Автор работы: Пользователь скрыл имя, 30 Марта 2014 в 11:59, курсовая работа
Жеке басқару кезінде ең күрделі маршрутты құру үшін 30с. және оданда көп уақыт қажет еді. Маршрут құрудағы уақыттың қысқаруы арқылы станса бөлігінің өткізу қабілеті 15-20%-ға арттырылды.
МРО релелік құрылғылары екі топтан тұрады: теру және орындаушы. Теру тобына маршрут терудегі бұрмалардың бұрылуының бастапқы жүйесі жатады. Орындаушы топты маршруттың тұйықталуы мен ажырауын қадағалайды. Теру тобы қозғалыс қауіпсіздігіне жауап бермейді сондықтан бұл топта КДРШ типті релелер қолданылады. Орындаушы топ барлық қозғалыс қауіпсіздік талаптарына жауап беретіндіктен сапасы жағынан бірінші класс релелері НМШ және КМШ релелері қондырылған.