Туризм саласындағы өнімнің өзіндік құны

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 11 Февраля 2015 в 12:21, курсовая работа

Краткое описание

Нарықтық экономиканың қалыптасуы жеке кәсіпорындар деңгейінде және олардың құрылымдық бөлімшелерінде талдаудың дамуын негіздейді, себебі осы звенолар (қандай да болмасын меншік нысанында) нарықтық экономиканың негізін кұрайды.

Содержание

КІРІСПЕ..................................................................................................................3
I БӨЛІМ. ӨНІМНІҢ ӨЗІНДІК ҚҰНЫНЫҢ ТҮСІНІГІ МЕН МАҢЫЗЫ
1.1. Өнімнің өзіндік құны туралы түсінік.............................................................5
1.2. Өнімнің өзіндік құнына әсер етуші факторлар..............................................8
1.3. Өнімнің өзіндік құнын калькуляциялау.......................................................13
II БӨЛІМ. ТУРИСТІК ӨНІМНІҢ ӨЗІНДІК ҚҰНЫНА КІРЕТІН ШЫҒЫНДАРДЫҢ ҚҰРЫЛЫМЫ
2.1. Тікелей материалдық және жанама шығындар...........................................16
2.2. Туристік өнімнің өзіндік құнына жататын қызметтер……………………18
2.3. Еңбек ақы төлеуге шығындарды анықтау....................................................20
2.4. «Директ-костинг» жүйесі бойынша шығындар есебінің ерекшелігі…….21
ҚОРЫТЫНДЫ................................................................................................... 23
ҚОСЫМШАЛАР……………………………………………………….………25
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР

Прикрепленные файлы: 1 файл

курсовой экономика.doc

— 158.00 Кб (Скачать документ)

      Негізгі қорларды пайдалануда жақсарту кезінде өзіндік құнның азаюы келесі жағдайлар арқылы жүзеге асады. Құалдардың сенімділігі мен ұзақ мерзімдігін арттыру; алдын-ала жоспарлы жөндеу жүйесін жетілдіру; негізгі қорларды пайдалану, іске қосу, жөндеудің индустриялды әдісін енгізу арқылы орталықтандыру және іске асыру. Мұнда үнемдеу мөлшері бір құрамға байланысты азайған шығын мөлшерін (амортизациядан басқа) орта жұмыс істейтін құралдарға (немесе басқа негізгі қорға) көбейту арқылы анықталады.

      Материалдық-техникалық қамсыздандыруды және материалдық ресурстарды  жетілдіру шикізат пен  материалдардың  шығындарының нормасын азайту, өзіндк кұнды азайту арқылы жүргізіледі. Шикізат пен материалдарды жеткізіп берушіден қоймаға дейінгі тасымалдау шығындарын, завод қоймасынан тұтыну орнына тасымалдау шығындарын және дайын өнімді тасымалдау шығындарын азайту арқылы жалпы тасымалдау шығындары азаяды.

      Өзіндік құнды азайту резервтері қалыпты өндірістік процесті ұйымдастыруда қажет емес шығындарды азайту ақырлы жүргізілді (шикізат, материалдар, отын, энергия, үстеме жалақы т.б. нормативтен жоғары шығындар). Мұндай ортақ шығындарды анықтау үшін арнайы әдістерді қолдану және коллектив назарын аудару қажет. Оларды анықтау үшін арнайы зерттеу жүргізіледі және ол өз уақытысында есептеледі, өндірістегі нормативтік шығындарға талдау жасалады.

      3. Өнімнің көлемін және құрылымын өзгерту арқылы жағдайлы-тұрақты шығындарды, амортизациялық төлемдерді азайтуға болады және өнім номенклатурасы мен ассортиментін өзгертуге, оның сапасын жоғарылатуға болады және ол өнімнің өзіндік құнын азайтады. Жағдайлы -тұрақты шығындар арқылы үнемдеу мөлшері келесі формула арқылы анықталады:

ЭЯ=(Т*ЯС)/100

Мұндағы Эп - жағдайлы-тұрақты шығындардың үнемдеу мөлшері; Пс - базис  жылындағы  жағдайлы  тұрақты  шығындар  сомасы;   Т-  базис

жылымен салыстырғандағы тауар өнімдерінің өсу деңгейі.

      4. Табиғи ресурстарды пайдалануда жақсарту. Мұнда келесі жағдайлар қарастырылды: шикізат сапасы мен құрамының өзгерісі, табиғи ресурстарды жер қойнауынан алу әдістері және оларды дайындау; басқа табиғи жағдайлардың айнымалы шығындардың мөлшеріне әсерін көрсетеді. Олардың өзіндік құнды азайтуға әсерін талдау өңдеуші өндіріс салаларының әдістерін негізге ала отырып жүргізіледі.

      5. Салалық және басқа да факторлар, олар: жаңа өндірісті, цехтарды, өндіріс бірлігін енгізу және жүзеге асыру; Жұмыс істеуші өндірістен жаңа өндірісті дайындау және жүзеге асыру; басқа да факторлар. Ескі цехтарды ликвидациялау және жаңа цехтарды енгізу, өндірістерді жоғары техникаландыру нәтижесінің ең жоғарғы көрсеткіштерін пайдалана отырып, өзіндік құнды азайту үшін резервтерге талдау жасалуы қажет.

      Резевтерде сонымен қатар жаңа өнімдерді дайындау және өндіру, жаңа технологиялық процестерді қолдану, жаңа цехтарды енгізу уақытысына шығындарды азайту арқылы өзіндік құнды азайту қарастырылады.

Шығындарды өзгеру сомасын есептеу формуласы келесі түрде көрсетіледі:

Эп= (Сх / Д1 -  С0  / Д0)*Д1

Мұндағы, Эп - өндірісті дайындау жэне іске қосу шығындарының өзгерісі;

С0,С}- базисті және есепті жылдағы шығындар соммасы; Д0,Ді - базисті және есепті жылдағы тауар өнімінің көлемі. Өнімнің өзіндік құнын талдау объектісі болып келесі көрсеткіштер табылады:

  1. тауар өнімінің бүкіл немесе шығындар элементтері бойынша толық   

өзіндік құны;

2. тауар өнімінің теңгесіне шығындар;

3. салыстармалы тауар өнімінің  өзіндік құны;

4. жеке өнімнің өзіндік құны;

5. шығындардың баптары немесе  жекелеген элементтері.

      Ақпарат көздері: өнімді (жұмыстарды, қызметтерді) өндіру және өткізу туралы кәсіпорынның "Есеп", өнімнің өзіндік құнының жоспарлы және калькуляциялары, негізгі және көмекші өндірістер бойынша синтетикалық жөн аналитикалық есеп мәліметтері және т.б.

                    

 

 

 

 

 

 

 

 

                 

 

             1.3. ӨНІМНІҢ ӨЗІНДІК ҚҰНЫН КАЛЬКУЛЯЦИЯЛАУ

 

      Экономикалық элементтер шығындарды топтау кәсіпорының шығындарын жеке өнім түрлері мен басқа шаруашыылқ шаруашылық қажеттіліктерді бөлусіз материалдық және ақшалай шығындарды көрсетеді.

Экономкалық элементтер бойынша өнім бірлігінің өзіндік құнын анықтау мүмкін емес. Сондықтан экономикалық элементтер бойынша шығындарды топтаумен қатар өндіріске шығындар шығындардың баптары (калькуляция баптары) бойынша жоспарланады және есепке алынады.

      Шығындар калькуляциялық баптар бойынша топтау шығындарды оларды орны мен қолданысы (мақсаты) бойынша көру, кәсіпорынға жеке өнім түрлерін өндіру және өткізу қаншаға түсетінін білу мүмкіндігі. Калькуляция баптары бойынша өнімнің өзіндік құнын жоспарлау және есепке алу өзіндік құнның осы деңгейі кандай факторлардың ықпалымен қалыптасқан, оны төмендету үшін күресті қандай бағыттарда жүргізу қажет екендігін анықтауға мүмкіндіктен береді.

      Өнеркәсіпте негізгі калькуляциялық баптардың келесі номенклатурасы қолданылады:

1)  шикізаттар мен материалдар;

2)  техникалық қажеттіліктерге  отын мен энергия;

3)  өндірістк жұмысшылардың негізгі еңбек ақысы;

4)  құралдарды ұстап түруға және пайдалануға шығындар;

5)  цехтік шығындар;

6)  жалпы зауыттық шығындар;

7)  ақаудан кемшіліктер (потери)

8)  өндірістік емес шығындар.

      Шығындардың алғашқы жеті бабы фабрикалық - зауыттық өзіндік құнды құрайды. Толық өзіндік құн фабрикалық - зауыттық өзіндік құннан және өндірістік емес шығындардан қалыптасады.

      Өнімнің өзіндік құнына енгізілетін кәсіпорынның шығындары жанама және тікелей болып бөлінеді. Тікелей шығындарға өнімді шығарумен тікелей байланысты және оның жеке түрлері бойынша тікелей жолмен есепке алынатын шығындар жатады: негізгі материалдардың, техникалық мақсаттарға, отынның, энергияның құны, негізгі өндірістік шығындардың еңбекақысы және т.б. жатады.

      Жанама шығындарға өнімнің нақты түрлерінің өзіндік құнына тікелей жатқызу мүмкін емес немесе тиімсіз болып табылатын шығындар жатады: цехтік, жалпы зауытттық, құралдарды сақтау және пайдалану бойынша шығындар.

      Өнімнің жеке түрлерінің өзіндік құны өнім бірлігін өндіруге және өткізуге шығындардың мөлшері көрсетілетін калькуляцияны құру жолымен анықталады. Калькуляция өнеркәсіптің осы саласында қабылданған шығындар баптары бойынша құрастырылады. Калькуляцияның үш түрін ажыратады: жоспарлы, есепті және нормативті. Жоспарлы калькуляцияда өнімнің өзіндік құны шығындарды жекелеген баптар бойынша есептеу жолымен, ал нормпатвтік-берілген кәсіпорында әрекет етіп отырған нормалар бойынша анықталады. Сондықтан ол жоспарлы калькуляциямен салыстырғанда ұйымдастырущылық-техникалық іс-шараларды жүргізудің нәтижесінде нормативтердің төмендетілуіне байланысты қайта қарастырылады, әдетте, ай сайын. Есепті калькуляция бухгалтерлік есеп мәліметтерінің негізінде құрастырылады және өнімнің нақты өзіндік құнын көрсетеді. Соның арқасында өнімдердің өзіндік құны бойынша жоспардың орындалуын тексеру және өндірістің жекелеген учаскелерінде жоспардан ауытқуларға анықтауға мүмкіндіктер болады. Есепке алудың және калькуляциялаудың нормативтік әдісі аса прогресивті болып табылады және өндірістік процестің жүруін, өнімнің өзіндік құнын төмендету бойынша тапсырмалардың орындалуын күнделікті бақылау жүргізуге мүмкіндіктер береді. Осы жағдайда өндіріске шығындар екіге бөлінеді: норма шеңберіндегі шығындар және шығындар нормасынан ауытқулар. Норма шеңберіндегі барлық шығындар топтамалық, жеке тапсырыстар бойынша ескеріледі. Белгіленген нормалардан ауытқулар олардың себептері мен кінәлары бойынша есепке алынады, және ол ауытқу себептерін оперативті талдауға, жұмыс процесінде олардың алдын алуға мүмкіндіктер береді. Осындай жағдайда есепке алудың нормативтік әдісінде өнімдердің нақты өзіндік құны нормалар бойынша шығындар мен ауытқу және ағымдық норматвтердің өзгеруі нәтижесіндегі шығындарды сомалау жолымен анықталады.

 

 

 

      

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

         ІІ. ТУРИСТІК ӨНІМНІҢ ӨЗІНДІК ҚҰНЫНА КІРЕТІН                              

                            ШЫҒЫНДАРДЫҢ  ҚҰРЫЛЫМЫ

      2.1. ТІКЕЛЕЙ МАТЕРИАЛДЫҚ ЖӘНЕ ЖАНАМА ШЫҒЫНДАР

 

      Туристік өнімдердің өзіндік кұнына қосылатын шығын құрамы БЕС №7 «Тауарлы-материалдық қор есебі» жəне оған əдістемелік ұсыныспен реттелінеді. Осы құжаттарға сəйкес туристік өнімдер өзіндік құны табиғи ресурстар, шикізат, материалдар, отын, энергия, негізгі кұрал, еңбек ресурстары, сондай-ақ басқа шығындардың өндірістік процесінде пайдалану бағаларының құнын білдіреді.

      Өнеркәсіптік өнімнің өзіндік құнында көп үлес салмағын шикізаттар мен материалдарға шығындар алып жатыр. Осы бап бойынша шығындардың жалпы сомасы  өнімдерді өндіру көлеміне (УВП), оның құрылымына (УД,) және жеке өнімдерге үлес шығындарының өзгеруіне (УМЗі) байланысты.1

      Туристік өнімдердің өндірістік өзіндік құнына тікелей жəне жанамаға бөлінген шығындар қосылады.

      Тікелей шығындар — бұл туристік өнімдердің өзіндік құнын тікелей қосылуы мүмкін шығындар (туристік өнімдерді жəне өткізумен байланысты қызметкерлердің еңбекақысы, аударым (21% əлеуметтік салық) жəне əдеттегінше шығын элементтерінің аумағында ескеріледі.

      Жанама шығындар — бұл туристік өнімдердің өзіндік құнына оның бөлінуі бойынша қосылатын шығындар (халықаралық телефонмен сөйлесу шығындары, Интернетке кіргізудің қызмет көрсету төлемі; жарнамалық (каталогтар) жəне сувенирлік өнімдерді дайындау, жылдық ақы). Өндірістегі процестегі қызметтік ролі бойынша айрықшаланатын, олар кешенді баптарды (бірнеше экономикалық элементтерді қосып) қалыптастырады.

      Өнімнің өзіндік құнының жанама шығындары келесі кешенді баптармен көсетілген: құралдарды сақтау және пайдалануға шығындар, жалпы

 

*1 – қосымша 25 бет

өндірістік және жалпы шаруашылық шығындар, коммерциялық шығындар.

Осы шығындарды талдау 5-10 жыл динамикасында, сонымен қатар есепті кезеңнің жоспарлы деңгейімен тауарлы өнімнің теңгесіне олардың нақты шамасын салыстыру жолымен жүзеге асырылады. Мұндай салыстыру тауарлы өнімнің құнында олардың үлесі динамикада және жоспармен салыстырғанда қалай өзгергенін және қандай тенденция - өсу немесе төмендеу байқалатынын көрсетеді. Кейінгі талдау барысында шығындардың абсолюттік және салыстырмалы өзгерісін тұрғызатын себептерді айқындайды.

             

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

  2.2. ТУРИСТІК ӨНІМНІҢ ӨЗІНДІК ҚҰНЫНА ЖАТАТЫН ҚЫЗМЕТТЕР

 

      Туристік өнімдерді өндіру шығындарын топтастыру экономикалық мазмұнына жəне БЕС 7 «Тауарлы-материалдық қор есебі» мен оған əдістемелік ұсынысқа сəйкес жүзеге асырылады:

а) экономикалық элементтермен:

— материалдық шығындар;

— еңбекақы шығындары;

— аударым;

— құралдардың тозуы;

— басқадай шығындар;

ə) шығын баптары бойынша:

— материалдар;

— еңбекақы;

— аударым;

— үстеме шығындар.

      Турөнімді сатып алушы немесе турист белгілі бір көрсетілетін қызмет түрін пайдаланады. Толық кешенді көрсетілетін қызмет түрі екіге бөлінеді.

Біріншісі — инклюзив-тур деп аталады, немесе авиа тасымалдау қызметінде барар жəне қайтар жүру жолының ақысы арнайы тарифпен есептелу арқылы пайдаланушы туристке жеңілдікпен ұсынылған турөнімнің жалпы бағасының түрі. Екіншісі — пэкидж-тур деп аталады немесе тасымалдау қызметінің бағасы турөнімнің құрамынан тыс жеке сатылған түрі.

      Турөнімнің өзіндік құнын анықтау үшін арнайы калькуляциялық құжат толтырылады. Калькуляциялаудың мақсатына қарай төмендегідей түрлері қарастырылады:

1. Жоспарланған кезең ішіндегі  мөлшер мен смета бойынша жасалынған баға.

2. Нақты баға турөнімге кеткен  шығындардың нақты сомасы.

3. Сметалық немесе жаңа турөнімдерге сметалық құжат арқылы жасалған жобалық баға.

      Туристік өнімдерді өндірудің шығын есебіне негізгі өндіріс, қосалқы өндіріс, калькуляциялық шоттар, үстеме шығындар жинау, бөлу шоты жəне алдағы кезең шығындары, бөлімше шоты пайдаланылады.

      Туристік өнімдердің өзіндік құнына мыналар қосылады:

— туристік кəсіпорындарды туристік өнімдерді қалыптастыратын жұмысшы күшімен (қызметкерлермен) қамтамасыз ету шығындары;

— аударым (əлеуметтік салық);

— көлік шығындары: тасымалдап қызмет көрсетулер (əуе, темір жолдары, су жолы);

— туристік фирмалардың асырау, қызмет ету жəне басқару шығындары;

— жаңа туристік өнімдерді əзірлеу жəне игеру шығындары;

— турды жүзеге асыру бойынша қызмет көрсеткені үшін басқа жақтағы кəсіпорындарға (тұлғаларға) төлемақылар;

— контрагенттерге комиссиялық сыйақылар;

Информация о работе Туризм саласындағы өнімнің өзіндік құны