Автор работы: Пользователь скрыл имя, 18 Февраля 2015 в 11:23, доклад
Оқиғалы туризм: түсінігі және анықтамасы
- Чжухаедегі авиасалон (КХР)
- Лаюкави аралындағы авиасалон (Малайзия)
- Женевадағы автосалон (Швейцария)
- Мәскеудегі автосалон ( Ресей)
- «Сағаттар салоны», Женева, Цюрих (Швейцария)
Оқиғалы туризмі туризм саласының жаңа бағыты болып табылады. Қазіргі заманда адамдар туризмнің жаңа бағыттарына көп көңіл бөледі. Оқиғалы туризмінің ең басты ерекшелігі жарқын және қайталанбас сәттердің көптігі. Туризм саласының ең тартымды бағыттарының бірі оқиғалы туризмін ұйымдастыру.
4 – дәріс. Халықаралық көрме және жәрмеңке
Дүниежүзілік
көрме (ағылш. World's fair) немесе Экспо (Expo)
индустрияландырудың нышаны
Бiрiншi дүниежүзілік көрме Лондондағы Гайд-паркте, Альберт ханзаданың бастамасымен өткізілген. Көрменің бас назар аударарлық ғимараты, Джозеф Пакстонмен таза шыны мен болаттан тұрғызылған Хрусталь сарайы болды.
Дүниежүзілік көрме-1889, Парижде.
Алғашқы дүниежүзілік көрмені лондондық Гайд-паркте, арнайы жасалған әйгілі Хрусталь сарайы өткізген уақыттан бастап есептегенде 2011 жылы 160 жыл толады.
Бұл, қатысушы-елдер қонақтарға өз өндірушілерінің шеберлігін және бірдей, бірақ әр-түрлі елде жасалған тауарлардың сапасын салыстыруға мүмкіндік бере отырып, ұлттық өндірістің заттарын бір жерде және бір мезгілде көрсетуге келісті. Дәл осы кезде сол көрмелік тұрғылар тәжірибеге енгізіле бастады, уақыт өте келе олар міндеттіге айналып, кейін тиісті халықаралық нормативтік актілерге белгіленді.
Өткен 160 жыл өндірушілер және олардың тауарларын жалпы бүкіләлемдік қараудың маңыздылығы мен мақсатқа лайықтылығын растады, бұған көптеген елдерде жыл сайын өткізілетін көптеген көрмелер және жәрмеңкелермен қатар, анағұрлым жарқын, әрі беделді бүкіләлемдік көрмелер қала беретіндігі куә. Әрине, осындай үлкен мерзім ішіндегі мұндай көрмелердің мазмұны мен сипаты едәуір өзгерген болар, бірақ оларға деген ерекше ілтипат пен абыройы сол күйінде қала берді.
Бүгінгі
күннен бастап олардың
Дүниежүзілік
көрмелерде ұсынылған
Дүниежүзілік көрмелер өзінің ауқымы, жалпы-саяси және эконмикалық мәнділігі бойынша теңдессіз оқиғалар болып табылады.Олардың басты мақсаты – жаңа ғылыми-техникалық жетістіктер, даму келешегі, сондай-ақ қатысушы-елдердің дәстүрлері мен тарихының жұрт алдындағы шеруі.
Олар көп жерде
халықаралық экономикалық және
ғылыми байланыстардың дамуы
мен кеңеюіне ықпал етеді. Дүниежүзілік
көрмелер әр-түрлі елдерде
Дүние жүзінің аса ірі көрмелерінің бірі – «Fitur» еуропалық елдерді, Солтүстік және Латын Америкасын байланыстыратын өзіндік көпір ретінде танымал. Алғашқы рет көрме 1981 жылы Мадрид қаласында ашылған болатын. Fitur – дүние жүзілік деңгейдегі беделді туристік көрмелердің үштігіне кіреді. Көрме 4 секциядан тұрады: «Белсенді FITUR», «FITUR Know How», конгресстер мен резиденттік секция. «Белсенді FITUR» табиғат аясында және осымен байланысты қызықтарды көрсетуге негізделген, Жыл сайын осы туризм түріне сұраныс өсуде. «FITUR Know How» - бұл туристік бизнестегі техника, информатика және өзге құраушылардың жетістіктерін анықтайтын бөлім болып табылады. Бірнеше жылдардың ішінде көрме туристік бизнестің дамуына қолдау көрсететін, туриндустрияның жетістіктері мен үміттерін анық көрсететін орын болды. Соңғы тенденциялар, жаңа тaуарлар мен қызметтер, оқу, тәжірибе алмасу, консультациялар – осының барлығын көрмеге келушілер мен қатысушылар көре алады
2010 жылдың 20-24 қаңтар
аралығында Қазақстан
Лекция 5. Спорттық оқиғалық туризм
Халықаралық спорттық сайыстар (Олимпиада ойындары, әлем және құрлық чемпионаттары, универсиадалар) миллиондаған адамдарды қызықтырады. Шет елге шығып, өз елінің командасын қолдау үшін немесе спорттық мерекеге қатысуды көздеген туристтерді, тіпті заманауи байланыс жүйелері, теледидар , интернет – туристер ағымын азайта алмайды. Спорттық сайыстарды тамашалау, бұл ежелгі саяхаттардың бірі деп айтуға болады.
Қазіргі таңдағы спорттық оқиғалық туризмде спортшылар мен олардың қамқоршылары туристік ағымның аз ғана бөлігін құрайды, басым бөлігін әрине оларды қолдайтын жанкүйерлер тобы. Мәселен, Еуроп футбол чемпионаттарында бірнеше он мыңдаған жанкүйерлер өзге елден келген қатысады. Спорттық шараларға қатысу әдетте қысқа уақытқа созылады және бір туристке шаққанда анағұрлым қаожылай шығын кетпейді. Алайда туристер санының көп болуымен мемлекетке едәуір туристік табыс түсіреді.
Барлық туристік шаралардың ішінде туристік ағым және одан түсетін пайданың көбі жағынан қыстық, әсіресе жаздық Олимпиада ойындары. Ежелгі Грекияда Олимпиада ойындары б.з.д. 766 ж.ж. өткізілген сол кездің өзінде әлемнің түкпірінен көрермендерді тарта білді.
Қазір Олимпиадалық ойындар жанкүйерлерге 1000-2000 доллар тұрады. Олимпиада ойындарын өткізу орындары көбінесе әлемдік тартымды туристік орталықтар болады: Париж (1900, 1924), Рим (1960), Лондон (1908, 1948, 2012), Афины (1896, 2004), Инсбрук (Австрия, 1964, 1976), Саппоро (1972), Нагано (1998). Олимпиада ойындары сол орталықтың туристік құндылығын арттырады. Мәселен Оңтүстік Кореяда өткізілген Олимпиада ойындары, біріншіден, олимпиадаға дайындық кезінде туризмнің мықты материалдық-техникалық базасын құруға, екіншіден, Сеулді туристік центр ретінде демонстрациялауға мүмкіндік берді. Бұл ақыр соңында кіру туризмнің жылдам дамуына әкеп соқтырды.
Туристердің назарын тағы да қызықтыратын шараларға: жыл сайын 1839 жылдан бастап Лондонда, Темза өзенінде өтетін Корольдік регата (небәрі бес күннің ішінде 1,2 млн доллар жұмсалады), Женева көліндегі (Швейцария) яхтамен жарыс, Үлкен шлем турнирлері (заманауи теннистегі престижді сайыстар Австралия, Франция, Англия, АҚШ), ФИФА футболдан әлем чемпионаты, Формула-1 (автоспорт әлеміндегі ең танымал сайыс), велоспорт сайыстары (Тур де Франс, Испания Вуэльтасы, Джиро ди Италия).
Олимпиада ойындары немесе Олимпиада (гр. Ολυμπιακοί Αγώνες) төрт жылда бір рет өткізілетін ең ірі халықаралық кешенді спорттық жарыс.
Ежелгі Грекияда болған дәстүр, XIX ғасырдың соңында француздық қоғам қайраткері барон Пьер де Кубертенмен жаңартылды. Алғашқы кезде тек қана жазғы Олимпиада ойындары, төрт жылда бір рет өткізіліп отыратын, дүниежүзілік соғыстар болған жылдарды қоспағанда. 1924 жылы жазғы ойындарымен қатар қысқы Олимпиада ойындары да өткізіле бастады. Бірақ 1994 жылдан бастап жазғы және қысқы ойындар екі жылдық айырмашылықпен өтіп тұрады.
Олимпиада ойындарының ұраны — Citius, altius, fortius немесе "тезірек, жоғарырақ, күштірек".
Олимпиада ойындары ежелгі адамзат баласының өткен тарихының дамуымен байланыстырады. Осы күнге дейін ойынның пайда болу мерзімі нақты айтылмаған. Олимпиада ойындарының пайда болу себебі нақты болмаса да, олимпиада ойындарының пайда болуы жайында эллиндерде бірнеше қызықты аңыздар бар. Алғашқы ойындар Зевс құдайының құрметіне б.з.д. 776 жылдан бастап төрт жылда бір рет Олимпия қаласында өткізілетін.
Алғашында ойын өтуі бір күнге созылса, кейінірек ойынның ұзықтығы бір айға дейін жетті. Ойынды әр төрт жылда астық пен жүзім жинау арасында үнемі өткізіп тұру туралы шешім шығарды. Қоғам қайраткері - Пьер де Кубертеннің олимпиялық ойындар өткізу жөніндегі ұсынысын қабыл алған
Францияның оқу ағарту министрі оған дене тәрбиесін дамыту жөніндегі халықаралық конгресс шақыруды табыстады. Содан 1894 жылы маусым айында 12 елдің қатысуымен конгресс өз жұмысын өткізді. Оған қатысушылар Пьер де Кубертэннің баяндамасын талқылап, 1896 жылы
1-олимпиялық ойындарын
Афина қаласында өткізу
Олимпиада нышандары
Олимпиада қозғалысы көптеген нышандарды қолданады, негізінде олардың барлығы барон Пьер
де Кубертеннің мұраттары мен ойларынан жаратылған. Осы нышандардың ішіндгіе ең танымалы, 1920 жылдан бастап әр бір ойында көтерілетін бес сақина суреттелген олимпиада туы шығар. Олимпиада туы, ақ түсті матаның үстінде, бес түрлі-түсті сақина суреттелген ақ түсті мата болып табылады. Әр бір сақина, бес түрлі құрлықты білдіреді: Еуропаны, Азияны, Африканы, Америка мен Океанияны. Барлық сақиналар бір-бірімен байланысқан және Олимпиада ойындары рухының жан-жақтылығын білдіреді.
Бес сақина үшін таңдалған түстер (солдан оңға қарай): көк, сары, қара, жасыл және қызыл. Осы ту таңдалған кезде ақ фонмен қатар, бұл түстер әр бір елдің туында бар еді, сондықтан да бұл сақиналар тек қана құрлықтарды емес, әлемдегі барлық елдерді білдіреді.
Ең көп Олимпиада ойындарын өткізген ел - АҚШ — 8 рет (4 рет — жазғы және 4 рет — қысқы). Франция 5 рет (2/3), Ұлыбритания 3 рет (3/0), Германия 3 рет (2/1), Жапония, Италия, Канада 3 рет (1/2). Австралия жазғы ойындарын бір рет өткізген, ал Австрия, Швейцария және Норвегия қысқы ойындарын. Швеция, Бельгия, Нидерланд, Финляндия, КСРО, Мексика, Оңтүстік Корея, Испания және Қытай бір рет жазғы ойындарын өткізген. Югославия (Босния және Герцеговина) бір рет қысқы ойындарын қабылдаған. Барлығы 21 ел. Жазғы ойындары 18 елде, ал қысқы 11 елде өткізілген.
Қалалар арасында Олимпиада ойындарын ең көп қабылдаған қала - Лондон — 3 рет. Лос Анжелесте, Парижде, Афинада екі реттен жазғы ойындары өткізілген, Санкт-Морицте, Инсбрукте, Лейк-Плэсидте — қысқы. Олимпиада ойындарын өткізген 41 қала (жазғы 22, қысқы 19).
Футболдан әлем чемпионаты (немесе Футболдан Әлем Кубогы, ФИФА әлем чемпионаты деп те атайды), ресми атауы ФИФА Әлем Кубогы (ағылш. FIFA World Cup) - футболдан халықаралық жарысы. Әлем Чемпионаты ФИФАның ұйымдастыруымен өткізіледі, және оған ФИФАға мүше барлық ерлер құрама командалары қатыса алады.
Финалдық турнирлер 4 жылда 1 рет болады. Бірақ іріктеу турнирлерін қосқан 3 жылға дейін созылады. 2010 жылғы әлем чемпионатының іріктеу кезеңіне барлығы 204 құрама қатысты. 4 жыл сайын өтетеін әлем чемпионатының финалдық турниріне барлығы 32 (31 құрама іріктеу кезеңінен жолдама алады, 1 құрама чемпиоантты өткізуші ел бірден жолдама алады; 2006 жылғы әлем чемпионатына дейін чемпион атанған команда келесі чемпионатқа бірден жолдама алатын еді, 2006 жылдан бастап чемпионда іріктеу кезеңіне қатысады) құрама қатысады. Әлем чемпионатын өткізуші ел алдын ала белгіленіп қояды.
Әлем чемпионатының финалдық турнирлері 1930 (1942 мен 1946 жылдары екінші дүниежүзілік соғыстың салдарынан өткізілген жоқ) жылдан бері өткізіліп келеді. Жәнеде барлық спорт әлемінің көптеген жанкүйерлері асыға күтеді. Кейде ең көп жанкүйерлер жинайтын спорттық турнир - Олимпиада ойындарында көп жанкүйер жиналады.
Соңғы әлем чемпионаты 2010 жылы маусымның 11-нен шілденің 11-не дейін Оңтүстік Африка Республикасында өткізілді.
Тур де Франс немесе Франция Туры - әлемдегі ең белгiлi және мәртебелi велосипед жарысы, Францияда жыл сайын өткiзiлетiн көпкіндік сайыс. Бейресми атауы - үлкен топса.
Тур де Франс әдетте 21 кезеңнен тұрады:
Жарыстық толық ұзындығы - (трасса және кезеңдерi жылда өзгеріп тұратындықтан) 3000 және 4000 км аралығында. Турдың жеңімпазы деп барлық кезеңдердің уақытын қосқанда ең аз болатын жарысшы танылады. Еш кезеңді ұтпай жалпы Турды жеңуге болады (мысалы 1990 жылы Грег лемонд жеңгендей). Жалпы есепте қандай орын алғанын тәуелсіз велоспортшы үшін Турдың бір кезеңінде жеңіске жету өте мәртебе болып саналады.
Giro d'Italia (Италия туры), сонымен қатар жай Giro (Джиро) есімімен белгілі, Италия өңірінде үш апта бойы Мамырда немесе Маусым басында өтетін ұзын қашықтықтағы кәсіпқой велошабадоздар жарысы. Ол Тур де Франстан кейінгі әлемдегі ең маңызды кезеңдік жарыстардың бірі.
Испания Вуэльтасы (Испания Туры, Вуэльта, ис. Vuelta a España) — белгілі үш апталық тас жол веложарысы, әлемдегі ең беделді үш веложарыстарының қатарына кіреді (Тур де Франс және Джиро д’Италиямен қатар).
Жыл сайын (1995 жылдан бастап қыркүйек
айында) Испания елінің аймағында өткізіледі.
Алғашқы жарыс 1935 жылы өтті. Тек қана 2
жарыс еурапаның басқа елдерінде өткізілді:
1997 жылы — Португалияда,
2009 жылы — Нидерландыларда және Бельгия
Информация о работе Оқиғалы туризм: түсінігі және анықтамасы