Туризм индустриясы ұлттық экономиканың саласы ретінде

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 28 Ноября 2013 в 13:18, реферат

Краткое описание

Туристік инфрақұрылымды дамыту үшін инвестиция жұмылдыру мүмкіндігі маңызды болып саналады. Қазақстанда қонақ үйлер жүйесін, Ұлы Жібек Жолы үлгісінде керуен-сарайлар мен өзге де маңызды туристік жағдай жасалатын болады. Сонымен қатар Алматы, Ақмола және Маңғыстау облыстарында әлемдік деңгейдегі заманауи көпқұрылымды туристік орталықтар құрудың Тұжырымдамасы жасалды. Туризмді дамытудың 2007-2011 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасын іске асыру ұлттық туристік өнімнің тартымдылығын арттыруға және Қазақстанның әлемдік туристік рынок жүйесіне кіруіне әсер ететін болады. Ел экономикасының шикізаттық салалары арасындағы секторлардың маңызды кіріс көзі бола алатын, дамыған бәсекеге қабілетті туристік индустрия құру жоспарда бар.

Содержание

I. Кіріспе.
II. 1) Туризм индустриясының дамуы және экономикаға әсері.
2) Туризм индустриясын дамыту негіздері.
3) Мемлекеттік секторлардың туризм экономика саласындағы
үлесі.
III.Қорытынды.

Прикрепленные файлы: 1 файл

реферат.docx

— 65.11 Кб (Скачать документ)

      Қазақстанда келу туризмінің дамуына кері әсерін тигізетін факторлар қатарына келесілерді жатқызуға болады:

      -шет елдерде мемлекетіміздің туристік мүмкіншілігі туралы жарнамалардың жоқтығы, соның ішінде мемлекет тарапынан қаржыландыратын халықаралық көрмелерде қатысу мен қызметтер;

      -шетелдік туристерге  қолайлы емес визалық тәртіп, соның ішінде виза құнының қымбаттылығы және оның ұзақ уақыт жасалуы ;

      -дамымаған туристік ифрақұрылым, бар материалдық базалардың тозуы, туристік санаттағы («3 жұлдыз») қонақүйлердің жоқтығы;

      -орналастыру мекемелері мен басқа да туристік инфрақұрылымға инвестиция тарту барысында қолайлы салықтық тәртіптің болмауы;

      -туризм индустриясының барлық салаларында қызмет көрсету сапасының төмен болуы;

      -қонақүйлерде орналастыру барысында баға мен сапа арақатынасының әр түрлі болуы.

IPK Groop компаниясының зерттеулерінің  нәтижесі бойынша :

      -Қазақстанның Азия нарығындағы танымдылығы 80 %, ал Еуропа нарығында  45 % құраған;

      -сұралғандардың 44 %-на «Қазақстан» атауы қызығушылық тудырғанымен, Қазақстан – туристік бағыт ретінде ешқандай ассоциация әкелмеген;

      -Қазақстан имиджі әлі күнге дейін бұрынғы Кеңес Одағымен және ислам дінімен қосарласып келеді, соған қарамастан болашақта туристік бағыт ретінде қолдануға болатын жағымды ассоциацияларды атауға болады. Олар: кең байтақ ел, дала мен шөлдер, ал Азияда болса футболмен танымалдыққа ие болуға болады [8].

      Келу туризмнің дамуына кері әсерін тигізіп келген мәселелер мен себептердің алдын алумен қатар, Қазақстанның туристік өнімін  әлемдік туристік нарыққа шығару мақсатында шетелдік БАҚ өкілдеріне арнайы ақпараттық турлар ұйымдастырылып жүр. Атап кететіні 2008 жылдың шілде айында Канада, Голландия, Испания, Оңтүстік Корея, Греция, АҚШ және Жапония мемлекеттерінен келген БАҚ өкілдеріне ақпараттық турлар ұйымдастырылған. Соның нәтижесінде көптеген шетел тілдерінде Қазақстанның туристік әлеуеті туралы Еуропа және Азия мемлекеттерінің электрондық және баспа көздерінде мақалалар жарық көрді.Шет елдерде Қазақстанның туризмін насихаттау мақсатында 7 әртүрлі тілде жалпы көлемі 146 мың тираж болатын ақпараттық парақшалар шығарылып таратылған болатын, сонымен қатар 20 мыңға жуық CD және DVD басылып шығарылды.

      Бүгінгі таңда мемлекеттің негізгі бағыттарының бірі Қазақстанның туристік имиджін қалыптастыру және отандық туристік өнімді халықаралық нарыққа өткізу болып табылады. Аталмыш мақсаттарға қол жеткізу үшін Мадрид, Берлин, Пекин, Сеул, Токио және Лондон қалаларында өткізілген халықаралық туристік көрмелерде Қазақстанның қатысуы қамтамасыз етілді. [8]

      Сонымен қатар жыл сайын Алматы  мен Астана қалаларында «Астана-демалыс» халықаралық деңгейде туристік көрмелер ұйымдастырылып отырады. Сонымен қоса маңызды іс-шаралардың бірі  мемлекет туралы бейнебаяндама түсіріп, оның әлемнің танымал CNN, BBC, Euro news, Discovery арналарында көрсету болып табылады.

      Қазақстан халықаралық туристік нарығында жаңа ойыншы болғандықтан оның бір уақытта бірнеше туристік өнімдерді ұсыну мүмкін емес. Болашақта барлық мемлекеттік және жеке меншік саласынан келетін инвестицияларды халықаралық нарықта бәсекеге қабілетті отандық туристік өнімді қалыптастыруға жұмсалуы тиіс. Бұндай өнімдер азар болса рентабельді болып келеді. IPK Group компаниясының зерттеулерінің нәтижесі бойынша Еуропадан келетін туристерге Қазақстандағы жағажай туризмі (32 %), біріккен турлар (20 %) және қалалық турлар (14 %) қызықтырар еді.  Егер аталып кеткен сегменттің біреуі орындалмаған жағдайда Еуропалық туристерді Қазақстанға тарту қиыншылық тудыру мүмкін. Ал Азия мемлекеттерінен келетін туристерге біріккен турлар (50 %), қалалық турлар (18 %) және жағажай туризмі (15 %) қызық болар еді [2].

      Бірақ соған қарамастан біздің ойымыз IPK Group компаниясының тарапынан ұсынылған нәтижелермен сәйкес келмейді.  Біздің  ойымызша  Испания,  Италия, БАӘ, Доминики және Түркия жағажайларына үйреніп қалған Еуропалықтар республикамыздағы табиғи-климаттық жағдайлардың құбылмалы болуынан еліміздегі жағажай туризмге қызығушылық танытпауы мүмкін. Сонымен қатар алыс емес болашақта Қазақстанда қалалық туризмінің дамуы да күмәндік тудырып отыр. Бізде әлемдік брендтер: Париж, Рим, Прага, Петербор сияқты қалалармен бірдей деңгейде бәсекелестікке түсе алатын елімізде қалалар да жоқ. [14]

      Менің ойымша әлемдік туристік нарықта бар туристік өнімдерден өзгеше отандық туристік өнім, экологиялық және қазақ халқының дәстүрі мен көшпенділердің өмірінің негізіндегі этнографикалық  бренд құрастырып шетелдік туристерді елімізге тартуларымызға болар еді. Соған қоса нарықта жаңа бағыттарды үнемі іздеп отыратын танымдық туризммен айналысатын сегменттерді де ескеру қажет. Бірақ соның барлығына қарамастан ең алдымен Қазақстанда туристік инфрақұрылымды және жоғары білікті мамандарды даярлау алдыңғы қатарлы мақсатттардың бірі болып табылады.

      Елімізде  туризм қарқынды дамып келе  жатыр. Дамуына байланысты экономикаға  түскен пайда елдің қаржылық  жағдайына әсер етеді. Яғни, туризм  индустриясы ел экономикасына  тікелей әсер ететіндіктен ұлттық  экономиканың саласы ретінде  қарастыруға болады.

 

 

 

 

 

                             

 

 

 

2) Туризм индустариясын дамыту негіздері.

      Туризм индустриясы жоғарыда айтылып кеткендей, шаруашылықтың ірі дербес кешені болып табылады.

      Қазіргі кезде туризм индустриясының дамуының негізгі факторлары мыналар:

  • халықтың бірінші кезектегі қажеттіліктерін қанағаттандырудан тыс рекреациялық қажеттіліктерді қанағаттандыруға жұмсауға арналған табыстың өсуі;
  • экологиялық таза ортада демалу деген сұранысты жеделдете арттыратын, урбандалған өмірді өзг іс-әрекетпен ауыстыруды, күнделікті тірлік пен тұрмыстан демалуды талап ететін өсе келе шиеленіскен урбандалу мен экологиялық ахуалдың нашарлауы;
  • бос уақыттың, яғни адамның еркін иеленетін уақытының артуы;
  • ерекше туристік ресурстарды жетілдіре отырып, оларды тұтынуға қажет туристік іс-әрекетті ыңғайлы етуге мүмкіндік беретін ұйымдастыру құралдары мен инфрақұрылымдардың қалыптасуы;
  • туризм индустриясының халықаралық еңбек бөлінісі мен халықаралық сауда айырбасының дамуы;
  • жарнаманы дамытуға мүмкіндік беріп қана қоймай мыңдаған туристерге тез және тиімді қызмет көрсетуге мүмкіндік беретін бұқаралық ақпарат құралдарының, туриздегі телекоммуникациялық жүйелер мен ақпараттық технологиялардың дамуы.[9]

      Туризм  индустриясын туризмге байланысты  тауарлар мен қызметтерді шығаратын  кәсіпорындар мен мекемелер құрайды:

  • қонақ үйлер;
  • тамақтану мекемелері;
  • тасымалдаушы мекемелер;
  • экскурсиялық орталықтар;
  • сувенирлер шығаратын кәсіпорындар;
  • туристік бағыттағы оқу орындары;
  • ақпараттық және жарнамалық қызметтер;
  • туристік бағытта еліміздегі облыстық әкімшіліктердің туризм бөлімдеріндегі зерттеу және жоболау мекемелері;
  • туристік тауарларды өндіру мекемелері.[9]

 

      Туризм индустриясы туроператорлар еңбегңнің нәтижесінде туристерге қажет болатын қызметтерді өндіреді. Туроператорлар осы көп түрліліктен жеке алған қызметтерді емес, құнды тұтыну қасиеттері бар туристік өнімді қалыптастырады.

      Бірақ туроператорлардың қызметі де туристік өнімде туризм индустриясының элементтерін құрамайтын баса айтқан жөн, себебі қызметтердің әрқайсысы оның өндірілу орнында оқшаулана тұтынылады, бірақ осы туроператордың іс-әрекетінің арқасында ғана осы қызметтерді өндіру қазіргі таңда өндірістік сипатқа ие болды.

Туризм индустриясының өзіне  тән қасиеттері:

  • туристік мекемелерді орналастырудағы ресурстық бағдар;
  • туристік қызметтерді өндірудегі маусымдық және циклдік сипат;
  • әлеуметтік инфрақұрылым мен ақпараттық желілерді дамыту деңгейіне қойылатын жоғары талаптар.[9]

      Туризмнің өндірістік сипаты туристік мекемелерді ұлттық экономика үшін тиімді. Себебі туризге деген сұраныстың артуынан және туристік мекемелердің іс-әрекеті нәтижесінде жергілікті табыс өсіп, жаңа жұмыс орындары ашылады, туристік қызмет көрсетумен байланысты барлық салалар дамиды; туристік орталықтардағы әлеуметтік және өндірістік инфрақұрылым дамиды, халықтық қолөнер кәсіптері жаңа даму қарқынына ие болады, валюталық түсімдер өседі; жергілікті халықтың өмір сүру деңгейі жоғарылайды.

     

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

3-сурет. Туризм индустриясының құрылымдық элементтері.[9]



 








 








 

 

 

 

 

3)Мемлекеттік секторлардың туризм экономика саласындағы үлесі.

      Туризм экономикасы саласына мемлекеттік сектордың тікелей туризм және спорт министрлігі және Туризм Ұйымы арқылы немесе жанама түрде, яғни шетелдік саясат, заңдық бақылау немесе инфрақұрылымды қамтамасыз ету арқылы үкімет қолына алдына қойған мақсаттарына жетуіне қажетті, туристік ағымдарды басқаруда пайдаланылатын бірқатар құралдарды шоғырландырады. Үкіметтің туризмге ықпал етуін екі деңгейге бөл аламыз.

  1. Сұраныс пен табыстарды басқару.
  2. Баға түзілулері мен жабдықтарды басқару.

      Үкіметтің сұранысты басқару үшін қажет 4 саяси құралдарды бөліп қарауға болады:

  • маркетинг және ілгері бастыру;
  • ақпараттық қамтамасыз етілу;
  • баға түзу;
  • бақылау. [10]

      1. Маркетинг - Туризм Ұйымының негізгі қызметі. Мұнда үкімет тарапынан тиімді маркетингтік саясат жүргізу үшін қажетті басты талаптар - айқын мақсаттар, нарық пен өнімді жақсы білу және сәйкес ресерстарды бөлу боп табылатынын айта кеткен жөн. Мемлекеттік бюджетке деген көптеген талаптарды ескере отырып, қазынашы өкімет органдары туризмдегі маркетингтік компанияларда көп ретте сарандық танытады, себебі олардың тиімділігін өлшеу мен болжау қиынға түседі.[9]

      2. Ақпараттың қамтамасыз етілуі туристердің белгілі бір өнімге деген сұранысын білдіру қабілеттілігі олардың бар мүикіндіктерін, әсіресе, ландшафттық-рекреациялық ресурстар туралы мәліметтерді білу дәрежесіне байланысты, бұл демалғысы келген турист үшін маңызды компонент бол таб. Осы мәліметтер туристік ақпараттық жүйені құру дестинацияның келу деңгейін арттырып, туристік ағымдарды реттейді.[9]

     3. Баға түзілуі. Баға түзілуіне тікелей әсер мемлекеттік меншік негізінде, әсіресе, көрікті жерлерге қатысты болады. Дестинациядағы маңызды деп саналатын көрікті жерлердің көпшілігі мемлекет меншігінде болады. Нарықтық бағыттағы экономикалық өзгерістерді үкімет мемлекет меншігіндегі көрнекіліктерге қойылатын талаптарды есепке алу мақсатында жүргізіледі.[9]

      4. Бақылау - бұл келуші санын немесе туристік ағымдар көздерін шектеу тәсілі.Халықаралық деңгейде ол үшін сұранысты шектеудің ең қарапайым әдісі - берілетін визалар санын шектеу бол.таб.[9]

      Үкіметтің  туризм индустриясындағы ұсынысқа  ықпал етудің ең жиі пайдаланылатын  әдістері:

  • жерді пайдалануды жоспарлау мен бақылау;
  • құрылысты реттеу;
  • нарықтық реттеу;
  • нарықты зерттеу мен жоспарлау;
  • салық салу;
  • меншік құқығы;
  • капитал салымын қолдау. [11]

      Түрлі қаржылық жеңілдіктерді қамтамасыз ету бизнестегі тәуекел негіздері мен туризм индустриясына салынған капиталды қайтару мүмкіндігін ұғына білуге байланысты. Сондықтан дамушы елдер дотациялар мен жеңілдікті қарыз беретін кездер де болады. Бұл көптеген туристік агенттіктердің жұмысының тиімділігін арттырады. Туризм кәсіпорындарындағы тәуекелдің негізгі себептерінің бірі болып капиталға деген пайыздың әрекет етуші шығындарға қатысты жоғарғы деңгейі табылады. Осы себептен капиталды тартуға кететін шығын да азаяды. [12]

      Қазіргі жағдайда Қазақстан үшін әлемдік туристік қауымдастықта өз орнын табудың мүмкіндігі туып отыр. Бұл мақсатқа жету үшін мемлекеи осы саланы ұйымдастыру мен басқаруды өз деңгейінде жүргізілуі керек. Қазақстан өзінің туристік өнімімен халықаралық нарыққа шыққанына көп уақыи болған жоқ. Сол себептен, қазақстандық туристік өнім өзінің өмір сүру шеңберіндегі енгізу кезеңінде тұр. Бұл кезеңде туристік қызметтердің сапасын көтеруге қажетті табиғи және экономикалық әлеуетттердің деңгейін көтеру керек.

Информация о работе Туризм индустриясы ұлттық экономиканың саласы ретінде