Учаскелік станса болігін блокты маршруттық релелі орталықтандыру құрылғыларымен жабдықтау

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 30 Марта 2014 в 11:59, курсовая работа

Краткое описание

Жеке басқару кезінде ең күрделі маршрутты құру үшін 30с. және оданда көп уақыт қажет еді. Маршрут құрудағы уақыттың қысқаруы арқылы станса бөлігінің өткізу қабілеті 15-20%-ға арттырылды.
МРО релелік құрылғылары екі топтан тұрады: теру және орындаушы. Теру тобына маршрут терудегі бұрмалардың бұрылуының бастапқы жүйесі жатады. Орындаушы топты маршруттың тұйықталуы мен ажырауын қадағалайды. Теру тобы қозғалыс қауіпсіздігіне жауап бермейді сондықтан бұл топта КДРШ типті релелер қолданылады. Орындаушы топ барлық қозғалыс қауіпсіздік талаптарына жауап беретіндіктен сапасы жағынан бірінші класс релелері НМШ және КМШ релелері қондырылған.

Прикрепленные файлы: 1 файл

КП-АССУД---2009.doc

— 354.50 Кб (Скачать документ)

Жоғарыда көрсетілген блоктар арқылы стансадағы блоктардың функционалды орналасуының сұлбасын құрдым.

 

 

 

                      2.5 Бағыттық релелер сызбасы (НН).

 

Маршруттың түрін және бағытын анықтау үшін НН блогында орналасқан бағыттық реле қолданылады. НН блогында мынадай бағыттық релелер орналасқан:

П – қабылдау; кіре беріс бағдаршамы НКН релесінің фронттық контактысынан қорек алатын ВН сымына қосылған.

О – жөнелту; маршруттың басын анықтайтын ЧII, Ч3, Ч4, Ч5, Ч6, Ч7, Ч9 шыға беріс бағдаршамдарының НКН релесінің фронт контактісінен қорек алатын ВЧ сымына қосылғн.

ПМ – маневрлық қабылдау; ВПМ көмекші релесінің контактысы арқылы және ВНМ сымы арқылы М1, М3, М5, М7, М11, М15 бағдаршамдарының КН релесінің фронт контактысына қосылған.

 

 

 

ОМ – маневрлық жөнелту; ВОМ көмекші релесінің контактысы арқылы және ВЧМ сымы арқылы М9, М13, М17, ЧII, Ч3, Ч4, Ч5, Ч6, Ч7, Ч9

бағдаршамдарының КН релесінің фронт контактісіне қосылған.

ВПМ және ВОМ көмекші релелері варианттық маршрут жасау кеізінде және жалған маршрут кезінде АКН релесінің қосылмауын қамтамассыз етеді.

Маршруттың бір түрін бір бағыттағы теру кезінде бір ғана реле қажет. Бұл үшін тоққа тұратын реле басқа бағыт релелерінің тыл контактысы арқылы тексеріліп барып тоққа тұрады.

Бағыт релесінің жұмысын бақылау үшін таблоға бағыты бар белгілік ұяшық қондырылған.

Маған берілген тапсырма бойынша ЧII бағдаршамын ашу үшін жөнелту ЧIIК батырмасын басамыз. НПМ блогында НКН теру релесі тоққа тұрады жіне НН блогында О (жөнелту) релесі тоққа тұрып Ч шинасына тоқ береді. Маршруттың басы батырмасын басқаннан кейін Ч шинасынан екі қайталанбаушы реле ОП мен ПП тоққа тұрады.

 

 

                              2.6 Теру тобының сызбалары.

 

Теру тобының сызбасы блок аралық жалғанған төрт тізбектен тұрады:

    1. Кнопкалық, қарсықайталаушы, соңғы релелер тізбегі.
    2. АКН релелерінің тізбегі.
    3. Бұрмалық басқарушы ПУ,МУ релелерінің тізбектері.
    4. Сәйкестік тексеру және Н (бастапқы) реле тізбегі.

 

1) Маршрутты тағайындау үшін келесі релелер қолданылады: кнопкалық КН, НКН; қайталанбаушы ПП, МП, ОП (қарсы қайталанбаушы); көмекші ВКМ (маневрлық соңғы), ВК пойыздық  және ВП (көмекші пойыздық).

ОП – релесі маневрлық және пойыздық бастапқы батырмасын басқанда қосылады.

ПП – тек қана пойыздық бастапқы батырмасын басқанда қосылады.

Маршруттың соңы батырмасын басқанда НД блогында НКН релесі тоққа тұрады. Содан кейін НН блогында П (қабылдау) релесі тоққа тұрады және Н шинасы арқылы ВК релесі тоққа тұрады.

ВК – пойыздық соңғы батырмасын басқанда тоққа тұрады.

ВКМ – маневрлық соңғы батырмасын басқанда тоққа тұрады.

 

2) Автоматты кнопкалық реле (АКН) тізбегі. Батырманы баспай-ақ арлықтағы бұрмаларды бұрады, яғни кнопкалық релелерді қоздырады және 3 – ші тізбекке қорек беретін ВП (аралықтық қайталанбаушы) релесін қосады. АКН релесін, НМI, НМII, П және НМIIАП аралықтық белгілер блогына қойылады.

 

3) ПУ және МУ релесін НСОх2 және НСС теру блогына орналастырады. Бұл релелер маршрут бойындағы  бұрмаларды бұру үшін қолданылады. Бұл блок аралық үшінші тізбек болып саналады.

ПУ – бұрма оң бағытқа бұрылған жағдайда басқару тізбегін тұйықтайтын реле.

МУ – бұрма сол бағытқа бұрылған жағдайда басқару тізбегін тұйықтайтын реле.

Қалыпты жағдайда ПУ, МУ релелері тоқсыз күйде болады, тек ОП, ВК және ВП релелері тоққа тұрғаннан кейін тоққа тұрады. ПУ, МУ релесінің ажырауы ВП, ВК релелері ажыраған кезде жүзеге асады. ВП, ВК релелері маршрут енгізу кезінде тұйықтау релелері арқылы ажырайды, ал дұрыс емес маршрутты жою кезінде ПГ, МГ қорегінің ажырауы кезінде.

 

4) Сәйкестендіру тізбегі теру релелерін тоққа тұрғызу үшін және маршрут қою кезіндегі бұрмалардың жағдайының сәйкестігін тексереді. Бұл тексеру ПУ, МУ релелерінің орындаушы топ С болгында орналасқан ПК, МК бақылау релелерінің контактасымен тізбектей жалғану арқылы жүзеге асады.

Н бастапқы теру релесі тоққа тұрғаннан кейін орындаушы топтың релелері жұмыс жасай бастайды. Терілген маршруттың дұрыстығы тексерілгеннен кейін тізбек тұйықталады.

 

            2.7 Бұрыштық кнопкалық релелер сызбасы (УК).

 

Блокты маршрутты теруде АКН типті теру релесіне және іске қосушы басқару релесіне арнайы бұрыштық кнопкалы реле (УК) қондырылған.

УК –ның негізгі жұмысы – АКН тізбегін негізгі маршрутқа қою болып табылады.

УК релесі қоректі маршруттың басынан, яғни НКН релесінің контактілерінен алады.

Бұрыштық реленің электрлі бөліну тізбегіне Д226Б типті диод қойылған. Диодтардың барлығы БДШ 20 блогында жинақталған. Қарапайым маршруттың басы немесе соңы кезінде кнопкалық реле УК релесін бір ғана НСС блогында жұмыс істетсе, онда УК тізбегіне диод қоюдың қажеті жоқ. УК релесінің ажырауы маршрут толықтай қойылғанан кейін жүзеге асады.

 

                           2.8Орындаушы топтың сызбалары.

 

Маршруттың тұйықталу және ажырауы орындаушы топ арқылы жүзеге асады. Орындаушы топтың блоктары станса жоспары бойынша өзара сегіз тізбекпен жалғанады. Бұл тізбекке жататындар: 1 – тізбек секцияны бақылау релесі КС; 2 – пойыздықжәне маневрлық сигналдық релесі С, МС. 3, 4 және 5 – 1М және 2М, релелерінің қосылуы. 6 – ажырату (Р), жасанды ажырату (РИ), маршрутты жою (ОТ) релелерінің қосылуы . 7, 8 – таблоға индикация беру тізбекте

 

                            Секцияны бақылау релесі тізбегі.

 

КС релесі әр оқшауланған секцияға қойылған (СП, УП, П блоктарында), әр бағдаршамға (ВД, МII блоктарына). КС релесі қозғалыс қауіпсіздік шараларын қарастырады. КС реле тізбегінде мыналар тексеріледі:

    1. СП контактісі арқылы бұрмалық секцияның немесе жолдың бостығы.
    2. П релесі арқылы бұрмасыз секцияның немесе жолдың бостығы.
    3. Бұрманы С блогындағы Вз контактілерімен бақылау.
    4. С блогындағы ПК немесе МК контактілерімен бұрманың жағдайы.
    5. П релесінің контыктасы арқылы қабылдау жөнелту жолының бостығы.
    6. Кіре беріс бағдаршамдағы ақ шамның жанбауы ЧПС релесінің тыл контактысы арқылы тексеріледі.
    7. Жөнелту маршруты кезінде перегонда жезл кілті арқылы жөнелтілген пойыздың жоқтығы және бірінші жөнелту участкесінің бостығы тексеріледі.

 

          

              Пойыздық және маневрлық сигналдық релелер.

 

С және МС релелер тізбегі пойызды және маневрлы бағдаршамдардың сигналдық көрсеткіштерін қозғалыс қауіпсіздік талаптарына сай басқару.

Пойыздық сигналдық реле және маневрлы сигналдық реле ортақ әрі блок аралық екінші тізбекті құрайды.

Сигналды реле келесі тізбекті бақылайды:

    1. Ашқалы тұрған бағдаршамның блогында орналасқан секциялы бақылау релесінің қосылуы және маршрут бойынша СП және УП релелерінің қосылуы.
    2. СП, УП және ВД блоктарындағы 1М және 2М релелерінің тыл контактысы арқылы секцияның тұйықталуы.
    3. СП және УП блоктарында РИ релесінің тыл контактысы арқылы жасанды ажыраудың болмауы.
    4. П блогында НИ (ЧИ) релелерінің тыл контактысы арқылы қарсы маршруттың жоқтығы.
    5. П релесінің фронт контактысы арқылы қабылдау жөнелту жолының бостығы.
    6. ЧПС релесінің тыл контактысы арқылы кіре беріс бағдаршамындағы шақыру сигналының жоқтығы.
    7. Жөнелту маршруты кезінде перегонда жезл кілті арқылы жөнелтілген пойыздың жоқтығы.

Сигналды реле тізбегінде пойыздық маршрут кезінде марашруттың басына М полюсі, ал маршруттың соңына П полюсі беріледі. Маневрлық

 

 

маршрут кезінде барлығы керісінше беріледі. Себебі сызбада ақау болған жағдайда маневрлық сигналдық тізбектің пойыздық тізбекпен бірігіп кетпеу үшін қолданылады. Сигналдық реле қосылу үшін маршрутқа кіретін барлық секциялар тұйықталуылы болуы қажет. Сигнлдық реленің ажырауы ИП немесе СП релесінің контактілері арқылы жүзеге асады.

 

                          

                        1М және 2М релелерінің қосылуы.

 

1М және 2М релелері СП және  УП блоктарында орналасқан. Маршруттың тұйықталуын бақылау үшін СП блогына З релесі қондырылған. З релесі 1М және 2М релелерінің тікелей қайталаушысы болып табылады.

Маршруттық реленің екі орамы болады: біріншісі (жоғарғы) станса сұлбасы бойынша 3, 4 және 5 тізбегін жалпы тізбекке қосады; екіншісі (төменгі) өзін блокировкалау тізбегін, яғни маршруттық реле қалыпты жағдайда іске қосулы болады, секцияны тұйықтамайды. 1М және 2М реле сұлбасы бойынша маршруттық реленің қозғалыс бағытына қарай алмасып іске қосылуына байланысты екі бағытты жұмыс жүргізуге мүмкіншілік туады.

КС релесінің іске қосылу уақытынан бастап реленің контактасы арқылы маршрутқа кіретін жолдық және бұрмалық секциядағы маршруттық реленің барлығы тоқсызданады. Марашруттық реле тұйықтау релесін сөндіреді және маршрут тұйықталады. Маршрут секциясы арқылы пойыз қозғалғанда маршруттық реле іске қосылады және маршруттың секциялық ажырауы жүзеге асады.

Маршрутты жою немесе жасанды жоюды іске асыру үшін маршруттық релеге ажырату Р реле контактысы қосылған.

5 – ші тізбек арқылы басты  немесе қапталдағы жол арқылы  тоқтаусыз өткізуді қамтамассыз ету үшін (ЗС) жасыл шамының және (МГС) жыпылықтау сигналының релесі іске қосылады. Жөнелту маршрутында сызықтық реле (ЛС) тоққа тұрады.

 

 

           Ажырату (Р), жасанды ажырату (РИ), маршрутты жою (ОТ) релелері.

 

Маршрутты автоматты түрде жою ОТ релесінің көмегімен жүзеге асады. ОТ релесі маневрлық бағдаршамның сигналдық блогында және ВД блогында орналасады. Р ажырату релесі СП және УП блогында орналасады. Маршрутты ажырату сұлбасы үш уақытты ұстау тұрақтандырғыш блогынан тұрады. Яғни жақындау учаскесі бос кезде маршруттың кезкелген түрін

ажырату үшін уақыт ұстау ұзындығы 6 с, жақындау участкесі бос емес кезде маневр маршруттарын ажырату үшін 60 с және жақындау участкесі бос емес кезде пойыздық маршрутты ажырату үшін 180с уақыт аралығын қажет етеді.

 

 

Әр блок бір ғана уақыт ұстау релсіне қосылған: МВ – маневрлық,          ПВ – пойыздық, ОВ – маршруттың жалпы түрі.

Жақындау участкесінің жағдайын бақылау үшін сигналды блокта ИП релесі қондырылған.

Маршрутты ажыратудан басқа, уақыт ұстау ұзындығы 180 с құрайтын жасанды ажырату тәртібі қолданылады.

Пойыздық маршрутты ажырату үшін бірінші ОГК топтық ажырату кнопкасын басамыз, екінші сигнал кнопкасын басамыз. ОГК кнопкасы басылғаннан кейін ОГ және ОН (теру тобындағы) тоқтан ажырайды және маршруттық терудегі қоректі сөндіреді.

Сигналдық кнопканы басу арқылы НКН релесін тоққа тұрғызамыз. НКН якірін тартып, фронт контакт арқылы сигналдық тізбекті ПГ (ПГ шинасында қорек жоқ) шинасына қосады. НС сигналдық релесі сөнеді және бағдаршамда жабылады.

Р релесі тоққа тұрғаннан кейін КС релесі сөнеді және 1М, 2М және З релелері тоққа тұрады, секция маршруты ажырайды.

 

 

                                  Таблоға индикация беру.

 

Жолдық және бұрмалық секцияларды бақылау үшін таблоға жарықтық ұяшықтар қондырылған. Бұл орындаушы топтың 7 және 8 – ші тізбегі болып табылады. Маршрут тағайындаудағы ақ жолақ 7 – ші тізбек арқылы қосылады. Бұрманың оң немесе теріс жағдайда жатқанын көрсету үшін лампалар тобы ПК немесе МК релелерінің контактысы арқылы көрсетіледі. Бұрмалық секцияның бос емес кезінде қызыл шам жолағының жануы 8 – ші тізбек арқылы жүзеге асады. Бұлда бұрмалар релесінің контактасына тәуелді.

Жасанда ажырату кезінде бұрмалар секциясының ұяшықтары РИ релесінің фронт контактысы арқылы, 7 – ші тізбек арқылы ақ шамдар маршрут бойынша жыпылықтап жанады. Бұл әр секцияда жасанды ажырау жұмысы жүргізіліп жатыр деген мағынаны береді.

 

              

                2.9 ПС блокты екі жіпті бұрманы басқару сызбасы.

 

Аралық стансалардағы релелік орталықтандыру жүйесінде бұрманы басқарудың екі түрі қолданылады: төрт сымды – жергілікті қорек жүйесі кезінде және екі сымды – қорек көзі орталықтандырылған жүйеден берілсе.

БМРО жүйесінде бұрмаларды басқару және бақылау үшін ПС220 типті бұрма блогы арқылы жүзеге асады. Бұл блокта реленің екі жұбы орналасқан: ППС полярлы басқару, НПС нейтралды басқару және ОК жалпы бақылау релесі. Бақылау тізбегіне жалғанған ОК релесі жалғанады. ОК релесіне

 

 

берілетін оң немесе кері бағыттағы тоққа байланысты, бұрманың бағытына байланысты ПК немесе МК релесі тоққа тұрады. ПК немесе МК релесі арқылы бұрманың бағыты анықталады.

Информация о работе Учаскелік станса болігін блокты маршруттық релелі орталықтандыру құрылғыларымен жабдықтау