Туризм индустриясы ұлттық экономиканың саласы ретінде

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 28 Ноября 2013 в 13:18, реферат

Краткое описание

Туристік инфрақұрылымды дамыту үшін инвестиция жұмылдыру мүмкіндігі маңызды болып саналады. Қазақстанда қонақ үйлер жүйесін, Ұлы Жібек Жолы үлгісінде керуен-сарайлар мен өзге де маңызды туристік жағдай жасалатын болады. Сонымен қатар Алматы, Ақмола және Маңғыстау облыстарында әлемдік деңгейдегі заманауи көпқұрылымды туристік орталықтар құрудың Тұжырымдамасы жасалды. Туризмді дамытудың 2007-2011 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасын іске асыру ұлттық туристік өнімнің тартымдылығын арттыруға және Қазақстанның әлемдік туристік рынок жүйесіне кіруіне әсер ететін болады. Ел экономикасының шикізаттық салалары арасындағы секторлардың маңызды кіріс көзі бола алатын, дамыған бәсекеге қабілетті туристік индустрия құру жоспарда бар.

Содержание

I. Кіріспе.
II. 1) Туризм индустриясының дамуы және экономикаға әсері.
2) Туризм индустриясын дамыту негіздері.
3) Мемлекеттік секторлардың туризм экономика саласындағы
үлесі.
III.Қорытынды.

Прикрепленные файлы: 1 файл

реферат.docx

— 65.11 Кб (Скачать документ)

      Үкімет  қолында туризмнің дамуының бағытына  ықпал етуге мүмкіндік беретін  көптеген саяси құралдар бар.  Бүкіл дүниежүзінде үкімет іс-әрекетін  реттеу жолымен жеке сектордың  ісіне араласады.

      Айтылған мәселелерді қорыта келе, туристік қызметтерді ұйымдастыру мен реттеу жағдайларын, туризмнің экономикалық дамудағы құндылығын, кемшіліктерін және мүмкіндіктерін бағалаудың шетелдік тәжірибесін кешенді шолу, отандық туризді дамытудың талдамалық негіздерін жасауға мүмкіндік беретіндігін атап өтуге болады.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Қорытынды.

           Қазақстанда соңғы жылдары туризм сферасында түбегейлі институционалды және сапалы өзгерістер болды. Нарықтың экономика элементтерін енгізу, мемлекеттік туристік кәсіпорындардың акционерлік, жеке және бірлескен кәсіпорындарға айналуы шығу туризмі мен шоп-туризмге бағытталған Қазақстанның отандық туристік өнімін қалыптастыруға мүмкіндік береді.

Еліміз туризмді дамыту үшін қажетті бай табиғи және мәдени-танымдық ресурстарды иелене отырып, оның әлеуетін әлі де толық пайдалана алмайды. Қазіргі таңда Қазақстандағы туристік қызмет индустриясын дамытудың негізгі мақсаты - қазіргі заманғы тиімді және бәсекеге қабілетті туристік кешен құру. Ол, бір жағынан, қазақстандық және шетел азаматтарының туристік қызметтерге деген қажеттіліктерін қанағаттандыруды, екіншіден, ел экономикасының дамуына айтарлықтай үлес қосуды білдіреді.

      Қазақстанның аумақтары рекреациялық аймақтандыру туризмді жоспарлау мақсаттары бойынша қайта құрымдауға мүмкіндік береді. Келу туризімінің дамуы үшін таулық, танымдық және рекреациялық туризм түрлері ерекшелікті болып табылады. Осы аталған туризм түрлерінің құрылымы елімізде мамандырылған аңшылық туризмнің, оқиғалы туризмнің, этникалық, діни және жастар туризімінің одан ары кеңеюі мен қызмет етуіне мүмкіндіктер бар екенін көрсетеді.

      Отандық туристік өнімнің өткізілуіне, оның үйлесімді көркемделуіне, халықаралық туристік нарықта жарнамалануы мен жылжытылуына ерекше баса баса назар аудару керек. Осыған байланысты  облыстық, қалалық өкілетті органдардың туристік компаниялармен және фирмалармен бірлесе отырып, алыс-жақын шетелдердің көптеген елдері үшін жолбастаушы болатын туристік фирмалар мен бағыттардың жалғыз республикалық каталогын шығаруды ұсынады.

      Мен ойлаймын, туризм - экономиканың бір үлкен саласы деп, себебі ол арқылы елге табыс келетін болса, онда экономиканың өсуіне ықпалын тигізеді. Сондықтан да туризм индустриясы ұлттық экономиканың саласы бола алады. Бірақ ол қазіргі уақытта даму үстінде  және келешекте туризм индустриясы алдыңғы қатарларда болынына сенімдімін. Әрине  барлығы бірден болмайды , ол біртіндеп-біртіндеп дамиды. Туризм индустриясының жоғарғы көрсеткіштерге жетуі үшін елдің туризм сферасына әлі де көп көңіл бөлу керек. Мәселен, туристік демалу орталықтарын әлде де көркейту(Бурабайда 5 жұлдызды отельдер салу), ал шағын аудандарда қонақ үйлер салу(БҚО, Шалқар көлі жағалауына) және де бұлардың барлығы еуропалық стильде емес, өзіміздің қазахи стильде көркейтуіміз керек. Сонда ғана өзімізге тән ерекшеліктермен көрініп, шетелдік туристерді қызықтыру мүмкіншілігі пайда болады. Сонымен қатар өзіндік құны қымбат болмауы тиіс.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Қолданылған әдебиеттер:

1. http://www.referatkaz.kz/                                                                                      2. "География туризма", С.Р. Ердавлетов, Алматы ,2000ж.-336 б.             3. "Туризм менеджменті", С.Сұрағанова, Б.Сабатаева,Астана полиграфия,2012ж.-256 б.                                                                     4."Туризм", В.А. Квартальнов, Москва, 2004ж. - 320 б.                                      5. http://www.bauka.kz/                                                                                            6. "Основы организации туристской деятельности",                       О. Устенова,Астана, 2011ж. - 272б.                                                                  7. www.stat.kz                                                                                                        8. Қазақстан Республикасында туризмді дамытудың 2007-2011 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы.                                            9."Туризм экономикасы", Х.Кусаинов, А.Сергеев, Алматы,2012ж.-208б                                                                                                           10."Экономика туристского рынка", В.Азар, С.Туманов, Москва,1998.-212с                   11."Экономика и организация",Е.Драчева, Москва,2005.-135с             12."Қазақстандағы туристік қызметтің дамуы", А.Апышева, Өскемен,2005.-165б                                                                                13."Экономика туризма", Т.Черевичко,Москва2010.-264с                             14."Экономика и международная организация туризма", А.Александрова,Москва,1996.-415с                                                                    15."Теория и практика туризма Казахстана", А.Саипов, Алматы, 1999.-114с               16."Қазірг кездегі индустрияның даму ерекшкліктері", М.Жолмухамбетова, Уральск, 2009.-61б                                                                          17."Индустрия туризма", М.Биржаков, Москва, 2003.-156с                         18."Организация туристической деятельности", В.Гуляев, Москва, 1996.-176с                                                                                                   19."Экономика и организация туризма", Е.Драчева, Москва, 2005.-135с                   20."Управление индустрией туризма", А.Жукова, В.Сенин, А.Чудновский, Москва, 2004.-261с


Информация о работе Туризм индустриясы ұлттық экономиканың саласы ретінде