Халыкаралык туризм тарихы

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 20 Ноября 2012 в 19:28, курсовая работа

Краткое описание

Қазіргі кезде әлемдік туризм дамуының төрт негізгі тарихи кезеңдерін бөліп қарастырады. Бұлай бөлудің негізінде мынадай критерийлер жатады: әлеуметтік және экономикалық алғышрттар, туризмнің функциялары.
Жұмыстың мақсаты мен міндеттері: туризмнің пайда болуы мен дамуының негізгі кезеңдері қарастыру. Ежелгі заманда және ортағасырларда туризмнің пайда болуы тарихы сипаттау. ХVІІ-ХVІІІ ғғ. мен ХІХ-ХХ ғғ. туризмнің дамуы тарихы келтіру.

Содержание

КІРІСПЕ...................................................................................................3
І.
ТУРИЗМ ТАРИХЫНЫҢ НЕГІЗГІ СИПАТТАМАСЫ.................4
1.1 Туризм тарихының нысаны мен пәні ....................................................4
1.2 Туризм тарихының мақсаттары мен міндеттері .................................5
1.3 Туризм тарихын зерттеудің тәсілдері ..................................................5
1.4 Туризм тарихы курсын кезеңдестіру және құру ...............................6
ІІ.
ТУРИЗМНІҢ ДАМУ ТАРИХЫНЫҢ КЕЗЕҢДЕРІ .......................8
2.1 ХVІІІ ғасырдың соңына дейінгі туризм. Ежелгі туризм ...................8
2.2 Орта ғасырлар мен қайта өрлеу дәуірі кезеңіндегі туризм ........... 10
2.3 XVII және XVIII ғасырлардағы туризм ..............................................12
2.4 ХІХ – ХХ ғасырлардағы – Екінші Дүниежүзілік соғыстан кейінгі туризм......................................................................................................13
2.5 Екінші Дүниежүзілік соғыстан кейінгі туризм. Қазіргі замандағы туризм .....................................................................................................16
III.
ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ТУРИЗМНІҢ ДАМУ ТАРИХЫ......................18
3.1
3.2 Қазақ КСР-да туризмнің даму тарихы және даму кезеңдері...........18
Әлемдік туризм дамуының кезеңдері..................................................23
3.3 Туризм тарихын географиялық тұрғыдан оқу....................................28


ҚОЛДАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР....................................................32

Прикрепленные файлы: 1 файл

курсовая.doc

— 240.00 Кб (Скачать документ)

Қазақстанда туризм дамуының ең перспективті бағыттарын анықтау үшін оның соңғы жылдардағы эволюциясын талдау қажет. Туризм экономикалық қызмет сферасы ретінде қаржылық және ұйымдастырушылық өзгерістерге бейім болып келеді. Ұлттық туристік компаниялар бұл өзгерістерді туристік ағымдардағы және туристік қызметтерге қойылатын бағалардағы болып жатқан өзгерістерді түсіну үшін ескеруі тиіс. Жүргізілген талдау қазіргі туризмнің даму тенденцияларының және онда болып жатқан өзгерістердің толық суреттемесін береді. Жоғарыдағы кестеде Қазақстандағы туризмнің дамуының кезеңдерін көрсетеді. 

Бірінші кезең Қазақстанда туризмнің дамуында өтпелі кезең болып табылды, нарықтық экономикаға өту саланың қайта құрылуына, туристік фирмалар санының өсуіне, туризмде жеке кәсіпкерлікті дамытуға арналған жағдайларды құратын жаңа заңдардың, нормалар мен ережелердің пайда болуына септігін тигізді. Ерекше көңілді екінші кезеңге бөлу қажет, себебі оған туризм көрсеткіштерінің экстенсивті өсуі тән. Жүргізілген қайта қалыптастырулар, нақты айтқанда, визалық формалаьдылықтарды жеңілдету, шетелдік инвесторлар үшін Қазақстанның шекарасының ашылуы тез өсуге, ең алдымен халықаралық туризмнің өсуіне септігін тигізді. Әсіресе, тез қарқын шетелге Қазақстан азаматтарын жіберу бойынша көрсеткіштерге тән. Қазақстанға шетелдік туристердің бизнес-сапарларына үлкен көңіл бөлінді. Бұл республикаға инвестициялық белсенділіктің көтерілуімен байланысты.

Туризмдегі экономикалық қайта құрудың екінші кезеңі макродеңгейдегі тұрақтылық мәнінде өтті. Сондықтан да басқарудың, қайта қалыптастыру мен құрудың барлық тәсідері мен формалары негізінен сала масштабында шектелді. Қазақстан Республикасында халықаралық туризм 90-шы жылдарға дейін болды. Туризм дамуының мемлекеттік концепциясы, оның ішінде инфрқұрылымды жетілдіру мәселелері бүкіл әлемде қабылданған нормалардан айтарлықтай ерекшеленді.  Сондықтан да бұл кезеңде өзгерістер күрделі болды.   

 

3.2 Әлемдік туризм дамуының кезеңдері

 

Туризм терең тарихи тамыр алып жатыр. Алғашқы ұйымдастырылатын сапарлар көне заманнан бастап, ХІХ  ғасырдың басына дейін болды. Бұл сапарлардың мақсаттары мен мотивтері негізінен сол кездегі қажеттіліктер мен мүмкіндіктерге  байланысты болды.  Нақтырақ айтсақ,  қажылық, емделу, сауда, емделу, сауда және білім мақсаттарында болды. Сапарларға  шығуға тек қана қоғамда жоғары дәрежесі бар адамдардың ғана мүмкіндіктері болды. Сол кездегі туризмнің  ерекше сипаты элитарлық және өзінділік болды.  Туризм саласындағы әйгілі  ағылшын мамандары былай деп тұжырымдаған: емделу мақсатындағы сапарлар туризмге бастау болды және  алғашқы туристік ұйымдар білім сипатын алды.

Шындығында да бұл  кезеңде «аристократтық  туризм»  деп аталатын туризмнің дамуымен сипаттайды. Яғни, бұл кезде шетелдік сапарларға бай адамдардың қолы ғана жеткен.

Қазіргі кезде әлемдік  туризмнің дамуын 4 негізгі тарихи кезеңге бөлуге болады. Бұндай бөлудің негізін мынадай критерийлер қалайды: туризмнің әлеуметтік және экономикалық алғышарттары, функциялары.

1-кезең.

Ежелгі заманнан бастап ХІХ ғасырдың басына дейін созылып, туризмнің тарихи басы деп аталады. Бұл кезеңге сауда мақсаттарындағы,  білім ой-өрісті кеңейтуге,  емдеу және қажылыққа байланысты сапарлар тән. Бұл кезеңнің ерекшелігі - саяхаттардың элитарлығы және қозғалыс құралдарының онша дамымағандығы.

2-кезең.

Бұл ХІХ ғасырдың басынан  ХХ ғасырдың басына дейінгі кезеңді қамтиды.  Бұл кезеңде  бай адамдар ғана  саяхаттай алу мүмкіндігі болған соң элитарлық туризмнің кезеңі ретінде сипатталады. Бұл кезеңде сонымен бірге,  жаппай туризмнің қалыптасуының негізі қаланды.

ХІХ ғасырдың басында  пароход, паровоз сияқты көлік құралдарының  пайда болғандығынан бастап және жол желістерінің кеңеюінен туризм кең масштаб ала бастады. Осылай жаппай туризмнің өскіндері пайда болды.

Жаппай туризмді дамытудың  алғышарттар мыналар болып табылады:

-қоғам жағдайының  өсуі;

-алдымен ақысы төленбейтін демалыстың одан соң ақысы  төленетін демалыстардың пайда болуы;

-ғылыми-техникалық прогресс, ол тек көліктің дамуына себепкер  ғана емес, сонымен оның арзандауына  да себепші болды.

Алғашқы ұйымдастырған  турды 1841 жылы ағылшындық Томас Кук ұйымдастырды. Ол тур әлеуметтік мақсаттарға көзделген. Сөйтіп, Томас Кук  ұйымдасқан туризмді дамытудың негізін қалаушысына айналды. Ол туризмнің көмегімен ағылшындардың бос уақыттарын өткізуді ұйымдастырды.

Сапар Франциядағы көрмеге  ағылшын халқына арналып ұйымдастырылды. Жолдаманың құны барлығ 14 шиллингті құрады. Бірақта Томас Кук  бұл кезде туризмді пайда алу үшін қолдануға болатынын  білмеді.

1855 жылы алғашқы саяхат  бюросы құрылды. Бұл бюро алғашқы  турларды қалыптастырып, оларды  тұтынушыға өткізді. Бұл кезең  үшін өзіндік  туризмнен басқа туризмнің  ұйымдасқан түрлерінің пайда болуы тән. Томас Кук алғаш рет  1856 жылы  туристік агенттік  ұйымдастырды. 1870 жылы өзінде «Томас Кук» фирмасының 500 мың клиент-туристі болған. Бұл компанияның клиенттерінің арасында әйгілі адамдар да болған. Мысалы, Марк Твен – ол өзінің саяхатын толық жазған. Томас Кук  сонымен бірге жерді айналып шығу саяхатын ұсынған алғашқы адам болған. Ол турисерге жол чектерін қолдануды да ұсынған. Яғни, қауіпсіздік мақсатында қолма-қол ақшаларды өзімен тасымас үшін. 1882 жылы «Томас Кук» қоғамы алғашқы жерді айналып шығу турын ұйымдастырды. Томас Кук 1892 ж. қайтыс болды. Оның ісін оның ұлы мен компаньондары жалғастырды. Қазіргі кезде «Томас Кук» компаниясының әлемнің барлық елдерінде 12 000 туристік фирмасы бар және 20 млн туристерге қызмет көрсетеді.

Бұл кезеңді жеке сапарлардан  ұйымдасқан туризмге көшу кезеңі деп  атауға болады. Саяхат бюроларын құрылуы  басталды. Алғашқы отельдер  мен  қонақүйлер іске қосылды.

3-кезең.

ХХ ғасырдың басынан ІІ дүниежүзілік соғысқа дейінгі кезеңді қамтиды. Бұл кезеңде жаппай  туризмге ауысу жүзеге асырылады және әлеуметтік  туризм даму алды. Бірақта 30-жылдардағы дағдарыс пен І дүниежүзілік соғыс туризмнің дамуына кері әсерін тигізді.

4-кезең.

Бұл ІІ дүниежүзілік соғыстан  кейін басталып, қазіргі кезге дейін  кезеңді қамтиды. Бұл кезеңде институттар, өнімдер, өндірістік циклдерді ұйымдастыру және өндірістік әдістері бар туризмнің  мықты индустриясы   қалыптастырылды.

 

                       Халықаралық туризмнің дамуы

 

БТҰ-ның эксперттерінің болжамдары бойынша, 2010 жылға қарай әлемдегі сапарлар саны  2 есеге өседі және миллиардтаған туристік келулерге жетеді, оның  146 млн Орталық және Шығыс Еуропаға келеді (ТМД және Балтия елдерін қоса алғанда).

БТҰ бағалауы бойынша, халықаралық туристер саны 2010 жылға қарай 1 млрд 18 млн адамға жетеді.

 КСРО Ғылым Академиясында  жұмыс істейтін  кеңес географтарының мәліметтері бойынша, 1950 жылы әлемнің барлық елдерінде 25,3 млн шетелдік келуші тіркелген, ал 1968 жылы олардың саны 141 млн жетіп, бұл жер шары халқының 4%-ін құраған.

Батыс Еуропа елдерінде ХХ ғасырдың 50-60 жж. – бұл жаппай қонақүйлерді, мотельдерді, көңіл көтеру мекемелерін салу кезеңі. Еуропалық туризм американдық туристерді қабылдауға басым бағытталды және қабылдаушы ел үшін долларлық түсімдердің көзі болып табылды. 60-шы жылдар мен 70-ші жылдар ортасына дейін кіру және шығу туризмінің өсімі байқалды және туристік кәсіпорындар саны мен олардың өндіріс көлемінің өсуі де байқалды.

Халықаралық туризм көшбасшылары

1950 жылы туристердің келу саны бойынша жетекші ел – АҚШ болды. 1970 жылы туристік келу саны бойынша біріншілікке Италия шықты. 1990 жылдан бастап,  шетелдік туристерді қабылдау бойынша көшбасшы Франция болды. Франция ХХ ғасыр соңына дейін халықаралық туризмде көшбасшы болды.

Тура ХХ ғасырдың соңында туристік қызметтер экспортынан түскен жалпы әлеуметтік түсімдер салыстырмалы жоғары көрсеткіштерге жетті. 1998 жылы туристік қызмет экспортынан түскен жалпы әлемдік түсімдер 560 млрд АҚШ долларын құрады.

ХХ ғасырдың соңында АҚШ халықаралық туризмнен түскен табыс бойынша көшбасшы болды. 1999 жылғы түсімдер 74,9 млрд АҚШ долларын құраса, 2000 жылы – 95,2 млрд доллар болды.

2000 жылдан бастап, шетелдік туристерді қабылдау бойынша көшбасшы 10 елдің қатарына РФ кірді. Онда 1999 жылы 18,5 млн адам келген. 2000 жылы бұл цифр 21,2 млн адамға жетті.

БТҰ-ның статистикалық мәліметтері 2000 жылы халықаралық туризмдегі келу бойынша Еуропаның үлесі 58% құрағанын, ал халықаралық туризмнен түскен түсімдер үлесі тек 48% болғанын көрсетеді. Бұл шетелдік туристерге қызмет көрсетудің тиімдірек жүйесі АҚШ-та екенін көрсетеді.

БТҰ 2000-2020 жылдар аралығында әлемдік туристік нарықтың маңызды сегменттері круиздер, конгрестік туризм, тематикалық парктер, қала туризмі, мәдени туризм, қызық оқиғалы және спорт туризмі, жағажай демалысы болатынын анықтады. 2020 жылға қарай әлемде туристік келу саны 1561,1  млн адамды құрауы тиіс деп болжайды. Қазақстан үшін бұл кезде әлемдік туристік нарықтың маңызды сегменттері қызықты оқиғалы және спорт туризмі болып табылады.

2020 жылға қарай жалпы келу көлемімен арақатынастағы аймақаралық туризмнің үлесін бөлу былай анықталады: Оңтүстік Азия – 85%; Таяу Шығыс – 63%; Африка – 43%; Америка – 38%; Еуропа – 15%.

2020 жылға қарай туристік нарықтың маңызды сегменттері мыналар болады: күн және жағажай; спорт туризмі; қызық оқиғалы туризм; табиғи туризм; мәдени туризм; қала туризмі; круиздер; ауыл туризмі; тематикалық парктер; конгрестік туризм; ұзақ сапарлар; арнайы сегменттер; аралас сапарлар; спорттың қысқы түрлері; спорттың судағы түрлері.

Ұлттық Туристік ұйымның (НТО) ХХI ғ. таяу онжылдығындағы басты бағыттары мыналар болды:

  • маркетингті күшейту, бағыттылығы мен агрессивтілігін көтеру;
  • өнімді, оның сапасы немесе бағасын дифференциалдау арқылы бәсекелестік артықшылығын қамтамасыз етуге үнемі тырысу;
  • ұзақ мерзімді жағдай мақсатында туризмді тұрақты дамытуды қамтамасыз ету қажеттілігін мойындау;
  • мемлекеттік бақылауды азайту, мемлекеттік–жеке меншік серіктестерін кеңейту.

1950 жылдан бастап келген  халықаралық туристер саны 28 есеге өсті және 2000 жылы 698 млн адамға жеткен. Бұл цифр 2020 жылға қарай 2 еселенеді және 1,6 млрд жетеді деп болжануда. Қазіргі кезде туристердің 80% жуығы Еуропа мен Солтүстік және Оңтүстік Америкаға тиеді, тек 15% - Шығыс Азия мен Тынық мұхит аймағына және 5% - Африка,  Таяу Шығыс және Оңтүстік Азияға келеді.

2020 жылға қарай Шығыс  Азия мен Тынық мұхит аймағы  Еуропадан кейін халықаралық туризм бағытының әйгілігі бойынша 2-ші болады деп күтілуде.

2020 жылға қарай ең  әйгілі түрлері: қызық оқиғалы; экологиялық; мәдени-танымдық; тематикалық және круиздер.

Халықаралық туризмнің дамуының қазіргі факторларына жер шары халқының бейбіт өмір сүруі, халықаралық туризмді дамытып отырған көптеген елдерде мемлекеттік органдардың қолдауы, қоғамдық байлықтың өсуі, жұмыс уақытының қысқаруы, көліктің дамуы, қоғамдық сана деңгейінің жетілуі жатады. Демографиялық факторлар да (өмір сүрудің орташа ұзақтығының өсуі, урбандалу деңгейінің көтерілуі) әсер етеді.

Туризмнің дамуына кедергі  келтіретін факторларды да бөліп қарастыруға болады. Оған негізгі географиялық маршруттан елдің тым алыс орналасуы, сейсмикалық белсенділік пен апаттық жағдайлар, азаматтық соғыстар мен дамушы елдердегі экономикалық төмендеулер, халықаралық терроризм.

Әлемдік туризмнің дамуының бірнеше тенденциялары анықталады:

  1. Халықаралық туризмнің тез өсуі, түрлерінің өзгеруі бір жағынан жаңа мүмкіндіктер ашса, басқа жағынан туризм индустриясында қызмет ететін адамдарға үнемі мәселелер тудырады;
  2. Шетелдік саяхаттарды таңдау мүмкіндіктері туралы туристердің ақпараттылығы өсті. Туристер саяхат кезінде өздерінің қажеттіліктерін қанағаттандыруда талапты көбірек қоятын болды;
  3. Адамдардың өмір сүру деңгейі көтерілуі және әлем бойынша еркін қозғалу мүмкіндігі кеңейді;
  4. Жаңа қызмет түрлері ұсынылады (кәсіпкер өте қолайлы комбинациялар әзірлейтін болды. Мысалы, демалысты саудамен, білімді ағартушылықпен, бизнесті мәдени бағдарламамен үйлестіретін болды);
  5. Халықаралық туристер үшін фирмалардың бәсекелестік күрестері күшейді;
  6. Қазіргі кезгі ақпараттық технологиялар қызметтерді сатуға, орындарға тапсырыс беруге, әртүрлі  туристік орталықтар мен көрнекіліктерді оқып-зерттеуге жаңа жолдар ашты;
  7. ХХІ ғасырда туризмнің дамуы тұрақты болады, яғни туристің қажеттілігін максималды ескеру мен оның әкелетін зияны арасында тепе-теңдікті сақтауға негізделеді.

 

 

 

 

 

 

 

2020 жылға қарай  шығу туризмі бойынша көшбасшы  елдер

 

Туристермен жабдықтаушы  елдер

Халықаралық сапар  саны, млн

Нарықтағы үлесі, %

1

Германия

163,5

10,2

2

Жапония

141,5

8,8

3

АҚШ

123,5

7,7

4

Қытай

100

6,2

5

Ұлыбритания

96,1

6,0

6

Франция

37,6

2,3

7

Нидерланды

35,4

2,2

8

Канада

31,3

2,0

9

Ресей

30,5

1,9

10

Италия

29,7

1,8

БАРЛЫҒЫ

789,1

 

Информация о работе Халыкаралык туризм тарихы