Автор работы: Пользователь скрыл имя, 20 Ноября 2012 в 19:28, курсовая работа
Қазіргі кезде әлемдік туризм дамуының төрт негізгі тарихи кезеңдерін бөліп қарастырады. Бұлай бөлудің негізінде мынадай критерийлер жатады: әлеуметтік және экономикалық алғышрттар, туризмнің функциялары.
Жұмыстың мақсаты мен міндеттері: туризмнің пайда болуы мен дамуының негізгі кезеңдері қарастыру. Ежелгі заманда және ортағасырларда туризмнің пайда болуы тарихы сипаттау. ХVІІ-ХVІІІ ғғ. мен ХІХ-ХХ ғғ. туризмнің дамуы тарихы келтіру.
КІРІСПЕ...................................................................................................3
І.
ТУРИЗМ ТАРИХЫНЫҢ НЕГІЗГІ СИПАТТАМАСЫ.................4
1.1 Туризм тарихының нысаны мен пәні ....................................................4
1.2 Туризм тарихының мақсаттары мен міндеттері .................................5
1.3 Туризм тарихын зерттеудің тәсілдері ..................................................5
1.4 Туризм тарихы курсын кезеңдестіру және құру ...............................6
ІІ.
ТУРИЗМНІҢ ДАМУ ТАРИХЫНЫҢ КЕЗЕҢДЕРІ .......................8
2.1 ХVІІІ ғасырдың соңына дейінгі туризм. Ежелгі туризм ...................8
2.2 Орта ғасырлар мен қайта өрлеу дәуірі кезеңіндегі туризм ........... 10
2.3 XVII және XVIII ғасырлардағы туризм ..............................................12
2.4 ХІХ – ХХ ғасырлардағы – Екінші Дүниежүзілік соғыстан кейінгі туризм......................................................................................................13
2.5 Екінші Дүниежүзілік соғыстан кейінгі туризм. Қазіргі замандағы туризм .....................................................................................................16
III.
ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ТУРИЗМНІҢ ДАМУ ТАРИХЫ......................18
3.1
3.2 Қазақ КСР-да туризмнің даму тарихы және даму кезеңдері...........18
Әлемдік туризм дамуының кезеңдері..................................................23
3.3 Туризм тарихын географиялық тұрғыдан оқу....................................28
ҚОЛДАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР....................................................32
2020 жылға қарай кіру туризмі бойынша көшбасшы елдер
№ |
Туристермен жабдықтаушы елдер |
Халықаралық сапар саны, млн |
Нарықтағы үлесі, % |
1 |
Қытай |
137,1 |
8,6 |
2 |
АҚШ |
102,4 |
6,4 |
3 |
Франция |
93,3 |
5,8 |
4 |
Испания |
71 |
4,4 |
5 |
Сяньгань |
58,3 |
3,7 |
6 |
Италия |
52,9 |
3,3 |
7 |
Ұлыбритания |
52,8 |
3,3 |
8 |
Мексика |
48,9 |
3,1 |
9 |
Ресей |
47,1 |
2,9 |
10 |
Чехия |
44 |
2,7 |
БАРЛЫҒЫ |
707,8 |
3.3 Туризм тарихын географиялық тұрғыдан оқу
Демалыс үшін сапарлардың
санының артуы урбандалу
ХІХ ғасырда медицинаның
дамуы климаттың емдік
Демалыс пен туризмді географиялық тұрғыдан зерттеу 19 жұз жылдықтың екінші жартысына жатады. (И.Г. Коль). ХІХ және ХХ ғасырларда үлкен қарқынға ие болған қалалардың дамуы географтарды урбандалу мен туристтік, курорттық қоныстардың пайда болып, кеңею процестерінің арасындағы тәуекелділікті анықтау мәселесін қарастыруға итермеледі. Сонымен, мысалы, неміс географы А. Геттнер (1859-1941 жж.) мұндай қоныстардың дамуын ең алдыменен қалада халықтың шектен тыс шоғырлануымен, сондықтан да олардың рекреациялық қажеттіліктерінің артуымен байланыстырды.
«Туризм географиясы» деген терминді ең алғаш 1905 жылы Д. Страднер қолданды. Оның ойынша, бұл ғылым туристтік қозғалыс пен оның шаруашылық іс-әрекетін зерттеумен айналысуы керек. Сонымен қатар, туристтік лайықтылық пен сол жердің аттрактивті қасиетін анықтау керек. Туристтік құбылыстардың экономикалық аспектісіне географтар ХІХ ғасырдың өзінде-ақ көңіл бөлген, алайда бұл мәселенің нақты талдауын тек К. Шнютцтың еңбегінде табуға болады.
Автор еңбегінде туристерді қабылдаушы елдер мен айтақтарының экономикалық, қоғамдық және мәдени қаныастарының өзгеруіндегі туризмнің үлкен ролін атап көрсеткен.
Шпютц еңбегінде «қонақ үй кәсібінің» дамуының әсерінен жүзеге асқан туристтік қоныстардың кеңістіктік дамуына және қоныстардың түрінің өзгеруіне көп орын бөлген. Сонымен қатар, ол туристтік қозғалыстың әсерінен болатын табиғи, мәдени ландшафтыдағы өзгерістерді зерттеу қасиеттілігіне назар аударды.
Демалыс пен туризмді географиялық тұрғыдан зерттегенде негізінен, ең алдыменен ішкі, әсіресе халықаралық туристтік ағымға көңіл аударды, сонымен қатар жергілікті жерді туристік жағынан игеруге де көңіл қойылды.
30-шы жылдары туризм
географисының әлем бойынша
Осындай зерттеулерге байланысты Берлинде 1929-1934 жылдары туризмді зерттеу Институты ашылады.
Дәл сонда С. Лещицкиийдің алғаш туристтік географиямен туризм географиясы дейтін түсінікті ғылыми түрде дәлелдейтін теориялық жұмыстары жарық көрді, ол географиялық әдебиеттердің өміріне туризм деген терминді еңгізді. Сол кезде туризм географиясының дамуында туризм деген түсінік үлкен роль атқарды. Ол теориялық, шаруашылық, географиялық, статистикалық, құқықтық, мәдени және қоғамдық мәселелердің жинағы ретінде туристтік қозғалыспен байланысты.
Табиғи ортаның жағдайларына Р.Глюксманн көп көңіл бөлген. Оның туристтік проблематикалық кең диапазонын қамтитын еңбегін туризм туралы қазіргі ғылымның ең негізгі туындысы деп есептейді. Ол физикалық географияның зерттеулерінің бөлшектеріне кірмей, табиғи жағдайлардың туризмнің дамуына әсер етуіндей заңдылықтарды дәлелдеуге тырысқан. Ол ең маңызды рольді климаттық жағдайлар атқарады деп есептеген. Оған қоса, орман жамылғысы, жер беті суларының торларын ландшафттың оңды қасиеттерін аттыратын элемент ретінде қарастырады.
1937-1939 жж. неміс географтарының нақты туристтік аймақтар туралы еңбектері жарық көре бастайды. Х. Гассманның жұмысы Гарц тауларының батыс бөлігін қамтыса, Х. Дэблердің еңбегінде мекленбургтік теңіз жағалауындағы шипажайлар сипатталған, сонымен қатар Х. Позердің Крконошадағы туристтік қозғалысты қарастыратын жұмысын да атап кеткен жөн.
ІІ Дүниежүзілік соғыс туризм географиясы саласындағы ғылыми зерттеулерді тежейді. Алайда, мұндай зерттеулер соғыс бітісімен-ақ қайта басталады, себебі сол кездері туристтік қозғалыс үллкен қарқынмен дами бастайды.
ІІ Дүниежүзілік соғыстан кейін туризм географиясының даму орталығы Франция және АҚШ болды, 1970-шы жылдардан бастап, сондай-ақ КСРО, Канада, Австрия, Ұлыбритания, Австралия, Жапония, Чехословакия, Югославия, Болгария, Германия, Польша солардың қатарына енді.
1945-1960 жылдардың арасында
жаңа термин – демалыс
1950 жылдардың аяғында
Америка әдебиеттерінде жаңа
түсінік – «таза ауадағы
1949 жылы туризмнің
ғылыми сарапшыларының
Әрине, Монте-Карлода құрылған Халықаралық туризм Академиясы жөнінде де атап кеткен дұрыс (Akademie Inernationale du Tourisme (AIT)). Бұл ұйым 1956 жылы халықаралық туристтік сөздікті басып шығарады. AIT іс-әрекетінің басты мақсаты туризмнің географиялық негіздерін қамтитын ғылыми зерттеулерді өткізу. Бұл зерттеулердің қорытындылары – олардың жеке басылымы «Revue de Akademie Inernationale du Tourisme» де шығып отырды. Оның беттерінде туризм географиясы бойынша да көптеген жұмыстар басылды.
Германия Федеративті Республикасында соғыстан кейінгі жылдары туризм географиясының дамуына 2 ғылыми орталықтың маңызды әсері болды. 1950 жылы Мюнхендегі университеттің жанынан құрылған – Неміс экономикалық туризм институты (Deutsche Wirtschaftwissenschaftliche Institut fur Fremdenverkehr), сонымен қатар 1952 жылы Франкфурт-на-Майне университеті негізінде ашылған туризм институты (Institut fur Fremdenverkehrwissenschaft).
Туристтік шаруашылықтың дамуымен туристердің санының өсуі 1960-шы жылдардан бастап жағдайы жақсы жерлерді игерумен қатар, қолайсыз территорияларды да игеруге көше бастады. Бұл жылдары КСРО-да демалыс пен туризм орындарын аудандарда кең түрде жоспарлау етек ала бастады.
Б.Ц. Преображенский және Ю.А. Веденин КСРО-дағы туризм туралы ғылымның өтіп шыққан жолдарын қорытындылай келе мынадай 4 кезеңді көрсетеді:
Қазақстандағы демалыс пен туризм географиясы облысындағы зерттеулер XX ғасырдың 70-ші жылдары басталды. Ғылыми-зерттеу және жобалық жұмыстар жүргізуді алғашқы рет Мемлекеттік жобалау институты – «Казгипроград» бастады. Ол кездері онда маманданған сәулетшілер, географтар, экономистер, инженерлер мен басқа маман өкілдерінің ұжымы қалыптасып үлгерген еді.
Туризмнің барлық елдерде қарқынды дамуы бұл құбылыста географиялық талдау қажеттілігінің артуына себеп болды.
ҚОЛДАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР
1. Халықаралық туризм тарихы География және табиғат//2004, 7
2. Слука А.Е. Международный туризм. Итоги развития в 1996 г.
География, 1997, №3.
3. Путрик Ю.С., Свешников В.В. Туризм глазами географа. М: Мысль, 1986.
4. О туризме Республике Казахстан 2004 г. Алматы. 2004.
5. .Агентство Республики Казахстан по статистике. Статистический сборник туризм Казахстана в 2003 году. Алматы, 2004. С. 127.
6. Биржаков М.Б. Введение в туризм. -СП б.: "Герда", 2002. С. 192.
7. Дуйсен Г.М. Основы формирования и развития индустрии туризма в Казахстане. Алматы, 2002. С. 94.
8. Ердавлетов С.Р., Назарчук М.К., Кораблев В.А. Мифы и реальность казахстанского туризма. Роль туризма в устоичивом развитии Республики Казахстан,/ Под редакцией С.Р.Ердавлетова. Алматы, "Қазақ университеті", 2001. С. 150.