Оқиғалы туризм: түсінігі және анықтамасы

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 18 Февраля 2015 в 11:23, доклад

Краткое описание

Оқиғалы туризм: түсінігі және анықтамасы

Прикрепленные файлы: 1 файл

лек СТ.docx

— 61.59 Кб (Скачать документ)

 

Лекция 6. Фестиваль оқиғалық туризмнің объектісі ретінде

Туризмнің рөлі мен орны бойынша спорттық шараларға ұқсас театралдық шараларды ажыратамыз: карнавалдар, фестивальдар (француз сөзі түбі латыннан festivus – мерекелік), ұлттық мерекелер, ән және сән байқаулары.

  Ежелгі Грекияда (б.з.д 6 ғ.) Аполлон құдайына арнап Пифий ойындары ұйымдастырылған – ол музыкалық жарыстар, бұл жарысқа барлық грек Ойкуменасының қатысушылары мен көрермендері келетін. Жеңімпаз үшін сыйға лавр веногын беретін болған.

Қазіргі замандағы мәдени өмірдің атақты оқиғасының біріне Эдинбург фестивалі жатады. Эдинбургке (Ұлыбритания) әлемдегі ең керемет опералық, балеттік және театралдық ұжымдар, сонымен қатар әр түрлі фольклорлық ансамбльдер келеді. Осында мәңгілік көркемөнердің табынушылары да әлемнің барлық бұрыштарынан келеді. Классикалық музыканың әуесқойлары арасында Сантандере (Испания; 50 жылдан астам ұйымдастырулыда) және Люцерн (Швейцария) халықаралық фестивальдары ерекше танымал. Классикалық көркемөнер фестивальдары 55 мыңға дейін адам жинай алады.

Өнер әлемінде ерекше оқиғалардың бірі киноөнер фестивальдары. Олар дәстүрлі түрде Каннада (Франция), Венецияда (1932 ж. ең алғашқы халықаралық кинофестивалі), Берлинде, Токиода, Мәскеуде, Каирде (араб елдеріндегі ірі кинофестиваль) өтіледі.

Бірақ та, шындығында әлемдегі ең танымал фестиваль – карнавалдар. Карнавалдар өз бастауын ежелгі Египет құдайы Осирисқа арнап жасалған рәсімнен алады. «Карнавал» (итальян тілінен carnevale — қош бол ет (прощай мясо)) сөзінің шығу тегі 40 күндік христиандық Пасха постын ұстар алдында ет жеумен, шарап ішумен және көңіл көтерімен сабақтас болып келеді.

Бұл дәстүр көптеген христиан халықтарында (Ресейде – Масленица, Францияда – Майлы сейсенбі) орын алады. Бір апта бұрын Ұлы пост ұстар алдында көптеген Латын Америкасының және Еуропаның ірі қалаларында карнавал басталады.

Қалжындар, күлкі, шаттық барлық көшелер мен уйлерде орын алатын. Итальяндық маскарадты көру үшін шет елдерден көптеген қонақтар келетін.

Эстетиканың жоғарылығы, ал көп жағдайларда карнавалдардың экзотикалығы көптеген туристерді қызықтырады. Олардың көбісі жүйелі түрде, нақты бір уақытта өткізіліп тұрады, яғни осы уақытта көптеген туристік сапарлардың саны артады. Мысал ретінде атақты Бразилиядағы карнавалдарды және Италиядағы маскарадтарды келтіруге болады.

Әлемдегі ең атақты фестивальдік шара – Бразильдік карнавал.

Бұл ұлттық мереке ерекше рух пен уникалды елдің өмір стилін бейнелейді.

Бразилияның халқы тұрғылықты үнді халқының, африкан халқының тұқымдарынан және Азия, Еуропа елдерінің қоныс аударушыларың араласуынан қалыптасты. Әр түрлі мәдениеттер мен діндердің қосылуы жаңа дәстүрлердің пайда болуына негіз болды. Бразильдік карнавал – бүкіл халықтық мереке,  ол өзінің масштабы, белсенділігі, қоғамдық өмірдегі маңыздылығы және оны ұйымдастыруға кеткен шығыны бойынша аналогы жоқ. Бразильдік карнавалдың пайда болуы 1641 жылға тиесілі, ол кезде Рио-де-Жанейро қаласының губернаторы Португалия королінің таққа отыруына байланысты толық бір аптаны мереке деп жариялады.

Қазіргі кезде карнавал ақпан айында өткізіледі, ресми түрде 4 күн, ал шындығында – бір апта немесе одан да көп. Барлық қалалардың көшелері мен алаңдары шерулермен, жаркыраган, фантастикалық костюмдардағы билеп журген және көңіл көтеруші адамдармен, олардың ұлтына, жасына, жынысына, әлеуметтік орнына қарамастан барлық жер толы. Карнавалдық шеруге қатысу ол – сол елдің әрбір адамына үлкен мәртебе. Бұл мерекеге ерекше шармды көптеген самба мектептері береді, себебі олардың дене қималдырының ырғақты топтық биі. Олар өздерінің қалаларында карнавал орталығы болады, ал байқаудың жеңімпаздары өздерінің қаласын немесе ауданын Рио-де-Жанейродағы басты мерекеде таныстыруға қол жеткізеді. Бұл жердегі карнавалдық шеру тоқтаусыз 3 күн қатарынан өткізіледі, содан соң қазылар алқасы жеңімпаз самба мектебін жариялайды. Ол мектеп бір жыл бойы елдің символы болады.

Рио-де-Жанейродағы басты карнавал шеруі арнайы самбадромда өткізіледі.

Самбадром – тік, екі жағынан қазылар мен көрермендерге арналған үлкен сыйымды трибуналары бар бір шақырымдық көше. Басты карнавалдық шеруге 1,5 млн қатысушылар мен көрермендер жиналады. Карнавал кезінде Рио-де-Жанейроға келу қиын және қымбат.

Орындарды брондау бір жыл бұрын басталады және бағасы өте жоғары. Осыдан барып жергілікті қазынаның табысы осы карнавалдан, ал 1995 ж. 100 млн долларды құрады.

Мыңдаған туристерді қызықтыратын фестивальді шаралар қатарына: коррида (Испания, Португалия, Франция), гүл фестивальдары (Голландия, Таиланд), Лондондағы Королеваның атты гвардиясының шеруі (Ұлыбритания), шарап (Франция, Швейцария) және сыра (Германия) фестивальдары, сән конкурсы («Мисс мира» 1951 ж. негізі қаланған, жыл сайын Сан-Ситиде (ОАР) өткізіледі) жатады. Сонымен қатар, экзотикалық – буйволдардың жарысы мен пілдердің үстінде жарысы (Таиланд), кесірткелердің жарысы (АҚШ), халықаралық қойларды қырқу «Алтын қайшы» жарысы (Жаңа Зеландия).

 

 

 

 

 

 

Лекция 7

Конгресстер оқиғалық туризмнің объектісі ретінде

 

Шаруашылық және мәдени өмірдің интернационализациялануы түрлі саладағы мамандар мен көптеген конгресстер, съездтер, симпозиумдар, конференциялар арасындағы байланысты кеңейтуде көрінеді. ХХ ғ. 30-ж.ж әлемде жылына шамамен 200 халықаралық  конференциялар өткізіліп отырған. Қазіргі кезде осындай іс-шаралардың саны 8 мыңнан асып жығылады, ал қатысушылардың саны — 10 млн (шамамен әлемдік туристік ағымның 1,5 %-ы). Халықарлық конгресстер, конференциялардың ең көп қатысушылары дамыған, ғылымы, техникасы, бизнесі ілгері елдерге тиесілі. Бірақ та қазір конгресстік орталықтар географиясы кеңеюде. Конгресстік туризмнің орталығы болып мына талаптарға жауап беретін қалалар саналады: тиімді географиялық орын, жайлы транспорттық қатынас, қонақжайлылық индустриясының жоғары сапасы, жиындарға қажетті бөлмелердің болуы, белгілі бір саладағы көшбасшылық (ғылым, мәдениет, бизнес және т.б), архитектуралық тартымдылық, сол қаладағы немесе қала маңындағы экскурсиялық объектілердің болуы. Әдетте, мұндай талаптарға ірі қалалар (көбіне астаналар) жауап береді, сондықтан да осы қалалар конгресстік туризмнің маңызды орталықтарына айналды. Конгресстерді көбінесе ғылыми, университеттік, мәдени және  индустриалдық орталықтарда, курорттарда өткізеді. Халықаралық кездесулер отельдерде, театрларда, концерттік залдарда өтеді.  80-жылдары, конгрестік және көрмелік жиындардың жақындасу тенденциясы байқалған кезде, жиын орталықтарының американдық үлгісі пайда болып, кең тарады. Бұл — көрмелер өткізуге және конференция қатысушыларын қабылдай алатын үлкен залдардан тұратын арнайы ғимараттар. Соңғы жылдарда халықаралық іс-шаралар тарихи орындарда, қамалдарда жиірек өткізіліп жатыр. Конгресстік шаралардың  80 %-ы Батыс Еуропа және Солтүстік Америка елдеріне келеді. Алғашқы үштікте АҚШ, Франция және Ұлыбритания бар. Конгресстік туризмнің ірі орталықтары: Амстердам, Брюссель, Вашингтон, Вена, Женева, Копенгаген, Лондон, Мадрид, Париж, Давос (экономикалық форум, Швейцария).

Азия және Тынық мұхиты аймағының экономикалық дамуы халықаралық кездесулерді Гонконгте, Сингапурде, Бангкокте өткізуге себеп болды. Сонғы жылдары халықаралық эксперттердің бағасы бойынша конгресстік іс-шараларға ең ыңғайлы орын деп Сидней (Австралия) танылуда.

 Конгресстік  туризмге, әдетте, қалтасы қалың  азаматтар қатысады, сол себепті  бір туристтен түсетін табыс  орташа статистикалық туристтен  2-3 есе жоғары, ал жалпы табыс  әлемдік туризмнен түсетін табыстың  5-6 %-ын құрайды.

Большое значение Конгресстік  туризм белгілі бір оқиғаға, арнайы жиындарға, конференцияларға байланысты болады. Олардың 1/5-і қыркүйек айына келеді. Конгресстік туристік ағымдарды ұйымдастыру жалпы туризмнен оңайға туседі, себебі түрлі конференциялар жайлы ақпарат бірнеше ай бұрын тарайды.

 

Лекция 8. Карнавал оқиғалы туризм объектісі ретінде

Карнавал түсінігін сараптауға келетін болсақ біз оның тарихының аяғына дейін анықталмағанын және сөздің этимологиясы анық емес екенін ескергеніміз жөн. Көптеген зерттеушілер ежелгі пракарнавал маусым ауысымы кезінде болып, аграрлық мейрам болғанын айтады. Көптеген нұсқалардың бірі бойынша, «карнавал» сөзі  латын сөзінен шыққан, carrus navalis – Еуропада қола дәуірінде мейрам күндері пұтқа табынушыларды таситын салт-дәстүрлік кеме-арбы болып табылады. Басқа нұсқа бойынша, «карнавал» сөзі латынның екі түбірінен carno(ет) және vale(қош бол) тұрады. Бұл мейрам ежелден-ақ құмар аптаға 40 күн қалғанда атап өтіліп, Ұлы ораза алдындағы ерекше межесі  болды.

Қазіргі карнавалдардың басты ерекшелігі еделгі римдіктердің сабантойлары болып табылады. Егістік пен құнарлық Сатурн құдайына арналған күндері римдіктер жалпыға бірдей теңдік пен өркендеудің алтын ғасырын жандандыратын мейрамды атап өтетін. Мейрам уақытындағы құл мен мырзаның айырмашылығы – құлдар ерікті, азат адамдармен бір үстел үстінде тамақтанып, мейрамды тойласа, ал мырзалар оларға қызмет көрсетті.  Мереке күндері жалған патша сайланып, сабантой соңында ол өз-өзіне қол жұмсап немесе пышақ, от және ілгек көмегімен өлуге тиіс еді.

Христиандық сабантойдың келеуімен көптеген пұтқа табынушылық рәсімдердің өткізілуіне тыйым салынатын, бірақ мейрамның басты идеясы – барлық қатысушыларды теңестіру – Венеция отаны болып табылатын еуропа карнавалдарында пайда болды. Көптеген католиктік мемлекеттерде карнавал Ұлы Ораза алдында болатын, бұл туралы «Брокгауз және Ефрон Сөздігінде» карнавал сөзіне берілген анықтама арқылы білуге болады: «Карнавал – католиктік елдерде Шоқыну мерекесінен(6 қаңтар) бастап Ұлы оразаның алғашқы сәрсенбісіне дейінгі уақыт аралығы,бірақ әдетте карнавал деп роман елдерінде ұлттық шерулер, маскарадтар мен басқа ойын-сауықтармен атап өтілетін Таза сәрсенбі алдындағы 7-10 күнді ғана атайды». Көптеген сөздіктер мен энциклопедияларда карнавал іс жүзінде ашық аспан астында, би, театрлық ойындар, маскарад және шерулермен атап өтілетін ұлттық мейрам ретінде қарастырылады.(«Үлкен энциклопедия сөздігі»[3], «Шетелдік сөздер сөздігі»[26], Ожегов  түсіндірме сөздігі[22] және т.б.

«Карнавал» және «маскарад» жиі синонимдес сөздер ретінде қолданылады. «Маскарад» сөзі итальян «mascherata» - бал, маска киген адамдар жиыны мағынасын білдерітен сөзден шыққан. Карнавал анықтамасына қарағанда маскарад оның бөліге болып табылады, карнавал түсінігі маскарад сөзіне қарағанда кең мағынада қолданылады. Сондықтан, карнавалды мына негізгі элементтерден: би, театрлық ойындар, маскарад, шерулер және т.б. тұратын ұлттық мейрам ретінде қарастыруға болады.

В.П.Рудневтің айтуынша, крнавал адамзат мәдениетінің маңызды бөлігі болып табылады: «Карнавал – халықтың екінші өмірі,... ол оның мерекелік өмірі. Мейрам (барлығы) – адамзат мәдениетінің ең маңызды бастапқы формасы. Оны қоғамдық еңбектің тәжірибелік міндеттері мен мақсаттарына бөліп қарастыруға болмайды. Мейрам әрдайым маңызды және кең мағыналы түсінік болып табылады». М.М.Бахтиннің пайымдауынша, карнавалдық мәдениет әмбебаптықты қамтитын кең өмірлік философия болып табылады. Егер ресми мерекелер тұрақтылық, бірқалыптылық және бейбітшіліктің мәңгілігін білдіретін салтанатты қамтыса, ал карнавал сол әдеттегі ресмилікті  уақытша тоқтату іс-әрекетімен сипатталады.

Карнавал кезінде барлық адамдар басқаша киініп(жаңа киімдер алып, өздерінің әлеуметтік деңгейін ауыстырып), сайланып, содан кейін жай күндері бас иіп, қызмет көрсететін патшалар мен мырзаларды сайық-мазаққа айналдырып, ұрып-соғып, оларды төмендетті, әдептілік нормаларынан жойды.  Бұл сәт өте кең  мағынаны қамтыды: халықтың қазіргіден жақсы болашақты аңсайтынын, әделетті әлеуметтік-экономикалық басқаруды, жаңа шындықты қалайтынын білдірді. Сонымен, карнавал бұрын да, қазіргі де қоғамдық ортадағы проблемаларды, шиеленісуді шешетін, әлеуметтік, эконокикалық және саясатқа деген халық ызасын білдіретін құрал ретінде қолдануға болады.

Эстетикалық тұрғыдан қарасақ, карнавал мәдениеті ерекше тұжырымдама болып табылады. М.М.Бахтиннің айтуынша, карнавал мағынасында «дене бүтіндігі туралы айрықша сипаттама мен осы бүтіндік шекаралары» жатыр.Ал карнавалда барлығы басқаша болғандықтан, бұл дене бүтіндігін жүзеге асыруға мүмкіндік бар.

Сонымен, карнавал психотерапевтік құбылыс ретінде өте маңызды болып табылады. Бұл құбылыс  арқылы адамзат нақты бір бейнені(маска немесе костюм) қабылдап, стресстан құтылуға және жеке проблемаларды шешуге мүмкіндік беретін өз эмоцияларын еркін білдіру құқығын иеленеді. Карнавалды «мереке арқылы сауығу процедурасы» деп айтуға болады.

Осы сөзге дәлел ретінде А.Макаревич сөздерін келтіруге болады: «Менінһң ойымша, дәл қазіргі кезде карнавал адам денсаулығы үшін теңдесіз болып келеді. Денсаулық физикалық, психикалық және жандық кеі мағынада қаралады». Осы автордың карнавал туралы көптеген тезистері келтірілген:

Карнавал бұл жұрт алдында еш бөгетсіз шағрмашылық өзін-өзі көрсету. Тәжірибе бойынша, карнавалдағы ең ұялшақ адам да жұрта алдында шығуға ұмтылады.

Карнавал әлеуметтік коммуникативтік құрал ретінде. Әлеуметтік жағдайына қарамастан әбрбір деңгей өкілдерінің коммуникациялық мүмкіндігі. Әлеуметтік жағдайы ең жоғары адам үшін карнавал уақытша және қауіпсіз оырн ауыстыру және өз жағдайындағы жетіспейтін қарым-қатынас бөлігін алу мүмкіндігі болып табылады.

Карнавал катарсис(тазару) ретінде. Мысалы, агрессия жою факторы ретіндегі боқ-ауыз сөздер немесе тазару ықпалы бар күлкі.

Карнавал психотерапиясы. Карнавал әлеметтік мәселелер мен стресстерден еш зиянсыз уақытша құтылу мүмкіндігі ретінде. Жеке тұлғаның уақытша асоциализациясы.

 Қорыта келгенде, А.Макаревич  карнавализация маңызды педагогтік  мағына беретінін тұжырымдайды. Карнавал мәдениеті арқылы қазіргі  адамзат қоғамдық және саясат  мәселелерінен екпе алады.

Карнавал жеке адам үшін маңызды болуымен қатар, жеке бір аймақ немесе ел ішіндегі мәдениет туризмінің дамуына зор септігін тигізеді.  Карнавал сол елдегі мәдениет туризмінің имиджін қалыптастырудың эффективті құралы болып табылады. Мысал ретінде автор Е.Ключников фестивальдер мен карнавалдардың ел туризміне әсері туралы мақаласын келтіруге болады. Мақалада провинциалдық Зальцбург қаласына фестиваль дамыған инфрақұрылымды атақты мәдениет орталығы статусын иеленуге мүмкіндік берді. Бұған Моцарттың осы қалада тууына байланысты режиссер Макс Рейнхард пен композитор Рихард Штраус 1920 жылы негізін қалаған музыкалы-театрлық фестиваль әсер етті. Фестиваль арқасында Зальцбург қаласы Еропаның ең атақты туристік орталықтары болып табылады.

Қазіргі заманғы мәдениет менеджерлері проектті жүзеге асыруды бірінші орынға қойып, ал мәдениет туризмінің дамуын ұзақ мерзімдегі перспективалар қатарына қояды. Сондықтан, карнавал туризм объектісі теніде ерекше имидж акциясы бола алады. Бұл акция жергілікті аймақта туризм дамуына ықпа етеді, ол өз кезегінде аймақтың барлық инфрақұралымына әсер етеді.

Карнавал функциялары мен міндеттері:

Біріншіден, карнавал адам қарым-қатынас жасау қажеттілігін қанағаттандыратын, әлеуметтік, саясат мәселелерін шешуге бағытталған қоғамдық орта ретінде бола алады.

Екіншіден, карнавал өткізелетін аймақтаға имидж, брендтің қалыптасуына әсер етеді және сол аймақтағы туризм дамуына ықпал жасайды.

Үшіншіден, карнавал туризмі туристік нарықтағы табысты, пайдалы бағыт болып табылады, бұл бағыт туристік фирма тәжірибесінде перпективті бола алады.

Информация о работе Оқиғалы туризм: түсінігі және анықтамасы