Қазақстандағы ішкі туризм

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 27 Марта 2014 в 19:43, дипломная работа

Краткое описание

Туризм – мемлекет жарнамасы. Қазіргі таңда дүниежүзілік мәнге ие болып отырған бұл сала тек көркем табиғатымен ғана шектелмей, тарих пен археологиялық қазбалардың, мәдениет пен өркениеттің, ел мен жердің, сәулет пен ескерткіштердің тартымдылығы мен ерекшеленіп отыр. Осы тұста еліміздің туристік шаңыраққа айналуына әбден мүмкін деген болжаумен клісуге болады. Себебі, әр аймақтың өзіне тән тарихы, археологиялық қазбалары, табиғаты, елі және салт-дәстүрі бар.

Содержание

КІРІСПЕ..................................................................................................................3

1 Қазақстандағы ішкі туризмінің қазіргі жағдайы, перспективалары..........................................................................................5
1.1 Туризм туралы түсінік және туризм менеджментінің тиімділігі.................5
1.2 Туризм индустриясының даму проблемалары .............................................7
1.3 Қазақстанның ішкі туризімінің қазіргі жағдайына сипаттама....................12

2 ҚазақстандаҒы ішкі туризм дамуының мүмкіншіліктері............................................................................................25
2.1. Қазақстандағы ішкі туризм саласының даму мүмкіндіктері.....................25
2.2. Ішкі туризмнің дамуының алғы шарттары..................................................39
2.3 Қазақстандағы туристік аймақтар.................................................................48

Қорытынды............................................................................................................53

Қолданылған әдебиеттер тізімі............................................................................57

Қосымша...........................................................................................................58-63

Прикрепленные файлы: 1 файл

Дип.-ҚАЗАҚСТАНДАҒЫ-ІШКІ-ТУРИЗМ.doc

— 676.00 Кб (Скачать документ)

 

 

1998-1999 жылдары Қазақстанға 100 әлем  мемлекеттерінің өкілдері келді. Біз зерттеген уақыт барысында Қазақстанға туристер жіберетін мемлекеттері ішінде 1-орында Германия, 2-орында Ресей, содан кейін Туркия, АҚШ және Жапония елдері (2-сурет).

Көрсеткіштерді анализдеп, Германия азаматтарын резидент емес туристерге қызмет көрсету басымдылығы Қазақстанда үлкен неміс диаспорасының барлығымен түсіндіріледі: Ресей, екінші орында, бұл географиялық жақындылық және біздің мемлекеттер арасындағы ескі байланыстар. Туркия үшінші орында тұр. Бұл тарихи тамырлардың, тілдің, мәдениеттің жалпылығы, сонымен қатар Туркияның Қазақстанға деген кәсіпкерлік ортаға қызығушылығы. АҚШ және Жапония Қазақстанға негізінен экономикалық тұрғыдан құштар.

Аталған 5 мемлекеттің резидент еместерге қызмет көрсетуден 1998 жылы кіріс 709,1 АҚШ долларын немесе жалпы кіріс суммасының 51% құрды. 1999 ж. кіріс 358,2 мың АҚШ долларын немесе 43,1% қысқарды.

Біз Қазақстанға туристер жіберуші мемлекеттерді 6 категорияға бөлдік. Бұл: 1) 10 мыңнан аса туристер жіберуші мемлекеттер; 2) 5 мыңнан 10 мыңға дейін туристер жіберуші мемлекеттер; 3) 1 мыңнан 5 мыңға дейін; 4) 5000-ден 1000-ға дейін туристер жіберуші мемлекеттер; 5) 100-ден 500-ге дейін туристер; 6) 100 туристен аз мемлекеттер.

Осы категорияға сәйкес 1998 жылы бірінші категорияда Германия 14838 туристер, екінші категорияда жіберуші мемлекеттер болған жоқ, үшінші категорияда 6 мемлекет бар: Ресей, Туркия, АҚШ, Жапония, Ұлыбритания, Қытай (24,5% жалпы резидент емес туристерден), төртінші категорияда : Франция және Пәкістан (4,2%), бесінші категорияда 18 мемлекет, олардың ішінде: Корея Республикасы, Өзбекістан, Украина, Австрия, Италия, КХДР, Иран және Қырғызстан. 18 мемлекеттің үлесі 11,3 пайыз құрды. Алтыншы категорияға қалған мемлекеттер (9,6%). 1999 жылы бұл жағдай келесідей болды:

бірінші категорияда Германия 18503 туристер;

екінші категорияда мемлекеттер жоқ;

үшінші категорияда 7 мемлекет: Ресей, Туркия, АҚШ, Жапония, Ұлыбритания, Қытай және Франция (31,5% жалпы резидент емес туристер санынан);

төртінші категорияда 6 мемлекет: Австрия, Корея Республикасы, Пәкістан, Израиль, Индия, Нидерланды (8,2%)

бесінші категорияда 25 мемлекет: Филиппины, Өзбекістан, Италия, Қырғызстан, Тәжікстан, Швейцария, Греция және Польша сияқты мемлекеттерді атап көрсетуге болады. Барлық 25 мемлекеттің үлесі жалпы резидент емес туристер санының 11 пайызын құрды;

алтыншы категорияда қалған барлық мемлекеттер туристерді жіберуші мемлекеттердің жалпы құрылымның 12,1 пайызын құрды.

Бұл бөлуде 1998-1999 жылдар Қазақстанда шетелдік туризмнің  даму тенденциясы шұғыл өзгермегендігі байқалады. Бірақ 3-ші категорияда мемлекет үлесі - 7,0 %, 4-ші категорияда – 4,0%, 6-шы категорияда – 2,5% өсті.

Сондықтан Қазақстан Республикасы өзінің табиғи рекреациялық және экономикалық потенциалына сүйене отырып, келу (шетелдік) туризмін дамыту керек. Бұл туризм индустриясының «Клондайкомы» болып табылады.

Шетелдік туризмді дамыта отырып, оның әсерінің нәтижесін үйрену керек. Әрине бүгінгі күнде  шетелдік туризмнің дамуы Қазақстанға ешқандай әсер еткен жоқ. Сонда да жалпы қабылданған шетелдік туризмнің әсерін келтірейік. Н.Ю.Малашенко туризм дамуының дамушы мемлекеттерде экономикалық-әлеуметтік және экологиялық әсерін бөліп көрсетеді. Біз тек экономикалық әсерін шетелдік туризмге қатысты жағдайларды көрсетеміз (4-кесте).

4-кесте.

Дамушы мемлекеттерде шетелдік туризм дамуының экономикаға әсері

Пайда

Зиян

Халықаралық еңбек бөлінісіне қатысудың ұлғаюы

Нақты валютаның ағып кетуі.

Жергілікті ресурстарды пайдалану.

Дәстүрлі жұмыстан кетуі.

Нақты валютаны және шетелдік капиталды тарту.

Жұмыссыздық қаупі.

Жергілікті іскерлік айналымның өсуі.

Маусымдылық жұмыс бастылық.

Ұлттық тауар және қызмет өндірісінде құрылымды жылжуы.

Инфляция.

Жұмыс бастылықтың ұлғаюы.

Шетелдік компанияларға басшылық-тық узурпациясы (басымдылық).

Жеке табыстың өсуі.

Халықаралық экономикалық конъюнктураға, сәнге, саяси жағдайға бағыныштылығы.

Аймақтың диспропорция балансы.

Экономикалық кризистердің және дамудың жөнге келтірілмеуі.

Шетелде мемлекеттің экономикалық имиджін жасау.


 

 

Дамушы мемлекеттерде туризм дамуының бір ерекшелігі ұлттық (ішкі) туризмнің болмауы және осы жерде қалыптасқан туризм индустриясы сыртқы сұранысты қанағаттандыруға бағытталған. Бұл Қазақстанда да өз дәрежесінде байқалады. Бірақ, бізде сыртқы сұранысты қанағаттандырудың кері процесі келуші (шетелдік) туристерге емес шығушы (резиденттер) туристерге жүреді. Осылай 1999 жылы резидент емес туристер саны 22% құрды. Бұл фактілер, яғни Қазақстанның туристік қызметінің келу нарығындағы жағдайының анализі туризмнің барлық проблемаларын қамтитын заңның жетіспеушілігін, қатаң салық салудың, тарифтің тым арттырылуын, туристік инфраструктураның нашарлығын, біздің мемлекетіміздің  көрікті табиғатының шетелде жарнамаланбауын және туризмнің насихатталмауын дәлелдейді.

Жалпы біздің ойымызша шетелдік туристерді тарту негізінде туризм индустриясын қалыптастыру және дамыту – жақын болашақтың жұмысы.

 

Жыл сайын көрме алаңдары ұлғаюда, республиканың туристік ұйымдарының өкілдіктері кеңеюде, жарнамалық-ақпараттық өнімнің сапасы артуда. Ұлыбритания және Солтүстік Ирландия Біріккен Корольдігінде (Лондон қ.) 2004 жылғы қарашада Қазақстанның бірінші туристік өкілдігі ашылды.

Бүкіләлемдік туристік ұйымның Іс-шаралар күнтізбесіне енгізілген KITF – Қазақстан халықаралық туристік жәрмеңкесі Алматы қаласында, “Белуха” халықаралық туристік фестивалі Шығыс Қазақстан облысында жыл сайын өткізіледі. 2005 жылы KITF жәрмеңкесіне әлемнің 23 елінен 200-ден астам компания қатысты, ал 2006 жылы оның экспоненттері 30 елден                         450 компания болды. Сонымен қатар негізгі мақсаты туристер ағынын елдің орталық және солтүстік өңірлеріне тарту, ел ордасы – Астананың үшінші мыңжылдық қаласы ретінде имиджін қалыптастыру болып табылатын “Астана-Демалыс” халықаралық қазақстандық туристік көрме жыл сайын өткізіліп тұрады. 

Туристік бизнес кәсіпкерлері үшін гранттар, техникалық көмек және инвестициялар тарта отырып бизнес-жоспарлар құру мен инвестициялық жобалар жасау бойынша оқытып үйрету семинарларын жыл сайын өткізу қамтамасыз етілген. Қазақстанның туристік мүмкіндіктерін шетелде көрсету үшін инвестициялық жобалар каталогы, бағыттамалар, буклеттер мен қағаз және электрондық жеткізушілердегі басқа да жарнамалық-ақпараттық өнім шығарылды.

Қазақстанның оң туристік имиджін қалыптастыруға және туристік индустрияға инвестициялар тартуға Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Шетелдік инвесторлар кеңесінің (ШИК) жұмыс тобы көп жәрдемін тигізеді, оның шеңберінде 2005 жылы ШИК жұмыс тобының мүдделі мүшелері қатарынан туризм жөніндегі шағын топ құрылды. Сонымен қатар 2006 жылдан бастап ШИК веб-сайтында «Қазақстандағы туризм» Интернет-парағын   ашу туралы шешім қабылданды.

Бүгінде республика іс жүзінде туризмнің қолданыстағы барлық түрін ұсынып отыр. Туристік кластерді дамыту шеңберінде республикада туризмді дамытудың іскерлік, экологиялық, мәдени-танымдық, сондай-ақ шұғыл түрлері сияқты басым бағыттары айқындалды.     

Туристік қызмет көрсетулердің негізгі жеткізушісі туристік ұйымдар болып табылады, оларды туристік қызметті жүзеге асыру құқығына лицензиясы бар 846 туристік ұйым мен 30 жеке кәсіпкер ұсынады. Әрекет етуші туристік фирмалар мен қонақ үй шаруашылығы кәсіпорындарының басым көпшілігі Алматы қаласында (605), Шығыс Қазақстан (124), Қарағанды (122), Алматы (71) облыстарында және Астана қаласында (79) (1-қосымша). Қазақстанның туристік қызмет көрсетулер нарығында 3,2 мыңға жуық адам, 1,5 мың кәсіби гид пен экскурсияшы жұмыс істейді. Туристік нарықтың барлық ұйымдарының 98,3 %-ін шағын кәсіпорындар (жұмыс істейтіндердің саны 50 адамға дейін) білдіреді. 250 адамнан аспайтын персоналы бар орташа кәсіпорындар 1,3%-ті, ал ірілер 0,4%-ті құрайды. Талдауға қарағанда, туристік ұйымдардың көпшілігін шағын және орта кәсіпорындар құрайды, олар әлем елдерінің көбінде инновацияларға негізделген экономикалық өсімнің тиімді генераторы болып табылады. Қазақстанның туристік ұйымдары әлемнің жетпіс елімен ынтымақтаса жұмыс істейді. 

Қазақстан Республикасы Статистика агенттігінің деректеріне қарағанда 2004 жылы Қазақстанда туризм саласында 379,3 мың адам еңбек еткен, бұл 2003 жылға қарағанда 17,8 процентке артық.

Жоғарыда көрсетілгендермен қатар, ұлттық туристік нарықта шетелдер қатысатын 37 туристік ұйым қызметін жүзеге асырады.

Тек қана туристік ұйымдардың қызметінен Қазақстан Республикасының кірісі 2005 жылы 5902,6 млн. теңгені құрады. 

Тұтастай алғанда, 2005 жылы республика бойынша туристік индустрия кәсіпорындарының кірісі 16,8 процентке көбейіп, 30553,4 млн. теңгені құрады, сонымен қатар бюджетке 6526,5 млн. теңге аударылды, бұл былтырғымен салыстырғанда 37,6 процентке артық (2-қосымша). Көрсетілген қызметтердің жалпы көлемі де 43,3 процентке артып, 24516,8 млн. теңгені құрады. 

Қазақстан Республикасы Ұлттық Банктің төлем теңгерімінің деректері (“Сапарлар” бабы) бойынша резидент еместерге Қазақстанның қызмет көрсетулер көлемі 2005 жылы 684,5 млн. АҚШ долларын құрады, Қазақстанның резидент еместерден алған қызмет көрсетулер көлемі 667,1 млн. АҚШ долларын құрады (3-қосымша). 2005 жылы елдің ІЖӨ-ге туризмнің салымы 1,3 процентті құрады. 

Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитеті Шекара қызметінің және Қазақстан Республикасы Статистика агенттігінің деректері бойынша сырттан келушілер туризмі көлемінің 2004 жылғы 4291 мың туристен 2005 жылы 4365 мың туристке дейін тұрақты арту үрдісі байқалады. Ішкі туризм бойынша көрсеткіштер 2004 жылғы 2793,8 мың туристен 2005 жылғы 3280 мың туристке дейін өсуде (4-қосымша). Сонымен қатар Қазақстан Республикасы Статистка агенттігінің 2000 жылдан бастап 2005 жылды қоса алғандағы деректерін талдау сырттан келушілер туризмі географиясының 2000 жылғы     60 елден 2005 жылы 161 елге дейін кеңейгенін көрсетеді.

Сырттан келушілер туризмін талдау көрсеткендей, туристердің            58,4 процентінің біздің елге іскерлік және кәсіби мақсаттармен келгенін көрсетті. Елімізде демалу мақсатында 12017 турист (30,1 %), таныстары мен туыстарының шақыруы бойынша 10,2 процент коммерциялық мақсатпен - 1,2 процент турист келген.

Жыл сайын сыртқа шығушылар туризмінің көлемі артуда. Егер            2000 жылы туристік фирмалар шетелге 67360 туристі жіберсе, ал 2005 жылдың қорытындылары бойынша кеткен Қазақстан Республикасы азаматтарының саны 210692 туристі құрады. Алыс шетел мемлекеттерінің ішінде Түркия – 63,1 мың адам (30%) , Қытай – 48, 6 мың адам (23,1%), Біріккен Араб Әмірліктері – 23,8 мың адам (11,3%) Қазақстан тұрғындары арасында барынша танымал болып табылады.

Сыртқа шығушылар туризмінде бос уақыт, рекреация және демалыс      (44, 7%) мақсатымен шығу басым болып келеді. Қалғандарының шығу мақсаты коммерциялық – шоп-турлар (29 %), іскерлік және кәсіби (18,7%) болып табылады.

Елде әр түрлі туристік қызмет көрсетулерде қазақстандық және шетелдік азаматтардың қажеттіліктерін қанағаттандыруға кең мүмкіндікті қамтамасыз ететін қазіргі заманғы тиімділігі жоғары және бәсекеге қабілетті туристік кешеннің жұмыс істеуі үшін жағдайлар жасалуда, ұлттық туристік өнімнің сапасын қамтамасыз ету үшін стандарттар әзірленіп, қабылданды. Қазақстан Республикасында туризмнің материалдық-техникалық базасын дамытуға инвестициялар тарту үшін жағдайлар айқындалды.

Туризмді дамыту көлік инфрақұрылымын дамытумен тікелей байланысты. Елімізге туристер негізінен әуе көлігімен келеді. Ішкі туризм мақсатында көбінесе автожол көлігі пайдаланылады. Жыл сайын республикалық маңызы бар жолдар тізбесі толықтырылып, олардың құрамында ірі туристік объектілерге апаратын жолдар бар.

Сырттан келушілер туризмі мен ішкі туризм көлемін ұлғайтудың негізгі факторлары тармақталған көлік желісін дамыту және жолаушылар тасымалының барлық түрлерінің географиясын кеңейту болып табылады. Осыны ескере отырып, ұлттық тасымалдаушы -  «Қазақстан темір жолы» ұлттық компаниясы» акционерлік қоғамы мен «Жолаушылар тасымалы» акционерлік қоғамы  туризм саласындағы уәкілетті органның қолдауымен    2002 жылдан бастап Алматы-Тараз-Шымкент-Ташкент-Самарқанд-Үргеніш-Бішкек-Рыбачье-Алматы бағыты бойынша “Жібек жолы меруерті” мамандандырылған пойызын ұйымдастыру жөніндегі жобаның бірінші кезеңін іске асырады.

Болашақта Тегеранға дейін екінші кезеңді, Қытайдың Шыңжаң-Ұйғыр автономиялық округы арқылы Пекинге дейін үшінші кезеңді жүзеге асыру  жоспарланып отыр.

2003 жылдан бастап 2005 жылды қоса алғандағы кезеңде Қазақстан Республикасының шетелдермен туризм саласындағы халықаралық ынтымақтастығының нормативтік құқықтық базасы кеңейді. Қазіргі кезде туризм саласында 26 келісім қолданылуда. Жапониямен, Грекиямен, Франциямен, Катармен, Сауд Арабиясымен, Словениямен, Польшамен, Моңғолиямен, Малайзиямен туризм саласында ынтымақтастық туралы келісім жобалары контрагенттерге келісу үшін жіберілді.  Қазіргі уақытта Біріккен Ұлттар Ұйымының мамандандырылған мекемесі болып табылатын Дүниежүзілік туристік ұйыммен және Дүниежүзілік туристік ұйымға мүше елдердің ұлттық туристік әкімшіліктерімен  ынтымақтастық нығайтылды.

Резидент еместерден ел экономикасына шетелдік валюта ағынының тұрақты артуы есебінен елдің төлем теңгерімі жақсарып отырғанын айта кету керек, туризм саласын қаржыландыру мәселесі шешілуде: 2001 жылдан бастап 26 млн. 111 мың теңге көлеміндегі қаржылық қаражат, халықаралық көрмелерге қатысу мен республикада халықаралық туристік жәрмеңкелер өткізуді қоса алғанда, туристік қызмет жөнінде іс-шаралар ұйымдастыруға бөлінді. 2003 жылдан бастап туристік іс-шараларды қаржыландыру көлемі Бағдарламаны қабылдауға байланысты 32 млн. теңгеге, 2004 жылы – 34 млн. теңгеге артты және 2005 жылы бөлінген қаржы қаражат сомасы 39,5 млн. теңгені құрады.

Информация о работе Қазақстандағы ішкі туризм