Алматы - Медеу - Шымбұлақ - Чертово шатқалы - Абай асуы - Багданович мұздығы - Комсомол асуы - Үлкен Талғар асуы - Шымбұлақ - Медеу - Алматы» марш

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 06 Октября 2013 в 12:05, реферат

Краткое описание

Курстық жұмыстың міндеті: жаяу және тау саяхаттары бойынша бағыттарды жүріп өту әдістерін қарастыру және оларды ұйымдастыру; бірінші және екінші дәрежелі күрделіліктегі (жаяу және тау) саяхаттарын ұйымдастыру мен өткізудің ерекшеліктерін қарастыру; белсенді жорық өткізу кезінде ас мәзірі мен азық-түліктер тізімін дұрыс жасату; туризмнің негізгі белсенді түрлерін қарастыру; белсенді жорық өткізу кезінде қажетті құралдар мен қауіпсіздік шаралармен таныстыру; белсенді туризм түрлерін өткізуге болатын Алматы қаласының негізгі тау-шатқал объектілерін бөліп қарастыру.

Содержание

Кіріспе
3

1
Туристік жорықтарды ұйымдастырудың теориялық негіздері

1.1
Белсенді туризм түрлері, жіктелуі, ерекшеліктері
6
1.2
Белсенді туризмде қауіпсіздікті және тамақтануды дұрыс
ұйымдастыру
9
1.3
Белсенді туризмнің әдісі мен тәсілдерінің негізі
12

2
Туристік-экскурсиялық маршрутты дайындау

2.1
Маршрут жібі
14
2.2
Маршрут картасы
19
2.3
Медикоменттер тізімі
20
2.4
Құрал-жабдықтардың тізімі
21
2.5
Ас мәзірі және азық-түліктің тізімі
23


Қорытынды
25


Пайдаланылған әдебиеттер тізімі
28

Прикрепленные файлы: 1 файл

КУРСТЫК ЖУМЫС.doc

— 4.16 Мб (Скачать документ)

 

Шуақты күндері жоғарғы Шымбұлаққа мыңдаған демалушылар ағылып келіп жатады. Отырғышы бар көтермелермен Талғар асуына (теңіз деңгейінен 3163 метр биіктіктегі) шығуға болады. Бұл кәсіби  шаңғышылардың ұнататын жері, өйткені мұнда асудан түсетін жер өте тік. Талғар асуынан альпинистер шыңдарды бағындырады. Ал әрі қарай одан биік – тек жұлдыздар

Биіктік орташа таулық орманды шалғынды ландшафт тән. Солтүстік беткейлері мен шатқалдарындағы  баяу күлгінденген таулық ормандық қара топырақта тянь шань шыршасы басымырақ келген орман өскен. Орман іші шөбі шүйгін шалғынды шабындық жайылым. Шымбұлақ тау шаңғысы спортының одақтық орталығы, дүние жүзі жарыстары да өткізіледі [7].

Чертов шатқалы. Жол ескі кең шығарылатын орыннан басталады. Жандарында құрғақ орындар. Жолдың өзі аңдыз-аңдыз бай бұтақтармен өсіп кеткен, бірақ тоғайды құрап жатқан жоқ. Жайма шуақ күні бұл жолмен жүру жеңіл және көңілді. Бұл ойыс жер көп километрлі жолға созылған. Осы жердің барлық жанынан шоқылармен қоршалған. Жыралардың пайда болғандары ең биік шоқылар болып табылады. Күн шуағының өзінде олар қаһарлы болып көрінеді, ал тау тізбектерінде найзағайлы бұлттар пайда болғанда қап-қара болып кетеді.

Скалистый (1120 метр жуық) шыңына шығуды үшкір жартастар тізбегімен шығудан гөрі жақын құламалы кулуарлдан түскен жөн. Жоғарғы жағынан Алматы алақанның үстінде түрғандай. Оны қою тізіліп тұрған жартастар баурайын айналып қоршап тұр. Әр түрлі кескіндегі қалдықтар – бұл кристаллдар және негізгі кристаллдар тобы. Шыңынан барлық баурайы арқылы жартасты қалқалар, кей-кезде түгелдей тесіп өтілген созылып жатыр (4 - Сурет).

 

 

4 - Сурет – Чертово шатқалы

 

       Баурайында жартасты құлап жатқан тастар жатыр. Шатқалдың шығыс құламасы арқылы жалпы ойыс жерге ашық түсті шөгінділер түсіп тұрады.  Биік шатқалдан қатты бұзылған жартастар көрінеді – тең емес ағаштардан жасалған қақпа секілді. Тас қалдықтары – шатқалдың баурайында үшкір, биік, баспалдақты және т.б. қалдықтар тамаша көрінеді [8].

Абай асуы (3810 м) Кіші Алматы тау тарамының шығыс жағында Абай (4010 м) және Школьник (3650 м) шыңдарының арасында орналасқан және ол Абай мұздығы (Кіші Алматы өзені) мен Богданович мұздығын (Сол жақ Талғар өзенін) байланыстырып тұр.

Кіші Алматы тау таралымы жағынан асуға шығу жол Түйық-су альплагерінен басталады. Сол жерден оңтүстік-шығысқа қарай  бұрыламыз және соқпақ жол арқылы шыршалы орман өсіп кеткен ескі мұздың қозғалысынан пайда болған таужыныстар сынықтарының үйіліп қалған жоғарғы жағына көтерілеміз. Отыз минуттан кейін орманның шегарасына шығамыз және ары қарай соқпақ жол арқылы белес және баурай арасымен жүреміз. Тағы бір жарым сағаттық жаяу жүрістен кейін тік жерге шығамыз. Сол жердің шығыс жағынан Абай мұздығы көрінеді.

Осы жерден сол  жағы тау-тас баурайы, ал оң жағы - ескі мұздың қозғалысынан пайда болған таужыныстар сынықтарының үйіліп қалған белесі құрылған тік жол арқылы шығыс бағытта жүреміз. Тағы бір жарым сағаттан кейін ескі мұздың қозғалысынан пайда болған таужыныстар сынықтарының үйіліп қалған жердің жоғарғы бөлігіне шығамыз. Сол жерден мұздықтың «тілі» және Абай асуының аңғары көрінеді. Асуға тура шығу жолы – бұл 35-40* құламалы жіңішке отыз метрлік кулуар болып табылады, ал оны бөлек тізбек арқылы өту қажет (5 - Сурет).

 

 

5 - Сурет – Абай асуы

 

        Абайлықты сақтау қажет, себебі арқанмен дұрыс жасалмаған жұмыс бос жатқан тастардың құлауын әкеліп соғуы мүмкін. Шыңында асу – бұл жіңішке (6-7 метр) жартасты аңғар. Асудың сол жағынан Богданович мұздығының ескі мұздың қозғалысынан пайда болған таужыныстар сынықтарының үйіліп қалған жеріне төмен қарай түсу техникалық жағынан оңай, қатты тік емес қысқа (60-70м) шөгін арқылы өту және ол 15 минут уақытты алады [9].

Богданович  мұздығы – Алматыға жақын орналасқан мұздық болып табылады. Ол Үлкен  Талғар асуынан оңтүстік-батыс жағынадағы Іле Алатауындағы Кішіалматы тау таралымдарында орналасқан. Мұздық Комсомол (Алматылық) шыңының шығыс бөктерінде орналасқан. Мұздық 1910 жылы Верный жер сілкіну зерттеушісі профессора К.И. Богданович құрметіне мұзтанушы С.Е. Дмитриев 1911 жылы атап кеткен.

Теңіз деңгейінен 3020 метр жоғары биіктікте қаладан 28 километр қашықтықта Мыңжылқы платинасы  орналасқан. Платинанын ұзындығы 300 метр, биіктігі 17 метр. Плотинаның жанында  Мыңжылқы гидрометеорологиялық станция  орналасқан, ол 1936 жылдан бастап жұмыс  істейді. Мыңжылқы шатқалы 3000 метрден 3300 метрге дейін теңіз деңгейінен жоғары биіктікте орналасқан. Шатқалды Тұйық-Су мұздығы қоршап жатыр    (6 - Сурет).

 

 

6 - Сурет – Богданович мұздығы

 

Богданович  мұздығының шығыс бөлігінде Комсомол шыңы (Н-4376) орналасқан. Алматының жоғарғы жағында азу тісті тасты-мұздық көзтартарлықтай орналасқан. Көзбен шолып қарағанда жанында орналасқан барлық таудан биік тұрғандай болып көрінеді [10].

Комсомол асуы (4000 метр) Кіші Алматы тау тарамының шығыс жағында Комсомол және Қарлытау шыңдарының арасында орналасқан және ол Богданович мұздығынан (Сол жақ Талғар өзені) Арисов мұздығына (Сол жақ Талғар өзені) дейін апарады. Асуға жақындау Богданович мұздығының ескі мұздың қозғалысынан пайда болған таужыныстар сынықтарының үйіліп қалған жерінің ортасынан шығыс камерасының оң жақ бортынан басталады. Қозғалыстың бағыт-бағдары болып Қарлытау шыңының күмбезі болып табылады. Асудан асқаннан кейін мұздықтың бірінші өту жеріне келеміз, соған шығып ары қарай қлзғалысты жалғастырамыз, ақырындап шығысқа қарай бұрыламыз. Оңтүстік жағында учитель және Панфилов батырлары асулары көрінеді, ал шығыс жағында Комсомол асуының кең аңғарлары көрінеді. Осы жерден мұздыққа екінші көтерілу 30* құлама арқылы тау-тас арқылы асуға қарай көтерілеміз. Аристов мұздығына қарай түсу асуды өтудегі ең бір қиын бөлігі болып табылады және 50* қар-мұзды құлама арқылы және созылымдығ 500 метрдей болатын қашықтықта жүру болып табылады. Асудың шығыс жақ баурайы оңтүстігі Аристов шыңы орналасқан, ал солтүстігі – шығыс Комсомол шыңының  баурайларымен қоршалған (7 - Сурет).

 

 

7 - Сурет – Комсомол асуы

 

Асудан төмен  қарай түсу тасты қатерлі сондықтанда  оны таңертен ерте іске асыру қажет. Тасты қатерлік төмен қарай түсудің төмен жағында көбейеді. Аристов мұздыңы қысқа, оған шығу уақыты 30 минутты құрайды [11].

Талғар асуы (3200 м) «Шымбұлақ» тау-спорттық базаның жоғарғы жағында орналасқан. Бұл Шымбұлақ (3460 м) және Школьник (3650 м) шыңдарының арасындағы кең аңғар болып табылады. Талғар асуына көтерілу «Шымбұлақ» тау-спорт базасынан оңай және қатты қиын да емес. Жаяу жүрістің  3 сағатқа жуық уақытты құрайды. Асудың аңғарынан шығыс жағынан Сол жақ Талғар өзенінің кең алқабы, ал оңтүстік жағынан – Богданович мұздығының циркі көрінеді. Асуда канатты жолдың жанында қараусыз қалған лашық үй бар. Асудан шығысқа қарай түсу – өте тамаша соқпақ жол арқылы іске асады. 20 минут жаяу жүруден кейін Саурықсай бұлағына келеміз, ол өзінің бастауын Богданович мұздығынан алады. Содан кейін соқпақ жол арқылы солтүстік баурайы жасыл шөппен қапталған Чкалов шыңына дейін көтерілеміз, Кіші Талғар асуы деп аталып кеткен (3100 м) және 1 сағ түсуден кейін Сол жақ Талғар өзеніне шығамыз.

2.2 Маршрут  картасы



 

 

Шартты белгілер:  - тау шыңы;


  • асу;

-  мұздық;


-   демалыс үйі;


-   өзен;


-  арқанды жол;



  • қонақүй

2.3 Медикоменттер  тізімі

 

2 - Кесте – Медикоменттер тізімі:

 

Медикоменттердің  аттары

Саны

Байлауға арналған заттар

1

Резеңкелік жгут

3 дана

2

Жалпақ, кең биттер

5 дана

3

Қайшылар

1 дана

4

Орташа бинттер

5 дана

5

Бактерицидты жабстырғыш

15 дана

6

Дәрігерлік мақта

500 г

7

Лейкопластырь

3 дана

Қабынуға қарсы дәрілер

1

Горчичниктер

15 дана

2

Эритролицин

20 табл

3

Сульфадимезин

10 табл

4

Жөтелге қарсы дәрілер

20 табл

Жұқтырмау заттары

1

5% йод (құтыда)

10мл

2

Спирт 96

1 л

3

Фурацилин

20 табл

4

Марганцовоқышқыл калий (ұнтақталған)

10 г

Жүрек ауруына қарсы  дәрілер

1

Нитроглицерин

20 табл

Жансыздандыру және қызуды түсіруге арналған дәрілер

1

Димедрол

20 табл

2

Парацетамол

25 табл

3

Анальгин

30 табл

4

Но-шпа

25 табл

Асқазан қабынуына арналған дәрілер

1

Уголь активированный

40 табл

2

Фталазол

10 табл

3

Фенолфталеин

20 табл

4

Қабыну дәрілер

10 табл

5

Левомицитин

40 табл

6

Фестол

  1. табл

Е с к е р т  у – [3] әдебиет көздеріне сүйеніп автор құрастырған


 

 

2.4 Құрал-жабдықтардың тізімі

 

  1. - Кесте - Жеке құрал-жабдықтардың тізімі :

 

Жорыққа қажетті саймандардың тізімі

Салмағы, кг

Саны

Жалпы орташа салмағы, кг

1

Мамық, түбітті мақталы  кеудеше

1,3-1,6

1

1,6

2

Желетке (түбітті н/е  синт-қ) және қалың жемпір

0,4-0,9

1

0,7

3

Жұқа жемпір

0,3

1

0,3

4

Жеңі ұзын футболка

0,2

3

0,6

5

Шалбар

0,4

1

0,4

6

Шолақ шалбар

0,3

1

0,3

7

Ішкі киім

0,1

2

0,2

8

Нәски

0,06

3

0,18

9

Қалың нәски

0,15

2

0,3

10

Бәтеңке

2,6

1 жұп

2,6

11

Кросовки

1

1 жұп

1

12

Жылы бас киім

0,2

1

0,2

13

Кепка

0,1

1

0,1

14

Күнге қарсы маска (марлы-ның кішкене бөлігі жетеді)

0,05

1

0,05

15

Күнге қарсы көзілдірік

0,1

1

0,1

16

Күнге қарсы крем

0,1

1

0,1

17

Жаңбырлы күнге кеудеше

0,3

1

0,3

18

Қолбақтар

0,1

1 жұп

0,1

19

Табақ, кружка, қасық, пышақ, құты

0,3

комплект

0,3

20

Туалетке қажетті құралдар

0,3

комплект

0,3

21

Документтер, блокнот, қалам

0,1

комплект

0,1

22

Жол дорба

0,9-1,6

1

1,6

23

Жатаржай қап

1,6-2,1

1

2,1

24

Пенополиуретандық алаша

0,5

1

0,5

25

Репшнур (5 метрлік)

0,2

1

0,2

26

Карабиндер (титан, дюраль)

0,08

2-3

0,25

27

Өрден жіппен түсуге арналған құралдар

0,08

1

0,08

Е с к е р т  у – [4] әдебиет көздеріне сүйеніп автор құрастырған


Жеке құрал-жабдықтардың жалпы салмағы – 14,65 кг.

 

Топтық құрал-жабдықтар  бұл І-ІІ қиындық дәрежесіндегі  саяхат болғандықтан мұнда төмендегідей 19-21 адамға арналғна топтық құрал-жабдықтардың тізімі (4 - Кесте).

4 - Кесте - Топтық құрал-жабдықтардың тізімі :

 

Жорыққа қажетті саймандардың тізімі

Салмағы, кг

Саны

Жалпы орташа салмағы, кг

Ескертулер

1

4 орынды шатыр

2 дана

4

5

 

2

Шатырға арналған полиэтилен

2 дана

0,6

1

 

3

Газ жаңарғысы

2 дана

0,4

0,5

 

4

Баллондар «Бутан газымен»

12 дана

0,3

4

Шамамен 1 күнге 3 баллон

5

Құрғақ жанармай

1 бума

0,2

0,2

 

6

Бензин -5л

3 бөтелке

1,05

3,5

Күніне 1-1,2литр

7

Кастрюля (5 литрлік)

3 дана

0,4

0,8

 

8

Тақтай

4 дана

0,5

1

 

9

Үлкен пышақтар

4 дана

0,3

0,6

 

10

Табақтат, қасықтар, кружкалар (пластмассалық)

9 комплект

0,2

1

 

11

Шамдар

9 дана

0,05

7

 

12

Суға құюға арналған құтылар

4 дана

0,2

0,8

 

13

Таба

2 дана

1,5

2

 

14

Асүйлік жиһаз

2 комплект

3

2

 

15

Жіп (негзгісі 10-40м)

2 дана

2,6

6,4

 

16

Мұз шапқыш

12 дана +2үлкен

0,1

1,6

 Әр қайсысын -да 1 данадан

17

Құзға арналған кручоктар (набор)+капрон.                       Ілгек (4 дана)+аманат

18 дана 12 закл.

0,1

2,6

 Әр қайсысын-да 2 данадан

18

Құзға арналған балта

5 дана

0,9

2,5

 

19

Дәрігерлік спирт

1 дана

1

1

 

4 - Кестенің  жалғасы

22

Өзінтүсіру

1 дана

0,1

0,1

 

23

Дүрбі

4 дана

1

2,2

 

24

Ілгектер

6 дана

0,1

0,6

Қия беріске

25

Компас

11 дана

0,1

0,8

 

26

Маршрут документтері

1 комплект

0,5

0,5

 

27

Сіріңкелер

20 бума

-

0,2

 

28

Дәрігерлік дәрі қобдиша

2 комплект

2,5

3

 

29

Жөңдеу құралдары

2 комплект

1,5

2

 

30

Фотоаппарат

2 комплект

1,5

1

 

31

Оятар

2 дана

0,1

0,3

 

Е с к е р т  у – [6] әдебиет көздеріне сүйеніп автор құрастырған

Информация о работе Алматы - Медеу - Шымбұлақ - Чертово шатқалы - Абай асуы - Багданович мұздығы - Комсомол асуы - Үлкен Талғар асуы - Шымбұлақ - Медеу - Алматы» марш