«Станоктың» іс - тәжірбиесі бойынша

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 24 Декабря 2014 в 15:13, отчет по практике

Краткое описание

Осы уақыт аралығында мен өзіме қажетті көптеген тәжірибе жинақтадым. Атап айтқанда; техникалық ақауларды, бұзылған механизмдерді, істен шыққан моторларды қалыпқа келтіру, ауыр жүк көліктерінің доңғалақтарын ауыстыру т.б жұмыстардың қалай жүргізілуіне басты назар аударумен болдым.
«Алюминқұрылыс» ЖШС өте үлкен өнеркәсіп болып саналады. Оның қарамағында бірнеше құрылыс орындары бар. Олар Арқалық аймағында ғана емес Аманкелді, Жанкелдин аудандарын да қамтиды. Тұрғын үй және әлеуметтік нысандар (мектеп, балабақша т.б) салу, жолдар мен су құбырларын жүргізу.

Содержание

І. Тәжірибемен танысу.....................................................................................3
КІРІСПЕ.................................................................................................................4-5
I.АВТОМОБИЛЬ ЖӘНЕ ОНЫ ПАЙДАЛАНУ, ЖӨНДЕУ
1.1 «Автомобиль көлігіне техникалық қызмет көрсету, жөндеу және пайдалану» кәсіптік стандарты...............................................................6-7
1.2 Автокөлік жүргізуші...................................................................................7
1.3 Автокөлікті жөндеу жөнінде слесарь............................................... 8
II.ТЕХНИКАЛЫҚ ДИАГНОСТИКА ЖАСАУ ЖӘНЕ ТЕХНИКАЛЫҚ ҚЫЗМЕТ КӨРСЕТУ
2.1 Техникалық қызмет (ТҚ) жұмыстарының арналымы..........................................................................................................9-22
2.2 Автомобиль көлігіндегі еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау ережесі ..............................................................................................................22-26
ІІІ. Фрезерлі станоктар туралы жалпы мағлұматтар.....................................................................................................27-33


Қолданылған әдебиеттер...........................................................................34

Прикрепленные файлы: 1 файл

Мазмұны Асик.docx

— 429.94 Кб (Скачать документ)

Қазақстан Республикасының Білім және Ғылым министрлігі

Торғай аграрлық -техникалық колледжі

 

Е С Е П

 

 

«Станоктың»      іс - тәжірбиесі бойынша

Мамандығы: 1201000  Автомобиль  көлігіне техникалық қызмет көрсету,

                                       жөндеу және пайдалану.

 

 

 

 

 

Орындаған:    Мағау М О

Тексерген:     Мажитов Т У

Бағасы  ______________

 

Арқалық қаласы

2014-2015 оқу жылы

 

І. Тәжірибемен танысу.....................................................................................3

КІРІСПЕ.................................................................................................................4-5 
I.АВТОМОБИЛЬ ЖӘНЕ ОНЫ ПАЙДАЛАНУ, ЖӨНДЕУ 
1.1 «Автомобиль көлігіне техникалық қызмет көрсету, жөндеу және пайдалану»  кәсіптік стандарты...............................................................6-7

1.2 Автокөлік жүргізуші...................................................................................7

1.3 Автокөлікті жөндеу жөнінде  слесарь............................................... 8 
II.ТЕХНИКАЛЫҚ ДИАГНОСТИКА ЖАСАУ ЖӘНЕ ТЕХНИКАЛЫҚ ҚЫЗМЕТ КӨРСЕТУ 
2.1 Техникалық қызмет (ТҚ) жұмыстарының арналымы..........................................................................................................9-22 
2.2 Автомобиль көлігіндегі   еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау ережесі ..............................................................................................................22-26 
ІІІ. Фрезерлі станоктар туралы жалпы мағлұматтар.....................................................................................................27-33 
 
 
Қолданылған әдебиеттер...........................................................................34

 

 

 

 

 

 

І. Тәжірибемен танысу

Мен, Мағау Мағжан Орынбасарұлы 17. 11. 2014-30. 11. 2014ж аралығында «Алюминқұрылыс» ЖШС-гінде практикадан өттім.

Осы уақыт аралығында мен өзіме қажетті көптеген тәжірибе жинақтадым. Атап айтқанда; техникалық ақауларды, бұзылған механизмдерді, істен шыққан моторларды қалыпқа келтіру, ауыр жүк көліктерінің доңғалақтарын ауыстыру т.б жұмыстардың қалай жүргізілуіне басты назар аударумен болдым.

«Алюминқұрылыс» ЖШС өте үлкен өнеркәсіп болып саналады. Оның қарамағында бірнеше құрылыс орындары бар. Олар Арқалық аймағында ғана емес Аманкелді, Жанкелдин аудандарын да қамтиды. Тұрғын үй және әлеуметтік нысандар (мектеп, балабақша т.б) салу, жолдар мен су құбырларын жүргізу.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Кіріспе 
 
Автомобиль көлiгi елiмiздің тасымал кешенiнде маңызды орын алады. Миллиондаған мекеме, ұйым, фирма, фермер-кооператив, ұжымдар халық шаруашылығында маңызды қызмет етiп, еліміздің халқына тынымсыз еңбек iстеп келедi. 
Жыл сайын автомобиль көлiгi apқылы халық шаруашылығында 80% -дан астам жүк тасылатын  болса, тасымалдың 75% -даң астамы жолаушылар үлесiне тиеді. 
Сонымен қaтap автомобиль көлiгi тасымал кешенi жұмсайтын қop шығынының неrізгi тұтынушысы болады: мұнай өніміндегі жанармайдың 66%-ын, еңбек қорының 70% -ын және барлық қаржы салымының жартысына жуық. 
Тасымалдың тиiмдiлiгiн арттыру үшiн алдыңғы қатарлы техника мен технологияны жасау және өңдіріске енгiзудi шапшаңдату, қызметкерлердiң еңбек жағдайы мен тұрмысын жақсарту, олардың мамандығын жетілдiру, қозғалыс құpaмын және басқа техникалық жабдықтарды алмастыру жылдамдығын арттыру, материалды-техникалық және жөндеу базасын қалыптастыру, тиеу-тусiру және жөндеу жұмыстарын кешенді механикаландыру мен автоматтандыру деңгейiн арттыру шараларын жүргiзу керек. Сонымен қaтap қозғалыстың қаyiпсiздiгiн арттыру, тасымалдың қоршaған opтaғa тигiзетiн зиянды әсерін азайту қажет. 
Өндірісті дамыту, еңбек өнiмділiгін арттыру, қopдың барлық түpін үнемдеу– бұл мәселелер тікелей автомобиль тасымалына және оның жүйелiктерi - автомобильдердi техникалық пайдалануға (АТП) катысты автомобиль паркiнiң жұмыс қабiлетiн камтамасыз етедi. Оның дамуы мен жетiлдiрiлуi автомобиль көлiгiнiң даму өpiciмен айкындалады және елiмiздiң тасымал кешенiндегi орнымен; еңбек материалдық, жанармай күаттылығы және баска да қорларды тасымалдау, техникалық қызмет (TҚ), жөңдеу және автомобильдердi сақтау кезiндегi үнемдеудiң кажәттiлiгiмен; тасымал үдерiсiнiң қозғалыс құрамымен; тұрғындарды қорғау, жүргiзушi және қоршаған ортаны қорғауды қамтамасыз ету кажәттiлiгiмен де айқындалады. 
Автомобиль көлiгiнiң алдында тұрған бiрден-бiр маңызды мәселе, автомобильдiң пайдадану сенiмдiлiгiн арттыру болып табылады. Бұл мәселенi шешу бiр жағынан, автомобиль өндiрушiлердiң анағұрлым сенiмдi автомобиль шығаруымен қамтамасыз eтілce, екiншi жағынан - автомобидьдi техникалық пайдалану әдiстерiн жетiлдiру болады. Бұл козғалыс құрамын калыпты жағдайда ұстап тұру үшiн қажеттi өндipicтік база құруды, ТҚ пен жөңдеудiң алдыңғы қатарлы және қор үнемдеу технологиялық үдерiсiн тиiмдi механикаландыру жабдықтарын, өндipic процестерiн жүргiзушiнiң мамандығын жоғарылатуды, құрылысты дамытуды және жол сапасын жақсартуды талап етедi, 
Тасымал құралының сенiмдiлiгiне койылатын талаптар жылдамдығы және қозғалыс жиiлiгi, қуаты, жұк көтергiштiгi және автомобильдің сыйымдылығы артқанда,сонымен бiрге автомобиль тасымалының қызмет көрсету мекемeci және тасымалдың басқа түрлерiмен технологиялық және ұйымдастырушылық байланыстары күшейгенде арта түceдi. 
Елiмiзде автомобиль паркiн ұйымдастыру мен ұстап тұру оларға ТҚ пен жөңдеуге байланысты үлкен шығынды кажет eтeдi. Мысалы, автомобильдердi техникалык жарамды күйде ұстап тұру үшiн жыл сайын жеке тұтынушылардағы жәңiл автокөлiктерге 15000-нан 20000 тг, жүк автомобильдерiне 150000 тг- ден 180000 тг және автобустарға 200000 тг-ден 300000 тг пайдалану жағдайына байланысты шығын жұмсалады. 
Автомобиль көлiгi eдәyip бөлшектер, материалдар санын жұмсайды, Тк. және жөндеу барысында технологиялык жабдыктарды; әр турлерiн, кондыргылар мен жабдыктарды пайдалануды кажет етедi. 
Үлкен жүккөтергiштi автомобильдердi жасаудың еңбек сыйымдылығы 120-150 норма-сағ. тең болса, қызмет керсету және жөңдеу, пайдалану жиiлiгiне байланысты жылына 400-900 норма-сағ. еңбек сыйымдылыгын кажәт eтeдi. Бұл жағдай 2-5 жұк автокөлiгiне немесе 1-2 автобуска жылына бiр жөңдеушiнi ұстап отыруды қажетсiнедi. Жүк автокөлiгiнiң барлық пайдалану мерзiмiнде жұмсалатын шығын құрамы төмендегi жуык қатынаспен анықталады: техникалық пайдалану, техникалық қызмет пен мерзiмдiк жөңдеу (МЖ) - жалпышығынньң 91 % -ын құрайды, жобалау және жасау 2%, толык автомобильдi, агрегаттарды және бөлшектердi қалпына кeлтіpy 7% -ды күрайды. 
Автомобильдер санының тұрақты көбеюi адам баласына зиянды жану қалдыктарымен, газ қоспаларымен және бөлшек қалдықтарымен қоршаған ортаны ластайды. Автомобилъ көлiгiнiң үлесiне залалды калдыктарды сыртқы ауаға шығарудың 40%-ы тиесiлi. 
Карбюраторлы қозгалтқыштарда автомобилъдi қopeктeндipy жүйесінiң ақаулығынан жану қалдыгындағы зиянды коспалар 2-7 есе жоғарылайды екен.  Бұған қоса ақаулы eскi автокөлiктердегi дыбыс мелшерiнiң шамасы 15-20% -га жоғары болады. Акырында, ақаулы автомобильдер 5-8% жол апатының себепшiсi болып табылады, 
Автомобильдердiң өнiмдiлiгiн, ыңғайлылығын, қолайлы болуын, тиiмдiлiгiп арттыру көбiне косымша агрегаттар, механизмдер, компьютерлiк жүйелер орнату немесе оларды күрделiлендiрумен байланысты, мұныңозi техникалык кызмет керсету және жөңдеу барысында еңбек және материалдык шығындарды көбейтугe алып келедi. 
Автомобиль көлiгi ipi жанармай қoрын тұтынушылардын қатарына жатады, оны үнемдi пайдалану қоректендiружүйесінiң, электр жабдығының және басқа механизмдермен автомобиль агрегатының сапалы жұмыс icтeyiнe, сондай-ақ жүргiзушiнiң мaмандығына да байланысты. Автомобиль тасымалындағы күрделi мәселелердiң бiрi, атап айтқанда техникалық пайдалану барысында жанармайдьң басқа тypiн, яғни табиғи сығымдалған газды (метан) және мұнай сығымдалған газын (пропан-бутан) пайдалану болыт табылады. Автомобиль паркiнiңөсуі оның құрамының eскеруімен қатар жұредi, пайдаланубарысында көп жүрген автомобильдердi жарамды ұстап тұру қосымша қаржынықажет етедi. Сонымен, егер автомобиль-таксидiң жүрiсi 10-150 мың км аралығындағы жұмсалатын бөлшек шығынын 100% деп алатын болсақ, онда 50 мың км, ол 12 %, 150-200 мың км жүрiсiнде - 166%, 200-250 мың км жүрiciнде 456%, 250-300 мың км - 608% және 300-350 мың км - 686% құрайды. 
Автомобильдердi техникалық пайдалануға оң ықпалын тигiзетiн шаралар қатарында келесiлердi атауга болады: жол құрылысын өpicтeтy, автомобильдердiн құрылымын жeтiлдiру және олардың ТҚ пен жөңдеу сапасын арттыру, АТМ кеңейту, iрiлендiру, жөңдеушiнiң мамандығын көтeру, дұрыс ұйымдастыру және мекеменi механикаландыру шаруашылық есепке кешу мен аренда, жөңдеу мен қызмет керсету маманының өнiмдiлiгiн арттыру. 
Автомобильдiң мумкiндiк қасиеттерiн және жұмыс қабiлетiн қамтамасыз ету автомобильдi жасау кезiнде бөлгiленген (пайдалану сенiмдiлiгi). Автомобильдi ұстап тұру шығындарын азайту, ТҚ және жөңдеу, осыларға сәйкес тұрып қалу уақытын азайту, тасымал өнiмдiлiгiнiң артуымен қатар оның өзiндiк құнын қысқартуды қамтамасыз ету, яғни үнемдiлiгiн арттыру мен зкологиялығын қамтамасыз ету - автомобиль тасымалында 
қозғалыс құрамының негiзгi техникалық пайдалану мiндеттерi болып табылады.

 

«Автомобиль көлігіне техникалық қызмет көрсету, жөндеу және  
 
пайдалану» кәсіптік стандарты 
Жалпы ережелер

1. Кәсіби стандарт: 
еңбек нарығының қазіргі заман қажеттілігіне жауап беретін біліктілік талаптарын жаңартуға, кәсіби қызметтің мазмұнына бірыңғай талаптарды анықтауға; 
қызметкерлерді басқару саласында кең шеңбердегі міндеттерді шешуге; 
білім беру стандарттарын, оқу жоспарларын, модульдік оқу бағдарламаларын әзірлеуге, сонымен қатар тиісті оқу-әдістемелік материалдарды әзірлеуге; 
кәсіби даярлықтарын бағалауды жүргізуге және мамандардың біліктілік сәйкестігін растауға арналған; 
2. Кәсіби стандарттардың негізгі қолданушылары: 
білім беру ұйымдарының түлектері, қызметкерлер; 
ұйымдардың басшылары мен қызметкерлері, ұйымдардың қызметкерлерді басқару бөлімшелерінің басшылары мен мамандары; 
білім беру бағдарламаларын әзірлейтін мамандар; 
кәсіптік даярлықтарын бағалау және біліктілік сәйкестігін растау саласындағы мамандар. 
3. Кәсіби стандарттардың негізінде қызметтің, лауазымның, біліктілікті арттырудың, қызметкерлерді аттестаттаудың, еңбекті ынталандыру жүйесінің және т.б. функционалдық модельдеріне қатысты ішкі, корпоративтік стандарттары әзірленуі мүмкін.  
4. Осы кәсіби стандартта келесі терминдер мен анықтамалар қолданылады: 
1) біліктілік – қызметкердің белгілі бір қызмет түрі шеңберінде еңбек міндеттерін сапалы орындауға дайын болуы; 
2) біліктілік деңгейі – күрделілігі, еңбек қызметінің стандарттан басқа болуы, жауапкершілігі және дербестігі бойынша сараланатын қызметкерлер құзыреттілігіне қатысты талаптар жиынтығы. 
3) еңбек қызметінің түрі – кәсіптік қызметтің негізгі және қосалқы функцияларды іске асыруды көздейтін құрамдас бөлігі; 
4) еңбек функциясы – еңбек үдерісінің бір немесе бірнеше міндеттерін шешуге бағытталған өзара байланысты іс-қимылдар жиынтығы; 
5) еңбек мәні - белгілі бір еңбек құралдарының көмегімен өнім жасау мақсатында қызметкердің іс-қимылы бағытталатын зат; 
6) еңбек құралы – қызметкердің еңбек мәнін бастапқы күйден өнімге айналдыру үшін пайдаланатын құралдары; 
7) жұмыс (кәсіп) тобы – жұмыстың ұқсас түрлерін біріктіретін кәсіби жұмыстар саласы; 
8) кәсіптік қызмет саласы – біріккен ортақ негізі бар және оларды орындау үшін ұқсас құзыреттер жинағы бар сала қызметі түрлерінің жиынтығы негізгі және қосалқы функцияларды іске асыруды көздейтін сала қызметінің бір бөлігі; 
9) кәсіп – арнайы дайындықтың, жұмыс тәжірибесінің нәтижесінде пайда болған арнайы теориялық білім мен практикалық дағдылар кешенін білуді талап ететін еңбек қызметінің түрі;  
10) кәсіптік стандарт бірлігі – осы қызмет түрі үшін тұтас, аяқталған, дербес және маңызды болып табылатын нақты еңбек функциясының ашық сипаттамасынан тұратын кәсіптік стандарттың құрылымдық элементі;  
11) құзыреттілік – еңбек қызметінде білімін, білігі және тәжірибесін қолдану қаблеті; 
12) лауазым – ұйымның ұйымдастырушылық-әкімшілік жүйесіндегі функционалдық орын; 
13) міндет – нақты бір еңбек мәндері мен құралдарын пайдалана отырып еңбек функциясын іске асырумен байланысты іс-қимыл жиынтығы; 
14) сала - бір типті өнім құруда, өндіріс технологиясы, жұмыс істейтіндердің негізгі қорлары мен кәсіптік дағдыларында ортақ мақсаты бар кәсіпорындар мен ұйымдардың жиынтығы; 
15) салалық біліктілік шеңбері – салада құпталатын біліктілік деңгейлерінің құрылымдалған сипаттамасы; 
16) ұлттық біліктілік шеңбері – еңбек нарығында құпталатын біліктілік деңгейлерінің құрылымдалған сипаттамасы; 
17) функционалдық карта – әр түрлі кәсіптік қызметтер саласында немесе шеңберінде белгіленген, қызметкер орындайтын қызмет түрлерінің, атқарымдары мен міндеттерінің құрылымданған сипаттамасы.  
5. Осы кәсіби стандартта мынадай қысқартулар пайдаланылады: 
КҚ – кәсіптік қызмет; 
ҚТ – қызмет түрі; 
КС – кәсіби стандарт; 
ҰБШ – Ұлттық біліктілік шеңбері;  
СБШ – Салалық біліктілік шеңбері; 
БТБА – Жұмыс және жұмысшылар кәсіптерінің Бірыңғай тарифтік-біліктілік анықтамасы; 
ҚР МЖ 01-99 – «Қызметтердің жіктеуіші» 01-99 Қазақстан Республикасының мемлекеттік жіктеуіші; 
ҮБС - Басшылардың, мамандардың және басқа да қызметшілері лауазымдарының Үлгілік біліктілік сипаттамалары; 
Ф – функциялар;  
М – Міндеттер.

6. Экономикалық қызметтің  түрі (кәсіптік қызмет саласы): Көлік  және жинақтау. 
7. Экономикалық қызмет түрінің (кәсіптік қызмет саласының) негізгі мақсаты: тасымалдарды ұйымдастыру және көліктегі қозғалысты басқару. 
Кәсіби стандарт «Автомобиль көлігіне техникалық қызмет көрсету, жөндеу және пайдалану» кәсіптік қызмет саласында еңбек мазмұнына, сапасына, жағдайына, қызметкердің біліктілігі мен құзыреттеріне қойылатын талаптарды айқындайды. 
8. Еңбек қызметінің түрлері, кәсіптер, біліктілік деңгейлері осы КС 1 Қосымшасында көрсетілді. 
Стандарт талаптары осы саланың мынадай қызмет түрлері мен кәсіптеріне қатысты қолданылады: автокөлік жүргізуші және автокөліктерді жөндеу жөніндегі сілесір.

Параграф 1. Автокөлік жүргізуші 
 
9. СБШ – 2-4 бойынша біліктілік деңгейі.  
10. Мүмкін болатын лауазым атауы: автокөлік жүргізуші.  
11. «Автомобиль көлігіне техникалық қызмет көрсету, жөндеу және пайдалану» кәсібі субъектіні автокөлік құралын басқару сияқты негізгі функцияларды жүзеге асыруға байланысты міндеттерді білуге және істей алуға міндеттейді. 
Қолданыстағы нормативтік құжаттармен байланысы осы КС 2 Қосымшасының 1 кестесінде көрсетілді. 
12. Автокөлік жүргізушіның еңбек жағдайына, біліміне және тәжірибесіне қойылатын талаптар осы КС 2 Қосымшасының 2 кестесінде көрсетілді. 
13. Кәсіби стандарттың бірліктер тізімі осы КС 2 Қосымшасының 3 кестесінде көрсетілді. 
14. Автокөлік жүргізушіның орындайтын еңбек іс-әрекеттері және кәсіби стандарттың бірлігін сипаттайтын функционалдық картасы осы КС 2 Қосымшасының 4 кестесінде көрсетілді. 
15. Автокөлік жүргізушіның құзыреттеріне қойылатын талаптар осы КС 2 Қосымшасының 5, 6 және 7 кестелеріңде көрсетілді. 
Параграф 2. Автокөліктерді жөндеу жөніндегі сілесір 
15. СБШ – 2-4 бойынша біліктілік деңгейі.  
16. Мүмкін болатын лауазым атауы: автокөліктерді жөндеу жөніндегі сілесір.  
17. «Автомобиль көлігіне техникалық қызмет көрсету, жөндеу және пайдалану» кәсібі субъектіні автокөлік жөндеу басқару сияқты негізгі функцияларды жүзеге асыруға байланысты міндеттерді білуге және істей алуға міндеттейді. 
Қолданыстағы нормативтік құжаттармен байланысы осы КС 2 Қосымшасының 1 кестесінде көрсетілді. 
18. Автокөліктерді жөндеу жөніндегі сілесіріның еңбек жағдайына, біліміне және тәжірибесіне қойылатын талаптар осы КС 2 Қосымшасының 2 кестесінде көрсетілді. 
19. Кәсіби стандарттың бірліктер тізімі осы КС 2 Қосымшасының 3 кестесінде көрсетілді. 
20. Автокөліктерді жөндеу жөніндегі сілесіріның орындайтын еңбек іс-әрекеттері және кәсіби стандарттың бірлігін сипаттайтын функционалдық картасы осы КС 2 Қосымшасының 4 кестесінде көрсетілді. 
21. Автокөліктерді жөндеу жөніндегі сілесіріның құзыреттеріне қойылатын талаптар осы КС 2 Қосымшасының 5, 6 және 7 кестелеріңде көрсетілді. 
Автомобиль көлігіне техникалық қызмет көрсету,  
жөндеу және пайдалану  
кәсіби стандартына 1 Қосымша 
Кесте. Еңбек қызметінің түрлері, кәсіптер, біліктілік деңгейлері

Реттік №

 
Қызмет түрінің атауы

 
Еңбек нарығының бағыттары ескерілген кәсіп атауы

 
 
01-2005 ҚР МС сәйкес кәсіп атауы 

 
СБШ сәйкес біліктілік деңгейі

 
1

 
Әр түрлі үлгідегі және маркадағы жеңіл және жүк автокөліктерін басқару

 
Автомобиль жүргізушісі

 
Жүргізуші

 
2-4

 
2

 
Автокөліктерге слесарлық техникалық қызмет жасау және жөндеу жұмыстары

 
Автомобиль жөндеу жөніндегі слесарь

 
Автомобиль жөндеу жөніндегі слесарь

 
2-4


 

1 Кесте. Қолданыстағы нормативтік  құжаттармен байланысы

«Қызметтердің жіктеуіші» 01-99 Қазақстан Республикасының мемлекеттік жіктеуіші (ҚР МЖ 01-99)

 
Базалық топ

 
8322

 
ҚР Жұмысшылардың жұмыстары мен кәсіптерінің бірыңғай тарифтік-біліктілік анықтамалығы (БТБА)

 
БТБА шығарылымы, тарауы

 
52-шығарылым «Автомобиль және  қалалық электр көлігі» бөлімі

 
БТБА бойынша мамандық

 
Автомобиль жүргізушісі

 
СБШ біліктілік деңгейі

 
БТБА бойынша разрядтар

 
2.1, 2.2

 
2

 
3.1, 3.2

 
3-4

 
4.1, 4.2

 
5-8


 

^

2 Кесте. Еңбек  жағдайына, біліміне және тәжірибесіне қойылатын талаптар

 
Кәсібі бойынша болуы мүмкін жұмыс орындары

 
Жабдықталған және аттестатталған жұмыс орындары

 
Зиянды және қауіпті еңбек жағдайы

 
Ауыр көтеру, жоғары немесе төмен ауа температурасы, зиянды заттардың немесе газдардың ШРК ықтимал артуы.

 
Жұмысқа рұқсат берудің ерекше талаптары

 
ҚР Заңнамасына сәйкес

 
СБШ біліктілік деңгейі

 
Кәсіптік білім алу және оқыту деңгейі

 
Талап етілетін жұмыс тәжірибесі

 
2.1, 2.2

 
Жалпы орта білімі бар болғанда автомектепте ұйымдастырылған курстар немесе тиісті лицензиясыбар арнайы оқу орнында оқыту

 
Талап етілмейді

 
3.1, 3.2

 
Техникалық және кәсіптік білімнің белгіленген деңгейі және практикалық жұмыс тәжірибесінемесе практикалық жұмыс тәжірибесінсіз, техникалық немесе кәсіптік білімнің жоғарылатылған деңгейі

 
2-деңгейде 1 жыл 

 
4.1, 4.2

 
Техникалық немесе кәсіптік білімнің жоғарылатылған деңгейіжәне практикалық жұмыс тәжірибесінемесе немесе практикалық жұмыс тәжірибесінсіз орта буын маманының біліктілігі

 
3-деңгейде 2 жыл 


 

^

3 Кесте. Кәсіби  стандарттың бірліктер тізімі 

(кәсіптің еңбек функциялары)

 
 
Еңбек функциясының №

 
Еңбек функциясының атауы 
 
(кәсіби стандарттың бірлігі)

 
1

 
Атокөлікті рейске шығар алдында техникалық байқаудан өткізу

 
2

 
Автокөлік құралын басқару

 
3

 
Орындалған жұмыстардың сапасын тексеру


 

^

4 Кесте. Кәсіби  стандарттың бірліктер тізімі

(функционалдық  карта)

Еңбек функциясының №

 
Еңбек мәні

 
Еңбек құралдары

 
 
Міндеттер (еңбек іс-әрекеттері)

 

 

 

 
Көтергіш, қарау алаңы, көзбен шолып қарау

 
1-1) Тежегіш жүйесін тексеру: педальдардың  еркін басылуы, тежегіш сұйықтығының  деңгейі, саңылаусыздығы, тежегіштердің  жұмысы; су бөлгіштен және ауа баллондарынан конленсатты төгу; көтергіштегі автокөлікті – рульмен басқаруды; жүріс бөлігін; аспаны ; сұйықтықтың ағуын және т.б. болмауын қарап тексеру. Автокөлікке жанармай құю

 
Медициналық қызметкердің жүргізушінің сыртқы түріне қарап тексеруі.Қан қысымын тексеретін аспаптар және басқалары

 
Медициналық пункт (медициналық мекеме)

 
1-2) Жүргізуші денсаулығының физикалық  жағдайын тексеру. 

 

 

 
Жол қағаздарының бланкілері, тауарлық-көліктік жүкқұжаттар және өзге де құжаттар

 
Нормативтік – техникалық құжаттама

 
1-3) Рейске шығатын құжаттарды  дайындау: жол қағазы, тапсырма алу, тауар-көліктік жүкқағазды және т.б. құжаттарды алу

 
 
 
2

 
Автокөлік құралы (автомобиль)

 
Автокөлік құралын басқару тетігі (руль, ажырату муфтасының педалі, тежегіш, акселлератор, жылдамдық корапшасын, қол тежегішін басқа жылдамдыққа іске қосу). Фара жарығының ретеуіштері, бұрылыс айырып-қосқыштары, терезе тазартқыштар, аспаптар тақтасының көрсеткіштері, борттық компьютердің сигланизаторлары. Слесарлық және доңғалақ жөндеу құралы, сүйретуге арналған құралдар, өрт сөндіруге арналған қозғалмалы құралдар (өрт сөндіргіш), жүргізушінің дәрі қорабы.

 
2-1) Белгіленген бағдар бойынша  жолға шығу, автокөлікті жүк тиеуге дұрыс қою, жүктің дұрыс тиелуін және жүктің автокөлікке дұрыс бекітілуін бақылау

 
2-2) Автокөлікті белгіленген бағыттағы  жолмен жүргізу, жол жүру ережелерін  сақтау; қозғалмалы құрамның құрамдас  бөліктерін бөлшектеуді талап  етпейтін туындаған ақауларын  жол үстінде жою

 
2-3) Жүкті тапсырыс берушіге жеткізу  және тапсыру. Тапсыру-қабылдау құжаттарын ресімдеу. Автокөлік кәсіпорнына қайту және автомобильді тұраққа қою

 
3

 
Көзбен шолу. Автокөлікке жүкті орналастыру сызбасына және бекітпесіне сай. Автокөліктің салмағын өлшеу және жүк салмағын осі бойынша тексеру.

 
Бекіту арқандары және темір арқандар, тенттелген кузовтар немесе жүкті жапқышпен жабу. Автокөлік таразысы.

 
3-1) Жүктің автокөлікке дұрыс тиелуін және дұрыс бекітілуін тексеру, жүктің жолда түгелдігін және сақталуын бақылау.

 
Жүгі бар автокөлік құралы (автокөлік).

 
Автокөлік құралын басқару тетіктері, қадағалау аспаптары, жол жүру ережесі.

 
3-2) Автокөлікті жол үтсінде өздігінен  бақылау және автокөліктің дұрыс  басқарылуын өздігінен талдау (жол  жағдайына және табиғат жағдайына  қарай қозғалыс жылдамдығын және  жұмыс режимін таңдау), жол жүру ережесін бұзбау және басқалары

 
Жүктің тұтынушысымен (тапсырыс берушімен) жасалатын шарт; тауралық-көліктік жүкқағаздар және басқа да құжаттар

 
Орындалған жұмыс актісіне және басқа да нормативтік-техникалық құжаттарға қол қою.

 
3-3) Жүкті тапсырыс берушіге шартта  көрсетілген мерзімде түгел және бұзбай жеткізу. Тапсырыс беруші тарабынан шағым болмауы.

Информация о работе «Станоктың» іс - тәжірбиесі бойынша