Еңбекке уақытша жарамсыздыққа байланысты жәрдемақылар

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 12 Декабря 2013 в 21:33, реферат

Краткое описание

Еңбекке уақытша жарамсыздықты қызметкердің науқастануына, еңбек жарақатын алуына орай немесе заңдарда әлеуметтік деп танылған өзге де себептер орын алған жағдайда еңбекке қабілетінің жоғалуына немесе төмендеуіне байланысты өзінің еңбек міндеттерін орындай алмауы ретінде түсінуге болады. Еңбекке уақытша жарамсыздығына байланысты жәрдемақыны берудің мақсаты болып еңбекке қабілетті қалпына келтіру, сонымен қатар қызметкердің қызметтестерінің және оның отбасы мүшелерінің денсаулықтарын қорғау мақсаттарында созылмалы аурулардың, қызметкерде қандай да бір аурудың туындауының немесе дамуының алдын алу.

Содержание

1 Еңбекке уақытша жарамсыздықтың жағдайлары
2 Уақытша жарамсыздық қағазы
3 Өндірістік жарақат
4 Жәрдемақыларды төлеу мерзімдері
5 Жәрдемақының мөлшері

Прикрепленные файлы: 1 файл

еңбекке уақытша.docx

— 26.01 Кб (Скачать документ)

Заңдарда қайғылы оқиғаның өндірісте орын алуын растайтын  жалпы себептер анықталған.

Жұмыс беруші мердігерлік  және тапсырма шарттарына сәйкес жұмыс  істейтін жұмысшылар мен қызметкерлердің  денсаулығына жұмыс берушінің аумағында  және одан тыс жерде келген зиян үшін материалдық жауапкершілікте  болады. Басқаша айтар болсақ, егер қайғылы оқиға кезінде зардап шеккен тұлға кәсіпорынның өндірістік қызметімен байланысты болса және оның оқиға болған жерде болуы еңбек міндеттерін орындаумен байланысты болса, онда мұндай қайғылы оқиға өндірісте орын алды деп саналады.

Егер еңбек жарақаты жұмыс  берушінің қалыпты және қауіпсіз еңбек жағдайларын қамтамасыз етпеуі (еңбекті қорғау, қауіпсіздік техникасы, өндірістік санитария ережелерін сақтамау және т.б.) салдарынан орын алса, онда бұл  еңбек жарақаты жұмыс берушінің  кінәсінан туындады деп саналады.

Өндірістегі барлық қайғылы  оқиғалар есепке алынып, тергелуі тиіс.

Тергеудің мақсаттарының  бірі болып зәбір шеккен тұлғаны  еңбекке уақытша жарамсыздығына байланысты жәрдемақымен қамсыздандыру, сонымен қатар денсаулыққа келтірілген  зиянды өтеу табылады. Алайда, тәжірибеде қайғылы оқиғаны тергеу кезінде әртүрлі қиындықтар жиі орын алып жатады. Мысалы, «жұмысқа бару және одан келу жолы» ретінде жұмыс орнына бару немесе жұмыстан келу жаяу немесе көліктің кез келген түрінде қозғалуды білдіреді. Мұндай жағдайда жолдың бағыты емес, жұмысқа бару, не одан қайту фактісінің ғана заңды мәні болады.

Жұмыс берушінің келтірілген  зиян үшін жауапкершілігінің және оның кінәсінің дәлелі болып құжаттар мен куә көрсетулері, соның ішінде, мыналар табылуы мүмкін:

- өндірістегі қайғылы оқиға туралы акт;

- соттың үкімі, шешімі, прокурордың, анықтама және алдын-ала тергеу органының қаулысы;

- еңбекті қорғау жағдайына  және еңбек туралы заңдардың  сақталуына қадағалауды және  бақылауды жүзеге асыратын еңбек  инспекторының немесе өзге де  лауазымды тұлғалардың (органдардың)  денсаулыққа келтірілген зиянның себептері туралы қорытындысы;

- кәсіптік ауру туралы медициналық қорытынды;

- кінәлі тұлғаларға әкімшілік немесе тәртіптік шаралар тағайындау туралы шешім;

- әлеуметтік сақтандыру  органының жұмыс берушінің қызметкерге  немесе жұмысшыға еңбек жарақатына орай еңбекке уақытша жарамсыздығына байланысты жәрдемақы төлеуге шығындарды өтеуі туралы қаулысы.

Кәсіпорындар өндірісте зардап шеккен қызметкерлерге немесе қызметкер қайтыс болған жағдайда осы құқықты иеленуші тұлғаларға келтірген зиян үшін материалдық жауапкершілікте болады.

Кәсіпорын немесе оның құқықмирасқоры өндірістегі қайғылы оқиғаның немесе кәсіптік аурудың салдарынан еңбекке қабілетін толығымен не ішінара жоғалтқан қызметкерге немесе қызметкер қайтыс болған жағдайда осы құқықты иеленуші тұлғаларға келтірген зиян үшін бір жолғы жәрдемақы төлейді және қызметкердің денсаулығына не оның өлімімен келтірілген зиянды заңдарда көзделген тәртіпте және мөлшерде өтейді.

Бір жолғы жәрдемақының мөлшері ұжымдық шартпен және Қазақстан Республикасының заңдарымен анықталады және мыналардан кем болмауы тиіс:

- қызметкер өндірістегі қайғылы оқиғаның немесе кәсіптік аурудың салдарынан қайтыс болған жағдайда оның жылдық жалақысынан 10 еседен;

- еңбек жарақаты немесе  кәсіптік ауруының салдарынан  І немесе ІІ топ мүгедегі  деп танылған қызметкердің жылдық жалақысынан 5 еседен;

- еңбек жарақаты немесе  кәсіптік ауруының салдарынан  ІІІ топ мүгедегі деп танылған қызметкердің жылдық жалақысынан 2 еседен;

- қызметкерге мүгедектік  тағайындалмастан еңбекке қабілеттігі  жоғалды деп танылған кезде – оның жылдық жалақысынан.

Жылдық жалақыны есептеу  тәртібін Қазақстан Республикасының  Үкіметі анықтайды.

Егер қызметкер мұндай көмек түрлеріне мұқтаж деп танылса, кәсіпорын зәбір шеккен қызметкерге  емделуге, протездеуге, медициналық  және әлеуметтік көмектің өзге де түрлеріне  кеткен шығындарын өтейді. Қажет болған жағдайда кәсіпорын медициналық қорытындыға сәйкес зәбір шеккен қызметкердің кәсіптік сауығуын, қайта дайындықтан өтуін және жұмысқа орналасуын қамтамасыз етеді немесе осы мақсаттардағы шығындарды өтейді.

Еңбекті қорғау нормаларының талаптарын бұзғаны үшін кінәлі немесе қадағалау және бақылау қызметтеріне кедергі келтіруші лауазымды  тұлғалар заңдарда белгіленген тәртіпте әкімшілік, тәртіптік, материалдық  немесе қылмыстық жауапкершілікке  тартылады.

Сонымен қатар, қызметкерлер де еңбекті қорғау жөніндегі нормативтік құқықтық актілердің талаптарын бұзғаны үшін Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес жауапкершілікке тартылады.


Информация о работе Еңбекке уақытша жарамсыздыққа байланысты жәрдемақылар