Туризм индустриясы ұлттық экономиканың саласы ретінде

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 28 Ноября 2013 в 13:18, реферат

Краткое описание

Туристік инфрақұрылымды дамыту үшін инвестиция жұмылдыру мүмкіндігі маңызды болып саналады. Қазақстанда қонақ үйлер жүйесін, Ұлы Жібек Жолы үлгісінде керуен-сарайлар мен өзге де маңызды туристік жағдай жасалатын болады. Сонымен қатар Алматы, Ақмола және Маңғыстау облыстарында әлемдік деңгейдегі заманауи көпқұрылымды туристік орталықтар құрудың Тұжырымдамасы жасалды. Туризмді дамытудың 2007-2011 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасын іске асыру ұлттық туристік өнімнің тартымдылығын арттыруға және Қазақстанның әлемдік туристік рынок жүйесіне кіруіне әсер ететін болады. Ел экономикасының шикізаттық салалары арасындағы секторлардың маңызды кіріс көзі бола алатын, дамыған бәсекеге қабілетті туристік индустрия құру жоспарда бар.

Содержание

I. Кіріспе.
II. 1) Туризм индустриясының дамуы және экономикаға әсері.
2) Туризм индустриясын дамыту негіздері.
3) Мемлекеттік секторлардың туризм экономика саласындағы
үлесі.
III.Қорытынды.

Прикрепленные файлы: 1 файл

реферат.docx

— 65.11 Кб (Скачать документ)

      Шетелдік туристердің келген елінде шығарған шығындары нәтижесінде, біріншіден, туристік фирмалардың табысы артады, бұл – тура эффект, екіншіден, жабдықтаушылардың тауарлары мен қызметтеріне экономиканың туристік секторы жағынан сұранысы өседі, ол кезегінде өз жабдықтаушыларының тауарлары мен қызметтеріне сұранысын көтереді, осылайша барлық секторларда табыс артуына әкеледі, бұл – жанама эффект, үшіншіден, туристік бизнеспен тура немесе жанама байланысты тұрғындардың жеке табысы өседі, ол тұтынушылық сұраныстың өсуіне себепші болады, бұл – мәжбүрлік эффекті. Жанама және мәжбүрлік эффекттері бірге алғанда екінші қатардағы эффект деп аталады. [6]

      Туризмнің маңыздылығында бірінші орын ұлттық шаруашылықта валютаның елге келуіне берілгенімен, табыс алу мен қатар валютаның елден едәуір кетуі де мүмкін.

      Қонақ үй шаруашылығын басқару, қаржыландыру және әсемдеу өз кезегінде, оған салынған инвестицияларға, қызметкерлерді қонақ үй шаруашылығын басқарудың қазіргі заманғы талаптарына сай даярлауға және оқытуға тәуелді. Егер бұл секторға 2010 жылы 2,5 млрд. теңге салынса, 2011 жылы 5 млрд. 309 млн. 271 мың теңге, ал 2012 жылы 6 млрд. 426 млн. 880 мың теңге бөлінген (1-кесте). Сәйкесінше, жоспар туристік лагерьлері мен тау туристік базарларына 2010 жылы 5 млн. 107 мың теңге, кемпингтерге 2011 жылы 7 млн. 486 мың теңге, 2012 жылы – 4 млн. 677 мың теңге бөлінген.[6]

1-кесте. Туризм саласына жұмсалған инвестициялар

          Жылдар

2011

2012

мың теңге

мың теңге

Барлығы

32846157

42191702

Туристік фирмалар қызметі

138843

242013

Қонақ үйлер мен мейрамханалар көрсететін қызметтер

5309271

6426880

Жастар туристік лагерьлері мен тау туристік базалары

3986

5107

Кемпингтер

7486

4677

Мейрамханалар

635652

2123886

Түнемелік өзге орындар

701341

370473

Барлар

824581

947426

Асханалар

523613

416900

Дайын тамақ жеткізу қызметі

34042

11126

Санаторийлі-курорттық мекемелер қызметі

995633

1038463

Демалыс пен ойын-сауықты, мәдениет пен спортты ұйымдастыру бойынша қызмет

23671709

30604751


      Жұмыс күші нарығы үшін де туризмнің маңызы зор. Америкалық мамандардың мәліметтері бойынша туризм индустриясы (ішкі туризмді қоса) көптеген елдердегі жұмыс орындарымен қамту жағынан ең ірі болып табылады, бүкіл әлемде туризм индустриясы 100 млн-нан астам адамды жұмыспен қамтамасыз етіп отыр. [6]

      Туризм дамуының және жалпы экономикалық дамудың тенденциялары арасында айқын байланыс бар. Туристік өсу кез-келген экономикалық өзгеріске аса сезімтал болып келеді. Егер баға өзгеріссіз болса, онда жеке тұтынудың 1 %-ына жалпы алғандағы көрсеткіштердің өсуі саяхат шығындарының жалпылама тұрып қалуына әкеледі; тұтыну 2,5 %-ға өскенде туризм дамуы 4 %-ға артады; ал тұтыну 5 %-ға өссе, туризм шығындары өсуінің көрсеткіші 10 %-ды құрайды. Егер тұтыну 1 %-дан төмен болатын болса, онда туризмде құлдырау сезіледі. [5]

      Халықаралық туризм Қазақстан үшін, жалпы дамушы елдер үшін шетелдік валюта келуінің және жұмыс орындары құрылуының қайнар көздері болып табылады. Бір мезгілде ол қосымша тәуелділік тудыра отырып, елдің дәстүрлі әлеуметтік жүйесі мен табиғат ортасына өзгерістер енгізеді. Біздің елімізде қазір халықаралық туризм табыспен де, қиындықтармен де байланысты экономиканың қазіргі заманғы құралы ретінде мойындалады. Барлық дамушы елдер туризмді дамытудың мақсаттылығын түсінеді. Дамушы елдердің үкімет орындары туризм дамуын жоспарлағанда туризм базасы болып табылатын экономикалық, әлеуметтік, мәдени қажеттіліктеріне және қоршаған орта талаптарына көңіл бөледі, олар енжар туризмнің үлесі ретінде көрінеді және өнеркәсіптік дамытуды қажет етеді.

      Туризм базасы ретіндегі қоршаған ортаның маңыздылығы өсуде. Бұған қоршаған ортаға соңғы онжылдықтағы ел үкіметінің ғана емес, сонымен қатар «мәнді туризм» жасау мақсатында туристік операторлар мен туристік өнімді өндірушілердің де айрықша көңіл аударуы дәлел.

      Аймақішілік туристік сегменттің өсуі Азияда, Еуропада және Таяу Шығыс пен басқа да аймақтарда да байқалуда. Соның ішінде Қазақстанға шетелдіктердің қызығушылығы артып келеді. Сондай-ақ, елімізде туризмнің келесідей жаңа түрлері де дамуда: алыс жерлерге сапарлау, каникул мен демалыстың ойластырылған нарығы (яғни, мазмұны мен қажетті ыңғайлылығы сай); тартымды туризм (яғни, қоршаған ортамен байланысты кез-келген екі немесе одан да көп элементтермен қанағаттандыратын); рақаттану құралдарын және үйден тыс демалу құралдарын қолданумен ұйымдастырылатын қысқа демалыс.

      Біріккен Ұлттар Ұйымының туризм және саяхат жөніндегі конференциясында (Бүкіләлемдік туристік ұйымның ұсынуларын есепке ала отырып) елдердің туризмдегі табыстары мен шығыстары есебінің методикасы жасалды және қабылданды. Халықаралық валюталық қордың ұсынуына сәйкес «Туризм» бабының төлем балансының активіне келесі табыстар кіреді:

- келуші және ішкі туристерге сатылған тауарлар мен туристік қызмет көрсетулерден түскен табыстар;

- туристік сұраныс тауарларын және туристік өндіріске қажетті құрылғыларды экспорттаудан түскен табыстар;

- басқа қызметтерді сатудан түскен табыстар (кадрларды даярлау, ел мамандарының шетелдік серіктестіктеріне қызмет көрсетуі);

- келуші туристердің ішкі және халықаралық көліктерге келген елінде жұмсайтын шығындары;

- отандық туризм индустриясына шетелдік капиталдың инвестициялануы;

- басқа елдерге туризмді дамыту ұшін берілген несиелерден түскен табыс (капиталдың пайызы мен қайтарымы (өтелуі)).

«Туризм» бабының төлем  тепе-теңдігінің пассивтеріне келесі шығындар енгізіледі:

- шығушы туристердің барған  елдерінде алған туристік тауарлары мен қызметтеріне жұмсалған шығындар;

- келуші туристерге қызмет көрсетуге қажетті тауарлар импортына жұмсалатын шығындар;

- басқа қызметтерді алуға  жұмсалатын шығындар (кадрларды шетелде даярлау, туризм сферасында қызмет етуші шетелдік жұмысшылар мен мамандардың еңбекақысы);

- шығушы туристердің шетелдік көлік компанияларына төлейтін шығындары;

- басқа елдердің туризмін дамытуға инвестициялар салу;

- отандық туризмді дамытуға салынған ұзақ мерзімді несиелер (капитал пайызы мен өтелуі) [6]

.

      Бүкіләлемдік туристік ұйым сарапшыларының болжамы бойынша, әлемдік туризм өнеркәсібі қазір саяхат пен экскурсияның көлемі үнемі артуы, аймақтар мен келу елдерінің арасындағы бәсекенің үнемі күшеюі кезеңінде тұр. Сонымен бірге, ұсынылған турдың сапасы мен қауіпсіздігіне баса назар аударушы жақсы ақпарат алған туристік қызметтерді тұтынушылардың қатары өсуде. Туристік нарықтың одан ары дамуы жаңашыл ақпараттық технологиялармен анықталуда.

      Қазақстан Республикасында туризм кенже қалған саласы болып табылады. Қазіргі әлемдік тәжірибе көрсетіп отырғандай, бұл саланың маңызы өте жоғары. Қазақстан үшін келу туризмінің алатын орны ерекше. Себебі біздің мемлекетте туризм ресурстары өте көп. Сондықтан Қазақстанда келу туризмін талдау және оны дамытудың бағыттары қарастырылған.

      Қазақстан Республикасының статистика агенттігінің мәліметтеріне сәйкес 2007 жылдан бастап туристердің саны 59591 адамға өскен. Егер туризмнің түрлері бойынша қарастырсақ, онда келу туризмі бойынша адам санының азайғанын байқауға болады – 26021 туристі құрады, сонымен қатар ішкі туризм бойынша – 3620 адам болса, ал шығу туризмі бойынша керісінше оң нәтижеге ие болды – 89232 адам (2-кесте ). [7]

 

2-кесте. Туризмнің түрлері бойынша қызмет көрсетілген келушілердің саны (адам).

 

2007

2008

2009

2010

2011

2010 жылмен салыстырғандағы өзгеріс

Даму қарқыны (%)

Қызмет көрсетілген  келушілердің саны

541930

473947

347413

459337

601521

142184

30,9

келу туризмі

62117

37937

31246

39640

 36096

-3544

 - 9

шығу туризмі

286691

261070

193951

261709

375923

114214

 43

ішкі туризм

193122

174940

122216

157988

189502

31514

 20


      Сондай-ақ, атап кететін жәйттердің бірі саяхаттаушылардың көп бөлігі өздерінің туысқандарында я болмаса жолдастарының үйлерінде немесе заңды емес жалдамалы пәтерлерде орналасуды жөн көрді. Отандық туристердің туризммен айналысатын қазақстандық кәсіпорындарға сенімсіздікпен қарауының бірден бір себебі көрсетілетін қызмет бағасының жоғару болуы және оның сапаға сай болмауында, сондықтан да болар саяхаттаушылардың көп бөлігі ұйымдастырылмаған туризм түрімен айналысуды қолға алған.

      Туристерге қызмет көрсету бойынша және жалпы туризмнің даму деңгейі бойынша еш күмәнсіз Алматы мен Астана қалалары алдыңғы қатарлы қалалардың бірі болып саналады.

      Келу және шығу туризмі және көрсеткіштер мен аймақтар бойынша көшбасшылық әртүрлі болып тұр. Жоғарыда аталып кеткен екі қаладан басқа келу туризмі бойынша оң көрсеткіштерге Атырау облысы, Маңғыстау облысы және Қарағанды облысы ие болды. Сонымен қатар шетелдік туристерге қызмет көрсету бойынша Атырау облысы екінші орынға орнықты және оның үлесі Астана қаласы, Маңғыстау, Қарағанды және Шығыс Қазақстан облыстарын қоса алғанда асып кеткенін байқауға болады. Бұл жалпы айтқанда мұнайлы өлкедегі іскерлік туризмнің қарқынды дамуымен де түсіндірілуі мүмкін.

       Сонымен бірге тізімдегі көшбасшы аймақтардағы ішкі туризмнің даму қарқыны да қуантуда. Бұл көрсеткіш аймақтар арасында соншалықты әралуандылығымен сипатталмады, ал ол өз кезегінде аталмыш аймақтардың отандық туристер арасында саяхаттау дестинациясы ретінде қызығушылық білдірумен қоса, сол аймақтардағы туристік мекемелердің қызметтерінің оң нәтижесі деп білуге болады. Сонымен қатар бұл тізімде шипажайлық нысандарға бай және көшбасшы ретінде танылған Ақмола облысы мен Оңтүстік Қазақстан облысының болмауы таңқалдырады.

      Шығу туризмі бойынша көбінесе туристер демалу, рекреация және бос уақытын қызықты өткізу мақсатында саяхаттаған. Ал туристердің сыртқа шығудың қалған мақсаттары болып коммерциялық, яғни шоп-туризм (29%) және іскерлік пен кәсіби мақсаттағы саяхаттарды  (18,7%) атап кетуге болады. Шығу туризмі көбінесе сатып алу қабілеттілігі жоғары әлеуметтік топтар арасында кеңінен тараған. Жоғары таптағы адамдар көп жағдайда дайын туристік өнімді «all-inclusive» алғанды жөн көреді, яғни оның құрамына міндетті түрде орналастыру, тамақтандыру, көңіл көтеру мен ұшып келу құны кіру міндетті. Қазақстандықтардың арасында танымал шетелдік бағыттардың бірі болып Түркия (30%), Қытай (23,1%), Біріккен Араб Әмірлігін (11,3%) атауға болады. Қазақстанда туристік саланың негізгі міндеті келу және ішкі туризмін дамыту болып табылады. [7]

      Көптеген дамыған елдерде туризмнің тұрақты дамуында келу туризм мен ішкі туризмнің тепе-теңдігі байқалады. Жалпы ұлттық туризмнің табысты қызмет етуі үшін келу және шығу туризмнің арақатынасы 3:1 тең болуы керек. Бүгінгі таңда өкінішке орай шығу туризмі келу туризмге қарағанда басым болып келеді. 2011 жылы оның арақатынасы 340 мың адамға тең болды.

      Келу туризмі мемлекеттің төлеу балансына орасан ықпалын тигізеді. Әрбір келген турист тауарлар мен қызметтерді тұтыну барысында қабылдаушы мемлекеттің бюджетін толықтырумен қатар, төлеу балансының қарқынын күшейтеді және де ұлттық, аймақтық құрылымдар мен серіктестіктерге және коорпарацияларға, сондай-ақ орта және кіші кәсіпорындар мен үй шаруашылықтарына табыс әкеліп отырады. Адамдардың қозғалысы жұмысбастылық саласындағы көптеген мәселелерді шешпей қоймай, әлеуметтік-мәдени және экономикалық кешенді белсендендіреді, сонымен қоса мәдениет пен демалу саласының қызметтің саны мен сапасы арқылы байытады. Келушілердің қарқынына сай елдің мәдениеті де байып отырады.

      Туристік фирмалар тарапынан келу туризмі бойынша қызмет көрсетілгендердің көбі  Алматы және Астана қалаларына тиесілі болды, ал  ол  өз кезегінде бұл қалалардың бизнес-саяхаттар негізінде тартымды екендігінің дәлелі.

Информация о работе Туризм индустриясы ұлттық экономиканың саласы ретінде