Автор работы: Пользователь скрыл имя, 30 Марта 2014 в 11:59, курсовая работа
Жеке басқару кезінде ең күрделі маршрутты құру үшін 30с. және оданда көп уақыт қажет еді. Маршрут құрудағы уақыттың қысқаруы арқылы станса бөлігінің өткізу қабілеті 15-20%-ға арттырылды.
МРО релелік құрылғылары екі топтан тұрады: теру және орындаушы. Теру тобына маршрут терудегі бұрмалардың бұрылуының бастапқы жүйесі жатады. Орындаушы топты маршруттың тұйықталуы мен ажырауын қадағалайды. Теру тобы қозғалыс қауіпсіздігіне жауап бермейді сондықтан бұл топта КДРШ типті релелер қолданылады. Орындаушы топ барлық қозғалыс қауіпсіздік талаптарына жауап беретіндіктен сапасы жағынан бірінші класс релелері НМШ және КМШ релелері қондырылған.
Кіріспе
Темір жол саласындағы белгі беру техникасының жарты ғасырлық даму тарихы бар. 1841 жылы Англияда алғаш рет темір жол саласында бағдаршам пайда болды. Сол мезеттен бастап техника мен объектіні логикалық басқару, яғни белгі беру, орталықтандыру және блоктау саласы қатар дамыды.
Автоматика және телемеханика желісінде станса объектілерін басқару жүйесі темір жол саласында маңызды роль атқарады, яғни сигналдар мен бұрмаларды орталықтан басқару және оларды бақылау қолайлы әрі қозғалыс қауіпсіздігі талаптпрына сай келеді.
Сигналдар мен бұрмаларды орталықтан басқару механикалық орталықтандырудан басталды. Бұл жүйеде бағдаршамдар мен бұрмалар арнайы білік темір және болат тарту құрылғылары арқылы жүзеге асты. Бұның барлығы сигнал берушінің жұмысы болғандықтан маршрут дайындау үшін 5 тен 15 минутке дейінгі уақытты қажет етті. Жүйе күрделі әрі шектеулі болды.
Стансаның өткізгіштік деңгейі мен қозғалыс қауіпсіздігінің төмендеуіне әкеліп соқтырды.
30-шы жылдың ортасынан бастап бұрмаларды бұру үшін электр тоғы қолданыла бастады. Бұл жүйе электрлік орталықтандыру деп аталды.
Участкелік стансаларда орталықтандыруды жетілдіре келе – маршрутты-релелік орталықтандыру (МРО) жүйесі пайда болды. Бұдан әрі кіші габаритті штепселді НМШ релелері пайда болу сатысына байланысты релелік блоктар пайда болды. 1961-ші жылдан бастап стансаларда БМРО жүйесі қолданыла бастады.
Одан әрі электрлік орталықтандыру жүйесінің даму сатысы компьютерлер мен микропроцессор жүйелерімен жалғасын тапты.
Учаскелік стансаларға жеке басқарылатын релелік орталықтандырудың орнына маршрутты-релелік орталықтандыру жүйесі ойлап табылды. Бұл жүйеде маршрутқа кіретін бұрмалардың барлығы бір сәтте бұрылатын жағдайға жетті, яғни ең күрделі маршруттар кнопканы басу уақыты мен маршруттың тағайындалуы уақыт аралығы 5-7секундты құрайды.
Жеке басқару кезінде ең күрделі маршрутты құру үшін 30с. және оданда көп уақыт қажет еді. Маршрут құрудағы уақыттың қысқаруы арқылы станса бөлігінің өткізу қабілеті 15-20%-ға арттырылды.
МРО релелік құрылғылары екі топтан тұрады: теру және орындаушы. Теру тобына маршрут терудегі бұрмалардың бұрылуының бастапқы жүйесі жатады. Орындаушы топты маршруттың тұйықталуы мен ажырауын қадағалайды. Теру тобы қозғалыс қауіпсіздігіне жауап бермейді сондықтан бұл топта КДРШ типті релелер қолданылады. Орындаушы топ барлық қозғалыс қауіпсіздік талаптарына жауап беретіндіктен сапасы жағынан бірінші класс релелері НМШ және КМШ релелері қондырылған.
Аппаратуралардың топталуына байланысты мршруттық басқару жүйесі блокты (БМРО) және блоксыз МРО болады. 1966 жылға дейін блокты жүйе тек қана орындаушы топқа қойылса қазір бастпқы маршрутты және бастапқы бұрмалар блогына да қойылады. Типтік схемаларды қолдану арқылы болктың 70% заводта құрастырады. Сол себепті құрылыс алаңында жұмысты жеделдетуге үлкен үлес қосады; блокты арнайы стенд арқылы тексерістен өткізеді; релелік орталықтандыру сызбасын құруда 30-35% уақыт аралығын қысқартады және құжат көлемін 40 пайызға азайтады. БМРО стансаның өркендеуінің типтік бөлігіне жатады.
Стансаның типтік емес бөлігіне габаритсіз бұрмаларды бақылау, стансаның басты жлодарына АЛС қондыру, составты қоршау жүйесімен байланыс және бұрмаларды жергілікті қолдануға беру жүйелері жатады.
БМРО жүйесі монтажды жұмыс, құрылыс және аппараттарды орталықтандыру жұмыстарын жеделдету үшін тиімді жүйе. Релелік блоктар штепселді болғандықтан оларды ауыстыру орталықтандыру жұмысын тоқтатпай-ақ жүзеге асырылатын болды. БМРО жүйесінде 80-85 мың бұрма магистралды және өтпелі кабел желісіне қосылған. Соңғы жылдары блокты жүйені учаскелік стансалар ғана емес, сонымен қатар аралық стансалар да жабдықталуда.
I. Эксплуатациялық бөлім.
1.1. Станса жұмысы және сипаттамасы.
Жобалауға берілген станса екі жолдық темір жол участкесінде орналасқан. Стансада жолаушылар және жүк пойыздарын қабылдап, жөнелту жұмыстарын жүргізеді.
Стансада қабылдап жөнелту үшін 8 жол (I, II, 3, 4, 5, 6, 7, 9) қарастырылған. I және II жұп және тақ бағыттарының бір бағыттық негізгі жолдары, ал 4-ші жол арнайы жол, яғни пойыздың тоқтаусыз өтуіне арналған. Стансаның жұп бөлігінде бір тұйық жол қарастырылған, яғни шаруашылық жұмыстарын жүргізу үшін қолданылады.
Станса участкесінде жетек түрі – электірлі айнымалы тоқ.
Рельс типі R-65.
Стансаға аралықтан пойыз қабылдау үшін кіре беріс Н бағдаршамы қолданылады және қосымша НД, яғни аралықтағы немесе стансаға кіре берістегі участкелердің жөндеу жұмыстары кезінде дұрыс емес бағыттағы маршрутты қабылдау үшін қолданылады.
Станса маршруттары үшін бағаналы және қысқа линзалық бағдаршамдар қолданылады.
Станса жолдарынан аралыққа пойыздарды жөнелту үшін шыға беріс бағдаршамдары орналасқан – Ч2, Ч3, Ч4, Ч5, Ч6, Ч7, Ч9 және қабылдау жөнелту жолынан маневр жұмысын жүргізу үшін М17 қолданылады.
Станса ауданында маневр жұмыстарын жүргізу үшін М1, М3, М5, М7, М9, М11, М13, М15, М17, сонымен қатар шыға беріс бағдаршамдарынанда маневр жұмыстары қарастырылады.
Стансада бес дара 21, 31, 33, 35, 37; жеті қосарланған 1/3, 5/7, 9/11, 13/15, 17/19, 23/25, 27/29 бұрмадан тұрады. Негізгі және қапталдағы арнайы жолдарда орналасқан бұрмалар крестовиналарының маркасы 1/11, ал қалған қапталдағы бұрмалар 1/9.
Негізгі жолдар аралығы – 6,5м, ал қапталдағы жолдар аралығы--5,3.
о
1.2. Электрлік орталықтандырудың қолданылуы.
Электрлік орталықьандыру дегеніміз – бағдаршам арқылы пойыздар мен моневрлердің темір жол стансасында пойыздар қозғалысын басқаратын автоматтандырылған жүйе. Электрлік орталықтандыру кезінде басты жолдарды, қабылдау жөнелту жолдарын және бұрмалы, бұрмасыз жол участкелерін рельс тізбектерімен қамтасмассыз етеді. Рельс тізбегінің бос емес уақытында бұрмалардың бұрылмауын және бағдаршамдардың ашылмауын рельс тізбегі қадағалайды. Бұрмаларды алыс аралықтан бұру үшін және бұрма ұштарының кілттеніп, бақылау хабарын алу үшін бұрмалы электропривод қондырылған. Барлық құрылғылар сенімді электр көзімен қамтамассыздандырылған. ЭО басқару жүйесі келесі негізгі жүйелерді қамтыйды: басқаратын обектілердің жағдайын бақылау (бұрма, бағдаршам, рельс тізбегі; басқару пультіндегі ДСП жұмысын қадағалау, қозғалыс қауіпсіздік шараларын қамтый отырып бақылау объектілерін басқару шараларын қамтамассыз ету. ЭО жүйесінің бақылау аумағында пойыздардың қозғалысын бақылау, стансада болып жатқан жағдайды ДСП таблосына көрсету.
Электрлік орталықтандыруға барлық бұрмалар қосылады, себебі қабылдау – жөнелту және моневрлық маршруттарға тікелей қатысы бар.
1.3. Орталықтандыруға жататын бұрмалар анықтамасы.
Маневр маршруттарына және қабылдау жөнелту мршруттарына жататын бұрмалардың барлығы электр орталықтандыруға жатады.
Бұрма ординатасын есептеу үшін таблица қолданылады. Стрелка ординатасы графикалық бөлімнің схемалық бөлімінде көрсетілген.
1.4. Стансаны белгілендіру және маршруттау.
Пойыздардың және маневр составтарының қозғалысы алдын – ала қарастырылған маршрут бойынша іске асырылады.
Берілген технологиялық жұмыстарға байланысты стансаны маршруттау ойлап табылды.
Маршруттар келесі терминдер бойынша құрылады:
Басты маршрут – жолмен жүретін пойыздың және моневрлық құрамның бағдаршамнан жолға, аралыққа және бағдаршамнан бағдаршамға дейін
стансаның жергілікті жұмыстарының бағытына байланысты болады. Басты маршруттың трассасы басқа маршруттарға қарағанда қысқа және маршрут бойынша үлкен жылдамдықпен жүріп өтеді.
Басқа нұсқалық маршрут - жолмен жүретін пойыздың және маневрлық құрамның, басты маршрутпен басы да соңы бірдей, бірақ басты маршруттан өзгешелігі басқа бұрманың жағдайына байланысты, яғни басқа трассамен жүріп өтеді.
Маршрутталмаған маневр – тұрақты ашық моневрлық бағдаршаммен және бір бағытта тұйықталған орталықтандырылған бұрмалар арқылы қозғалыс және де парктікте тұйықталмаған бұрмалар арқылы қарастырылады.
Габаритсіз телім – жолдық немесе бұрмалық телім, оқшауланған жетектермен шектелген және қозғалыс құрамының габаритсіз жағдайында жолдың бос еместігі туралы бақылау жүргізбейді.
1 кестеде станса үшін құрылған пойыздық басты маршрут көрсетілген. Барлық маршруттың графасында маршрутқа кіретін бұрмалардың қай жағдайда екені көрсетілген, маршрут бойынша қойылған бағдаршамның әріптік литері көрсетіледі.
2 кестеде стансаға басты маршруттың жолына вариант арқылы қарастыру. Варианттық маршрутты басты маршруттан ажырататын бұрмалар белгіленеді.
3 кестеде моневрлық маршруттар келтірілген. «Бағыт» графасында стансадағы барлық маневрлық бағдаршамдар өсу тәртібімен (М1, М3, М5) көрсетіледі. «Маршрут атауы» графасында әр маршруттың бағдаршамға дейінгі және қарсы бағытта орналасқан бағдаршамнан кейінге немесе қабылдау – жөнелту жолына маневр маршруты қойылады.
Жолдағы маневрлық жұмысты 4П (6П) жәй маршрут қолдану арқылы орындайды: 42(44). Ч4 (Ч6) бағдаршамынан М19 бағдаршамына дейін; М11 бағдаршамынан өту арқылы. 29 (30) – М11 бағдаршамынан 4П (6П) жолына.
1.5. Манипуляторлы пульт.
1964 жылдан бастап 50 бұрмадан асатын станцияларда табло – пультінің орнына манипулятор – пультті қолданыла бастады. Манипулятор – пульттінің құрлысы маршруттық кнопкалар бөлігінен, бұрмаларды бөлек басқару коммутаторларынан, шақырылу кнопкаларымен байланыс және сөйлесу құрылғыларымен байланысу бөлшектерінен тұрады. Маршруттық басқару үшін екі сатылық бір контакталы кнопкалар қондырылған. Олар үш топқа бөлінеді: жасыл басты поездық кнопка - терудің басы болып қолданылады және поездық бағдаршамдарға қондырылады; қызыл басты поездық кнопка – терудің соңы болып қолданылады және қабылдау – жөнелту жолдарында, шыға беріс бағдаршамы жоқ және екі жолдық перегонға жөнелту жолдарында қолданылады. Пойыздық маршруттын аяқталуын қарама - қарсы тұрған бағдаршамның жасыл кнопкасы арқылы анықтайды, ал бұндай бағдаршам болмаса онда қызыл басты пойыздық кнопкамен жөнелтуге болады. Ақ басты
кнопка маневрлық кнопка басы да аяғы да болып қолданылады және панелдің астынғы қатарында орналасқан. Кнопкаларды маневрлық және пойыздық бағдаршамдардың литері бойынша белгілейді. Қарсы бағыттағы маневрлық маршруттарға бұл кнопкалар терудің аяғы болып табылады. Варианттық жасыл кнопкалар варианттық маршруттарды теруге арналған. Варианттық маршруттарды теру үшін маршрут бойында жатқан маневрлық маршруттардың кнопкаларын қолданылады. Бағдаршамдардың кнопкаларын саңдық ретіне қарай белгілейді.
Манипулятордағы маршруттық теру келесі тәртіп бойынша жасалады. Іп жолға қабылдау маршруты, басты вариант бойынша Н (бастапқы) және Іп (соңғы) кнопкасын басамыз; 3п жолға қабылдау маршруты бойынша Н (бастапқы) және Ч3 (соңғы) кнопкасын басамыз. ІIп жолдан жөнелту маршрутын қарастыратын болсақ бастапқы вариант бойынша ЧII (бастапқы) және ЧГП (соңғы) кнопкасын басамыз.
Маневрлық маршрут тергенде М1 бағдаршамынан М15 бағдаршамына дейін, яғни М1 (бастапқы) және М15 (соңғы) кнопкасын басамыз. Манипуляторлы пультте маршруттық кнопкадан басқа да маршрутты жою, жасанды ажыратуды қосу, бұрманың жағдайын тексеру, қозғалыстың бағытын ауыстыру, шақыру белгілері және бағдаршам шамдарының кернеуін төмендету кнопкалары орналасқан.
Маршрутты ажыратуды орындау топтық маршруттық ажырату және бағдаршамның бастапқы кнопкасын басу арқылы орындалады.
Бұрмалық коммутатор, ол бөлек панелде орналасқан, оның қызметі бұрмаларды жеке басқарып бұруға арналған. Маршруттық басқару кезінде барлық коммутаторлар орта жағдайға қойылады және оның үстіндегі шамдар жанбайды. Егерде бұрманы коммутатор арқылы қолмен бұру арқылы бұрсақ (+) жасыл және (-) сары бақылау шамы жанады.
2.1 Электірлік орталықтандыру жүйесі.
Стансаны жобалауда БМРО жүйесімен жабдықталған. Маршруттық принципі жағынан бөлек басқарумен салыстығанда, эксплутациялық және техникалық басымдылығы бар: басқару аппаратындағы манипуляцияның санын азайту және күрделі маршрут құру кезіндегі уақыты үнемдеу, яғни 5 – 7 секундта жеткізеді, кезекшілердің жүктемесін азайтады және бір постыда отырып барлық бұрмалар мен бағдаршамдарды басқарады; басқару барысын тездету арқылы станса өткізу қаблетін жоғарлатады. БМРО жүйесінде бұрмалар мен бағдаршамдарды маршруттық басқару қолданады, ол «қайдан - қайда» кнопкасын басу приципі бойынша орындалады. Екі топтық реле қолданады: теру тобы (маршрутты теру тобы) және орындаушы топ.