Алматы - Медеу - Шымбұлақ - Чертово шатқалы - Абай асуы - Багданович мұздығы - Комсомол асуы - Үлкен Талғар асуы - Шымбұлақ - Медеу - Алматы» марш

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 06 Октября 2013 в 12:05, реферат

Краткое описание

Курстық жұмыстың міндеті: жаяу және тау саяхаттары бойынша бағыттарды жүріп өту әдістерін қарастыру және оларды ұйымдастыру; бірінші және екінші дәрежелі күрделіліктегі (жаяу және тау) саяхаттарын ұйымдастыру мен өткізудің ерекшеліктерін қарастыру; белсенді жорық өткізу кезінде ас мәзірі мен азық-түліктер тізімін дұрыс жасату; туризмнің негізгі белсенді түрлерін қарастыру; белсенді жорық өткізу кезінде қажетті құралдар мен қауіпсіздік шаралармен таныстыру; белсенді туризм түрлерін өткізуге болатын Алматы қаласының негізгі тау-шатқал объектілерін бөліп қарастыру.

Содержание

Кіріспе
3

1
Туристік жорықтарды ұйымдастырудың теориялық негіздері

1.1
Белсенді туризм түрлері, жіктелуі, ерекшеліктері
6
1.2
Белсенді туризмде қауіпсіздікті және тамақтануды дұрыс
ұйымдастыру
9
1.3
Белсенді туризмнің әдісі мен тәсілдерінің негізі
12

2
Туристік-экскурсиялық маршрутты дайындау

2.1
Маршрут жібі
14
2.2
Маршрут картасы
19
2.3
Медикоменттер тізімі
20
2.4
Құрал-жабдықтардың тізімі
21
2.5
Ас мәзірі және азық-түліктің тізімі
23


Қорытынды
25


Пайдаланылған әдебиеттер тізімі
28

Прикрепленные файлы: 1 файл

КУРСТЫК ЖУМЫС.doc

— 4.16 Мб (Скачать документ)

 

Топтық құрал-жабдықтардың жалпы салмағы – 98,5 кг.

 

2.4 Ас  мәзірі және азық-түліктер тізімі

 

5 - Кесте  - Ас мәзірі 1 адамға арналған:

 

1-күн

 

 

Аялдамаларда және жүріс  кезіндегі тамақтану (1500-2000 ккал)

Сыр

50г

Шұжық

40г

Маймен қуырылған консервантталған балық

120г

Кептірілген нан

50г

Глюкоза

20г

Жаңғақ

30г

 

 

Кешкі ас (1400-1600 ккал)

Консерв-н балық қуырылған  пиязбен

180 г ет, 15 г пияз

Шай құмшекермен

 

Кептірілген нан

30г

Мейіз

20г

5 - Кестенің  жалғасы

2-күн (Азық-түліктің жалпы құнарлылығы бір күнде – 2600-3000 ккал)

 

Таңғы ас (900 ккал)

Манный жармасы

30г

Шай құмшекермен

25г

Кептірілген нан

60г

Печенье

50г

 

 

 

Аялдамаларда және жүріс кезіндегі тамақтану (600 ккал)

Бауырдан паштет

25-40г

Кептірілген нан

40г

Құрт

15г

Глюкоза

10г

Шоколад

30г

Тәтті сусындар

0,5л

Колбаса

40г

Сыр

20г

 

Кешкі ас (1300-1500 ккал)

Вермишель етпен

60 г – ет, 200г вермишель

Кисель

50г

Кептірілген нан

60г

3-күн (Азық-түліктің  жалпы құнарлылығы бір күнде  – 4600-5600 ккал)

 

Таңғы ас

Ет сорпасы макаронмен

100г – ет, 100г - макарон

Қуырылған картоп томат  тұздығымен

100 г – картоп, 20г  – томат

Кисель

50г

Кептірілген нан және кептірілген тоқаштар

60г

 

Аялдамаларда және жүріс  кезіндегі тамақтану (1200 ккал дейін)

Паштет еттен

25г

Сыр

25г

Кептірілген нан

40г

Кәмпиттер

50г

Е с к е р т  у – [7] әдебиет көздеріне сүйеніп автор құрастырған


 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Қорытынды

 

Дұрыс ұйымдастырылған  және мәнді өткізілген саяхат адамның  денсаулығын нығайтады, адамның  мынадай мысалы: ынта-ықыластылық, батылдылық, қайсарлылық қасиеттерін тудырады, жұмысқа қабілеттілігін арттырады. Саяхат кезінде адамның ұжыммен жұмыс істей білу сезімі нығаяды, туристің ой-өрісі кеңейеді, табиғатты қорғауға үйренеді.

Қазіргі адамдарға  демалысты қоғамдық пайдалы жұмыспен, қоршаған ортаны белсенді танып-білумен қиыстыру тән болып келеді. Сондықтан да туристер өдерінің бағыттарына пайдалы қазбаларды іздестіруді, өздері барған ауданның табиғи ресурстарын зерттеуді, географиялық бақылауды енгізеді. Олар халықтар арасында үгіттеу және насихаттау жұмыстарын жүргізеді, апатты жағдайлармен күреске қатысады.

Бүгінгі таңда  белсенді жорықтың кең тараған түрлерінің арасында саяхаттың келешегі өте-мөте зор екенін  сеніммен айта аламыз.

Қазақстанның  ұшы-қиырсыз кең даласында белсенді туризмнің саналуан түрін дамытуға мүмкіндік мол. Шөлейт кеңістік пен ормандар, ұшы-қиырсыз далалар мен қарлы таулар, қаптаған көлдер мен асау өзендер – бәрі Қазақстан. Іле Алатауы Тянь-Шаньның солтүстік сілемінің бөлінбес алғы құрамдарының бірі болып табылады. Олардың ең биігі – Талғар шыңы. Іле Алатауының баурайынан онға жуық әсем көлдері, 5-8 км-ға дейін созылған алып мұздықтарды кездестіруге болады.

Іле Алатауының сай-саласы Қазақстанның түпкір-түпкірінен келген мыңдаған саяхатшыларды өзіне бірден баурап алады. Тек оларды ғана емес, шетелдік қонақтарды да барынша қызықтырып, таң-тамаша қалдырады. Швейцарияның бір туристі Іле Алатауы сай-саласын көріп, оның қайталанбас сұлулығына басын шайқай таңырқап: «Табиғаттың менің елімді жомарттықпен жарылқағаны баршаға аян. Бізде әлемдік даңққа ие болған көрікті, сұлу жерлер аз емес. Бірақ, әділін айтсам, сіздердің Іле Алатауы сай-саласы да олардан кем емес», - дегені бар.

Бұл пікірмен келіспеу қиын. Таудың мөлдір, таза ауасы әрдайым  салқын леп сыйлар мұздықтың іргеде болуы, шыршалы ормандар мен Альпі шалғындарының хош иісі – бәрі демалыстарын табиғаттың ашық құшағында өткізуге әуесқойларды қызықтырар, бірнеше ондаған альпілік лагерлер мен туристердің таулы базаларын салуға ынтықтырар қымбат орынға айналған.

Көп  күнге  созылған, әсіресе  таулы  аймақтарға  арналған  жорыққа  аттанар  алдында  өзіңізді  дене  жағынан  шыңдап, шынықтырыңыз, саяхат  әліппесін  іс жүзінде  меңгеруіңіз керек. Ол үшін  демалыс  күндері  үзбей  жорыққа  шығып  жаттыққаныңыз, саяхатшы  болу  үшін  қауіпсіздік  шараларын жан – жақты  ескеріп, дұрыс  бағдар  ұстап, кіммен  және  қалай  жол  жүру  керек  екенін, қандай  қиындықтардың  кездесетінін және оларды  қалай  жеңуге болатынын  білу керек.

«Алматы - Медеу - Шымбұлақ - Чертово шатқалы - Абай асуы - Багданович мұздығы - Комосомол асуы - Үлкен Талғар асуы - Шымбұлақ - Медеу - Алматы» (3 күн, 2 түн) - маршрут жібі бойынша өткен жорықтың нәтижесінде Алматы қаласы маңында 3-4 күндік демалыс күндері шығуға болатын қызықты, әрі денсаулыққа пайдалы тау туризмі саяхаты мен жаяу туризм саяхатының бір мысалын қарастырдым. Жалпы «Белсенді туризмнің техникасы мен тактикасы» пәні бойынша теория жүзінде оқыған, алған білімді тәжірибе жүзінде пайдалануға мүмкіншілік туды. Яғни маршрут барысында барлық біліктілігімді қолдану қажеттілігі пайда болды. Және де бұр жорық танымдық, спорттық мақсатты да қамтыды.

Жорық бойында  туған өлкеміздің табиғатымен таныса отырып, таңғалдырған табиғат байлықтарына куа болдым. Маршруттың ерекшелігі – мұз айдыны мен шатқал, сарқырама, мұздық, жазық дала, жайлау және өзен бойымен өтіп, сол жердің әр түрлі климтаын, ауа райын бақылап, табиғи ерекшеліктерін салыстыруға және де өзіндік сезімге батуға толық мүмкіншілік болды. Жорық барысында асулардан өту, шыңға көтерілу, өзен бойымен жүру, кең далалы аймақтан өтіп, сарқырамалардан денеге су тамшылары тиіп, Алматы қаласының панорамысын бақылау сияқты жүру тәсілдерін тәжірибеде көруге мүмкін болды.  Үш түн, төрт күндік бұл маршрут туризмнің белсенді турзм саласы, оның ішінде тау және жаяу туризм жорығына жатады.

Яғни, жорық  барысында және қайтып оралған шақта  біз Белсенді туризм: Әдісі мен  тәсілдері курсын тәжірибе үзінде іске асырып, толығымен І-ІІ қиындық дәрежесіндегі  демалыс күндеріндегі тау және жаяу туризм туралы мағлұматты алып, есте сақтауға толық мүмкіншілік туды.

«Белсенді туризмнің  техникасы мен тактикасы»  пәнін  қазіргі  жағдайда  оқу  бізге, студенттерге,  болашақта  қауіпсіздіктің  барлық  шараларын  сақтай  отырып, белсенді  тур  түрлерін  дұрыс  ұйымдастыруға  мүмкіндік  береді. «Белсенді туризмнің техникасы мен тактикасы» пәні туризм саласы бойынша тек қана теориялық жағынан үйретіп қана қоймай дәл соңы практика жүзінде көрсетеді. Алматы тауының сұлу да көркем табиғаты, ағысты өзендері, таза ауасын сөзбен айтып жеткізу өте қиын. Мен өз курстық жұмысымда  әсем жерлерді анықта қанық түсіндіруге тырыстым. Менің қамтыған маршрутым ерекше, жалпы әр маршрут өзінің әсемділігімен ерекше, өйткені табиғат, таулы аймақтар әрдайым өздерінің әдеміліктерін, ерекшеліктерін, байлықтарын ешқашан жоғалтпайды деген ойдамын.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Пайдаланылған әдебиеттер тізімі

 

  1. http://traveller.com.ua сайты;
  2. http://ru.wikipedia.org сайты;
  3. «Туризмнің белсенді түрлерінің әдіс-тәсілдерінің негіздері»,

     Өскемен: С.Аманжолов атындағы Шығыс Қазасқтан Мемлекеттік

            Университеті, 2007ж (5-6б.; 7-9б.; 40-42б.; 24-26б.; 47-49б.);

  1. Ж.Н. Алиева «Туризмология негіздері»Алматы, Қазақ университеті,   

      2004ж (3 б.);

  1. «Саяхат жорықтарын ұйымдастыру мен өткізудің жалпы негіздері»,

     Алматы: Қазақтың дене тәрбиелеу мәдениеті институты, 1996ж (3б.;

            7б.; 8-9б.);

  1. Мазбаев О.Б., Атейбеков Б.Н., Асубаев Б.К., «Туризм және өлкетану

     неіздері», Алматы: ҚазҰПУ, 2006ж (34-35б.; 23б.);

  1. http://traveller.com.ua/in/turizm.htm сайты;
  2. http://traveller.com.ua/in/turizm.htm сайты;
  3. http://www.holidaytime.ru/aktiv сайты;
  4. «Туризмнің белсенді түрлерінің әдіс-тәсілдері, негіздері» пәні

     бойынша дәрістері (лекциялары);

  1. http://www.almaty.kz/turizm.htm сайты;
  2. http://indratour.net/tourist_routes_big_almaty_gorge;
  3. http://www.wikipedia.org/wiki/medeu.htm сайты.
  4. http://www.wikipedia.org/wiki/shimbulak.htm сайты.
  5. http://tursouz.maglan.ru/marsh/gg_hasin/ сайты;

 

 

 


Информация о работе Алматы - Медеу - Шымбұлақ - Чертово шатқалы - Абай асуы - Багданович мұздығы - Комсомол асуы - Үлкен Талғар асуы - Шымбұлақ - Медеу - Алматы» марш