Тұлғаны рухани – адамгершілікке тәрбиелеу

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 08 Апреля 2014 в 18:40, курсовая работа

Краткое описание

Рухани-адамгершілік тәрбиесі өзіндік сананы дамытуға жағдай жасауды, жеке тұлғаның әдеп ұстанымын, оның қоғам өмірінің нормалары мен дәстүрлерімен келістірілетін моральдік қасиеттерін және бағдарларын қалыптастыруды болжайды. Рухани-адамгершілік құндылықтармен білім жүйесін дамытып қалыптастыру [1] жаңа қоғамның дамуындағы мәні зор, маңызды бағыт.

Содержание

Кіріспе 3 -бет
I Негізгі бөлім 4 -5 бет
ІІ Практикалық бөлім
2.1. Рухани-азаматтық тәрбие туралы ұлы ойшылдардың көзқарасы 6-7 бет
Бастауыш сынып оқушыларының бойында рухани-азаматтық
тәрбиені қалыптастыру жолдары 8-10 бет
Бастауыш сынып оқушыларына рухани-азаматтық тәрбиені дарыту бағыттары.. 11-13 бет
Сабақ барысында рухани-азаматтық тәрбие бағыттары. 14-16 бет
Қорытынды 17 бет
Әдебиеттер 18 бет
Қосымша 19 бет

Прикрепленные файлы: 1 файл

rukhani-adamgershilik-tarbie-makenova-gu2012-510be65f09341.doc

— 133.50 Кб (Скачать документ)

5. Ақын Біржан                        →    сАл             ←         Кір

6.Өлі  сөзінің  синонимі          →      Тірі           ←         Сүтті     ...іп алма

7.Ер қанаты -                          →      аТ               ←         Біреудің ала жібін    ат...ма

8. ... азығыңды жаз  жина          →  қЫс            ←          басқан жері ...ырлап келіп қалды

9. Қойдың жүнін                 →  қырыҚ               ←         40

Азаматтық сөз жұмбағын шешіп болғаннан кейін оқушылар «Азаматтық сөзін қалай түсінесің?» деген сөзге топтастыру әдісін ұсынуға болады.

    Әдебиеттік оқудағы  Сәкен Жүнісовтың «Кімнің мекені  жақсы» шығарманың негізгі ойы-дүниедегі ең бір жақсы мекен, жайлы қоныс -әркімнің өз мекені, өз жері екені соңғы сөйлемде тұжырымдалған. Оқушыларды шығармадағы жән-діктердің әрекеті-ақ ойландырады. Әсіресе борсыған иісі бар шалшықта жалғыз аяғымен қаздиып тұрған көкқұтанның - «Иісі қандай жақсы-көкірегіңді ашады. Суы қандай тәтті-жер татиды . Батпағы қандай жұмсақ – нағыз май батпақ» -деген жауабы таңдандырады. Осы шығарманы бір ғана мақалмен қоры-тындылауға болады.   «Әркімнің өз үйі-өлең төсегі», немесе «туған жер-алтын бесік». Осындай шығармалар бастауыш сынып оқушыларының бойында адал-дық, әділеттілік, мейірімділік пен қайырымдылық, табандылық пен қайрат-тылық, намысшылдық, азаматтық, ержүректілік сияқты асыл қасиеттерді сіңі-руге көмектеседі. Осы тектес ізгі қасиеттерді бойына жинаған әр оқушы өз Ота-нының гүлденуіне үлес қосып, рухани адагершілігі мол, патриоттық  азаматы болып тәрбиеленеді.

      Бүгінде  мектептерде «Өзін-өзі тану» пәні  жүргізіледі. «Бөбек» қорының Президенті  Сара Алпысқызы Назарбаева білім  берудегі жаңа көзқарас – адам-гершілік-рухани ағартудың авторы болып табылады. «Өзін-өзі тану» пәні - жас ұрпақтың қабілеті мен мүмкіндігін жан-жақты ашып, рухани-азаматтық, адам-гершіліктің биігіне көтеретін білім беру үлгісі. Сара Алпысқызы атап өткендей, “Әр баланың қабілетін ашу, өзіне жол табуы, өзінің күш-жігеріне сенуі өзінің өмірдегі орнын анықтау үшін өте маңызды. Әлемде Махаббат пен Мейірімділік аурасын жасай отырып қайырымдылық пен махаббат жүректен жүрекке жетуі тиіс, яғни әрбір баланың, оқушының, студенттің, ата-ананың жүрегіне жылылық нұрын ұялатуда әрқайсымыздың орнымыз ерекше» деген еді. Сондықтан баланы адамгершілікке тәрбиелеу ісіне күш-жігерді жұмылдырудың мәні зор.  1-сыныпта өткен өзін-өзі тану пәнінен өткен «Шыншылдық-адамдықтың бел-гісі» тақырыбын алатын болсақ,    бұл сабақта  оқушыларды шыншыл болуға, адалдыққа тәрбиелеу; өзара қарым-қатынас жасау іскерліктерін дамыту; шын-дық пен өтірікті ажырата білуге үйрету; өз ойын айтуға машықтандыру;

«Шыншылдық-адамдықтың белгісі»  сабағының үлгісі:

- Балалар, мен сендерді бүгінгі сабақта көргеніме қуаныштымын. Ендеше, сен-дерді шаттық шеңберіне шақырамын. Сендерді түрлі сыйлықтар күтіп тұр. Менің қолымда түрлі-түсті жүрекшелерге толы. Есімізге түстерін сақтайық. Олар адамның құнды қасиеттерін білдіреді екен.

 

Қызыл-адамгершілік                      көгілдір –сүйіспеншілік

жасыл- әдептілік                          сары  – адалдық

қызғылт- мейірімділік                  көк- ізеттілік

ақ- мейірімділік

 

- Балалар, осы жүрекшелерді  алып, биікке ұшыруға тырысайық.

- Қараңдаршы, қандай керемет! Сынып іші құнды қасиеттерге  толы.

- Балалар, бұл түрлі-түсті  қағаздан жасалған жүрекшелердің  ұшқанын неге ұқсаттыңдар?

( Әр оқушы өз ойын  айтады.) Ондай болса, бәрімізге мейірімділік  жылуын сыйлайтын күнмен сәлемдесейік.

Сәлем, күн-анамыз! (қол жоғарыда)

Қуанатын күн бүгін! (қол ұстасады)

Қайырлы таң, қайырлы күн! (қол көкіректе)

Күліп шықты күн бүгін! (қол жоғарыда)

 

ІІ  Топтармен танысу. Әр топ өз тобының аты және ұранымен таныстырады.

ІІІ  Кітаппен жұмыс.

 Ертегіні түсініп, мәнерлеп, тізбектеп оқу. әр оқиғадан кейін кідіріс жасап, сұраққа жауап беру.

1-сұрақ.

-Балалар, сендер қалай  ойлайсыңдар, түлкі шын айтып  тұр ма?

2-сұрақ.

  -Түлкінің әрекеті  дұрыс па?  Әр топ өз ойын  айтады.

«Өтірікке алданба, басың бәлеге душар болар» деген осыдан қалыпты.

 

ІY Тыныштық сәті. Музыка тыңдай отырып, еркін тыныс алып, бақытқа, махаббат пен тыныштыққа толы таза, шипалы ауаның тұла бойларыңа толғанын сезініңдер.                                               

 Дәйексөз                           «Өтірік өрге баспайды»

-Балалар, адам өтірік  айтқанда өтірігін біліп қоя  ма, деп қиналады. расында, өтірік  ұзаққа бармайды, шындық қашанда  жеңіп шығады да, өтірік айтқан  дам жеңіп шығады.

Y Дәптермен жұмыс.

Дәптердегі «Шындық» пен «өтірік» неге жеткізеді? Соларды анықтап, түзу арқылы бағыттап қос.

YІ Жағдаяттарды талдау

1-жағдаят. Нұрсәуле анасының  жақсы көретін моншағын үзіп  алды.

2-жағдаят. Анасы айбарға  балыққа жем ал деп ақша  берді, ол ақшаны ойыншыққа жұмсады.

 

 

YІІ «Жүректен –жүрекке»

      «Шындық шыңында» от лаулап мәңгі жанады, өйткені ол шындық. Шындық оты жүрегімізде лаулап тұр,  шеңбер құрып, қолдарымызды көтерейік те, бір-бірімізге алақанымызды жақындатайық, шындық «жалынын» сезінейік.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Қорытынды

     Қорыта келгенде, бастауыш сынып оқушыларының рухани-азаматтық қа-сиеттерін қалыптастыру арқылы толыққанды жетілген адамзат тәрбиелеуге болады. Рухани қасиет пен білім беруде адам дамуының рухани үйлесімділігін түйсінуді қамтамасыз етеді.

     Елбасы  өз сөзінде: «Еліміздің  ертеңі бүгінгі жас ұрпақтың қолында, бола-шақты білімді ұрпақ айқындайды, ал жас ұрпақтың тағдыры ұстаз қолында»  деп  атап көрсеткендей, бастауыш сынып оқушыларының рухани-азаматтық қасиеттерін қалыптастыру арқылы толыққанды жетілген адамзат тәрбиелеуге болады. Сондықтан келер ұрпақты тәрбиелеу мен білім беру өзегі ұлттық құн-дылықтар негізінде рухани-адамгершілік өсиетін қалыптастыруда  жатыр деп түсінемін және ол кезек күттірмейтін мәселе.  Жас ұрпақты рухани-азаматтыққа тәрбиелеу қай елдің, қай кезеңнің болмасын маңызды мәселесі болып келгеніне көз жеткізуге болады. Ендеше, оқушыларға  халқымыздың рухани байлығын, мәдениетін, дәстүрін, терең таныстырып, ойшылдарымыздың ой-пікірлерін оқу-тәрбие ісінің тірегіне айналдыру, яғни, рухани-азаматтық тәрбиенің жа-ңарған жүйесін жасау-бүгінгі күннің өзекті мәселесі.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

4. Әдебиеттер

 

 Бастауыш мектеп   №2,4   2007ж;   

                                 №4, 2010ж;    

                                 №3,4,5,6,12   2011ж;

                                 №3,7      2012ж

 

   Ақиқат  №7,  2012ж

 

  Қазақстан мектебі  №4 2007ж;   №1, 10, 11     2011ж

 

  Ұлағат   №1 2012ж

 

  Қазақстан тарихы (әдістемелік  құрал)   №1  2010ж

 

  Қазақ тарихы №1 (112)  2012ж

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Пікір

   Гүлмира Уахитқызы  Макенованың «Бастауыш сынып оқушыларының рухани-азаматтық тәрбие бағыттары» атты баяндамасында рухани-азаматтық тәрбиенің бағыттары, оқушы бойында оны дарыту жолдары ашып көрсе-тілген. 

Рухани-азаматтық тәрбиенің негізгі мақсаты- оқушыларда қоғамдық ізгі мұраттарды, отансүйгіштік сезімін, адамгершілік қасиетін, бейбітшілікке ұмтылысын, қоғам игілігіне еңбек ету қажеттілігін тәрбиелеу. Осы мақсатқа жету жолында мұғалім сабақ барысында, тәрбие сағаттарында рухани-азаматтық тәрбиенің бағытарын қолдана отырып, оқушыларды рухани-азаматтық қабілеттерін қалыптастыруда.

 Рухани адамгершілігі мол азаматты тәрбиелеу жұмысы өз алдына бірқатар міндеттер қойған:

  • Мемлекеттік тілді оқыту;
  • Ұлттық мәдени мұраны игеру;
  • Қазақстан Республикасы рәміздерін құрметтеу;
  • Қазақ халқының тарихын терең меңгеру;
  • Салт-дәстүрлерді қастерлеу, мәдени рәсімдерді орындай білу. Осы міндеттер жалпы адамзаттың және  ұлттық мәдениетті бойына сіңіре білген рухы биік, жігерлі, нағыз отансүйгіш білімгер тәрбиелеудің жаңа жүйесін қалыптастыру мақсатына бағытталған.

 

 

Директордың оқу жөніндегі  орынбасары:   А.Қ.Қалиева.

 

 

 

 

 

№26 жалпы орта білім беретін қазақ мектебі

 

 

 

 

 

Тамыз конференциясында  оқылған баяндама

Бастауыш сынып оқушыларының рухани – азаматтық тәрбие бағыттары.

 

 

   

                                                                          Бастауыш сынып мұғалімі:

Гүлмира Уахитқызы  Макенова

 

 

 

 

 

 

 

 

Екібастұз қаласы

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 


Информация о работе Тұлғаны рухани – адамгершілікке тәрбиелеу