Автор работы: Пользователь скрыл имя, 06 Октября 2013 в 12:05, реферат
Курстық жұмыстың міндеті: жаяу және тау саяхаттары бойынша бағыттарды жүріп өту әдістерін қарастыру және оларды ұйымдастыру; бірінші және екінші дәрежелі күрделіліктегі (жаяу және тау) саяхаттарын ұйымдастыру мен өткізудің ерекшеліктерін қарастыру; белсенді жорық өткізу кезінде ас мәзірі мен азық-түліктер тізімін дұрыс жасату; туризмнің негізгі белсенді түрлерін қарастыру; белсенді жорық өткізу кезінде қажетті құралдар мен қауіпсіздік шаралармен таныстыру; белсенді туризм түрлерін өткізуге болатын Алматы қаласының негізгі тау-шатқал объектілерін бөліп қарастыру.
Кіріспе
3
1
Туристік жорықтарды ұйымдастырудың теориялық негіздері
1.1
Белсенді туризм түрлері, жіктелуі, ерекшеліктері
6
1.2
Белсенді туризмде қауіпсіздікті және тамақтануды дұрыс
ұйымдастыру
9
1.3
Белсенді туризмнің әдісі мен тәсілдерінің негізі
12
2
Туристік-экскурсиялық маршрутты дайындау
2.1
Маршрут жібі
14
2.2
Маршрут картасы
19
2.3
Медикоменттер тізімі
20
2.4
Құрал-жабдықтардың тізімі
21
2.5
Ас мәзірі және азық-түліктің тізімі
23
Қорытынды
25
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі
28
Азық-түліктерді алдын-ала құратырылған тағамдар тізімі менқатысушалар санына қарай есептейді. Ұзақ уақытқа саяхатқа шыққан кезде азық-түліктер есебін бір адамға шаққандағы орташа норма бойынша жүргізеді.Саяхат алдында барлық азық-түліктерді жинап пакеттерге дұрыстап салу қажет. Азық-түліктер суланбауы үшін оларды судан қорғайтын орамаларға салу керек. жаяу турист үшін әдетте үлкен бір мықты су өткізбейтін астары бар рюкзак болғаны жөн. Бұндай рюкзакқа азық-түліктерді жай орамалармен салуға болады. Байдаркалармен болатын саяхаттарда азық-түліктерді жеке су өткізбейтін пакеттерге салу ұсынылады.Азық-түліктерді 1-2 кг-нан пакеттерге салған дұрыс. Керекті заттарды тез тауып алу үшін пакеттерге жазып қойған жөн. Aзық-түліктерді бөлген кезде әрбір турист немесе қайық экипажының өзінің азық-түлігі болатындай етіп салу қажет. Мысалы, нан әрбір туристкесалынуы керек. Бір туристте тек қана нан, екіншісінде тек қантты салуға болмайды. Себебі қандай да бір апат болғанжағдайда оны жоғалтуы мүмкін.
1.3 Белсенді туризмнің әдісі мен тәсілдерінің негізі
Туризм техникасы дегеніміз - туристік маршрутта кездесетін кедергілерден өту әдістерінің жиынтығы және осыларға сәйкес құрал-жабдықтарды, қауіпсіздікті қамтамасыз ету үшін қолдана білу.
Әртүрлі табиғи кедергілерді өту кезіндегі туристер білу қажет: сол бара жатқан маршруттың ерекшелігін білу; кедергілерді өту кезіндегі әдістерді жатқа білу; сол маршруттағы қажет болатын жабдықтарды толықтыру.
Туризм тактикасы дегеніміз - қойылған мақсатқа адам күшін, қаржысын, жабдықтарын, уақытын, мүмкіндігінше аз мөлшерде жұмсап және қауіпсіздіктің қажетті деңгейін қамтамасыз етіп, шаралар мен әрекеттер жиынтығын қолдану. Сонымен қатар, тактика - маршрут жолымен өту үшін қажетті құралдармен әрекеттер жиынтығы.
Жалпы туристік
саяхаттың техникасы мен
Белсенді туризмнің тактикалық зерттелуі – жорық кезіндегі мақсаттағы қолданылатын қаражат одан басқа туристердің қауіпсіздігін қамтамасыз ететін құрал-жабдықтар жазған құжат.
Туристерге қызмет көрсететін топқа кіретін адамдар: гид, инструктор, аспазшы, медбике.
Жетінші бөлімінде Азық-түлік.
Сегізінші бөлімінде Топтық құрал-жабдықтың сипаттамасы.
Белсенді туризмдегі классификацияланған туристік экскурсия - дегеніміз, белгілі бір қиындық категориясына сәйкес келетін бағытты айтамыз.
Туристік маршрут дегеніміз - белгіленген қызмет көрсету бағдарламасы бар белгілі бір уақытқа арналған алдын-ала жоспарланған Туристердің жылжу трассасы.
Халықаралық альпинистер
одағының (ХАО) ұсынуымен 1947ж. туристік
экскурсиялардың қиындық
I категориялы экскурсиялар - аз қиындық, қиын емес жеңіл категориялы жорықтар болып табылады. Бұл жорық барысында қозғалыс кезіндегі тепе- теңдікті сақтау үшін қолдың көмегі кейбір кезде ғана керек. Бұл маршруттардан өту үшін туристерге өзіне деген сенімділік пен тереңдіктен қорықпау қажеттілігі керек.
II категориялы экскурсияларға - орташа қиындық деңгейіндегі жорықтар жатады. Бұл саяхатқа тәжірибесі аз туристер, альпинистер тік жар, қиын өткелдерден өту кезінде сақтандыру құралдарын қолданады, сонымен қатар қолдың көмегінсіз жорық кезінде тепе-теңдікті сақтау мүмкін емес.
III категориялы экскурсияларға - қиын деңгейдегі жорықтар жатады. Бұл жорыққа қатысу өз бетінше кәсіби емес альпинистер мен спортсмендерге қиындық тудырады, қатысушылар тобының бір уақытта жылжуы мүмкін емес, олар өзара кезектесіп,сақтандырулар жасайды. Әрбір туристің жеке сақтандыру құралдары болуы тиіс.
IV категориялы экскурсияларға - өте қиын деңгейдегі жорықтар жатады. Оларға сонымен қатар тік жарлар арқылы спорттық өрмелеуге арналған жорықтар да жатады. Топ жетекшісінің жоғары деңгейдегі дайындық дағдысы болуына үлкен талап қойылады.
V категориялы экскурсияларға - аса қиын деңгейдегі жорықтар жатады. Мұндай категориялы жорыққа қатысу үшін үнемі дайындықтың арқасында тәжірибе жинап, қажетті техниканы, құрал-жабдықтарды жетілдіру қажет. Бұл жорықтарда сақтандыру құралы – арқан 2 қабатталады.
VI категориялы экскурсияларға - ең жоғарғы қиындық деңгейіндегі жорықтар жатады, өрмелеуге қажетті нүктелер өте сирек орналасады. Қиындық категориялардың ішіндегі ең қиыны болып табылады.
Қиындық категорияларын анықтауда негізгі 3 классификациялық сипаттама:
Мысалы, маршруттың ұзақтылығы жорыққа қатысушы топқа арналған демалыс күндерін есепке алмағанда, ауа райына байланысты тоқтауды есептемегенде жалпы маршрутқа қажетті минималды уақыт шығады. Жалпы демалысқа қажетті уақыт жалпы уақыттың 20-%-нан аспауы керек.
2 Белсенді
туризмде жорықтарды
2.1 Маршрут жібі
Маршрут жібі: Алматы - Медеу - Шымбұлақ - Чертово шатқалы - Абай асуы - Багданович мұздығы - Комосомол асуы - Үлкен Талғар асуы - Шымбұлақ - Медеу - Алматы (3 күн, 2 түн).
2- Кесте – Топ құрамы
№ |
Аты-жөні |
Атқаратын қызметі |
1 |
Бейсекей Еркін |
бас жетекші |
2 |
Атайбеков Мақсат |
|
3 |
Алимбаев Сержан |
жетекші көмекшісі |
4 |
Рысбай Эльмира |
дәрігер көмекшісі |
5 |
Алипова Құралай |
|
6 |
Ануарбек Қанат |
|
7 |
Ли Виталий |
|
8 |
Сатыбадиева Наргиза |
|
9 |
Байсарина Кенже |
бас дәрігер |
10 |
Ивченко Галя |
|
11 |
Снегирева Надежда |
аспазшы көмекшісі |
12 |
Сапиев Артур |
|
13 |
Абиров Эльдар |
|
14 |
Бекебаева Шынар |
аспазшы көмекшісі |
15 |
Щегольков Владимир |
|
16 |
Манапова Жанаргүл |
|
17 |
Сасанова Жанна |
жетекші көмекшісі |
18 |
Сейтханов Даурен |
|
19 |
Аукешова Айгерім |
бас аспазшы |
20 |
Мұхамеджанов Бекбай |
|
21 |
Ахметова Жүзім |
|
Е с к е р т у – автор құрастырған |
Алматы – Жетісудың гауһары. Бұрынғы Верный, кейіннен Алма – Ата, ал тәуелсіздік алғаннан бері Алматы болып аты өзгертілген Еуразия жүрегіндегі қала. Қала жылдың бар мезгілінде де тамаша: ол кең алаңдары, үлкен даңғылдары, қазіргі заманғы архитектура туындылары, таулы аймақтағы табиғи саябақтар.
Алматы Іле Алатауының баурайында теңіз деңгейінен 650-1200 метр биіктікте орналасқан әсе қала. Қала байтақ далада үш жағынан жоғары таулы өлкелер қоршап орналасқан. Қаланың ауа рай, климаты шұғыл континенталды. Іле Алатауының жануарлар мен өсімдіктер дүниесі өте бай. Алматының шеткі аймақтары Іле Алатауының ұлттық паркіне жатады. Мұнда арнайы қорықтар бар. Сирек кездесетін құстар мен аңдар Қазақстанның Қызыл кітабына енгізілген. Солардың ішінде қар барсы қазіргі кезде Алматы қаласының елтаңбасында белгіленген.
Тау баурайындағы жүзім, темекі, астық өнімдері алма ағаштары мен жеміс-жидектеріде алмасып отырады. Қаланың 8 мың га. астам жерін бау-бақшалар мен парктер, саяжайлар алып жатыр. Өз отанын Алматы апорты осы жерде тапты. Қала 170 шаршы километр аумақты алып жатыр. Үлкен және кіші Алматы өзендерінің бойына орналасқан. Тау өзендері мен көлдері қаланы сумен қамтамасыз етеді [4].
Алматы - Еуразиялық контитенттің маңызды және ыңғайлы жерінде орналасып, Ұлы Жібек Жолының транзиттік пункті болып табылады. Сонымен қатар қаламыз туризмнің әрі қарай дамуы мен жетілуіне үлкен мүмкіндіктері бар. Осында Қазақстанның 713 тіркелген фирмаларының 470 туристік ұйымы орналасқан. 3000 мыңдай адам қызмет істейді. 2003 жылы олар 100250 адамға қызмет көрсетті. Туризм саласының дамуы арқасында шетел туристердің саны көбеюде. Егер 2000 жылы Алматы қаласы 20700-ге жуық туристерді қабылдаса, қазіргі кезде туристер саны – 42000, ал ішкі маршруттардағы қызмет көрсетілген туристер саны 2000 жылдан бастап 3600-ден 20000-ға дейін өсті. Мамандардың айтуы бойынша, қала 300 000 астам туристерді қабылдай алады. Шетел мемлекеттерінің Қазақстанға қызығушылығы, туристік фирмалардың ішкі және сыртқы туризмді ұйымдастыру белсенділігі өсуде. 2000 жылы ішкі және сыртқы туризммен 20 фирма айналысса, қазіргі кезде олардың саны 50-ге дейін жетті [5].
Қала 170 км кв. жерге созылып орналасқан, негізгі су көздері таудан қоректенетін өзендер болып табылады. Еуразия континентінде маңызды орын ала отырып, Ұлы Жібек Жолының транзитті жолдарының бірі болып табылады. Сондықтан Алматы қаласында туризмнің дамуына мүмкіндік зор. Бұл жерде 470 туристік мекемелер жұмыс істейді (1 - Сурет).
Медеу – мұз сырғанақ орталығы Медеу 1691,2 теңіз бетінен жоғары орналасқан. Ол 1972 жылы салынған. Мұздың ауданы 10,5 мың кв. км алып жатыр. Бұл әртүрліі деңгейдегі конькимен жүгіру, хоккей ойындарын және басқа да мұз үстіндегі ойындар мен жарыстарды өткізуге мүмкіншілік береді.
Медеу шатқалының жұмсақ климаты, күн радияциясының қолайлы деңгейі, жоғары емес атмосфералық қысым, салқын жел мен таза мұзбен қоректенетін өзен суы – барлығы жоғарғы таулы сырғанаққа кең танымалдықты қамтамасыз етті. 120-ға жуық үздік спортсмендермен рекордттар жасалынды. Соңғы жылдары сырғанақ модернизация, яғнми жаңарту жұмыстарынан кейін тіпті көркейді.
Таулы дала аймағы бұрынғы заманда көшіп – қонып жүрген, дәл осы жерлерде өзінің ауылының киіз үйлерін тіккен көшпенді Медеу атымен аталған. Биік тау жотасындағы Медеу таулы-шаңғы кешені қазақстандықтар мен ел қонақтарының сүйіп дем алатын орны. Алматы қаласында 1972 жылы көтерілген Медеу мұз айдыныбар әлемге әйгілі. Мұз айдыны Теңіз деңгейінен 1,691 метр биіктегі шатқалда орналасқан, 10,500 ш.м. жерді алып жатады . Мұз жамылғысының қалыңдығы 2.3 метрді құрайды және де 20 астам құрылыс материалдары атауынан тұрады. Мұзды жасанды түрде мұздату өнерінің жүйесі әлемде теңдесі жоқ дүние және де 8 ай бойы мұз айдынының бетін мұздатып ұстап тұруға мүмкіндік береді. Бұл жерде коньки жарысы, хоккей және көркем сырғанау жарыстары, сонымен қатар атышулы халықаралық музыкалық фестивальдері өткізіледі. Әлемдегі 200-ден аса үздік спорттық рекордтар осы мұз айдынында туғаны баршаға мәлім. Жұмсақ ауа-райы, күн радиациясының тиімді деңгейі және таза мұз суы биік тау жотасындағы мұз айдынына әлемдік деңгейге көтерді.
Қазақстан туралы айтқанда, кез келген адамның ойына биік таудағы Медеу мұз айдыны алдымен еске түседі. Бұл кездей-соқтық емес, өйткені бүгінде Медеу спорт кешенінің аты бүкіл әлемге жайылған.
Жүру схемасы: Аль Фараби көшесінен Достық көшесіне оңға бұрыласыз да тіке жүресіз (2 - Сурет), [6].
2 - Сурет – Медеу
Шымбұлақ мекені Алматының оңтүстігінде, Кіші Алматы өзенінің жоғары жағын ала Талғар асуының етегінде 2200-2500 метр биіктікте орналасқан. Жер бедері мұздық әрекетінен қалыптасқан үстірт тәрізді, мекенді оңтүстігінен Школьник шыңы, шығысынан Шымбұлақ шыңы, батысынан Құмбел тауы қоршаған. Антропоген кезеңінде мекенді көрші беткейлерден және Талғар асуының кезеңі арқылы Богданович мұздығынан жылжып түскен мұз қабаты жапты. Жылжыған мұздықтар қазіргі мореналық төбелерді, үстірт тәрізді релефьке ұласатын астау пішінді кең аңғарды қалыптастырды. Аңғар табаны делювийлік ұсақ түиірлі жыныстармен жабылған антропогеннің ірі кесекті мұздық шөгінділерімен толған. Түп жыныстардан полеозой граниттері кездеседі. Қысы жұмсақ, желтоқсан айының орташа температурасы -6,3 C. Орташа қалыңдығы 45 см, тұрақты қар жамылғысы қараша-сәуір бойы жатады.
Шымбұлақты еш жерде қайталанбайтын атмосфера, ерекше рухани күш жайлаған. Мұнда демалыстың басқа түрлерінен гөрі, айдындай тайғанақ мұз жолдарын қалайтын, шаңғышылар; шеберлітерімен деміңді ішінен алып таң қалдыратын, экстремальды секіретін және қилы бұрылыстар жасап түстін, батыл сноубордшылар келеді (3 - Сурет).
3 - Сурет - Шымбұлақ