Аспан денелері арқылы жергілікті жерді бағдарлау

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 10 Марта 2014 в 17:30, реферат

Краткое описание

Жердің әлпетін зерттеумен ежелден бері география, геодезия, топография, картография шұғылданады. Бұл ғылымдар өзара байланысты және түптеп келгенде шешетін негізгі міндеті бір — планетамыздың бітімін, мөлшерін және сыртқы әлпетін дұрыс және дәл көрсету. Әскери топография жергілікті жерді зерттеу әдістерін, онда бағдарлануды және әскердің ұрыс қимылдарының мүддесіне сай жергілікті жерді бағалаумен байланысты басқа да мәселелерді қарастырады, әр алуан жауынгерлік міндеттерді орындау кезінде топографиялық карталар мен аэрофотосуреттерді пайдалануды үйретеді.

Содержание

КІРІСПЕ................................................................................................................. 3
1. Аспан денелері мен жергілікті заттардың белгілеріне қарап көкжиек жақтарының бағыттарын анықтаудың теориялық негіздері
1.1 Бағдарлану туралы түсінік........................................................................... 4
1.2 Ақиқат және магниттік азимут, оны анықтау........................................... 11
1.3 Маршрут бойымен жүру сызбасын түзу және жергілікті жерде азимут бойынша жүру................................................................................................... 14
2. Жергілікті жерде топографиялық карта бойынша бағдарлану
2.1 Топографиялық карта жайлы түсінік........................................................ 19
2.2 Жергілікті жерде карта бойынша бағдарлану........................................... 26
ҚОРЫТЫНДЫ....................................................................................................... 30
ҚОЛДАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ.......................................................... 31

Прикрепленные файлы: 1 файл

1. Аспан денелері мен жергілікті заттарды- белгілеріне -арап к-к.doc

— 629.50 Кб (Скачать документ)

Жергілікті жерде бағдарларсыз жүру бағыты көзбен тураланып ұсталады. Бастапқы нүктеде компас бойынша келесі нүктеге жету анықталады. Осы бағытпен жүріп отырып бір-бірінен белгілі бір қашықтықта қайсыбір белгілер қояды. Анда-санда соларға қарап одан әрі жүру бағыты артта қалдырылған белгілер арқылы (өзі жүрген із) ойша жүргізілген тура сызықпен үйлесуін қадағалап отырады. Бақылау үшін жүру бағытын кері азимут бойынша және аспан денелері бойынша берілген бағдарларды жеткен бағдарлармен үнемі салыстырып отырады, ал карта (сызба) болғанда онымен жергілікті жерді жөне жүріс маршрутын дәлдеп отырады. Егер сол жолмен кері қайту қажет болса, маршруттың бұрынғы сызбасын пайдаланады, бірақ алдымен тура азимуттарды кері азимуттарға көшіреді [10].

Түнде аралық (қосалқы) бағдарлар ретінде жергілікті заттардың сұлбалары, алыста жарқыраған нүктелер мен жарық жұлдыздар пайдаланылады.

Егер ондай мүмкіндік болмаса, онда меңзері еркін босатылған компасты үнемі алдында ұстайды, ал жүріс бағыты үшін ойықша мен қарауыл арасынан өтетін түзуді алады.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

2 Жергілікті жерде топографиялық карта бойынша бағдарлану

 

2.1  Топографиялық карта жайлы  түсінік

 

Карта – бұл жер бетінің белгілі бір шарттар бойынша жазықтықта (қағазда) кішірейтіліп бейнеленілуі. Олардың масштабы, әлеуметтік мазмұны, қолданылуы(географиялық,топографиялық, өндірістік, орман, жол, геологиялық, топырақты, оқулық) бойынша топтастырады. Топографиялық картаның географиялық картадан айырмашылығы – оның масштабында. Оларға: 1:25 000 – 1:100 000 масштабына дейінгі карталар жатады.

Әскери істе карталар кеңінен қолданылады. Олар жергілікті жер туралы мәліметтің қайнар көзі, әскерлердің ұрыс қимылдарын қамтамасыз ету құралдарының бірі болып табылады. Картамен бейтаныс жерлерде бағдарлану жасалынады, ұрыс қимылдарын жүргізуге шешім қабылданады; марш жасалады; ракета жіберу мен артиллерия атысы үшін мәліметтер дайындалады, жергілікті жерде инженерлік жабдықтау бойынша есеп айыру мен өлшеулер жүргізіледі; нысана координаттары анықталады, нысананы көрсету жүзеге асырылады.

Картадағы ұзындық сызығының жергілікті жердегі сәйкес сызықтың ұзындығына қатынасы карта масштабы деп аталады. Топографиялық картаның көмегімен орындалатын тапсырмалардың әр түрлі болуына орай, масштабтары әр түрлі карталар қажет болады: 1:10 000 он мыңдық, 1:25 000 жиырма бес мыңдық, 1:50 000 елу мыңдық, 1:100 000 жүз мыңдық, 1:500 000 бес жүз мыңдық, 1:1 000 000 миллиондық.


1:25 000 (1см-ге 250м) жиырма бес мыңдық масштабты карта – ең толық, әрі дәл карта, бөлім мен бөлімше командирлерінің су тосқауылдарын бұзуда, қалаларда ұрыс әрекеттерін жүргізу, инженерлік ғимараттар салу кезінде жергілікті жердің шағын жекеленген аймақтарын мұқият зерттеп, бағалауға, артиллериялық атысты жүргізу жөніндегі шараларды ұйымдастыру мен жоспарлауда дәл өлшеу үшін  арналған.

1:100 000 (1см-ге 1км) жүз мыңдық масштабты  карта жергілікті жерді зерттеп, ұрысты жоспарлау, әскерлерді басқару  және өзара іс-қимылды ұйымдастыру  кезінде оның тактикалық қасиетін бағалау, жергілікті жер мен нысананы көрсетуге бағдарлануға, қарсылас обьектілерінің (нысаналарының) координаттарын анықтауға арналған, сонымен бірге әскери-инженерлік ғимараттарды жобалау мен жергілікті жерде инженерлік жабдықтауға байланысты шараларды орындауға арналады.

1:200 000 (1см-ге 2км) екі жүз мыңдық  масштабты карта жергілікті жерді  зерттеп, бағалауға арналған. Ол әскердің ұрыс әрекеттерін жоспарлау мен оны қамтамасыз ету шараларында, әскерді басқаруды жоспарлау кезінде қолданылады. Жол картасы ретінде жиі қолданылады, өйткені онда жол тораптары мен оның ұрыстық және басқа техникамен жүруге жарамдылығы көрнекі әрі жеткілікті дәрежеде толық бейнеленген.

1:500 000 (1см-ге 5км) бес жүз мыңдық  масштабты карта операцияға дайындық пен оны жүргізу кезінде жергілікті жердің жалпы сипатын зертеу мен бағалауға арналған. Ол әскерлердің өзара әрекеттері мен басқаруды ұйымдастыруда, әскер қозғалысы мен нысананы көрсетуін бағдарлауда, сондай-ақ жалпы ұрыстық жағдайдың бағыттарын жазу үшін қолданылады.

1:1 000 000 (1см-ге 10км) миллиондық  масштабты  карта жергілікті жерді жалпы  бағалауға және ірі географиялық  аудандардың табиғи жағдайларын  зерттеуге, ұрыс әрекеті театрын  әскери-географиялық бағалауға, әскерді  бағалауға және басқа да міндеттерді шешуге арналған.

Карта масштабы кішірейтудің төменгі дәрежесінде аса ірі болады. Ол жергілікті жерді толықтай бейнелеуге мүмкіндік жасайды.

Карта шетінің оң (төменгі) жағында сандық және сызықтық масштабы, масштаб көлемі көрсетіледі.

Сандық масштаб алымы бірге тең бөлшекті көрсетеді, ал бөлшектің бөлімі картада жергілікті жер сызығының ұзындығы қанша ретке кішірейгенін көрсетеді. Мысалы: 1:50000 масштабында карта сызықтық өлшемдер 50000 ретке кішірейтілген, яғни картаның 1см-і жергілікті жердің 500 м-іне сәйкес келеді.

Сызықтық масштаб – бұл сандық масштабтың графикалық мәнері. Түзу сызықты масштаб негізі деп аталатын кесінді бірнеше рет салынған. Масштаб негізі жергілікті жердегі жүздеген метр немесе км-дің бүтін санына сәйкес келеді. Қағиди бойынша, оның ұзындығы 2см-ге тең. Бірінші негі майда бөліктерге бөлінеді.

Картаның 1см-ге сәйкес келетін жергілікті жердегі метр немесе км-дегі қашықтық масштаб шамасы деп аталады.

Естеріңде болсын! Егер сандақ масштабтың бөліміндегі екі соңғы нөлді сызып тастасақ, онда қалған сандар 1см-ге неше метр сәйкес болатынын яғни масштаб шамасын көрсетеді. Мысалы: 1:25 000 масштабты карта картаныі 1см-не жергілікті жердің 250м шамасына сәйкес келеді.

Топографиялық карталар жергілікті жер бейнеленуін дәл және толықтай бере алады. Олар жергілікті заттардың өзара орналасуын, олардың пішінін, өлшемін, биіктік жағдайын жөне баска көптеген сандык жөне сапалык сипаттамаларын көрнекі түрде бере алады.

Топографиялык картада жергілікті жер шартты белгілермен белгіленеді. Топографиялық картаның шартты белгілері— бүл графикалык, әріптік жөне сандык белгілеудің жүйесі. Олардың көмегімен картада жергілікті жер нысандарының орналаскан орны көрсетіледі жөне олардьщ сапалык жөне сандык сипаттамалары беріледі.

Бір затты бейнелейтін шартты белгілер түрлі масштабтағы карталарда өз сызбасы бойынша бірдей болады жөне  тек мөлшерімен ғана өзгешеленеді.

Карта жасау кезінде жергілікті жер элементтерінің бәрін көрсету мүмкін болмағандыктан, кейбір екінші кезектегі, аса маңызды емес жергілікті жер элементтері мүлде көрсетілмейді, ал баскалары жалпылай бейнеленеді.

Шартты белгілер — карта әліппесі. Бұл әліппені білмей, картаны окуға үйрену, демек, ол бойынша жергілікті жерді зерделеу мүмкін емес. Шартты белгілер масштабты, масштабтан тыс және түсіндірмелі болып бөлінеді.

Масштабты шартты белгілер аталған карта мас-штабында көлемі мен пішіні салынуы мүмкін жергілікті заттарды бейнелеу үшін кызмет етеді. Масштабты шартты белгілер контурлы және сызықты болып бөлінеді.

Контурлы белгілер аталған нысанның шекарасын белгілеуден және нысанның сапалык сипатын бейнелейтін косымша  белгілері бар ауданын бір түсті белгілеуден (штрихтеу, түсті бояу) тұрады.Сызықтық шартгы белгілер картада сызықтық сипаттағы — жолдар, шекаралар, байланыс желілері, құбыр өту жолдары, т.б. жергілікті заттарды бейнелеу үшін пайдаланылады. Бұл белгілер масштабта нысандардың тек ұзындығы мен формасын  бере алады. Масштабтан тыс шартты белгілермен карта масштабында айкындалмайтын үсақ жергілікті заттар бейнеленеді. Шартты белгілерді зерделегенде мынаны есте сақтау керек: жергілікті жердің бір нысаны ірі масштабты картада млсштабты шартты белгімен, ал ұсак масштабты картада — масштабтан тыс шартты белгімен бейнеленуі мүмкін. Түсіндірмелі    шартты белгілер жергілікті   жер нысандарының косымша сипаттамасы үшін колданылады. Картада шартты белгілермен бірге толык, кыскартылған  жазулар, сондай-ак графикалық бейнелеуге болмайтын нысандардың сандык сипаттамалары, елді мекеңдер, өзендер, шөлдер, таулар, сайлар жөне т.б. нысандар жеке атауларының жазулары да беріледі [10].

Көрнекі түрде айқындау, окуды жеңілдету және картаның мазмұнын байыту үшін жергілікті заттар мен бедерлер картада қандай да бір дәрежеде олардың табиғи түсін еске салатындай етіп түрлі бояулармен боялады. Мысалы, жасыл  бояумен — орман, бұталар, бакшалар, саябақтар; көк бояумен — теңіздер, өзендер, көлдер және гидрографияның  басқа нысандары; қарамен — жекеленген жергілікті заттардың шартты белгілері, сандык сипаттамалар мен жазулар, жолдар; сарымен — жаксартылған топыракты жолдар төсемі; қызғылт сарымен — тас жол төсемі; коңырмен жер бедері бейнеленеді.

Картаны оқи білу — барлык шартты көрсеткіштердің картадағы мәні мен мазмұнын жақсы түсіну. ТМД-да топографиялык карталар Балтық биіктігі жүйесінде жасалынады. Яғни бұл биіктікті санау алдында балтық теңізінің орта деңгейі алынады (кронштадтык су өлшеу постының нөлдік белгісі). Теңіз деңгейінен қарағанда жер беті нүктелерінің биіктігі абсолюттік биіктік деп аталады; олар күрделі геодезиялык және топографиялык жұмыстар нәтижесінде анықталады. Картада жер бетінің тегіс емес кеңістік суреті шартты белгілердің үйлесуіндегі горизонтальдар көмегімен жөне жергілікті жер нүктелерінің сипатты жазылуымен беріледі.

Деңгейлік беттегі құламаның проекциясы кұлама жатысы деп аталады. Картада жатыс горизонтальдар арасындағы кашықтықпен бейнеленеді. Жатыс аз болса, соғүрлым құлама кұлдилау болады және керісінше, бедер кимасы биіктігінде жатыс көп болса, кұлама жайпақ келеді.Өрбір масштаб үпгін бедер кимасының негізгі биіктігі масштабтың графикалык мүмкіндіктерін (нактылығын) ескере отырып белгіленген. Ол карта жактауының оң жак астына сызыктык масштабтан төмендеу жазылады және карта парағының тұрақты мөлшері болып табылады. Масштаб ірі болған сайын, соғұрльш қима биіктігі кіші-рейеді. Сондықтан да ірі масштабты карталарда бедер ұсак масштабты карталармен салыстырғанда толыктау бейнеленеді.

Картада горизонтальдар негізгі кима биіктігіне сәйкестендіріліл тұтастай жіңішке сызықтармен жүргізіледі және негізгі немесе тұтастай деп аталады.

Қиюшы беттердің арасында калып коюына байланысты негізгі горизонтальдар картасында бейнелеуге мумкін болмағандықтан, кейбір сипатты бедер пішіндерін (жеке шыңдар, казан-шұңқырлар) белгілеу үшін жартылай горизонталъдар (жартылай, косьшша горизонтальдар) картада негізгі қима биіктігінің жартысы арқылы өткізіледі жөне үздік сызьщтармен сызылады.

Бедерлердің қажетті дөйектері негізгі жөне жартылай горизонтальдармен бейнеленбеген жекелеген жерлерде олардың арасында косалкы горизонтальдар жүргізіледі. Ол қыска үзік сызьщтармен сызылады

Әрбір бесінші негізгі горизонталь бедері окуға ыңғайлы болу және нүктелер биіктігін аныктауда горизонтальдарды есептеуді жеңілдету үшін — жуандау сызықтармен сызылады. Горизонтальдар жергілікті жерде бағыттың жоғары-лауьш немесе төмендеуін аныктауға мүмкіндік бере алмайды. Сондыктан олардың кейбіреуіне бедердің сипатты жерлерін-де, ылдидың төмендеу бағытына карай сызықша турінде ылди көрсеткіштері (бергштрихтер) койылады.Бедердің горизонтальдармен бейнеленуі кейбір тұтастай горизонтальдардьщ абсолюттік биіктігінің мәні жазулармен жөне жергілікті жердің жекеленген сипатты нүктелерімен толықтырылады.

Абсолютті нүктелер биіктігі мен горизонтальдардьщ картадағы жазуы белгі деп аталады. Горизонтальдармен бейнелеуге келмейтін (мысалы, жар, жыралар, корғандар, Імуңқырлар) бедер элементтері арнайы шартты белгілермен Ісорсетіледі. Олардьвд кейбіреулері сандык сипаттармен беріледі.Карта бойынша жергілікті жер бедерін зерделеу — жазықтықта горизонтальдар суреті бойынша ой жүгірте отырып, жер бетіндегі тегіс емес кеңістік көрінісін елестету жөне бедер (ылди күлдилығы, нүктелер биіктігі жөне т.б.) сипатын аныктау бойынша есептеу мен өлшеуді жүргізу.

Бедердің жалпы сипаттамасы горизонтальдарды қалыңдығы мен сызылуына көз жүгірте карау, биіктік белгілері мен бедер бөлшектерінің шартты белгілеріне карай аныкталады. Бұл белгілерді қолдана отырыл, бірінші кезекте негізгі су бөліністері (жондар), жазьщтар мен ойпаттар, жергілікті жердің темендеу баіыттары айқындалады. Бедер сипатымен жалпы танысып болған соң, койылған міндетке сай оны муқият зерттеу басталады, сондай-ак кажетті өлшеулер мен есептеулер жүргізіледі.

Жер бетінің абсалютті биіктігін картада горизонтальдар мен белгілер бойынша аныктайды. Горизонтальда жатқан нүкте биіктігі осы горизонтальдың белгісіне сөйкес келеді. егер нүкте горизонтальдар арасында жаткан болса, онда оған жақын жатқан төменгі горизонтальдың биіктігін тауып, бүл шамаға бұл нүктенің горизонталь үстіндегі артығын қосады. Мұны, өдетте, "көзбен косу" жолымен анықтайды.Қатысты көтерілу артығы (катысты биіктік, яғни жергілікті жердің бір нүктесінің екіншісінен биіктігі) олардың абсалютті биіктіктерінің айырмашылығы ретінде есептеледі

Жетілдірілген топыракты жолдар — екі сызықпен  беріліп, сары түспен боялады; топырақ жолдар — екі сызықпен; дала және орман жолдары — үзік сызықпен беріледі.Арнайы шартты белгілермен — керуен жолдары, мал жөне жаяу сүрлеулері, кыскы жолдар көрсетіледі.

Елді мекендер картада кала, кала типтес кент, саяжай  типті кент, квартал, қатар, жүйесіз және бытырап орналаскан кұРылысты ауыл типті кенттерге бөлінеді. Картада олардың әркайсысына толык сипаттама беріледі, соның ішінде: көлемі мен типі, саяси өкімшілік маңызы, жоспары мен квартал кұрылысының тығыздығы, құрылысының отқа төзімділігі, бас көшелері мен көрнекті ғимараттарының орналасуы, сондай-ак коғамдык, өндірістік ғимараттар мен үйлер, бағдарлар (мысалы, мұнаралар, ескерткіштер, зауыт, фабрика кұбырлары), айналаның бедері мен өсімдіктерінің сипаты.

Саяси-өкімшілік маңызы мен олардың көлемі сызбалар жөне атауларының жазбасы шрифт көлемімен бейнеленеді. Салалык және саяжайлык кенттер аталымы астында онда бар үйлердің саны көрсетіледі.

Информация о работе Аспан денелері арқылы жергілікті жерді бағдарлау