«Станоктың» іс - тәжірбиесі бойынша

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 24 Декабря 2014 в 15:13, отчет по практике

Краткое описание

Осы уақыт аралығында мен өзіме қажетті көптеген тәжірибе жинақтадым. Атап айтқанда; техникалық ақауларды, бұзылған механизмдерді, істен шыққан моторларды қалыпқа келтіру, ауыр жүк көліктерінің доңғалақтарын ауыстыру т.б жұмыстардың қалай жүргізілуіне басты назар аударумен болдым.
«Алюминқұрылыс» ЖШС өте үлкен өнеркәсіп болып саналады. Оның қарамағында бірнеше құрылыс орындары бар. Олар Арқалық аймағында ғана емес Аманкелді, Жанкелдин аудандарын да қамтиды. Тұрғын үй және әлеуметтік нысандар (мектеп, балабақша т.б) салу, жолдар мен су құбырларын жүргізу.

Содержание

І. Тәжірибемен танысу.....................................................................................3
КІРІСПЕ.................................................................................................................4-5
I.АВТОМОБИЛЬ ЖӘНЕ ОНЫ ПАЙДАЛАНУ, ЖӨНДЕУ
1.1 «Автомобиль көлігіне техникалық қызмет көрсету, жөндеу және пайдалану» кәсіптік стандарты...............................................................6-7
1.2 Автокөлік жүргізуші...................................................................................7
1.3 Автокөлікті жөндеу жөнінде слесарь............................................... 8
II.ТЕХНИКАЛЫҚ ДИАГНОСТИКА ЖАСАУ ЖӘНЕ ТЕХНИКАЛЫҚ ҚЫЗМЕТ КӨРСЕТУ
2.1 Техникалық қызмет (ТҚ) жұмыстарының арналымы..........................................................................................................9-22
2.2 Автомобиль көлігіндегі еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау ережесі ..............................................................................................................22-26
ІІІ. Фрезерлі станоктар туралы жалпы мағлұматтар.....................................................................................................27-33


Қолданылған әдебиеттер...........................................................................34

Прикрепленные файлы: 1 файл

Мазмұны Асик.docx

— 429.94 Кб (Скачать документ)

22. Мамандығы және  тиісті оқуды өткені туралы құжаттары бар қызметкерлер кіріспе және алғашқы нұсқауларды өткеннен кейін алдын ала оқусыз дербес жұмысқа жіберіледі.  
      Еңбек қауіпсіздігі бойынша білімді қызметкерлер, сондай-ақ біліктілігін арттыру кезінде де алады.      

23. Қауіпсіздіктің  қосымша немесе жоғарғы талаптары (3-Қосымша) қойылатын жұмыстармен айналысатын қызметкерлер үлгілік бағдарламалар бойынша курстық оқудан, белгіленген тәртіппен емтихандарды тапсырғаннан және жұмыс жүргізу мен белгілі бір жабдыққа қызмет көрсету құқығына куәлік алғаннан кейін ғана дербес жұмысқа жіберіледі.      

24. Осы Ереженің 23-тармағында көрсетілген қызметкерлер  бұдан әрі жыл сайын жұмыстардың қауіпсіз әдістері мен тәсілдерін білу тексеруінен өтеді, ол хаттамамен (4-Қосымша) ресімделеді. Білімі қанағаттанарлық емес деп танылған тұлғалар дербес жұмысқа жіберілмейді және білімін артынан тексеру арқылы қайта оқудан өтеді.      

25. Қауіптілігі  жоғары жұмыспен айналысатын  қызметкерлердің білімін тексеру, құрамын кәсіподақ органымен келісім бойынша ұйым басшысы бекітетін комиссия жүзеге асырады.      

26. Комиссия білімін  қанағаттанарлық деп таныған тұлғалар белгіленген нысан бойынша куәліктер (5-Қосымша) алады немесе бар куәліктеріне белгі жасалады.     

27. Ұйым басшысы (жұмыс беруші):  
      1) өндірістік үй-жайлардың, құрылыстардың, жабдықтың қауіпсіз пайдаланылуын, еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау саласындағы заңнамаға сәйкес технологиялық үрдістердің қауіпсіздігін;  
      2) ұжымдық және жеке қорғану құралдарын тиімді пайдалануды;  
      3) Қазақстан Республикасының еңбек туралы заңнамасына сай қызметкерлердің еңбек және демалыс режимін сақтауын;  
      4) осы Ережеге және Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес қызметкерлерді санитарлық-тұрмыстық үй-жайлар мен жабдықтың қажетті санымен, олардың жұмысын бақылауды және мақсаты бойынша пайдалануды;  
      5) жұмыс орнында Қазақстан Республикасының еңбек туралы заңнамасының, осы Ереженің және басқа нормативтік құқықтық кесімдердің талаптарына сәйкес еңбек жағдайын;  
      6) еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау бойынша іс-шараларды әзірлеуді және орындауды;  
      7) ұйым қызметкерлерінің Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің қолданыстағы бұйрықтарына сәйкес алдын ала және кезеңді медициналық тексерулерден өтуін;  
      8) қызметкерлердің өкілдерінің қатысуымен Қазақстан Республикасының еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау туралы заңнамасына сәйкес өндірістік объектілерді кезеңдік және міндетті аттестаттауды жүргізу;  
      9) қауіпті өндірістік объектілерде аварияларды болдырмауға бағытталған іс-шаралар өткізуді;  
      10) еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау бойынша нұсқаулықтардың әзірленуін, бекітілуін, сондай-ақ олармен барлық қызметкерлердің танысуын қамтамасыз етуді;  
      11) оқытуды, уақтылы нұсқаулардың өткізілуін және қызметкерлердің еңбекті қорғау және өрт қауіпсіздігі бойынша нормалар мен нұсқаулықтарды білуін тексеруді;  
      12) Қазақстан Республикасының заңнамасына сай қызметкерлерді өз қаражаты есебінен сапалы арнайы киіммен, арнайы аяқ киіммен және басқа жеке қорғану құралдарымен, оларды уақтылы жуу (химиялық тазарту) мен жөндеуді, сондай-ақ жуатын және залалсыздандыратын құралдармен;  
      13) Қазақстан Республикасының заңнамасына сай қолайсыз және қауіпті еңбек жағдайының салдарынан қызметкерлердің денсаулығына келтірілген зиянның өтелуін;  
      14) қызметкерлерді жұмыс орнындағы жағдай мен еңбекті қорғау жай-күйі туралы, денсаулыққа залал келтірудің нақты тәуекелі және қызметкерлерге тиесілі жеке қорғану құралдары, өтемақылар мен жеңілдіктер туралы хабардар етуді;  
      15) мамандардың арасында еңбекті қорғау бойынша функцияларды бөлуді;  
      16) ұйым қызметкерлерімен өндірісте болған жазатайым оқиғалардың уақтылы тексерілуін;  
      17) мемлекеттік қадағалау және бақылау, сондай-ақ қоғамдық бақылау органдарының өкілдерін тексерулер жүргізу, ұйымдағы жазатайым оқиғалар мен кәсіби ауруларды тексеру үшін кедергісіз жіберуді;  
      18) авариялық жағдайлар туындаған кезде қызметкерлердің өмірі мен денсаулығын сақтауды қамтамасыз ету бойынша қажетті шараларды, оның ішінде зардап шеккендерге алғашқы медициналық-санитарлық көмек ұйымдастыру бойынша шараларды;  
      19) қызметкерлердің еңбек қызмет міндетін атқару кезіндегі денсаулығы мен өміріне зиян келтірілгені үшін, жұмыс беруші жауапкершілігінің міндетті сақтандырылуын немесе міндетті әлеуметтік сақтандырылуын;  
      20) еңбек жағдайы зиянды жұмыстармен айналысатын қызметкерлерді Қазақстан Республикасының заңнамасына сай сүтпен және басқа ұқсас тамақ өнімдерімен;  
      21) бақылау органдарының ұйғарымдарын орындауды және оларға ұйымдағы еңбек жағдайлары мен ұйымда болған жазатайым оқиғалар туралы ақпарат беруді қамтамасыз етеді.

6Н81 моделді горизонтальды фрезерлеу станогының құрылысы

Жұмыстың мақсаты: станоктың құрылысы мен жұмыс істеу принципін оқып білу және станоктың реттеулері мен кинематикалық сұлбасымен танысу.

Жұмыс орнының жабдықтары:

1.     6Н81 горизонтальды фрезерлеу станогы.

2.     Фрезалар жинағы.

3.     Станоктың кинематикалық сұлбалары.

4.     Станокта қолданылатын көмекші құрал-жабдықтар.

Жұмысты орындау тәртібі:

1.     Станоктың қысқаша техникалық сипаттамасымен танысу.

2.     Станоктың негізгі түйіндерінің орналасуы мен қолданылуын, станоктағы қозғалыстарды, басқару тұтқаларын және жұмыс істеу принциптерін оқып білу.

3.     Станоктың кинематикалық сұлбасын, қолданылатын барлық механизмдердің құрылысы мен қолданылуын оқып білу. Оқытушының тапсырмасы бойынша станоктағы механизмдердің біреуінің кинематикалық сұлбасын сызып алыңыздар.

4.     Негізгі қозғалыс (беріліс қозғалыс) кинематикалық тізбегінің теңдеулерін құрыңыздар.

5.     Құрылған теңдеулерге сәйкес кинематикалық тізбек сұлбаларын тұрғызыңыздар.

Техника қауіпсіздігі

Жұмысты орындау кезінде техника қауіпсіздігінің жалпы ережелерін сақтау керек. 

 

Станоктың жалпы сипаттамасы  

 

Станоктың қолданылуы: 6Н81   станогы    жеке     және сериялы өндіріс жағдайларында цилиндрлі, дискілі, бұрыштық немесе модулді фрезалармен, өлшемдері өте үлкен емес, әр түрлі бөлшектерді фрезерлеп өңдеуге арналған. Станокта бұрылмалы столдың болуы винт оймаларын фрезерлеп алуға мүмкіндік береді. Сол сияқты, 6Н81 станогының көмегімен тісті дөңгелектерді, фрезаларды, зенкерлерді, ұңғыларды және т.б. бұйымдарды өңдеп, дайындауға болады. (10.1 сурет). 

 

 

 

 

 

1 сурет - 6Н81 моделді әмбебап-фрезерлеу станогының жалпы көрінісі 

 

Станоктың техникалық сипаттамасы 

 

Столдың жұмыс бетінің өлшемдері, мм                                       250х1000

Столдың бұрылу бұрышының шектері. град.                                        ұ45

Столдың ең үлкен жылжу шамалары, мм:              

бойлық бағытта                                                                                       650

көлденең бағытта                                                                                    200

вертикаль бағытта                                                                                   400

Шпиндель осінен столға дейінгі ара қашықтық, мм:

ең үлкен                                                                                                   400

ең кіші                                                                                                      0

Шпиндель осінен станинаға дейінгі ара қашықтық, мм                150

Шпиндель айналысының жылдамдықтар саны                                     16

Шпиндель айналыс сандарының шектері, айн./мин                     65-1800

Беріліс шамаларының саны                                                           16

Берілістер шамаларының шектері, мм/мин.:

бойлық бағыттағы беріліс                                                             35-980

көлденең бағыттағы беріліс                                                           25-765

вертикаль бағыттағы беріліс                                                         12-380

Столды бойлық бағытта тез жылжыту жылдамдығы,        мм/мин.      2900

Бас қозғалыс электр қозғалтқышының қуаты, кВт                      5,8

Берілістер жетегінің электр қозғалтқышының қуаты, кВт           1,7

Станоктың негізгі түйіндері:

А - станоктың шпиндель мен жылдамдықтар қорабы;

Б - аспалары бар станоктың мойыны;

В - консоль мен мойынның арасындағы қосымша байланыс;

Г - столдың бұрылмалы бөлігі;

Д - көлденең бағыттағыштар;

Е - стол;

Ж - берілістер қорабы бар консоль;

З - майлау-суыту сұйықтарына арналған резервуар орнатылған станоктың негізі.

Басқару органдары: 1 - жылдамдықтарды өзгерту тұтқасы; 2 - жылдамдықтарды таңдап қосу тұтқасы; 3 - столды бойлық бағытта қолмен жылжыту тұтқасы; 4 - столды бойлық бойымен тура немесе кері бағытта қосу және ажырату тұтқасы; 5 - столды көлденең бойымен тура немесе кері бағытта қосу және ажырату тұтқасы; 6 - вертикаль бағыттағы берілісті басқару тұтқасы; 7 - столды вертикаль бағытта қолмен жылжыту тұтқасы; 8 - столды көлденең бағытта қолмен жылжыту маховигі; 9 - берілістер қорабын қосу маховигі; 10 - берілістер қорабының таңдап алу механизмін реттейтін тұтқа; 11 - электр жабдықтарын қосу және ажырату тұтқасы. 

 

Станоктағы қозғалыстар  

 

Бас қозғалыс (кесу қозғалысы) - шпиндельдің фрезамен бірге айналысы.

Беріліс қозғалысы - бойлық, көлденең және вертикаль бағыттағы столдың ілгерілемелі қозғалысы.

Көмекші қозғалыс - столдың көрсетілген бағыттардағы жылдам немесе қолмен жылжытылуы. 

 

Станоктың жұмыс істеу принципі  

 

Өңделетін бөлшектер станок столына ұстағыштардың, машиналық қысқыштардың немесе арнаулы құралдардың көмегімен бекітіледі. Дайындамаларды бірдей бөліктерге бөлу үшін (тісті дөңгелектердің тістерін, бұранда оймаларын кесу және т.б.) бөлгіш құралдар қолданылады.

Саусақты фрезаларды шпиндель конусына өтпелі төлкелер немесе арнаулы көмекші құралдар арқылы бекітеді. Дайындамаларды бірдей бөліктерге бөлу тікелей станок шпинделінің қырымен жүргізіледі. Отырғызылатын фрезалар консольдың немесе тіреулердің көмегімен орнатылады.

Станокты реттеу - Е - столды, Д - көлденең бағыттағыштарды және Ж - консольды қолмен немесе жылдам жылжыту арқылы іске асады. Спиральді ойықтарды кесу кезінде столды кесілетін спиральдің көлбеу бұрышына тең бұрышқа бұру керек. 

 

6Н81 модельді станоктың кинематикасы  

 

Бас қозғалыс

Шпиндель VІІ айналысты жылдамдықтар қорабы арқылы, қуаты 5,8кВт электр қозғалтқышынан алады (10.2 сурет).

Айналыс электр қозғалтқыштан Б1 қосарланған, жылжымалы тісті дөңгелектер блогы орналасқан І білікке жартылай қатты муфта арқылы беріледі. ІІ білікке 34, 31, 28, 24, 38 тісті дөңгелектері қатты отырғызылған. Б1 блогының орналасу жағдайына байланысты беріліс ІІ білікке 38-24 немесе 28-38 тісті іліністері арқылы беріледі. Сол арқылы ІІ білік екі жылдамдықты қамтамасыз етеді. ІІІ білікке Б2 және Б3 екі қосарланған, жылжымалы тісті дөңгелектер блоктары орналасқан. Айналыс ІІ біліктен ІІІ білікке, егер Б3 блогы қосылған болса, 34-28 немесе 31-31 тісті іліністері арқылы, ал Б2 блогы қосылған болса, 28-34 немесе 24-38 тісті іліністері арқылы беріледі.

Осыған байланысты ІІІ білік айналысының жылдамдықтар саны сегізге тең. Жылдамдықтар қорабының шкиві Æ 140 жәке ІV білікке орнатылған және айналысты 20-20 тісті іліністері арқылы алады. Таңдап алу механизмінің V білігіне айналыс Æ 210 мм шкив және үш қатар сына белдікті беріліс арқылы беріледі. V жартылай білігінің бір жағы шпиндельге бос   отырғызылған, ал екінші жағына 30 тісті дөңгелегі және М1 жылжымалы муфтасы орнатылған.

Таңдап алу механизмінің VІІ білігіне 64 және 25 жылжымалы тісті дөңгелектері орналастырылған.

М1 муфтасы қосылған кезде VІІ шпиндель білігі І жартылай біліктен 30-64 тісті іліністері арқылы және VІ біліктегі 25-69 тісті іліністері арқылы беріліс алады. Осы таңдап алу механизмінің V, VІ және VІІ біліктері арқылы шпиндельдің сегіз төменгі жылдамдықтары бар. Ал шпиндельдің жоғары жылдамдықтары айналысты тікелей V біліктен алады. Бұл кезде М1 муфтасы қосылып, 64-25 және 30-69 тісті дөңгелектері іліністен босатылады. Осыларға байланысты шпиндельдің әр түрлі жиіліктегі он алты жылдамдығы бар. 

 

 

 

10.2 сурет - 6Н81 әмбебап-фрезерлеу станогының кинематикалық сұлбасы 

Берілістер қозғалысы

Барлық бағыттардағы беріліс және оларды жылдам жылжыту, беріліс қорабы   арқылы, қуаты 1,4 кВт электрқозғалтқыштың көмегімен іске асады. VІІІ білік электрқозғалтқышпен жартылай қатты муфта арқылы жалғасқан. ХІ білікке айналыс Б4 блогы арқылы 24-38 немесе 38-24 тісті іліністерінің көмегімен беріледі. Х білікке айналыс Б5. Б6 блоктары арқылы 38-24 немесе 34-28 немесе 31-31 немесе 28-34 іліністерінің біреуінің көмегімен беріледі. Х біліктің жылдамдықтар саны сегізге тең. (10.3 сурет). Х біліктің шетіне Б7 жылжымалы блогының 37 тісті дөңгелегімен үнемі іліністе болатын 18 тісті дөңгелегі орнатылған.

Б7 жылжымалы блогының тісті дөңгелектері ХІІ білікке қатты отырғызылған 15 немесе 37 тісті дөңгелектермен ілініске түсіп, ХІІ білікке әр түрлі жиіліктегі он алты жылдамдықты береді. ХІІ біліктен беріліс 2-36 червяк қосағы және басып озу муфтасы арқылы ХІІІ білікке беріледі.

ХІІІ білікке реверс қорабының ХІV орталық білігін, 42 және 42 тісті дөңгелектері арқылы, айналдыратын 22 тісті дөңгелегі орнатылған.

Таратқыш 42 тісті дөңгелегі ХІV  білікпен Мn сақтандырғыш муфтасы   арқылы  байланысқан. Бұл дөңгелек ХVІІ біліктегі 30 тісті дөңгелегімен және ХV, ХVІІІ біліктерде бос отырғызылған 42 және 42 оң жақ тісті дөңгелектерімен ілініске түседі. ХVІІ біліктегі сол жақ 30 тісті дөңгелегі ХV, ХVІІІ біліктерде бос отырғызылған 42 және 42 сол жақ тісті дөңгелектерімен үнемі іліністе болады.

Оң жақ 42 және 42 тісті дөңгелектері мен сол жақ 42 және 42 тісті дөңгелектерінің айналыс жылдамдықтары бірдей, тек бағыттары ғана әр түрлі. М3 жұдырықшалы муфтасы столдың вертикальді берілісін реверстеу үшін қызмет етеді. 

 

 

 

10.3 сурет - 6Н81 әмбебап фрезерлеу  станогының түйіндері 

 

ХVІ жүріс винті айналысты реверстер қорабынан 15-30 конусты жұп арқылы алады. Көлденең беріліс ХVІІІ винттің көмегімен беріліп, М4 муфтасы арқылы реверстеледі. Столдың бойлық берілісі келесі іліністердің көмегімен қозғалыс алады: ХХІІ бойлық жүріс винтінен 19-19-19 конусты реверсі арқылы; 19-19 тісті дөңгелектері арқылы, 14-28 конусты берілісі арқылы; 19 тісті білігі арқылы; 35-27 тісті дөңгелектері арқылы; реверстер қорабының 33 тісті дөңгелегі арқылы. Бойлық берілісті реверстеу М5 жұдырықшалы муфтаның көмегімен іске асады.

Столды бойлық, көлденең және вертикаль бағыттарда жылдам жылжыту тұрақты жылдамдықпен электр қозғалтқыштың көмегімен іске асады. Бұл кезде берілістер қорабы іске қосылмайды. Айналыс VІІІ білік, 12-24 винтті дөңгелектер және М2 фрикционды муфтасы арқылы ХІІІ білікке, одан әрі, жұмыс берілісі кезіндегідей, станоктың жұмыс органдарына беріледі.

Айналыс жиілігі өте үлкен болған кезде ХІІІ білік М0 басып озу муфтасының көмегімен бұрама тісті дөңгелек қорабынан автоматты түрде босатылады. Яғни, столды жылдам жылжыту кезінде ХІІІ білік берілістер қорабынан ағытылып қалады.

 

 

 


Информация о работе «Станоктың» іс - тәжірбиесі бойынша