Автор работы: Пользователь скрыл имя, 12 Декабря 2013 в 21:33, реферат
Еңбекке уақытша жарамсыздықты қызметкердің науқастануына, еңбек жарақатын алуына орай немесе заңдарда әлеуметтік деп танылған өзге де себептер орын алған жағдайда еңбекке қабілетінің жоғалуына немесе төмендеуіне байланысты өзінің еңбек міндеттерін орындай алмауы ретінде түсінуге болады. Еңбекке уақытша жарамсыздығына байланысты жәрдемақыны берудің мақсаты болып еңбекке қабілетті қалпына келтіру, сонымен қатар қызметкердің қызметтестерінің және оның отбасы мүшелерінің денсаулықтарын қорғау мақсаттарында созылмалы аурулардың, қызметкерде қандай да бір аурудың туындауының немесе дамуының алдын алу.
1 Еңбекке уақытша жарамсыздықтың жағдайлары
2 Уақытша жарамсыздық қағазы
3 Өндірістік жарақат
4 Жәрдемақыларды төлеу мерзімдері
5 Жәрдемақының мөлшері
Жоспар
1 Еңбекке уақытша жарамсыздықтың жағдайлары
2 Уақытша жарамсыздық қағазы
3 Өндірістік жарақат
4 Жәрдемақыларды төлеу мерзімдері
5 Жәрдемақының мөлшері
Еңбекке уақытша жарамсыздықтың жағдайлары
Еңбекке уақытша жарамсыздықты қызметкердің науқастануына, еңбек жарақатын алуына орай немесе заңдарда әлеуметтік деп танылған өзге де себептер орын алған жағдайда еңбекке қабілетінің жоғалуына немесе төмендеуіне байланысты өзінің еңбек міндеттерін орындай алмауы ретінде түсінуге болады. Еңбекке уақытша жарамсыздығына байланысты жәрдемақыны берудің мақсаты болып еңбекке қабілетті қалпына келтіру, сонымен қатар қызметкердің қызметтестерінің және оның отбасы мүшелерінің денсаулықтарын қорғау мақсаттарында созылмалы аурулардың, қызметкерде қандай да бір аурудың туындауының немесе дамуының алдын алу.
Еңбекке уақытша жарамсыздығына байланысты жәрдемақылар төмендегідей жағдайларда тағайындалады және төленеді:
- еңбекке қабілетін жоғалтумен байланысты ауру (жарақат) орын алған жағдайда;
- жүктілікті жасанды жолмен тоқтатқан кезде;
- отбасының науқастанған мүшелерін күту кезінде;
- карантин кезінде;
- туберкулезбен немесе
кәсіптік аурумен ауыруына
- өзге де жағдайларда.
Еңбекке уақытша жарамсыздығына байланысты жәрдемақылардың түрлері:
- қызметкердің еңбекке
қабілетінің жоғалуына не
- отбасы мүшесінің науқастануы және оны күтуге қажеттік туған кездегі;
- туберкулезбен немесе
кәсіптік аурумен ауыруына
- карантин кезіндегі;
- протездік-ортопедтік
- жүктілікті жасанды жолмен тоқтату кезіндегі.
Уақытша жарамсыздық қағазы
Еңбекке уақытша жарамсыздығына байланысты жәрдемақыларды тағайындау және төлеу үшін негіз болып белгіленген тәртіпте берілетін еңбекке уақытша жарамсыздық қағазы табылады. Еңбекке уақытша жарамсыздық қағазын жоғалтып алған жағдайда, жәрдемақы оның көшірмесі бойынша беріледі (Қазақстан Республикасының денсаулық қорғау істері жөніндегі агенттігі төрағасының 2000 жылғы 29 желтоқсандағы № 859 «Азаматтарға еңбекке жарамсыздығы туралы қағаздарды беру ережелерін бекіту туралы» бұйрығы).
Еңбекке уақытша жарамсыздық қағазы (аурухана қағазы) еңбекке уақытша жарамсыздығына байланысты жәрдемақы төлеуге негіз болып табылатын жалғыз қаржылық құжат болып табылады. Ол үш функцияны атқарады:
1. есеп, бақылау және статистикалық есеп беру;
2. еңбек міндеттерін орындаудан уақытша босату;
3. еңбекке уақытша жарамсыздығына байланысты жәрдемақы алу құқығын береді.
Еңбекке уақытша жарамсыздық қағазы, стационарлық емдеу мекемелерінде емделген кездерді есептемегенде, еңбекке уақытша жарамсыздық анықталған күні беріледі.
Әртүрлі емдеу мекемелері бере алатын анықтамалар еңбекке уақытша жарамсыздығына байланысты жәрдемақы алу үшін негіз бола алмайды.
Өндірістік жарақат
Еңбекке уақытша жарамсыздық
қағазында бекітілген еңбекке қабілетінен
айырылу тек аурудың
Өндірістегі қайғылы оқиғаның нәтижесінде орын алған еңбекке уақытша қабілетсіздікке байланысты жәрдемақы әлеуметтік қамсыздандыру жекелеген түрі болып табылады.
Еңбек жарақаты ретінде өндірістегі қайғылы оқиғаның нәтижесінде қызметкердің денсаулығына келтірілген зақым танылады. Еңбек жарақатының өзіне тән белгілері болып әртүрлі механикалық (зақым, жарақат, контузия, аяқ-қолдың сынуы, күю және т.б.), химиялық (улану, химиялық күю және т.б.), жылулық (күю, үсу және т.б.) әсер етудің нәтижесінде денсаулыққа зиян келудің және еңбекке қабілеттің жоғалуының аяқ асты болуы табылады.
Өндірістік жарақат – еңбекке қабілеттің жоғалуының кең таралған себептерінің бірі. Өндірістегі қайғылы оқиғалар қызметкерлер денсаулығының толық немесе ішінара жоғалуына әкеп соғады. Өкінішке орай, өндірістік жарақат алғандардың саны азаятын емес.
Өндірістік жарақаттардың себепетері өте көп, бірақ олардың ішінде ең кең таралғаны – қауіпсіздік техникасының және жұмыс орындарында еңбекті қорғаудың бұзылуы, сонымен қатар жабдықтардың тозуы және ескіруі, еңбек және өндірістік тәртіптің төмен деңгейі. Жұмыссыздық кең етек алған қазіргі жағдайда қызметкер жұмысынан айырылып қалу қаупінен қорқып, еңбектің қауіпсіз жағдайлары қамтамасыз етілмеген жұмыстарды орындауға да келіседі.
Көптеген жұмыс берушілер табысты арттыру мақсатында еңбекті қорғауға қатысты қаражатты үнемдеп қалғысы келеді, еңбекті қорғау мәселелерін шешуді оған құзыретті емес тұлғаларға жүктейді.
Жәрдемақыларды төлеу мерзімдері
Ауырған жағдайда еңбекке уақытша жарамсыздығына байланысты жәрдемақы еңбекке жарамсыздық орын алған бірінші күннен бастап еңбекке қабілет қалпына келген күнге дейін немесе медициналық әлеуметтік сараптамалық комиссия (МӘСК) мүгедектікті тағайындағанға дейін төленеді. Бірақ, еңбекке уақытша қабілетсізідіктің барлық жағдайларында жәрдемақы қатарынан 2 айдан артық төленбейді. Туберкулезбен ауыру салдарынан туындаған еңбекке уақытша жарамсыздық жағдайында жәрдемақы тұлға жазылғанға дейін төленеді, алайда оны төлеу қатарынан 10 айдан ұзақ болмауы және екі күнтізбелік жыл ішінде жалпы алғанда 12 айдан аспауы тиіс.
Еңбекке уақытша жарамсыздық
туындаған жағдайда ақы төленетін
жыл сайынғы еңбек демалысы кезінде
қызметкерге жәрдемақы
Егер қызметкер қолданыстағы заңдарға сәйкес жұмысынан (лауазымынан) аластатылған кезеңде еңбекке уақытша жарамсыздық туындаса, онда бұл тұлғаға жәрдемақы төленбейді. Егер қызметкер қызметке қайтадан алынған соң да еңбекке жарамсыздық жалғаса берсе, жәрдемақы жұмысқа алынған күннен бастап төленеді.
Егер күтімнің болмауы отбасының науқастанған мүшесінің өміріне немесе денсаулығына қауіп төндіретін болса және отбасының науқастанған мүшесін белгілі бір себептермен ауруханаға жатқызу мүмкін болмаса және отбасы мүшелерінің арасында оны күтіп-бағуға қабілетті басқа адам болмаса, отбасының науқастанған мүшесін күтуге қатысты еңбек демалысы кезінде еңбекке уақытша жарамсыздығына байланысты жәрдемақы жалпы негіздер бойынша төленеді. Әйел адамның 2 жасқа толмаған баласы науқастанған кезде, науқас баланы күтіп-бағуға қабілетті отбасы мүшесінің бар-жоқ екендігіне қарамастан, оның анасына еңбекке уақытша жарамсыздығына байланысты жәрдемақы беріледі.
Кезекті немесе қосымша еңбек
демалысындағы, жалақысы сақталмайтын
еңбек демалысындағы
Қызметкер жұқпалы аурумен
науқастанған жағдайда санитарлық эпидемиологиялық
қызмет органдары бұл қызметкерді
жұмысынан шеттетсе, оған карантин
кезіндегі еңбекке уақытша
Туберкулезбен немесе кәсіптік аурумен науқастанған жағдайда қызметкер еңбекке уақытша қабілетсіз болады, алайда егер медициналық көрсетулер бойынша ол емдеудің қалыпты барысын бұзбастан басқа жұмысты орындай алатын болса, онда жұмыс беруші қызметкердің келісімімен оның денсаулық жағдайына нұқсан келтірмейтін басқа жұмысқа ауыстыруға міндетті. Қызметкер басқа жұмысқа ауысудан бас тартқан жағдайда немесе ұйымда тиісті жұмыс болмаған жағдайда еңбек шарты бұзылады.
Қызметкерді протездік-ортопедтік ұйымға стационарға жатқызған кезде жәрдемақы стационардағы бүкіл уақыт үшін және стационарға барып-қайтқан уақыт үшін, алайда 30 күнтізбелік күннен аспайтын мерзімге төленеді.
Қызметтен босатудың дұрыстығы туралы дау кезінде, қызметкер жұмысқа қайта алынса, еңбекке уақытша жарамсыздығына байланысты жәрдемақы оған құқық туындаған бірінші күннен бастап төленеді.
Еңбекке жарамсыздық әскери оқу жиын немесе өндірістен қол үзбестен оқу орнында оқумен байланысты берілген қосымша еңбек демалысы кезеңінде туындаса еңбекке уақытша жарамсыздығына байланысты жәрдемақы аталған кезең аяқталған соң еңбекке уақытша қабілетсіздіктің бірінші күнінен бастап төленеді.
Егер қызметкер қолданыстағы заңдарға сәйкес жұмысынан (лауазымынан) алыстатылған кезеңде еңбекке уақытша жарамсыздық туындаса, онда бұл тұлғаға жәрдемақы төленбейді. Егер қызметкер қызметке қайтадан алынған соң да еңбекке жарамсыздық жалғаса берсе, жәрдемақы жұмысқа алынған күннен бастап төленеді.
Заңдарда көзделген
Жәрдемақының мөлшері
Еңбекке уақытша жарамсыздығына байланысты жәрдемақы негізгі жұмыс орны бойынша жұмыс берушінің қаражаты есебінен төленеді.
Негізгі жұмыс орны ретінде еңбек кітапшасы (мұнда орындалатын жұмыс туралы жазбалар болуы тиіс) жатқан жұмыс саналады.
Еңбекке уақытша жарамсыздығына
байланысты жәрдемақылар жұмыс істейтін
азаматтарға орташа жалақы есебінен
төленеді. Бұл ретте еңбекке уақытша
жарамсыздығына байланысты айлық жәрдемақының
мөлшері Қазақстан
Еңбекке мерзімдік ақы
төлеу кезінде жәрдемақыны
Еңбекке кесімді ақы төлеу
кезінде жәрдемақы еңбекке
Егер еңбекке уақытша жарамсыздық алдыңғы тоқсанда басталып, ағымдағы тоқсанда да жалғасын тапса, онда жәрдемақыны есептеу және оның мөлшерін айлық тұрғыдан шектеу тиісті тоқсанға сәйкес айлық есептік көрсеткішті қолдана отырып есептеледі.
Қызметкердің еңбек
Еңбекке уақытша жарамсызыдығына байланысты жәрдемақы келесі жағдайларда төленбейді:
- заңдарда белгіленген
жағдайларда қызметкерлерге
- қызметкерге жалақы төлеуді тоқтата отырып, оны жұмысынан (лауазымынан) шеттету кезінде;
- жұмысты немесе өзге де міндеттерді орындаудан жалтару үшін өз денсаулығына қасақана зиян келтірген кезде;
- қызметкерді соттың ұйғарымы
бойынша мәжбүрлеп емдеу
- қызметкердің қамауда
болған және сот-медициналық
- қызметкердің алкоголь
ішімдіктерін, есірткіні пайдаланудың
және уланудың, сонымен қатар
мастанумен байланысты
Еңбек жарақаты салдарынан еңбекке уақытша жарамсыздығына байланысты жәрдемақы
Біздің ойымызша, жәрдемақының бұл түрін бөлек қарастырған жөн.
Еңбекке қабілетінен айырылу тек науқастанудың ғана емес, сонымен қатар еңбек жарақатының да салдарынан орын алуы мүмкін. Еңбек жарақаты ретінде өндірістегі қайғылы оқиғаның салдарынан денсаулыққа зақым келу түсініледі. Аурумен салыстырғанда қайғылы оқиғаға денсаулықтың жарақат (механикалық әсер ету сипатындағы – жара, жазым болу, сыну және т.б., химиялық әсер ету сипатындағы – улану және т.б. не жылулық сипаттағы – күю, үсу және т.б.) салдарынан бірден зақымдануы тән.
Өндірістік жарақат – бұл елдің еңбекке жарамды азаматтарының еңбекке қабілетін жоғалтуының негізгі себептерінің бірі. Өндірістердегі жарақаттар, зақымдар, қайғылы оқиғалар адамдардың денсаулығының толығымен немесе ішінара жоғалтуына әкеп соғады. Және өкінішті бір жайт, өндірісте жарақат алған адамдардың саны азаятын емес.
Өндірістік жарақаттардың
себебі көп, бірақ солардың ішінде ең
кең таралғаны – жұмыс
Көптеген жұмыс берушілер табысты арттыру мақсатында еңбекті қорғау құралдарын негізсіз үнемдеуге тырысады, еңбекті қорғау мәселелерін шешуді құзыретті емес тұлғаларға тапсырады, еңбекті қорғау талаптарын сақтамайды. Қауіпсіз еңбек жағдайлары үшін кәсіпорынның басшысы жауапкершілікте болатынымен, кәсіпорынның бірінші басшысы еңбекті қорғау және қауіпсіздік техникасы жағдайларына бақылау жасауға, бағынысты қызметкерлерден қауіпсіздік техникасы ережелерін сақтауын талап етуге міндетті.
Информация о работе Еңбекке уақытша жарамсыздыққа байланысты жәрдемақылар