«Станоктың» іс - тәжірбиесі бойынша

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 24 Декабря 2014 в 15:13, отчет по практике

Краткое описание

Осы уақыт аралығында мен өзіме қажетті көптеген тәжірибе жинақтадым. Атап айтқанда; техникалық ақауларды, бұзылған механизмдерді, істен шыққан моторларды қалыпқа келтіру, ауыр жүк көліктерінің доңғалақтарын ауыстыру т.б жұмыстардың қалай жүргізілуіне басты назар аударумен болдым.
«Алюминқұрылыс» ЖШС өте үлкен өнеркәсіп болып саналады. Оның қарамағында бірнеше құрылыс орындары бар. Олар Арқалық аймағында ғана емес Аманкелді, Жанкелдин аудандарын да қамтиды. Тұрғын үй және әлеуметтік нысандар (мектеп, балабақша т.б) салу, жолдар мен су құбырларын жүргізу.

Содержание

І. Тәжірибемен танысу.....................................................................................3
КІРІСПЕ.................................................................................................................4-5
I.АВТОМОБИЛЬ ЖӘНЕ ОНЫ ПАЙДАЛАНУ, ЖӨНДЕУ
1.1 «Автомобиль көлігіне техникалық қызмет көрсету, жөндеу және пайдалану» кәсіптік стандарты...............................................................6-7
1.2 Автокөлік жүргізуші...................................................................................7
1.3 Автокөлікті жөндеу жөнінде слесарь............................................... 8
II.ТЕХНИКАЛЫҚ ДИАГНОСТИКА ЖАСАУ ЖӘНЕ ТЕХНИКАЛЫҚ ҚЫЗМЕТ КӨРСЕТУ
2.1 Техникалық қызмет (ТҚ) жұмыстарының арналымы..........................................................................................................9-22
2.2 Автомобиль көлігіндегі еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау ережесі ..............................................................................................................22-26
ІІІ. Фрезерлі станоктар туралы жалпы мағлұматтар.....................................................................................................27-33


Қолданылған әдебиеттер...........................................................................34

Прикрепленные файлы: 1 файл

Мазмұны Асик.docx

— 429.94 Кб (Скачать документ)

 

 

 

7 Кесте. СБШ 4-деңгейі  автомобиль жөндеу жөніндегі  слесарьдың құзыретіне қойылатын талаптар

Міндет 
 
шифры

 
Жеке және кәсіптік құзыреттері

 
Дағдылары мен біліктері

 
Білімі

 
1-3)

 
Диагностикалық, бақылау-өлшеу жабдығын баптау үшін бағынышты қызметкерлердің міндеттерді өз еркімен белгілеуін, нормаларды ұйымдастыру және іске асыруды бақылауы үшін жауапкершілікті көздейтін, басшының басқаруымен нормаларды іске асыру бойынша орындаушылық-басқарушылық қызмет

 
Диагностикалық, бақылау-өлшеу және жөндеу жабдығының жұмысындағы ақауларын уақтылы жоя білу

 
Диагностикалық, бақылау-өлшеу аспаптарының міндеті мен құрылысын білу және олардың жұмысындағы ақауларды жою әдістері

 
2-3)

 
Тораптар мен агрегаттарды бөлшектеу, ақауларын анықтау және жөндеу үшін бағынышты қызметкерлердің міндеттерді өз еркімен белгілеуін, нормаларды ұйымдастыру және іске асыруды бақылауы үшін жауапкершілікті көздейтін, басшының басқаруымен нормаларды іске асыру бойынша орындаушылық-басқарушылық қызмет

 
Диагностика жүргізу және ІЖҚ, электр жабдық жүйелерінің, қоректендіру, жабдықтау жүйелерінің анықталған ақауларын жою. Автокөліктің жүріс бөлігіне диагностика жасау және анықталған ақауларын жою. Диагностика және автокөлік кузовының анықталған ақауларын жою. Компьютерлік диагностикалық стенділер мен кешендерді БҚ (бағдарламалық қамсыздандыру) қамтамасыз ету. Алынған нәтижелерді түсіндіру және техникалық сипаттау

 
Күрделілігі орташа тораптар мен агрегаттардың құрылысын, жұмыс істеу қағидатын, міндетін; автокөліктерді жинау, детальдарды, тораптарды, агрегаттар мен аспаптарды жөндеу ережесін, бөлшектеу және жинаудың негізгі амалдарын, жауапты реттеуші және бекітуші жұмыстарды, металдың негізгі қасиеттерін, детальдарды термоөңдеу міндеттерін, әмбебап және арнайы құрал-саймандардың құрылысын, компьютерлік диагностика стенділерін және бақылау-өлшеу аспаптарын білу

 
3-3)

 
Автокөлікке компьютерлік диагностика және бақылау-өлшеу стендтердің көмегімен күрделі жөндеу жүргізуүшін бағынышты қызметкерлердің міндеттерді өз еркімен белгілеуін, нормаларды ұйымдастыру және іске асыруды бақылауы үшін жауапкершілікті көздейтін, басшының басқаруымен нормаларды іске асыру бойынша орындаушылық-басқарушылық қызмет

 
Бақылау сынау стендтері мен компьютерлік бағдарламалардың көмегімен күрделі жөндеуден өткен, жиналған автокөлікке кешенді тексеру жүргізе білу

 
Автокөлікке күрделі жөндеу жүргізудің техникалық шарттары мен талаптарын білу, компьютерлік диагностика жабдықтарын мүлтіксіз білу





ІІІ.     Автомобиль көлігіндегі еңбек қауіпсіздігі  
және еңбекті қорғау ережесі

ІІІ.     Автомобиль көлігіндегі еңбек қауіпсіздігі  
және еңбекті қорғау ережесі

 

  1. Жалпы ережелер 

 

      1. Осы Қазақстан  Республикасындағы Автомобиль көлігіндегі  еңбек қауіпсіздігі және еңбекті  қорғау ережесі (бұдан әрі - Ереже) "Еңбек қауіпсіздігі және еңбекті  қорғау туралы" және "Автомобиль  көлігі туралы" Қазақстан Республикасының Заңдарына сәйкес әзірленді.  
      Ереже жолаушыларды, багажды және жүктерді тасымалдау кезінде пайдаланылатын автокөлік құралдарын жөндеуге, техникалық қызмет көрсетуге және пайдалануға байланысты жұмыстарды, сондай-ақ тиеу-түсіру жұмыстарын жүргізу кезінде еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау жөніндегі негізгі талаптарды белгілейді және еңбек барысында автомобиль көлігі қызметкерлерінің қауіпсіздігін, денсаулығы мен еңбек қабілетінің сақталуын қамтамасыз етуге бағытталған құқықтық, ұйымдастыру-техникалық, санитарлық-эпидемиялық, емдеу-профилактикалық және өртке қарсы талаптар кешенін белгілейді.      

2. Осы Ереженің  күші меншік нысандарына қарамастан, жеке және заңды тұлғаларға тарайды.      

3. Өндірістік объектіні пайдалану кезінде осы Ереже талаптарының сақталуы жөніндегі мәселелерді шешу ұйым басшысына (жұмыс берушіге) жүктеледі.      

4. Осы Ереженің сақталуын мемлекеттік бақылау мен қадағалауды еңбек қауіпсіздігі және қорғау жөніндегі уәкілетті мемлекеттік орган немесе оның аумақтық бөлімшелері, сондай-ақ шаруашылық қауіпсіздік саласындағы уәкілетті мемлекеттік орган және өзге де уәкілетті органдар жүзеге асырады.      

5. Еңбек және  еңбекті қорғау қауіпсіздігі саласындағы қоғамдық бақылауды ұйымдардың, кәсіподақ органдары тағайындайтын ал олар болмағанда қызметкерлердің жалпы жиналысымен тағайындалатын еңбек қорғау жөніндегі қоғамдық инспекторлар іске асырады.

 

  2. Еңбек және еңбекті қорғау  Қауіпсіздігі  
жөніндегі жұмыстарды ұйымдастыру

 

      6. Ұйымда  еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау жөніндегі жалпы басшылық оның басшысына (жұмыс берушіге) жүктеледі.      

7. Адам саны елу қызметкерден асатын ұйымдарда еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау талаптарының сақталуын қамтамасыз ету мақсатында жұмыс беруші Қазақстан Республикасының еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау туралы заңнамасына  сәйкес еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау қызметін құрады.  
      Өзінің мәртебесі бойынша еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау қызметі негізгі өндірістік қызметтерге теңеледі және ұйымның қызметі тоқтаған жағдайда ғана таратылады.  
      Егер жұмыс істейтіндердің саны елу қызметкерден аспайтын болса жұмыс беруші, осы ұйымның қызмет ерекшелігін ескере отырып, еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау жөніндегі маманның лауазымын енгізу туралы шешім қабылдайды не еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау жөніндегі міндеттер басқа маманға қоса жүктеледі. Қызметкерлерінің саны елуден артық ұйымдарда Қазақстан Республикасының еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау туралы заңнамасына сәйкес жабдықталған еңбекті қорғау жөніндегі кабинеттерге арналған үй-жайлар бөлінеді.      

8. Еңбекті қорғау  және еңбек қауіпсіздігі мәселелері  бойынша қызметкерлерді оқытуды  нұсқау беруді, жұмыс беруші және Қазақстан Республикасының заңнамасында  бекітілген тәртіпте және мерзімде өз есебінен жүргізеді.      

9. Қауіпсіздік  техникасы жөнінде нұсқау (бұдан  әрі - нұсқау) сипаты мен өткізілу уақыты бойынша:  
      1) кіріспе;  
      2) жұмыс орнындағы алғашқы;  
      3) қайталама;  
      4) жоспардан тыс;  
      5) мақсатты болып бөлінеді.      

10. Жұмыс орнындағы  алғашқы, қайталама, жоспардан тыс және мақсатты нұсқауды жұмыстардың тікелей басшысы өткізеді.  
      Нұсқау өткізген жұмыстар басшысы жұмыс орнындағы алғашқы, қайталама, жоспардан тыс нұсқауды, тағылымдаманы өткізгені және жұмысқа жібергені туралы жұмыс орнындағы нұсқауды тіркейтін журналға жазады (1-қосымша).      

11. Кіріспе нұсқау біліміне, осы мамандық немесе лауазым бойынша жұмыс өтіліне қарамастан жұмысқа қабылданғандардың бәрімен, сондай-ақ уақытша қызметкерлермен, іссапарға келгендермен, өндірістік оқып үйренуге немесе практикаға келген оқушылармен және студенттермен өткізіледі.  
      Кіріспе нұсқауды еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау жөніндегі маман не осы міндеттер жүктелген тұлға, еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау кабинетінде тиісті оқып үйрену құралдары мен көрнекі құралдарды (плакаттарды, шынайы экспонаттарды, макеттерді, модельдерді, фильмдерді, кинофильмдерді және диафильмдерді) пайдалану арқылы өткізеді.  
      Кіріспе нұсқауды еңбек қауіпсіздігі стандарттары жүйесінің (бұдан әрі - ЕҚСЖ) талаптарын ескере отырып әзірленген, ұйым басшысы бекіткен бағдарлама бойынша, сондай-ақ еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау саласында қолданылып жүрген нормативтік құқықтық келісімдерге сәйкес еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау қызметі жүргізеді.      

12. Кіріспе нұсқаудың бағдарламасы мынадай мәселелерді қамтуы тиіс:  
      1) ұйым және оның қызметі туралы жалпы мәліметтер;  
      2) Қазақстан Республикасының еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау туралы заңнамасының негізгі ережелері, сондай-ақ Қазақстан Республикасындағы еңбек туралы заңнаманың негізгі ережелері;  
      3) ұйымдағы ішкі еңбек тәртібінің ережелері;  
      4) ұйымдағы еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау жөніндегі жұмыстарды ұйымдастыру;  
      5) ұйым аумағындағы, өндірістік және қосалқы үй-жайлардағы қызметкерлер тәртібінің жалпы ережелерін, негізгі қызметтердің, өндірістік және қосалқы үй-жайлардың орналасуы;  
      6) қызметтің осы түріне тән негізгі қауіпті және зиянды өндірістік факторлар, жазатайым оқиғалар мен кәсіби аурулардың алдын алу әдістері мен құралдары, ұжымдық қорғану құралдары, плакаттар, қауіпсіздік белгілері, сигнал беру; электр қауіпсіздігі бойынша негізгі талаптар;  
      7) өндірістік тазалық сақтау мен жеке гигиенаның негізгі талаптары;  
      8) жеке қорғану құралдары (бұдан әрі - ЖҚҚ); ЖҚҚ беру тәртібі мен нормалары, оларды пайдалану мерзімі;  
      9) қауіпсіздік талаптарын бұзудан болатын жазатайым оқиғалардың, авариялардың, өрттердің мән-жайлары мен жеке сипаттық себептері;  
      10) жазатайым оқиғаларды, кәсіби ауруларды тексеру және ресімдеу тәртібі;  
      11) өнеркәсіп және өрт қауіпсіздігі, өртті, жарылысты, аварияны болдырмау тәсілдері және құралдары, олар туындаған кездегі персоналдың іс-әрекеті;  
      12) зардап шеккендерге алғашқы медициналық-санитарлық жәрдем көрсету шаралары, учаскеде, цехта қайғылы оқиға туындаған кездегі қызметкерлердің іс-әрекеті.  
      Кіріспе нұсқаудың өткізілгені нұсқау алушы мен нұсқау берушінің қолы қойылып кіріспе нұсқауды тіркеу журналында (2-Қосымша), сондай-ақ жұмысқа қабылдау туралы құжатта жазу жазылады.      

13. Жұмыс орнындағы  алғашқы нұсқау ұйымға жұмысқа  жаңадан қабылданған, бір бөлімшеден екінші бөлімшеге ауыстырылған қызметкерлердің бәрімен, іссапарға келгендермен, өндірістік оқып үйренуге немесе практикаға келген оқушылармен, студенттермен, жаңа жұмыс орындайтын қызметкерлермен, сондай-ақ осы ұйым аумағында құрылыс-монтаж жұмыстарын орындайтын азаматтармен жүргізіледі.      

14. Жұмыс орнындағы  алғашқы нұсқау бағдарламасы  мынадай мәселелерді қамтиды:  
      1) берілген жұмыс орнындағы, өндірістік учаскедегі, цехтағы технологиялық процесс пен жабдықтар туралы жалпы мәліметтер, негізгі қауіпті және зиянды өндірістік факторлар, шудың шектік рұқсат етілген шоғырлануы (бұдан әрі - ШРШ) мен деңгейлері;  
      2) жұмыс орнын қауіпсіз ұйымдастыру және күтіп ұстау, машинаның, тетіктің, аспаптардың қауіпті аймақтары; жабдықтың қауіпсіздік құралдары (сақтық, тежегіш құрылғылары, қоршаулар, жауып тастау және сигнал беру жүйелері, қауіпсіздік белгілері); электр зардабының алдын алу бойынша талаптар;  
      3) электр қондырғыларын пайдалану кезіндегі Техникалық пайдалану ережесінің (бұдан әрі - ТПЕ) және Техника қауіпсіздігі ережесінің (бұдан әрі - ТҚЕ) талаптарына сәйкес (жабдықты, іске қосу аппаратурасын, құрал мен тетіктердің, жерлестіру бұғаттауларының және қорғану құралдарының жарамдылығын тексеру) жұмысқа дайындалу тәртібі;  
      4) жұмыстың қауіпсіз амалдары мен әдістері, қауіпті жағдай туындаған кездегі іс-әрекет;  
      5) жұмыс орнындағы ЖҚҚ және оларды пайдалану ережелері;  
      6) цех, учаске аумағында жұмыс істейтіндердің қауіпсіз қозғалысының сұлбасы;  
      7) цех ішіндегі көлік және жүк көтергіш құралдары мен тетіктері, тиеу-түсіру жұмыстары мен жүктерді тасымалдау кезіндегі қауіпсіздік талаптары;  
      8) авариялардың, жарылыстардың, өрттердің, өндірістік зардап шегу оқиғаларының, кәсіби аурулар мен уланулардың өздеріне тән себептері;  
      9) авариялардың, жарылыстардың, өрттердің алдын алу шаралары, авария, жарылыс, өрт кезіндегі іс-әрекеттер, учаскедегі өрт сөндіру, аварияға қарсы қорғану және сигнал беру құралдарын қолдану тәсілдері, олардың орналасқан жері.      

15. Жұмыс орнындағы  алғашқы нұсқауды әрбір қызметкермен жеке, еңбектің қауіпсіз тәсілдері мен әдістерін көрнекі түрде көрсету арқылы жүргізеді.  
      Қызметкерлердің барлығы жұмыс орнындағы алғашқы нұсқаудан кейін бірінші екі-бес ауысым бойы (жұмыстың түріне, қызметкерлердің біліктілігіне байланысты) жұмыстың қауіпсіз тәсілдері дағдыларын игеру үшін, тәжірибелі қызметкерлерге бекітіледі, содан кейін осы учаскенің басшысы, жаңадан келген қызметкердің жұмыстың қауіпсіз тәсілдерін игергеніне көз жеткізіп, оны өз бетінше жұмысқа жіберу рұқсатын ресімдейді.      

16. Қайталама нұсқауды  барлық қызметкерлер біліктілігіне, біліміне, өтіліне, орындалатын жұмыстың  сипатына қарамастан жарты жылдықта  кемінде бір рет, аса қауіпті жұмыстарды орындау кезінде үш аптада кемінде бір рет өтеді.  
      Қайталама нұсқау бірыңғай үлгідегі жабдықпен қызмет ететін қызметкерлермен жеке немесе қызметкерлердің тобымен және де жалпы жұмыс орны шегінде жұмыс орнындағы алғашқы нұсқаудың бағдарламасы бойынша толық көлемде өткізіледі.      

17. Жоспардан тыс нұсқау мынадай жағдайларда өткізіледі:  
      1) қолданысқа еңбекті қорғау және техника қауіпсіздігі бойынша стандарттарды, ережелерді, нұсқаулықтарды жаңадан енгізген немесе қолданылып жүргендеріне өзгерістер енгізген кезде;  
      2) технологиялық процесс өзгерген, жабдық, тетіктер мен құрал, бастапқы шикізат, материалдар және еңбек қауіпсіздігіне әсер ететін басқа факторлар ауысқан немесе жаңғыртылған кезде;  
      3) қызметкерлер еңбек қауіпсіздігі талаптарын, зардап шегуге, кәсіби ауруға, улануға, аварияға, жарылысқа немесе өртке әкеліп соғуы мүмкін немесе әкеп соққан бұзушылықтар жасаған кезде;  
      4) еңбекті қорғау саласындағы мемлекеттік бақылау органдарының талабы бойынша;  
      5) жұмыстағы үзілістер кезінде: еңбек қауіпсіздігінің қосымша (жоғары) талаптары қойылатын жұмыстар үшін - отыз күнтізбелік күннен астам, ал басқа жұмыстар үшін - алпыс күн.      

18. Нұсқаудың көлемі  мен мазмұнын әрбір нақты жағдайда, оларды өткізу қажеттігін туғызған себептер мен жағдайларға байланысты белгілейді.      

19. Мақсатты нұсқау  мынадай жағдайларда өткізіледі:  
      1) мамандық бойынша тікелей міндеттермен байланысты емес бір жолғы жұмыстарды (тиеу-түсіру, аумақты жинау, ұйымнан, цехтан тыс бір ретті жұмыстар) орындау кезінде;  
      2) табиғи және техногендік сипаттағы авариялардың зардаптарын жою кезінде;  
      3) рұқсат наряды ресімделетін жұмыстарды жүргізу кезінде;  
      4) өндіріс объектісінде экскурсиялар жүргізу, бұқаралық іс-шаралар ұйымдастыру кезінде.      

20. Әртүрлі меншік  және шаруашылық жүргізу нысанындағы  ұйымдарда жоғары қауіптілік  жағдайында жұмыстар жүргізілген  кезде қызметкерлермен мақсатты  нұсқау өткізу рұқсат нарядында немесе жұмыс жүргізуге рұқсат беретін басқа да құжаттамада тіркеледі.  
      Әртүрлі меншік және шаруашылық жүргізу нысанындағы ұйымдарда жоғары қауіптілік жағдайында жұмыстар жүргізілген кезде рұқсат нарядтары Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес ресімделеді және қолданылады.      

21. Зиянды, қауіпті  және қолайсыз өндірістік факторлардың әсеріне душар болатын ұйым персоналы белгіленген тәртіппен жұмысқа кірген кезде алғашқы және де кезеңді медициналық тексеруден өтеді.      

Информация о работе «Станоктың» іс - тәжірбиесі бойынша