Автор работы: Пользователь скрыл имя, 10 Марта 2014 в 17:30, реферат
Жердің әлпетін зерттеумен ежелден бері география, геодезия, топография, картография шұғылданады. Бұл ғылымдар өзара байланысты және түптеп келгенде шешетін негізгі міндеті бір — планетамыздың бітімін, мөлшерін және сыртқы әлпетін дұрыс және дәл көрсету. Әскери топография жергілікті жерді зерттеу әдістерін, онда бағдарлануды және әскердің ұрыс қимылдарының мүддесіне сай жергілікті жерді бағалаумен байланысты басқа да мәселелерді қарастырады, әр алуан жауынгерлік міндеттерді орындау кезінде топографиялық карталар мен аэрофотосуреттерді пайдалануды үйретеді.
КІРІСПЕ................................................................................................................. 3
1. Аспан денелері мен жергілікті заттардың белгілеріне қарап көкжиек жақтарының бағыттарын анықтаудың теориялық негіздері
1.1 Бағдарлану туралы түсінік........................................................................... 4
1.2 Ақиқат және магниттік азимут, оны анықтау........................................... 11
1.3 Маршрут бойымен жүру сызбасын түзу және жергілікті жерде азимут бойынша жүру................................................................................................... 14
2. Жергілікті жерде топографиялық карта бойынша бағдарлану
2.1 Топографиялық карта жайлы түсінік........................................................ 19
2.2 Жергілікті жерде карта бойынша бағдарлану........................................... 26
ҚОРЫТЫНДЫ....................................................................................................... 30
ҚОЛДАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ.......................................................... 31
МАЗМҰНЫ
КІРІСПЕ.......................
1. Аспан денелері
мен жергілікті заттардың
1.1 Бағдарлану туралы түсінік.......................
1.2 Ақиқат және магниттік азимут,
оны анықтау...................
1.3 Маршрут бойымен жүру сызбасын
түзу және жергілікті жерде азимут бойынша жүру..........................
2. Жергілікті жерде топографиялық карта бойынша бағдарлану
2.1 Топографиялық карта жайлы
түсінік.......................
2.2 Жергілікті жерде карта бойынша бағдарлану....................
ҚОРЫТЫНДЫ.....................
ҚОЛДАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ........................
КІРІСПЕ
Жердің әлпетін зерттеумен ежелден бері география, геодезия, топография, картография шұғылданады. Бұл ғылымдар өзара байланысты және түптеп келгенде шешетін негізгі міндеті бір — планетамыздың бітімін, мөлшерін және сыртқы әлпетін дұрыс және дәл көрсету.
Әскери топография жергілікті жерді зерттеу әдістерін, онда бағдарлануды және әскердің ұрыс қимылдарының мүддесіне сай жергілікті жерді бағалаумен байланысты басқа да мәселелерді қарастырады, әр алуан жауынгерлік міндеттерді орындау кезінде топографиялық карталар мен аэрофотосуреттерді пайдалануды үйретеді.
Әскери топография зерттейтін мәселелердің жеке құрамның жауынгерлік міндетті орындау кезіндегі практикалық қарекетіне тікелей қатысы бар. Әскери топография бойынша алған білім мен машықтар жағдайды жақсырақ бағалауға, неғұрлым ұтымды шешімдер қабылдауға, бөлімшелердің басқарылуын, бақылау мен атыс жүйесін жақсы ұйымдастыруға, жергілікті жердің тактикалық және қорғаныш қасиеттерін ұрысты ойдағыдай жүргізу мүддесі үшін неғұрлым толық пайдалануға мүмкіндік береді.
Курстық жұмыстың өзектілігі: әскери топографияны оқып-үйрену жеке құрамның анғарғыштық, дәлдік, бақылау нәтижелерін талдай білу және жергілікті жердің жауынгерлік міндетті орындауға ықпалы туралы қорытынды жасау секілді маңызды қасиеттерін дамытады.
Курстық жұмыстың мақсаты: жергілікті жерді бағдар жасауды зерттеу.
Курстық жұмыстың міндеттері:
1 Аспан денелері мен жергілікті заттардың белгілеріне қарап көкжиек жақтарының бағыттарын анықтаудың теориялық негіздері
1.1 Бағдарлану туралы түсінік
Адамдар қадам басқан сайын өз Жерін, өз үйін біле түсті. Олар ежелгі замандарда-ақ буырқанған теңіздер арқылы алыс сапарларға шығып, көрмеген жерлерді ашты. Мұндай сапарларда Күн, Ай, жұлдыздар сенімді жолнұсқарлар болды. Батыл теңізшілер оларға қарап өз кемелерін бағыттап отырды.
"Бағдарлану" деген сөз латынның
деген шығыс деген ұғымды
Жергілікті жерде бағдарлану дегеніміз көкжиектің тұстарына (солтүстік, оңтүстік, шығыс, батыс) қатысты және бірден көрінетін жергілікті заттарға (бағдарларға) қатысты өз тұрған орныңды анықтау, қозғалыстың көрсетілген не таңдап алынған бағытын бұлжытпай ұстану. Ұрыс жағдайында жергілікті жерде бағдарлану өз әскерлері мен қарсылас әскерлеріне қатысты өз тұрған орныңды анықтауды да қамтиды. Жергілікті жерде тез және дәл бағдарлана білу бейтаныс жерде, орманда және көрінім шектеулі жағдайларда жауынгерлік міндетті ойдағыдай орындауға себептеседі.
Жергілікті жерде топографиялық картаны пайдаланып және онсыз да бағдарлануға болады. Жергілікті жерде картасыз бағдарлану кезінде көкжиектің тұстарын анықтап алу қажет [8].
Жергілікті жердің сипатына, тәуліктің уақыты мен көрінімділікке байланысты көкжиектің тұстары Күнге, Темірқазыққа, Айға қарап, жергілікті заттардың белгілеріне қарап және басқадай әдістермен анықталады.
Әскери топография жергілікті жерді зерделеу тәсілдерін, ондағы бағдарлауды және ұрыс қимылдары мүддесіндегі жергілікті жерді бағалаумен байланысты басқа да мәселелерді қарастырады.
Жергілікті жер әскерлердің ұрыстық әрекетіне елеулі ықпал етеді. Жергілікті заттар мен жер бедерін пайдалана отырып, әскерлер жасырын қозғалысты жүзеге асырады; қарсылас жаппай жою қаруын қолданғанда радиациялық, химиялық және биологиялық қорғану мәселелерін шешеді.
Жергілікті жерде табиғи және жасанды объектілер болады. Олар біркелкі белгілері бойынша топтарға бірігеді. Ол топографиялық элементтер деп аталады. оған жататындар: бедер, елді мекендер, өндіріс кәсіпорындары, жол торабы, өзендер, көлдер т.б.
Жер бетін құрайтын біркелкі тегіс еместіктер жергілікті жер бедері, ал адам еңбегімен немесе табиғатпен жасалған, сол жерде орналасқан заттардың барлығы – жергілікті заттар деп аталады.
Бедер жергілікті жер ерекшелігінің ең маңызды көрсеткішіне жатады. Ол бақылау пункттері, орын таңдауға, атыс позицияларын, траншеялар, байланыс жолдарын және әскердің орналасуына үлкен әсерін тигізеді. Шағын бөлімшелер мен жекелеген жауынгерлердің әрекеттері үшін қорғандар, үйінділер, шұңқырлар, жырмалар, ойықтар, снарядтар мен миналардың жарылысынан пайда болатын шұңқырлардың ерекше мәні бар. Олар қарсылас оғы астынан жүгіре өту мен жер бауырлай жылжу кезінде кеңінен пайдалынылады.
Ұрыста жергілікті жерді зерделеп, барлау жүргізу және оны дұрыс бағалай білу ғана емес, сонымен қатар оған ыңғайлана білу қажет. Жергілікті жерге дұрыс бейімделу дегеніміз жергілікті заттарды жасырын қозғалыс үшін толық пайдалану және қаруды, әскери техниканы ең жақсы деңгейде қолдану.
Әрбір жауынгер ұрыс даласында табысты әрекет етуі үшін, тек қаруды меңгеріп қана қоймай, сонымен қатар жергілікті жерде жақсы бағдарлана білуі қажет. «Бағдарлану» сөзі латынның oriens, яғни “шығыс” деген сөзінен шыққан. Бұл кездейсоқтық емес, өйткені шығыс ежелгі уақыттан бері маңызды тұс болып саналған: шығыс жақтан күн шығады. Ал Күн – Жердегі жылу мен жарықтың қайнар көзі.
Жергілікті жерде бағдарлану – яғни бұл көкжиек тұстарына қарай бағыт табу – солтүстік, оңтүстік, батыс, шығыс, айналадағы жергілікті заттар қатынасында, бедер пішінінде өз тұрған орнын анықтау; қозғалыста керекті бағыт табу және осы бағытта жолда ұстанып жүру [8].
Бағдар деп жақсы айқындалатын жергілікті заттар мен бедер элементтері қатынасында өз тұрған орнын анықтап, қозғалыс бағыты және нысаналар мен объектілердің орындарының көрсетілуін айтамыз. Бағдардың жергілікті жерде көзге бірден көзге түсуі үшін, бағдар маңында орналасқан басқа элементтердің пішіні, мөлшері немесе бояуы жағынан ерекше айқындалып тұруы тиіс.
Жергілікті жерді зерделеу және есте сақтау өз маңайынан үш-төрт ерекше көзге түсерлік бағдарларды іріктеп алудан басталады. Олардың сыртқы түрі мен өзара орналасуын жақсылап есте сақтап және ол қажет болған жағдайда оны маяк ретінде өз тұрған орнын анықтап тексеру немесе қажетті бағытта қозғалыс жолын табу үшін қолдану керек.
Көкжиек тұсы жергілікті жерде құлабыз (компас), аспан шырақтары және жергілікті белгілер бойынша анықталады. Көкжиек тұсын анықтаудың көп тараған тәсілі – құлабыз көмегімен анықтау. ҚР ҚК-нде Адрианов құлабызы кеңінен қолданылады. Құлабыз корпусында 120 бөлік белгілермен сақина орналастырылған, оған екі қатар сандар салынған.
Бөлік белгілерінің үстінде тікелей орналасқан сандардың бір қатары сағат меңзерінің жүрісі бойынша градустық шамада берілген; сағат меңзері жүрісіне қарсы орналасқан сандардың келесі қатары бұрыш өлшегіштің бөлік белгілерін білдіреді. Корпустың үстіңгі жағына лимб айналасында айналмалы ойықты және қарауылды қақпақ бар. Ол кез келген бағытты нысанаға алады, ол кезде қарауыл үнемі бақыланатын заттың бағытына бағытталады.
Көкжиек тұсын анықтауда тежеуішті босатып, құлабызды көлденең орнатып, оның магнит меңзерінің солтүстік ұшы шкаланың нөлдік бөлік белгісіне қарсы тұруы тиіс. Құлабыздың бұл орналасуында В-Ю-З-әріптері – шығыс, оңтүстік, батысты, ал нөлдік бөлік белгісі – солтүстік бағытын көрсетеді.
Көкжиек тұстары Күн бойынша мейлінше тез анықталады, бірақ жуық нәтижелі болады [9].
Көкжиек тұстары Күн бойынша сағат көмегімен күндіз, кез келген уақытта келесі әдістермен анықталады. Сағат көлденең орналастырылып және сағат тілінің ұшы Күнге қарай бағытталып бұрылады. Сағат меңзері мен күнге бағытталған циферблаттағы 1 санының бағыты арасын ортасынан бөлетін түзу оңтүстік бағытын көрсетеді. Түске дейін 13 сағатқа дейінгі, ал түстен кейін 13 сағаттан өткен доғаны ортасынан бөлеміз. Оңтүстік бағытын біліп алған соң, көкжиктің басқа да тұстарын оңай анықтауға болады.
Көкжиек тұсы түнгі ашық аспанда әрқашан солтүстік бағытта орналасқан Темірқазық жұлдызы бойынша анықталады. Оны жетіқарақшы шоқжұлдызымен оңай табуға болады.
Ол үшін көрсетілген шоқжұлдыздың шеткі екі жұлдызы а және в арқылы өтетін түзуді ойша жалғастырамыз; осы екі жұлдыздың арасындағы қашықтықтай қашықтықты бес рет көзге көрінетіндей түзу бойына саламыз, соңғы қашықтықта Темірқазық жұлдызы көрінеді.
Көкжиек тұстары мейлінше жиі кездесетін келесі жергілікті белгілер арқылы шамалап анықталады.
Ағаш қабығының солтүстік жағы бұжырлау және күңгірттеу болып келеді. Бұл әсіресе қайыңның қабығынан байқалады.
Мүк пен қына ағаш діңі мен тастың солтүстік жағына шоғырланады. Ауа райының ыстық кездерінде қылқан жапырақты ағаштардың оңтүстік беткей жағына шайыр көбірек жинақталады.
Құмырсқалар өз илеуін ағаштың, түбірдің немесе бұтаның оңтүстік жағына салады. Илеудің оңтүстік жағы түйетайлы, солтүстік беткейі одан гөрі қиялау келеді.
Жемістер мен жидектер оңтүстікте ерте өң беріп, пісіп жетіле алады. Қар оңтүстік беткейде тезірек ериді (еру кезінде, қарда оңтүстікке қарай созылған, сопақша келген шұңқыр пайда болады). Күнге қарап бағдарлану. Көкжиек жақтарын күнге қарап анықтағанда оның оңтүстікте берілген сағаттық белдеу үшін орта есеппен сағат 13-те, ал жазда бағат 14-те болатынын және сағат тілінің бағытымен сағатына шамамен 15° қозғалатынын есте ұстау керек. Осы мәліметтер күннің қай уақытында болсын Күнге қарап оңтүстік бағытты білугі мүмкіндік береді - бұл үшін оңтүстік бағыттан Күннің неше градусқа жылжуға тиіс екенін не жылжығанын біліп, одан соң осы бұрышты жергілікті жерге салса жеткілікті.Айталық, сағат 11. Демек күн оңтүстік нүктеге дейін :М" жеткен жоқ. Бұл жағдайда бұрыш сағат тілінің бағытымен, яғни оңға қарай салынады. Егер бақылау уақыты 13-тен көп болса, демек Күн оңтүстік нүктені өтті деген сөз. Сондықтан бұрышты сағат тілінің жүрісіне қарсы, яғни солға қарай салу керек. Бұрышты қарапайым әдіспен, сағат арқылы салуға болады, бір сағаттық аралық 15°-қа сәйкес келеді. Күн мен сағат бойынша көкжиектің тұсын анықтаудын тағы бір әдісі бар. Сағатты көлбеу қалыпта ұстап, сағаттың тілін Күнге бағыттап қою керек (сурет 1).
1-сурет.
Көкжиек тұстарын Күн мен
Сағат тілі мен 1 цифрының бағыты арасындағы аралықты қақ бөледі. Осы бұрышты қақ бөлетін сызық шамамен оңтүстік бағытты көрсететін болады.
Жолнұсқар жұлдыз. Мұнда әңгіме Темірқазық туралы болатынын аңғарған боларсыздар. Басқа жұлдыздар арасынан оны қалай табатынын айта кетейік.
Сыңсыған сансыз жұлдызды түнгі аспанға қарасақ Жетіқарақшы шоқжұлдызының жеті жарық жұлдызын көреміз, олар шөмішке ұқсап орналасқан. Жеті қарақшының "шөмішінің" шеткі екі жұлдызын ойша сызықпен қоссақ және осы сызықты тағы осындай бес кашықтыққа ойша созсақ темір-қазыққа тірелеміз, ол Кіші Жетіқарақшы шоқжұлдызына кіреді және ордайым солтүстік бағытта болады [8].
Толық және толық емес Ай бойынша. Ай көк жүзінде Күн сияқты орта есеппен сағатына 15° бұрыштық жылдамдақпен қозғалады. Егер Ай толық болса, онда көкжиек тұстарының бағыттарын Күнге қарап анықтағандағы секілді анықтайды. Өйткені толған Ай Күнге қарама-қарсы тұрады, яғни айырмашылық 12 сағат, түн ортасында (қысқы уақыт бойынша түнгі сағат 1) ол оңтүстікте, сағат 19-да шығыста, сағат 7-де батыста болады. Бұл айырмашылық сағат циферблатында көрінбейді.
Көкжиек тұстарын толық Ай бойынша анықтаған кезде Күнге қарап анықтағандағы секілді әдістерді қолдануға болады. Жарықтың аздығын ескеріп бұрыштарды бақылаушьшы бұру арқылы көзбен мөлшерлеп салуға болады. Түн ортасына дейін бұрылысты оңға қарай жасау керек, ойткені бұл уақытта Ай әлі оңтүстік нүктесіне жетпейді, ал түн ортасынан кейін солға қарай жасалады. Бұрылу бұрышы түн ортасына жетпеген не түн ортасынан асқан әр сағатқа 15° болады. Толық Ай Жерден айына бірнеше түн байқалады. Көбіне оның оң не сол жағы көрінеді. Мұның бәрі күннің жарығы айдың қай бөлігіне түсетініне байланысты. Көкжиек тұстарын анықтайтын әдістер көп. Олардың кейбіреуі мынандай: Толық Ай бойынша көкжиек жақтарының бағытын біршама оңай анықтайды. Демек, ең алдымен осы уақытта толық Ай болатындай бағытты тауып алу керек.
Информация о работе Аспан денелері арқылы жергілікті жерді бағдарлау