Қазақстандағы ішкі туризм

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 27 Марта 2014 в 19:43, дипломная работа

Краткое описание

Туризм – мемлекет жарнамасы. Қазіргі таңда дүниежүзілік мәнге ие болып отырған бұл сала тек көркем табиғатымен ғана шектелмей, тарих пен археологиялық қазбалардың, мәдениет пен өркениеттің, ел мен жердің, сәулет пен ескерткіштердің тартымдылығы мен ерекшеленіп отыр. Осы тұста еліміздің туристік шаңыраққа айналуына әбден мүмкін деген болжаумен клісуге болады. Себебі, әр аймақтың өзіне тән тарихы, археологиялық қазбалары, табиғаты, елі және салт-дәстүрі бар.

Содержание

КІРІСПЕ..................................................................................................................3

1 Қазақстандағы ішкі туризмінің қазіргі жағдайы, перспективалары..........................................................................................5
1.1 Туризм туралы түсінік және туризм менеджментінің тиімділігі.................5
1.2 Туризм индустриясының даму проблемалары .............................................7
1.3 Қазақстанның ішкі туризімінің қазіргі жағдайына сипаттама....................12

2 ҚазақстандаҒы ішкі туризм дамуының мүмкіншіліктері............................................................................................25
2.1. Қазақстандағы ішкі туризм саласының даму мүмкіндіктері.....................25
2.2. Ішкі туризмнің дамуының алғы шарттары..................................................39
2.3 Қазақстандағы туристік аймақтар.................................................................48

Қорытынды............................................................................................................53

Қолданылған әдебиеттер тізімі............................................................................57

Қосымша...........................................................................................................58-63

Прикрепленные файлы: 1 файл

Дип.-ҚАЗАҚСТАНДАҒЫ-ІШКІ-ТУРИЗМ.doc

— 676.00 Кб (Скачать документ)

 

Тұрғындардың шығыны ақшалай кірісінің ара қатынасы 1997-2000 жылдары айтарлықтай өзгерген жоқ. 1997 жылы тұрғындардың шығыны ақшалай кірісінің 97,2 % ал 1998 жылы 99,1% , 1999 жылы 97,6% және 2000 жылы 99,3% құрды.

 

12-кесте. Тұрғындардың ақшалай шығындарының  өсу жылдамдығы және оның құрылымы (1997-2000).

 

 

Бір адамға шаққандағы орташа ақшалай табыс, теңге

Өсу қарқыны, %

1997

1998

1999

2000

1998 ж.

1997 ж.

1999 ж.

1998 ж.

2000 ж.

1999 ж.

Барлық табыс

33237

35901

39927

47450

108,0

111,2

118,8

Сонымен бірге:

             

Тұтыну шығындары

28651

31237

34870

40897

109,0

111,6

117,3

Азық-түлік тауарлары

16074

16765

18078

20411

104,3

107,8

112,9

Азық-түлік емес тауарлары

7026

7476

8058

10646

106,4

107,8

132,1

Ақылы қызметтерге

5551

6996

8734

9840

126,0

124,8

112,6

Салық, жинақ, төлемдер

1825

1689

1837

1992

92,5

108,8

108,4

Басқа ақшалай шығындар

2761

2975

3220

4561

107,8

108,2

141,6


 

Мұндай арақатынаста тұрғындардың еңбек демалысы кезінде туристік саяхатқа немесе ұйымдасқан демалысқа мүмкіндіктері туралы айту қиын. «Жұмысшылар демалысын демалу орны бойынша бөлу» статистикалық есептеулері бойынша 1997-2000 жж. периодында демалыс үйлерінде және пансионаттарда демалушылар санының өсуіне қарай демалысты үйде өткізетіндер санының азайғанын көрсетті (13-кесте).

 

13-кесте.

Жұмысшылар демалысын демалу орны бойынша бөлу, 1997-2000жж.

 

 

Жұмысшыларды бөлу, %

Өсу қарқыны, %

1997

1998

1999

2000

1998 ж.

1997 ж.

1999 ж.

1998 ж.

2000 ж.

1999 ж.

Еңбек демалысы бар жұмысшылар

100

100

100

100

     

Оның ішінде демалу орындарында:

             

Демалыс үйлерінде және пансионатта

0,3

0,3

0,6

0,7

100

200

117

Санаторийде

0,3

0,3

0,4

0,5

100

133,3

125

Курорттық жерлерде

 

0,1

0,0

0,1

-

-

-

Туысқандар мен таныстардың дачаларында

3,7

4,0

3,1

2,7

108,1

77,5

8,7

өз дачасында

3,2

2,4

3,0

2,5

7,5

125

83

Үйде

91,0

91,6

91,9

91,8

100,6

100,3

99,9


 

2000 жылғы мәлімет бойынша Қазақстанда жұмысшылардың 91,8 пайызы өзінің еңбек демалысын үйде өткізді. Сонымен қатар мемлекет  өзінің тұрғындарына аз көңіл аударды, демалысты ұйымдастыруға және мәдениет саласының қызметіне ЖІӨ-нің 0,7 пайызы ғана бөлінді (14-кесте). Халықтың демалысын ұйымдастыруға өте аз сумманы бөле отырып мемлекет жұмысшының денсаулығын жақсартып еңбек көлемін өсіру, сондай-ақ жаңа жұмыс орындарын көбейту мүмкіндіктері сияқты маңызды экономикалық жағдайларды ескермейді.

 

14-кесте. 1998-2000жж. Қазақстан Республикасының әлеуметтік-мәдени шараларына мемлекет бюджетінің шығындары.

 

 

Шығын, млн.теңге

Өсу қарқыны, %

1998ж.

1999ж.

2000 ж.

1999 ж.

1998 ж.

2000 ж.

1999 ж.

Барлығы

165200

294618

327543

178,3

111,2

Сонымен бірге:

         

Демалысты ұйымдастыруға және мәдениет саласының қызметіне

11770

12237

17487

104,0

143,0

ЖІӨ, %

0,7

0,6

0,7

85,7

116,6

Денсаулық сақтауға

26024

44825

54323

172,2

121,2

ЖІӨ, %

1,5

2,2

2,1

146,6

95,4


 

 Сауықтыру элементі мәдениет  жағынан туризмді қамтиды (ең  алдымен адамның психологиялық  жағдайын сауықтыру). Мәдениет және  туризм бір-бірімен қоғамдық өмірдің әр түрлі дәрежесінде жақындайды. Мәдениет - адам қызметі табысының бірлігі ретінде туризмнің түрлерін дамыту және мәдениеттендіруде маңызды орын алады.

Мәдениетке архитектура, өнер, тұрмыс және т.б. жатады. Ал туризм адаммен жасалған мәдениет орындарына сүйенеді. Яғни тек табиғи ресурстарды ғана емес, мәдени және мәдени мұра ресурстарын пайдаланады.

Мәдениет және туризм қарым-қатынасын екі аспектіде қарастыруға болады:

    1. Мәдениеттің туризмге әсер етуі.
    2. Туризмнің мәдениетке әсері.

Мәдениеттің туризмге әсері бірқатар жағдайларға байланысты, олар:

    • белгілі территорияда материалдық жағдайының болуы;
  • әлеуметтік инфрақұрылымының дамуы, сонымен қатар мәдениет саласы;
  • тарихи-мәдени, архитектуралық-этнологиялық, археологиялық және т.б. ескерткіштердің орналасу орны;
  • ғылым-білім потенциалының болуы.

 

Белгілі территорияның материалдық жағдайының болғандығын мәдениеттің туризмге әсер етуінен материалды инфрақұрылымның дамығандығын айқындайды (инженерлік, агротехникалық, сызықтық құралдар). Бұл объектілерде мәдени қызметтің негізі қаланады.

Әлеуметтік инфрақұрылымның тұрғысынан бұл әсер ерекше айқындалады. Н.Ф. Голиковтың анықтамасы бойынша оған мәдени-тұрмыстық бағыттағы, денсаулық сақтау, білім беру, демалу объектілері және т.б. жатады. Аталған объектілерден демалыс - әлеуметтік инфрақұрылымның негізгі бөлігі болып табылады. Адамдар демалысты күнделікті ауыр жұмыстан өзін босату деп түсінеді. Демалыс орны рекреациямен бірдей ұғым, өйткені соңғы сөзіміз «демалу», «тынығу» дегенді білдіреді. Сондықтан демалыс әлеуметтік инфрақұрылымның негізгі функциясы ретінде көптеген мәдени аспектілерді қамтиды.

Тарихи-мәдени архитектуралық-этнологиялық, археологиялық және басқа ескерткіштер орналасу жағынан туризмге әсері әр түрлі бола алады. Бұл Қазақстанның барлық территориясы көне ескерткіштердің көптігімен сипатталады. Мысал ретінде, Қазақстанның «Ұлы Жібек жолы» бойында орналасқан туристік орталықтарын айтсақ болады. Сонымен қатар Қазақстан Республикасы Президентінің «Жібек жолының тарихи орталықтарын қайта өркендету, түркі тілдес мемлекеттердің мәдени мұрасын сақтау және сабақтастыра дамыту, туризмнің инфрақұрылымын жасау» атты мемлекеттік бағдарламаға жарғы қабылдауы туризм индустриясын және қонақжайлылықты дамытуға және қалыптастыруға себеп болып отыр.

Ғылым-білім потенциалының болуы мәдениеттің туримзге әсерінің бастапқы нүктесі болып табылады. Туризм өзінің танымдық функцияларын қоса туристерді қабылдаушы мемлекет тұрғындары ғылым және білім негізіне сүйену керек. Сондықтан Қазақстанда жоғары квалификациялы кадрлар көп болса, резидент емес туристерді мемлекетке тарту мүмкіндігі де көп болады. Тұрғындардың ғылым-білім потенциалы дегеніміз тек кәсіптік білім категориясы ғана емес, сонымен қатар мемлекеттің тарихын және салт-дәстүрін, әр түрлі өнердің және қолөнердің түрлерін меңгеру, бірнеше шет тілін білуі керек. Бұл резиденттердің және резидент еместердің жақын қарым-қатынасын айқындайды.

Туризмнің мәдениетке әсері келушілер мен қабылдаушы арасындағы қарым-қатынаста және тұрғындардың жағдыйының жақсаруына әсер етуінен көрінеді. Бірінші деңгейінде келушілер мен қабылдаушы арасындағы қарым-қатынаста бір-бірімен рухани мәдениетпен алмасуын көруге болады. Ол әр түрлі этникалық топтарда мәдениеттің өсуімен, сонымен қатар адамның ішкі мәдениетінің көтерілуімен айқындалады. Ғылым мен техника салаларында біліммен алмасу мүмкіндігі туады. Екінші деңгейінде тұрғындардың жағдайының жақсаруына әсерін тигізеді. Ол мемлекеттке келетін туристердің контингентінің «бай» жоғары индустриалды мемлекеттерден келуін айқындайды. Бұл резидент еместердің төлеу қабілетін түсіндіреді. Тұрғындардың жағдайының жақсаруы адамның білімге, ғылымға және оқуға талпынысына мүмкіндік туғызады. Яғни барлық мәдениеттің өсуіне абсолютті алғы шарттар жасайды. Туризм бұл жағдайда бірінші және ерекше орын алу керек. Туризм және тұрғындардың жұмыс бастылығы екі позицияда қарастырылады: Туризмнің жұмыссыздықты қысқартуға және жаңа жұмыс орындарын қалыптастыруға әсері.

Туризм табиғи, мәдени объектілердің болуын ғана емес, сондай-ақ басты фактор жұмыс күшін анықтайды. Қазіргі кезде әлемде туризм индустриясында 212 миллион жұмыс орны бар, ал кешелектегі он жылда оның саны 338 миллионға дейін өсуі ықтимал.

Жұмысшыларды туристік салаға нәтижелі тарту үшін еңбек биржасында есепте тұрған жұмыссыздарды тарту керек. Қазіргі кезде Қазақстанда еңбек нарығында қиын жағдай қалыптасты. Экономиканы қайта қалыптастырудың нәтижесінде көптеген жұмыс орындары қысқарды, яғни жұмыссыздардың саны көбейді.

1995-1996 жылдары жұмыссыздар саны  төмендеді және 1997-1999 жылдары жұмыссыздық  қисығы жоғары өрбіді (15-кесте).1997-1999 жылдар кезеңінде еркектер арасында жұмыссыздар саны өсті (21,6%) және керісінше әйелдер және жастар арасында жұмыссыздық қысқарды. 1997-1999 жылдар арасында әйелдер арасындағы жұмыссыздық 10,7 пайыз, ал жастар арасында 18,7 пайыз қысқарды. Әйелдер және жастар арасындағы жұмыссыздықтың төмендеуі еңбек биржасы және жұмыс бастылық орталықтарына сенімсіздікпен қарауынан болуы мүмкін.

15-кесте. Жұмыссыздықтың өсу жылдамдығы және құрылымдық жылжуы

 

 

 

1995ж.

 

1996ж.

 

1997ж.

 

1999ж

Өсу қарқыны

1996

1995

1997

1996

1999

1997

Барлығы

100

100

100

100

202,4

91,2

97,6

Еркектер

33,9

36,8

33,4

40,5

186,7

82,6

121,6

Әйелдер

60,1

63,2

66,6

59,5

212,6

96,1

89,3

Жастар

16-29

46,4

40,9

35,5

28,9

177,0

72,1

81,6

Информация о работе Қазақстандағы ішкі туризм