Тұлғаны рухани – адамгершілікке тәрбиелеу

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 08 Апреля 2014 в 18:40, курсовая работа

Краткое описание

Рухани-адамгершілік тәрбиесі өзіндік сананы дамытуға жағдай жасауды, жеке тұлғаның әдеп ұстанымын, оның қоғам өмірінің нормалары мен дәстүрлерімен келістірілетін моральдік қасиеттерін және бағдарларын қалыптастыруды болжайды. Рухани-адамгершілік құндылықтармен білім жүйесін дамытып қалыптастыру [1] жаңа қоғамның дамуындағы мәні зор, маңызды бағыт.

Содержание

Кіріспе 3 -бет
I Негізгі бөлім 4 -5 бет
ІІ Практикалық бөлім
2.1. Рухани-азаматтық тәрбие туралы ұлы ойшылдардың көзқарасы 6-7 бет
Бастауыш сынып оқушыларының бойында рухани-азаматтық
тәрбиені қалыптастыру жолдары 8-10 бет
Бастауыш сынып оқушыларына рухани-азаматтық тәрбиені дарыту бағыттары.. 11-13 бет
Сабақ барысында рухани-азаматтық тәрбие бағыттары. 14-16 бет
Қорытынды 17 бет
Әдебиеттер 18 бет
Қосымша 19 бет

Прикрепленные файлы: 1 файл

rukhani-adamgershilik-tarbie-makenova-gu2012-510be65f09341.doc

— 133.50 Кб (Скачать документ)

 

                                                Мазмұны

 

    Кіріспе                                                                                                            3 -бет

   I  Негізгі бөлім                                                                                           4 -5 бет                                                                                                             

   ІІ  Практикалық бөлім                                                                                   

2.1. Рухани-азаматтық тәрбие туралы ұлы ойшылдардың көзқарасы     6-7  бет                                                                                                                                                                     

    1. Бастауыш сынып оқушыларының бойында рухани-азаматтық

      тәрбиені қалыптастыру жолдары                                                       8-10  бет                                                                                                                                                                                                                              

    1. Бастауыш сынып оқушыларына рухани-азаматтық тәрбиені дарыту бағыттары..                                                                                            11-13 бет                                                                                                                                                                            
    2. Сабақ барысында рухани-азаматтық тәрбие бағыттары.                 14-16 бет        
  1. Қорытынды                                                                                                 17 бет                                                                                                      
  2. Әдебиеттер                                                                                               18   бет                                                                                                                     
  3. Қосымша                                                                                                 19   бет                                                                                                               

                                                      

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

                                                      Кіріспе.                                                                                 

                                                                    Ұлттық  рух бойымыздан жоғалған

                                                                   Қашан, қалай оралары белгісіз.

                                                                   Күзде  талдай   жапырағы тоналған

                                                                       Ұрпақ   жайын  ойланыңыз енді сіз... 

  

       Елбасы  өз сөзінде: «Еліміздің  ертеңі бүгінгі жас ұрпақтың қолында, бола-шақты білімді ұрпақ айқындайды, ал жас ұрпақтың тағдыры ұстаз қолында»  деп  атап көрсетті.   Қазіргі таңдағы мақсатымыз жаңа кезеңде жас  ұрпақты тәрбиелеудегі актуалды мәселелерді тиімді шешілуін ұйымдастыру.Еліміздің болашағы - ұрпақ тәрбиесінде. Бүгінгі  таңда оқушыға әлемдік ғылым мен про-гресс деңгейіне сәйкес білім мен тәрбие беру, оның рухани байлығы мен мәде-ниеттілігін, ойлай білу мүмкіндігін жетілдіру, сонымен қатар әр адамның кәсіби біліктілігі мен  білімділігін, іскерлігін арттыру әділетті  қоғамның міндеті  бо-лып табылады.

   Елбасының «Қазақстан-2030» басты  стратегиялық жоспарында халықтың рухани жаңаруына ерекше маңыз берілген.  Сондықтан жан-жақты жетілген, дүниесі бай, белгілі дәрежеде ғылыми білім жүйесін игерген және оны баға-лай, талдай алатын, өзге  халықтардың тарихын, мәдениетін, тілін меңгерген, өздігінен денсаулығын нығайтуға, адамгершілік қасиеттерін, эстетикалық тал-ғамын дамытуға ынтызар, өмірдің қилы кезеңдерінде  дербес еңбек етуге даяр ұрпақты тәрбиелеу - ең басты өзекті мәселе.  

    ХХІ ғасырдың табалдырығынан аттаған Қазақстан әлемнің дамыған елдері-нің қауымдастығына жалпы  әлемдік, саяси-қоғамдық, әлеуметтік-экономика-лық және әлеуметтік-мәдени құрылымдарға кіруге бет алды. Сондықтан еліміз-дің туын биікке көтерер  келер ұрпақтың білімді, білікті, ұлтжанды, жоғары мәдени, биік адамгершілік пен рухани қалыптасқан ұрпақ тәрбиелеу- адамзат алдындағы басты міндет.

    Қазақстан Республикасының   білім беруді дамытудың 2011-2020 жылдарға арналған Мемлекеттік бағдарламасында оқушылардың бойында белсенді аза-маттық ұстанымды, әлеуметтік жауапкершілікті, отансүйгіштік сезімді, жоғары адамгершілік және көшбасшылық қасиеттерді қалыптастыру басты назарға алынған.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

                                                     І  Негізгі бөлім.

     Қазақстан  Республикасының тәуелсіз мемлекет  мәртебесіне ие болуы, білім беру және мемлекеттік жастар саясаты туралы заңдардың қабылдануы жастар тәрбиесі  мәселесіне жаңаша ойлаумен қарауды талап етеді. Қазақстан Респуб-ликасының орта білімді дамыту тұжырымдамасында «Тәрбие үрдісінде қазақ-стандық патриотизм, гуманизм, адамгершілік  идеяларын қалыптастыру не-гізінде құру керек» деп баса  көрсетті. Бала бойына адамгершілік тәрбиесін сіңіру мақсатында жалпы педагогтардың іс-тәжірибесінде қолданылып жүргені бәрімізге аян. Өздеріңізге белгілі қазіргі жаһандану үрдісінде елімізде бәсекеге қабілетті ұрпақ тәрбиелеу басты назарда болып отыр.Ал адамның жан қазы-насын, адамгершілік болмысын қалыптастыру да, кей адамдардың түрлі жағ-дайлармен бір-бірін түсінбеуі де сіз бен бізді толғанырады.  Өйткені біз сол қоғамның ішіндеміз, яғни оның мүшесіміз. Иә, бұның бәрі шындық десек артық болмас. Бәсекеге қабілетті ұрпақты жан-жақты қылып тәрбиелеу үшін алдымен жан қазынасының негіздерінің бірі, сенімділік пен шындықтың бастауына үңілу керек шығар.

       Оқыту,білім  беру,тәрбиелеу - баланың ішкі жан – дүниесінің біртіндеп да-муына әсер ететін, түрткі болатын, жағдай жасайтын, оларды іске асыратын сыртқы факторлар екені анық. Еліміздің ертеңі, ұлтымыздың болашағы – бү-гінгі мектеп қабырғасында отырған бүлдіршіндер екені мәлім. Олардың қамын ойлау  баршамыздың парызымыз. Кез- келген мектептің мақсаты мен мұраты  өркениетті елдердің қатарынан көріну,жер мен жер байлықтарын ысырапқа сал-май игере білетін ұрпақ тәрбиелеу. Ол үшін бүгінгі жас ұрпаққа сапалы білім мен саналы тәрбие бере отырып, елдің өткенін, ұлттың тарихын, мәдениетін, салт-дәстүрін, табиғат ерекшеліктерін етене таныстыру қажет. «Тәрбиесіз бе-рілген білім адамзаттың қас жауы, келешекте оның өміріне опат әкеледі,  адам-ға ең бірінші керегі тәрбие» - деп Әл-Фараби айтқандай, педагогика ғылымы-ның зерттейтін негізгі мәселелерінің бірі- тәрбие.   

       Ұрпаққа  берілетін ең өзекті идеясына  халықтың адами қасиеттері тұғыр  бо-луы тиіс. Қай халық болсын өзіне ғана дараланып тұратын ерекшелігінің бірі-тәрбие.Тәрбие- мәңгілік және адамзаттық... Бұл ерекшеліктер ғасырдан ғасыр-ға, ұрпақтан ұрпаққа мирасқа қалып отырады. Тәрбие – халықтың ғасырлар бо-йы  жинақтап, іріктеп алған озық тәжірибесі мен ізгі қасиеттерін жас ұрпақтың бойына сіңіру, баланың қоршаған ортадағы қарым-қатынасын, дүниетанымын өмірге деген көзқарасын және соған сай мінез-құлқын қалыптастыру.

       Тәрбие-халықтың  ғасырлар бойы жинақтап, іріктеп  алған озық тәжірибесі мен  ізгі қасиеттерін жас ұрпақтың  бойына  сіңіру, баланың қоршаған ортадағы қарым-қатынасын, дүниетанымын өмірге деген көзқарасын және соған сай мі-нез-құлқын қалыптастыру. Тәрбиенің негізгі мақсаты – дені сау, ұлттық  сана- сезімі оянған, рухани дәрежесі биік, мәдениетті, парасатты, ар-ожданы

мол, еңбекқор,іскер,бойында басқа да игі қасиеттер қалыптасқан адамды  тәрбиелеу. Тәрбиенің негізгісі – ол ғибратты, ғұмырлы, ғасыр бойы бойымызға салт-дәстүрмен берілген - ұлттық педагогика. Небір ғасырлар шектеулі шеңбер аясынан шырмауықтай  шырмалып шыға алмай келген ұлттық тәрбиенің жаңа талапқа сай жаңғыртып, жаңартып өскелең жас ұрпаққа толыққанды тайға таң-ба басқандай жеткізсек, таптырмас тағлым болары сөзсіз.

    Рух дегеніміз – мәңгі шексіз, махаббат пен мейірімнен тұратын, әр адамның ой, сөз, ниет, пиғыл, іс-әрекетіне, өмірлік рухани ұстанымдармен тікелей бай-ланысты, таза сана мен ақыл, күш-қуат, бірлікке негізделген ғаламдық, өрістік- ақпараттық жүйе.                                              

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

                               ІІ Практикалық бөлім

     2.1. Рухани-азаматтық тәрбие туралы  ұлы ойшылдардың көзқарасы.          

      Азаматтық, рухани-азаматтық тәрбиені оқушылардың  бойына сіңіру қанша-лықты маңызды екендігі жөнінде ғалымдарымыз өз зерттеулерінде айтып, ол туралы құнды –құнды  ой-пікірлерін қалдырды. Қазақ халқының арғы тарихы-мен байланысты жеткен жазбаша деректердегі А.Құнанбаев, Ы.Алтынсарин, Ш.Уалиханов, еңбектеріндегі оқу, білім, рухани-адамгершілік, тәлімдік ой-пікірлер және жазықсыз жапа шеккен зиялылар А.Байтұрсынұлы,М.Дулатов, Х.Досмұхамбетов, М.Жұмабаев, Ж.Аймауытов халықтық тәрбиенің ұлттық  не-гіздері жөніндегі ой-пікірлері, аса құнды еңбектері бар.  Ғасырлар бойы рухани тазалық заңдарын дәстүрлі, шежірелік деңгейде сақтап келген халқымыздың ақыл-ой, есте сақтау қабілеті жоғары болып, сөз қадірін біліп, небір үлкен дас-тан, жырларды ауыз әдебиеті негізінде ұрпақтан ұрпаққа қағазға  түсірмей жет-кізе білген. Өткен ғасырдағы педагогика тарихына көз жіберсек, Әл-Фараби, Ибн Сина, Фердауси, Ж.Баласағұн, Я.А.Коменский, И.Г.Песталлоций, К.Д.Ушинский, А.С.Макаренко, Н.Г.Чернышевский, Н.А.Добролюбов, Л.Н.Толстой сияқты ойшыл-оқымысты ғалымдардың бірде-бірі рухани-азамат-тық құндылықтарды қалыптастыру мен дамытудың мәні мен маңызына көңіл бөлмей өткен емес.   Аты аңызға айналған Бауыржан Момышұлы:  «Жаудан да, даудан да қорықпаған қазақ едім, енді қорқынышым  көбейіп жүр.

-   Біріншісі балаларын бесікке бөлемеген, бесігі жоқ елден қорқамын.

-   Екінші немересіне ертегі айтып беретін әженің азаюынан қорқамын.

-  Үшінші, дәмді, дәстүрді сыйламайтын балалар өсіп келеді, содан қорқамын» деген.  Атамыздың осы қорқынышын болдырмайтын, бесік жыры үнінің құді-ретіне тәнті болып өсетін баланың тәрбиеленуіне, ертегіні құмарта тыңдап, оның қызығына тамсана білетін жеткіншектің көбеюіне, дәстүрімізді сыйлай-тын намысты ұл мен қыздың өсуіне тірек болатын тәрбие  ұлттық  мінез, ұлт-тық қабілетіміздің ажарлануына жол ашады.

        Елбасы  Н.Ә.Назарбаевтың «Тарих толқында»  еңбегіндегі «Мағжанның   жүрек тебірентерлік мөп-мөлдір лирикасы, Мұхтардың эпикалық көркем про-засы, Шоқанның барша әлемді таңқалдырған жаңалықтары, ұлы Абайдың түп-сіз терең философиялық толғаулары сияқты осынша мол ұлттық құндылықта-рымыз әрбір адамның ішкі жан дүниесін рухани байытып, сана-сезімін шарық-тата көтеретініне күмән келтіре алмайсың» деген салиқалы сөздер біз көтеріп отырған мәселені шешуде ұлттық құндылықтарды тиімді пайдалану керектігін көрсетеді. 

     А.Байтұрсынұлы «Атадан балаға мирас болып екі ақ нәрсе қалады, бірінші – бай тіл, екінші – байтақ жер» – деп жазған. Патриотизмнің маңызды өлшем-дерінің тіл қазақ зиялылары,  әсіресе А.Байтұрсынұлы қазақ тілінің отансүйгіш-тікке тәрбиелеудегі  роліне мән берген. Оның пікірінше, тіл адамның ұлттық ерекше белгісі, қоғамдық өмірдегі қарым-қатынаста қолданылатын ұтымды қа-рудың бірі.

    2500 жыл бұрын өмір сүрген Конфуции «әр нәрсені өз кезінде орындау өмі-ріңді рахатқа кенелтіп, барша тіршілікке тән өрлеу заңының жетілуіне әкеледі».   В.Г.Белинский: «Тәрбие  -  ұлы іс, тәрбие арқылы адам тағдыры шешіледі» десе, Д.И.Менделеев: «Тәрбиесіз білім –есуастың  қолындағы қылыштай» де-ген болатын. Тәрбиенің маңыздылығы сондай, біздің болашақ  ұрпағымыз тәр-биеден ғана  рухани байлық алып, тәрбие арқылы  ғана  адам болып қалыпта-сады.   Біздің мақсатымыз - оқушыларымызды мүмкіндігінше жан-жақты тәр-биелеу. М.М.Пришвиннің сөзін келтірсек, «Оқушы –жастарымыз  дұрыс тәр-биеге наннан да артық  душар». Егер жабайы аңдар Адамға мейірімділік көр-сетсе, адамдар неге бірін- бірі тәрбиелемеске?  Жаңа білім парадгимасы бірінші орынға баланың білімін, білігі мен дағдысы емес, оның  тұлғасын, білім алу арқылы дамуын қойып отыр. Я.А.Коменский «Тәрбиені мойындамау – адам-дардың, жанұяның, мемлекеттік және бүкіл әлемнің құруы» деген болатын.

      

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

2.2. Бастауыш сынып  оқушыларының бойында рухани-азаматтық  тәрбиені қалыптастыру жолдары.

      Рухани-азаматтық  тәрбие сәбидің бойында ең  алдымен, анасына, өз отбасы-на, үйіне,  туған жеріне деген жылы сезімнен бастау алатын, тұлға өскен сайын біртіндеп ұлт, халық, әлеумет, мемлекет  деңгейіне көтеріле беретін бүкіл ғұ-мырына жалғасып жатады. Мектеп қабырғасынан бастап, рухани адамгершілігі мол азаматты тәрбиелеу жұмысы өз алдына бірқатар міндеттер қойылады:

  • Мемлекеттік тілді оқыту;
  • Ұлттық мәдени мұраны игеру;
  • Қазақстан Республикасы рәміздерін құрметтеу;
  • Қазақ халқының тарихын терең меңгеру;
  • Салт-дәстүрлерді қастерлеу, мәдени рәсімдерді орындай білу [қосымша №1]

Информация о работе Тұлғаны рухани – адамгершілікке тәрбиелеу