Автор работы: Пользователь скрыл имя, 21 Октября 2013 в 17:57, курсовая работа
Қазақстан Республикасының Президенті Н. Назарбаев БҰҰ ДТҰ-ң Бас Ассамблеясының 18-ші сессиясында әлемдегі жалпы өнім көлемінің 10%-н туризм саласындағы кіріс құрайтынын, туризм саласындағы бизнес әлемі барлық мемлекеттің 800 миллиардтан астам долларын салықтық түсімдермен қамтамасыз ететіндігіне тоқтала отырып, қазіргі уақытта Еуропа мен Азиядағы 14 миллионға жуық туристер таяу уақытта Қазақстанда болуды жоспарлап отырғандығын, әсіресе, Германия, Ұлыбритания, Қытай, Жапония және АҚШ елдерінде біздің елімізге қызығушылық байқалатындығын атап өткен.
Туристік фирмадағы
маркетингтік қызмет сұраныс пен
ұсыныстың өзара әрекеті
Туризмдегі маркетингтің мәнін, маңызын, ерекшеліктерін талдай келе оның мазмұнын бөліп көрсетуге болады (сурет 1).
Сурет 1 – Туризмдегі маркетингтік қызметтің мазмұны
Ескертпе: Зерттеу нәтижесінде автор жасаған.
Осы орайда, «туризмдегі маркетинг» – пайда алу мақсатында туристік өнімді қалыптастыруды, баға белгілеуді, жылжытуды, өткізуді, турларды ұйымдастыруды басқарудың нарықтағы сұранысқа бейімделген, бәсекелік артықшылықтарын жоғарылатуға мүмкіндік беретін туристік қызмет әзірлеп, ұсынуға бағытталған үдеріс.
Шығыс Қазақстан облысының туристік әлеуетін, онда әрекет етуші туристік сала кәсіпорындарының қызметін зерттеу облыстың зор мүмкіндіктері бар екенін, бірақ олардың өз деңгейінде қолданыла алмай отырғандығын көрсетті.
Кесте 1 – Шығыс Қазақстан облысындағы 2005-2009 ж.ж. қызмет көрсетілген туристер, адам
Көрсеткіш |
2005 ж |
2006 ж |
2007 ж |
2008 ж |
2009 ж |
2009 ж. 2005 ж. салыстыр-ғанда, % |
2009 ж. 2008 ж салыстыр-ғанда, % |
Барлығы |
25299 |
27689 |
39960 |
59667 |
25130 |
99,3 |
42,1 |
Кіру туризмі |
1395 |
624 |
551 |
1313 |
1189 |
85,2 |
90,5 |
ТМД елдері |
697 |
454 |
394 |
918 |
944 |
135,4 |
102,8 |
ТМД-дан тыс |
698 |
170 |
157 |
395 |
245 |
35,1 |
62,0 |
Шығу туризмі |
3089 |
8155 |
10162 |
6340 |
6232 |
201,7 |
98,3 |
ТМД елдері |
136 |
490 |
91 |
133 |
56 |
41,2 |
42,1 |
ТМД-дан тыс |
2953 |
7665 |
10071 |
6207 |
6176 |
209,1 |
99,5 |
Ішкі туризм |
20815 |
18910 |
29247 |
52014 |
17709 |
85,1 |
34,0 |
Ескертпе: ШҚО Статистика Департаменті мәліметтері негізінде жасалған. |
1-кестені талдау облыстағы
Туристік қызметтер толық көрсетілетін жолдамалар саны соңғы жылдары азаюда. Бұл халықтың толық кешенді туризмді сатып алу мүмкіндігінің төмендігін білдіреді. Ал қызмет көрсетудің жеке түрлері енетін жолдамаларға сұраныс қарқынды түрде дамуда. Мысалы, 2008 жылы 2007 жылға қарағанда осындай жолдамалар екі есе көп сатылған. Туристік фирмалар турөнімнің қоржынын әзірлеуде осы тенденцияны ескере отырып, бағасы тұтынушылардың экономикалық мүмкіндіктеріне сай келетін экологиялық, белсенді, танымдық, емдік немесе жағажайлық турлар әзірлеуі керек.
Туристерді тасымалдау құралдарына тоқталсақ, ішкі туризмде 2008 жылы 2007 жылға қарағанда әуе көлігімен тасымал 156 адамға, теміржолмен қатынау 157 адамға кеміген, ал автобустармен жүру 523 адамға артқан. Туристер қалааралық автобустармен қатынағанды жөн деп есептеген, сонымен қатар көліктің бұл түрі бағасы жағынан арзан болып табылады.
2009 жылы қонақ үйлер мен басқа да орналастыру объектілеріндегі нөмірлер саны 4817, соның ішінде «люкс» дәрежелі 378 орынды құраған, ал 2008 жылы бұл көрсеткіш 254 орын. Қонақүйдегі нөмірлер саны 2007 жылмен салыстырғанда 1652 өскен. Бес жұлдызды қонақ үйлер жоқ, төрт, үш, екі жұлдызды қонақ үйлердің саны өте аз. Сондықтан 3,4,5 жұлдызды қонақ үйлер құрылысын қолға алу қажет.
Шығыс Қазақстанда туристік өнімдер ұсыну қызметімен «Экосистем», «Алтайские экспедиции», «Эл-тур-Восток», «Саяхат-Восток», «Рахман қайнарлары», «Көгілдір бұғаз», «Геотур», «Алтай», «Империя туризма», «Зүбәржат Алтай», «MARKA-TUR», «ВизаИнтур», «Алтай Альпілері» ЖШС-і және т.б. туристік фирмалар айналысады.
Аталған кәсіпорындар нарықта кең тараған, тұрақты сұранысқа ие, қол жетерлік бағадағы турөнім ұсынады.
«Экосистем» ЖШС-нің негізгі қызмет бағыттары: экологиялық туризм, хикаялық турларды ұйымдастыру, экологиялық қызметті насихаттау, табиғатты қорғау, ақпараттық-жарнамалық буклеттер мен Шығыс Қазақстан облысының табиғаты жайлы видеофильмдер шығару. Ол өз турларын Қазақстандағы және Еуропадағы агенттер көмегімен сатады.
«Рахман қайнарлары» 1995 жылдан бастап жұмыс істейтін жетекші туроператор болып табылады. Биік таулы, табиғаты әсем жерде орналасқандықтан шипажайдағы санаторлы-курорттық емдеу оның басты қызметі болып табылады. Сонымен қатар «Нұртау» тау-шаңғы курорты қысқы демалысты, «Порт Фортуна» қонақ үй кешенінде жағажайлық туризмді ұйымдастырумен, Қазақстандық Алтай тауларында белсенді турларды өткізумен (тау шыңына көтерілу, жаяу және атты турлар, рафтинг, авто-велотурлар, аралас маршруттар) айналысады.
Әрбір жеке кәсіпорынның туристік саясатының негізгі мақсаты нарықтық жағдайларды тиімді пайдалана отырып көрсетілетін қызметтер сапасын жоғарылату, туристік өнімді өндіру, өткізу және жылжыту үрдістеріне жаңашылдықтар енгізу арқылы пайданы және туристік қызметтің рентабелділігін арттыру болып табылады.
Өнімді өткізуден түскен түсім 2009 жылы 2008 жылмен салыстырғанда 21,2% төмендесе де жалпы «Рахман қайнарлары» ЖШС-і рентабелді қызмет етеді (кесте 2).
Кесте 2 – «Рахман қайнарлары» ЖШС-нің 2007-2009 ж.ж. негізгі көрсеткіштерін талдау
Көрсеткіштер |
2007 ж. |
2008 ж. |
2009 ж. |
2009 ж. 2008 ж. салыстырғанда, % |
Өнімді өткізуден түскен түсім, мың тг. |
61152 |
67714 |
54040 |
79,8 |
Өнімнің өзіндік құны, мың. тг. |
47263 |
51636 |
37936 |
73,5 |
Түсімге қатысты өзіндік құн, % |
77 |
76 |
70 |
92,1 |
Өнімді өткізуден түскен пайда, мың тг. |
13889 |
16077 |
16104 |
100,2 |
Түсімдегі өткізуден түскен пайданың үлесі, % |
22,7 |
23,7 |
29,8 |
125,7 |
Рентабельділік деңгейі, % |
1,29 |
1,31 |
1,42 |
+ 0,11 |
Негізгі қызметтен түскен табыс, мың тг. |
2207 |
1381 |
2399 |
173,7 |
Өзге қызметтерден түскен табыс,мың тг. |
1284 |
53 |
2338 |
44 есе |
Таза табыс (шығын) мың тг. |
1780 |
1275 |
3391 |
2 есе |
Ескертпе: «Рахман қайнарлары» ЖШС-нің мәліметтері негізінде жасалған |
Кестедегі мәліметтер бойынша 2009 жылы таза табыс 2008 жылмен салыстырғанда 2116 мың теңгеге, ал 2007 жылмен салыстырғанда 1610 мың теңгеге өскен. Рентабельділік деңгейі 2009 жылы 1,42 пайызды құрады, бұл 2008 жылдың көрсеткіші бойынша 0,11 пайызға және 2007 жылмен салыстырғанда 0,13 пайызға жоғары.
Талдаудың мәні нақты бір уақыттағы туристік қызмет нарығындағы жағдайды бағалаудан тұрады. Кестеден байқағанымыздай, «Алтай экспедициялары» ЖШС-де туристер санының үш есеге жуық өсуі оның қызмет тиімділігіне әсер еткен жоқ. Себебі «Алтай экспедициялары» ЖШС-де 2007-2008 жылдары шығынды болған. Фирманың шығынсыздығын талдау пайда алу үшін қанша туристке қызмет көрсетуі керек екендігін көрсетеді. Кестеге назар аударсақ, туристік қызмет көрсетудің шекті көлемі 20528 құрау керек.
Кесте 3 – 2008-2009 жылдары «Алтай экспедициялары», «Туризм империясы» ЖШС-де көрсетілген қызметтерге салыстырмалы талдау
Көрсеткшітер |
Жылдар | |||
2008 |
2009 | |||
Туризм импе-риясы |
Алтай экспеди-циялары |
Туризм импе-риясы |
«Алтай экспеди-циялары» | |
Бір тур қызметке орташа баға, теңге |
14500 |
32800 |
16200 |
28100 |
Қызмет көрсетілген туристер саны |
10000 |
7260 |
21168 |
20354 |
Ауыспалы шығындар, бір турқызметке орташа баға, теңге |
10100 |
24300 |
12700 |
22900 |
Тұрақты шығындар, мың теңге |
25680 |
63250 |
56400 |
106750 |
Таза пайда, мың теңге |
18320 |
-1530 |
17688 |
-909 |
Сатудың критикалық көлемі |
5837 |
7441 |
16114 |
20528 |
1 турқызметтен таза табыс |
1832 |
-210 |
836 |
-45 |
Турөнімнің критикалық көлемін өндіргеннен кейінгі фирмада қалатын пайда, мың теңге |
7626 |
0 |
4194 |
0 |
Жиынтық ауыспалы шығындар, мың теңге |
101000 |
176718 |
268834 |
466107 |
Жиынтық шығындар, мың теңге |
126680 |
239968 |
325234 |
572857 |
Рентабельділік деңгейі, пайыз |
14,5 |
- 0,8 |
5,4 |
-0,15 |
Өнімді өткізуден түсетін пайда, мың теңге |
145000 |
238128 |
345922 |
571947 |
Ескертпе: ШҚО туристік кәсіпорындарының есептік мәліметтері негізінде автор жасаған. |
Шығыс Қазақстан облысындағы туристік фирмалардың маркетингтік қызметін талдау арқылы олардың кемшіліктері мен мәселелері анықталды. Бұл қызмет «Рахман қайнарлары» ЖШС-де функционалдық құрылымы болғандықтан жақсы жолға қойылған. Онда кәсіби көрмелер мен кездесулерге қатысу, ұлттық туристік ұйымдармен, шет мемлекеттердің сауда өкілдіктерімен жұмыс істеу, көрсетілімдер ұйымдастыру, демеушілік шараларын жүргізу, жарнама қызметтері атқарылады. Бірақ басқа турфирмаларда осы және жергілікті туристік өнімдер нарығын зерттеу, агенттік желімен жұмыс істеу, туристік қызмет көрсету қоржынын жоспарлау, жылжытуды тиімді шараларын ұйымдастыру сияқты әрекеттер қамтылмаған. Сондықтан туристік фирмалар маркетингтік қызметі жүйелі түрде әлі де дамымаған.
Облыстағы туристік қызметті тұтынушылардың мінез-құлқына әсер етуші факторларды анықтау мақсатында пікір сұрау арқылы маркетингтік зерттеу жүргізілді.
Кесте 4 – Туристік қызметтерді тұтынушыларға зерттеу жүргізу үшін іріктемені қалыптастыру үрдісі
Көрсеткіш |
Сипаттамасы |
Бас жиынтық |
ШҚО облысында тұратын туристік қызметті тұтынушылар |
Іріктеме бірлігі |
Туристік фирма қызметін пайдаланған клиент |
Сұрау жүргізу кезінде туристік фирмалардың мәліметтер базасында тіркелген клиенттер тізімі | |
Кездейсоқ таңдау | |
Іріктеме әдісінің типі |
Жүйелі таңдау |
Секіру аралығы |
32 адамнан кейін |
Ескертпе: Әдеби көздер негізінде автор жасаған. |
Маркетингтік зерттеу
Сурет 2 – Респонденттердің «Сіз саяхатқа қандай мақсатпен шығасыз?» сұрағының нәтижесі
Ескертпе: Зерттеу нәтижесінде автор жасаған.
Респонденттердің жауабын талдау барысында туризм мақсаты ретінде сұралғандардың 35%-ы демалыс, 15%-ы мәдени-танымдық, 12%-ы емделу, 11%-ы ойын-сауық және іскерлік мақсаттарды атады (сурет 2).
Респонденттердің ішкі, шығу туризмдері түрлері бойынша ара-қатынасын талдау сұралғандардың 60%-ы алыс-жақын шетелдерде болғандарын, 40%-ы ішкі саяхаттарда ғана болғандарын, егер табыс деңгейі жоғарылайтын болса, шетелдерге саяхаттауды қалайтындарын білдірді. Сапар бағыттары ішінде үлес салмағы ең жоғары 28%-ы ТМД елдері, екінші орынды 22%-ы Қытай, үшінші орынды 20%-ы Түркия мемлекеттері алып отыр. Осы аталған елдерде болған респонденттер бұл елдердің таңдауға ықпал етуші факторлар қатарында жоғары деңгейлі сервисті, қызметтердің сапалылығын, тиімді туристік объектілердің болуын, баға деңгейінің сәйкестігін атады.
Информация о работе Туристік фирмалар қызметіндегі маркетингті жетілдіру