Транспорттық есептер

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 05 Мая 2014 в 23:25, курсовая работа

Краткое описание

Әлемнің барлық дамыған елдерінде математикалық әдістерді жеке тәжірибелік есептермен қатар, әлеуметтік-экономикалық құбылыстар мен транспорт жүйесінде теориялық зерттеулер үшін кеңінен қолданылады. XXI ғасырдың басындағы негізгі қаржы және тауар ағымдары АҚШ – Еуропа – Оңтүстік-Шығыс Азия және Қытай Республикасы үшбұрышына жинақталатындығын көрсетіп отыр. Сонымен қатар, көліктік құрам 50120 млрд.доллар шамасында ауытқып отырады, ал оның әр жыл сайынғы өсімі таяу келешекте жылына 6%-тен кем болмайды. Қазіргі күннің өзінде жүкті Еуропадан Азияға және керісінше тасымалдау көкейкесті мәселеге айналып отыр.

Содержание

Кіріспе..............................................................................................................
1 MS Excel функциялары мен формулалары
1.1 Формулалармен жұмыс............................................................................
1.2 Функциялар...............................................................................................
1.3 Логикалық функциялар................................................................................
1.4 Диаграммалар (Графиктер)......................................................................
1.5 Құрама кестелер........................................................................................
2 MS Excel-де экономикалық есептеулер жүргізу
2.1 Финанстық функциялармен жұмыс...........................................................
3 Параметрді келтіру
3.1 Параметрді келтіру құралын пайдалану мысалдары................................
4 Қою кестесі
4.1 Бір айнымалысы бар қою кестесін қолдану............................................
4.2 Екі айнымалысы бар қою кестесін қолдану............................................
5 Шешімді іздеу (Поиск решения)
5.1 Шешімді іздеу (Поиск решения) баптамасының көмегімен тиімділеу есептерін шығару......................................................................................
6 Транспорттық есеп
6.1 Транспорттық есептің математикалық моделі.............................................
6.2 Тақырып бойынша тапсырмалар................................................................
Қорытынды.............................................................................................
Пайдаланған әдебиеттер тізімі...............................................................

Прикрепленные файлы: 1 файл

транспорттық есептер.doc

— 712.00 Кб (Скачать документ)

Мазмұны

 

 

Кіріспе..............................................................................................................

3

1

MS Excel функциялары мен формулалары

 

1.1

Формулалармен жұмыс............................................................................

5

1.2

Функциялар...............................................................................................

8

1.3

Логикалық функциялар................................................................................

10

1.4

Диаграммалар (Графиктер)......................................................................

11

1.5

Құрама кестелер........................................................................................

12

2

MS Excel-де экономикалық есептеулер жүргізу

 

2.1

Финанстық функциялармен жұмыс...........................................................

14

3

Параметрді келтіру

 

3.1

Параметрді келтіру құралын пайдалану мысалдары................................

19

4

Қою кестесі

 

4.1

Бір айнымалысы бар қою кестесін қолдану............................................

22

4.2

Екі айнымалысы бар қою кестесін қолдану............................................

24

5

Шешімді іздеу (Поиск решения)

 

5.1 

Шешімді іздеу (Поиск решения) баптамасының көмегімен тиімділеу есептерін шығару......................................................................................

26

Транспорттық есеп

 

6.1

Транспорттық есептің математикалық моделі.............................................

27

6.2

Тақырып бойынша тапсырмалар................................................................

29

 

Қорытынды.............................................................................................

33

 

Пайдаланған әдебиеттер тізімі...............................................................

34


 

 

 

 

 


Кіріспе

Әлемнің барлық дамыған елдерінде математикалық әдістерді жеке тәжірибелік есептермен қатар, әлеуметтік-экономикалық құбылыстар мен транспорт жүйесінде теориялық зерттеулер үшін кеңінен қолданылады. XXI ғасырдың басындағы негізгі қаржы және тауар ағымдары АҚШ – Еуропа – Оңтүстік-Шығыс Азия және Қытай Республикасы үшбұрышына жинақталатындығын көрсетіп отыр. Сонымен қатар, көліктік құрам 50120 млрд.доллар шамасында ауытқып отырады, ал оның әр жыл сайынғы өсімі таяу келешекте жылына 6%-тен кем болмайды. Қазіргі күннің өзінде жүкті Еуропадан Азияға және керісінше тасымалдау көкейкесті мәселеге айналып отыр.

Инвестицияларды жоспарлау туралы шешімдер қабылдаған кездері осындай жағдайларды есепке алу қажет. Бұл пікірді Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә.Назарбаев та қолдап отыр. Ол 2004 жылдың қарашасында: «Тек қана ішкі нарықты игеріп қоймай, сондай-ақ Орта Азияға, Қытайға Ресейдің ірі экономикалық аймақтарына шығып, орныға алатындай қызмет көрсету салаларын және бағыттарды барынша дамыту біздің міндетіміз болып табылады» деп мәлімдеген болатын. Осыған байланысты геосаяси тұрғыдан тиімді орналасқан Қазақстан «Еуропа – Азия аймақтарын біріктіретін көпір» ретіндегі өзінің көліктік-транзиттік әлеуетін іске асыруы, көлік инфрақұрылымын барынша оңтайландыруы тиіс.

 

Математикалық және құралдық әдістер жаңашыл компьютерлік және ақпараттық технологиялардың дамуында транспорттық мәселелерді зерттеуде ерекше бағалы орын иеленеді. Транспорттық мәселелерді шешудегі қолданылатын экономикалық зерттеулердің әдістері тақырыбымның зерттеу өзектілігі, экономикалық мәселелерді, оның ішінде «Қазақстан темір жолы» акционерлік қоғамының мысалында транспорт моделінің әдістерін көрсету. Сонымен қатар бұл жердегі ең басты өзектілігі экономиканың даму болжауы мен нақты талдау мәселелерін зерттеуде қолданылатын экономикалық процестердің әдістері мен модельдерді қолдану облысы болып табылады.

Қазіргі транзиттік жүктер үлкен қашықтыққа тасылған жағдайда тасымалдаудың құны өте жоғары болатын және қауіп-қатері мол болатын экономикалық жағдай қалыптасып отыр. Осы айтылғандардың бәрін есепке алғанда республикадағы темір жол көлігі мен транзиттік жүк тасымалдаудың жағдайын және оның дамуын, әлемдік көліктік жүйеге интеграциялануы кезіндегі мәселелерін зерттеудің көкейкестілігі күмән тудырмайды.

 

Транспорт моделінің әдістерін өңдеуде көптеген әлемдік ғалымдар өз үлесін қосты. Н.Ш.Кремердің, Х.Таханың, М.С.Красстың, Б.П.Чупрыновтың ғылыми еңбектерінде транспорт моделінің экономикалық зерттеулерге қолдануы ерекше көрініс алды.

Н.Назарбаев, А.Абалкин, А.Аганбегян, А.Қошанов, С.Сатыбалдин, Н.Есенғарин, Е.Атамқұлов, Қ.Жанғаскин, Р.Сатова, К.Жүйріков, Л.Сухова, Т.Баяхметов, А.Давыдов, М.Көбдіков, М.Бекмағамбетов және басқа да Қазақстанның және Ресейдің экономист ғалымдарының көп санды еңбектері нарықтық шаруашылықтың, соның ішінде темір жол көлігінің теориялық, әдістемелік және қолданбалы мәселелерін талдап зерттеуге арналды.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

1 MS Excel функциялары мен формулалары

 

1.1 Формулалармен  жұмыс

 

MS Excel формулалары есептеулер жүргізуге және берілгендерге анализ жасау үшін керек. Кез-келген формулаға мынандай негізгі сипаттамалар тән:

-  ең бірінші сивол ретінде міндетті түрде «=» белгісін жазу керек;

- формуламен есептелген нәтиже сол формула жазылған ұяшықта шығады;

- формулалар    жолында    белсенді   ұяшыққа   жазылған    формула көрсетіледі;

- формулада   жасалған   сілтемелердегі   мәндер   өзгерген   жағдайда формула нәтижесі де автоматты түрде өзгереді.

Формулаларда ұяшықтарға сілтеме.

Белсенді жұмыс бетінде әр ұяшық өзіндік адресімен (немесе ұяшыққа сілтемемен) анықталады. Ол ұяшық орналасқан баған атауы мен жолдың номерінен тұрады. MS Excel-де бұдан да басқа адрестеу жүйесі (сілтеме стилі) -R1C1 бар. Онда бағандар да, жолдар да номерленеді. Бұл стильді орнату үшін Сервис - Параметры, Общие астарлы бетінен Стиль ссылок пунктіне жалауша қою керек. Мысалы, R5C2 адресі бесінші жолдағы, екінші бағандағы ұяшыққа сілтемені білдіреді.

Адрестеудің тағы бір тәсілі бар. Ол ұяшыққа ат беру арқылы адрестеу. Белсенді ұяшыққа немесе ұяшықтар блогына ат беру үшін Вставка - Имя - Присвоить командасын орындаймыз. Мысалы, белгіленген ұяшықтар тобына Жұмыс аумагы деген ат беруге болады. Ат қою кезінде мына мәселелерге көңіл бөлген жөн:

-   ат әріптен немесе астын сызудан басталады;

-  атта бос орынның (пробел) немесе дефистің ( - ) орнына астын сызу (_) немесе нүкте ( . ) қойылады;

-  ат қысқаша және аталып өткен адрестеу стильдеріне (А1 және R1C1) ұқсамайтындай болуы керек.

Біз қарастырып өткен адрестеу стилінен басқа адрес түрлері деген ұғым бар. Адрес түрлері: салыстырмалы (қатысты), абсолютті (тұрақты), аралас. Салыстырмалы адрестеу формуланы көшірген кезде көшірілетін орынға сәйкес ұяшыққа сілтеме де өзгеріп отырады. Абсолютті адрестеуде формуланы көшірген кезде сілтеме тек қана алғашқы формуладағы ұяшыққа жасалады. Аралас адрестеу формуланы көшіру барысында баған немесе жол өзгермегені керек болғанда қолданылады. F4 пернесін формуланы редакторлеу кезінде адрестеу түрлерін ауыстыру үшін қолдануға болады.

Басқа беттерге, басқа жұмыс кітаптарына сілтеме.

Белсенді жұмыс кітабының басқа беттеріне сілтеме мынандай түрде жазылады: Лист 3!А1

Мұндағы леп белгісі міндетті түрде қойылады. Егер Жұмыс бетінің атында пробел болса, оның атын тырнақшаларға алып жазу керек.

Сыртқы сілтемелер дегеніміз - басқа жұмыс кітаптарындағы ұяшықтарға сілтеме. Мұндай сілтемеде жұмыс кітабының аты тіктөртбұрыш жақшаларға алынып жазылады. Мысалы: [Книга1] Лист3! B4

Үш өлшемді сілтемелер (3D) беттердің біріншісінің аты мен соңғысының атынан тұратын диапазоннан және ұяшықтардың диапазонынан тұрады.

Мысалы :

СУММ (Лист 1: Лист 3! $E$1:$E$6) формуласында «Лист1» және «Лист3» аралығындағы барлық беттердегі $E$1:$E$6 диапазондарының мәндердің қосындысы табылады.

Операторлар.

Формулаларда функциялар мен математикалық операторлар реті жалпы математика ережелеріне сай орындалады. Формулалардың есептеу нәтижелері сан болуы керек. Ал салыстыру нәтижелері ақиқат пен жалган мәндері болады. Excel формулаларындағы операторлар 1.1 кестеде көрсетілген:

 

1.1-кесте – Excel формулаларындағы математикалық операторлар

Оператор

Мәні

(

Жақшаны ашу

)

Жақшаны жабу

*

Көбейту

/

Бөлу

+

Қосу

-

Азайту



 

Мәтінмен және датамен орындалатын операциялар.

MS Excel – де тек арифметикалық формулалар ғана өңделмейді, сонымен қатар мәтінмен де әр түрлі операциялар орындап, жұмыс кітабындағы диапазондар мен ұяшықтарды салыстыруға да болады. Сол операцияларды қарастырайық.

Конкатенация дегеніміз – мәтінді, санды және датаны бір ұяшыққа жинау. Конкатенацияның операторы & белгісімен жазылады.

MS Excel жұмыс бетіндегі әр түрлі ұяшықтарда орналасқан мәліметтерді бір ұяшыққа орналастыру керек.

Есептің шешімі 1.1 суретте көрсетілген.                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                         Мұнда A3 ұяшығына төмендегідей формула енгізілген:

= А1&ТЕКСТ(В1; "ДДМММГГГГ "&ТЕКСТ(С1; "# ###т. "&D1

Мұндағы ТЕКСТ( ) функциясы дата мен ақша форматтарын жаңа форматқа көшіруге мүмкіндік береді және оларды мәтінге айналдырады.

Адрестік және салыстыру операциялары.

Формулалардағы салыстыру операцияларына мысалдар :

= А1<10   - Ақиқат, егер А1 ұяшығындағы сан 10-нан кем болса, әйтпесе Жалған.

= D7> = 4 - Ақиқат, егер В7 ұяшығындағы сан 4-тен үлкен немесе тең болса, әйтпесе Жалған.

Төмендегі 1.2 кестеде адрестік операциялардың белгілері  берілген.

 

1.2-Кесте – MS Excel-дегі адрестік операциялардың белгілері

Операция белгісі

Мысал

Операция

Нәтижесі

: (қос нүкте)

СУММ(А1:А7)

Диапазон

Екі ұяшықтың арасында жатқан ұяшықтар диапазонына сілтеме

, (үтір)

СУММ(А1:А7, В8)

Біріктіру

Екі диапазонды біріктіру. Яғни екі диапазонның да барлық ұяшықтарының жиыны.

Бос орын (пробел)

СУММ(А1:А7 А16:В30)

Қилыстыру

Екі диапазонның қилысуы. Яғни екі диапазонға ортақ болатын ұяшықтардың жиыны. Егер мұндай ұяшықтар болмаса #ПУСТО (#NULL) шығады


 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

1.2 Функциялар. Функция ұғымына анықтама

 

Microsoft Excel программасының функциясы ретінде белгілі бір алгоритм бойынша немесе формулалар бойынша жүргізілетін  есептеу операциялары қарастырылады. Әрбір функцияның өзіне тән аты болады. Excel программасында функциялардың аттары пернелік тақтадан теріліп жазылады  немесе Функция шебері (Вставка-> Функций) деп аталатын команда немесе саймандар панеліндегі fx  батырмасы көмегімен енгізіледі. Функция шебері функцияларға сәйкес формулалардың дайын шаблондарын береді, қолданушы бар болғаны функцияның аргументтерін ғана жазады. 

Excel программасында, күрделі және  қарапайым есептеулерге арналған 200 ден аса функцияларды қолдану  мүмкіндігі қарастырылған. Сондай-ақ, бұл қосымшада қолданушының Excel-дің  програмалау мүмкіндіктерін (VBA) пайдаланып өзіне қажет функцияларды да құрып алуына жағдай жасалған.

Функция шеберін пайдаланып функцияларды іздеуді жылдамдату мақсатында оларды келесі: 10 недавно использовавшихся, Полный алфавитный перечень, Финансовые, Дата и время, Математические, Статистические, Ссылки и массивы, Работа с базой данных, Текстовые, Логические и Проверка свойств категориялары бойынша топтастырған.

Функциялардың аргументтері ретінде сандар, сан мәнді өрнектер немесе сәйкесінше сандар мен сан мәнді өрнектер жазылған ұяшықтар адрестері, диапазон адрестері  пайдаланылады.

Мысалы

= СУММ(А5:А9) – мұндағы СУММ функциясы, А5, А6, А7, А8, А9 ұяшықтардағы сандар қосындысын есептейді;

Информация о работе Транспорттық есептер