Қазақстан Республикасындағы туристік кәсіпорынның маркетингтік іс- әрекетің талдау

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 17 Апреля 2013 в 19:02, курсовая работа

Краткое описание

Туристік қызмет кәсіпорын шаруашылық әрекетімен ғана шектеліп қоймайды, ол әр түрлі қоғамдык және кәсіби ассоциациялар мен бірлестіктердін, аймақтык, ұлттық, халықаралык институттар, мемлекеттік және мемлекет аралык реттеу ұйымдарының қызметімен өте тығыз байланысты болады. Туристік сапардағы адамдар қажеттілігін қанағаттандыруға бағытталған барлық осы элементтер әрекетінің жиынтығы туризмнің әлеуметтік — экономикалық құбылыс ретіндегі түсінігін қалыптастырады. Туризм құрылымдарынын әр қайсысы өзінің нақты функциясын жүзеге асырғанда маркетинг концепциясын қолданады, сол арқылы ғана өз қызметінің тиімділігін арттырып, өзіне және қоғамға белгілі бір пайда алып келе алады.

Содержание

КІРІСПЕ

І-ТАРАУ. ТУРИЗМ САЛАСЫНДАҒЫ МАРКЕТИНГТІҢ СИПАТТАМАСЫ МЕН ШЕТЕЛДІК ТӘЖІРИБЕСІ
1.1 Туризм саласындағы маркетингтің мәні мен ерекшеліктері
1.2 Шетелдік-тәжірбені туризм саласындағы маркетингте қолдану

ІІ-ТАРАУ. ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ТУРИЗМ САЛАСЫНДАҒЫ МАРКЕТИНГТІ ДАМЫТУ ЖӘНЕ ЖЕТІЛДІРІ ЖОЛДАРЫ
2.1 Қазақстан Республикасында туризм саласындағы маркетингтің дамуы
2.2 Қазақстан Республикасындағы туристік кәсіпорынның маркетингтік іс- әрекетің талдау

ҚОРЫТЫНДЫ

ПАЙДАЛАНҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ

Прикрепленные файлы: 1 файл

кур работа.docx

— 69.87 Кб (Скачать документ)

ЖОСПАР

 

КІРІСПЕ

 

І-ТАРАУ. ТУРИЗМ САЛАСЫНДАҒЫ МАРКЕТИНГТІҢ СИПАТТАМАСЫ  МЕН ШЕТЕЛДІК ТӘЖІРИБЕСІ

1.1 Туризм  саласындағы маркетингтің мәні  мен ерекшеліктері

1.2 Шетелдік-тәжірбені  туризм саласындағы маркетингте  қолдану

 

ІІ-ТАРАУ. ҚАЗАҚСТАН  РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ТУРИЗМ САЛАСЫНДАҒЫ  МАРКЕТИНГТІ ДАМЫТУ ЖӘНЕ ЖЕТІЛДІРІ  ЖОЛДАРЫ

2.1 Қазақстан  Республикасында туризм саласындағы  маркетингтің дамуы

2.2 Қазақстан  Республикасындағы туристік кәсіпорынның  маркетингтік іс- әрекетің талдау

 

ҚОРЫТЫНДЫ

 

ПАЙДАЛАНҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ

 

 

 

КІРІСПЕ

 

Қазақстандық және шетелдік азаматтардың әртүрлі туристік қызметтерге қажеттілігін қанағаттандыру үшін кең мүмкіндіктерді қамтамасыз ететін қазіргі заманғы тиімділігі жоғары және бәсекеге қабілетті туристік кешен құру, саланы дамытудың экономикалық және құқықтық тетіктерін әзірлеу әрі Қазақстанның туристік өнімінің сапасын қамтамасыз ету біздің алдымызда тұрған ең маңызды мәселелердің бірі болып табылады.

Туризм әлемдік  экономикада басты рольдердің бірін  атқарады. Дүниежүзілік Туристік Ұйымның (ДТҰ) деректері бойынша ол әлемдік  жалпы ұлттык өнімнің 10 бөлігін, халықаралық  инвестициялардың 11 пайызынан астамын, әлемдік өндірістегі әр бір 9 шы жұмысшы  орнын қамтамасыз етеді. 1993 жылы Қазақстан  Республикасы Дұниежүзілік туристік ұйымға нақты мүше болып кірді.

Біздің дәуірімізге  дейінгі үшінші мыңжылдықта басталған  Ұлы Жібек жолының құрылуы  мен дамуы Қазақстан туризмінің тарихи алғы шарттары болып табылады.

Тақырыптың  өзектілігі. Қазақстанда қазіргі  заманғы инфрақұрылым салаларының  дамуына, соның ішінде туризмге үлкен  мән беріледі. Туризм елдің тұтас  өңірлерінің экономикасына белсенді ықпал етеді. Туризм саласында шаруашылық жүргізуші субъектілердің құрылуы  мен жұмыс істеуі жол көлігінің, халыққа сауда, мәдени, дәрігерлік қызмет көрсетудің дамуымен тығыз байланысты.

Қазақстанның  тәуелсіздік алуы туристік қызметті реттеу мен халықтың тарихи және мәдени мұрасын жаңғырту үшін негіз боп  қаланды. Туризмнін тез және тұрақты  өсуін, оның қоршаған ортаға, экономиканың барлык саласына және қоғамның әл ауқатына күшті ықпалын назарға ала  отырып, Үкімет туризмді Қазақстан  экономикасының маңызды секторы  деп анықтады.

Қазақстанның мәдени — тарихи және демалыс зоналарын жетілдіру мен сақтауға, саланың ғылыми — әдістемелік қамтамасыз етілуіне, кадрларды дайындауға үлкен мән бөлінетін болады.

Туристік  қызмет кәсіпорын шаруашылық әрекетімен ғана шектеліп қоймайды, ол әр түрлі  қоғамдык және кәсіби ассоциациялар  мен бірлестіктердін, аймақтык, ұлттық, халықаралык институттар, мемлекеттік  және мемлекет аралык реттеу ұйымдарының  қызметімен өте тығыз байланысты болады. Туристік сапардағы адамдар  қажеттілігін қанағаттандыруға бағытталған  барлық осы элементтер әрекетінің жиынтығы туризмнің әлеуметтік — экономикалық құбылыс ретіндегі түсінігін  қалыптастырады. Туризм құрылымдарынын әр қайсысы өзінің нақты функциясын жүзеге асырғанда маркетинг концепциясын қолданады, сол арқылы ғана өз қызметінің тиімділігін арттырып, өзіне және қоғамға белгілі бір пайда  алып келе алады. Бұл дәрежеге жету үшін туристік саламен байланысты кәсіпорындар туризмдегі маркетингті теориялық  тұрғыдан жан жақты зерттеп, тәжірибеде қолдануы қажет. Ал бұл бағыттар біздің елімізде салыстырмалы түрде жаңадан пайда болып, дамып келе жатқан соң, теориялық дайындығы мықты, кәсіпқой мамандар жетіспейді, туризмдегі маркетинг Қазақстан мысалында тіпті жаңа

бағыт болып  табылады. Сондықтан, аталған сала бойынша  маркетинг тұрғысынан теориялық  зерттеу жүргізіп, тәжірибеге енгізу, еліміз үшін өте пайдалы да, «әдемі»  де саланы дамытуға өз үлесімізді қосумен  бірдей.

Зерттеу жұмысының  мақсаты. Тақырыпты теориялық тұрғыдан жан жақты зерттеу, туризм рыногы мен маркетингтік қызметтің қазіргі  уақытта қалыптасқан жағдайын қарастыру  мен Қазақстан туризм саласының  даму жолына және оның маркетингпен байланысына  қатысты ғылыми көзқарас қалыптастыру. Жұмысты жазу барысында салыстыру, эксперттік, графикалық, статистикалық  талдау әдістері қолданылды.

Аталған мақсатқа жету үшін алға қойылған. мәселелер, ҚР туристік рыногын зерттеу, оның зерттеу  қарқынын анықтау, туристік саланың  дамуындағы маркетингтің ролін айқындап, қазіргі жай күйі мен даму болашағын  қарастыру.

Зерттеу пәні — туризм саласындағы маркетинг.

Зерртеу объектісі  — ҚР туризм рыногы және оның дамуындағы маркетинггік қызметтің атқаратын  ролі.

Ғылыми жұмыстың тоериялық және методологиялық негізі осы саладағы отандық және шетелдік авторлар еңбектері, ҚР статистика агенттігінің мәліметтері, отандық және шетел  жариялымдары және интернет жүйесі болып  табылады.

Аталган тақырыпта  жүргізілген зерттеу жұмысының  жаңалығы. ҚР туризм саласындағы маркетингтің дамуын қазақстандық туристік өнімін халықаралық рынокқа үсыну түрғысынан зерттеу жүргізу.

Ғылыми жұмыстың тәжірибелік мацызы. Туризмнің дамуы  барлық жақтан қарап келгенде де тек  оң әсерін тигізеді. Мысалға, мұнай  өнеркәсібі қоршаған ортаны қатты ластайды, жергілікті тіршілікке үлкен зиянын тигізеді. Ал, туризм саласы, керісінше  табиғаттың тазаруы мен күтілімін  талап етеді, осыдан туристік кәсіпорындар қызметі тек жалпы экономикаға  емес, сонымен қатар, қоршаған ортаға да өз пайдасын тигізеді. Қазақстанның туризм потенциалы өте жоғары деңгейде және оны қолданып дамыту үшін, бұл  салаға кәсіпқой менеджмент пен маркетинг  ендірілуі қажет,

Зерттеу жүмысына байланысты ғылыми жариялымдар әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-нің экономика және бизнес факультетінің жас ғалымдар мен студенттерінің 58-ші және 59-шы ғыльши-теоретикалық конференциясының материалдарында  жарыққа шықты.

Ғылыми жұмыс  кіріспеден, негізгі бөлімнен және қорытындыдан тұрады.

 

 

І-ТАРАУ. Туризм саласындағы  маркетингтің сипаттамасы мен шетелдiк  тәжiрбесi

1.1 Туризм саласындағы маркетингтің  мәні мен ерекшеліктері

 

Қызмет көрсету  сферасының маркетингі қажетті жерде, қажетті уақытта және өткізуді ынталандыруда  қажетті бағамен тұтынушыларды  қызметтермен қамтамасыз етуге бағытталған. Қызметтер маркетингі клиенттердің қажеттіліктерін қанағаттандыру мен  анықтауға арналған қызметтерді  орналастыру, жылжыту және өңдеу  кезеңдерінен тұрады. Ол екі мақсатқа жету үшін бағытталған: қызметтер өндірушілерді  бағалау және таңдауда тұтынушыларға  көмек көрсету және тұтынушыларды  толық қанағаттандыру арқылы қызметтер  рентабельдігін қамтамасыз ету.

Дәстүрлі  маркетинг пен қызметтер саласындағы  маркетингтің ортақ принциптеріне  келесілер жатады:

• Не өткізе аламыз, соны өндіру;

• Жаңа тауар (қызмет) шығара отырып, тұтынушыларды  ынталандыру;

• Тиімділік  пен пайдалылық принципі;

• Маркетингтік үрдістің барлык кезеңдерінде әлеуметтік факторды ескеру.

Бірақ қызметтер  сферасында басты орынды әлеуметтік факторды ескеру қажеттілігі алады. Өйткені, біріншіден, қызметтер өндірушілер  тікелей әлеуметтік ортаны құрайды. Екіншіден, қызметтер маркетингі әлеуметтік жұмыстың ерекше түрі ретінде қарастырылады.

Қызметтер маркетингінің  негізгі міндеті — рынокқа  жаңа қызметтерді жылжыту мен  ескірген қызметтерді есепке ала  отырып, қызметтерді өткізу және өндіру бойынша кешенді қызметтi ұйымдастыру. Бүл міндеттің шешімі келесі маркетингтің арнайы қызметтерімен толықтырылады:

• Қызметтер  рыногын зерттеу және зерттеу  нәтижелеріне талдау жасау;

• Қызметтерге  деген тұгынушылардың сұраныстарын және әлуетті сұраныстарын анықтау;

• Қызметтерді  өткізу және өндірісті жоспарлау;

• Баға саясатын жасау;

• Қызметтер  саласындағы кәсiпорынның имиджiн  қалыптастыру

Әр түрлі  қызметтер түрлерінiң көбіне қарамастан оларды тауардан ерекшелендіретін төрт сипаттамасы бар. Олар: қолға үстап  көруге болмайды (материалдық емес сипаты); біртұтастық, яғни өндіріс  пен қызметті тұтынудың біртұтастығы; сапалық тұрақсыздығы (сапа бірқалыпты болмайды жэне өзгеріп тұрады); қызметтерді  сақтауға, тасымалдауға болмайды.

Қызметтер жоғарыдағы көрсетуі бойынша қызметті өндіруші өзінің маркетингтік қызметінде жетістікке жетудің кілті болып табылатын  қызмет және оның түрлері арасындағы бірнеше тәуелділікті ескеруге және анықтауға мүмкіндік береді.

Жалпы қызметтер  маркетингінің маңызы қызметтер  рыногының ерекшеліктері мен  қызметтердің сипаттамаларына негізделеді. Қызметтер рыногының ерекшеліктері  екі айрықша аспектіден тұрады: 1) қызмет көрсетілмей тұрып болмайды; 2) көптеген жағдайларда қызметтерді көрсету өндірушінің арнайы білімі мен іскерлігін талап етеді.

Қызмет маркетингінде  басты орынды маркетинг кешенін  құруға береді. Тауарлық саясатты құруда қызметтер — тауарының 4 деңгейін бөліп қарастырамыз:

1. қызмет  — негізгі өнім, яғни тұтынушылардың  проблемаларын шешетін әр түрлі  қызметтер жиынтығы;

2. қызметтер  — қосымша тауарлар, яғни тұтынушыларға  негізгi өнімді

қолдану үшін тұтынушыларға қажетті қызметтер;

3. қызметтер  — бірге жүретін тауарлар, яғни  негізгі тауарларды қолдайды;

4. жалпы айтқанда  қызмет тауар ретінде негізгі,  қосымша және бірге

жүретін тауарлар.

Жаңа қызметті жасау үрдісі келесідей кезеңдерден  тұрады:

1. идеяны  сүзіп алу.

2. идеяны  таңдау.

3. жаңа қызмет  тұжырымдамасын жасау және оны  тексеру

4. маркетинг  стратегиясын құру

5. бизнес-талдау

6. қызметті  жасау

7. сынақ маркетингі

8. коммерциализация

Қызметтерді жобалауда өндірушілер келесі факторларды  ескеруі қажет:

• негізінен  қызмет көрсететін кәсіпорынның орналасуы  тұтынушылардың

орналасуына байланысты анықталады;

• клиенттердің қажеттілігі мен қалауы әдетте тиімділікті  ойлаудан бұрын

болуы мүмкін;

• жұмысты  календарлық жоспарлау негізінен  тұтынушыға байланысты;

• қызметтердің сапасын анықтау және өлшеу қиындыққа  соқтырады;

• жұмысшылар тұтынушылармен тіл табыса алуы керек;

• өндірістік күштер әдетте тұтынушылардың жоғары сұранысы арқылы

есептеледі;

• жұмысшылардың  еңбек тиімділігін өлшеу қиын, өйткені төменгі өнімділік

қызметкерлердің жаман жұмысы салдарынан емес, тұтынушылық

сұраныстың  болмауынан болуы мүмкін,

• қызмет көрсету  аясында істейтін кәсіпорындар бірдей болмайды

(авиакомпниялардан  басқасы);

• кейде  қызметтер аясында маркетинг  пен өндірісті бөлу қиындыққа

соқтырады.

Осы факторлардың арасындағы ең негізгісі қызмет көрсету  орнының тұтынушыларға максималды жақын болуы. Қызметтерді жобалауда  осы факторларды ескерсе кәсіпорынның қызмет көрсету үрдісін жақсартуға мүмкіндік береді.

Рынокқа шығарылған кез- келген қызмет біртіндеп өзінің бәсекеге қабілеттілігін жойып, рыноктан шығады. Қызметтердің рынокта болу кезеңі қызметтердің өміршеңдік кезеңі деп аталады. өміршеңдік кезеңінің  сараланған деңгейіне және талдау толықтығына байланысты оны 4,5 немесе 6 фазаға бөледі. Қызметтің өміршеңдік циклы құрылу, ену, өсу, кемеліне жету, толықтыру және құлдырау фазаларынан тұрады. Құрылу фазасында өндіруші ізденеді, рынокта бұрыннан бар қызметтерден артықшылығы ерекше бір тұтынушыға құндылығы бар жаңа қызметті рынокқа енгізуге дайындалу. Ал енгiзу фазасында осы қызмет туралы тұтынушылардың хабардар болуын қамтамасыз ету керек. Ол үшін жарнамалық кампаниялар қолданылады. Өсу фазасында жарнама мен үгіттеу, өтімді ынталандыру акцияларын жүргізу маңызды. Кемелдену фазасында бәсеке күшейеді. Бұл күресте жеңу үшін тұтынушыларға жеңілдіктер жасау, оларды марапаттау және т.б. қолдану орынды. Толықтыру фазасында бәсеке күрделіленгенде маркетингтік шығындары көбейеді, біл өз кезегінде маркетингтік шығындар құрылымында жарнамалардың үлес салмағын көбейтеді. Жарнама көбейіп кеткенде, қызметтерді өткізу көлемі құлдырау фазасына тән пайда бірден төмендеп кетеді. Мұндайда өндіруші келесі шешімдердің біреуін қабылдауға тура келеді:

• қызметті өндіруді доғарып, рынотан кету;

• қызметіне  жаңа сипат беріп, рынокқа қайта  шығу;

• қызметін басқа рынокта көрсету (1 кесте).

 

1кесте —  Қызметтердің өміршеңдік циклының  фазаларына сипаттама

Енгізу Өсу  Кемеліне жету Құлдырау

Сұраныс Төменгі  деңгейде Жоғарғы қарқынмен өседі  Тұрақтанады, төмендеу байқала бастайды Бірден төмендейді

Бәсеке Фирма-монополист Алғашқы бәсекелестер пайда бола бастайды. Бәсеке әлсіз. Күшті және «бағалық күрес» түрінде болады Бәсекелестік күрестерден шығу жолдарын іздестіре  бастайды

Маркетинг стратегиясы  Дифференциация Дифференциация және төмен  шығындар Төмен шығындар Дифферециация

Баға стратегиясы  «қаймақты сүзіп алу» саясаты  «қаймақты сүзіп алу» саясаты  және т.б. бағалық саясат түрлері  Жеңілдіктердің икемді жүйесі қолданылады  «шығын жетекшісі» саясаты

Информация о работе Қазақстан Республикасындағы туристік кәсіпорынның маркетингтік іс- әрекетің талдау