Аспан денелері арқылы жергілікті жерді бағдарлау

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 10 Марта 2014 в 17:30, реферат

Краткое описание

Жердің әлпетін зерттеумен ежелден бері география, геодезия, топография, картография шұғылданады. Бұл ғылымдар өзара байланысты және түптеп келгенде шешетін негізгі міндеті бір — планетамыздың бітімін, мөлшерін және сыртқы әлпетін дұрыс және дәл көрсету. Әскери топография жергілікті жерді зерттеу әдістерін, онда бағдарлануды және әскердің ұрыс қимылдарының мүддесіне сай жергілікті жерді бағалаумен байланысты басқа да мәселелерді қарастырады, әр алуан жауынгерлік міндеттерді орындау кезінде топографиялық карталар мен аэрофотосуреттерді пайдалануды үйретеді.

Содержание

КІРІСПЕ................................................................................................................. 3
1. Аспан денелері мен жергілікті заттардың белгілеріне қарап көкжиек жақтарының бағыттарын анықтаудың теориялық негіздері
1.1 Бағдарлану туралы түсінік........................................................................... 4
1.2 Ақиқат және магниттік азимут, оны анықтау........................................... 11
1.3 Маршрут бойымен жүру сызбасын түзу және жергілікті жерде азимут бойынша жүру................................................................................................... 14
2. Жергілікті жерде топографиялық карта бойынша бағдарлану
2.1 Топографиялық карта жайлы түсінік........................................................ 19
2.2 Жергілікті жерде карта бойынша бағдарлану........................................... 26
ҚОРЫТЫНДЫ....................................................................................................... 30
ҚОЛДАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ.......................................................... 31

Прикрепленные файлы: 1 файл

1. Аспан денелері мен жергілікті заттарды- белгілеріне -арап к-к.doc

— 629.50 Кб (Скачать документ)

Бетіңізді айға қаратып тұрыңыз, оның жарық түспеген бөлігін байқаңыз да, осы бағытта бұрылыс жасаңыз. Қай жаққа бұрылу керек екенін есте сақтау үшін ай доғасын ойша толық шеңберге жеткізіп алсаңыз, ол өзінің дөңестігімен бұрылыстың бағытын көрсететін болады. Айталық, сіз Айдың сол жартысын керіп тұрсыз. Оңға 90° бұрылыс жасасаңыз, сонда алдыңызда толық Айдың жағдайы болады. Егер Ай дөңгелегінің жартысынан азы көрініп тұрса, бұрылыс 90°-тан кем болуға тиіс.

Бұл әдісті қалай игергеніңізді тексеру үшін Ай бойынша оңтүстікке қарайғы бағытты анықтаңыз. Бетіңізді сол бағытқа беріп тұрыңыз да, одан соң 180°-қа бұрылыңыз. Егер тура алдыңызда Темірқазық тұрған болса, Ай бойынша көкжиек жақтарын дұрыс анықтаған болып шығасыз.

Православие шіркеулері мен протестант кирктерінде алтарьлар әркезде шығысқа, қоңыраулар батысқа қаратылады. Крестердің колденендері солтүстік-оңтүстік бағыт бойынша, крестердің колденеңдерінің көтеріңкі ұшы солтүстікке бағыталып тұрады (2-сурет).

 

 

2 сурет – Көкжиек жақтарын  жергілікті заттардың белгілеріне  қарап анықтау

 

Көкжиек жақтарын жергілікті заттардың белгілеріне қарап анықтау жергілікті заттардың Күнге қатысты жағдайына негізделген. Мысалы, ағаштарды, үлкен тастар мен жартастарды солтүстік жағынан мүк басады, орманда құмырсқа илеулері әр уақытта ағаштың оңтүстік жағында болады, илеудің солтүстік жағы оңтүстік жағынан тіктеу келеді, жеміс-жидектер оңтүстік жағынан пісе бастайды [9].

Оңтүстікке қараған беткейлерде кектемде қар солтүстікке қараған беткейден тезірек ериді, ерудің нәтижесінде қарда кемтіктер оңтүстік жақтан пайда болады; жыралар мен терең өзектердің солтүстік беткейлерінде қар керісінше оңтүстік беткейлеріндегіден тезірек ериді.

Жергілікті заттарға (бағдарларға) қатысты өз тұрған орның (тұрған нүктең) туралы баяндау кезінде кокжиек жағын анықтағаннан кейін баяндаушы тікелей түбінде тұрған жергілікті затты және көкжиек жақтарының бағытын көрсететін жергілікті заттарға (бағдарларға) дейінгі қашықтықты атау қажет. Мысалы: "Орманның солтүстік шетінде тұрмын: 600 м солтүстікке қарай — зауыт трубасы, 500 м батысқа қарай — елді мекен, 300 м оңтүстікке қарай — озен, 200 м шығысқа қарай — жол".

 

1.2 Ақиқат және магниттік азимут, оны анықтау

 

Көкжиектің жақтарын анықтауға болатын магниттік компасты әрқайсымыз білеміз. Осы бір керемет аспаптың ойлап шығарылуы өркениеттің дамуы үшін бірінші кезекті маңңызы болған азғана ашылыстардың қатарына жатады.

Компастың алғаш қашан және қайда пайда болғанын айту қиын. Америка ғалымдары Мексиканың Сан-Лоренцо елді мекеніндегі қазба жұмыстары кезінде қолмен өңделгенінің ізі жақсы корінетін магнитті теміртастың сынығын тапты. Мұқият зерттегеннен кейін зерттеушілер бұл сыныққа шамамен үш мың жылдай болған және ол ежелгі компастың бір болігі болған деген қорытындыға келді.

Компастың құрылымы біртіндеп жетілдірілді. 1302 жылы итальян зергері Флавио Джойя магнит инені қағаз дөңгелек-катушкамен бекітіп, шеттеріне градустық боліктер салды, ал ортасынан белгілі бір бағыттар мен румбаларға сәйкес 32 сәуле жүргізді. Джойяны компасты ойлап шығарушы деп есептеп, дән риза Неаполь тұрғындары 1902 жылы ойың құрметіне ескерткіш орнатты.

Ұзақ уақыт бойы ғалымдар магниттік меңзердің солтүстік-оңтүстік бағыта тоқтайтын жұмбақ қасиетін дұрыс түсіндіре алмады. Бұл құбылыстың ғылыми негіздемесін тұңғыш рет 1600 жылы ағылшын ғалымы В. Гильберт — ағылшын патшайымының сарайдағы емшісі берді. Ол темір шарларды магниттеп олармен әр түрлі тәжірибилер жасайтын. Кейін "Магнит, магнитті денелер туралы және ең үлкен магнит —Жер туралы деген шығарма жазды.

Осылайша, 1600 жылы адамдар Жердің магаит өрісін білді. Қомпастың жеңіл меңзеріне әрекет етіп, оны солтүстік-оңтүстік бағытында ұстайтын осы өріс еді.

Әрекет принципі магниттелген меңзердің солтүстік-оңтүстік магниттік меридианын бойлап орналасу қажетіне негізделген компас бойынша көкжиек тұстарын анықтау үшін (3-сурет), әуелі қарауылды лимбаның нөлдік бөлінісіне үйлестіру қажет.

 

3-сурет. Көкжиек тұстарын компаспен анықтау. Магниттік азимуттар: жапырақты ағаш - 56°; фабрика трубасына - 130°; жел диірменге — 244°; шыршаға - 323°.

 

Ұзына бойларымен компастың магнитті меңзері тоқтайтын магниттік меридиандар бір полюстен екіншісіне төте жолмен келмейді, ирек сызықтардың күрделі жүйесін құрайды. Жер бетінің кез келген нүктесінде магниттік меридиан жалпы жағдайда географиялық меридианмен қайсыбір бұрыш түзеді, ол магниттік бейімделме деп аталады. Жер шарында магнитгік бейімделмелердің мәні кең аралықта: — 180°-тан (батыс бейімделме) + 180°-қа дейін (шығыс бейімделме) өзгеріп отырады [9].

Компас ойлап шығарылғаннан бері жүздеген жыл өтсе де, осы бір мүлдем қарапайым аспап бүгін де қолданылады. Оны ұшқыштар, теңізшілер, туристер, саяхатшылар және алуан түрлі мамандық адамдары қолданады.

Одан соң компасты бағдарлау керек. Бұл үшін компасты көлденең жағдайға бекітіп, меңзерді босату керек. Компасты бұрып магнитті меңзердің солтүстік ұшы лимбаның нөлдік бөлінісіне қарама-қарсы болып шығатындай жасау қажет. Компастың бағдарланған жағадайында меңзердің лимбаның нөлдік бөлінісіне бағыталуы солтүстікке бағытталу болады. Осыдан соң ойықша мен қарауыл арқылы дәлдеп жергілікті затты байқайды, бұдан соң ол солтүстікті көрсетуге пайдаланылады. Солтүстік бағытгы білгеннен кейін көкжиектің басқа тұстарын анықтау оңай.

Белгіленген маршрутпен компас арқылы жүре білу қиын жағдайда талай адамды қиындықтан алып шыққан.

Азимут бойынша жүрудің мәні. Компас арқылы көрсетілген не белгіленген бағьпты тауып, ұстана білу және белгіленген пунктке дәл шыға білу. Сонда азимут деген не?

Жергілікті затқа бағытты анықтау кезінде әдетте магниттік азимутты пайдаланады. Магниттік меридианнан солтүстік бағыттан затқа қарайғы бағытқа дейінгі сағат тілінің жүрісі бойынша өлшенетін бұрыш магаиттік азимут деп аталады. Оның мәні 0-ден 360°-қа дейін болады.

Компас арқылы жергілікті затқа магниттік азимутты анықтау үшін бетті осы затқа қаратып тұрып, компасты бағдарлау керек. Бұдан соң компасты бағдарланған жағдайда ұстап тұрып, дәлдеу құрылғысын ойықша-қарауыл дәлдеу сызығы жергілікті затқа қарайғы бағытпен қабысатындай етіп орнықтыру қажет. Осы жағдайда қарауыл түбіндегі көрсеткішке қарсы лимбадағы есеп жергілікті затқа қарайғы магниттік (тура) азимуттың (бағыттың) шамасын көрсетеді.

Кері азимут дегеніміз жергілікті заттан тұрған нүктеге қарайғы бағыт. Ол тура азимуттан 180°-қа ерекше. Оны анықтау үшін егер ол 180°-тан кем болса, 180° қосу керек, егер 180°-тан артық болса 180°-ты алып тастау керек.

Жергілікті жерде белгіленген магниттік азимут бойынша бағытты анықтау үшін қарауыл көрсеткішін белгіленген магниттік азимуттың шамасына тең есепке қойьш компасты бағдарлау керек. Бұдан соң компасты бағдарланған жағдайда ұстап тұрып, жергілікті жерде ойықша-қарауыл дәлдеу сызығы бойынша шалғайдағы затты (бағдарды) белгілеп алу керек. Осы затқа (бағдарға) қарайғы іздеп отырғанымыз болады. Компаспен жұмыс істегенде оны сол қолда көздің деңгейінен 10 см төмен ұстау қажет; орнықты болу үшін шынтақты бүйірге қысып алу керек болады.

 

1.3 Маршрут бойымен жүру сызбасын  түзу және жергілікті жерде  азимут бойынша жүру

 

Азимут дегеніміз – берілген нүкте арқылы өтетін, меридианның солтүстік бағытынан сағат меңзері жүрісімен зат бағытына дейін өлшенетін көлденең бұрыш. Егерде өлшеу ақиқат меридиан қатынасында жүргізілсе, онда ақиқат азимуты (А), ал магниттік меридиан қатынасында жүргізілсе, онда магниттік азимут (М) болып табылады. Магниттік меридианды жергілікті жерде бос ілінген магнит меңзері еркін көрсетеді. Солтүстік бағыттағы ақиқат және магниттік меридиандар арасындағы бұрыш магниттік бұрылу (б) деп аталады. Егер де магнит меңзерін солтүстік ұшы ақиқат меридианнан шығысқа ауытқыса, онда бұрылу шығыстық және оң деп есептелінеді, батысқа ауытқыса, бұрылу батыстың алу белгісімен көрсетіледі. А=М+(+ - б).

Магниттік азимутты анықтау үшін бетпен затқа қарсы тұрып, меңзерді тежеуіштен босатып, құлабызды бағыттау керек (құлабызды бұрып, меңзердің солтүстік ұшын лимб нөлдің бөлік белгісіне сыйыстыру). Құлабызды бағытталған қалпында ұстап, қақпақты бұрап, ойықты-қарауылды берілген бағытта нысана бойынша кезейді (құлабыздың нысана бойын затқа сыйыстыру көзқарасты көп қайтара нысана бойын затқа кейін ауыстырумен қол жеткізіледі) осылай түзу азимут анықталады, яғни жергілікті жерде өзінің тұрған нүктесінен, қандай болмасын, басқа нүктеге азимуттың бағытталуы.

Кері азимут – ол жергілікті заттар тұрған нүктеге беттелуі: түзу азимуттан ол 180 градус айырмашылығы бар. Бұл шама түзу азимутқа қосылады, егерде түзу азимут 180 градустан кіші болса алынады. Жергілікті жерде берілген азимуттық бағытты табу үшін лимбта өлшем көрсеткішін қарауыл түбіне берілген  магниттік азимутты орналастыру қажет, меңзерлердің тежеуішін босатып, оның солтүстік ұшына лимбтағы нөлді әкелу қажет, жергілікті жердегі берілген бағытқа бетпен қарап тұрып анықтайды; лимбтағы нөлге меңзердің солтүстік ұшын дәл әкеледі; ондағы меңзердің қалпы – ойықты-қарауылды бағыт сызығы болып табылады. Құлабызбен жұмыс істегенде, оны көздің деңгейінен 10см төмен сол қолға ұстайды, шынтақ тұрақты тұру үшін бүйірге қысу керек.

Азимут бойынша жылжу. Азимут бойынша жылжудың мәні – құлабыз көмегімен жергілікті жерде берілген азимут бойынша керекті бағыт таба білуден, жылжуда осы бағытты ұстап белгіленген пунктке шығудан тұрады.

Азимут бойынша жылжу кезінде бір нүктеден келесі нүктеге жүйелі түрде ауысады, қосалқы немесе аралықтағы бағдар бағытын ұстай отырып, жұп адымды есеп жүргізіледі. Бастапқы және басқа да келесі бұрылыс нүктелерінде құлабыз көмегімен берілген азимут бойынша жергілікті жерде қозғалыс бағытын табады. Бұл бағытта нақты жағдайларға сәйкес аса қашықтау (қосалқы) бағдар немесе қозғалыс маршруты бұрылыс нүктелеріне жақын орналасқан бағдар есте сақталады және таңдап алынады. Егер аралық бағдарда бұрылыс нүктесі көрінбейтін болса, онда келесі бағдарды анықтайды.

Жалаң бағдарлы ашық жерлерде жылжу бағыты тұстама бойынша ұсталынады. Қозғалыс бағыты бастапқы нүктеде құлабыз бойынша келесі нүктеге анықталады. Осы бағытпен жылжи отырып, кейбір қашықтықтарда бірінен соң бірін, қандай болмасын, белгілер қалдырады. Сосын мезгілімен оларға бұрылып қарап, алдағы қозғалыс бағыты түзу сызықпен сәйкес келуін қадағалайды. Қарлы  жерлерде  тұстама ретінде өз қозғалысының іздері пайдаланылады. Бақылау үшін кері азимут және аспан шырақтары бойынша қозғалыс бағыты мезгілімен тексеріліп отырады, берілген бағдарлар қол жеткізілген бағдарлармен үнемі салыстырылады, ал карта бар болғанда, онымен жергілікті жер мен қозғалыс маршрутын беттестіреді. Сол жолмен кері қайту қажет болғанда маршруттың бұрынғы сызбасы пайдаланылады, бірақ алдын ала тура азимуттар кері азимуттарға ауыстырылады [9].

Түнде аралық (қосалқы) бағдарлар ретінде жергілікті заттардың нұсқасы және жарық жұлдыздар пайдаланылады; егер мұндай мүмкіндік болмаса, онда құлабызбен бағыт ұсталынады, яғни құлабызды еркін түсірілген меңзермен барлық уақытта бағытталған жағдайда өзінің алдында ұстайды, ал бағыт үшін түзу, ойық және қарауыл арқылы өтетін қозғалысты қабылдайды.

Қыс мезгілінде бағдарлар ретінде маршруттың бұрылыс нүктелеріндегі қар жамылғыларының үстінде немесе алыстан жақсы көзге түсетін жергілікті заттарды таңдап алады.

Бөгетті айналып өту керек болған жағдайда, мынадай сипат жасалынады: бөгеттен қарама-қарсы жағына қозғалыс бағыты бойынша бағдар белгіленеді, оған дейінгі қашықтық анықталады және оны осы көлемде жүріп өткен жолдың ұзындығына қосады; бөгетті айналып өтеді және үзілген жол бағытын құлабыз бойынша алдын ала анықтап, таңдалып алынған бағыттан қозғалысты жалғастырады. Азимут бойынша қозғалыстың нақтылығы жолдың, шамамен 1/10 бөлігін құрайды. Сондықтан, егер тиісті қашықтықты жүріп өткенде сілтемелі бағдарды кездестірмесе, онда шығу нүктесіне белгі қойылады, ал жүріп өткен бұрынғы бағдардан осы нүкте айналасындағы радиусы 1/10-ге тең жол ұзындығын айналып өтіп, бағдар іздестіріледі.

Азимуттар бойынша жүру үшін жүру маршрутындағы әр пункттен магниттік азимуттарды және пункттер арасындағы қашықтықты жұп адыммен есептеп білу керек (орта бойлы адам үшін жұп адым 1,5 м деп алынады). Бұл мәліметтерді бөлімше (взвод) командирі дайындайды да, жүру маршрутының сызбасы (4-сурет) не кесте түрінде (1-кесте) қаттайды.

4-сурет. Азимуттар бойынша жүру маршрутының сызбасы (қ.қ.-жұп адым)

 

Жүру кезінде бағдарларды бетке ұстап және жұп адым санын есептеп отырып бір пункттен екіншісіне өтін отырады. Белгіленген азимут бойынша бастапқы және бұрылыс пункттерде компас арқылы жүру бағытын табады. Осы бағытта не неғұрлым шалғай бағдарды (қосалқы) не жүру маршрутының бұрылыс пунктіне жақынырақ орналасқан аралық бағдарды таңдап алып есте сақтайды. Егер аралық бағдардан бұрылыс пункті көрінбейтін болса, келесі бағдарды анықтайды.

 

1-кесте Азимут бойынша қозғалыс мәліметтері

Маршрут бөлігі

Магниттік азимут

град.

Қашықтық ж.а.

1.

2.

3.

Сарай — мұнара

Мұнара — қорған

 Қорған — жалғыз  ағаш

80

88

78

610

580

850


 

Кедергіні орағытып өту (көрінетіндей жағдайда) үшін былай амалдайды: кедергінің қарама-қарсы жағында жүру бағыты бойындағы бағдарды таңдап алады, оған дейінгі қашықтықты анықтайды да, осы шаманы өткен жолдың ұзындығына қосады; кедергіні орағытып өтеді де? компас бойынша үзілген жолдың бағытын алдын ала анықтап алып тандап алынған бағдарлардан әрі қарай жүреді.

Информация о работе Аспан денелері арқылы жергілікті жерді бағдарлау