Туризм саласындағы өнімнің өзіндік құны

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 11 Февраля 2015 в 12:21, курсовая работа

Краткое описание

Нарықтық экономиканың қалыптасуы жеке кәсіпорындар деңгейінде және олардың құрылымдық бөлімшелерінде талдаудың дамуын негіздейді, себебі осы звенолар (қандай да болмасын меншік нысанында) нарықтық экономиканың негізін кұрайды.

Содержание

КІРІСПЕ..................................................................................................................3
I БӨЛІМ. ӨНІМНІҢ ӨЗІНДІК ҚҰНЫНЫҢ ТҮСІНІГІ МЕН МАҢЫЗЫ
1.1. Өнімнің өзіндік құны туралы түсінік.............................................................5
1.2. Өнімнің өзіндік құнына әсер етуші факторлар..............................................8
1.3. Өнімнің өзіндік құнын калькуляциялау.......................................................13
II БӨЛІМ. ТУРИСТІК ӨНІМНІҢ ӨЗІНДІК ҚҰНЫНА КІРЕТІН ШЫҒЫНДАРДЫҢ ҚҰРЫЛЫМЫ
2.1. Тікелей материалдық және жанама шығындар...........................................16
2.2. Туристік өнімнің өзіндік құнына жататын қызметтер……………………18
2.3. Еңбек ақы төлеуге шығындарды анықтау....................................................20
2.4. «Директ-костинг» жүйесі бойынша шығындар есебінің ерекшелігі…….21
ҚОРЫТЫНДЫ................................................................................................... 23
ҚОСЫМШАЛАР……………………………………………………….………25
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР

Прикрепленные файлы: 1 файл

курсовой экономика.doc

— 158.00 Кб (Скачать документ)

МАЗМҰНЫ

 

КІРІСПЕ..................................................................................................................3

 

I БӨЛІМ. ӨНІМНІҢ ӨЗІНДІК ҚҰНЫНЫҢ ТҮСІНІГІ МЕН МАҢЫЗЫ

1.1. Өнімнің өзіндік құны туралы түсінік.............................................................5

1.2. Өнімнің өзіндік құнына әсер етуші факторлар..............................................8

1.3. Өнімнің өзіндік құнын калькуляциялау.......................................................13

 

II БӨЛІМ. ТУРИСТІК ӨНІМНІҢ ӨЗІНДІК ҚҰНЫНА КІРЕТІН ШЫҒЫНДАРДЫҢ  ҚҰРЫЛЫМЫ

2.1. Тікелей материалдық және жанама шығындар...........................................16

2.2. Туристік өнімнің өзіндік құнына жататын қызметтер……………………18

2.3. Еңбек ақы төлеуге шығындарды анықтау....................................................20

2.4. «Директ-костинг» жүйесі бойынша шығындар есебінің ерекшелігі…….21

 

ҚОРЫТЫНДЫ................................................................................................... 23

 

ҚОСЫМШАЛАР……………………………………………………….………25

 

ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР............................................................. 27

 

 

 

 

 

 

 

 

 

                                                  КІРІСПЕ

 

      Нарықтық экономиканың қалыптасуы жеке кәсіпорындар деңгейінде және олардың құрылымдық бөлімшелерінде талдаудың дамуын негіздейді, себебі осы звенолар (қандай да болмасын меншік нысанында) нарықтық экономиканың негізін кұрайды.

 

      Курстық жұмыстың өзектілігі: Экономикалық процестерді зерттеу жеке шаруашылық фактіден, құрылыстан, ситуациядан басталады. Олар жиынтығында басқарылатын жүйенің қандай да болмасын звеносында және басқарылатын жүйенің шаруашылық қызметінің мәнін білдіретін шаруашылық процесті білдіреді.

     Іс жүзінде коммерциялық есепті шаруашылықтың барлық салаларына енгізу, аз шығындар жұмсау жағдайында жақсы нәтижелерді қамтамасыз ету, үнемдеудің қатаң тәртіптерін сақтау өндірістік өзіндік құнның барлық қосындыларын тұрақты бақылап отыруды, баптар және элементтер бойынша шығындарды терең талдауды талап етеді. Осының барысында өнімді емес шығындар мен кемістіктерді мұқият талдау керек. Мұндай шығындар мен кемістіктерді күнделікті бақылау, факторларды оперативті талдау ғана жанды заттай еңбек шығынын тиімсіз жұмсауды тыяды. Үнемдеу тәртібін сақтау өндірістің экономикалық тиімділігін арттырады, пайданы арттырады және материалдық ынталандыру мүмкіндігін ұлғайтады.

 

      Курстық жұмыстың мақсаты:  Біздің дәуіріміздің экономикалық жүйесінде кәсіпорынның алатын орнының ерекшелігін оның өнім өндіруге шығаратын шығындарының өзгешіліктері де белгілейді. Осыған байланысты туристік өнімнің өзіндік құнын анықтау мынадай мақсаттардан тұрады:

  • Өнімнің өзіндік құны туралы түсінік алу
  • Өнімнің өзіндік құнына әсер етуші факторларды анықтау
  • Өнімнің өзіндік құнын калькуляциялау
  • Тікелей материалдық және жанама шығындардың айырмашылығын зерттеу
  • Туристік өнімнің өзіндік құнына жататын қызметтерді іске асыра білу
  • Еңбек ақы төлеуге шығындарды анықтау
  • «Директ-костинг» жүйесі бойынша шығындар есебінің ерекшелігін бақылау.

 

      Курстық жұмыстың міндеттері: Кәсіпорын шығындары өнімнің өзіндік құны түрінде көрінеді. Қоғам шығындары мен кәсіпорын шығындары арасындағы айырмашылық, тиісінше, кәсіпорынның өз өнімдерін өткізетін баға мен олардың өзіндік құнының арасындағы айырмашылық кәсіпорынның таза табысын құрайды.

      Таза табыстың негізгі формасы - пайда.

      Қорытып алынған түрінде пайда шаруашылықты жүргізудің нәтижелерін, ағымдағы және заттанған еңбектің жұмсалуының өнімділігін бейнелейді, сондықтан да кәсіпорындар жұмысы тиімділігінің маңызы экономикалық сипаттамасы болып табылады.

 

      Курстық жұмыстың ғылыми құрылымы мен көлемі: Бұл курстық жұмыс кіріспеден, екі бөлімнен, қорытындыдан, пайдаланған әдебиеттер тізімі мен қосымшадан тұрады.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

        I. ӨНІМНІҢ ӨЗІНДІК ҚҰНЫНЫҢ ТҮСІНІГІ МЕН МӘНІ.

                1.1. ӨНІМНІҢ ӨЗІНДІК ҚҰНЫ ТУРАЛЫ ТҮСІНІК

 

      Өнімнің өзіндік құны (ӨӨҚ) тауарға баға тағайындаудың базасы және пайданың болашақ мөлшерін айқындайтын инструмент. ӨӨҚ өндіру сатыларына байланысты: цехтық, зауыттық немесе өндірістік және толық өзіндік құн болып бөлінеді.

      Өнімнің цехтық өзіндік құн - бүған өндірілетін өнімге цехта, учаскелерде, бригада да шыққан шығын кіреді.

      Өндірістік өзіндік құн - бұл цехтық шығындар + жалпы зауыттық, өндірістік шығындар.

         ӨӨҚ=ЦӨҚ(1+Әжөш)

      Жалпы өндірістік шығын (Әжөш) коэффициент арқылы беріледі. Мысалы, цехтың шығындарға шаққандағы жалпы өндірістік шығынның коэфициенті 0,5 болса, ӨӨҚ = 1+ 0,5=1,5 ЦӨҚ

      Өнімнің толық өзіндік құны. Өзіндік қүн + өнімді өткізуге кететін шығындар.

      ТӨҚ = ӨӨҚ (1+0,03) мұндағы 0,03 коэфициенті өндіріспен байланысы жоқ шығындар мөлшері.

      ӨӨҚ қолдану мақсатына қарай (жоспарлау, есептеу, талдау, т.б) бірнеше түрге бөлінеді: өнімнің жалпы, тауарлы немесе сатылған өнімнің өзіндік кұны, салыстыратын өнімнің өзіндік құны, өнім бірлігінің өзіндік құны болып және т.б. болып бөлінеді. Сонымен бірге өнімнің өзіндік құны жоспарлы, болжамды, (есеп) нақтылы деп бөледі.

      Жоспарлы өзіндік құн - бүл қажетті шығындар, ғылым мен техника жетістігіне ұйымдастыру жағдайына баланысты.

      Болжамды есеп өзіндік құн - бұл техникалық - экономикалық есептер ескерілуі, қандай жаңалықтар енгізілгенін т.б ғылыми жетістіктерді ескереді.

      Нақтылы өзіндік құн - барлық өнімге шаққандағы нақты шығындар және өнім бірлігіне шаққандағы өзіндік құн.

      Өнімнің өзіндік құны - бұл кәсіпорынның өнімді өндірумен және өткізумен байланысты барлық шығындарын ақшалай нысанда білдіретін, өнеркәсіптік кәсіпорындар мен бірлестіктердің қызметінің маңызды экономикалық көрсеткіштерінің бірі. Өнімнің өзіндік құны кәсіпорынға олардың шығаратын өнімі қаншаға түсетінін көрсетеді. Өнімнің өзіндік құнына өнімге өткізілген еңбектің шығындары (негізгі қорлардың амортизациясы, шикізаттың, материалдық, отынның және басқа да материалдық ресурстардың құны) мен кәсіпорындардың жұмысшыларының еңбек ақысына шығындар енгізеді.

      Шығарылатын өнімнің нақты өзіндік құнын талдау, резервтері және оны төмендетуден экономикалық тиімділікті анықтау барысында экономикалық факторлар бойынша есеп қолданылады. Экономикалық факторлар өндіріс процесінің барлық элементтерін-кұралдарды, еңбек заттарын және еңбектің өзін толық қамтиды. Олар кәсіпорын ұжымдарының өзіндік құнды төмендету бойынша жұмыстарының негізгі бағыттарын сипаттайды: еңбек өнімділігін арттыру, дайындық жұмыстарын арзандату және еңбек заттарын жақсы пайдалану, әкімшілік басқару және басқа да сәйкес шығындарды қысқарту, алдыңғы қарарлы техника мен технологияны енгізу, құрал-жабдықтарды тиімді пайдалану, ақауларды қысқарту және өнімді емес шығындар мен кемшіліктерді жою.

      Өнеркәсіптік өнімнің өзіндік құнының төрт түрін ажыратады. Цехтік өзіндік құн өнімді өндіру осы цехтың шығындарын қамтиды. Жалпы, зауыттық өнімді өндіруге кәсіпорынның барлық шығындарын көрсетеді. Толық өзіндік құн өнімді өндіруге ғана емес, сонымен қатар оны өткізуге де барлық шығындарды сипаттайды. Салық өзіндік күн жекеленген кәсіпорындардың жұмыс нәтижелеріне, сол сияқты бүкіл сала бойынша өндірісті ұйымдастыруға байланысты.

      Өнеркәсіптік өнімді өндіруге шығындар алғашқы экономикалық элементтер және шығындар баптары бойынша жоспарланады және есепке алады.

      Алғашқы экономикалық элементтер бойынша топтау кәсіпорынның материалдық ресурстарға жалпы қажеттіліктерді, негізгі қорлардың амортизацияға сомасын еңбек ақы төлеуге шығындарын және кәсіпорынның басқа да ақшалай шығындарды анықтайтын, өндірістік шығындар сметасын жасауға мүмкіндіктер береді. Мұндай топтау өзіндік құн бойынша жоспардың техпромфин жоспардың басқа бөлімдерімен келістірілуі үшін, айналым құралдарын жоспарлау үшін олардың пайдалануын бақылау үшін қолданылады. Өнеркәсіпте эканомикалық элементтер бойынша шығындардың келесі топтамасы қабылданған:

- шикізаттар мен негізгі материалдар;

- көмекші материалдар;

- отын (шет жақтан);

- энергия (шет жақтан);

- негізгі қорлардың амортизациясы;

- еңбек ақы;

- әлеуметтік сақтандыруға аударымдар;

- элементтер бойынша бөлінген, басқада шығындар.

      Экономикалық элементтер шығындарды топтау кәсіпорының шығындарын жеке өнім түрлері мен басқа шаруашылық қажеттіліктерді бөлусіз материалдық және ақшалай шығындарды көрсетеді.

                 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

       1.2. ӨНІМНІҢ ӨЗІНДІК ҚҰНЫНА ӘСЕР ЕТУШІ ФАКТОРЛАР

 

      Шығарылатын өнімнің нақты өзіндік құнын талдау, резервтері және оны төмендетуден экономикалық тиімділікті анықтау барысында экономикалық факторлар бойынша есеп қолданылады. Экономикалық факторлар өндіріс процесінің барлық элементтерін - құралдарды, еңбек заттарын және еңбектің өзін толық қамтиды. Олар кәсіпорын ұжымдарының өзіндік құнды төмендету бойынша жұмыстарының негізгі бағыттарын сипаттайды: еңбек өнімділігін арттыру, дайындық жұмыстарын арзандату және еңбек заттарын жақсы пайдалану, әкімшілік басқару және басқа да сәйкес шығындарды қысқарту, алдыңғы қатарлы техника мен технологияны енгізу, құрал-жабдықтарды тиімді пайдалану, ақауларды қысқарту және өнімді емес шығындар мен кемшіліктерді жою.

      Өзіндік құнды нақты төмендетуді білдіретін үнемдеу факторлардың келесі құрамы бойынша есептеледі:

      1. Өндірістің техникалық деңгейін арттыру.

Бұл жаңа, прогресивті технологияларды енгізу, өндірістік процестерді механизациялау және автоматизациялау; шикізаттар мен материалдардың жаңа түрлерін пайдалануды және қолдануды жақсарту; өнімдердің конструкциясы мен техникалық сипаттамаларын өзгерту; өндірістің техникалық деңгейін арттыратын басқа да факторлар.

      Осы топ бойынша өнімнің өзіндік құнына ғылыми-техникалық жетістіктер мен алдыңғы қатарлы тәжірибенің ықпалы талданады. Әрбір іс-шара бойынша өндіріске кеткен шығындарды төмендету мен сипатталатын экономикалық тиімділік сипатталады. Іс-шараларды іс жүзіне асырудан болатын тиімділік (үнемдеу) өнім бірлігіне шығын мөлшерлерін іс шараларды енгізуге дейін және одан кейін салыстыру және алынған айырмашылықты жоспарланатын жылдағы өндіріс көлеміне көбейту арқылы анықталады:

Э = (Сс -Сн)* Ан ,

Э - тікелей ағымдық шығындардың үнемделуі,

Сс  - іс-шараларды енгізуге дейінгі өнім бірлігіне тікелей ағымдық

шығындар,

Ан - іс шараларды енгізуден бастап жоспарланатын жылдың соңына

дейін өнімнің натуралды бірлігіндегі көлемі.

      Бір уақытта өткен жылдарда іс жүзіне асырылған іс-шаралар бойынша жалғасатын үнемдеу де ескерілуі қажет. Оны жылдық есептік үнемдеу мен өткен жылдық жоспарлы есептерінде ескерілген оның бөлігі арасындағы айырма ретінде анықтауға болады. Бірқатар жылдар ішінде жоспарланатын іс-шаралар бойынша үнемдеу жаңа технологияның көлемімен орындалатын жұмыс көлеміне байланысты тек есепті жылы, осы жылдың басына дейін енгізулердің маштабын есепке алмай есептеледі. Өзіндік құнды төмендету басқарудың автоматтандырылған жүйесін құру, ЭЕМ қолдану, әрекет етіп отырған техника мен технологияны жетілдіру мен модернизациялау барысында да болуы мүмкін. Шығындар шикізаттарды кешенді пайдалану, үнемді алмастыргыштарды қолдану, өндірісте қалдықтарды толық пайдалану нәтижесінде де қысқарады. Үлкен резерв өзінде өнімнің жетілдірілуін, оның материалды және еңбекті қажетсінуін төмендетуді, машиналар мен құралдарды салмағының төмендетілуін, габаритті мөлшерлердің төмендетілуін қамтиды.

      2. Өндіріс пен еңбекті ұйымдастыруды жетілдіру.

      Өзіндік құнды төмендету өндірісті ұйымдастыруды, өндірісті мамандандыруды дамыту барысында еңбектің формалары мен әдістерінде өндірісті басқаруды жетілдірудің және оған шығындарды төмендетудің; негізгі қорларды пайдалануды жақсартудың; материалдық-техникалық қамсыздандыруды жақсартудың; транспорттық шығындарды қысқартудың; өндірісті ұйымдастыру деңгейін арттыратын басқа да факторлардың нәтижесінде іс жүзіне асырылуы мүмкін.

      Өндірістің техникасы мен ұйымдастыруын жетілдіру барысында әр фактор тиімділігін анықтап, оны белгілі топқа қосу қажет. Егер мұндай болу қиын болса, онда тиімділікті белгілі бір мақсатты іс-шара немесе факторлар тобына қарай бөлуге болады.

      Ағымдағы шығындарды азайту үшін негізгі өндріске қызмет ету жағдайларын жетілдіру қажет. (Мысалы, ағымдық өндірісті дамыту; ауысу коэфицентін жоғарылату; технологиялық жұмыстарды жақсарту; құрал-жабдық шаруашылығын тәртіпке келтіру; жұмыс және өнім сапасын бақылауды ұйымдастыру).

      Адам еңбегінің шығындарын азайту үшін қызмет көрсету нормасын жоғарылату, жұмыс уақытының жоғалуын қысқарту; норманы орындамаған жұмысшылар санын қысқарту, т.б. Бұл үнемдеу мөлшерін жұмыстан шыққан жұмысшылар санының келесі жылдағы орта жалақы көлеміне көбейту арқылы анықтаймыз (әлеуметтік сақтандыруға, арнайы кесілме, тамаққа шығарылған шығындар есепке алынады). Қосымша үнемдеуді жалпы өндіріс кұрылымын жетілдіру арқылы алуға болады. Ол басқару шығындарын азайту және басқару қызметкерлерін жұмыстан шығару арқылы оларға төленетін жалақы мөлшерін үнемдеу арқылы көрінеді.

Информация о работе Туризм саласындағы өнімнің өзіндік құны