Жеке еңбек шарты

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 16 Октября 2013 в 16:48, курсовая работа

Краткое описание

Жеке еңбек шарты дегеніміз — қызметкер мен жұмыс беруші арасында жазбаша түрде жасалынатын келісім. Ол шарт бойынша қызметкер белгілі бір мамандық бойынша жұмыс істеуге, ал жұмыс беруші қызметкерге жалақысын дер кезінде әрі толықтай көлемде төлеп тұруға міндеттенеді.

Содержание

Кіріспе....................................................................................................................3
І бөлім. Жеке еңбек шарты ...............................................................................5
1.1. Жеке еңбек шарты туралы түсінік................................................................5
1.2. Жұмысқа қабылдау кезіндегі сынақ мерзімі...............................................5
1.3. Жеке еңбек шарты түсінігі, тараптары және мазмұны мен мерзімдері.............................................................................................................6
1.4.Жеке еңбек шарты мен мердігерлік шартының ара қатынастары.......8
ІІ бөлім. Жалақы.............................................................................................10
2.1. Жалақы түсінігі...........................................................................................10
2.2.Тарифтік жүйе..............................................................................................10
2.3.Жалақы төлеу мерзімдері...........................................................................11
Қорытынды.....................................................................................................13
Қосымша..........................................................................................................20
Қолданылған әдебиеттер.............................................................................26

Прикрепленные файлы: 1 файл

Жеке еңбек шарты.doc

— 196.50 Кб (Скачать документ)

Жоспары

Кіріспе

Жеке еңбек шарты дегеніміз — қызметкер мен жұмыс беруші арасында жазбаша түрде жасалынатын келісім. Ол шарт бойынша қызметкер белгілі бір мамандық бойынша жұмыс істеуге, ал жұмыс беруші қызметкерге жалақысын дер кезінде әрі толықтай көлемде төлеп тұруға міндеттенеді.

Қызметкер еңбек шартына сәйкес белгілі бір қызмет түріне қатысты, яғни мамандығына, кәсібіне, біліктілігіне және дәл сол кезеңде орындауға тиіс қызметіне және өндірістің жалпы қажетіне орай айқындалатын жұмысқа қатысты қызметті орындауға міндеттенеді.

Жеке еңбек   шартына  отыру  арқылы  жұмыскерлер  Қазақстан Республикасы Конституциясының   24 бабы бойынша тек еңбек   бостандығына   қол жеткізіп  қоймай  сонымен  қатар  еркін  еңбек   түрі   мен  мамандығын   таңдай   алады.  Күштеп жұмысқа   тарту  тек  сот  үкімі негізінде   жүзеге  асырылады,   немесе  келеңсіз   оқиға  мен соғыс   уақыттарында   енгізілуі мүмкін.

Жеке еңбек шартының негізінде жалданатын қызметкердің еңбегіне ақы төлеу және материалдық көтермелеу шарттары тараптардың келісімі бойынша белгіленеді. Жеке еңбек шарты 16 жасқа толған соң жасалады.

Жұмысқа алар кезде сынақ  мерзімін белгілеу мүмкіндігі қарастырылады. Сынау еңбек шартының міндетті емес шарттарының қатарына жатқызылады. Сынақ мерзімі қызметкердің оған тапсырылатын жұмысқа сәйкестігін тексеру мақсатында белгіленуі мүмкін. Сынақ мерзімі үш айдан артпауы керек.

Егер сынақ мерзімі  өтіп кетсе және екі жактың бірде  біреуі жазбаша түрде екінші жақты  жеке еңбек шартын бұзу туралы ескертпесе, шарттық әрекет етуі жалғаса береді және оның тоқтатылуына жалпы негізде жол беріледі. Сынақтың нәтижесі қанағаттанғысыз болса, қызметкер жұмыс берушінің келісімі арқылы жұмыстан босатылады. Қызметкер өз кезегінде жұмыстан мұндай босатуға сот тәртібімен шағымдануына болады.

Қызметкерлерді маусымдық жұмысқа алған кезде тараптардың келісімімен сынақ мерзімін белгілеуге болмайды. Сынақтан өткізу шарты жеке еңбек шартында міндетті түрде көрсетілуі тиіс. Егер ол жұмысқа алу жөніндегі бұйрықта ғана көрсетілген болса, онда сынақ мерзімін белгілеуді заңды деп есептеуге болмайды, өйткені бұйрық — бір жақты ғана кесім, ал заң мұндай шарттар жөнінде жұмыс беруші мен қызметкердің келісуін талап етеді. Жұмыс берушінің бір жақты сынақ мерзімін белгілеуі бұл қызметкердің құқығын бұзғандық болып табылады.

Қызметкердің сынақ  кезіндегі еңбек жағдайы өзге қызметкерлердің еңбек жағдайынан өзгеше болмауы керек. Қызметкер ішкі еңбек тәртібі ережелеріне мойынсұнады, оның еңбегі жалақы нормалар мен бағалауға сәйкес не еңбекақы ретінде төленеді. Сынақ мерзімімен жұмыс істейтін қызметкерлердің әлеуметтік сақтандыруға құқығы бар. Сыннан сүрінбей өткен қызметкерді жұмысқа түпкілікті алу жөнінде бұйрық шығарудың қажеті жоқ.

І бөлім. Жеке еңбек шарты

1.1. Жеке еңбек шарты  туралы түсінік

Жеке еңбек  шарты дегеніміз — қызметкер мен жұмыс беруші арасында жазбаша түрде жасалынатын келісім. Ол шарт бойынша қызметкер белгілі бір мамандық бойынша жұмыс істеуге, ал жұмыс беруші қызметкерге жалақысын дер кезінде әрі толықтай көлемде төлеп тұруға міндеттенеді.

Қызметкер еңбек шартына сәйкес белгілі бір қызмет түріне қатысты, яғни мамандығына, кәсібіне, біліктілігіне және дәл сол кезеңде орындауға тиіс қызметіне және өндірістің жалпы қажетіне орай айқындалатын жұмысқа қатысты қызметті орындауға міндеттенеді.

Кәсіпорынның (мекемелердің, ұйымдардың) өндірістік қызметіне қызметкердің өз басының жеке, тікелей қатысуы жеке еңбек шартының тағы да бір белгісі болып табылады. Бұл жағдай қызметкерді құрамға (штатқа) кіргізіп, оны кәсіпорынның өндірістік қызметіне қосуды көздейді.

Жұмыс берушінің қызметкерге жалақы төлеп тұруға міндеттілігі жеке еңбек шартының ерекшелігі болып табылады.

Еңбек шартының мерзімі

Жеке еңбек шартын жасасудың мынадай мерзімдері болады:

  • белгісіз мерзімге — жеке еңбек шартының уақыты көрсетілмейді;
  • белгілі бір мерзімге — бір жылдан аспайтын;
  • істелетін жұмыстың аз уақытта атқарылуына немесе орындау жағдайына, сондай-ақ жұмыста жоқ қызметкердің орнын ауыстыруға байланысты бір жылдан аспайтын белгілі бір мерзімге.

Екі жақ оның барлық елеулі шарттары бойынша келісімге келген кезде — жеке еңбек шарты жасалды  деп есептелінеді. Жеке еңбек шарты  кем дегенде екі дана болып толтырылады және тараптардың қолы койылады. Қол қойылған жеке еңбек шартының бір данасы — қызметкерге, ал екіншісі —жұмыс берушіге беріледі.

Жеке еңбек шартының негізінде жалданатын қызметкердің еңбегіне ақы төлеу және материалдық көтермелеу шарттары тараптардың келісімі бойынша белгіленеді. Жеке еңбек шарты 16 жасқа толған соң жасалады.

1.2. Жұмысқа қабылдау кезіндегі сынақ мерзімі

Жұмысқа алар кезде сынақ  мерзімін белгілеу мүмкіндігі қарастырылады. Сынау еңбек шартының міндетті емес шарттарының қатарына жатқызылады. Сынақ мерзімі қызметкердің оған тапсырылатын жұмысқа сәйкестігін тексеру мақсатында белгіленуі мүмкін. Сынақ мерзімі үш айдан артпауы керек.

Егер сынақ мерзімі  өтіп кетсе және екі жактың бірде біреуі жазбаша түрде екінші жақты жеке еңбек шартын бұзу туралы ескертпесе, шарттық әрекет етуі жалғаса береді және оның тоқтатылуына жалпы негізде жол беріледі. Сынақтың нәтижесі қанағаттанғысыз болса, қызметкер жұмыс берушінің келісімі арқылы жұмыстан босатылады. Қызметкер өз кезегінде жұмыстан мұндай босатуға сот тәртібімен шағымдануына болады.

Қызметкерлерді маусымдық жұмысқа алған кезде тараптардың келісімімен сынақ мерзімін белгілеуге болмайды. Сынақтан өткізу шарты жеке еңбек шартында міндетті түрде көрсетілуі тиіс. Егер ол жұмысқа алу жөніндегі бұйрықта ғана көрсетілген болса, онда сынақ мерзімін белгілеуді заңды деп есептеуге болмайды, өйткені бұйрық — бір жақты ғана кесім, ал заң мұндай шарттар жөнінде жұмыс беруші мен қызметкердің келісуін талап етеді. Жұмыс берушінің бір жақты сынақ мерзімін белгілеуі бұл қызметкердің құқығын бұзғандық болып табылады.

Қызметкердің сынақ  кезіндегі еңбек жағдайы өзге қызметкерлердің еңбек жағдайынан өзгеше болмауы керек. Қызметкер ішкі еңбек тәртібі ережелеріне мойынсұнады, оның еңбегі жалақы нормалар мен бағалауға сәйкес не еңбекақы ретінде төленеді. Сынақ мерзімімен жұмыс істейтін қызметкерлердің әлеуметтік сақтандыруға құқығы бар. Сыннан сүрінбей өткен қызметкерді жұмысқа түпкілікті алу жөнінде бұйрық шығарудың қажеті жоқ.

Жеке еңбек шартын бұзу тәртібі

Жеке еңбек  шартын бұзудың белгілі тәртібі болады. Шартты бұзу жөніндегі бастаманың қызметкерлерден. де, жұмыс берушіден де және жауапты тұлғалардан да (сот, әскери комиссариат, кәсіподақ, т.б.) шығуы мүмкін. Өз ұсынысымен бастама көтеріп, еңбек шартын бұл туралы екінші жақты жеке еңбек шартында келісілген мерзімде жазбаша ескертуі керек. Жалпы ереже бойынша бір жақтың (шартты бұзудың бастамашысы) екінші жақты ескерту мерзімі жеке еңбек шартын бұзған сәттен бір айдан кем болмауы қажет.

1.3. Жеке  еңбек шарты түсінігі,   тараптары  және   мазмұны мен мерзімдері

Жеке еңбек   шартына  отыру  арқылы  жұмыскерлер  Қазақстан  Республикасы Конституциясының   24 бабы бойынша тек еңбек   бостандығына   қол жеткізіп  қоймай  сонымен  қатар  еркін  еңбек   түрі   мен  мамандығын   таңдай   алады.  Күштеп жұмысқа   тарту тек сот үкімі негізінде   жүзеге  асырылады,   немесе  келеңсіз   оқиға мен соғыс   уақыттарында   енгізілуі мүмкін.

Кез-келген   жұмыскер  ЖЕШ ерікті  түрде  отырып, онымен   қалыптастырған  заңды  міндеттемелерді   орындайды.

Заң ЖЕШ Қазақстан  Республикасының  «Еңбек туралы»  заңының 1 бабында:  жұмыс беруші  менжұмыскер   арасында   жазбаша   жасалатын  екі  жақты  келісім  деген   анықтама  береді.  Сонымен  қатар   бұл жерде  белгілі  бір  мамандық   немесе лауазым  қызметін  орындау   байланыстары отырып  жұмыс  берушісі  жұмыскер ге  уақытылы  толық кµлемде  еңбек  ақысын  тµлеуге,   жұмыс  жағдайлармен   қамтуға   сол сияқты   шартпен,  «Еңбек туралы» заңы және ұжымдық  шартпен  қарастырылған  жағдайларды  қамтиды.

Жеке еңбек  шарты  тараптары.

Жоғарыдағы   анықтамаға   байланысты Қазақстан Республикасының  «Еңбек туралы» заңының 1 бабы бойынша  еңбек шарты  екі  тарап  арасында   жасатындығын  байқаймыз.  Бір  тарап  жұмыскер  ретінде  шартқа  отырған  жеке  тұлға, екінші тарап ретінде  жұмыс беруші    түседі.

Кей жағдайларда екі  тарап   ретіндеде  азаматтар   бола алады,   мысалы, үй-жұмыстарына  жалдау,   жеке хатшы, қорғаушы  т.б.

Жеке еңбек шарты  тараптары  ретінде  шетел   азаматтары  және азаматтығы  жоқ  тараптар қатыса  алады. («Еңбек туралы» заңының 3 бабы)

Жеке еңбек  шартының   мазмұны.

Шарт мазмұны деп -  шартта  қалыптастырылатын  тараптардың   жағдайын   айтамыз.  Олар   екіге  бµлінеді:  тараптардың   µздері   қалыптастырған   және нақты  қарастырылған болып. ЖЕШ бірінші   жағдайға  ішкі еңбек   шарты мен  нормативтік   құқықтық   актілер  бекіткен  жағдайларды  айтамыз (мысалы, еңбек   ақы кµлемі,   демалыс  мерзімінің   ұзақтығы). Ал тараптардың   µздері  анықтаған  шарттар  екіге   бµлінеді: біріншісі,  қажетті, яғни  бұл жағдайлар   болмаса шарт  құрылмаған  болып   есептеледі,  ал, екіншісі, қосымша, яғни ЖЕШ қосымша   енгізу  негізімен   тығыз байланысты.

Жеке еңбек  шартының  мерзімі.

«Қазақстан Республикасы еңбек туралы»  заңның  10 бабына  сәйкес   жеке еңбек шарты:

    • Белгілі мерзімге   жасалады;
    • Уақытты   кµрсетілмейді;
    • Белгілі бір   жұмысты  орындау  уақытына  байланысты;
    • Уақытша жоқ адамның  орнына жұмыс  істеуге  байланысты  бекітіледі;

Тәжірибеде  ҚР жеке еңбек  шартын  белгілі  бір мерзімге, бір жылдан  ұзақ   емес  мерзімге  кµбінесе  коммерциялық  ұйымдардың  жұмыс берушілері   µз бастамалары   бойынша   бекітеді. 

1.4.Жеке  еңбек шарты мен мердігерлік   шартының

ара  қатынастары

Жұмыскерлер   шынымен  де   тәжірибеде  «жеке еңбек  шарты» мен «мердігерлік  шарт», «еңбек келісімі» терминдерінің  арасындағы  елеулі ерекшеліктерді  кµрмейді. Мәні  бойынша  бірдей,   жұмыскер мен  ара қатынасты  рәсімдейтін  құжат  бір  кәсіпорында   «жеке еңбек шарты   немесе еңбек  келісім  шарты», деп аталса,     келесі бір кәсіпорындарда «мердігерлік шарт»,  ал енді бір кәсіпорындарда  «еңбек  келісімдері» деп аталып   жүргендері  жиі кездеседі.  Енді осы қатынастарға  байланысты  азамат   пен   кәсіпорынды қандай  қатынастар  (еңбектік  немесе  еңбектік емес) байланыстыратындығы туралы,   қандай  шарт  жасалды  деген  сұраққа  жауап  беру  үшін  құжат  мазмұнын,  тараптар  арасындағы  қатынастардың   деректі   сипаттамасын   зерделеу арқылы түсінеміз.

Соған   қарамастан   жеке еңбек   шарты мен   мердігерлік шарт арасындағы айырмашылықтарды  байқауға  болады.  Тараптардың  ара  қатынастары   әртүрлі  құқық  салаларымен   реттеледі,   жеке еңбек   шартын  бекіткенде -  еңбек заңдарымен,   ал  мердігерлік   шартты   бекіткенде – азаматтық  заңдармен  реттеледі. Шарт тараптарының   құқықтары мен   міндеттерінің   кµлемі,   сипаты   жағынан,  шартты   бұзу  тәртібі   және басқа   да   салдарларынан   айырмашылықтар  бар.

Сондықтан   жұмыскермен  ара   қатынастарды   дұрыс   рәсімдеу керек.

Шарттың   аты   мазмұнына  сай   келу  үшін,   жұмыскер мен  ара қатынасты дұрыс рәсімделуі   керек. Ол үшін   жеке еңбек  шарты мен   мердігерлік   шарттың  ерекшеліктерін нақты   ажырата  білу керек.

Жеке еңбек  шартының мазмұны

1. Жеке еңбек шартында:

  1. тараптардың реквизиттерi: 

жұмыс берушi - заңды тұлғаның толық атауы және орналасқан жерi, жұмыс берушi - заңды тұлғаның құрылтай құжаттарының мемлекеттiк тiркеу нөмiрi мен уақыты;  
      жұмыс берушiнiң (оның өкiлiнiң) тегi, есiмi, әкесiнiң аты (егер жеке басын куәландыратын құжатта көрсетiлсе) және қызметi, ал жұмыс берушi - жеке тұлға болған жағдайда оның тұрақты тұрғылықты жерiнiң мекен-жайы, жеке басын куәландыратын құжаттың атауы, нөмiрi, берiлген күнi;  
      қызметкердiң тегi, есiмi, әкесiнiң аты (егер жеке басын куәландыратын құжатта көрсетiлсе), жеке басын куәландыратын құжаттың атауы, нөмiрi, берiлген күнi; әлеуметтiк жеке кодының нөмiрi (ӘЖК), салық төлеушiнiң тiркелу нөмiрi    

Информация о работе Жеке еңбек шарты