Туризм саласындағы өнімнің өзіндік құны

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 11 Февраля 2015 в 12:21, курсовая работа

Краткое описание

Нарықтық экономиканың қалыптасуы жеке кәсіпорындар деңгейінде және олардың құрылымдық бөлімшелерінде талдаудың дамуын негіздейді, себебі осы звенолар (қандай да болмасын меншік нысанында) нарықтық экономиканың негізін кұрайды.

Содержание

КІРІСПЕ..................................................................................................................3
I БӨЛІМ. ӨНІМНІҢ ӨЗІНДІК ҚҰНЫНЫҢ ТҮСІНІГІ МЕН МАҢЫЗЫ
1.1. Өнімнің өзіндік құны туралы түсінік.............................................................5
1.2. Өнімнің өзіндік құнына әсер етуші факторлар..............................................8
1.3. Өнімнің өзіндік құнын калькуляциялау.......................................................13
II БӨЛІМ. ТУРИСТІК ӨНІМНІҢ ӨЗІНДІК ҚҰНЫНА КІРЕТІН ШЫҒЫНДАРДЫҢ ҚҰРЫЛЫМЫ
2.1. Тікелей материалдық және жанама шығындар...........................................16
2.2. Туристік өнімнің өзіндік құнына жататын қызметтер……………………18
2.3. Еңбек ақы төлеуге шығындарды анықтау....................................................20
2.4. «Директ-костинг» жүйесі бойынша шығындар есебінің ерекшелігі…….21
ҚОРЫТЫНДЫ................................................................................................... 23
ҚОСЫМШАЛАР……………………………………………………….………25
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР

Прикрепленные файлы: 1 файл

курсовой экономика.doc

— 158.00 Кб (Скачать документ)

— басқадай шығындар мен төлемдер.

      Туристердің өнімдерді өткізумен түскен табыстар мен шығындар есебі 22.02.02 ж. №296 — «Қазақстан Республикасында туристік қызмет туралы» заңда белгіленгендей, қызмет көрсету қолданыстағы заңға сəйкес жазбаша түрде бекітілген келісім шарт негізінде жүзеге асырылады.

 

                  

 

 

 

 

 

           

 

             2.3. ЕҢБЕК АҚЫ ТӨЛЕУГЕ ШЫҒЫНДАРДЫ АНЫҚТАУ.

 

      Туристік мекеме қызметкерлерінің саны туристік агенттіктің көрсететін қызметтеріне, оның көпсалалығына, кешенділілігіне және  басқа да факторларға тікелей байланысты. Еңбек ақыны талдау, ең алдымен, оның жалпы қоры және кәсіпорынның  өнеркәсіптік-өндірістік   қызметкерлердің    жеке категорияларының қорлары бойынша, бұл еңбек ақы қандай баптарда көрсетілгеніне қарамастан жүзеге асырылады. Жекелеген категориядағы жұмысшылардың еңбек ақы қорының өзгеруіне әкеп соққан себептерді анықтағаннан кейін, осы өзгерістер өнімнің өзіндік құнындағы әр түрлі баптарына қандай шамада ықпал еткенін анықтауға болады. Еңбек ақы қорының жоспардан ауытқуын өнімдерді шығару жоспарын орындау процентіне шығуымыз, еңбек ақының жоспарлы қорынан салыстырмалы ауытқуын есептеуіміз керек. Осының барысында жұмысшылардың еңбек ақысына ықпал ете бермейтінін ескеруіміз керек.

      Кәсіпорынның жұмыс тиімділігіне және еңбек ақы қорының шығынына жұмысшыларды сыйақылау құралдарын пайдалану көп ықпалын тигізеді. Сыйақылау жөнінде ережені талдау тиімділігі өнімді өткізуден алынған қосымша пайданы немесе жүзеге асырылады.

      Тікелей еңбек ақының жалпы сомасы тауарлы өнімнің өндіріс көлеміне, оның құрылымы мен жекеленген бұйымдарға, шығын деңгейіне байланысты. Олар өз кезегінде 1 адам/сағ еңбек ақы деңгейі мен еңбекті қажетсінуіне тәуелді.

      Өнімнің өзіндік құнының төмендеуі еңбек өнімділігінің өсу қарқыны мен еңбек ақының өсуінің дұрыс өзара қатынастарымен анықталады. Еңбек өнімділігінің өсуі өнімнің өзіндік құнының төмендеуін қамтамасыз ете отырып еңбек ақының өсуінің алдына шығып отыруы керек.

      Еңбек ақының өзгеру факторларын талдау барысында "Ғылыми-техникалық іс-шараларды енгізу актісін" пайдалану қажет. Ол жерде іс-шараны енгізу есебінен еңбек ақының үнемделуі көрсетіледі.

  2.4. «ДИРЕКТ-КОСТИНГ» ЖҮЙЕСІ БОЙЫНША ШЫҒЫНДАР ЕСЕБІНІҢ       

                                                ЕРЕКШЕЛІГІ

 

      "Директ-костинг" жүйесі жағдайында операцияларды бухгалтерлік шоттарда көрсету тəртібіне келетін болсақ, тікелей шартты-өзгермелі шығыстар бухгалтерлік есепте негізгі өндіріс жəне қосалқы өндіріс шоттарында жиналады. Жанама шартты - өзгермелі шығыстар алдын ала үстеме шығыстар шотында жинақталады, сосын ай сайын негізгі өндірістің қосымша шығыстары жəне қосалқы өндірістің қосымша шығыстары шоттарына көшіріледі. Жалпы басқару мен шаруашылық шығындары бөлігіндегі шартты тұрақты шығыстар әкімшілік шығыстар, шотында, ал

өткізу шығыстары бөлігінде өнімдерді сату жəне қызметтер көрсету бойынша шығыстар шоттарында көрсетіледі. Өнімнің өзіндік құнының нақты сомасы негізгі өндіріс шотынан дайын өнім немесе өткізілген дайын өнімнің (тауардың, жұмыстың, көрсетілген қызметтің) өзіндік құны шоты дебеттеріне көшіріледі.

      "Директ-костинг" жүйесінде кірістер туралы есепті кұру сызбасы көпсатылы екендігін мысал келтіре отырып мына кестеден көруге болады. Мұнда екі қаржылық көрсеткіштер бар: маржиналды табыс пен пайда.2

      Маржиналды табыс — өзгермелі шығыстар бойынша есептелген турөнімді сатудан түскен түсім мен оның толық емес өзіндік құны арасындағы айырма. Маржиналды табыс құрамына туристік кəсіпорынның пайдасы мен тұрақты шығындары кіреді. Маржиналды табыстан тұрақты шығындарды шегергеннен кейін операциялық пайда көрсеткіші жасалады.

      "Директ-костинг" жүйесіндегі кірістер мен шығыстар туралы шамамен алынған есеп мына кестеде ұсынылған.3

      Ұсынылған есепте екі саты бар: жоғарғы — маржиналдык табыс: төменгі

 

*2 – қосымша 26 бет

*3 – қосымша 26 бет

— таза табыс есептің кезеңдік процесінде толтырылады.

      Өзгермелі шығындар бойынша өнімнің өзіндік құнын калькуляциялаудың

маңызды сəті шығындар мен пайданың оңтайлы арақатынасын есептеуге арналған əдіс пен зиянсыздықты талдау калькуляциясының байланысы болып табылады. Өзгермелі шығындар бойынша өзіндік құнды калькуляциялау турөнім бағасы деңгейіне, бизнестің əр қилы сегментінің

өнімділігін ынталандыруға елеулі ықпал етеді.

      Стандартты "директ-костинг" — кəсіпорынның түпкілікті мақсатына таза пайда алуға жету жүйесі деп түсініп, оның артықшылықтарына тоқталсақ:

— өзіндік кұнды жарым-жартылай калькуляциялаудың қарапайымдылығы мен объектілігі, өйткені тұрақты шығынды шартты түрде бөлудің қажеттілігі болмай қалады;

— өзіндік кұнды əр түрлі кезеңдердің өзгермелі шығындары, абсолютті жəне салыстырмалы маржа бойынша салыстыру мүмкіндігі;

— шығаруды ұлғайту үшін тиімділігі жоғары өнімді анықтау;

— өзгермелі шығыстарды, өткізу бағаларын жəне дайын өнім кұрылымын өзгерту нəтижесінде пайда өзгерісін бақылау мүмкіндігі;

— тұрақты шығыстардың шамасын жедел бақылау үшін жағдайлар жасау, өйткені толық өзіндік құн есебінде қосымша шығыстардың бөлінбеген сомасының бөлігі бір кезеңнен екіншісіне көшеді, сондықтан бақылау нашарлайды;

— есептің талдаушылық мүмкіндіктерін кеңейту, өйткені есеп пен талдаудың байланысты бірігу процесі жүреді;

— "директ-костинг" жүйесі принциптерін басқару есебінің басқа жүйелерімен үйлестіре қолдану.

 

 

 

 

                                            

                                           ҚОРЫТЫНДЫ.

 

     Курстық жұмыс туристік кәсіпорын қызметінде өнімнің өзіндік құнын талдауды қолдану қажеттілігі мен маңыздылығын көрсетеді. Талдаудың қазіргі жағдайын теориялық тұрғыдан негізді құрастырылған ғылым ретінде сипаттауымызға болады. Әртүрлі деңгейдегі өндірістерді басқаруда бірқатар әдістер қолданылады.

      Туристік кәсіпорындардың жұмысын сипаттайтын маңызды көрсеткіш болып өнімнің өзіндік құны табылады. Кәсіпорын қызметінің қаржылық нәтижесі, ұдайы өндірістің ұлғаймалы қарқыны, шаруашылық жүргізуші, субъектілердің қаржылық жағдайлары оның деңгейіне тәуелді болып келеді.

      Өнімнің өзіндік құнын талдау осы көрсеткіштің өзгеру тенденцияларын, оның деңгейі бойынша жоспардың орындалуын, оның өсіміне факторлардың ықпалын анықтауға жэне соның негізінде мүмкіндіктерді пайдалануы бойынша кәсіпорынның жұмысына баға беруге және өнімнің өзіндік күнын төмендету резервтерін белгілеуге мүмкіндік береді.

      Теориялық және практикалық бағыттарда талдаудың даму перспективалары аралас ғылымдардың дамуымен, ең алдымен математикамен, статистикамен, бухгалтерлік есеппен және т.б. тығыз байланысты.

      Еңбек ақы қорымен пайданы біріктіретін жалпы табыс кәсіпорынның әлеуметтік ерекшелігін бейнелейді, мұның шешуші маңызы бар. Жалпы табыс пен пайда қоғамның, еңбек ұжымының және жеке қызметкерлердің экономикалық мүдделерін үйлестіру үшін материалдық негіз құрайды. Өндірістік факторларды пайдалану ең алдымен өндірістік шығындарды есепке алу мен тікелей байланысты.

      Өнім өндіруге жұмсалған жалпы шығын деңгейіне талдау, тур өндіруші кәсіпорындағы өнімдердің өзіндік құнының калькуляциясы тікелей материалды, енбек шығындарының деңгейіне талдай отырып, кәсіпорынның өндірістік шығындарын есептеу әдістері қарастырылды.

      Нарықтық қатынастарға толық енгенде, өзіндік құнға арендалық төлем, капиталға пайыз, кәсіпкерлік пайданың минималды мөлшері кіруі керек. Ол жағдайда өзіндік құн экономикалық шығындар деп аталады, немесе маркетингтік теория бойынша құн деуге болады. Жалпы алғанда кәсіпкер кепілді табыс табу үшін өзіндік құнды емес, экономикалық шығынды есептеуі керек.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

                                                

 

                                       

 

                                      ҚОСЫМШАЛАР

 

Тікелей материалдық шығындардың факторлық жүйесінің блок схемасы.




 


 

 




 

 

 

 

                                  

                                            

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

                                          Пайданың қалыптасуы

 

Көрсеткіштердің атауы

Көрсеткіштердің

мəні, теңге

1

Турөнімді өткізуден түскен түсім (Т)

Т = 5000

2

Өзгермелі шығындар (ӨШ)

ӨШ = 3000

3

Маржиналды табыс (МТ)

МТ = Т — ӨШ = 2000

4

Тұрақты шығыстар (ТШ)

ТШ = 1000

5

Пайда (П)

П = МТ-ТШ = 1000


 

 

Маржиналдық табыс тəсілімен жасалған кірістер мен шығыстар туралы есеп

 

Көрсеткіш

Мың.теңге

1

Өткізілген турөнім көлемі

285000

2

Өзгермелі шығындар

165000

3

Маржиналдық табыс (1-2 жол)

120000

4

Тұрақты шығыстар

68500

5

Таза пайда (немесе зиян) (3-4 жол)

51500


 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

   

                  ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ:

 

  1. ҚР Бухгалтерлік есеп және қаржылық есептілік туралы Заңы. 28.02.2007ж.
  2. Әбдіқалықов Т.Ә. «Бухгалтерлік есеп және аудит». Алматы, 2000ж.
  3. Зайцев Н.Л. «Экономика промышленного предприятия» Инерра-М, 1998 г.
  4. Кабашев Р.А., Кадырбаев А.К., Кекилбаев А.М. - Алматы, «Бастау» баспаханасы, 2008.
  5. Кеулімжанов Қ. К., Әжібаев В.Н. «Қаржылық есеп» - Алматы, 2006ж.
  6. Құлпыбаев С. «Қаржы экономикасы», - «АстанаКітап» баспасы, 2007 ж
  7. Мадиева Қ.С. «Өндіріс саласындағы бухгалтерлік есеп» - Қарағанды, КЭУ 2008ж.
  8. Назарова В.Л. «Бухгалтерский учет в отраслях» – Алматы, Издательство “Экономика”, 2005г.
  9. Назарова В.Л, «Басқару есебі», «Экономика» баспасы, 2005ж
  10. Сабырбаев Б. «Экономикалық  орысша-қазақша  түсіндірме  сөздігі» -Алматы, «Қазақстан» баспасы, 1995ж.
  11. Савицкая Г.В. «Анализ хозяйственной деятельности предприиятия». Минск, 2000г.
  12. Сергеев И.М. «Экономика предприятия», Финансы и статистика, 1997г.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 


Информация о работе Туризм саласындағы өнімнің өзіндік құны