Халыкаралык туризм тарихы

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 20 Ноября 2012 в 19:28, курсовая работа

Краткое описание

Қазіргі кезде әлемдік туризм дамуының төрт негізгі тарихи кезеңдерін бөліп қарастырады. Бұлай бөлудің негізінде мынадай критерийлер жатады: әлеуметтік және экономикалық алғышрттар, туризмнің функциялары.
Жұмыстың мақсаты мен міндеттері: туризмнің пайда болуы мен дамуының негізгі кезеңдері қарастыру. Ежелгі заманда және ортағасырларда туризмнің пайда болуы тарихы сипаттау. ХVІІ-ХVІІІ ғғ. мен ХІХ-ХХ ғғ. туризмнің дамуы тарихы келтіру.

Содержание

КІРІСПЕ...................................................................................................3
І.
ТУРИЗМ ТАРИХЫНЫҢ НЕГІЗГІ СИПАТТАМАСЫ.................4
1.1 Туризм тарихының нысаны мен пәні ....................................................4
1.2 Туризм тарихының мақсаттары мен міндеттері .................................5
1.3 Туризм тарихын зерттеудің тәсілдері ..................................................5
1.4 Туризм тарихы курсын кезеңдестіру және құру ...............................6
ІІ.
ТУРИЗМНІҢ ДАМУ ТАРИХЫНЫҢ КЕЗЕҢДЕРІ .......................8
2.1 ХVІІІ ғасырдың соңына дейінгі туризм. Ежелгі туризм ...................8
2.2 Орта ғасырлар мен қайта өрлеу дәуірі кезеңіндегі туризм ........... 10
2.3 XVII және XVIII ғасырлардағы туризм ..............................................12
2.4 ХІХ – ХХ ғасырлардағы – Екінші Дүниежүзілік соғыстан кейінгі туризм......................................................................................................13
2.5 Екінші Дүниежүзілік соғыстан кейінгі туризм. Қазіргі замандағы туризм .....................................................................................................16
III.
ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ТУРИЗМНІҢ ДАМУ ТАРИХЫ......................18
3.1
3.2 Қазақ КСР-да туризмнің даму тарихы және даму кезеңдері...........18
Әлемдік туризм дамуының кезеңдері..................................................23
3.3 Туризм тарихын географиялық тұрғыдан оқу....................................28


ҚОЛДАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР....................................................32

Прикрепленные файлы: 1 файл

курсовая.doc

— 240.00 Кб (Скачать документ)

Л.П. Воронкова («Туризм  тарихы: оқу құралы». – М.: МПСИ, 2001) көне саяхаттар мен қонақжайлылық  дәстүрлерінің тарихы, ортағасырлық мәдениеттегі саяхаттар, ұлы географиялық ашылулар кезеңі, ХV 
І-ХVІІІ ғғ. еуропа мәдениетіндегі саяхаттар мен қонақжайлылық дәстүрлері, ХІХ ғ. қонақжайлылық және туризм индустриясының дамуы, ХХ ғ. туризмніңң дамуы, ХХІ ғ. қарсаңындағы халықаралық туризм деп бөліп қарастырады.

М.В. Соколова «Туризм  тарихы» кітабында келесідей  кезеңдестіруді ұстанады: көнедегі саяхаттар, ортағасырдағы жорықтар мен саяхаттар, жаңа замандағы туризмнің дамуы, ХХ ғ. туризм.

Туризм тарихын кезеңдестіру кезінде әлеуметтік-мәдени феноменнің ерекшелігіне қарау қажет және  оны келесідей бөлу ұсынылады:

  • көне әлемде туризмнің алғашқы элементтерінің пайда болуы;
  • ортағасырда туризмнің жекелеген түрлерінің дамуы;
  • қайта өрлеу кезеңінде туризмнің мәдениеттің дербес саласына бөлінуі (ХV-ХVІ ғғ.);
  • ХVІІ ғ., Ағарту кезеңінде (ХVІІ-ХVІІІ ғғ.) және ХІХ ғ. басында туризмнің саяси білім алу мен мәдени тәрбие алудың элементі ретінде рәсімделуі;
  • ұйымдасқан жаппай қозғалыс формасында туризмнің дамуы (ХІХ ғ. 40-шы жж. – ХХ ғ. соңы).

Бұл кезеңдердің әрқайсысының ішінде туризм дамуының белгілі бір  кезеңдерін бөлуге болады.

Туризмнің даму тарихын  келесідей кезеңдерге бөлген:

  1. ХVІІІ ғасырдың соңына дейінгі туризм:

   А) ежелдегі  туризм;

   Б) орта ғасырлар  мен қайта өрлеу дәуірі кезеңіндегі  туризм;

   В) ХVІІ және  ХVІІІ ғасырдағы туризм

2. ХІХ және ХХ ғасырлардағы  – екінші дүниежүзілік соғысқа  дейінгі туризм

3. Қазіргі заманғы туризм.

 

 

 

 

           

              ІІ. ТУРИЗМНІҢ ДАМУ ТАРИХЫНЫҢ КЕЗЕҢДЕРІ

 

         2.1 ХVІІІ ғасырдың соңына дейінгі туризм. Ежелгі туризм

 

Туристтік саяхаттар, сауда-саттық сапарлар өзінің мәнін жоғалтқанда  басталды санайды. Біздің заманға дейінгі 4-ші мың жылдықта ескі Египетте аталынып жүрген, осындай алғашқы көшіп-қонушылыққа жататыны – діни негізіндегі саяхаттар. Біздің заманға дейінгі VІ ғасырда Египет фараоны Нехао Африка төңірегінде атақты 3-жылдық саяхат құрған.

Ертеректе туристтік  саяхаттар қалаларды көріп, жасанды көлдер, шипалы бұлақтарға барумен байланысты болды. Кейініректе жиелеп салына бастаған пирамидалар саяхаттаушылардың назарын аудара бастады. Алайда, жақсы дамыған жол торлары мен сапалы түнеу үйлері және арзан асханалардың тек қана ежелгі Греция мен Римде пайда болуы бұл саяхаттарды белгілі мөлшерде тежеді. Туризм ол кездері ешқандай табыс көзін әкелмеді.

Жол тараптарының маңызын  тек қана парсылар айтарлықтай ұғынып өз мемлекетерінің территориясында  қатынасу жолдарының жүйесін құрды. Бұл қатынас жолдары дегеніміз жақсы қалыптағы патшалық жолдар болды ұзындығы 3 мың киллометр. Бұл жолдар Вавилон, Сузы және Экбатан қалаларын мемлекеттің шеткі аймақтарымен байланыстырып тұрды. Әрбір 30 мильден кейін парсы жолдары бойында саяхатшыларға демалыс жағдайларын қамтамасыз ететін тұрақтар керуен – сарайлар орналастырылды. Көрсетілген қызметке төленетін ақы байлар мен кедейлерге бірдей болды.

Алайда, антикалық туризмнің  гүлденуі ежелгі Греция және Риммен байланысты болды. Аталмыш мемлекеттерде туризмнің экономикалық жағына көп көңіл бөлінді.

         Шамамен осыдан 2300 жыл бұрын Ксенофонт  грек порты Пирейде сауда қатарлары  мен мемлекеттік керуен сарайлардың  салынуы керек екендігіне назар  аударды. Оның ойынша бұлар  пайданың маңызды көзі болуы керек еді. Гректер секілді римдіктерде үлкен қашықтықтарға сапар шегіп отырды, гректер құрған жолдар тарабының әлсіз дамуына байланысты бұл сапарларын теңіз жолдары арқылы іске асырып отырған.

Ежелгі Грецияда курортология мен емдік туризм пайда бола бастады. Римдіктер өздерін сауықтыру үшін жылу су көздеріне және курортттарға барып тұруды жақсы көрді. Емдеу құдайы Аскленийдің храмдары көне замандарда құрыла бастайды, классикалық кезеңде V - VІ ғасырларды біздің заманға дейінгі олардың саны 60 астам болды. Олар қаладан қашық, қыраттау, жақсы климаты бар жерде салынды. Швейцариядағы курорт Сен Моритц әйгілі ерекшілігмен пайдаланылды.

Біздің заманға дейінгі VІІІ ғасырда ертедегі гректер  саяхаттар жасады. Олар арғы көне олимпиядаларға көрушілер немесе қатынасушылар ретінде қатынасты. Мысалы, ертедегі Грецияда Олимпиялық ойындарға өнерсүйгіштер мен спорт адамдары көптеп келушілер болды.

Сірә, спорттық туризмнің  де отаны ежелгі Греция болуы керек. Себебі Олимпиялық ойындар мұнда  төрт жылда бір болып жаздың күн тоқырауынан кейінгі бірінші ай тууынан басталатын. Олимпия – ойындарды өткізу жер, осы мерейге қатысушы барлық халықтар үшін қол сұғылмайтын еді. Олимпияға аттанушылардың барлығы Зевстің қонақтары болып саналады. Олардың ішінде сыйлы қонақтарда болды. Әдетте оларды қабылдаушы тарап қарсы алып, орналастырып, тамақтандырады. Туристердің саны көп еді және стадиондарға 40 мыңға дейін адам сыйды.

Ойын – сауық бизнесі  жақсы дамыды. Олимпиядаға қарсы  үлкен жәрмеңке ұйымдастырылып, ол үшін арнайы сауда қатарлары орнатылды.

Туристер көне храмдарды  тамашалап, қалағандар қосымша ақы  үшін гидтің аузынан әр түрлі аңыздарды  естүге мүмкіншілік алды.

Егер туризм индустриясы  жайында кең мағынада әңгіме қозғар болсақ, ежелгі Рим дәуіріне жүгінеміз.

Мұнда саяхаттар керемет жол тараптарының болуы арқасында іске асып отырды. Әрине, римдіктер жолдарын әскери қажеттіліктері үшін дамытып отырды. Әскерлер империяның  орталық аудандарынан шекараларына санаулы күндер ішінде жетіп отырды. Бұл жолдар тек Римнің дамуына ғана әсер етіп қоймай, бүкіл Еуропалық өркениеттің дамуына әсер етіп, тарихшы Прокопийдің Римнен Капуяға алып баратын бірінші жолды, яғни Аппий жолын Әлем ғажайыптарының бірі деп есептеуіне себеп болды.

Римдік жолдар инженерлік өнердің барлық ережелеріне байланысты салынып отырды. Олардың құрылысы біздің заманның 312 жылы император Константиннің билігі кезінде басталды. Әрбір жол үшін алдын ала жоспар құрып, содан соң оны таспен толтырған.

Жолдар бойымен милялық  діңгектер орнатылып, қастарына  демалыс үшін орындықтар орналастырған. Римдік миляның ұзындығы мың жүн қадамға тең болған, ал осы атаудың мағынасы да осыдан, латынша миля «мың» деген мағына беріп, 1480 м құрайды. Римдік жолдардың жалпы ұзындағы 100 мың км шамасындай Римнен шығатын барлық жолдардың орталығы мен бағдаршысы болып Октавиан Августин билігі кезінде орнатылған алтын милялы тас саналады. Бұл алтын жалатылған қоладан жасалған конус пішіндес тас болды.

Саяхаттарды жол бойына орналасқан жақсы ұйымдастырылған  және керуен сарайлар торы қолайлы  етіп отырды.Бұл керуен сарайлар кейде бір бірінен 5 км қашықта орналысып, өзінің заманына қарай үлкен шеберлікпен салынып, өте жайлы болып келді.

Ежелгі Римде Жол  Көрсеткіштер болып оларды тек қана белгілі бір желі көрсетіліп қоймай, сонымен қатар жолда кездесетін көрікті жерлермен қонақ үйлер белгіленіп бағалар көрсетілген. Бордодан Иерусалимге саяхаттайтын табынушылар үшін ІV ғасырда дайындалған Жол көрсеткіш белгілі. Біздің заманға дейін І ғасырда пайда болған туристтік бюролар қалағандарды путиводительдермен анықтама кітаптарымен жабдықтаған.

Туристтік саяхаттардың ерекше формасы емдік жерлерге сапар  шегу болды. Алғашында қалада тұратын  бай гректер мен  римдіктер  қаала сыртындағы ауылды мекендерге шығып отырса, кейініректе бұл  саяхаттардың географиялық шектеулері кеңейе түсті. Минералды бұлақтармен храмдардың қасында қазіргі санаторияларға ұқсас объектілер салына бастады, ал емдік жерлер жоғары комфортты жағдайлары мен ойын-сауықтың көптүрлілігімен әйгілі болды.

Ол кездерде ең әйгілілерден Байедегі Кампаниядағы (қазіргі Италия) шомылу орындары болды.

Емханалардан басқа  римдік провинцияларында бұл кезде Aquae Cal dae (қазіргі Виши, Франция), Aquae Helveticae (қазіргі Баден, Швейцария),  Aquae Herculi (қазіргі Байе Херкулан, Румыния), Aquae Solis (қазіргі Бат, Ұлыбритания) әйгілі болды.

Емдік жерлерге саяхатпен  қоса, римдіктер таулы, теңіз жағалауындағы  жерлерге сапар шегуді де ұнатты. Бұл  тұрғыда ең қолаулы орын Неополитандық  бұғаздың үстінде орналасқан жерлер болды.

Рим империясының құлауы саяхатшылар мен сапар шегушілердің санын қысқартып жіберді. Орта ғасырда жасау қиын, қиыннан бұрын өмірге өте қауіпті болды.

 

2.2 Орта ғасырлар  мен қайта өрлеу дәуірі кезеңіндегі  туризм

 

Ортағасырларда туристік қозғалыс бәсендей түсті. Ішкі жағдайлары тұрақсыз көптеген жаңа мемлекеттердің құрылуы бұрын-сонды болмаған саяси кедергілерге әкеп соқты.

Туристтік саяхаттардың ұзақ уақыт тоқырауды болуына  көптеген себептер әсер етті, олардың  ішінде: феодалдық жүйеге байланысты Еуропаның көптеген аймақтарындағы шаруашылықтың күйреуі, бұрыңғы жол тораптарының түгелімен және сол жолдар бойындағы түнеу орындарының жойылып кетуі, саяхатшылардың қорғаныс дәрежесінің төмендеуі, сонымен қатар қатар қалалардың күйреуі. Біздің заманның тек ІІІ және ІV ғасырларында қайтадан діни табыну саяхаттары жанданып, аз уақыт ішінде діни туризмнің жақсы дамыған түріне айналды.

Пилигримдердің Палестинаға  саяхаттары біздің заманның ІІІ - ІV ғасырларының өзінде-ақ басталды. Император Константин кезінде Иерусалимде, дәлірек айтқанда Иса пайғамбардың табыты үстінде храмдар салынды.

ІV ғасырда қасиетті жерге  қажылық бұқаралық сипатқа ие болғаны соншалықты, табынушылар  арасында ол жиілеп жай шетелдік туризм ретінде қабылдана бастайды.

Біздің заманның VІІ және VІІІ ғасырында саяхаттар діни мақсаттар үшін қайтадан жаңадан басталды. Бұндай саяхаттарға қатысушылар әртүрлі еуропалық елдердің тұрғындары болды. Олар Италия (Рим), Испания (сантьяго де Компостела) және Палестина елдерінің қасиетті жерлеріне саяхаттар жасады.

VІІ ғасырда халифа  Омар кезінде Иерусалимді мұсылмандар жаулап алады. Алайда бұл қажылықты тоқтата қойған жоқ.

VІІІ ғасырдың деректері  бойынша, Иерусалимге Галльск  епископы-қасиетті Аркульф келіп,  өзінің саяхаты жайында естеліктер  қалдырған.

  Қажылар Палестинаға  тек табыну үшін ғана емес, сонымен қатар ескі құнды заттарды сатып алу үшін де сапар шекті. Әр жылы 15-ші қыркүйекте Иерусалимде, қасиетті Мариямның шіркеуі алдында жәрмеңке ұйымдастырылып отырды. Қажылар арасында сауда табысты болғаны соншалықты, қалада Генуя, Венеция, Пиза және Марсель көпестерінің өзіндік конторалары мен бүтіндей көшелері мен қоныстары болды.

 Қажылық үшін ең  қолайлы жағдайлар Абастар әулетінен  шыққан Халифа Гарун әл Рашид  (786-809) кезінде туды. Халифа мен  император Ұлы Карл (768-814) арасында  түсінушілік қатынастары орнатылып,  оның дәлелі ретінде Гарун әл-Рашид сыйлық жібереді. Ол Ұлы Карлға Иса пайғамбардың табыты-Храмының және ең қасиетті қаланың қақпаларының кілтін сыйлайды. Бұл уақыттары Ұлы Карлдың бұйрығымен Иерусалимде қажылар үшін арнайы қонақ күтетін үй салынады.

Еуропада Ұлы Карл пилигримдер үшін демалыс үйлерін VІІІ  ғасырдың өзінде-ақ салдырған. Кейбір серілік қауымдардың басты шаруасы пилигримдерді қорғау және оларға қасиетті жерлерге жол жүру барысында қонақжайлылық көрсету болды. Мұндай үйлердің бірі-Ронсеваль шатқалындағы аббаттығы қақпа алдында құшақ жая қарсы алып, ақысыз нан, цирюльник және етікші қызметтерін, жеміс-жидек, жаңғақтар ұсынып, аурулар үшін екі хоспис, ал мүлдем халсіздер үшін қасиеттендірілген жерлеу орнын да ұсынып отырды.

Орта ғасырлардың соңы мен жаңа замандарға дейін туристік қозғалыстың ауқымды бөлігін діни табыну мен университеттік орталықтар құрады. Онымен қоса қайта өрлеу кезеңінде көпестер мен ұсталардың саяхаттарының маңызы арта бастайды, алайда олардың бір бөлігін ғана туристік саяхаттарға жатқызуға болады.

Орта ғасырларда адамдар  көптеп саяхаттай бастады, сөйтіп, жолшыбай керуен срайлардың саны күрт өседі.

Алдында қарапайым қонақ  үйлік объектілер ХІV ғасырдың өзінде-ақ сол заман үшін өте жайлы түнеу  орындарына айналды. Қонақ үй кәсібінің дамуы, кейбір қалаларда ХІV ғасырдың өзінде қонақ үйлердің қожайындары өзіндік цехтарға бірігіп, өз уставтарын құруына әкеп соқты. Осындай ең бірінші цех 1356 жылы Венецияда құрылды. Осы секілді цехтар ХІV ғасырда Римде, Сиякада, Флоренцияда да құрылды.

ХVІ ғасырдың екінші жартысында танымдық сипаты бар саяхаттар жасала бастады, ал ең қалаулы ел Италия болды. Мұнда көбіне Испания, Франция және Германиядан шетелдіктер келіп отырды.

ХVІ ғасырдың соңынан  Англияда «гранд-тур» әйгілі бола бастады-бұл  ауқатты адамдардың континетке саяхаты, гранд-турдың арқасында адамдар оқуын бітіріп, Жерорта теңізін көріп, өркениеттің шығу тегін көріп, сауаттанып қайтуына мүмніндіктер туды. Әлеуметтік құбылыс сияқты туризмнің дүниеге қайта келуі  ХVІІ ғасырдың соңы мен ХVІІІ ғасырдың басына жатады.

                 2.3 XVII және XVIII ғасырлардағы туризм

 

ХVІІ ғасырда Еуропада «таза туризм» формасы пайда  болды. Бұл, К.Либеренің айтуынша, танымдық, емдік немесе демалыс мақсаттарында  саяхаттаушы тұлғаларды қамтиды. Оған қоса Еуропада діни сенімге байланысты миграциялар мен көпестердің саяхаттары белгіленіп отырды.

Бұл кезеңде адамдар  үшін көлік түрі экипаждар болып, саяхатшыларға жағдай жасау мақсатымен әрдайым дамытылып, жақсартылып  отырды.

Қысқа мерзім ішінде көліктік қызметтің көптеген түрлері пайда болып, жолдардың техникалық жағдайы жақсартыла берді.

Жолдар мен көлік  құралдарының дамуы туристік миграциялардың географиялық шектерінің ұлғая түсуіне  әкеліп соқты. Италияда дәстүрлі орталықтар- Рим, Венеция, Флоренция және Падуямен қатар, ХVІІІ  ғасырда Неапольға да келушілердің саны күрт өсті.

Информация о работе Халыкаралык туризм тарихы