыс құрамы бойынша да кінәлі адамға мүлік уақытша сеніп тапсырылады; мүлікті талан-тараж жасау үшін бұл ретте кінәлі адамдар өздеріне берілген мүлікке иеліктерді қылмысты әрекетке пайдаланады.
Қылмыстың субъективтік жағы тікелей қасақаналық нысаны арқылы сипатталады. Кінәлі адам өзіне сеніп тапсырылған бөтеннің мүлкін иеленетінін немесе ысырап ететінін сезеді және өз әрекеті арқылы меншік иесіне мүліктік залал келтіргенін күні бұрын біледі және сондай залалдың болуын тілейді. Бұл жерде кінәлі адам пайдакүнемдік ниетті басшылықка ала отырып, заңсыз бөтеннің мүлкі есебінен пайда табу мақсатында көздейді.
Қылмыстың субъектісі болып арнаулы субъект — талан-таражға түскен мүлік өзіне заң, шарт, контракт негізінде немесе қызметтік жағдайына байланысты сеніп тапсырылған мүлікке құзыретті адам танылады.
Сеніп тапсырылған бөтен мүлікті иеленіп алу немесе ысырап құрамының, ауырлататын (176-баптың 2-тармағы) және аса ауырлататын түрлері (176-баптың 3- тармағы) алаяқтықтың ауырлататын және аса ауырлататын құрамдары белгісімен ұқсас, соларға сай келеді. Сондықтан осы құрамдағы белгілердің мәнін қайталап ашып көрсетудін, қажеті жоқ.
Алаяқтық тақырыбы әрқашан өзекті, ал дағдарыс жағдайында түрлі алаяқтар халықтың абыржығанын пайдаланып, белсенділігін арттыра түседі.
Алаяқтық дегеніміз - яғни бөтен мүлікті ұрлау немесе бөтен мүлікке құқықты алдау немесе сенімге қиянат жасау арқылы алу болып табылады.
Қазақстан Республикасының Қылмыстық Кодекстің 177-бабына сәйкес, алаяқтық - алдау немесе сенімге қиянат жасау жолымен бөтен мүлікті ұрлау немесе бөтен мүлікке құқықты алу (дұрысы осы, ал Қазақстан Республикасының Қылмыстық Кодекстің 177-бабында алаяқтық құрамының диспозициясының қазақша мәтіні қате баяндалған).
Нарықтық экономика жағдайына және кәсіпкерлік қызметтің кең өрістеуіне байланысты талан-тараждың ең көп тараған нысаны алаяқтық болып табылады
Кейінгі жылдары алаяқтық қылмысы қарқынды өсуде. Бұл нарықтық қатынастардың дамуына байланысты жылжитын және жылжымайтын мүліктер азаматтық айналымға көптеп түсуінің көлеңкелі жағы деп айтуға болады. Азаматтар мүлікке және мүлік құқығына қатысты түрлі операцияларды жасағанда тиісті сақтық пен сауаттылық танытпайды. Нәтижесінде алаяқтардың алдауына түсіп қалады.
Алаяқтықты: 1) бөтен мүлікті ұрлау; 2) бөтен мүлікке құқықты алу деп екі түрге бөлу алаяқтық затының мазмұнына елеулі түрде ықпал етеді. Егер алаяқтың бірініші түрі орын алған жағдайда оның заты жылжымалы мүлік қана бола алтын болса, ал бөтен мүлік құқығына ие болған жағдайда алаяқтық заты үй, саяжай, кеме сияқты жылжымайтын мүлік болады.
Алаяқтықтың құрамы - материалдық. Ал алаяқтықтың аса ауырлататын түрлері де ұрлықтың аса ауырлататын түрлерімен бірдей, мазмұны да ұқсас.
Алаяқтық жасаудың
тәсілі ретіндегі алдау
Алаяқтықтың кең
тараған түрі сатуға немесе
айырбастауға ұсынатын заттары
мен мүліктерінің сыртқы түрін,
Сөйтіп, кез келген
алдау, егер ол жәбірленушіні
амалсыздан басқа бір адамға
мүлкін немесе сол мүлікке
деген құқығын беруге келісімі
мен тілегін қоздыратындай
Алаяқтықтың енді бір түрін заң сенімге қиянат жасау деп атайды, мұнда кінәлі адам басқа бір адамның яғни меншік иесінің мүлкі мен мүлікке деген құқығын иеленіп алу үшін оның сеніміне кіреді немесе сенімге кіріп алып жәбірленушіні алдайды немесе шатастырады. Алаяқ адам мен жәбірленушінің сенімдік қатынастардың негізінде тек қана құқықтық негіздемелер ғана емес, жеке таныстық,туысқандарының таныстыруы, нақты бір жағдайда пайда болған сияқты сенім тудыратын өзге де жағдайлар алынады.
Қолданыстағы қылмыстық заң алаяқтық ұғымын анықтай келе осы қарастырып отырған қылмыстық қоғамдық қауіптілігін неғұрлым жоғары екендігін айғақтайтын бірқатар мән-жайларды қарастырады. Бұл мән- жайларды заң шығарушы алаяқтық белгілірін саралаушы ретінде ескереді. Алаяқтық үшін саралаушы және ерекше саралаушы белгілердің тізіміне сеніп тапсырылған бөтен мүлікті иеленіп алу мен ысырап етуге сияқты: адамдар тобының алдын ала сөз байласуы бойынша; бірнеше рет; қызмет бабын пайдаланып жасалған алаяқтық; ұйымдасқан топ; ірі мөлшерде; ұрлық немесе қорқытып алушылығы үшін бұрын екі немесе одан да көп рет сотталған адам жасаған алаяқтық енеді.
«Адамның өзінің
қызмет бабын пайдалану»
Егер адам ақша
немесе өзге де құндылықтарды
басқару қызметін атқаратын
Әлемде алаяқтық ең көп
таралған қылмыстардың бір түрі
болып саналады. Қазіргі кезде
көптеген шетел мемлекеттерінде
Қылмыстық Кодекстерінде
Информация о работе Алаяқтық құрамы үшін қылмыстық жауаптылық